Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 31 қаңтар N 289-ІІ Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 3, 24-құжат "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 6 ақпан N 27


     Астанада 2001 жылғы 4 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы мен 
Азия Даму Банкі арасындағы Заем туралы келісім (Қарапайым операциялар) 
(Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) 
(Қазақстандық құрауыш) бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
                                             Заем нөмірі 1774-КАZ
     
               Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі 
                     арасындағы Заем туралы келісім 
                         (Қарапайым операциялар) 
    (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы)       
                         (Қазақстандық құрауыш) 
                          2001 жылғы 4 маусым
     
                          Заем туралы Келісім
                        (Қарапайым Операциялар)


      Қазақстан Республикасы (бұдан әрi "Заемшы" деп аталады) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрi "Банк" деп аталады) арасындағы 2001 жылғы 4 маусымдағы Заем туралы келісім.
      Мыналарды:
      (А) Заемшы сипатталуы осы Заем туралы Келiсiмге 1-Қосымшада келтiрiлетін Жобаның Қазақстандық Құрауышының мақсаттары үшiн заем туралы Банкке өтiнiш жасағанын;
      (В) Қырғыз Республикасы сипатталуы осы Қырғыз Республикасы мен Банк арасындағы Заем туралы Келiсiм (бұдан әрi Қырғыз Республикасының Заем туралы Келiсiмi деп аталады) сияқты дәл сол күнгi Заем туралы Келiсiмде келтiрiлетiн Жобаның Қырғыз Құрауышының мақсаттары үшін заем туралы Банкке өтiнiш жасағанын;
      (С) Заемшы Жобаның мақсаттары үшiн Еуропа - Кавказ - Азия (ТРАКЕКА) Көлiк Дәлiзi ұйымының грант беруi туралы өтінiш жасағанын;
      (D) Заемшы Жобаның мақсаттары үшiн сол сияқты жиырма бес миллион АҚШ доллары (25,000,000 АҚШ доллары) сомасына заем туралы Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкіне (бұдан әрi "ЕҚДБ" деп аталады) өтінiш жасағанын;
      (Е) Банк сол сияқты Банктің қарапайым күрделi қаражатынан төменде

айтылатын шарттар мен ережелер негiзiнде Заемшыға заем беруге келiскенiн 
назарға ала отырып;
     (Ғ) Банк Қырғыз Республикасының Заем туралы Келiсiмiнде айтылатын 
шарттар мен ережелер негiзiнде Қырғыз Республикасына заем беруге келiсті.
     Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы Келiсiмдегi тараптар мына 
төмендегiлер туралы келiседi:
                         I бап
          Заемдарды Беру Ережесi; Анықтамалар
                       1.01-Бөлiм


      Банктің 1986 жылғы 1 шiлдедегi Қарапайым Операциялар кезiнде Заемдар Беруге жататын Ережесiнiң барлық шарттары бұлар онда толық айтылған кездегi дәл сондай күшпен және әрекетпен, алайда, олардың мынадай өзгерiстерiн (бұдан әрi Заемдарды Беру Ережесi деп аталатын, Қарапайым Операциялар кезiнде Заемдер беруге жататын, Банктің аталған Ережесi) ескере отырып, осымен осы Заем туралы Келісімге қолданылатын болады:
      (а) 2.01 (17)-Бөлiм алынып тасталып, мынадай ережемен ауыстырылды:
      17. "Доллар" немесе "доллар немесе долларлар" терминi немесе "$" белгiсi Америка Құрама Штаттарының валютасындағы долларды немесе долларларды бiлдiредi.
      (b) 2.01 (26) және (27) Бөлiмдері алып тасталды және мынаны бiлдiретiн жаңа 2.01 (26) Бөлiм енгізілді:
      26. "Долларлық Пул" терминi олар бойынша төлемге ұсынылмаған сомасы бар, Банк қарапайым күрделi қаражаттан беретiн заемдарды АҚШ долларымен төлеудi қаржыландыру мақсаттары үшiн Банк құратын, АҚШ долларымен қарыз алу пулын білдiредi.
      (с) 3.02-Бөлiмнiң бiрiншi тармағының соңғы сөйлемi алып тасталды.
      (d) 3.02 (b) (ii) Бөлiмi алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
      (іі) "Шартты Қарыз алулар" Заемға қатысты олар бойынша төлемге ұсынылмаған Долларлық Пулдағы сомасы бар, олардың қаражатын iрiктеу 1992 жылғы 30 маусымнан кейін жүргiзiлетiн Банктiң қарыз алуын бiлдiредi.
      (е) 3.06 (а) Бөлiмiнiң соңғы сөйлемi алып тасталды, 3.06 (b)

Бөлiмiндегi "Банкке қолайлы күнгi" деген сөздер де алып тасталды.
     (f) 3.07-Бөлiм 3.08-Бөлiм болып қайта нөмiрленді және мынаны 
бiлдiретiн жаңа 3.07-Бөлiм енгізілді:
     Бiр жолғы Комиссия     Бiр жолғы комиссия Заем туралы Келiсiмде
                            көрсетiлетiн ставка бойынша және шарттар
                            негiзiнде Заем бойынша төлеуге жатады.
     (g) Қайта нөмiрленген 3.08-Бөлiм алынып тасталды және мынадай 
ережемен ауыстырылды:
     
     Төлемнiң Орны          Заемның негiзгі сомасын (егер бола қалса,      
                            үстемеақыны қоса алғанда) және ол бойынша      
                            проценттерді төлеу және Заем бойынша басқа да 
                            төлемдердi (бiр жолғы комиссияны қоса алғанда)
                            жүзеге асыру Банк олар туралы негiздi 
                            түрде сұрататын жерлерде төленедi.
     (h) 4.02-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
     
     Заем Қаражатын         Заем Шотынан Қаражат Алу АҚШ долларымен        
     Алу Валютасы           жүргiзiледi.
     
     (i) 4.03 (а) Бөлiмi алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
     (а) Заемның негiзгi сомасы АҚШ долларымен өтеуге жатады.
     (j) 4.04-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
     
     Проценттерді Төлеу     Заемның кез келген бөлiгі бойынша проценттер
     Валютасы               АҚШ долларымен төлеуге жатады. 
     (К) 4.05-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
     
     Басқа Төлемдерді       3.03-Бөлiмде айтылатын кредитті беруге
     Жүзеге асыру Валютасы  деген мiндеттеме үшiн алым және 3.07-Бөлiмде   
                            айтылатын бiр жолғы комиссия Заем
                            көрсетiлген валютада төлеуге жатады.
     (i) 4.09-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:


      Осы Ереженiң кез келген шарттарына қарамастан, керi мағынасында Заем туралы сөз болып отырған жағдайда Заем Шотынан қаражат алу Банк қолайлы деп санауы мүмкiн осындай валютада немесе валюталарда шоттан осылай қаражат алу мақсаттары үшiн АҚШ долларымен төлемдер жүргізу мүмкiндiгi жоқ екендiгiн Банк анықтаған ерекше жағдайларда жүргізiледi. Заемның сөз болып отырған негiзгі сомасының бiр бөлiгi өтеуге жатады және осындай негізгі сома бойынша проценттер осындай валютада немесе валюталарда төлеуге жатады. Төленуi осындай валютада немесе валюталарда жүргiзiлетiн Заемның негізгі сомасына қолданылатын проценттік ставка Банктің осындай валютадағы немесе валюталардағы шығыстары қосу спредке негізделеді - шығыстарды да,

спредтi де осы уақытта Банк негіздi түрде анықтайды.
     (m) Қайта нөмірленген 5.02-Бөлiм алып тасталды және 5.03, 5.04, 5.05, 
5.06 және 5.07-Бөлiмдер тиiсiнше 5.02, 5.03, 5.04, 5.05, 5.06-Бөлiмдер 
болып қайта нөмiрлендi.
     (n) Қайта нөмiрленген 5.02-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен 
ауыстырылды:
     Заем Шотынан Қаражат Алуға  Заемшы Заем Шотынан қандай да болмасын    
     арналған Өтiнiм             соманы алғысы келген жағдайда, 
                                 Заемшы Банк негiздi түрде сұрататын       
                                 нысандағы және өтiнiмдер мен 
                                 тұжырымдамаларды қамтитын өтінімді        
                                 Банкке ұсынады. Банк пен Заемшы арасында  
                                 өзгеше келiсiлген жағдайлардан басқа, 
                                 осы Бапта төменде айтылатын қажеттi       
                                 құжаттамамен бiрге шоттан қаражат 
                                 алуға арналған өтiнiмдер Жобаға 
                                 арналған шығыстарға байланысты дереу
                                 ұсынылады.
     
     (о) 5.02-Бөлiм алып тасталды және мынадай ережемен ауыстырылды:
     Банктің күшiн жоюы          Егер 
                                 (i) Заемшының Заем Шотынан қаражат   
                                 алуды жүргiзу құқығы Заемның 
                                 қандай да болмасын сомасына қатысты       
                                 ұзақтығы отыз (30) күн кезеңге  
                                 тоқтатыла тұрса; немесе
                                 (іі) Банк Заемшымен консультациядан кейiн 
                                 қандай да болмасын уақытта Заемның        
                                 мақсаттары үшiн Заемның қандай да         
                                 болмасын сомасы қажет болмайтынын
                                 анықтаған болса; немесе
                                 (ііі) Банк қандай да болмасын уақытта     
                                 Заем қаражатынан қаржыландырылатын қандай 
                                 да болмасын келiсiм-шартқа қатысты Заемшы 
                                 өкiлдерiнiң немесе Заемшының тарапынан
                                 консультанттарды сатып алу/ірiктеу        
                                 кезiнде сыбайлас жемқорлық        
                                 тәсiлдерi немесе алаяқтық iс-тәжiрибе 
                                 орын алғанын немесе ахуалды     
                                 түзету жөнінде Заемшының Банк үшiн        
                                 қолайлы уақытылы және тиiстi шаралар      
                                 қолданбай осындай келiсiм-шартты          
                                 орындағанын анықтаған болса; немесе
                                 (iv) Банк қандай да болмасын уақытта Заем 
                                 қаражатынан қаржыландырылатын қандай да   
                                 болмасын келiсiм-шартқа байланысты сатып  
                                 алу ол туралы Заем туралы Келiсiмде       
                                 баяндалатын немесе айтылатын рәсiмдерге 
                                 сәйкес келмейтiнiн анықтаған болса; немесе
                                 (v) Заем туралы келісімде шоттан қаражат  
                                 алудың соңғы мерзiмi ретiнде 
                                 көрсетілетін күнi Заем сомасы Заем        
                                 Шотынан алынбаған күйінде қалса, 
                                 Банк егер осындай бола қалса, Заемшыны
                                 және Кепілгердi хабардар ете отырып,      
                                 Заемшының осындай сомаға немесе           
                                 келiсiм-шартқа қатысты шоттан қаражат     
                                 алуды жүргiзу құқығын тоқтата алады.      
                                 Осындай хабарламадан кейiн ол туралы сөз  
                                 болып отырған Заем сомасы немесе оның     
                                 қандай да бір бөлігі күшiн жояды.


      (р) 8.04-Бөлiм алып тасталды және 8.05, 8.06 және 8.07-Бөлiмдер тиiсiнше 8.04, 8.05 және 8.06-Бөлiмдер болып қайта нөмiрлендi.

                          1.02-Бөлiм

      Егер мәтіннің толық мәнінен өзгеше туындамаса, осы Заем туралы Келiсiмде әрбір пайдалану кезiнде Заемдар Беру Ережесінде анықтамасы берілетін терминдердің оларда көрсетiлетiн тиiстi мағыналары болады және мынадай қосымша терминдердiң мынадай мағыналары болады:
      (а) "Консультациялық Техникалық Көмек" Банк Жобаға байланысты Заемшының Yкiметіне көрсететiн, Жол Саласының Тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi техникалық көмектi бiлдiредi;
      (b) "Трансшекаралық Өту туралы Келiсiм" ортақ шекара арқылы адамдардың, тауарлар мен көлiк құралдарының өтуiн реттеу және жеңiлдету мақсатында 1999 жылғы 15 қарашадағы Заемшының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Келiсiмдi бiлдiредi;
      (с) "Қазақстандық Құрауыш" осы Заем туралы Келiсiмге 1-Қосымшада айтылатын Заем қаражатынан қаржыландырылатын Жобаның құрауышын бiлдiредi;
      (d) "Қырғыз Құрауышы" осы Келiсiмнiң Декларациялық Бөлiгiнiң (В)

бөлiгiнде айтылатын Қырғыз Республикасының Заем қаражатынан 
қаржыландырылатын Жобаның құрауышын бiлдiредi;
     (е) "ККМ" Заемшының Көлiк және Коммуникациялар Министрлiгiн бiлдiредi 
және оның кез келген құқықтық мирасқорын қамтиды;
     (f) "ЖОТ" Жоба үшiн ККМ-нiң құрған Жобаны Орындау жөнiндегі Топты 
бiлдiредi; 
     (g) "ЖБК" Банк ұсынған N 1455-КАZ Заемның қаражатынан 
қаржыландырылатын Жолды Қайта Жаңарту туралы Жобаға сәйкес құрылған Жобаны 
Басқару жөнiндегi Комитеттi бiлдiредi;
     (h) "Жобаны Ұйымдастырушы-Орындаушы" Заемдар Беру Ережесiн мақсаттары 
үшiн және оның мағынасында Жобаның орындалуына жауапты ККМ-ды бiлдіредi; 
және
     (i) "Жол" Жобаға сәйкес қайта жаңартылатын Алматы - Бiшкек жолын 
білдіреді.
                           II бап
                            Заем
                         2.01-Бөлiм
     Банк Заемшыға Банктiң қарапайым күрделі қаражатынан елу екi миллион 
АҚШ долларын (52,000,000 АҚШ доллары) құрайтын соманы беруге келiсiм 
бередi.
                         2.02-Бөлiм
     Заемшы Банкке Заемдар Беру Ережесiнiң 3.02-Бөлiмiне сәйкес 
анықталатын проценттерді төлейдi.
                         2.03-Бөлiм


      (а) Заемшы нөл бүтiн жүзден жетпiс бес процентті (0,75%) құрайтын ставка бойынша кредит беру мiндеттемесi үшiн алым төлейдi. Мұндай алым осы Заем туралы Келiсiм күнiнен кейiн алпыс (60) күннен кейiн басталатын бiрiнен кейiн бiрi өтетін уақыт кезеңiнде Заемның сомасы бойынша (шоттан мерзiмдi алынатын соманы шегере отырып) былайша:

     ұзақтығы он екi ай бiрiншi кезеңде 7,800,000 АҚШ доллары бойынша;
     ұзақтығы он екi ай екiншi кезеңде 23,400,000 АҚШ доллары бойынша;
     ұзақтығы он екi ай үшiншi кезеңде 44,200,000 АҚШ доллары бойынша; 
және
     одан әрі Заемның толық сомасы бойынша есептеледi.
     (b) Егер Заемның қандай да болмасын сомасының күшi жойылған болса,
осы Бөлiмнiң (а) тармағында көрсетiлетiн Заемның әрбiр бөлiгiнiң сомасы 
күшiн жою Заемның толық сомасына осындай күшiн жоюға дейiн қандай 
мөлшерлес шамада болса, дәл сондай мөлшерлес шамада кемітіледі.
                         2.04-Бөлiм
     Заемшы Банкке Заем сомасының бiр процентіне (1%) тең сомада бiр жолғы 
комиссия төлейдi.
                         2.05-Бөлiм
     Заем бойынша проценттер және ол бойынша басқа да төлемдер әрбiр 
жылдың 15 сәуiрiнде және 15 қазанында жарты жылда бiр рет төленуге және 
жүзеге асырылуға жатады.
                         2.06-Бөлiм
     Заемшы осы Заем туралы Келiсiмге 2-Қосымшада көрсетiлетiн борышты 
бiрте-бiрте өтеу кестесiне сәйкес Заем шотынан алынатын Заемның негiзгi 
сомасын өтейдi.
                           III бап
                  Заем Қаражатын Пайдалану
                         3.01-Бөлiм
     Заемшы осы Заем туралы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Жоба бойынша 
шығыстарды қаржыландыру үшiн Заем қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз 
етеді.
                         3.02-Бөлiм


      Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтер және басқа да шығыс баптары және осындай тауарлар мен қызметтердiң және басқа да шығыс баптарының әр түрлi санаттары бойынша Заем сомасын бөлу осы Заем туралы Келiсiмге 3-Қосымшаның ережелерiне сәйкес болады және Заемшы мен Банк арасындағы келiсiм бойынша 3-Қосымшаға белгiлi бiр уақытта түзетулер енгiзiлуi мүмкiн.

                          3.03-Бөлiм

      Банк өзгеше шешiм қабылдауы мүмкiн жағдайлардан басқа, Заем қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтердi сатып алу осы Заем туралы Келiсiмге 4-Қосымша мен 5-Қосымшаның ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Банк тауарлар немесе қызметтер мәні бойынша Заемшы мен Банк арасында келiсiлген рәсiмдерге сәйкес келетін рәсімдерге сай сатып

алынбаған жағдайларда немесе келiсiм-шарттың шарттары мен ережелерi Банк 
үшiн қолайлы болып табылмайтын жағдайларда келiсiм-шартты қаржыландырудан 
бас тартуы мүмкiн.
                         3.04-Бөлiм
     Банк өзгеше шешiм қабылдауы мүмкiн жағдайлардан басқа, Заемшы Заем 
қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтердiң тек қана 
Жобаны орындауға пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
                         3.05-Бөлiм
     Заемдар Беру Ережесiнiң 8.03-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заем Шотынан 
қаражат алудың соңғы күнi 2005 жылдың 30 маусымы немесе Заемшы мен Банк 
арасында белгiлi бiр уақытта келiсiлуі мүмкiн осындай өзге күн болып 
табылады.
                           IV БАП
                       Ерекше Шарттар
                         4.01-Бөлiм


      (а) Заемшы Жобаның ұтымды әкiмшiлiк, қаржылық, техникалық, табиғат қорғау және жол құрылысында қабылданған iс-тәжiрибеге сәйкес тиiсiнше және табысты орындалуын қамтамасыз етедi.
      (b) Жобаны орындау және Жобаға енгiзiлген объектiлердi пайдалану кезiнде Заемшы осы Заем туралы Келiсiмге 6-Қосымшада айтылатын барлық міндеттемелердi орындайды немесе орындалуын қамтамасыз етедi.

                          4.02-Бөлiм

      Заемшы қажетiне қарай Жобаны орындау үшiн және Жобаға енгізiлген объектiлердi пайдалану және техникалық ұстау үшiн Заем қаражатына қосымша ретінде талап етілетiн барлық құралдарды, оның ішiнде техникалық, қызметтердi, жер учаскелерiн және басқа ресурстарды бередi.

                          4.03-Бөлiм

      (а) Заемшы Жобаны орындау кезiнде Заемшы мен Банк үшiн қолайлы көлемде және шарттар мен ережелер негiзiнде Заемшы мен Банк үшiн қолайлы құзыреттi және бiлiктi консультанттарды жалдауды қамтамасыз етедi.
      (b) Заемшы Жобаның Заемшы мен Банк үшiн қолайлы жоспарларға, жобалық-конструкторлық стандарттарға, техникалық шарттарға, жұмыстардың күнтізбелiк жоспарларына және құрылыс жұмыстарын жүргізу әдiстерiне сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi. Заемшы дайындағаннан кейін осындай жоспарларды, жобалық-конструкторлық стандарттарды, техникалық шарттар мен жұмыстың күнтiзбелiк жоспарларын және Банк егжей-тегжейлі етіп олар туралы негізді түрде сұрататын кейiннен оларға енгiзiлген кез келген елеулi өзгерiстердi дереу Банкке ұсынады немесе ұсынылуын қамтамасыз етедi.

                          4.04-Бөлiм

      Заемшы істердi ұтымды басқару принциптерiне және тәртiбiне сәйкес Жобаны орындауға және Жобаға енгiзiлген объектiлердiң пайдаланылуына қатысты ведомстволар мен ұйымдардың қызметiн жүргiзудi және үйлестіруді қамтамасыз етедi.

                          4.05-Бөлiм

      (а) Заемшы ұтымды тәжiрибеге сай осындай көлемде және осындай тәуекелден және осындай сомада Жобаға енгiзiлген объектiлердi сақтандыру бойынша Банк үшiн қолайлы шараларды қабылдайды.
      (b) Заемшы алдыңғы ережелердiң әрекетін шектеместен, Жоба үшiн әкелiнетін және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алуға, тасымалдауға, оларды пайдалану орнына жеткiзуге немесе орнатуға байланысты тәуекелдерден сақтандыруға немесе сақтандырылуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi және осындай сақтандыруға қатысты кез келген өтеу осындай тауарларды жөндеу немесе айырбастау үшiн еркiн пайдаланылатын валютада төлеуге жатады.

                          4.06-Бөлiм

      (а) Заемшы Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, қызметтердiң және басқа да шығыс баптарының жiктемесi, олардың Жобада пайдаланылуы туралы ақпаратты анықтау, Қазақстандық Құрауыштың орындалу барысын ескеру (оған шығындарды қоса алғанда) және Қазақстандық Құрауыштың немесе оның кез келген бөлiгiнiң және Жобаға енгiзiлген объектiлердiң пайдаланылуы үшін жауапты Заемшы ұйымдарының қызметi мен қаржылық ережелерi бухгалтерлiк есебiнiң тұрақты сақталатын ұтымды принциптерiне сәйкес көрсету жөнiндегi бар талаптарға жауап беретін есептік жазбалар мен шоттарды жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.
      (b) Заемшы:
      (і) Жоба бойынша жеке шоттар жүргiзедi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      (іi) бiлiктiлiгi мен құзыретінiң шегi Банк үшін қолайлы тәуелсiз аудиторлардың аудит жүргiзуінiң бар және тұрақты қолданылатын стандарттарына сәйкес осындай шоттардың және оларға байланысты қаржылық есептердiң жыл сайынғы аудитiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      (іii) Банкке дайындық шамасына қарай, бiрақ ол туралы сөз болып отырған әрбiр қаржы жылы аяқталғаннан кейiн тоғыз (9) айдан кешiктірмей, аудиті жүргiзiлген осындай шоттардың және қаржылық есептердiң расталған көшiрмелерiн және аудиторлардың оларға жататын есебiн (Заем қаражатының пайдаланылуы және осы Заем туралы Келiсiм ережелерiнiң сақталуы туралы, сондай-ақ шығындар туралы есепке жататын рәсiмдердiң пайдаланылуы туралы аудиторлардың қорытындысын қоса алғанда), барлығын - ағылшын тiлiнде ұсынады; және
      (iv) Банк белгiлi бiр уақытта негiздi түрде сұрататын осындай шоттарға және қаржылық есептерге және олардың аудитіне жататын осындай басқа да ақпаратты Банкке ұсынады.
      (с) Банктiң сұратуы бойынша Заемшы Банкке Жоба бойынша Заемшының қаржылық есептерiн және Жобаға, Заемшының аудиторларына байланысты оның қаржылық істерiн дүркiн-дүркiн талқылауға мүмкiндiк бередi және Банктің сұратуы бойынша жүргiзiлетін осындай аудиторлардың кез келген өкiлдерiнiң кез келген осындай талқылауға қатысуына уәкілеттiк бередi және егер Заемшы өзгеше шешiм қабылдамаса, кез келген осындай талқылау тек Заемшының уәкiлетті қызметкерiнiң қатысуымен жүргiзiлген жағдайда, осындай өкiлдердiң осындай талқылауға қатысуын талап етедi.

                          4.07-Бөлiм

      (а) Заемшы Банк негiздi түрде сұрататын және олардың мәнi:
      (і) Заем және оның қаражатын жұмсау және оларға қызмет көрсетудi жүргiзу;
      (іі) Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтер және басқа да шығыс баптары;
      (iii) Жоба;
      (iv) Жобаны немесе оның қандай да бiр бөлiгiн орындауға және Жобаға енгiзiлген объектiлердiң пайдаланылуына жауапты Заемшы ұйымдарының iстерiн, қызметін және қаржылық жағдайын басқару;
      (v) Заемшының аумағындағы қаржылық және экономикалық жағдай және басқа елдермен есеп айырысуларында Заемшының төлем балансының жай-күйi; және
      (vi) Заемның мақсаттарына жататын кез келген басқа мәселелер болып табылатын барлық осындай есептер мен ақпаратты Банкке береді және берілуін қамтамасыз етеді.
      (b) Заемшы алдыңғы ережелердiң әрекетiн шектеместен, Банкке Жобаның орындалуы және Жобаға енгiзiлген объектілердiң пайдаланылуы және оларды басқару туралы тоқсандық есептердi бередi немесе берiлуiн қамтамасыз етедi. Мұндай есептер Банк негiздi түрде сұрататын нысанда және егжей-тегжейлiкпен және мерзiмдерде ұсынылады және оларда, атап айтқанда, қол жеткен нәтижелер және қаралып отырған кезең iшiнде тап болған проблемалар, осы проблемаларды шешу жөнінде қабылданған немесе қабылдауға ұсынылатын шаралар және қызметтің ұсынылатын бағдарламасы және келесi тоқсан ішінде күтiлiп отырған нәтижелер көрсетiледi.
      (с) Жоба iс жүзiнде аяқталғаннан кейiн тезарада және қалай болғанда да ол аяқталғаннан кейiн үш (3) айдан немесе осы мақсат үшiн Заемшы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн осындай неғұрлым кеш мерзiмнен кешiктiрмей, Заемшы ол туралы Банк негiздi түрде сұрататын нысанда және егжей-тегжейлiлiкпен оған жұмсалған шығындарды қоса алғанда, Жобаның орындалуы және бастапқы iс-әрекетi, Заемшының осы Заем туралы Келiсiмге

сәйкес өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы және Заем мақсаттарының орындалуы 
туралы есеп дайындайды және Банкке ұсынады.
                         4.08-Бөлiм
     Заемшы Банктiң өкiлдерiне Жобаға, Заем қаражатынан қаржыландырылатын 
тауарларға және қаралатын мәселелерге қатысты кез келген есеп жазбалары 
мен құжаттарға тексеру жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
                         4.09-Бөлiм


      Заемшы ұтымды әкiмшiлiк, қаржылық, техникалық, табиғат қорғау, жол құрылысында қабылданған iс-тәжiрибеге және техникалық құралдарды ұстауға және пайдалануға сәйкес Жобаға енгiзiлген объектiлердi пайдалануды, техникалық ұстауды және жөндеудi қамтамасыз етедi.

                          4.10-Бөлiм

      (а) Заемшы мен Банктiң екi жақты ниеті, Банктен өзгеше, кредит берушi алдындағы ешқандай да басқа сыртқы борыштың Заемшының мүлкiне қатысты борыштар үшiн мүлiктi ұстап қалу құқығы түрiндегi Заеммен салыстырғанда, басым жағдайының болмайтындығында. Осы мақсатта Заемшы:
      (і) егер - Банк өзгеше шешiм қабылдауы мүмкiн жағдайлардан басқа
      - қандай да болмасын сыртқы борышты қамтамасыз ету ретiнде Заемшының мүлкiне қатысты борыштар үшiн қандай да болмасын мүлікті ұстап қалу құқығы қалыптасса, осындай құқық фактiнiң өзiне байланысты тең және мөлшерлес түрде Заемның негiзгі сомасы мен ол бойынша проценттерді және Заем бойынша басқа да төлемдердi жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; және
      (іi) Заемшы кез келген осындай құқықты қалыптастырған немесе оған жол берген кезде осы мағынада тiкелей тұжырымдалған ереженi ұсынуға мiндеттенедi.
      (b) Осы Бөлiмнiң (а) тармағының ережелерi:
      (і) осындай мүлiкті сатып алу бағасын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде ғана, мүлiкті сатып алу сәтiнде оған қатысты құралатын борыштар үшiн қандай да болмасын мүлiкті ұстап қалу құқығына; немесе
      (ii) банктiк операциялардың әдеттегі барысында туындайтын борыштар үшiн қандай да болмасын мүлiктi ұстап қалу және төлеу мерзiмi туындаған күннен кейiнгi кемiнде бiр жылдан кейiн басталатын борышты қамтамасыз ету құқығына қолданылмайды.

     (с) Осы Бөлiмнің (а) тармағында пайдаланған кезде "Заемшының мүлкi" 
терминi Қазақстанның Ұлттық Банкiн және Заемшының орталық банкiнiң 
функцияларын орындайтын кез келген басқа мекеменi қоса алғанда, кез келген 
әкiмшiлiк бiрлiктің немесе Заемшының кез келген мекемесiнiң мүлкiн және 
кез келген осындай әкiмшiлiк бiрлiктiң кез келген мекемесiнiң мүлкiн 
қамтиды.
                         V БАП
                       Күшiне енуi
                       5.01-Бөлiм


      Мына төмендегiлер Заемдар Беру Ережесiнiң 9.01 (f) Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн осы Заем туралы Келiсiмнiң күшiне енуінiң қосымша шарттары ретiнде көрсетiледi:
      (а) Қырғыз Республикасының Заем туралы Келiсiмi тиiсті негiзде жасалды және осы Келiсiмдегi тараптарға ресми түрде берiлдi және осы Заем туралы Келiсiмнiң күшiне жаңа ғана енгенiн ескере отырып, оның шарттарына сәйкес күшiне ендi; және
      (b) Трансшекаралық Өту туралы Келiсiм күшiне ендi.

                          5.02-Бөлiм

      Мына төмендегiлер Заемдар Беру Ережесiнiң 9.02 (d) Бөлiмiнiң

мақсаттары үшiн Банкке ұсынылатын қорытындыға немесе қорытындыларға 
енгiзiлетiн қосымша мәселе ретінде көрсетіледi;
     Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмді Заемшы тиiстi түрде мақұлдады 
немесе бекiттi және жасады және оның атынан ресми түрде берiлдi, оның 
шарттары мен ережелерiне сәйкес Заемшы үшiн мiндеттi заң күшi бар және 
Заемшының аумағында күшiне енгiзiлдi.
                         5.03-Бөлiм
     Осы Заем туралы Келiсім күнiнен кейiнгі тоқсан (90) күннен кейiн 
басталған күн Заем Беру Ережесiнiң 9.04-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заем 
туралы Келiсiмiн күшiне енуі үшiн көрсетіледi.
                           VI бап
                       Өзге ережелер
                         6.01-Бөлiм
     Заемшының Қаржы министрi Заемдар Беру Ережесiнiң 11.02-Бөлімінің 
мақсаттары үшiн Заемшының өкiлi ретінде тағайындалады.
                         6.02-Бөлiм
     Заемдар Беру Ережесiнiң 11.01-Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай 
мекен-жайлар көрсетiледi:
     Заемшының Мекен-жайы:
     Ministry of Finance                       Астана
      33 Pobeda Street                     Жеңiс даңғылы 33
           Astana                          Қаржы министрлiгi
      Facsimile Nuмbеr:             Факсимилдiк Байланыс Нөмiрi:
       (7-3172) 117762                    (7-3172) 117762
     Банктiң Мекен-жайы:
     Asian Development Bank                    Филиппины
         Р.О. Box 789                         0980 Манила
         0980 Manila                        Азия Даму Банкi
         Philippines                  Почталық Абонемент Жәшiгi 789
      Facsimile Nuмbеrs:             Факсимилдiк Байланыс Нөмiрi:     
       (632) 636-2444                     (632) 636-2444
       (632) 636-2428                     (632) 636-2428
     
     Осыны куәландыра отырып, тиiстi негiзде уәкiлеттiк берілген өздерінің 
өкілдерi арқылы әрекет ететін осы Келiсiмдегi тараптар өздерiнiң аттарынан 
осы Келiсiмге қол қойылуын және жоғарыда бас кезiнде көрсетілген күні мен 
жылы Банктің бас басқармасына оның ресми түрде берілуін қамтамасыз етті.
     
     Қазақстан Республикасы үшін           Азия Даму Банкі үшін
     Құжаттарға қол                        Құжаттарға қол
     қоюға уәкілеттік                      қоюға уәкілеттік
     берілген ресми                        берілген ресми
     тұлғаның қолы _______________         тұлғаның қолы _______________
                         1-қосымша
                     Жобаны Сипаттау


      1. Жобаның мақсаты жол инфрақұрылымын дамыту, шекаралық бақылау жүйесі мен рәсiмдерiн, трансшекаралық өтуге байланысты техникалық құралдарды жетiлдiру, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн үйлестіру мен басқаруды жақсарту және жолды техникалық ұстаудың тиiмдi жүйесiн енгізу арқасында Алматы мен Бiшкек қалаларының арасындағы қосалқы аймақтық маңызы бар автомобиль тасымалдары үшiн негiзгi көлiк желiсiнiң тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      2. Жоба Қазақстандық және Қырғыз Құрауыштарынан тұрады. Қазақстан Құрауыштарына мыналарды қамтиды:
      (і) жобалау - конструкторлық жұмыстар және құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді қоса алғанда, Алматы қаласының маңынан Қырғыз Республикасындағы Ақжол - Шу елдi мекеннiң маңына дейiн шамамен 205 км Жолды қайта жаңарту;

     (ii) шекарадан өткен кезде Қазақстан жағында Ақжол - Шу елдi 
мекенiнiң маңындағы кедендi техникалық жарақтандыруды жақсарту; және
     (iii) жолды техникалық ұстауға арналған және зертханалық 
жабдықтармен қамтамасыз ету.
     3. Қазақстандық Құрауышты 2004 жылғы 31 желтоқсанда аяқтау 
ұйғарылып отыр.
                         2-қосымша
               Борышты Біртіндеп Өтеу Кестесі
  (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек Жолын Қайта жаңарту Жобасы)
                   (Қазақстандық Құрауыш)
     
     Төлемнің Шартты Мерзімі            Негізгі Соманы Төлеу
                                           (АҚШ долларымен)*
     
     2005 жылғы 15 сәуір                        430,500
     2005 жылғы 15 қазан                        452,000
     2006 жылғы 15 сәуір                        474,600
     2006 жылғы 15 қазан                        498,300
     2007 жылғы 15 сәуір                        523,200
     2007 жылғы 15 қазан                        549,400
     2008 жылғы 15 сәуір                        576,900
     2008 жылғы 15 қазан                        605,700
     2009 жылғы 15 сәуір                        636,000
     2009 жылғы 15 қазан                        667,800
     2010 жылғы 15 сәуір                        701,200
     2010 жылғы 15 қазан                        736,200
     2011 жылғы 15 сәуір                        773,100
     2011 жылғы 15 қазан                        811,700
     2012 жылғы 15 сәуір                        852,300
     2012 жылғы 15 қазан                        894,900
     2013 жылғы 15 сәуір                        939,600
     2013 жылғы 15 қазан                        986,600
     2014 жылғы 15 сәуір                      1,036,000
     2014 жылғы 15 қазан                      1,087,800
     2015 жылғы 15 сәуір                      1,142,100
     2015 жылғы 15 қазан                      1,199,300
     2016 жылғы 15 сәуір                      1,259,200
     2016 жылғы 15 қазан                      1,322,200
     2017 жылғы 15 сәуір                      1,388,300
     2017 жылғы 15 қазан                      1,457,700
     2018 жылғы 15 сәуір                      1,530,600
     2018 жылғы 15 қазан                      1,607,100
     2019 жылғы 15 сәуір                      1,687,500
     2019 жылғы 15 қазан                      1,771,800
     2020 жылғы 15 сәуір                      1,860,400
     2020 жылғы 15 қазан                      1,953,500
     2021 жылғы 15 сәуір                      2,051,100
     2021 жылғы 15 қазан                      2,153,700
     2022 жылғы 15 сәуір                      2,261,400
     2022 жылғы 15 қазан                      2,374,400
     2023 жылғы 15 сәуір                      2,493,200
     2023 жылғы 15 қазан                      2,617,800
     2024 жылғы 15 сәуір                      2,748,700
     2024 жылғы 15 қазан                      2,886,200
     Жиыны                                   52,000,000
     
     
             Мерзімінен бұрын төлеу кезіндегі үстемеақы   
     Мынадай проценттегі сандар Заемдар Беру Ережесiнiң 3.06 (b) Бөлiміне 
сәйкес Заемның негiзгi сомасының қандай да болмасын бөлiгін төлеу мерзiмi 
басталғанға дейiн мерзiмiнен бұрын өтеу кезiнде төлеуге жататын үстемеақы 
ретiнде көрсетiледi.
     Мерзiмiнен бұрын Төлеу                       Үстемеақы
            Уақыты     
                                      Мерзiмiнен бұрын төлеу күнi төлемге
                                      ұсынылмаған Заемның қалдығына
                                      қолданылатын, мыналарға көбейтiлген
                                      проценттік ставка (жылына проценттер
                                      түрiнде көрсетілетін):
     
     Төлем мерзiмi басталғанға дейiн                   0,13
     кемiнде үш жыл бұрын     
     3 жылдан астам, бiрақ төлем                       0,25
     мерзiмi басталғанға дейiн
     кемiнде 6 жылдан аспауы тиiс
     
     6 жылдан астам, бiрақ төлем                       0,46
     мерзiмi басталғанға дейiн
     кемiнде 11 жылдан аспауы тиiс
     11 жылдан астам, бiрақ төлем                      0,67
     мерзiмi басталғанға дейiн
     кемiнде 16 жылдан аспауы тиiс   
     
     16 жылдан астам, бiрақ төлем                      0,83
     мерзiмi басталғанға дейiн
     кемiнде 20 жылдан аспауы тиiс
     20 жылдан астам, бiрақ төлем                      0,92
     мерзiмi басталғанға дейiн
     кемiнде 22 жылдан аспауы тиiс
     Төлем мерзiмi басталғанға дейiн                   1,00
     22 жыл бұрын
                        3-қосымша
            Заем Қаражатын Бөлу және Шоттан Алу
                     Жалпы Мәлiметтер 
     
     1. Осы Қосымшаға толықтыру болып табылатын кестеде (бұдан әрі "Кесте" 
деп аталады Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, қызметтердің 
және басқа да шығыс баптарының санаттары және осындай әрбiр Санат бойынша 
Заем сомасын бөлу ұсынылады. (Осы Қосымшада "Санатқа" немесе "Санаттарға" 
сiлтеме Кестедегі Санатқа немесе Санаттарға жатады).
                         Салықтар 
     
     2. Қандай да болмасын жергілiкті салықтарға қатысты Заем Шотынан 
ешқандай да қаражат алу жүргiзiлмейдi.
                Банктің Қаржыландыру Проценті 
     


      3. Банк өзгеше шешiм қабылдауы мүмкiн жағдайлардан басқа, Кестеде санамаланған Санаттар бойынша шығыс баптары Кестеде көрсетілген проценттердің негiзiнде Заем қаражатынан қаржыландырылады.
      4. Осы Қосымшаның 5-тармағына қарамастан, осы Заем туралы Келiсiмге 4-қосымшаның тиiсті ережелерiне сәйкес халықаралық бәсекелi сауда-саттық жүргiзгеннен кейiн жергiлiктi берушiмен жасалған кез-келген келiсiм-шарт мынадай негiзде:
      (а) жергілiктi берушiден сатып алынатын тауарлар жергiлiктi өндiрiс тауарлары болып табылатын жағдайда, берiлетін тауарларға қойылатын франко-зауыттың бағасы 100% (кез келген салықтарды қоспағанда); және
      (b) жергiлiктi берушіден сатып алынатын барлық тауарлар импорттық болып табылған жағдайда, келісім-шарт бағасының шетелдiк валютадағы құрауышы 100% Заем қаражатынан қаржыландырылады.

                     Жергiлiктi Шығыстар

      5. (а) Жергiлiкті шығыстарды қаржыландыру мақсаты үшiн 17,500,000 АҚШ долларына баламалы сомаға дейiнгі Заем қаражаты шетел валютасында Заем Шотынан алынуы мүмкін.
      (b) Осы тармақта өзгеше көзделетін немесе Банк өзге шешім қабылдауы мүмкін жағдайлардан басқа, Жоба бойынша қандай да болмасын жергілікті шығыстарға қатысты Заем Шотынан ешқандай қаражат алу жүргiзiлмейдi.

                     Бiр жолғы комиссия

      6. 6-Санатқа жатқызылған сома осы Заем туралы Келiсiмнiң 2.04-Бөлiмiнде айтылатын бiр жолғы комиссияны қаржыландыруға арналады. Банк Күшiне Енген Күнi немесе осындай күннен кейiн дереу осындай комиссияның сомасын Заем Шотынан алуға және Заемшының атынан өзiне төлеуге құқығы бар.

                         Қайта бөлу

      7. Кестеде көрсетілген Заем қаражатын бөлуге және шоттан қаражат алу процентіне қарамастан және осы Қосымшаның 5-тармағын ескере отырып:
      (а) Егер қандай болмасын санатқа жатқызылған сома осы Санаттағы келiсілген барлық шығыстарды қаржыландыру үшiн жеткілiксiз болып табылса, Банк Заемшыны хабардар ете отырып:
      (I) басқа Санатқа жатқызылған Заем сомасын бағалауға сәйкес жетіспеушілiктi жабу үшiн талап етiлетін көлемде, бiрақ Банктiң пiкiрiнше, басқа шығыстарды жабу үшiн қажетi жоқ осындай Санатқа жатқыза отырып, қайта бөлуге, және
      (II) егер осындай қайта бөлу кезiнде бағалауға сәйкес жетіспеушiлiктi толық жабу мүмкiн болмаса, осындай Санат бойынша Шоттан одан әрi қаражат алу үшiн ол бойынша барлық шығыстар жүргiзiлмейiнше, осындай шығыстарға қолданылатын шоттан қаражат алу процентін төмендетуге; және
      (b) Егер осы жағдайда қандай да болмасын Санатқа жатқызыла отырып бөлiнген Заем сомасы осы Санаттағы барлық келiсiлген шығыстардан асып түскен болып табылса, Банк Заемшыны хабардар ете отырып, осындай артық соманы кез келген басқа Санатқа жатқыза отырып, қайта бөле алады.

                    Шығыстар туралы Есеп

      8. Шығыстар туралы есеп (ШЕ) рәсiмi "Заемды Төлеу туралы Басшылыққа"

сәйкес (1996 жылғы маусым) оған мерзiмдi енгiзiлген түзетулермен және 
Заемшы мен Банк арасында қол жеткiзiлген нақты уағдаластықтармен Жобаны 
басқаруға арналған қолайлы шығыстарды өтеу үшiн пайдаланылады. ШЕ 
рәсiмдемiне сәйкес орны толтырылатын немесе өтелетін жеке төлемнiң сомасы 
60,000 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды.
                                              3-қосымшаға толықтыру
                         Кесте
---------------------------------------------------------------------------
                 Заем қаражатын бөлу және шоттан алу     
    (Аймақтық Маңызы бар Алматы - Бішкек Жолын Қайта жаңарту жобасы)
                         Қазақстандық Құрауыш
---------------------------------------------------------------------------
            Санаты                   !Банктің         Қаржыландыру
                                     !проценті
---------------------------------------------------------------------------
Нөмірі!Шығыстар бабы     !Осы Санатқа!Процен.!  Заем Шотынан Қаражат алу
      !                  !Жатқызылған!ті     !          үшін негіз        
      !                  !   сома    !       !
---------------------------------------------------------------------------
  1    Инженерлік-Құрылыс  31,800,000    69   жиынтығында шығыстардың      
       жұмыстары                              проценті
                                       ------------------------------------
                                              (37% - шетелдік және 32% -   
                                              жергілікті шығыстар)
     
  2    Жобаны басқару         500,000   100   жергілікті шығыстардың       
                                              проценті*   
     
  3    Жабдық              10,300,000   100   шетелдік шығыстардың проценті
                                       -----------------------------------
                                        100   шетелдік шығыстардың проценті
     
  4    Консультациялық                        жергілікті шығыстардың
       қызметтер            3,850,000   100   проценті*
     
  5    Бір жолғы комиссия     520,000         тиесілі сома
  6    Бөлінбеген сома      5,030,000    
       Жиыны               52,000,000
--------------------------------------------------------------------------
     * Жергілікті салықтарды қоспағанда
     
                         4-қосымша
                       Сатып алулар


      1. Банк өзге шешiм қабылдауы мүмкін жағдайдан басқа, осы Қосымшаның келесi тармақтарында ол туралы айтылатын рәсiмдер Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердi сатып алу кезiнде қолданылады. Осы Қосымшадағы және оған Толықтырудағы "қызметтер" терминi консультациялық қызметтердi қамтымайды.
      2. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 1999 жылғы ақпанда қайта қаралған, Заемшыға ұсынылған оларға мерзiмдi енгiзiлген түзетулермен бірге "Азия Даму Банкiнiң Заемдары бойынша Сатып алу Қағидасының" (бұдан әрi "Сатып алу Қағидасы" деп аталады) ережелерi қолданылады.
      3. Төменде келтiрiлген 5-тармақта өзгеше көзделген жағдайлардан басқа, тауарлар мен қызметтердi сатып алу қандай да болмасын жеке берушiге немесе мердiгерге немесе қандай да болмасын берушiлер мен мердiгерлердiң жеке тобына қатысты қандай да болмасын шек қойылмай немесе қандай да болмасын жеке берушiге немесе мердiгерге немесе қандай да болмасын берушiлер мен мердiгерлердiң жеке тобына артықшылық білдірмей жүргiзiледi.
      4. (а) Жолды қайта жаңарту жөнiндегi инженерлiк-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған келiсiм-шарт және жолды техникалық ұстау үшін жабдықтар беруге арналған келiсiм-шарт сипатталуы Сатып алу Қағидасының II Тарауында келтiрiлген бәсекелi сауда-саттық негiзiнде жасалады. Инженерлiк-құрылыс жұмыстарын жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасуға үмiткерлердi алдын ала бағалау сауда-саттыққа дейiн жүргізiледi.
      (b) Халықаралық бәсекелi сауда-саттық негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттар бойынша Банкке мүмкiндiгінше тезiрек және кез келген жағдайда алдын ала бағалаудан өтуге бiрiншi шақыру немесе Жоба бойынша келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныстар беру жөніндегі бiрiншi шақыру жарияланғанға дейiн 90 күннен кешiктірмей Банк негiздi сұрайтын нысанда және егжей-тегжейлікпен және осындай ақпараты бар Сатып алу туралы Жалпы Хабарлама ұсынылады (және Банк оның жеке жариялануын ұйымдастырады). Банкке жыл сайын халықаралық бәсекелі сауда-саттық негiзiнде қандай да болмасын тауарлар мен жұмыстарды сатып алу талап етілiп отырғанға дейiн Сатып алу туралы Жалпы Хабарламаны жаңарту үшiн қажетті ақпарат ұсынылады.
      (с) Халықаралық бәсекелі сауда-саттық негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алу жөнiндегi iс-шаралар Сатып алу Қағидасының IV тарауында айтылған рәсiмдерге сәйкес Банктiң қарауына жатады. Алдын ала бағалаудан өтуге шақырудың жобасы және келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныстар беру жөніндегі шақырудың жобасы Банкке осындай шақырудың жеке жариялануын ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін ол жарияланғанға дейін кемінде 42 күн бұрын осындай рәсімдерге сәйкес Банктің мақұлдауына ұсынылады және Банк негiздi түрде сұрататын ақпаратты қамтиды.
      5. Халықаралық бәсекелi сауда-саттықта келiсiм-шарт жасау туралы ұсыныстарды салыстыру кезiнде осындай тауарларды ұсынушы үмiткер ел ішіндегі қосылған құн осы тауарларға сұраған франко-зауыт бағасының кемінде 20 процентін құрайтындығын Заемшы мен Банк үшін сенімді түрде дәлелдеген жағдайда, Қазақстанда өндiрiлген тауарларға Заемшыны таңдау бойынша және осы Қосымшаға Толықтырудың ережелеріне сәйкес белгілі бір артықшылық жасалуы мүмкiн.
      6. (а) Зертханалық жабдықтарды беруге келiсiм-шарт Сатып алу Ережесiнiң III тарауында айтылатын елден тыс жерде сатып алу негiзiнде жасалады.
      (b) Келiсiм-шарт жасау туралы ұсыныстарды беру жөніндегі шақырудың әрбiр жобасы және осындай ұсынысқа жататын оған байланысты құжат ол жарияланғанға дейiн Банктiң мақұлдауына берiлмеуi тиiс.
      (с) Сатып алу Қағидасының 3.03. (b) тармағына қарамастан, келiсiм-шарт жасау туралы кез келген шешiм Банктiң алдын ала мақұлдауына жатады.
      7. (а) Заемшы Банк қаржыландыратын барлық тауарларды және қызметтердi сатып алу кезiнде (олар бөлек сатып алынды ма немесе сатып алынатын басқа тауарлар мен қызметтерге енгiзiлдi ме, соған қарамастан шектеусiз аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi қоса алғанда) қандай да болмасын үшiншi тұлғаның өнеркәсiптiк немесе санаткерлiк меншiкке қандай да болмасын құқығының немесе құқықтық талабының бұзылмауын немесе қозғалмауын қамтамасыз етедi.
      (b) Заемшы Банк қаржыландыратын тауарлар мен қызметтердi сатып алуға арналған барлық келісім-шарттарға тиісті өтініштердің, кепілдіктердің, егер қажет болса, олар туралы осы тармақтың (а) тармақшасында айтылатын мәселелерге қатысты зиянға, залалға немесе шығынға мердігердің немесе берушінің кепілдік беруі туралы ережелердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
                                             4-қосымшаға Толықтыру




              Осы Елде Өндiрiлген Тауарларға артықшылық беру

      1. Халықаралық бәсекелi сауда-саттық арқылы тауарлар сатып алу кезінде Заемшының аумағында өндірілетін тауарларға үміткер ел ішіндегі қосылған құн осы тауарларға сұраған франко-зауыт бағасының кемінде 20 процентін құрайтындығын Заемшы мен Банк үшін сенiмдi түрде дәлелдеген жағдайда, мынадай ережелерге сәйкес белгілі бір артықшылық берілуі мүмкін. Ел ішiндегі қосылған құнның 20 проценті тізiмдегi бiр ұстанымға ғана емес, франко-зауыттың тауарларға қоятын жиынтық бағасына қолданылады.
      (а) Осы елде өндiрiлетін тауарларға артықшылық берудi қолдану кезiнде келiсiм-шарт жасау туралы тапсырылған ұсыныстар алдымен мынадай үш санат бойынша жiктеледi:
      I Санат - Заемшының аумағында өндiрiлетін, ел
                             ішіндегі ең аз қосылған құн талаптарына
                             сәйкес келетiн тауарлар ұсынылатын
                             келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныстар;
      II Санат - Заемшының аумағында өндiрілетін басқа тауарлар
                             ұсынылатын келiсiм-шарт жасасу туралы
                             ұсыныстар; және
      III Санат - импортталатын тауарлар ұсынылатын келiсiм-шарт
                             жасасу туралы ұсыныстар;
      (b) Әрбiр санатта төмен баға алған, келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныс бұл жағдайда тауарларды әкелуге байланысты алынатын, кеден баждарын және импортқа салынатын басқа да салықтарды және ұсынысқа сәйкес тауарларды сатуға немесе беруге байланысты алынатын айналым салықтарын және осы сияқты салықтарды есептемегенде, әрбір санатта өзара бағалау жүргiзiлген барлық ұсыныстарды салыстыру кезiнде анықталады.
      (с) Ең төмен баға алған, келісім-шарт жасасу туралы осындай ұсыныс одан кейiн басқасының әрқайсысымен салыстырылады және егер осындай салыстырудың нәтижесiнде I Санаттың және II Санаттың ұсынысы ең тиiмсiз деп танылса, ол келісiм-шарт жасау үшін таңдап алынады.
      (d) Алайда, егер жоғарыда келтiрiлген (с) тармақшасына сәйкес салыстыру нәтижесiнде ІII Санаттың ұсынысы ең тиiмсiз деп танылса, ол осыдан кейін І санаттың ең төмен баға алған ұсынысымен салыстырылады. Осындай одан әрi салыстыру мақсаттары үшiн ғана, мыналарды:
      (і) салық салудың босатылмаған импортер ІІІ Санаттың келiсiм-шарт жасасу туралы осындай ұсынысында тапсырылатын тауарларды әкелгені үшiн төлеуi тиiс болатын кеден баждарының және импортқа салынатын басқа да салықтардың сомасын; немесе
      (іi) егер олар туралы жоғарыда айтылған кеден баждары немесе импортқа салынатын салықтар СИФ сұрататын бағаның 15 процентінен асатын болса, осындай тауарларға СИФ сұрататын бағаның 15 процентін қоса отырып, ең төмен баға алған ІІІ Санат ұсынысына бағасын арттыру жағына түзету жүргізіледі.
      Егер осындай кейiнгі салыстырудан кейін І Санаттың ұсынысы ең тиiмсiз деп танылса, ол келiсiм-шарт жасасу үшін таңдап алынады; керiсiнше жағдайда келiсiм-шарт жасасу үшін ең төмен баға алған III Санаттың ұсынысы таңдап алынады.
      2. (а) Артықшылық беру туралы өтiнiш жасаған үмiткерлер, ел iшiндегi

ең аз қосылған құнды қоса алғанда, артықшылық беру үшiн келісім-шарт 
жасасу туралы ұсыныстың қолайлылығын белгiлеу үшiн қажеттi растаманы 
ұсынады.
     (b) Сауда-саттық құжаттамасында берiлетін артықшылық, өтiнiп отырған 
тілекпен және ұсыныстарды салыстыру кезiнде сақталатын рәсiмдермен бірге 
оған артықшылық білдіру үшін келiсiм-шарт жасасу туралы ұсыныстың 
қолайлылығын белгілеу үшін талап етілетін ақпарат - барлығы жоғарыда 
айтылғандағыдай нақты көрсетіледі.
                         5-Қосымша
                       Консультанттар
     1. Жобаны орындау кезiнде, атап айтқанда:
     (а) технологиялық жұмыс жобаларында;
     (b) құрылысты қадағалауда; және
     (с) жолды техникалық ұстауға көмектесуде консультанттардың қызметі 
пайдаланылады.
     Консультанттардың құзыретінiң шегi Заемшы мен Банк арасындағы келiсiм 
бойынша анықталады.


      2. Консультанттарды iрiктеуге, жалдауға және олардың қызметтерiне осы Қосымшаның ережелерi және оған Заемшыға ұсынылған, мерзімді енгізілетін түзетулермен бірге 1998 жылғы қазандағы "Азия Даму Банкi мен оның Заемшыларының Консультанттарды Пайдалану туралы Басшылықтың" ережелері қолданылады.
      3. Консультанттарды iрiктеу мен жалдауды мынадай рәсiмге сәйкес Заемшы жүргiзедi.
      (а) Шақыруларды Таныстыруға Шақыру
      Шақыруларды таныстыру туралы шақыруды және осы мәселелерге қатысы барлық құжаттарды олар жарияланғанға дейiн Банк мақұлдайды. Осы мақсат үшін Банкке ұсыныстарды беру туралы шақырудың үш көшiрмесi, шақырылатын консультанттардың тiзiмi, ұсыныстарды бағалау бойынша ұсынылатын өлшемдер және осы мәселелерге қатысы бар басқа да құжаттар тапсырылады. Ұсыныстарды беруге көзделген мерзiм кемiнде 60 күндi құрайды. Жарияланған түрдегі түпкi шақырудың көшiрмесi осы мәселелерге қатысы барлық құжаттармен бiрге, жарияланғаннан кейiн дереу танысу үшiн Банкке ұсынылады.
      (b) Келiсiм-шарттың Жобасы
      Консультанттармен бірге келiсiм-шарттың жобасы ұсыныстарды бағалау басталғанға дейiн күні бұрын Банктiң мақұлдауына ұсынылады.
      (с) Iрiктеу туралы Ұсыныс
      Тапсырылған ұсыныстарды бағалауды жүргiзгеннен кейiн және келiссөздер үшін iрiктеп алынған консультанттармен келiссөздер басталғанға дейiн жүргiзiлген ірiктеуге қатысты Банктiң мақұлдауын алынады. Бұл мақсат үшiн ұсыныстар бағаланғаннан кейiн дереу Банкке мынадай құжаттардың үш көшiрмесi ұсынылады:
      (i) ұсыныстарды бағалау (бұрын Банкке ұсынылмаған әрбiр ұсыныстың бiр комплектiсiмен бiрге);
      (іi) ірiктеудің негiздемесі.
      (d) Келiсiм-шарттың атқарылуы
      Келiссөздер аяқталғаннан кейiн, бiрақ келiсiм-шартқа қол қойылғанға дейiн Банкке:
      (і) оның мақұлдауына талқыланған түрдегі келiсiм-шарт; және
      (іi) ұсыныстардың бағалауы ұсынылады.
      Келiсiм-шартқа қол қойылғаннан кейiн дереу Банкке қол қойылған келiсiм-шарттың үш данасы ұсынылады. Егер келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн оған қандай да болмасын елеулi өзгерiстер ұсынылатын болса, ұсынылатын өзгерiстер Банктің алдын ала мақұлдауына ұсынылады.
      4. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне сәйкес іріктеу жүргiзiлетiн басқа елдерден жалданатын консультанттар жалдау жүргiзiлетiн және қолданыстағы талаптарға сәйкес келетiн жергілiктi консультанттармен бiрiктiрiледi. Осы мақсат үшiн нақты ережелер осы мағынада осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне сәйкес Банкке ұсынылатын ұсынысқа енгiзiледi.
      5. Заемшы тиiсті өтiнiмдердi, кепiлдiктердi және егер қажет болса, консультациялық қызметтер көрсеткен кезде қандай да болмасын үшiншi тұлғаның өнеркәсiптiк немесе санаткерлiк меншiгіне арналған қандай да болмасын құқықтары немесе құқықтық талаптары бұзылмауын немесе қозғалмауын қамтамасыз ету үшiн зиянға, залалға немесе шығындарға консультанттардың кепiлдiк беру туралы ережелердi консультанттармен жасалатын, Банк қаржыландырылатын барлық келiсiм-шарттарға енгiзудi қамтамасыз етедi.

                          6-қосымша
     Жобаны орындау және Жобаға енгізiлген Объектiлерді Пайдалану;
                      Басқа да Мәселелер

      1. Орындауды ұйымдастыру
      А. Жобаны орындау
      1. (а) Заемшы 2001 жылғы 1 ақпанға дейiн Қазақстандық Құрауышты орындау жөнiндегi күнделiкті жұмысқа жауап беретiн Жобаны Орындау жөнiндегi Топты (ЖОТ) құрады және ККМ, мердiгерлер, берушiлер және Банк арасында қажеттi байланысты қамтамасыз етедi. ККМ тағайындаған Жобаның басшысы ЖОТ басшысының функцияларын орындайды және оған жол құрылысымен айналысатын бiлiкті инженерлердiң және материал танушылардың және топырақтану, көпiрлер жөнiндегi мамандардың жеткiлiктi санын қамтитын қызметтік персонал және қаржыгерлер мен кеңсе қызметкерлерiнен тұратын көмекшi персонал тұрақты қолдау көрсетедi. ЖОТ ККМ-нiң Инвестициялық Жобалары жөнiндегi Бөлiмге есептер береді.
      (b) Заемшы 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстандық Құрауышқа сәйкес жолды техникалық ұстау жөнiндегi жұмыстарды орындау және Қазақстандық Құрауышты орындау жөніндегі күнделікті жұмыста ЖОТ-қа көмек көрсету үшiн бiлiктiлiгі және жұмыс өтiлi Банк үшiн қолайлы Жолды Техникалық Ұстау жөнiндегi Маман басқаратын, тиiстi түрде жасақталған Жолды Техникалық Ұстауды Қадағалау жөнiндегі Топты (ЖТҰҚТ) құрады.
      (с) Заемшы жобаны орындаудың бүкіл уақыты ішінде ЖОТ-пен ЖТҰҚТ-ны тұрақты тиiстi жасақтауды және техножұмыс жобалары, жол құрылысын қадағалау және техникалық ұстауға көмек көрсету жөнiндегі жұмыстар үшiн Жобаға сәйкес жалданатын консультанттардың оларға көмек көрсетуiн қамтамасыз етедi.
      В. Жобаға Басшылық жасау жөнiндегі Комитет
      2. Заемшы Жобаны орындаудың бүкіл уақыты ішiнде ЖБК-нiң жұмыс істеуiн қамтамасыз етедi; сондай-ақ ол ЖБК-нiң мыналар:
      (і) Жобаны және саладағы реформаларды орындауға қатысатын ұйымдар арасындағы байланысты қоса алғанда, Жобаның орындалуы жөнiндегi қызметті және оны үйлестiрудi қадағалау;
      (ii) Жобаның құрауыштарын орындауға байланысты істердiң жағдайына шолу;
      (iii) қол жеткен нәтижелердi ағымдағы бақылау және орын алған проблемаларды шешу; және
      (iv) аймақты дамытуға Жобаның ықпал етуін талқылауға және шолуға арналған орган ретiнде жұмыс істеу үшін жауапты болуын қамтамасыз етеді.
      ККМ министрi (немесе оның өкiлi) ЖБК-нiң төрағасы болып табылады. ЖБК-нiң құрамына Жолдар және Жол Көлiгi жөнiндегi Комитеттің Төрағасы, "Қазақавтожол" ұйымының Бас Директоры, Инвестициялық Жобалар жөнiндегi ККМ Кеңесiнiң Басшысы және Қаржы министрлiгі мен Экономика Министрлiгінiң өкiлдерi енедi. ЖБК-нiң жиналыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Қажет болғанда осындай жиналыстар жылына екi реттен көбiрек өткiзiлуi мүмкін.
      С. Өзге де Мәселелер

                   Стратегия және Реттеуіштiк Аялары

      3. Заемшы Банк қаржыландыратын техникалық көмек (ТК N 2631-КАZ: Жол Саласын Институционалдық Нығайту) және Консультациялық Техникалық Көмек шеңберiнде жүргiзiлген зерделеуге байланысты ұсынымдарды ескере отырып, 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қайта қаралған Автомобиль Жолдары туралы Заңды Парламенттің қарауына ұсынады.

                     Трансшекаралық Өту Мәселелерi

      4. Заемшы Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмнiң ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшiн оның тарапынан талап етiлетiн барлық шараларды қабылдайды. Заемшы, атап айтқанда, консультациялар жүргiзедi және хаттамаларды ресiмдейдi, Қырғыз Республикасының Yкiметiмен және оның мекемелерiмен келiсiмдер және басқа да уағдаластықтар жасасады және - шешiмдер және қаулылар шығарады - барлығы Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмге сәйкес және Заемшы мен Қырғыз Республикасы арасындағы трансшекаралық өтулердi жеңiлдету мақсатында.
      5. Заемшы 2002 жылғы 1 маусымға дейiн Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес және Консультациялық Техникалық Көмек шеңберiндегi ұсынымдарды ескере отырып, Ақжол-Шу бекетiндегi шекаралар қиылысатын жерде трансшекаралық автомобиль тасымалдарына қатысты қайта қаралған көлiк және кеден құжаттамаларын енгiзедi.

                Автомобиль Тасымалдары туралы Ережелер

      6. Заемшы 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
      (і) салмағы белгiленген нормалардан асып түсетін көлiк құралдарының өтуiне бақылау жасау туралы қажетті ережелердi енгiзедi, және
      (іi) Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмге Қосымшада ол туралы айтылатындай, көлiк құралдарының салмағы мен мөлшерiне бақылау жүргiзедi.

         Жол Қозғалысының Қауiпсiздiгi және Жолды Техникалық Ұстау
                          және Жол Стандарттары

      7. (а) Заемшы 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiн Консультациялық Техникалық Көмек шеңберiндегi ұсынымдарды ескере отырып, қауiпсiздiгiне жүргiзуге, жол конструкциясының қауiпсiздiгiн қадағалауға, жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша оқытуға, қауiпсiз жол қозғалысы жарнамасына, автомобиль көлiгiнiң қауiпсiз жол қозғалысы ережесiн белгiлейтiн стандарттарға, жол қозғалысының қауiпсiздiгi саласындағы зерттеулерге жәрдемдесу және төтенше жағдайлар кезiнде жазатайым оқиға нәтижесiнде зардап шеккендерге көмектесу үшiн Заемшының Жол Қозғалысының Қауiпсiздiгi туралы Заңына түзетулер дайындайды және өзiнiң Парламентiне ұсынады.
      (b) Заемшы 2002 жылғы 30 маусымға дейiн коммерциялық негiзде осындай жабдықты жалға берудi қоса алғанда, жол жабдықтау резервтерiн басқару үшiн мемлекеттiк акционерлiк компанияны құрады.
      (с) Заемшы бәсекелі сауда-саттық негiзiнде 2005 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей күшіне енетін Жолды техникалық ұстау туралы келiсiм-шарттардың жасалуын қамтамасыз етедi. Заемшы, сондай-ақ Банкпен консультацияларда Жолды осындай техникалық ұстау жөнiндегi тиiсті қадағалауды, ағымдағы бақылауды және есептiлiк рәсiмiн белгiлейдi.
      (4) Заемшы 2002 жылғы 1 шiлдеге дейiн Банк қаржыландыратын техникалық көмек (ТК N 5733-REG) шеңберінде дайындалған Мемлекеттiк Автомобиль Жолдары: Жобалау-Конструкторлық Стандарттар мен Ережелер және Мемлекеттiк Автомобиль Жолдары: Құрылыстың Техникалық Шарттары құжаттарын қабылдайды.

                         Бiрлесiп Қаржыландыру

      8. Егер Заемшының ТРАКЕКА Грантын және/немесе ЕҚДБ заемын алу мүмкiндiгi болмаса, Келiсiм Күшiне енген Күннен бастап 12 айдың ішiнде Заемшы:
      (і) Жобаны уақытылы және ойдағыдай орындау үшiн қажетті, талап етiлетiн қосымша қаражатты алу үшiн Банк үшiн қолайлы басқа да уағдаластықтар жасайды; немесе
      (іi) Заем туралы Келiсiмнiң 4.02-Бөлiмiне сәйкес Заемшының мiндеттемелерi үшiн Заемшының ТРАКЕКА Грантын және/немесе ЕҚДБ заемын алуының мүмкiн еместiгi нәтижесi болып табылатын кез келген жетiспеушiлiкті қаржыландыру үшін залалсыз қосарлас қаржыландырудың қосымша қаражатын ұсынады.

     Қоршаған Ортаны Ұтымды Пайдалану жөнiндегi және Адам Денсаулығын
                        Қорғау Саласындағы Шаралар

      9. (а) Заемшы Жобаға енгiзiлген объектiлерді әзiрлеуге қоршаған ортаны ұтымды пайдалану және қауiпсiздiк жөнiндегi тиiстi шаралардың енгiзiлуiн қамтамасыз етедi; және
      Жобаға қатысты жүргiзiлген Қоршаған Ортаның Жағдайын Бастапқы Зерделеуге байланысты қорытындыларға және ұсынымдарға және Банктің Жеке Жобалар бойынша Қоршаған Ортаны Ұтымды Пайдалану жөнiндегi Ережелерiне сәйкес Жобаға енгiзiлген объектiлердi салады, пайдаланады және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      (b) Заемшы Жоба қамтитын аумақтардағы орындарда Денсаулық Сақтау Министрлiгiмен және оның бөлiмшелерiмен ынтымақтасып АҚТҚ/ЖҚТБ-ны қоса алғанда, жаппай жұқпалы ауруға байланысты тәуекелдердi төмендету жөнiнде шаралар қабылдануын қамтамасыз етедi. Заемшы оқыту ұйымдарында және құрылыспен айналысатын тұлғалар мен пайдаланушыларға арналған жарнама материалдарын таратуда Жобаға сәйкес жалданатын, қадағалау мәселесi жөнiндегi консультанттарға және инженерлiк-құрылыс жұмыстарын орындайтын мердiгерлерге ККМ көмек көрсетуiн қамтамасыз етедi. Заемшы ККМ арқылы сондай-ақ Жолды пайдалану кезiнде көлiк құралдарын жүргiзушiлер арасында осындай ақпараттың таратылуын қамтамасыз етедi.

             Әйелдердi Кемсiтушiлiктi Болдырмау және Дамыту

      10. Заемшы Жобаның нәтижесiнде құрылатын жаңа жұмыс орындарына байланысты мүмкiндiктердi әйелдердiң тiкелей немесе жанама пайдалануын қамтамасыз етедi. Заемшы Жобаны орындау кезiнде Әйелдердi Кемсiтушiлiктi Болдырмау және Дамыту саласында Банк Саясатының сақталуын қамтамасыз етедi.

               Үйлестiру Мәселелерi жөнiндегі Үш жақты Жиналыс

      11. Заемшы Жобаның орындалуына жалпы проблемаларды шешу, атап айтқанда Трансшекаралық Өту туралы Келiсiмнiң толық орындалуын қамтамасыз етуге байланысты iс жағдайын талқылау үшiн Алматы мен Бiшкекке жылына екi рет кезекпен Жобаға (Банк, ЕҚДБ және ТРАКЕКА) қатысатын Қырғыз Құрауыш және халықаралық кредит-қаржы мекемелерi бөлiгiнде Жобаны Орындаушы - Ұйыммен жиналыстардың ККМ және Заемшының кеден органдары өкiлдерiнің жүргiзуiн қамтамасыз етедi.

                          Орта мерзiмді Шолу

      12. Заемшы 2002 жылдың аяғына дейiн ККМ-нің Банкпен және Жобаның Орындаушы - Ұйымымен бiрлесiп, Қырғыз Құрауышының бөлiгiнде Қазақстандық Құрауышты орындаудың толық орта мерзiмдi шолуын жүргізуiн қамтамасыз етедi. Шолудың мақсаттары:
      (i) стратегия саласындағы реформаларды орындауда Заемшы қол жеткізген нәтижелердi бағалау;
      (ii) Жобаның орындалуын шолу және Жоба қолданысындағы және орындалуы туралы уағдаластық шегiнде қандай да болмасын түзетулер негiздi ме, жоқ па екенін анықтау;
      (ііі) белгiленген стандарттардың сақталуын анықтау;
      (iv) сатып алуға, қаржыландыруға және күнтізбелiк жоспарлауға байланысты кез келген ықтимал мәселелердi шешу; және
      (v) осы Заем туралы Келiсiмнiң ережелерiн сақтауға шолу болып табылады.

                      Ағымдағы Бақылау және Бағалау

      13. Заемшы Жобаға сәйкес жалдайтын қадағалау мәселелері жөніндегі консультанттарға жәрдемдесу кезiнде ККМ-нің трансшекаралық өту, көлiк ағыны, оське түсетін салмақ және басқа да әлеуметтiк-экономикалық деректер туралы қолдағы деректердi жинау және талдау жолымен Қазақстандық Құрауыштың ағымдағы бақылау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз етеді. Осы мақсат үшін Заемшы мыналарды қамтамасыз етедi:
      ККМ Жобаны орындау басында базалық деректердi белгiлеу үшiн тиiстi

шолу жүргiзу туралы консультанттарға тапсырма бередi.
     Ағымдағы бақылауы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк-экономикалық 
көрсеткiштер мыналарды қамтиды:
     - жүріп өткені үшiн ақы және кiрепұл ставкасы;
     - қозғалыс жылдамдығы және оқиғалар;
     - жолмен тасылатын ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарлары;
     - көлiк құралдарын басқаруға арналған шығыстар және оларды техникалық 
ұстау; және
     - құрылыс жұмыстары мен техникалық ұстау барысында құрылатын жұмыс 
орындарының саны және түрлерi.
     Ұсынылған деректер жартылай бөлiнедi және оларды жинау Жобаны орындау 
кезiнде де, ол аяқталғаннан кейiн де жүргiзiледi. Қоршаған орта сапасының 
мониторингi Жоба үшiн дайындалған Қоршаған Ортаның Жағдайын Бастапқы 
Зерделеу туралы Қысқаша Есепке сәйкес жүргiзiлетiн болады. Қорытындылар 
мен растайтын деректер Жобаның аяқталуы туралы есепке енгiзiледi. Заемшы 
сол сияқты ККМ-нің Банкпен келiсiлген кестеге және құзыреттiлiк шегiне 
сәйкес Жобаның құрауыштарына байланысты оң нәтижелердi бағалауды жүргiзуiн 
қамтамасыз етедi.
                          Шоттардың Аудитi


      14. Аудитті жүргiзiлген қаржылық есептердi жыл сайын ұсынуға жататын Осы Заем туралы Келiсiмнiң талаптарын сақтау мақсаттары үшiн Заем қаражаты:
      жағдайына жеке меншік секторында жұмыс істейтін аудиторлардың

жұмысына және аудиторлардың есептерін ағылшын тіліне аударуға байланысты 
шығыстарды қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
     (і) осындай аудиторлардың Банк үшiн қолайлы бiлiктiлiгi, жұмыс өтiлi 
және құзыреттiлiк шегi болған; және
     (іі) жалдау процесi Банк үшiн қолайлы болған жағдайда жеке меншiк 
секторында жұмыс істейтiн аудиторлардың жұмысына және аудиторлардың 
есептерiн ағылшын тiлiне аударуға байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін 
пайдаланылуы мүмкiн. 
     
     "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Заем туралы 
        келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - 
          Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) 
           бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына 
                                 есептеме 
     
     Заем сомасы                            52 000 000 
     Пайыз, жылына                          БҚҚ+есептеудің әрбір кезеңіне 
                                            спрэд (5,01 %) 
     Жеңілдікті кезең                       4 жыл 
     Өтеу мерзімі                           20 жыл 
     Жобаны іске асыру мерзімі              4 жыл 
     Игеру сомасы                           2001 ж. - 1,5 млн. АҚШ долл.; 
                                            2002 ж. - 10,5 млн. АҚШ долл.;
                                            2003 ж. - 24,8 млн. АҚШ долл.;
                                            2004 ж. - 15,2 млн. АҚШ долл. 
     Резервте сақтағаны үшін комиссия       жылдық 0,75% 
     Заем бергені үшін бір жолғы комиссия - заем сомасының 1%-ы 
     
 _________________________________________________________________________ 
                         2001     2002       2003      2004       2005     
                   
 _________________________________________________________________________
 Игеру                  1 500    10 500     24 800    15 200  
 _________________________________________________________________________ 
 Игерілмеген сома      50 500    40 000     15 200         0
 _________________________________________________________________________ 
 Пайыздар                        338,2      1 222,4   2 224,4    2 561,0
 _________________________________________________________________________ 
 Бір жолғы комиссия     520,0   
 _________________________________________________________________________ 
 Резервте сақтағаны   
 үшін комиссия                   378,8      300,0     114,0
 _________________________________________________________________________ 
 Негізгі борышты 
 өтеу                                                             882,5
 _________________________________________________________________________
 Барлық төленгені       520,0    716,9      1 522,4   2 338,4     3 443,5 
 _________________________________________________________________________ 
 Жыл аяғындағы
 негізгі борыш        1 500,0    12 000,0   36 800,0  52 000,0    51 117,5
 _________________________________________________________________________ 
     
таблицаның жалғасы
     
 _________________________________________________________________________ 
                         2006     2007       2008      2009       2010     
                   
 _________________________________________________________________________
 Игеру                 
 _________________________________________________________________________ 
 Игерілмеген сома                                           
 _________________________________________________________________________ 
 Пайыздар              2 512,2   2 458,5   2 399,3   2 333,9     2 261,9
 _________________________________________________________________________ 
 Бір жолғы комиссия     
 _________________________________________________________________________ 
 Резервте сақтағаны   
 үшін комиссия                   
 _________________________________________________________________________ 
 Негізгі борышты        972,9    1 072,6   1 182,6   1 303,8      1 437,4
 өтеу                                                            
 _________________________________________________________________________
 Барлық төленгені      3 485,1   3 531,1   3 581,9   3 637,7      3 699,3 
 _________________________________________________________________________ 
 Жыл аяғындағы
 негізгі борыш        50 144,6   49 072,0  47 889,4  46 585,6     45 148,2
 _________________________________________________________________________ 
таблицаның жалғасы
 _________________________________________________________________________ 
                         2011     2013       2013      2014       2015     
                   
 _________________________________________________________________________
 Игеру                 
 _________________________________________________________________________ 
 Игерілмеген сома                                           
 _________________________________________________________________________ 
 Пайыздар              2 182,5   2 095,0   1 998,5   1 892,1     1 774,8
 _________________________________________________________________________ 
 Бір жолғы комиссия     
 _________________________________________________________________________ 
 Резервте сақтағаны   
 үшін комиссия                   
 _________________________________________________________________________ 
 Негізгі борышты       1 584,8   1 747,2   1 926,2   2 123,8      2 341,4
 өтеу                                                            
 _________________________________________________________________________
 Барлық төленгені      3 767,3   3 842,2   3 924,7   4 015,9      4 116,2 
 _________________________________________________________________________ 
 Жыл аяғындағы
 негізгі борыш        43 563,4   41 816,2  39 890,0  37 766,2     35 424,8
 _________________________________________________________________________ 
     
таблицаның жалғасы
 _________________________________________________________________________ 
                         2016     2017       2018      2019       2020     
                   
 _________________________________________________________________________
 Игеру                 
 _________________________________________________________________________ 
 Игерілмеген сома                                           
 _________________________________________________________________________ 
 Пайыздар              1 645,5   1 502,9   1 345,7   1 172,4      981,3 
 _________________________________________________________________________ 
 Бір жолғы комиссия     
 _________________________________________________________________________ 
 Резервте сақтағаны   
 үшін комиссия                   
 _________________________________________________________________________ 
 Негізгі борышты       2 581,4   2 846,0   3 137,7   3 459,3      3 813,9
 өтеу                                                            
 _________________________________________________________________________
 Барлық төленгені      4 226,9   4 348,9   4 483,4   4 631,7      4 795,2
 _________________________________________________________________________ 
 Жыл аяғындағы
 негізгі борыш        32 843,4   29 997,4  26 859,7  23 400,4     19 586,5
 _________________________________________________________________________ 
     
таблицаның жалғасы
 _________________________________________________________________________ 
                         2021     2022       2023      2024       Жиыны    
                   
 _________________________________________________________________________
 Игеру                 
 _________________________________________________________________________ 
 Игерілмеген сома                                           
 _________________________________________________________________________ 
 Пайыздар                770,6   538,4       282,3     141,2     36 634,9
 _________________________________________________________________________ 
 Бір жолғы комиссия                                                 520,0
 _________________________________________________________________________ 
 Резервте сақтағаны   
 үшін комиссия                                                      792,8
 _________________________________________________________________________ 
 Негізгі борышты       4 204,8   4 635,8   5 111,0   5 634,9     52 000,0
 өтеу                                                            
 _________________________________________________________________________
 Барлық төленгені      4 975,4   5 174,2   5 393,3   5 776,1     89 947,6
 _________________________________________________________________________ 
 Жыл аяғындағы
 негізгі борыш        15 381,7   10 745,9  5 634,9       0,0             
 _________________________________________________________________________ 
     Вице-Министр
Мамандар: 
       Қасымбеков Б. 
       Орынбекова В. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады