"Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 236-II

      Астанада 2001 жылғы 26 қаңтарда жасалған "Семей аймағында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне грант беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бейресми аударма
2000 жылғы "___" _______

Токио

Жоғары Мәртебелi,

      Екi ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында жапониялық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесi бойынша Жапония Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi арасындағы таяудағы келiссөздердi назарға ала отырып, мен Жапония Үкiметiнiң атынан төмендегiдей ұсыныс жасауды өзiме абырой санаймын:
      1. Семей аймағындағы медициналық қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегi жобаны (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң үлес қосуы мақсатында Жапония Үкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне алты жүз қырық сегiз миллион жапон иенiнiң (Ү 648.000.000) жалпы сомасында грант (бұл жерде және бұдан әрi "Грант" деп аталады) бередi.
      2. Егер төменде аталатын кезең екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының арасындағы келiсiммен ұзартылмайтын болса, Грант осы уағдаластықтардың күшiне ену кезiнен бастап 2001 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең iшiнде пайдалану үшiн ашық болады.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өндiрiсi өнiмдерiн сатып алу және төменде аталатын Жапонияның немесе Қазақстанның азаматтарының қызметiн төлеу үшiн ғана пайдаланатын болады: (осы Келiсiм мәтiнiнiң қай тұсында кездессе де "азаматтар" терминi жапон азаматтары үшiн жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстан азаматтары үшiн қазақстандық жеке және заңды тұлғаларды бiлдiредi);

      Жоғары Мәртебелі
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министріне

      (а) Жобаның орындалуы үшiн қажеттi құрал-жабдықтар және оларды орнату жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      (б) Жобаның орындалуы үшiн қажеттi көліктік құралдар және оларды сатып алу жөнiндегі қызмет көрсетулер; және
      (в) жоғарыда (а) және (б) тармақтарында аталған өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн қажеттi қызмет көрсетулер, сондай-ақ оларды елдiң iшiнде тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      (2) Жоғарыда баяндалған (1) тармақшаның шартына қарамастан, жоғарыда аталған, тиiсiнше (1а), (1б) және (1а), (1б), (1в)-тармақшаларындағы Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан ерекшеленетiн үшiншi елдердiң азаматтары өндiрген және ұсынған өнiмдер мен қызмет көрсетулер, осындай қажеттiлiк бар екендiгі туралы екi елдiң үкiметтерiнiң өзара келiсiмi болса, Гранттың қаражатына сатып алынуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта аталған өнiмдердi сатып алу және көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенада шарттар жасасатын болады. Жапония Үкiметi шарттардың Гранттың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын болады.
      5. (1) Жапония Үкiметi 4-тармаққа сәйкес куәлiк алған (бұл жерде және бұдан әрi "Куәландырылған Келiсiм-шарттар") шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының мiндеттемелерiн жабу үшiн жапондық иенада Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы өкiлеттiк берген кез келген жапондық банкiде (бұл жерде және бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан ашылған есеп-шотқа төлемдер жүргiзу арқылы Грант беретiн болады.
      (2). (1)-тармақшаға сәйкес төлемдер оларды төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының хабарламасы бар Банктiң талаптары Жапония Үкiметiне ұсынылған жағдайда жүзеге асырылатын болады.
      (3). (1)-тармақшаға сәйкес банктiк есеп-шоттың бiрден-бiр мақсаты жапондық иенада Жапония Үкiметiнен төлемдер алу және Куәландырылған Келiсiм-шарттарға қатысатын жапондық азаматтармен есеп айырысуларды жүргiзу болып табылады. Есеп-шот бойынша кiрiстiң/шығыстың рәсiмдiк егжей-тегжейi Банк пен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының арасындағы консультациялар арқылы келiсiлетiн болады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Грантқа сәйкес сатып алынатын өнiмдердi уақытылы кедендiк тұрғыдан тазалауды және оларды Қазақстан бойынша iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiнде;
      (б) кедендiк баждарға, iшкi салықтарға және Грантқа сәйкес өнiмдердiң жеткiзiлiмiне және қызметтер көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасында енгiзiлуi мүмкiн басқа да қаржылық төлемдерден жапондық азаматтарды босату жөнiнде;
      (в) Куәландырылған Келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер жеткiзiлiмiне және қызметтерге ақы төлеуге қатысты қызметтерi талап етiлуi мүмкiн жапондық азаматтарға Қазақстан Республикасындағы жұмыстарының орындалуына байланысты олардың келуi және болуы үшiн қажеттi мүмкiндiктердi беру жөнiнде;
      (г) Жобаның орындалуы үшiн Грант бойынша сатып алынған өнiмдердi тиiстi түрде және тиiмдiлiкпен күтiп ұстау мен пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде; және
      (д) Грант жабатын тiзбеге енбейтiн, Грантты жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық шығыстардың төлемi жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды.
      (2). Грант бойынша сатып алынған өнiмдердiң теңiз тасымалы мен теңiздiк сақтандырылуына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi теңiз көлiктерi мен сақтандыру компаниялары арасындағы адал және еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулерден тартынатын болады.
      (3). Грант бойынша сатып алынған өнiмдер Қазақстан Республикасынан қайта экспортталмайтын болады.
      7. Екi Үкiмет осы уағдаластықтардан туындауы немесе оған байланысты болуы мүмкiн кез келген мәселелер бойынша өзара кеңесетiн болады.

      Мен, сондай-ақ, осы Нота және Жоғары Мәртебелi, жоғарыда аталған уағдаластықты растайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметi атынан жолданатын Сiздiң жауап Нотаңыз екi Үкiмет арасындағы Келiсiмге қол қоюмен күшi бiрдей деп қарау туралы ұсыныс жасауды өзiме абырой санаймын, Келiсiм, Жоғары Мәртебелi, Сiздің жауап берген кезiңiзден бастап күшiне енедi.
      Мен мүмкiндiктi пайдаланып, Жоғары Мәртебелi, ең қымбат құрмет сезiмiмдi бiлдiрген сендiрулерiмдi тағы да қайталаймын.

Бейресми аударма
2000 жылғы "___" _______

Астана

Жоғары Мәртебелi,

      Мен достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында жапониялық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесi бойынша Сiздiң _____ жылғы "___" _______ N ___ нотаңызды алғанымды растауды және төмендегiдей ұсыныстар жасауды өзiме абырой санаймын:
      1. Семей аймағындағы медициналық қызмет көрсетудi жақсарту жөнiндегi жобаны (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындауға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң үлес қосуы мақсатында Жапония Yкiметi Жапония заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметiне алты жүз қырық сегiз миллион жапон иенiнiң (Y 648.000.000) жалпы сомасында грант (бұл жерде және бұдан әрi "Грант" деп аталады) бередi.
      2. Егер төменде аталатын кезең екi Yкiметтiң уәкiлеттi органдарының арасындағы келiсiммен ұзартылмайтын болса, Грант осы уағдаластықтардың күшiне ену кезiнен бастап 2001 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең iшiнде пайдалану үшiн ашық болады.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Yкiметi Грантты Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өндiрiсi өнiмдерiн сатып алу және төменде аталатын Жапонияның немесе Қазақстанның азаматтарының қызметiн төлеу үшiн ғана пайдаланатын болады: (осы Келiсiм мәтiнiнiң қай тұсында кездессе де "азаматтар" терминi жапон азаматтары үшiн жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстан азаматтары үшiн қазақстандық жеке және заңды тұлғаларды бiлдiредi);

      Жоғары Мәртебелі
      Жапонияның
      Сыртқы істер министріне

      (а) Жобаның орындалуы үшiн қажеттi құрал-жабдықтар және оларды орнату жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      (б) Жобаның орындалуы үшiн қажеттi көлiктiк құралдар және оларды сатып алу жөнiндегi қызмет көрсетулер; және
      (в) жоғарыда (а) және (б) тармақтарында аталған өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн қажеттi қызмет көрсетулер, сондай-ақ оларды елдің iшiнде тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетулер;
      (2) Жоғарыда баяндалған (1) тармақшасының шартына қарамастан, жоғарыда аталған, тиiсiнше (1а), (1б) және (1а), (1б), (1в)-тармақшаларындағы Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан ерекшеленетiн үшiншi елдердiң азаматтары өндiрген және ұсынған өнiмдер мен қызмет көрсетулер, осындай қажеттiлiк бар екендiгi туралы екi елдiң үкiметтерiнiң өзара келiсiмi болса, Гранттың қаражатына сатып алынуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта аталған өнiмдердi сатып алу және көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенада шарттар жасасатын болады. Жапония Үкiметi шарттардың Гранттың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын болады.
      5. (1) Жапония Үкiметi 4-тармаққа сәйкес куәлiк алған (бұл жерде және бұдан әрi "Куәландырылған Келiсiм-шарттар") шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының мiндеттемелерiн жабу үшiн жапондық иенада Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы өкiлеттiк берген кез келген жапондық банкiде (бұл жерде және бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң атынан ашылған есеп-шотқа төлемдер жүргiзу арқылы Грант беретiн болады.
      (2). (1)-тармақшаға сәйкес төлемдер оларды төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының хабарламасы бар Банктiң талаптары Жапония Үкiметiне ұсынылған жағдайда жүзеге асырылатын болады.
      (3). (1)-тармақшаға сәйкес банктiк есеп-шоттың бiрден-бiр мақсаты жапондық иенада Жапония Үкiметiнен төлемдер алу және Куәландырылған Келiсiм-шарттарға қатысатын жапондық азаматтармен есеп айырысуларды жүргiзу болып табылады. Есеп-шот бойынша кiрiстiң/шығыстың рәсiмдiк егжей-тегжейi Банк пен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының арасындағы консультациялар арқылы келiсiлетiн болады.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Грантқа сәйкес сатып алынатын өнiмдердi уақытылы кедендiк тұрғыдан тазалауды және оларды Қазақстан бойынша iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiнде;
      (б) кедендiк баждарға, iшкi салықтарға және Грантқа сәйкес өнiмдердiң жеткiзiлiмiне және қызметтер көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасында енгiзiлуi мүмкiн басқа да қаржылық төлемдерден жапондық азаматтарды босату жөнiнде;
      (в) Куәландырылған Келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер жеткiзiлiмiне және қызметтерге ақы төлеуге қатысты қызметтерi талап етiлуi мүмкiн жапондық азаматтарға Қазақстан Республикасындағы жұмыстарының орындалуына байланысты олардың келуi және болуы үшiн қажеттi мүмкiндiктердi беру жөнiнде;
      (г) Жобаның орындалуы үшiн Грант бойынша сатып алынған өнiмдердi тиiстi түрде және тиiмдiлiкпен күтiп ұстау мен пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде; және
      (д) Грант жабатын тiзбеге енбейтiн, Грантты жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық шығыстардың төлемi жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды.
      (2). Грант бойынша сатып алынған өнiмдердiң теңiз тасымалы мен теңіздiк сақтандырылуына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi теңiз көлiктерi мен сақтандыру компаниялары арасындағы адал және еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн кез келген шектеулерден тартынатын болады.
      (3). Грант бойынша сатып алынған өнiмдер Қазақстан Республикасынан қайта экспортталмайтын болады.
      7. Екi Yкiмет осы уағдаластықтардан туындауы немесе оған байланысты болуы мүмкiн кез келген мәселелер бойынша өзара кеңесетiн болады.

      Мен, сондай-ақ, жоғарыда аталған уағдаластықтарды Қазақстан Республикасының Үкіметi атынан растауды және Жоғары Мәртебелi, Сiздiң Нотаңызды, сондай-ақ осы Нотаны екi Үкiмет арасындағы Келiсiмге қол қоюмен күшi бiрдей деп қарауға келiсiм бiлдiрудi өзiме абырой санаймын, Келiсiм осы жауап берiлген кезден бастап күшiне енедi.

      Мен мүмкiндiктi пайдаланып, Жоғары Мәртебелi, ең қымбат құрмет сезiмiмдi бiлдiрген сендiрулерiмдi тағы да қайталаймын.

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Икебаева Ә.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады