Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 27 Заңы

      1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 192-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "380-бабында (үшiншi бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi бөлікте:
      "184-бабында,", "228,", "231, 232,", "307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлігінде), 309, 310, 311 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-316,", "344-346, 348, 349, 350-баптарында," деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi сөйлем алып тасталсын;

      үшіншi бөлiкте:
      бiрiншi сөйлемде:
      "176-бабында (екiншi және үшiнші бөлiктерiнде)" деген сөздер "176-бабында (үшiншi бөліктің г) тармағында), 189-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "222-бабында (екiншi бөлігінде)," деген сөздерден кейiн "223-бабында (екінші бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "225-бабында" деген сөздерден кейiн ", 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232-баптарында, 307-бабында (бiрiншi бөлігінде), 308-бабында (бiрiншi бөлігінде), 310, 311-баптарында (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 312-315-баптарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi сөйлемдегі "184, 228, 229," деген цифрлар "229-бабында" деген сөздермен ауыстырылып, ", 231, 232, 307-310-баптарында, 311-бабында, 312-316-баптарында" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөлікте:
      "Қылмыстық кодексiнің" деген сөздерден кейін "176-бабында (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiктiң а), б), в) тармақтарында)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "189, 206-баптарында, 226-бабында" деген сөздер "184, 206, 228, 235, 309, 316, 339 (екіншi және үшіншi бөлiктерiнде), 341, 343-357, 363-365-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-бөлiкте:
      "307-бабында (екiншi, үшінші және төртіншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiнші, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 311-бабында (үшiншi және төртiншi бөліктерiнде),", "380-бабында (екінші бөлiгінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      4-2-бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  307-бабында  (екінші, үшiнші және төртiншi бөліктерiнде),  308-бабында  (екiншi, үшіншi және төртiншi бөліктерінде),  311-бабында  (үшінші және төртiнші бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істep бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық істi қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органы жүргiзедi.";

      мынадай мазмұндағы 4-3-бөлiкпен толықтырылсын:
      "4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  227,   380-баптарында  көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ішкi iстер, ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.";

      бесiншi бөлiк алып тасталсын;

      2) 285-бапта:
      екiншi бөлiктегi "324 - 326" деген цифрлар "324, 326" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшіншi бөлiкте:
      "176 (бiрiншi бөлiгінде),", "192," деген сөздер алып тасталсын;

      "223" деген цифрдан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде), 226 (бiрiншi бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесiншi бөлiктегі "380 (бiрiншi бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      8-1-бөлiкте:
      "Қылмыстық кодексінің" деген сөздерден кейiн "176 (бiрiншi бөлiгінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "182 (бiріншi бөлiгінде)," деген сөздерден кейiн "325-" деген цифрмен толықтырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады