"Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 31 мамыр N 326-ІІ.

      1-бап. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Z990414_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 647-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
     "Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның 
отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы 
төленеді.". 
     2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 
енгізіледі. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады