"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 18 ақпан N 293-ІІ

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Z990344_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат, N 23, 931-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Заңның бүкіл мәтіні бойынша "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметі", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызмет", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметке", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтен", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметінің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметті" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органы", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға", "уәкілетті органнан", "уәкілетті органының", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1-бапта:
      1) мынадай мазмұндағы 5-1), 7-1), 9-1), 9-2), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) карантиндік сертификат мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
      7-1) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, карантиндік объектілердің ену, орнығу мен таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін ғылыми негізделген бағалау;
      9-1) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар - Қазақстан Республикасының Үкiметі құратын, қызметі мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру құқығынсыз карантиндік объектілердiң ошақтарын анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттiк кәсiпорындар;
      9-2) уәкiлеттi орган - өсiмдiктер карантинiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың сақтауына карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      12) бөтен тектi түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулi экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін насеком, өсімдік ауруларын қоздырушы және арамшөп түрi.";
      2) 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) фумигациялық отрядтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның және шекаралық пункттері мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының ұйғарымдары бойынша карантинге жатқызылған өнімді газбен дезинсекциялау әдiсiмен залалсыздандыруды жеке және заңды тұлғалардың өтiніштерi бойынша орындайтын өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың бөлiмшелерi;".

      3. 5 және 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге
              асыратын органдар

      1. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган туралы ереженi, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөнiндегi ережелердi (бұдан әрi - Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi ережелер) және қарсы күрес жүргiзу ісi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      3. Уәкiлеттi органның және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының өсімдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөніндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.
      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін азаматтардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттер инспектор қызметiн атқаруға құқығы бар.
      6-бап. Өсiмдiктер карантинін қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi
      Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiне:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдары;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметінің шешімi бойынша құрылатын мемлекеттiк карантиндiк мекемелер - республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндiк зертханалар, жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер;
      3) фитосанитариялық зертханаларымен және фумигациялық отрядтарымен қоса алғанда, өсiмдiктер карантинін қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар енедi.".

      4. 7-бапта:
      1) 1-тармақта:
      4) тармақшада "қаржы мен" деген сөздер "мемлекеттік қаражат пен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша "әкелінетін және әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді" деген сөздерден кейін "аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, сондай-ақ баратын пунктін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңдарына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар береді және олардың орындалуын бақылайды;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі карантинге жатқызылған импорттық өнімнің карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын тексеруді ұйымдастырады;";
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады;";
      8) тармақшада:
      "ұсыныстар деген сөзден кейін "талаптарын ескере келе, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми принциптері" деген сөздермен толықтырылсын;
      "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;
      9) тармақша "фитосанитариялық" деген сөзден кейін ", карантиндік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган мен оның аумақтық органдарының өз өкілеттіктері шегінде қабылданған шешімдері лауазымды адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.";
      3) 4-тармақ бойынша қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      5. Мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

     "7-1. Мемлекеттік карантиндік мекемелер мен республикалық 
           мемлекеттік кәсіпорындардың құзыреті 
     1. Мемлекеттік карантиндік мекемелер: 
     1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік 
объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды; 
     2) себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын 
залалдануды анықтайды. 
     2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар: 
     1) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтайды; 
     2) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды 
жүргізеді; 
     3) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, соның ішінде 
фумигациялауды жүргізеді.". 
     
     6. 8-бапта: 
     1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың 
             құқықтары"; 
     2) бірінші бөлікте: 


      бірінші абзацта "лауазымды адамдарының" деген сөздер "өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      1) карантинге жатқызылған жүктер мен объектілерді тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру ісін жүргізу кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе шет елден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кідіртіп қоюға;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);";
      2) тармақша "заң нормаларының орындалуын" деген сөздердің алдынан

"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген 
сөздермен толықтырылсын; 
     5) тармақшада "лауазымды адамдар мен азаматтарды" деген сөздер 
"лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды" деген сөздермен 
ауыстырылсын. 
     
     7. Мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын: 
     "9-1-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер 
               карантинін қамтамасыз ету жөніндегі құзыреті 
     
     1. Жергілікті өкілді органдар өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету 
ісінде уәкілетті органға жәрдемдеседі. 
     2. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес: 
     1) уәкілетті органның аумақтық органдары өздерінің қызметтік 
міндеттерін атқаруы үшін оларға жағдай жасайды; 


      2) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (айлақтарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантиндік аймақтарда осы объектілер иелерінің - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар жүргізуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.".

      8. 13-бапта:
      1) 2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету ережелері мен нормаларына сәйкес жабдықталған шекаралық фитосанитариялық пункттері мен постылары бар өткізу пункттерінде ғана рұқсат етіледі.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның импорттық карантиндік рұқсатынсыз және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз әкелуге тыйым салынады.";
      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық

органдары беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған 
жағдайда: 
     1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге - фитосанитариялық 
сертификаттар болған жағдайда; 
     2) Қазақстан Республикасының ішінде - карантиндік сертификаттар 
болған жағдайда рұқсат етіледі."; 
     3) 5-тармақ "залалсыздандыру," деген сөзден кейін "зертханалық 
сараптама," деген сөздермен толықтырылсын. 
     
     9. 16-баптың 2-тармағы алып тасталсын. 
     
     10. 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "5-тарау. Уәкілетті органды, мемлекеттік карантиндік мекемелерді 
               және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды 
               қаржыландыру". 
     
     11. 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
     "17-бап. Уәкілетті органды және мемлекеттік карантиндік 
              мекемелерді қаржыландыру 
     Уәкілетті орган мен мемлекеттік карантиндік мекемелер республикалық 
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.". 
     
     12. 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "2. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ 
жер учаскелерінде карантиндік іс-шаралар жүргізу уәкілетті орган мен оның 
аумақтық органдарының өздеріне берілген өкілеттік шегіндегі ұйғарымдары 
бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге 
асырылады.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады