Дипломатиялық қызмет туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 187. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.07. N 299 Заңымен. ~Z020299

      ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472
               Заңымен енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап
               қолданысқа енгізіледі.
 
      Осы Заң мемлекеттiк қызметтiң бiр бөлiгi ретiндегi Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң құқықтық негiздерiн, сондай-ақ оның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.
 
                        I тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Дипломатиялық қызмет ұғымы
 
      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi - Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Республиканың сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардағы азаматтардың кәсiби қызметi.
      2. Консулдық қызмет - дипломатиялық қызметтiң Қазақстан Республикасы Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы негiзiнде жүзеге асырылатын бiр бөлiгi.
 
      2-бап. Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негiзi
 
      Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң және нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
 
      3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының жүйесi
 
      Дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерi, Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөнiндегi департамент, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық академия және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы басқа да оқу орындары құрайды.
 
      4-бап. Сыртқы iстер министрлiгi
 
      1. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметi жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi басқарады.
 
      5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi
 
      Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар жасау;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы мен Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар әзiрлеу;
      3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      4) дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасының шетелдегi азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      6) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;
      7) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарында Қазақстан Республикасының бiрыңғай сыртқы саяси бағытын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында басқа орталық атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
      8) дүние жүзiндегi саяси және экономикалық жағдайларды, шет

 

мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатын, халықаралық ұйымдардың

қызметiн зерттеу;

     9) мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге

асыруға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;

     10) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес

басқа да мiндеттердi жүзеге асыру.


     6-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары


     Дипломатиялық қызмет органдарына мыналар жүктеледi:

     1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда

Қазақстан Республикасы атынан өкiлдiк ету;

     2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын

iске асыру;


 
       3) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келiссөздер жүргiзуiн және халықаралық шарттарға қол қоюын ұйымдастыру;
      4) халықаралық шарттарды жасасу, бекiту, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарының мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентi мен Үкiметiне белгiлеген тәртiп пен ұсыныстар мен ұсынымдар табыс ету;
      6) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердiң, форумдардың қызметi Қазақстан Республикасының қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiндегi ғаламдық және аймақтық проблемаларды шешудегi ролiн арттыруға жәрдемдесу;
      7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны халықаралық дәрежеде қорғау мен ұтымды пайдалану, Дүние жүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу салаларындағы мүдделерiн қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн сақтауды қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейту жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысу;
      9) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
      10) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру, оларды Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      11) жоғары және үкiметтiк деңгейлердегi мемлекетаралық алмасуларды хаттамалық жағынан қамтамасыз ету;
      12) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      14) Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде халықаралық-құқықтық нормалар мен Қазақстан Республикасының заңдарында реттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
      15) шетелде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
      16) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiң жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      17) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретiнiң шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру;
      18) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;
      19) аштыққа және мешеулiкке, халықаралық терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есiрткiлер мен қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi, сондай-ақ экологиялы қолайсыз жағдай және техногендiк апат аймақтарындағы зардаптарды жою жөнiндегi халықаралық акцияларға қатысу;
      20) шетелде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
      21) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;
      22) Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппаратын және оның шетелдегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiн, бағынысты ұйымдардың кадрлармен қамтамасыз етудi жүзеге асыру, дипломатиялық қызмет кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      23) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және қоғамдық бiрлестiктерiмен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасасу;
      24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, бұқаралық

 

ақпарат құралдарын халықаралық жағдай мен Қазақстан Республикасының

сыртқы саясаты туралы хабардар етiп отыру;

     25) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да

функцияларды жүзеге асыру.


     7-бап. Байланыс, архив, қауiпсiздiк және баспасөз органдары


     1. Дипломатиялық қызметтiң дербес байланысы мен архивi болады.

     2. Дипломатиялық қызмет жеке телекоммуникациялар желiсi мен

курьерлiк қызметтi пайдаланады.

     3. Дипломатиялық қызметтiң архивiнде халықаралық шарттардың

түпнұсқалары мен дұрыс көшiрмелерi, сондай-ақ оның қызметiн жүзеге

асыруға қажеттi басқа да материалдар сақталады.

     4. Дипломатиялық қызмет Қазақстан Республикасының аумағында және

шетелде өзiнiң органдары мен мекемелерiнiң қауiпсiздiк жүйесiн

ұйымдастырады.

     5. Дипломатиялық қызмет органдары Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес баспа өнiмдерiн шығаруға хақылы.


               II тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КАДРЛАРЫ,

                 ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАҒАЙЫНДАУ


     8-бап. Дипломатиялық қызмет кадрларының құрамы


     1. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарында жұмыс

iстейтiн дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн мынадай лауазымдар

белгiленедi:

     1) Төтенше және Өкiлеттi Елшi, Қазақстан Республикасының

халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкiлi;

     2) бас консул;

     3) Кеңесшi-уәкiл (Тұрақты өкiлдiң орынбасары);

     4) кеңесшi;

     5) консул;

     6) бiрiншi хатшы;

     7) вице-консул;

     8) екiншi хатшы;

     9) үшiншi хатшы;

     10) атташе;

     11) референт.

     2. Дипломатиялық қызмет кадрларын мыналар құрайды:

     1) штаттағы дипломатиялық лауазымдарды, тұрақты негiзде атқаратын

қызметкерлер;

     2) штаттағы әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды тұрақты негiзде

атқаратын қызметкерлер;

     3) штаттағы дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық лауазымдарды

келiсiм-шарт негiзiнде атқаратын қызметкерлер.


 
       3. Дипломатиялық қызмет органдарында дипломатиялық лауазымдар атқаратын адамдар дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi болып табылады.
      Дипломатиялық қызмет органдары мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне жатпайды, олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен реттеледi.
      4. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi дипломатиялық қызмет органдарынан Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарына ауыстырылған жағдайда Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервiне енгiзiледi.
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервi туралы ереженi Сыртқы iстер министрi бекiтедi.
      5. Осы Заңның дипломатиялық дәрежелер беруге, дипломатиялық қызмет стажын есептеуге және әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелерiне қатысты бөлiгiндегi ережелер халықаралық ұйымдарға жұмысқа iссапармен жiберiлген, Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантура және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне қолданылады.
 
      9-бап. Дипломатиялық лауазымдарға тағайындау
 
      1. Дипломатиялық лауазымға Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмi бар, шет тiлiн бiлетiн және жұмысқа қажеттi арнаулы бiлiмi бар азаматтары тағайындалады.
      2. Сыртқы iстер министрiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Қазақстан Республикасының елшiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкiлдерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарлары, Дипломатиялық

 

академияның ректоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

     Дипломатиялық қызметтiң басқа да лауазымдарына Сыртқы iстер

министрi тағайындайды.

     3. Қазақстан Республикасында шетелде жұмыс iстегеннен кейiн

қайтып оралған дипломатиялық қызметтiң қызметкерi, егер ол осы Заңның

21-бабында көзделгендей жазаға тартылмаған жағдайда, өзiнiң шетелде

атқарған лауазымына тең лауазымға тағайындалады.


                  III тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕР


     10-бап. Дипломатиялық дәрежелер


     Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне атқаратын лауазымы мен

бiлiктiлiгiн ескере отырып мынадай дипломатиялық дәрежелер берiледi:

     1) атташе;

     2) үшiншi хатшы;

     3) II сыныпты екiншi хатшы;

     4) I сыныпты екiншi хатшы;

     5) II сыныпты бiрiншi хатшы;

     6) I сыныпты бiрiншi хатшы;

     7) II сыныпты кеңесшi;

     8) I сыныпты кеңесшi;

     9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

     10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

     11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.


     11-бап. Дипломатиялық дәрежелердi беру тәртiбi



 
       1. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежелерiн Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      Басқа дипломатиялық дәрежелердi Сыртқы iстер министрi бередi.
      Сыртқы iстер министрi беретiн дипломатиялық дәрежелердiң берiлу тәртiбi Сыртқы iстер министрi бекiтетiн ережемен белгiленедi.
      2. Қызметкердiң дипломатиялық дәрежесi әдетте дипломатиялық қызметте атқаратын лауазымына сәйкес немесе одан бiр саты жоғары не одан төмен болуға тиiс.
      3. Дипломатиялық дәрежелердiң берiлуi тиiстi куәлiктер беру және қызметтiк тiзбеге (еңбек кiтапшасына) жазба жасау арқылы расталады. Дипломатиялық дәрежелер ғұмыр бойынша берiледi.
 
      12-бап. Дипломатиялық дәрежелерде болу мерзiмдерi
 
      1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi үшiн дипломатиялық

 

дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:

     1) атташе, үшiншi хатшы, II және I сыныпты екiншi хатшы үшiн -

екi жыл;

     2) II және I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш

жыл.

     I сыныпты кеңесшiден және одан жоғары дипломатиялық дәрежелерде

болу мерзiмдерi белгiленбейдi.

     2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломатиялық

дәрежелерде болу мерзiмдерiне мыналар есептеледi:

     1) Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппараты мен оған

бағынысты мекемелерде iстеген жұмыс;

     2) шетелдiк мекемелерде iстеген жұмыс;

     3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы

аумағындағы өкiлдiктерiнде iстеген жұмыс;

     4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер

министрлiктерiнде iстеген жұмыс;

     5) халықаралық ұйымдарда iстеген жұмыс;

     6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындары мен ғылыми

мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық қызмет;

     7) Сыртқы iстер министрлiгi арқылы оқу орындары мен ғылыми

мекемелерiнде бiлiктiлiгiн арттыру;

     8) Сыртқы iстер министрлiгi уақытша жiберген жоғары оқу

орындарында, аспирантурада, докторантурада және ғылыми мекемелерде

оқу.


     13-бап. Дипломатиялық дәрежелердi мерзiмiнен бұрын және

             кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және

             оны қалпына келтiру



 
       1. Дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерi жекелеген жағдайларда, олар жұмыста елеулi табыстарға жеткен немесе ерекше еңбек сiңiрген кездерде дәрежесi жөнiнен белгiленген мерзiм бiткенге дейiн (мерзiмнен бұрын дәреже беру) көтерiлуi немесе оларды берудiң кезегiн сақтамай-ақ (кезектен тыс дәреже беру) өсiрiлуi мүмкiн.
      2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнен шығарылған адамдар Қазақстан Республикасының және болған елiнiң заң актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда, олар дипломатиялық дәрежесi жөнiнен төмендетiлуi немесе дипломатиялық дәрежесiнен айырылуы мүмкiн.
      Қызмет тәртiбiн бұзғаны үшiн не басқа да беделiне дақ түсiретiн әрекеттер жасағаны үшiн Сыртқы iстер министрлiгi жүйесiнен жұмыстан шығарылған жағдайда қызметкер сонымен бiрге дипломатиялық дәрежесiнен де айырылады.
      Қызметкердi дипломатиялық дәрежесiнен айыру немесе оның дәрежесiн төмендету оның берiлген кездегiсi сияқты тәртiппен жүргiзiледi.
      Қызметкердiң бұрынғы дипломатиялық дәрежесi қызметтiк аттестациялаудан өткеннен кейiн қалпына келтiрiледi.
 
                 IV тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
 
      14-бап. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiн лауазым
              бойынша ауыстыру, олардың лауазымдар атқаруы
 
      1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiн лауазым бойынша ауыстыру қызметтiк қажеттiлiкке сәйкес, бiлiктiлiгiн, кәсiби даярлығын кадрларды алмастыру мен мамандандыру принциптерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      Бос лауазымды атқару Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тағайындау жолымен жүргiзiледi.
      2. Шетелдiк мекемеде жұмыс iстеген кезiнде дипломатиялық қызметтiң қызметкерi лауазымы жағынан бiр реттен астам жоғарылатылмауға тиiс, бұған оның шетелде болу мерзiмi қызметтiк қажеттiлiк бойынша ұзартылған жағдайлар қосылмайды.
      Шетелдегi мекемеде жұмыс iстеген кезеңде кiшi жедел дипломатиялық қызметкерлер, (атташе, референт) лауазымда, қоса алғанда үшiншi хатшылыққа дейiн өсiрiлуi мүмкiн.
 
      15-бап. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiн ауыстыру
 
      1. Дипломатиялық қызмет органдарында Сыртқы iстер министрлiгi мен шетелдiк мекемелердегi қызметкерлер ауыстырылып отырады.
      Ауыстыру шеңберiнде дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығы мен мамандануы ескерiле отырып, олар әр түрлi елдерге жiберiлуi және өз қызметiн Сыртқы iстер министрлiгiнiң функционалдық, сондай-ақ аумақтық бөлiмшелерiнде жүзеге асыруы мүмкiн.
      2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының бөлiмшелерiнде жұмыс беру мерзiмi шетелдiк мекемелерде жұмыс iстеуi арасындағы кезеңде бiр жылдан кем болмауға тиiс.
      3. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң шетелдiк мекемелердегi үздiксiз жұмыс мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      Аталған мерзiмдi қызметтiк қажеттiлiкке сәйкес және дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң келiсуiмен Сыртқы iстер министрi ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр жылдан аспауға тиiс.
      Осы бапта белгiленген тәртiп шетелдiк мекемелердiң басшылары ретiнде жұмысқа жiберiлетiн адамдарға қолданылмайды.
      4. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң шетелдiк мекемелерде жұмыс iстеуге дәлелдi себептерсiз барудан бас тартуы тәртiп бұзушылық болып табылады және тәртiптiк жаза қолдануға негiз болуы мүмкiн.
      Шетелдiк мекемелерде жұмыс iстеуге барудан бас тартуға дәлелдi деп танылатын себептер тiзбесiн Сыртқы iстер министрi белгiлейдi.
 
      16-бап. Туысқан адамдардың бiрге қызмет етуiн шектеу
 
      Дипломатиялық қызмет органдарында бiр-бiрiне тiкелей қызметтiк бағыныстағы жақын туыстардың бiрге жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.
 
      17-бап. Қызметтiк аттестаттау
 
      1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi кемiнде үш жылда бiр рет қызметтiк аттестаттаудан өтедi.
      2. Шетелдiк мекемелерге жұмыс iстеуге жiберiлген дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi қызметтiк аттестаттаудан қайтып келгеннен кейiн өтедi.
      3. Қызметтiк аттестаттаудан өту тәртiбi Сыртқы iстер министрi бекiтетiн дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiн аттестаттау туралы ережемен белгiленедi.
 
      18-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жiберу
 
      1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi олардың келiсiмiмен кәсiби даярлықтан және стажировкадан өту, халықаралық көкейкестi проблемаларды ғылыми тұрғыда, талдау Қазақстан Республикасының немесе басқа елдердiң жоғарғы оқу орындарына, ғылыми мекемелерiне уақытша жiберiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда олар Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервiне енгiзiледi.
      2. Стажировка мерзiмi немесе ғылыми iссапар аяқталғаннан кейiн дипломатиялық қызметтiң қызметкерi резервке алынғанға дейiн атқарған қызметiне төмен емес дипломатиялық қызметке тағайындалады.
 
                   V тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГI
                 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI
                          МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
 

     19-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң

             құқықтары мен мiндеттерi


 
 
       1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады және барлық мiндеттердi атқарады.
      2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi шетелде жұмыс iстеген кезеңде халықаралық құқық нормаларына сәйкес дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi үшiн белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      3. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi шетелде жұмыс iстеген

 

кезеңде барған елiнiң заңдарын, ережелерi мен дәстүрлерiн құрметтеуге

өздерiне жүктелген мiндеттердi кез келген уақытта жүзеге асыруға,

Қазақстан Республикасы атынан лайықты етуге мiндеттi.


     20-бап. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiн көтермелеу


     1. Заңдарда көзделген жағдайларда дипломатиялық қызметтiң

қызметкерлерiне мынадай көтермелеу қолданылады:

     1) лауазымды жоғарылату;

     2) мерзiмiнен бұрын дипломатиялық дәрежесiн жоғарылату;

     3) ақшалай сыйақылар;

     4) көтермелеудiң өзге де нысандары.

     2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi ерекше сiңiрген еңбегi

үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградталуға

ұсынылуы мүмкiн.


     21-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi


     1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi өздерiне жүктелген

мiндеттердi бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес жауапты болады.

     2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк

жазалар қолданылады:

     1) сөгiс;

     2) қызметiне толық сәйкес келмейтiнi туралы ескерту;

     3) кезектi дипломатиялық дәреже берудi немесе неғұрлым жоғары

лауазымға тағайындауды бiр жылға дейiн кiдiрту;

     4) лауазымын немесе дипломатиялық дәрежесiн төмендету;

     5) дипломатиялық дәрежесiнен айыру;

     6) жұмыстан босату;

     7) дипломатиялық дәрежеден айыра отырып жұмыстан босату.


 
       3. Тәртiптiк жазаны Қазақстан Республикасы мен болған елiнiң заң актiлерiнде көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасағаны үшiн қолдануға болмайды.
 
      22-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiн керi шақырып алу
 
      1. Қазақстан Республикасының немесе болған елiнiң заңдарында

 

белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған, шетелдiк

мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi,

оларға тәртiптiк ықпал ету шараларын қолданудан басқа, мерзiмiнен

бұрын Қазақстан Республикасына керi шақырылып алынуы мүмкiн.

     2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi

шақырып алуға олардың отбасы мүшелерiнiң нақ сондай әрекеттер жасауы

да негiз болуы мүмкiн.


          VI тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

                     КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР,

               ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТIҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН

                 МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН

                           ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


     23-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-

             шаруашылық жағынан қамтамасыз ету



 
       1. Республика аумағында және шетелде дипломатиялық қызметтi, оның органдарын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Республика аумағында және шетелде жылжымайтын және өзге де мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 4
               қарашадағы N 472 заңымен. Z990472_
 
      24-бап. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне шетелдiк
              мекемелердегi жұмысы кезiнде берiлетiн
              кепiлдiктер мен өтемақылар
 
      1. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларын материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету қызмет өткеру қиындығын, оған байланысты тәуелдi, сондай-ақ шет мемлекеттiң өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып жасалады.
      Шетелде болу Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi мен оның отбасына қандай да болсын залал келтiрмеуге тиiс.
      2. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi тиiстi медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етiледi.
      3. Шетелдiк мекемеде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң, жыл сайынғы ақылы демалысқа не отбасы мүшесiнiң бiреуiнiң қайтыс болуына байланысты барып-қайту көлiк шығыстарының өтелуiне құқығы бар.
      4. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, қызметтiк жағдайы, жергiлiктi жағдай ескерiле отырып, шетелде баспанамен қамтамасыз етiлуге тиiс.
      5. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар кезiнде не шетелдiк мекемелер мен олардың қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда, сондай-ақ шетелдiк ұйымдар орналасқан жерлерде табиғи апаттар болған жағдайларда немесе басқа жағдайларда Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң және олармен бiрге тұратын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және қорғауға қажеттi шаралар қолданады.
      Дипломатиялық қызметтiң қызметкерiне немесе оның отбасы мүшелерiне шетелде болған кезiнде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн не солармен байланысты iс-әрекеттi атқару кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтеледi.
      6. Осы баптың ережелерi Дипломатиялық қызметтiң қызметкерлерiне жатпайтын дипломатиялық қызметтегi қызметкерлерге де қолданылады.
 

     25-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң

             еңбек қатынастарын реттеу


 
 
       Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
 
      26-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң еңбегiне
              ақы төлеу
 
      1. Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленедi.
      2. Шетелде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мен дипломатиялық қызмет органдарын техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға еңбекақы төлеу болған елiнiң әлеуметтiк экономикалық және материалдық-тұрмыстық

 

жағдайларын ескере отырып, еңбекке ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының

Президентi бекiткен бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.



     Бұл қызметкерлердiң еңбек ережелерiн Қазақстан Республикасының

Үкiметi белгiлейдi.



     ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.10.10.

              N 247 Заңымен. 


Z010247_




     27-бап.  Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен

              қамсыздандыру және әлеуметтiк жағынан қорғау


     Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру

және әлеуметтiк жағынан қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес жүргiзiледi.


              VII тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ТОҚТАТУ


     28-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң еңбек

             қатынастарын тоқтату


     1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:

     1) адамның өз тiлегiнен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;

     2) келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi немесе заңдарда көзделген

негiздер бойынша келiсiм-шартты бұзу;


 
       3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң Қазақстан

 

Республикасының заңдарында белгiленген дипломатиялық қызметте болудың

шектi жасына жетуi;

     4) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң өз табыстары мен мүлкi

туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;

     5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу;

     6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де

себептер негiз болып табылады.

     2. Дипломатиялық қызмет қызметкерiн жұмыстан дипломатиялық

лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды тұлға босатады.


     Қазақстан Республикасының

            Президентi




     оқығандар:


     Багарова Ж.

     Икебаева А.








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады