Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 6 Заңы

      Каирде 2001 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ЕГИПЕТ АРАБ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ
ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
(2005 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Осы Келiсiмде бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi,
      Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары болып табыла отырып,
      олардың мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтарының арасында және олардан тыс жерлерде тұрақты әуе қатынасын орнату мақсатында аталған Конвенцияға толықтыру ретiнде Келiсiм жасасуға тiлек бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап
АНЫҚТАМАЛАР

      Егер контекстен өзгеше туындамаса ғана осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін:
      а) "Конвенция" терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бiлдiредi және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез келген Қосымшаны және осы Қосымшалар мен түзетулердi екi Уағдаласушы Тарап қабылдаған болса, Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетудi қамтиды;
      b) "авиациялық билiк орындары" терминi Қазақстандық Тарап үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Египеттiк Тарап үшiн - Египет Араб Республикасының Көлiк министрi - Азаматтық авиация басқармасының төрағасын немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта көрсетiлген билiк орындары орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi кез келген тұлғаны бiлдiредi;
      с) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және уәкiлеттi авиакәсiпорынды бiлдiредi;
      d) "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 96-бабында көрсетiлген маңызға ие;
      e) "аумақ" терминi әрбiр Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне жататын жер беттерiн және аумақтық суларды бiлдiредi;
      f) "тарифтер" терминi жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау үшiн және агенттiк қызметтер көрсету үшiн немесе көлiк құжаттарын сату үшiн комиссиялық алымдар мен басқа да қосымша төлемдердi қоса алғанда, бiрақ почтаны тасымалдау үшiн төлемдер мен шарттарды алып тастағанда, осы бағалар қолданылатын жағдайлар үшiн төленетiн бағаларды бiлдiредi;
      g) "барлық жүк әуе қатынасы" терминi жүк немесе почта (қосымша көмекшi қызметтермен қоса) жеке немесе аралас тасымалданатын, бiрақ жолаушылар тасымалын жүзеге асырмайтын әуе кемесi орындаған халықаралық әуе қатынасын бiлдiредi;
      h) "Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi, оған қосымшаны және Келiсiмге немесе қосымшаға кез келген түзетулердi бiлдiредi.

  2-бап
ТАСЫМАЛДАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БЕРУ

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап оның тұрақты халықаралық әуе желiлерiне қатысты екiншi Уағдаласушы Тарапқа мынадай құқықтарды бередi:
      а) оның мемлекетiнiң аумағы арқылы қонусыз ұшып өту құқығын;
      b) өз мемлекетiнiң аумағына, осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерге коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығын;
      с) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттерге немесе пункттерден келе жатқан жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерде, жоғарыда аталған аумақта тиеу және түсiру құқығын;
      d) осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген белгiленген бағыт бойынша үшiншi елдердiң пункттерiне немесе пункттерiнен келе жатқан жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерде, үшiншi елдердiң аумақтарында тиеу және түсiру құқығын.
      Қосымшада көрсетiлген бағыттар бұдан әрi "белгiленген бағыттар", ал осы бағыттар бойынша халықаралық әуе желiлерi "келiсiлген желiлер" деп аталады.
      2. Осы Бапта ешнәрсе де бiр Уағдаласушы Тарап авиакәсiпорнына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жалдау шартымен немесе сыйақы үшiн және осы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүк пен почтаны бортқа алуына құқық бередi деп қаралмайтын болады.

  3-бап
ӨКIЛЕТТIКТЕР

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап белгiленген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалану үшiн, ол туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, бiр және одан да көп авиакәсiпорынды тағайындауға құқылы.
      2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осындай хабарламаны алысымен осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелерiне сәйкес әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынға ұшуға арналған тиiстi рұқсаттарды дереу бередi.
      3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осындай авиакәсiпорынды тағайындаудан бас тартуға және ол туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, басқасын тағайындауға құқылы.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорыннан халықаралық әуе желiлерiн пайдалану кезiнде Конвенцияның ережелерiне сәйкес осы Уағдаласушы Тарап әдеттегiдей және негiздi түрде қолданатын заңдар мен ережелерде нұсқалған шарттарды орындауға қабiлетiнiң барлығына дәлелдемелер талап ете алады.
      5. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың осы баптың 2-тармағында айтылған ұшу рұқсаттарын беруден бас тартуға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды тағайындалған авиакәсiпорын пайдалану кезiнде қажет деп есептейтiн шарттарын орындауды осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның мемлекетi азаматтарының осы авиакәсiпорынның үстiнен басым иелену және пәрмендi бақылау жасай алатындығының дәлелдемелерi болмаған кез келген жағдайда талап етуге құқығы болады.
      6. Осы Келiсiмнiң 11-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер күшiне енгiзiлген жағдайда осылайша тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорын кез келген уақытта келiсiлген желiлердi пайдалануды бастауы мүмкiн.

  4-бап
БЕРIЛГЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КҮШIН ЖОЮ ЖӘНЕ
УАҚЫТША ТОҚТАТУ

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорынға (авиакәсiпорындарға) берiлген осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген пайдалануға арналған рұқсатты жоюға немесе құқықтарды уақытша тоқтатуға немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде қажеттi деген шарттардың мына жағдайларда орындалуын талап етуге құқылы:
      а) егер ол осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның азаматтарының авиакәсiпорынның үстiнен басым иелiк және пәрмендi бақылау жасай алатындығына сенiмдi болмаған жағдайда;
      b) егер осы авиакәсiпорын осы құқықтарды беретiн Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарын және ережелерiн сақтамаған жағдайда;
      с) егер авиакәсiпорын қандай да бiр себептермен осы Келiсiммен нұсқалған шарттарды орындамаған жағдайда.
      2. Егер заңдар мен ережелердiң бұдан әрi бұзылуын ескертуге осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттардың орындалуын талап ету немесе жою, уақытша тоқтата тұру қажеттi болып табылмаса, онда екiншi Уағдаласушы Тараппен консультациялардан кейiн ғана осындай құқықтар пайдалынатын болады. Осындай консультациялар жүргiзуге сұрау түскен уақыттан бастап, егер Уағдаласушы Тараптардың арасында өзгеше көзделмесе, алпыс күн (60) iшiнде басталуы тиiс.

  5-бап
ЗАҢДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

      1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң халықаралық әуе қатынастарын пайдаланатын әуе кемесiнiң өз мемлекетiнiң аумағына келуi мен ұшып кетуiн немесе осы аумақтың үстiнде осындай әуе кемесiн басқаруды реттейтiн заңдары, ережелерi мен рәсiмдерi екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына да қолданылатын болады.
      2. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң өз аумағынан жолаушылардың, экипаждың, багаждың, жүктiң немесе почтаның кiруiн, уақытша болуын және шығуын реттейтiн заңдары, ережелерi және рәсiмдерi, мысалы кiруге, шығуға, эмиграция мен иммиграцияға қатысты нысандылықтар сияқты, сондай-ақ кедендiк ережелерi және санитарлық шаралары екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке немесе почтаға аталмыш аумақта болу кезiнде қолданылатын болады.
      3. Уағдаласушы Тараптың ешқайсысы өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына осы бапта көзделген заңдар мен ережелердi қолдануда екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына қатысты бергенiнен артық құқық бермейдi.

  6-бап
ТАСЫМАЛДАР КӨЛЕМIН РЕТТЕУ

      Келiсiлген желiлерде орындалатын тасымалдардың көлемi мынадай жағдайларға сәйкес болуы тиiс:
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакәсiпорындарына белгiленген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалануда қолайлы және тең жағдайлар жасалатын болады.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың авиакәсiпорынының бәсекеге қабiлеттi жағдайына қолайсыз әсер ететiн кемсiтушiлiктердiң немесе терiс пиғылды бәсекелестiктiң барлық нысандарын болдырмау үшiн өз юрисдикциясы шегiнде барлық тиiстi шараларды қабылдайтын болады.
      3. Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны (авиакәсiпорындары) орындайтын тасымалдар көлемi белгiленген бағыттар бойынша тасымалдауларда қоғамдық қажеттiлiкке сәйкес болуы тиiс және әрбiр авиакәсiпорынның бiрiншi кезектегi мiндетi авиакәсiпорын тағайындайтын Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасындағы жолаушыларды, жүк пен почтаны тасымалдауда қазiргi және болжамды қажеттiлiкке жауап бере алатындай сыйымдылықты ұсынуы тиiс.
      4. Үшiншi елдердiң аумақтарында белгiленген бағыттардағы пункттерде отырғызылатын (тиелетiн) және түсетiн (түсiрiлетiн) жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны тасымалдау шарттары жалпы қағидатқа сәйкес болады, оған сай сыйымдылық мыналарға байланысты болады:
      а) жөнелту елi мен жеткiзу елдерiнiң арасындағы тасымалдауларға қажеттiлiкке;
      b) осы аудандағы мемлекеттердiң авиакәсiпорындары белгiлеген жергiлiктi және аймақтық әуе желiлерiн ескере отырып, келiсiлген желi өтетiн ауданның тасымалдауларға қажеттiлiгiне; және
      с) трансферттiк тасымалдауларға қажеттiлiгiне.

  7-бап
КУӘЛIКТЕР МЕН АЙҒАҚТАРДЫ ТАНУ

      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiмен берiлген немесе күшi бар деп танылған, қолданылу мерзiмi өтпеген ұшуға жарамдылық куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтары келiсiлген желiлердi пайдалану кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараппен де күшi бар деп танылады.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың, алайда, өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуларға қатысты өз азаматтарына берiлген немесе басқа мемлекетпен күшi бар деп танылған бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтарын танудан бас тapтуына құқығы сақталады.

8-бап
КЕДЕНДIК БАЖДАН ЖӘНЕ БАСҚА АЛЫМДАРДАН БОСАТУ

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын әуе кемесi, сондай-ақ олардың табельдiк жабдықтары, сол әуе кемесiне тиелген отын қоры, жағармай материалдары және борттық қорлар (кәдесыйларды, азық-түлiктi, сусындарды және темекi бұйымдарын қоса, дайын бұйымдар болып табылатын) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнгеннен кейiн, егер осы жабдықтар мен қорлар керi әкетiлген мерзiмге дейiн әуе кемесiнiң бортында қалатын болса, барлық кедендiк баждардан, инспекциялық алымдардан және басқа да баждар мен салықтардан босатылатын болады.
      2. Сонымен бiрге, кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ ұсынылған қызметтер үшiн алымдарды қоспағанда, осындай кеден төлемдерi мен салықтардан мыналар да босатылады:
      а) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарымен белгiленген көлемде бортқа алынып, белгiленген бағыттар бойынша ұшуды орындаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың әуе кемесiнiң бортында пайдалану үшiн қолданылатын борттық қорлар;
      b) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорын белгiлеген маршрутта пайдаланылатын әуе кемесiн техникалық қызметтен өткiзу немесе жөндеу үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектер;
      с) халықаралық ұшуларды орындайтын екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының ұшып шығатын әуе кемесi үшiн берiлетiн отын және жағармай материалдары, тiптi бұл қорлар Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде өтетiн бағыт бөлiгiнде бортқа алынып, қолданылатын болса да.
      Осы баптың а), b) және с) тармақшаларында көрсетiлген материалдар талап ету бойынша кедендiк билiк орындарының бақылауына немесе қадағалауына ұсынылуы мүмкiн.
      3. Бiр Уағдаласушы Тараптың әуе кемесiнiң бортындағы табельдiк борт жабдығы, сондай-ақ материалдар мен қорлар екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына осы Уағдаласушы Тараптың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана түсiрiлуi мүмкiн. Осы жағдайда, олар, керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сәйкес басқадай қолданыс тапқанға дейiн, аталған билiк орындарының қадағалауында болып жайластырылуы мүмкiн.

  9-бап
ТIКЕЛЕЙ ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАРЫ

      1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен ұшып баратын және осы мақсат үшiн бөлінген әуежайдан ұзамайтын жолаушылар, багаж, жүк және почта күш көрсету әрекетiне, әуе қарақшыларына және есiрткi заттарын алып өтуге қарсы қауiпсiздiк шараларын қолдану қажет болғаннан басқа жағдайларда бақылаудың тек жеңiл түрлерiнен өтетiн болады.
      2. Тiкелей транзитпен өтетiн багаж, жүктер және почта кеден төлемдерi мен салықтар салудан босатылатын болады.

  10-бап
АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК

      1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтардан туындайтын өздерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiне сәйкес бiр-бiрiне қатысты алған азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғау мiндеттерiн мақұлдайды. Халықаралық заңдарда көрсетiлген құқықтары мен мiндеттемелерiнiң жалпылама қолданысымен шектелiп қоймай, Уағдаласушы Тараптар сонымен бiрге, Токиода 1963 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар және кейбiр басқа да әрекеттер туралы конвенцияның, Гаагада 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерiне заңсыз басқыншылық жасаумен күресу туралы конвенцияның және Монреальда 1971 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күресу туралы конвенцияның, оның Монреальда 1988 жылғы 24 ақпанда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететiн әуежайларда күш қолданудың заңсыз әрекеттерiмен күресу туралы Хаттамасының, сондай-ақ екi Уағдаласушы Тарап қосылуы мүмкiн авиациялық қауiпсiздiк туралы кез келген басқа конвенцияның ережелерiне сәйкес әрекет жасайды.
      2. Уағдаласушы Тараптар өтiнiшi бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу әрекеттерiне және әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттерге, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне төндiретiн кез келген басқа қауiп-қатердi болдырмау жөнiнде бiр-бiрiне бүкiл қажеттi барлық көмегiн көрсетедi.
      3. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгiлейтiн және Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi конвенцияға Қосымшалар аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, мұндай қауiпсiздiктер жөнiндегi ережелер Уағдаласушы Тараптарға қолданымды болатындай деңгейде iс-әрекет жасайды; олар тiркеуiндегi әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналы немесе негiзгi жұмыс орны немесе тұрақты тұрған жерi олардың мемлекеттерi аумағында болатын әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналы авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес iс-әрекет жасауын талап ететiн болады.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналынан олардың мемлекеттерiнiң аумағы шегiнде кiру, шығу және болу үшiн осы екiншi Уағдаласушы Тарап көздейтiн, осы баптың 3-тармағында айтылған авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен талаптарды сақтауын екiншi Уағдаласушы Тараптың талап ете алатындығымен келiседi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң шегiнде отырғызу немесе түсiру уақытында және оған дейiн әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, багажды, жүктi және борттық қорды тексеру үшiн тиiстi шаралардың тиiмдi қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап нақты қауiпке байланысты қауiпсiздiктiң орынды арнайы шараларын қолдану туралы екiншi Уағдаласушы Тараптың кез келген өтiнiшiн тiлектестiкпен қарайды.
      5. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз әрекеттерге байланысты оқыс оқиға немесе оқыс оқиға қатерi туған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар өзара байланысты жеңiлдету арқылы және ондай қақтығысты немесе қақтығыс қатерiн тез және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқа да тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
      6. Егер осы бапта көрсетiлген авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi Уағдаласушы Тараптардың бiрi орындамайтындай болса, онда екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осы Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң билiк орындарынан жедел консультациялар талап ете алады.

  11-бап
ТАРИФТЕР

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына немесе аумағынан тасымалдау үшiн тарифтер барлық тиiстi факторларды ескере отырып, пайдалану шығындарын, орынды пайданы, әуе желiсiнiң сипаттамаларын және тұтынушының мүддесiн қоса, ақылға сыйымды мөлшерде белгiленедi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакәсiпорындарымен келiсiлетiн болады.
      3. Осы баптың 2-тармағында айтылған келiсу, мүмкiншiлiгiне қарай, Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы қолданатын рәсiмдердi пайдалану жолымен мүмкiн болады.
      4. Осылайша келiсiлген тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне оларды енгiзудiң болжанған күнiне дейiн кемiнде отыз күн бұрын ұсынылатын болады; жекелеген жағдайда бұл мерзiм аталған билiк орындарының келiсуiмен қысқартылуы мүмкiн.
      5. Егер тағайындалған авиакәсiпорындар қандай да болмасын тарифтi бекiту мәселесi бойынша келiсе алмаса немесе басқа бiр себептермен осы баптың 2-тармағына сәйкес тарифтер белгiленбесе немесе отыз күндiк мерзiмнiң iшiндегi бiрiншi он бес күнде осы баптың 4-тармағына сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына тарифтермен келiспейтiндiгi туралы осы баптың 2-тармағына сәйкес келiсiлген хабарламасын тапсырған жағдайда, Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы тарифтер бойынша келiсiмге келуге тырысатын болады.
      6. Егер авиациялық билiк орындары осы баптың 4-тармағына сәйкес оларға қарауға ұсынылған тарифтермен немесе осы баптың 5-тармағына сәйкес қандай да болмасын тарифтi айқындау бойынша келiсiмге келе алмаса, онда дау осы келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес шешiлетiн болады.
      7. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары тарифтердi бекiткенше олардың күшi болмайды.
      8. Осы баптың ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер осы баптың ережелерiне сәйкес жаңа тарифтер белгiленгенге дейiн, бiрақ Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары келiспегенiн бiлдiрген күннен бастап он екi айдан асырылмай, күшiнде қалады.
      9. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары бекiткен тарифтердi тағайындалған авиакәсiпорындардың қолдануын қамтамасыз ету үшiн барынша күш салатын болады және де ешбiр авиакәсiпорын тарифтердi ешбiр дәрежеге және ешқандай жолдармен, тiкелей не жанамалай төмендетудi заңсыз қолданбайды.

  12-бап
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының бұдан әрi қолданылатын заңдар мен ережелерге сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында авиакөлiк қызметтер көрсетуiн тiкелей немесе агенттер арқылы еркiн сатуға, тасымалдар бойынша құжаттардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарды пайдалануға және авиабилеттердiң сатылуына жәрдемдесуге тең мүмкiншiлiгi болады.

  13-бап
ӨКIЛДIК

      Бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына (авиакәсiпорындарына) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында кiруге, болуға және еңбекпен қамтамасыз етуге қатысты заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, өз өкiлдiгiн ашуға, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында өз өкiлдерiн, келiсiлген әуе желiлерiн пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажетті коммерциялық, әкiмшiлiк және техникалық персоналды ұстауға құқық берiледi. Өкiлдiк персоналы қажет болғанда бiр немесе екi Уағдаласушы Тарап азаматтарының қатарынан алынады.

  14-бап
КIРIСТЕРДI АУДАРУ

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына, аумағында кiрiстер алынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес осы кiрiстерге тиiстi салықтар төленгеннен кейiн, осы авиакәсiпорынның өз мемлекетiнiң аумағында келiсiлген әуе желiлерiн пайдаланудан алған табыстары мен шығыстарының айырмасын еркiн айырбасталатын валютамен еркiн аударуға құқық бередi.
      2. Қаржылық қатынастарды реттейтiн, сондай-ақ қосалқы салық салуды болдырмайтын арнайы келiсiмдер болған кезде, төлемдер осындай арнайы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.

  15-бап
АЛЫМДАР СТАВКАЛАРЫ

      Әрбiр әуежайдың, оның құрылыстары, техникалық және басқа да құралдарын және қызметтер көрсетудi қоса алғанда, пайдаланудан алынған алымдар, сондай-ақ аэронавигациялық құралдарды, байланыс құралдарын және қызметтер көрсетудi пайдаланудан алынған кез келген басқа да алымдар осындай алымдар мен төлемдердiң осы Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiнен және ұқсас халықаралық қатынасты орындайтын басқа да авиакәсiпорындардың әуе кемелерiнен алынатын ұқсас алымдардан аспауы тиiс жағдайда алынатын болады.

  16-бап
ҰШУ КЕСТЕСIН БЕРУ

      1. Келiсiлген авиажелiлерiндегi ұшу кестелерi Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының бекiтуiне оларды енгiзудiң болжамды күнiнен кем дегенде отыз (30) күн бұрын тапсырылатын болады.
      Ерекше жағдайларда бұл мерзiм аталған билiк орындарының келiсiмiмен қысқартылуы мүмкiн.
      2. Қосымша ұшуларды орындау рұқсатына сұрауларды тағайындалған авиакәсiпорын (авиакәсiпорындар) екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына бекiтуге тiкелей тапсыруы мүмкiн.

  17-бап
СТАТИСТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

      Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарының сұрауы бойынша осы Келiсiмге қатысты мерзiмдiк немесе басқа да статистикалық ақпараттарды ұсынады.

  18-бап
ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      1. Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындаған кез келген дау ең алдымен тiкелей келiссөздер жүргiзу арқылы шешiлетiн болады.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптар келiссөздерде үстiнде келiсiмге келе алмаса, дауды қарауға қандай да болмасын құзыреттi тұлғаға немесе ұйымға берулерi мүмкiн; егер мұнымен олар келiспесе, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша дау төрелiк соттың қарауына тапсырылады, ол үшiн әрбiр Уағдаласушы Тарап өз жағынан бiр-бiрден төрешi сайлайды. Тағайындалған төрешiлер үшiншi төрешiнi анықтайды. Уағдаласушы Тараптар даулы мәселелердi төрелiк сотта қарау жолымен шешу ұсынысы туралы хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күннен кейiн алпыс (60) тәулiк iшiнде өз төрешiлерiн тағайындайды. Төрелiк соттың төрағасы келесi алпыс (60) тәулiк iшiнде тағайындалады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi төрешісiн тағайындамаса немесе төрелiк соттың үшiншi төрешiсi белгiленген мерзiмде тағайындалмаса, Уағдаласушы Тараптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесiнiң төрағасынан төрешiлердi немесе төрелiк соттың төрағасын тағайындауды сұрауы мүмкiн. Кез келген жағдайда үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылады және төрелiк соттың төрағасы болады.
      3. Уағдаласушы Тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
      4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi төрелiк соттың шешiмiн орындамаса, екiншi Уағдаласушы Тарап осы Келiсiммен екiншi Уағдаласушы Тарапқа берiлген кез келген құқықтар мен жеңiлдiктердi орындамағаны үшiн шектеуге, уақытша тоқтатуға немесе жоюға құқылы.
      5. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң тағайындаған төрешiсiнiң жұмысына байланысты шығыстар мен төлемдердi өзiне алады. Төрелiк сот төрағасының қаламақысы мен шығыстарын, сондай-ақ төрелiк сотқа байланысты шығыстарды екi Уағдаласушы Тарап тең бөлiп төлейдi.

  19-бап
КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН ӨЗГЕРIСТЕР

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға қатысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының арасындағы тығыз ынтымақтастық рухта мезгiл-мезгiл консультациялар жүргiзiлетiн болады. Осындай консультациялар, егер екi Уағдаласушы Тарап бұл мерзiмдi ұзартуға келiспеген жағдайда, сұраныс түскен күннен кейiн алпыс (60) күннiң iшiнде басталуы тиiс.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрiгуi осы Келiсiмнiң қандай да болмасын ережелерiн өзгертудi дұрыс деп есептесе, ол екiншi Уағдаласушы Тараптан консультациялар сұрай алады. Осылайша келiсiлген өзгерiстер әрбiр Уағдаласушы Тараптың ережелерi мен заңдарына сәйкес бекiтiлетiн болады.

  20-бап
КЕЛIСIМ КYШIНIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта екiншi Уағдаласушы Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша өзiнiң осы Келiсiмнiң күшiн жою туралы ниетiн хабардар етедi; мұндай хабарлама бiр уақытта Халықаралық азаматтық авиация ұйымының кеңесiне жiберiлетiн болады.
      2. Бұл жағдайда Келiсiмнiң күшi, егер тоқтату туралы осы хабарлама уағдаластық бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi қайтарылып алынбаса ғана, осындай хабарламаны екiншi Уағдаласушы Тарап алған күннен бастап он екi (12) ай өткеннен кейiн тоқтатады. Екiншi Уағдаласушы Тараптың хабарлама алғаны туралы растау құжат болмаған кезде, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы хабарлама алғаннан кейiнгi он төрт күннiң iшiнде алынған деп есептелетiн болады.

  21-бап
ТIРКЕУ

      Осы Келiсiм мен оған кез келген келесi өзгерiстер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесiнде тiркелетiн болады.

  22-бап
КҮШIНЕ ЕНУI

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар халықаралық келiсiмдердiң жасалуына және күшiне енуiне байланысты мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы бiр-бiрiн жазбаша хабардар еткеннен кейiн күшiне енедi.
      Жоғарыда айтылғандардың дәлелi ретiнде тиiсiнше өздерiнiң Үкiметтерi уәкiлеттiк берген, төменде қол қоюшылар, осы Келiсiмге қол қойды.
      Каир қаласында 2001 жылғы 11 қарашада әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бар.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

    Қазақстан Республикасының     Египет Араб Республикасының
      Yкiметi үшiн                       Үкіметi үшiн

                                                  ҚОСЫМША

        Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб
    Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы
                    келiсiмге бағыттар кестесi

       I бағыт
      Қазақстан Республикасы тағайындалған авиакәсiпорнының (авиакәсiпорындарының) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар.
____________________________________________________________________
Ұшып шығу     | Бiр аралық    | Египеттегi пункт | Египетпен
пункттерi     | пункт         |                  | тысқарыдағы бiр
              |               |                  | пункт
______________|_______________|__________________|__________________
Қазақстандағы | Пункт қосымша | Каир             | Бiр пункт
пункттер      | келiсiлетiн   |                  | қосымша
              | болады        |                  | келiсiлетiн
              |               |                  | болады
______________|_______________|__________________|__________________

       II бағыт
      Египет Араб Республикасы авиакәсiпорнының (авиакәсiпорындарының) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар.
____________________________________________________________________
Ұшып шығу     | Бiр аралық    |Қазақстандағы пункт| Қазақстанмен
пункттерi     | пункт         |                   | тысқарыдағы бiр
              |               |                   | пункт
______________|_______________|___________________|_________________
Египеттегi    | Пункт қосымша | Алматы            | Бiр пункт
пункттер      | келiсiлетiн   |                   | қосымша
              | болады        |                   | келiсiлетiн
              |               |                   | болады
______________|_______________|___________________|_________________

      1. Кез келген аралық пункттерге және/немесе тысқарыдағы пункттерге (үшiншi елдерге) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң тағайындалған авиакәсiпорны осы пункттер мен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арасындағы ұшуларды орындауға бесiншi дәрежелi еркiндiк құқықтарын берусiз қызмет көрсететiн болады. Алайда, ұшуларды орындауға бесiншi дәрежелi еркiндiктiң осындай құқықтары бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарынан алдын ала келiсiм алғаннан кейiн берiлуi мүмкiн.
      2. Белгiленген бағыттың кез келген немесе барлық пункттерi әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынның қарауынша ұшудың кез келген учаскесiнде немесе бүкiл бағытта қалдырып кетiлуi мүмкiн.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнiң мәтiнi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы орыс тiлiндегi мәтiнiмен бiрдей.

      Көшiрмесi дұрыс.

       Министрлiк
      Аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады