Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік қызмет туралы заңдардан", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына", "мемлекеттік қызмет туралы заңдарында", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына", "мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "aд хoк" дипломатиялық курьері − курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) вализа − дипломатиялық поштаны тасымалдауға арналған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс;
3) дипломатиялық курьер – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет органдарында республикалық бюджеттен ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы;
4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым − Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін;
5) дипломатиялық пошта – дипломатиялық поштаға жататындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника;
6) курьерлік парақ − Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен "ад хок" дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты;
7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет ардагері) − бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;
8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет жұмыскерлері) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлерi (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет қызметкерлерi) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесi бар және құқықтары мен мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшілер;
10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналы) – дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері;
11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асырап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары.
Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағидаларында айқындалады;
12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары;
13) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет) – Қазақстан Республикасы азаматтарының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсiптік қызметi;
14) Қазақстан Республикасының консулдық қызметі – дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шекте қызметі мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қатынастарын дамытуға және экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық, гуманитарлық-мәдени байланыстарды және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдем көрсетуге бағытталған бір бөлігі.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметі өз жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысына сәйкес жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – бір немесе бірнеше шет мемлекетпен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;
16) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі – бір немесе бірнеше халықаралық ұйыммен қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіруге Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген мемлекеттік саяси қызметші;
17) Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві – бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған, дипломатиялық қызмет органдарындағы бос немесе уақытша бос лауазымдарға орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, жүйеленген тізімі;
18) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дипломатиялық қызмет органдары болып табылады.
4-бап. Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесi
Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар, ғылыми-зерттеу және оқу орындары құрайды.
Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi
Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
5) шет елде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
8-1) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
8-2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу;
9) әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2014 № 264-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары
Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi:
1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;
3) келiссөздер жүргiзудi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Yкiметiнiң қарауына белгiленген тәртiппен енгiзу;
5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар мен ұсынымдар жасау;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу;
7) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысу;
9) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
11) Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
13) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетiн консулдық функцияларды жүзеге асыру;
16) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
17) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
18) Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
19) аштыққа және артта қалушылыққа, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға өз құзыреті шегiнде қатысу;
20) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
21) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;
22) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының транзиттiк-көлiктiк әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдiк қауымдастықпен ынтымақтастығы жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және жүргiзуге қатысу;
23) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
25) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының жағымды бейнесiн қалыптастыру;
26) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестицияларды, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу;
27) қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу;
27-1) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;
27-2) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;
27-3) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;
27-4) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асыру;
27-5) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
27-6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
27-7) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
27-8) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
27-9) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу тәртібін бекіту;
27-10) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;27-11) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
27-12) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
27-13) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;
27-14) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
28) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.12.2014 № 264-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-бап. Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары
1. Дипломатиялық қызмет органдарының дербес байланысы мен мұрағаты болады.
2. Дипломатиялық қызмет органдары өздерiнiң жеке телекоммуникациялар желiсi мен дипломатиялық поштаны пайдаланады.
3. Сыртқы iстер министрлiгiнiң мұрағатында халықаралық шарттардың түпнұсқалары және (немесе) дұрыс көшiрмелерi, сондай-ақ өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да материалдар сақталады.
4. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының аумағындағы және шет елдегі өзiне қарасты объектiлердiң қауiпсiздiк жүйесiн ұйымдастырады.
Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес баспа басылымдарын шығаруға құқылы.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Дипломатиялық пошта дипломатиялық қызмет органдарының қызметін қамтамасыз етуге, дипломатиялық поштадағы мәліметтерді ашуға жол бермеуге, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдары арасында жедел байланыс орнатуға арналған.
Мемлекеттік құпиялар, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат бар дипломатиялық поштаны жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдау және сақтау мемлекеттік құпияларды және таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының реттеу нысанасы болып табылмайды.
2. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады.
3. Өз қызметін орындау үшін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық пошта арқылы жөнелтеді.
4. Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының дипломатиялық поштада өткізілуіне тыйым салынған хат-хабар, заттар немесе техника бар деп есептеуге жеткілікті негіздері болса, дипломатиялық поштаны зерттеп-қарау және ашу дипломатиялық курьердің немесе "ад хок" дипломатиялық курьерінің не дипломатиялық қызмет органдарының өзге де уәкілетті өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
5. Дипломатиялық поштаға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау мақсатында дипломатиялық поштасы бар вализа арнаулы қорғау құралдарымен жарақтандырылуы мүмкін.
6. Дипломатиялық поштаның ішіндегісі үшін жауапкершілік хат-хабарды, заттарды немесе техниканы дипломатиялық поштамен жөнелту үшін оларды ұсынатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің персоналына жүктеледі.
7. Дипломатиялық курьерлер мен "aд хoк" дипломатиялық курьерлері дипломатиялық поштаны жеткізу және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізуде және оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуге тиіс.
Дипломатиялық пошта Қазақстан Республикасының аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаны іздестіру және күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары мен басқа да мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Дипломатиялық пошта шет мемлекеттің аумағында жоғалған жағдайда, дипломатиялық поштаның тұрған жерін анықтау және оны күзетуді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды дипломатиялық қызмет органдары сыртқы барлау субъектілерімен келісу бойынша жүзеге асырады.
8. Сыртқы істер министрлігі:
1) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
3) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасайды;
5) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тартады.
9. Шет елдегі мекеме:
1) дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады, Сыртқы істер министрлігінен келіп түсетін дипломатиялық поштаның басқа шет елдердегі мекемелерге жеткізілуін ұйымдастырады;
2) Сыртқы істер министрлігіне жеткізу үшін дипломатиялық поштаны жиынтықтауды, сақтауды, ресімдеуді жүзеге асырады;
3) дипломатиялық поштаның Сыртқы істер министрлігіне жеткізілуін ұйымдастырады;
4) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
5) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 1-тарау 7-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРҒА ТАҒАЙЫНДАУ
8-бап. Дипломатиялық қызмет персоналы
1. Дипломатиялық қызмет персоналын мыналар құрайды:
1) дипломатиялық қызмет қызметкерлерi;
2) дипломатиялық қызмет жұмыскерлерi.
2. Алып тасталды – ҚР 2006.05.22. N 143 Заңымен.Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2006.05.22. N 143 Заңымен.
9-бап. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру
1. Дипломатиялық қызметке жоғары бiлiмi бар, қазақ, орыс және шет тілдерін еркiн меңгерген және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн тиiстi iскерлiк, моральдық, кәсiби қасиеттерге қол жеткiзген әрi денсаулық жағдайы дұрыс Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.
Егер халықаралық ұйымның жарғылық немесе өзге де құжаттарында халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерді мемлекет басшыларының тағайындамайтыны көзделсе, онда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілінің мемлекеттік саяси қызметші мәртебесі болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілеріне бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйыммен қатынастарда қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету өкілеттіктерін жүктей алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері орналасқан жері Қазақстан Республикасында болып тағайындалуы мүмкін.
Орналасқан жері Қазақстан Республикасындағы қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.
Шет елдердегі мекемелерде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипломатиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі жүргізеді.
Дипломатиялық қызмет лауазымдарына тағайындау осы Заңда, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
3. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру азаматтар алдын ала мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. Шет елдегі жұмыстан кейін Қазақстан Республикасына оралған дипломатиялық қызмет персоналы, егер ол осы Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, Сыртқы істер министрлігінде атқарған лауазымнан төмен емес лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалады.
4-1. Халықаралық ұйымдардағы жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралған және халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызмет персоналы халықаралық ұйымдағы лауазымынан босатылған күннен бастап үш ай ішінде Сыртқы істер министрлігіндегі лауазымға конкурстық іріктеу жүргізілмей тағайындалады.
5. Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті сынақ мерзімі белгіленеді.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған адамдар дипломатиялық қызмет органдарына қабылданбайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.22 N 143 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.04.29 N 154-IV, 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.9-1-бап. Сыртқы істер министрлігінің кадр резерві
1. Дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмысы тоқтатылған кезде дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітеді.
2. Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынған адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес Сыртқы істер министрлігіндегі "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. ДИПЛОМАТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕР
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне атқаратын лауазымы және бiлiктiлiгi ескерiле отырып, мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:
1) атташе;
2) үшінші хатшы;
3) ІІ сыныпты екiншi хатшы;
4) І сыныпты екiншi хатшы;
5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;
6) І сыныпты бiрiншi хатшы;
7) ІІ сыныпты кеңесшi;
8) І сыныпты кеңесшi;
9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) І сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi
1. Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыруға қатысуының тиімділігін және Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қатысуының тиімділігін ескере отырып енгізеді.
Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымында кемінде екі жыл дипломатиялық қызмет өтілі бар дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшіден, департамент директорынан, Қазақстан Республикасының сенімді өкілінен, Қазақстан Республикасының бас консулынан төмен емес лауазымды атқаратын дипломатиялық қызметтің қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
Басқа дипломаттық дәрежелерді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі береді.
Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бiр саты жоғары не төмен болуға тиiс.
3. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Осы Заңның 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дипломаттық дәрежелер өмiр бойына берiледi және сақталады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi
1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;
2) ІІ және I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.
І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне:
1) Сыртқы iстер министрлiгiндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс;
2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiндегi жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктерiндегi жұмыс;
5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;
7) Сыртқы iстер министрлiгiнiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiктi арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.
13-бап. Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру
1. Жекелеген жағдайларда, жұмыста елеулi табыстарға қол жеткiзсе немесе айрықша еңбек сiңiрсе, белгiленген мерзiм өткенге дейiн (мерзiмiнен бұрын дәреже беру) немесе дәреже берудiң кезегi сақталмастан (кезектен тыс дәреже беру) дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дәрежесi өсiрiлуі мүмкiн.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен жұмыстан босатылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында немесе болатын елінiң заңнамасында көзделген жауаптылыққа алып келетін іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, олардың дипломаттық дәрежесі төмендетiлуi немесе дипломаттық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
Дипломатиялық қызмет органдары жүйесiнен қызметтік тәртiпті бұзғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн босатылған кезде дипломатиялық қызмет қызметкерi бiр мезгiлде дипломаттық дәрежесiнен айырылады.
Дипломатиялық қызмет қызметкерін дипломаттық дәрежесінен айыру немесе төмендету, сондай-ақ оның дәрежесін қалпына келтіру дипломаттық дәреже берілгендегідей тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ
14-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару
1. Дипломатиялық қызмет персоналының лауазым ауыстыруы кадрлардың бiлiктiлiгi, кәсiби даярлығы, олардың ротациясы мен мамандану принциптерi ескерiле отырып, қызмет бабындағы қажеттiлiкке сәйкес жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарында бос лауазымдарға орналасу осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң лауазымы шет елдердегi мекемелердегi жұмысы кезеңiнде, оның шет елде болу мерзiмi қызмет бабындағы қажеттiлiкке байланысты ұзартылған жағдайларды қоспағанда, бiр реттен артық өсiрiлмейдi.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ротация шеңберiнде дипломатиялық қызмет персоналы, оның кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберiледi немесе өздерiнiң қызметiн Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жүзеге асырады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) сыртқы – конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінен шет елдердегі мекемелерге және шет елдердегі мекемелерден Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер арасында орын ауыстырулар.
Сыртқы ротациялауға орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындау да жатады;
2) ішкі – осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда конкурстық іріктеуді жүргізусіз жүзеге асырылатын, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері арасында орын ауыстырулар.
3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған адамдар Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнде жұмыс iстегенiне бiр жыл өткеннен кейiн ғана, олардың кәсiби бiлімi мен тіл бiлуi ескерiле отырып, шет елдердегi мекемелерге жұмысқа жiберiлуi мүмкiн.
Шет елдердегi мекемелерде жұмыс істеу арасындағы кезеңде Сыртқы iстер министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiндегі жұмыс iстеу мерзiмi дипломатиялық қызмет қызметкерлерінде кемiнде екi жылды, дипломатиялық қызмет жұмыскерлерінде кемiнде бір жылды құрауға тиiс.
4. Дипломатиялық қызмет персоналы үшін шет елдердегі мекемелерде үздіксіз жұмыстың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдері үшін – бес жылдан ұзақ емес;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, шет елдердегі мекемелердің басшылары ретінде жұмысқа жіберілетін адамдар үшін – төрт жылдан ұзақ емес;
3) кеңесші-уәкілдер, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің орынбасарлары, сондай-ақ сирек кездесетін шет тілдерін меңгерген дипломатиялық қызмет персоналы үшін – төрт жылдан ұзақ емес;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, дипломатиялық қызмет персоналы үшін – үш жылдан ұзақ емес мерзімдері белгіленеді.
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкілдерінің үздіксіз жұмыс мерзімдерін қызметтік қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті ұзартуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың үздіксіз жұмыс мерзімдерін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ұзартуы мүмкін, бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс.
5. Дәлелсiз себептермен шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту тәртiптiк тұрғыдан терiс қылық болып табылады және тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiз бола алады.
Шет елдегi мекемеге жұмысқа барудан бас тарту үшiн дәлелдi деп танылатын себептердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
6. Шет елдегi дипломатиялық қызмет органдарына жұмысқа жiберу кезiнде дипломатиялық қызмет персоналына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
7. Осы баптың 3-тармағының күші:
1) осы Заңның 15-2-бабында көзделген жағдайларға;
2) мемлекеттік саяси қызметшілерге;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының және орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының және оның орынбасарларының қызметін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын лауазымдарды атқаратын адамдарға;
5) сирек кездесетiн шет тiлдерiн меңгерген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.
Сирек кездесетін шет тілдер тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі белгілейді.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.22. N 143; 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы
1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарының міндеттерін шешу үшін мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы мүмкін.
Іссапарға барған адамның дипломатиялық қызмет персоналы мәртебесі, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға бару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 4-тарау 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.15-2-бап. Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы
Ескерту. 15-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарынан мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметкерлерінің шет елдердегі мекемелерге іссапарға баруының Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртібімен дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына орналасуға жол беріледі.
2. Шет елдердегі мекемелерге өзге мемлекеттік органдардан іссапарға бару тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріне дипломатиялық қызмет персоналының шет елдердегі мекемелердегі үздіксіз жұмысының осы Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдері қолданылады.
Ескерту. 4-тарау 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін.
2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату
1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:
1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;
3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;
6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады.
2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.
Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлiгiнiң кадр резервіне алынады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:
1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттiң сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге де құқылы.
1-1. Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің және олардың жұбайларының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;
2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;
3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;
4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттiк және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.11.2015 № 411-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу
Ескерту. 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;
2) бiржолғы ақшалай сыйақымен;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ведомстволық наградалармен;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.
2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.
3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНА БЕРIЛЕТIН КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМДЕР, ОЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету
1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.
2. Алып тасталды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қалпына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2017 № 77-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу
Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар
1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету өткеретін қызметiнiң күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мемлекеттiң өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып ұсынылады.
Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiн қандай да бір залалға алып келмеуге тиiс. Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерiне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi шет елдегi мекеменiң басшысы орындайды.
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленгеннен төмен болмайды.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін оның мемлекеттік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады.
4. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сондай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қызмет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайыбының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
5. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
6. Шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленеді.
7. Шет елдердегi мекемелерде бос әкiмшiлiк-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегi бірге жүретін отбасы мүшелерiне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берiлуi мүмкiн.
8. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегi мекемелер мен олардың персоналының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегi мекемелер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдайларда Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бiрге жүретін отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне не оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында ол өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау не олармен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi.
9. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан не шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаты салдарынан бiр жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң жұбайына (зайыбына) немесе "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн алпыс айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
10. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады.
11. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар.
12. Дипломатиялық қызмет қызметкерiне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде ауруы, мертiгуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектiк белгiленген кезде оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық қамтым;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық қамтым;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
13. Дипломатиялық қызмет қызметкерi немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке алып келмеген ауыр мертiккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн – үш айлық қамтым мөлшерiнде, жеңiл мертiгу жағдайында бiр айлық қамтым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
14. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, осы баптың 9, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген сома төленбейдi.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
2. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары, осы Заңда көзделген ерекшеліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайлары ескеріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежесi үшiн, шет тiлдерiн бiлгенi үшiн, мемлекеттiк құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс істегені үшiн ақшалай төлем алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тарау 29-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.30-бап. Жыл сайынғы демалыстар
1. Дипломатиялық қызметтiң персоналына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
2. Шет елдегі мекемеде жұмыс iстейтін дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру үшiн оның Сыртқы iстер министрлiгiнде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының екi еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау
Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 32-бап алып тасталды – ҚР 2004.12.20. N 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi).
32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабының 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 пен 14-тармақтарында және өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы бөлігінде осы Заңның 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шет елдегі мекемелердің персоналына теңестіріледі.
2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына қарағанда аз болса, теңестірілген лауазым бойынша айырма Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.03.2021 № 13-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 275-құжат; 1999 ж., N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |