Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне электрондық құжат, электрондық цифрлық қолтаңба және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 7 қаңтар N 372-II

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205 -құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат):

      152-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі "қол қоюдың факсимилелік көшірме" деген сөздерден кейін ", электрондық цифрлық қолтаңба" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың екінші бөлігі "телетайпжазба, факс" деген сөздерден кейін ", электрондық құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат):

      1) 84-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "84-бап. Азаматқа ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты
               ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз
               шектеу";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) мынадай мазмұндағы 497-1, 497-2, 497-3-баптармен толықтырылсын:
      "497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын
                  пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу

      Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу -
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар
                 және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
                 заңдарын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы,-
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы,-
      айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы
                 заңдарын бұзу

      Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану,-
      азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      3) 549-баптың бірінші бөлігі "497," цифрларынан кейін "497-1, 497-2, 497-3," деген цифрларымен толықтырылсын.

      2-бап.  Осы Заң 2003 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады