Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңсыз көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 22 ақпан N 296-ІІ

      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі K970167_ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж, N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-54-құжаттар):
      330-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінде "күзетілетін" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 330-2 және 330-3-баптармен толықтырылсын:
      "330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
      1. Көлік құралдарын не жалған құжаттар, не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, өту үшін өзге де қызметтер көрсету жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру -
      екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның екі айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекетті ұйымдасқан топ жасаса не өзінің қызмет өкілеттігін пайдаланып жасаса -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін
                 тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу
      1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бес айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
      2. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы -
      жеті жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.".
      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970206_ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж, N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21, 22, 281-құжат):
      285-бапта:
      екінші бөліктегі "329," деген цифрдан кейін "330-1, 330-2, 330-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
      жетінші бөлікте "330-бабының (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "7-1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі K970167_ 330-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды іс қозғаған шекара қызметі органы немесе ішкі істер органы жүргізеді.";
      288-баптың бірінші бөлігі "жетінші," деген сөзден кейін "жетінші-бір," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы K010155_ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат):
      395-бапта:
      тақырыбында "немесе Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздер ", Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік "азаматтың" деген сөзден кейін ", шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
      4. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Z010211_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат):
      15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен

толықтырылсын: 
     "4-1) заңсыз көші-қон мақсатында туроператорлық, турагенттік, 
экскурсиялық қызметті жүзеге асыру;"; 
     28-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
     "Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге тұрақты тұру үшін 
заңсыз кетуін не шетелде жұмысқа орналасуын, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасына шетелдік жұмыс күшін әкелуді ұйымдастыру мақсатында 
туристік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады