Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сауда мақсатында теңізде жүзу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 17 қаңтар N 285-ІІ

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат):
      299-бабы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз

кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге 
де қолданылады.".
     2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан 
Республикасының  

Z952200_

  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 
Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 
15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 
80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 
205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; 
N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 
ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 
931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 
2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар):
     9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
     "52) теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге 
байланысты теңіз порттарының қызметі.".
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қобдалиева Н.М.  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады