Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 15 қарашадағы N 496-ІІ Заңы

      Вашингтонда 2001 жылғы 21 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка
Құрама Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы
Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметтi
қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi орталық пен Америка
Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi
орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы
Келісім

      Төменде Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi,
      олардың мемлекеттерi арасындағы қару-жарақты бақылау жөнiндегi және қауiпсiздiктi нығайту жөнiндегi келiсiмдердi жүзеге асыруды қолдау тiлегiн мақұлдай отырып,
      тараптар жүзеге асыратын, қару-жарақты бақылау жөнiндегi шарттарға сәйкес талап етiлетiн хабарламалар беруге қатысты барлық мiндеттемелердi орындау дүние жүзiнде бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi нығайту мүддесiне сай келедi деп ұйғара отырып,
      Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталықтар құру туралы 1987 жылғы 15 қыркүйектегi келiсiмдi қолдануды қазiргi заман талаптарына сәйкес келтiруге ұмтыла отырып,
      төменде СШҚ-I туралы шарт деп аталатын, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы 1991 жылғы 31 шiлдедегi шарт бойынша, төменде ОЖҚР туралы шарт деп аталатын, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Орта және кiшi қашықтықтағы олардың ракеталарын жою туралы 1987 жылғы 8 желтоқсандағы шарт бойынша және Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы 1992 жылғы 20 мамырдағы шарттың Лиссабон хаттамасындағы өз мiндеттемелерiн қайтадан мақұлдай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметтi қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi орталықты және Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығын, бұдан әрi Ұлттық орталықтар деп аталатын, өздерiнiң тиiстi үкiметтерiнiң атынан және оның бақылауымен iс-әрекет жасайтын, әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын I Хаттамада көрсетiлген хабарларды беру үшiн тиiсiнше пайдаланады.
      Бұдан әрi Ұлттық орталықтар арқылы берiлетiн хабарлар тізбесi, Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша тиiстi жаңа келiсiмдерге қол жеткiзiлуiне қарай өзгеруi мүмкiн.

2-бап

      Осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын II Хаттамаға сәйкес Тараптар өз Ұлттық орталықтары арасында қорғалған үздiксiз байланыс желiсiн орнатады, қызмет көрсетедi және пайдаланады.

3-бап

      Тараптар өздерiнiң Ұлттық орталықтарын, олардың қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн олар қалай орынды деп санаса, солай жасақтайды.

4-бап

      Осы Орталықтардың жұмыс iстеуiмен байланысты мәселелердi қарау үшiн Тараптар Ұлттық орталық өкілдерiнiң арасында тұрақты кездесулер өткiзедi.

5-бап

      Осы Келiсiм кез келген Тараптың басқа келiсiмдер жөнiндегi мiндеттемелерiн қозғамайды.

6-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және СШҚ-I немесе ОЖҚР туралы шарттар күшiн сақтаған уақытқа дейiн күшiнде қалады.
      Осы Келiсiмнiң қолданысы бұл туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасынан кейiн 12 (он екi) ай өткеннен соң кез келген Тарап тоқтатуы мүмкiн.

      Вашингтон қаласында 2001 жылғы 21 желтоқсанда әрқайсысы орыс және ағылшын тiлдерiнде екi данадан жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының         Америка Құрама Штаттарының
      Үкiметi үшiн                      Yкiметi үшiн

Қолы:                                   Қолы:

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Америка
Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты
қысқартуды және инспекциялық қызметтi қамтамасыз етудi
бақылау жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының
Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған
байланыс желiсiн құру туралы келiсiмге
I Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметтi қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы ережелерге сәйкес және Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар Ұлттық орталықтар арқылы мынадай хабарламалар түрiн бередi:
      а) СШҚ-I туралы шарт ережелерiне сәйкес көзделген хабарламалар;
      б) ОЖҚР туралы шарт ережелерiне сәйкес көзделген хабарламалар;
      в) Тараптардың өзара келiсiмi және Ұлттық орталықтар арасындағы келiсiм бойынша қару-жарақты бақылау жөнiндегi басқа да шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес көзделген хабарламалар.

2-бап

      Ұлттық орталықтар арқылы берiлетiн ақпараттардың мөлшерi мен көлемi СШҚ-I туралы шартты, ОЖҚР туралы шартты, сондай-ақ Тараптардың уағдаластығы бойынша басқа да болашақ шарттар мен келiсiмдердi iске асыру кезiнде пайдаланылатын көлемдерге сәйкес келуi және сыйымды болуы тиiс.

3-бап

      Әрбiр Тарап өзiнiң қарауы бойынша, ізгi ықыластық ишарат ретiнде және сенiм бiлдiрудi нығайту мақсатында осы Хаттаманың 1-бабында көзделген хабарлар болып табылмайтын басқа да хабарларды Ұлттық орталықтар арқылы бере алады.

4-бап

      Егер Тараптар өзге келiсiмге келмесе, Ұлттық орталықтардың байланыс желiсi бойынша берiлетiн барлық хабарлар және осы Орталықтар жүзеге асыратын барлық рәсiмдер құпия болады.

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама
Штаттарының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты
қысқартуды және инспекциялық қызметтi қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы келiсiмге
II Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметтi қамтамасыз етудi бақылау жөнiндегi орталық пен Америка Құрама Штаттарының Ядролық қауiптi азайту жөнiндегi орталығы арасында қорғалған байланыс желiсiн құру туралы ережелерге сәйкес және Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Ұлттық орталықтар арасында файлдармен алмасу мүмкiндiгi бар тiкелей байланысты қамтамасыз ету мақсатында Тараптар екi спутниктiк арнаны орнатады және ұстайды. Бiр арнаны Қазақстан, ал екiншiсiн - АҚШ ұстайды; Әрбiр тарапта қорғалған қызметтiк байланыс желiсi болады.
      Осыған байланысты:
      а) Ұлттық орталықтар арасындағы байланыс үшін жабдықталған терминалдар орнатылады;
      б) әрбiр тарап бiр мезгiлде 4800 бит/сек беруге және қабылдауға мүмкiндiгi бар немесе өзара уағдаластыққа сәйкес байланыс желiсiн қамтамасыз етедi;
      в) өзара уағдаластыққа қол жеткiзгенге дейiн байланыс Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi арасындағы Қазақстан Республикасына материалдық-техникалық құралдар мен қызметтер көрсетудi ұсынуға қатысты бұдан әрi ҮАБЖ жөнiндегi келiсiм деп аталатын үкiметаралық байланыс желiсiн орнату мақсатында 1993 жылғы 13 желтоқсандағы келiсiмнiң шарттарына сәйкес Ұлттық орталықтар арасында байланыс орнату кезiнде қабылданған бұрынғы тәртiппен жүзеге асырылады.

2-бап

      Қорғалған хабарлар берудi қамтамасыз ету үшiн ақпараттарды қорғаудың келiсiлген құралдары қолданылады.
      Осыған байланысты:
      а) ақпараттарды қорғау құралдары жеке компьютермен байланысқан немесе интегралданған шифрлауға сәйкес құрылғыдан тұрады, оған хабар компьютер дискетiнiң көмегiмен немесе басқа бiр техникалық түрдегi сыйымды әдiспен енгiзіледi;
      б) әрбiр Тарап екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша түсiнуге оңай тиiстi криптографиялық материалдарды табыс етедi.

3-бап

      Екi байланыс желiсiнiң әрбiр соңғы операция пунктiнде байланыс жүйесiнiң функционалдық талаптарына толық сыйысатын және өзара қолайлы халықаралық коммуникациялар стандартына жауап беретiн компьютерлiк терминалдар орнатады және ұстайды.
      Осыған байланысты:
      а) осы Хаттаманың 5-бабында көзделген немесе өзара уағдаластық негiзiндегi жағдайды қоспағанда, әрбiр Тарап осы Хаттаманы орындау мақсатына жауап беретiн ақпаратты қорғау құралдары мен жергілiктi хабар желiсiне сәйкес өздерiнiң меншiктi терминалдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және қызмет көрсетуге жауапты болады;
      б) коммуникациялық жүйе мүмкiндiктерiмен толық сыйымды болып табылатын сканер және онымен байланысты компьютер файлдарын қамтамасыз етуге қабiлеттi бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады;
      в) Қазақстанның Ұлттық орталығынан Құрама Штаттардың Ұлттық орталығына тiкелей хабарлар орыс тiлiнде және Құрама Штаттардың Ұлттық орталығынан Қазақстанның Ұлттық орталығына ағылшын тiлiнде берiледi және қабылданылады;
      г) тапсыру және пайдалану рәсiмдерi Ұлттық орталықтар арасындағы байланыс мақсатының қажетiне қарай бейiмделген және Тараптардың арасында келiсiлген рәсiмдерге сәйкес болады.

4-бап

      Байланыс жүйесiнiң қызмет етуiн үйлестiру үшiн қажеттi қорғалған қызмет байланысын орнатады және оған қызмет көрсетедi.
      Осыған байланысты:
      а) осы Хаттаманың 2-бабының а) тармағында айтылғанындай, ақпаратты қорғау құралдарымен қолданылатын қызметтiк байланыс терминалдарының, кириллица үшiн стандартты орыс клавиатурасы мен Құрама Штаттардың латын шрифi үшiн стандартты клавиатурасы және операторлар арасында хабарлар алмасу үшiн катод сәулелi түтiгiмен дисплейi болады. Орыс клавиатурасы орналасуының белгілi бiр схемасы талапқа сәйкес болуы тиiс немесе Тараптардың өзара уағдаластығы негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн;
      б) операторлардың жұмысын үйлестiру үшiн қызметтiк байланыс жүйесiнiң кескiн үйлесiмi, хабарды беруге және қабылдағанға дейiн осындай хабарларды үйлестiруге қатысты барлық ақпаратпен алмасуға мүмкiндiк беретiндей болуы тиiс;
      в) беруге байланысты қызметтiк байланыс жүйесi бойынша хабарлар, осы Хаттаманың 2-бабының а) тармағында көрсетілген ақпараттарды қорғау құралдарын қолданумен шифрланады;
      г) қызметтiк байланыс желiсi үшiн хабарлар берудегi модемдер мен байланыс желiсi қолданылады;
      д) қызметтiк байланыс желiсi бойынша алмасу жүзеге асырылатын барлық ақпараттардың мұрағаттық көшiрмесi болу үшiн жабдықтар құрамына принтер енгiзіледi. Осы Келiсiм талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн принтерлердiң нақты кескiн үйлесiмiн Тараптар айқындауы мүмкiн.

5-бап

      Ұлттық орталықтар арасында тiкелей байланыс орнату үшiн Тараптар арасында келiсілген сыйымды жабдықтар мен тиiстi қызмет көрсету рәсiмдерi қолданылады. Осы мақсат үшiн Қазақстан Тарабы YАБЖ жөнiндегi келiсiмге сәйкес телекоммуникациялық байланыс және қызметтiк байланыс үшiн қажеттi жабдықтарды, қорғау құралдарын және қосалқы бөлшектердi пайдаланады, олардың көбiн Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына YАБЖ жөнiндегi келiсiм негiзiнде пайдалануға берген.
      YАБЖ жөнiндегi келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанда YАБЖ жөнiндегi келiсiм негiзiнде пайдалануға берiлген барлық құралдар, одан әрi де осы Келiсiмде айтылған мақсатта ғана қолданылады.

6-бап

      Телекоммуникация жүйесiн пайдалану мен қызмет көрсету және жабдықтардың кескiн үйлесiмi үшiн қажеттi ақпараттар алмасуды қамтамасыз етедi.

7-бап

      Жабдықтардың және байланыс желiсiнiң, қызметтiк байланыс желiсiн қоса алғанда үзiлiссiздiгiн, қорғалғандығын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн осы Хаттамаға сәйкес жауапты болатын әрбiр Тарап барлық мүмкiн шараларды қолданады.

8-бап

      Байланыс желiсiн пайдалануға, оған қызмет көрсетуге және одан әрi дамытуға жұмсалатын шығындарды қалай бөлу мен есептеу Тараптардың техникалық сарапшылары арасындағы өзара уағдаластық негiзiнде айқындалады.

9-бап

      Осы Хаттамада көзделген шараларды iс жүзiнде орындауға Қатысы бар мәселелердi қарау үшiн және одан әрi өзара уағдаластық негiзiнде және қажеттiлiгiне қарай Ұлттық орталықтардың өзара келiскен функцияларына қол жеткiзу үшiн телекоммуникация байланысы мен ақпараттар технологиясын жетiлдiру мақсатында Тараптардың техникалық сарапшыларының кездесуi шақырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады