Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 226-VII ҚРЗ

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

      1) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 389-баптың 1-1-тармағындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):

      1) 741-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы"," деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде," деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 806-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "түрлері" деген сөз "міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды қоспағанда, түрлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 830-баптың 5-тармағының 4-2) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 842-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" және "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 940-баптың 3-тармағындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 944-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі "зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер тиісінше "әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 1040-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 25-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 53-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:

      екінші абзацтағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он жетінші абзацтағы "орта", "ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "жалпы орта", "ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      17-3) тармақшадағы "орта", "ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "жалпы орта", "ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-1) тармақшадағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер тиісінше "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж", "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 61-баптың 2-тармағындағы "Өмірлік қиын жағдайға ұшыраған" деген сөздер "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 169-баптың 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

      1) 10-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 114-бапта:

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 34-баптағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 48-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 138-баптың 44) тармақшасындағы "халықты жұмыспен қамту туралы" деген сөздер "халықты жұмыспен қамту саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 273-баптың 4-тармағындағы "халықты жұмыспен қамту туралы" деген сөздер "халықтың көші-қоны туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 289-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "халықты жұмыспен қамту туралы" деген сөздер "халықтың көші-қоны туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      1) 1-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған жағдайларда не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде жұмысты уақытша тоқтата тұру;";

      мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "56-1) бірлесіп жұмысқа орналастыру – бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс) бір жұмыс берушімен бірлесіп орындау мақсатында бірнеше жұмыскердің жұмыс уақыты ішінде жұмыскерлер жұмыс берушінің және еңбек шартының актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындаған кездегі еңбек қатынастары;";

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) өндірістік қажеттілік – дүлей апатты; төтенше жағдайлардың, төтенше немесе соғыс жағдайының салдарын, табиғи немесе техногендік сипаттағы апатты болғызбау немесе жою; өндірістік аварияны немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында; өндірістегі жазатайым оқиғаларды болғызбау үшін; бос тұрып қалуды болғызбау үшін; мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін; жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;";

      2) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 23-баптың 2-тармағының 27) тармақшасы "28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 30-баптың 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 52-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;";

      6) 53-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармағында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Толық емес жұмыс күні (ауысымда) және (немесе) толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін не бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолданған кезде тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының теңгерімі бойынша жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды.";

      8) 68-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесіне күтімді жүзеге асыратын жұмыскерлерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-ананың біреуіне (бала асырап алушыға), он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдарға, оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін білім алушыларға, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде екі жыл қалған не көрсетілген зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыскерлерге тараптардың келісуі бойынша бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолдануға жол беріледі.

      Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге және осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарға шек қоюға алып келмейді.";

      9) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.";

      10) 73-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ауысымдық кестемен танысу мерзімі жұмыскерді жұмысқа қабылдаған немесе ауысымдық жұмыс кезінде жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстырған жағдайда қысқартылуы мүмкін.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді қатарынан екі жұмыс ауысымы бойы жұмысқа тартуға тыйым салынады.";

      11) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Жылжымалы жұмыс кестесі

      1. Жұмыстың ерекшелігін ескере отырып, жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, жұмыс кестесінің күн сайынғы ұзақтығының 11 сағаттан аспайтын шектеулерін сақтай отырып, жұмыс кестесінің ұзақтығы әртүрлі аптаның әртүрлі күндеріндегі жұмыстың жылжымалы кестесін белгілеуге құқылы.

      2. Оның шегінде жұмыскерлердің осы санаты үшін белгіленген, бірақ тоқсаннан аспайтын жұмыс уақытының орташа ұзақтығының күнделікті және (немесе) апта сайынғы нормасы сақталуға тиіс кезең жылжымалы жұмыс кестесі кезіндегі есептік кезең деп танылады

      3. Жылжымалы жұмыс кестесі бар режимде жұмыс істеген кезде жұмыс күнінің (ауысымның) басталуы, аяқталуы немесе жалпы ұзақтығы еңбек тәртіптемесінің қағидаларында, еңбек шартында не ауысымдық кестесінде айқындалады.";

      12) 75-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Толық емес жұмыс күні (ауысым) және (немесе) толық емес жұмыс аптасында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін не бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолданған кезде есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты саны тиісінше азаяды.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Еңбек шарты есептік кезең аяқталғанға дейін тоқтатылған кезде жұмыскердің есептік кезең басталғаннан бастап еңбек шарты тоқтатылған күнге дейін жұмыс істеген уақыты үшін сондай талаптармен үстеме сағаттарға ақы алуға құқығы бар.";

      13) 77-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) елдің қорғанысы, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, төтенше жағдайды жариялау үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде;";

      14) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытын жиынтық есепке алуды белгілеу кезінде төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.";

      15) 84-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жылжымалы жұмыс кестесі бар жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) еңбек шартының ережелеріне немесе ауысымдық кестелерге сәйкес аптаның әртүрлі күндерінде жылжымалы кесте бойынша демалыс күндерін бере отырып, жұмыс аптасы белгіленеді.";

      16) 99-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына", "жағдайда" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне", "жағдай бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 103-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

      18) 106-баптың 1-тармағы "жүктемесі толық болмаған кезде" деген сөздерден кейін "бірлесіп жұмысқа орналастыруды қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 112-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

      1. Бос тұрып қалу уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттармен айқындалады, егер бос тұрып қалуды ресімдеу тәртібі еңбек, ұжымдық шарттарда көзделмесе, онда бос тұрып қалудың басталуы бос тұрып қалу себептері көрсетіле отырып, жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

      Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалуға ақы төлеу жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс берушінің кінәсінан болғанда – жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде белгіленеді. Жұмыскердің кінәсінан жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс.

      2. Бос тұрып қалу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыскерді жұмысқа шыққан күні туралы алдын ала хабардар етеді, жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға кірісуге міндетті.

      Жұмыскер хабарламада белгіленген мерзімде жұмыс орнында болмаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.";

      20) 133-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлерін, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерді және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін қоспағанда, жұмыскерлердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның орташа күндік жалақысын еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы айқындалады.

      Жұмыскердің орташа күндік жалақысының мөлшері осы Кодекстің 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысы есебінен айқындалады.

      Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталса, онда еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері және оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылдардағы айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып айқындалады және алынған сомалар бөлек жинақталады.

      Жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты жұмыскерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақы мөлшерін қоспағанда, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының жүз пайызын құрайды.

      Жұмыскердің жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

      Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болу кезеңінде шетелдік валютада төленетін еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      Жұмыс берушілер жұмыскерлерге осы баптың 4-1-тармағында белгіленген еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.";

      21) 135-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде, сондай-ақ жұмыскерлердің өмірі немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да ерекше жағдайларда жұмыс беруші жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушінің актісімен жоғарыда көрсетілген жағдайлар жойылғанға дейін вахтаның ұзақтығын ұлғайтуға құқылы.";

      22) 12-тарау мынадай мазмұндағы 146-1-баппен толықтырылсын:

      "146-1-бап. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жалдайтын жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері

      1. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегі осы бапта, еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекске сәйкес реттеледі.

      2. Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын жұмыскер мен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасындағы еңбек шарты осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасалады.

      3. Еңбек қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін.

      4. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі мен шарттары, жұмыс уақытын есепке алу ұзақтығы және тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шартына сәйкес белгіленеді.";

      23) 157-бапта:

      1-тармақтың 9) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінде белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 11) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына", "жағдайда" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне", "жағдай бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 193-баптың 13) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында және" деген сөздер алып тасталсын.

      8. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      129-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "міндетті әлеуметтік сақтандыру," деген сөздер алып тасталсын.

      9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 28-баптың 1-тармағында:

      бірінші және екінші бөліктердегі "халықты жұмыспен қамту және" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөліктегі "жұмыспен қамту" деген сөз "халықтың көші-қоны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 131-баптың 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріндегі, 179-баптың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі, 213-бапттың 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріндегі "халықты жұмыспен қамту және" деген сөздер алып тасталсын.

      10. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      78-баптың 8-тармағындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      23-баптың 6-тармағындағы "зейнетақы" деген сөз "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау жөніндегі маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде, мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайластырылған көлік құралдары бар адамдар артықшылыққа ие болады.".

      13. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Әлеуметтік қамсыздандыру

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің әлеуметтік, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және міндеттер алады.".

      14. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      36-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың төртінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-бапта:

      16) тармақшадағы "орта", "ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "жалпы орта", "ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) тармақшадағы "халықты жұмыспен қамту" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 67-баптың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы "халықты жұмыспен қамту" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 109-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "халықты жұмыспен қамту" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 110-баптың 2-тармағындағы "халықты жұмыспен қамту" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік төлемдер және одан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы артық есептелген (төленген) қайтыс болған адамның мұрагерлікті қабылдаған адам туралы мәліметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.";

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;";

      2) 30-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдар;".

      18. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 2-1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Жәрдемақы төлеуді тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.";

      3) мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-баптармен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Өтінішті қабылдаудан және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту:

      1. Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін:

      1) жәрдемақы тағайындау, төлеу, тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алу;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның ауысуынан басқа) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;

      4) жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіздер болып табылады.

      2. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:

      1) өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.

      5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

      1. Жәрдемақы төлеу:

      1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;

      2) жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде алушы болып табылатын хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіруді жүргізу туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу хабар-ошарсыз кеткен адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап қайта басталады, бірақ тоқтатыла тұру күнінен ерте емес.

      2. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.

      3. Жәрдемақы төлеу:

      1) алушының қайтыс болуы туралы;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісінің анықталуы туралы;

      3) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салудың келіп түсуі туралы;

      4) алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтінішінің келіп түскені туралы;

      5) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісін анықтау, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы;

      6) өтініш берушінің негізсіз жәрдемақы тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.";

      4) 6-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.".

      19. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-баптың 2-4-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 18-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 81-баптың 1-2-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне", "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-13-тармақпен толықтырылсын:

      "2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады.";

      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) мүгедектігі бар адамдарға ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қол жеткізу үшін жағдайлар жасауды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді.

      Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетілген қызметтерді бюджет қаражаты есебінен, ал үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар көрсетілген қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып пайдаланады;";

      3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған елді мекендерде, мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;".

      21. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-бапта:

      2) тармақша "қауіпсіздігін," деген сөзден кейін "сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қолжетімділігін," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "ұстауға міндетті." деген сөздер "ұстауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға қолжетімділігін көздеуге міндетті.

      Тұрғын үй құрылысы шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілері жанында қойылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдары үшін орындар көздеуге міндетті.";

      2) 25-бапта:

      1-тармақтың 18) тармақшасы "кешендердің мониторингін" деген сөздерден кейін "мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 11) тармақшасы "кешендердің мониторингін" деген сөздерден кейін "мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 30-баптың 3-тармағы үшінші бөлігіндегі "мүгедектігі бар адамдар мен" деген сөздер алып тасталып, "топтары үшін" деген сөздерден кейін "тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайлар мен үй-жайларға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 49-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұрғын аймақта автомобильдерді қоса алғанда, арнаулы жүріп-тұру құралдары үшін гараждар немесе тұрақтар салуға (орналастыруға) орын беруге жол беріледі.".

      22. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 7) тармақшасындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 25-баптың 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында", "Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы "мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы" деген сөздер "әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      3) тармақшадағы "өмірде қиын ахуалға тап болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);";

      2) 18-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "өмірлік қиын ахуалға тап болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 30-баптың 1-тармағының оныншы, он бірінші және он екінші бөліктеріндегі "өмірлік қиын жағдайда жүрген", "Өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер тиісінше "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж", "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 46-баптың 1-тармағындағы ", сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен өтініш берушінің лицензия алу" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 70-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-1-баптың 1-тармағындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      28. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      9-1) тармақша "аппараттық-бағдарламалық кешенді" деген сөздерден кейін ", интернет-платформаларды" сөздермен толықтырылсын;

      25-1) тармақшадағы "ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және" деген сөздер алып тасталып, "бағдарламалық өнім" деген сөздер "платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-2) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";

      2) 14-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;";

      3-тармақтың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-2) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;";

      3) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың тасымалдауларды жүзеге асыруын қоспағанда, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгілері бар таксилерді пайдалануға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жүргізушіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен еңбек шарты жасалғаннан кейін жеңіл таксиді басқаруға жіберуге;";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға осы бапта көрсетілген талаптарды дербес орындайды.

      2-2. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ақпараттық-диспетчерлік такси қызметіне жүктеледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.

      Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-баптармен толықтырылсын:

      "26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру

      Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге құқылы.

      Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеке тұлғаға жеңіл автомобиль ұсынады.

      Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі.

      26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт

      Ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету шарты бойынша таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі клиенттердің таксимен тасымалдаушыларға не тікелей такси жүргізушілеріне тапсырыстарын ұсынады.".

      29. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      30. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1) тармақшасындағы "өмірде қиын жағдайға душар болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "өмірде қиын жағдайға душар болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 3) тармақшасындағы "өмірде қиын жағдайға душар болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 3-тармағының 3) және 4-1) тармақшаларындағы және 4-тармағының 4) тармақшасындағы "өмірде қиын жағдайға душар болған", "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер тиісінше "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж", "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 19-6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кезең ішінде, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.";

      7) 23-баптың бірінші абзацындағы "өмірде қиын жағдайға душар болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 19-баптың 1-тармағында:

      бесінші бөліктегі "жағдайына" деген сөз "жағдайы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктегі "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацындағы "жағдайына" деген сөз "жағдайы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 13-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 21-1-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі, 2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 3-тармақтың 2 тармақшасындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың үшінші бөлігінде:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      "33. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

      Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.";

      2) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      34. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      28-2) тармақшадағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары – тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;";

      2) 5-баптың 96) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:

      2-тармақтың 23) және 24) тармақшаларындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 26) және 27) тармақшаларындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 51-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "өмірде қиын жағдайға тап болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      35. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 6) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақтағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалады.";

      3) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" деген сөздер "әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      36. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 97-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "97-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну

      Еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ оқушылардың стипендияларына өндіріп алу төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.";

      2) 98-баптың бірінші бөлігінде:

      11) тармақшадағы "бір жасқа", "жағдайда" деген сөздер тиісінше "бір жарым жасқа", "жағдай бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-1) тармақшадағы "орта", "ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "жалпы орта", "ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      37. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      38. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      42-3-баптың 8-тармағында:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарға;

      2) атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарға;";

      6) тармақшадағы "қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      39. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 15-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 64-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 66-баптың 9-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 82-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      40. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 134-баптың 3-тармағы 11) тармақшасындағы "сот-сараптама қызметі саласында жүзеге асырады." деген сөздер "сот-сараптама қызметі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында жүзеге асырады.";

      2) 146-баптың 2-1-тармағындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 161-баптың 2-тармағы "Білім беру," деген сөздерден кейін "халықты әлеуметтік қорғау," деген сөздермен толықтырылсын.

      42. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Ата жолы" картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;";

      "4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;";

      12-1) және 13-2) тармақшалардағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 5-1) тармақшасы "оның ішінде" деген сөздерден кейін "Ата жолы" картасын алуға үміткерлерді қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;";

      3) 11-бап мынадай мазмұндағы 9-2), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-2) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін әзірлейді, бекітеді;";

      "14-4) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

      14-5) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      14-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      14-7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;

      14-8) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін айқындайды;";

      4) 15-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-9) "Ата жолы" картасын беру туралы шешім қабылдайды;";

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 23-бапта:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.";

      4-2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "6. Қандастар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған бюджет шығындарын мерзімінен бұрын толық көлемде:

      қандас мәртебесін алған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру өңірінің шегінен тыс жерге өзінің еркі бойынша тұрақты тұруға өз бетінше кеткен;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда өтеуге міндетті.";

      6) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Қандас мәртебесін және "Ата жолы" картасының қолданылуын тоқтату

      1. Қандастың мәртебесі:

      1) қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;

      2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;

      3) қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады.

      2. "Ата жолы" картасының қолданысы:

      1) "Ата жолы" картасының иегері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;

      2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;

      3) он жыл өткеннен кейін, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.";

      7) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. "Ата жолы" картасын беруден бас тарту үшін негіздер

      Жергілікті атқарушы орган "Ата жолы" картасын ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) үміткерлер осы Заңның 1-бабының 28) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;

      2) "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтініш білдірген этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені туралы өзге де ақпараттың болуы;

      3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге этникалық қазақтың келісімінің болмауы.";

      8) мынадай мазмұндағы 36-1, 37-1, 37-2 және 37-3-баптармен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

      1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілейді.

      2. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру туралы нормалары:

      1) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Қорында" басшылар және жоғары білімі бар мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен расталған құжаттармен мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін;

      3) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарды жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер тізбесіне және сандарына сәйкес басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ білікті жұмысшылар ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (оның ішінде іздестіру және жобалау қызметі, инжинирингтік қызметтер) саласында көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;

      4) құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ аталған арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік орталық органдардың өкілдерінен тұратын комиссия айқындайтын санаттар мен сандар тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;

      5) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;

      6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

      7) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде көзделген;

      9) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде немесе "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      3. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшіне пайыздық қатынаста белгіленеді және ол:

      1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

      3) еңбек мигранттарын тартуға арналған квотаны қамтиды.

      5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және белгілейді.

      6. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданысының тоқтатылуына байланысты тартылатын шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етеді.

      7. Жұмыс беруші өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде тартылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) олармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";

      "37-1 бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы

      1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.

      2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.

      3. Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсаты алынған шетелдік жұмыскерлерді бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.

      4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымдар төленген кезде беріледі немесе ұзартылады.

      Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алған немесе ұзартқан кезде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.

      Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алымды төлеу бөлігіндегі осы тармақтың ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      5. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беруді немесе ұзартуды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.

      6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуі тиіс.

      8. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.

      37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

      1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы жергілікті атқарушы органдар үш айдан аспайтын мерзімге берген анықтаманың негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.

      2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.

      3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді.

      Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға жүгінеді.

      37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы

      1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады.

      2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға мыналар:

      1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын ел мен ұйымдар;

      2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсете отырып, тартылатын шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны, әрқайсысының білім деңгейі, біліктілігі, кәсібі және жұмыс тәжірибесі;

      3) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жібереді.

      4. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін, тартылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      5. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.";

      9) 37-баптың 3-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;

      10) 51-бапта:

      1-тармақтың 2-1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 53-баптағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:

      "55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі

      1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:

      1) жүгінген адамдарға консультация беруге және ел ішінде де, шетелде де жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;

      2) бір елден екінші елге жұмысқа орналасу үшін жұмыскерлерді жинауды жүзеге асыруға;

      3) жүгінген адамдарды кейіннен ел ішінде және шетелде жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;

      4) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкетуге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге құқығы бар.

      2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:

      1) кемсітушіліктің кез келген нысанына жол бермеуге;

      2) жүгінген адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      3) жүгінген адамдармен ел ішінде және шетелде жұмыс істеу үшін еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;

      4) халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін жүгінген және ел ішінде және шетелде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.

      3. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметті жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне жұмыскердің атына кепілдік жарна енгізу арқылы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскердің өз еліне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі кепілдік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушілердің банктерге кепілдік жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.".

      43. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 4-тармағындағы "қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      44. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 77-баптың 12-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 78-баптың 11-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 82-баптың 1-тармағындағы "халықты жұмыспен қамту" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      45. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      52-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      46. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында "орта", "ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "жалпы орта", "ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      47. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін" деген сөздер "әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      48. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      103-баптың 9-тармағындағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар" деген сөздер "әлеуметтік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      49. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      29-баптың 5-тармағы және 32-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      50. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қолжетімді болуына жағдай жасайды.

      Мүгедектіктің санатына қарай санамаланған көрсетілген қызметтер Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен және жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады.".

      51. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      27-баптың 1-тармағындағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      52. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      53. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Ең төмен зейнетақының мөлшері" деген сөздер "Зейнетақының ең төмен мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. "Зейнетақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

      "Зейнетақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшерінің нормативін қамтиды.

      21-бап. "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар (отбасылар) үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер нормативтерін қамтиды.";

      3) 32-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.";

      4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты дене шынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.";

      5) 36-баптың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      54. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-баптың 1) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайдағы," деген сөздер алып тасталсын.

      55. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы "алған кезді қамтыса, есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды." деген сөздер "алған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Заңның 14-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген адамдар үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін туындаған кезді қамтыса, есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.";

      2) 14-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) жеке көмекшілер.";

      мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:

      "4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес материалдық пайда төлеген кезде жүзеге асырады.";

      6-тармақтың бірінші абзацындағы "және 10)" деген сөздер ", 10) және 11)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ұсталған және аударылған жарналар туралы хабардар етуге міндетті.";

      3) 28-баптың 1-тармағы және 5-тармағының бірінші бөлігі "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейін "және жеке көмекшілердің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 29-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістер жеке көмекшілердің кірістері болып табылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың күші мыналарға қолданылмайды:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістері;

      жеке көмекшілердің кірістері.";

      5) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.";

      6) 31-баптың 8-тармағы "кәсіпқой медиаторлар" деген сөздерден кейін ", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      56. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      8-бап 19) тармақшасындағы "жүзеге асыруға байланысты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады." деген сөздер "жүзеге асыруға байланысты;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) әлеуметтік қорғау саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.".

      57. "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайға тап болған" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      58. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 19-баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;";

      "6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;";

      2) 33-баптың 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңнамасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      59. "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "өмірлік қиын жағдайда жүрген" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж" деген сөздермен ауыстырылсын.

      60. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға осы Заңның 13-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.";

      2) 10-баптың 5-тармағындағы "үш дәрежелі Даңқ орденімен," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерінің және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагердің отбасы мүшелеріне не оларды жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";

      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылған, қайтыс болған еңбек ардагерінің отбасы мүшелеріне не оны жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";

      5) 13-баптың 1) және 2) тармақшалары "Қазақстан Республикасының", "жергілікті атқарушы орган" деген сөздер тиісінше "осы Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының", "осы Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      61. "Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" 2021 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-баптың 5-тармағында "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тармағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады