Анкарада 2001 жылғы 5 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының
Үкіметі арасында Дипломатиялық өкiлдiктер ғимараттарының
құрылысын салу үшін жер учаскелерiн өзара беру туралы
КЕЛIСIМ
(2002 жылғы 4 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 9, 61-құжат)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар деп аталатын),
Екi ел арасындағы дәстүрлi достық қатынастарды нығайту,
Түрiк Республикасында Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасында Түрiк Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң болуы мен жұмыс iстеуiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында,
1961 жылғы 18 сәуiрдегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын назарға ала отырып,
Төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Түрiк Тарапы Қазақстан Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусіз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Түрiк Республикасының Анкара қаласындағы Оран дипломатиялық қалашығында орналасқан алаңы 4294 шаршы метр, 25016/3 - нөмiрлi учаскенi, алаңы 4066 шаршы метр, 25016/4 - нөмiрлi учаскенi және алаңы 2810 шаршы метр, 25012/6 - нөмiрлi учаскенi бередi.
Анкара қаласындағы жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерi Қазақстан Тарапына жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүлiктiң ауыртпалығынсыз берiлетiн болады.
Қазақстан Тарапы көрсетiлген учаскелерде Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi құрылыстар сала алады.
Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Қазақстан Тарапына Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Марты Чыкмазы, 14, Бiлкент 1, Бiлкент-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 260 шаршы метр ғимаратты өтеусiз пайдалануға бередi.
Түрiк Тарапы Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ғимаратының құрылысы аяқталғанға дейiн, Түрiк Республикасы, Анкара қаласы, Ебузия Тевфик Сокак 6, Чанкая-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 652 шаршы метр Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгi ғимаратының жалға алу ақысын төлейдi.
Егер, Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Елшiлiгі қазiргi уақытта өзi орналасқан ғимаратты ауыстыруға ниет бiлдiрген жағдайда, Түрiк Тарапы төлейтiн жалға алу ақысының сомасы жылына 60000 АҚШ долларынан аспауы тиiс. Бұл ретте жаңа ғимаратты таңдауды Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапымен ынтымақтаса отырып жүргiзетiн болады.
Түрiк Тарапы Қазақстан Республикасының консулдық өкiлдiгi үшiн Стамбұл қаласында ғимарат беруде жәрдем көрсетедi.
2-бап
Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусiз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Астана қаласындағы Қараөткелде орналасқан, жалпы алаңы 13600 шаршы метр және Жастар ықшам ауданындағы жалпы алаңы 17600 шаршы метр жер учаскелерiн бередi.
Астана қаласындағы жоғарыда көрсетiлген жер учаскелерi Түрiк Тарапына жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүлiктiң ауыртпалығынсыз берiлетiн болады.
Түрiк Тарапы жоғарыда көрсетiлген учаскелерде Түрiк Республикасы Елшiлiгінiң жұмыс iстеуiне қажеттi құрылыстар сала алады.
Қазақстан Тарапы Түрiк Тарапына 49 жыл мерзiмге өтеусiз пайдалануға, кейiн осы тақылеттес мерзiмге ұзарта отырып, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесi, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан Түрiк Республикасының дипломатиялық өкiлдiгінің және/немесе консулдық мекемесiнiң мұқтажы үшiн жалпы алаңы 465 шаршы метр ғимаратты және iргелес жатқан алаңы 1700 және 2200 шаршы метр жер учаскелерiн бередi.
3-бап
Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген ғимараттар, құрылыстар және жер учаскелерi борыштардан азат күйiнде, ауырпалықтарсыз және үшiншi тұлғалардың құқықтарынсыз берiледi.
4-бап
Тараптар болатын елiнiң сыртқы iстер министрлiгiнiң жазбаша рұқсатынсыз осы Келiсiмде көрсетiлген учаскелердi басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
5-бап
Тараптар болатын елдерiнде қала құрылысы мен сәулет саласындағы қолданылып жүрген заңнаманы сақтауға мiндеттенедi.
6-бап
Осы келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген жер учаскелерi мен ғимараттар, болатын елде алынатын барлық салықтардан, алымдар мен баждардан босатылады.
7-бап
Жөндеудiң, электр, газ, су және жылумен жабдықтаудың, байланыс қызметiн көрсетудiң барлық шығыстарын Тараптардың дипломатиялық өкiлдiктерi төлейдi.
8-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкін барлық дауларды Тараптар өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.
9-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
10-бап
Осы Келiсiм оның күшіне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2001 жылғы 5 желтоқсанда Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күші бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Үкiметi үшiн Үкіметi үшiн
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасы Сыртқы iстер
Түрiк Республикасындағы Елшiсi министрлiгiнiң консулдық істер
жөнiндегi Бас директоры
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.