Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 520 Заңы

      Астанада 2003 жылғы 5 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

(2004 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

Астана, 2003 жыл, 5 қараша 

      Жоғары мәртебелi,

      Жоғары мәртебелi Сiзден төмендегiлер айтылатын бүгiнгi күнмен белгiленген Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуiңiздi сұраймын:

      "Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерiнiң арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуiңiздi сұраймын:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдарына және нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне бес жүз жиырма бес миллион иен (Ұ 525,000,000) мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталады) бөледi.

      Жапонияның
      Қазақстан Республикасындағы
      Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
      Жоғары мәртебелi
      Тосио ЦУНОДЗАКИ

      2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екi Үкiметтiң арасындағы өзара келiсiм жолымен ұзартылмаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2004 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде берiледi.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты бұдан әрi көрсетiлген Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония азаматтарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алуға тиесiлi және сол үшiн ғана пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "азаматтар" терминi жапондық азаматтарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық азаматтарға қатысты қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
      а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары, жабдықтар мен материалдар және оларды сатып алу үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
      б) жоғарыдағы (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
      в) жоғарыда аталған жабдықтармен жұмыс iстеуге үйрету үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
      г) iс-шаралар орындау процесiнде басшылық және сапасын бақылау үшiн қажеттi қызметтер көрсету.
      (2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақшаның ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi және (1) тармақтың (а), (б), (в) және (г) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы ретiнде бекiтуi тиiс.
      5. (1) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi "Бекiтiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Жапония банкiнде белгiленген (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа жапондық иенмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
      (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлеттiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
      (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Yкiметiнiң жапон иенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық азаматтың ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттi органы арасындағы консультациялар жолымен келiсiледi.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант есебiнен сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапондық азаматтарды Бекiтiлген Келiсiм-шарт бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын елдiң кедендiк бажы, iшкi салықтары және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
      (в) Бекітілген Келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтер
көрсетудi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық азаматтарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және онда болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (г) Грант есебiнен сатып алынған тауарлардың Жобаны iске асыру мақсатында тиесiлi және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; және
      (д) Грант есебiнен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
      (2) Грант есебiнен сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiз тасымалын сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiз тасымалын сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант есебiнен сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
      7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелерге қатысты Үкiметтер бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын Жоғары мәртебелi Сiздiң жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға құрмет етемiн.
      Осы мүмкiндiктi пайдаланып Жоғары мәртебелi Сiзге өзiмнiң терең құрметiмдi бiлдiруге рұқсат етiңiз".
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi растауға және Жоғары мәртебелi Сiздiң Нотаңыз және осы Нота Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығына келiсiмiмдi бiлдiрудi құрмет тұтамын.
      Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiмдi тағы да бiлдiру үшiн осы мүмкiндiктi пайдаланамын.

__________________________ 
 
  Қасымжомарт Тоқаев    
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi   

Талқылама хаттамасы

      Жапонның экономикалық ынтымақтастығы туралы 2003 жылы 5 қарашада, Алмасу Ноталарымен (әрi қарай Алмасу Ноталары) байланысты Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясы келесiнi бекiткiлерi келедi:
      1. Алмасу Ноталарының 3 параграфы бойынша Жапон делегациясының өкiлi Жапон Үкiметi Қазақстан Үкiметiнiң Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген келiсiм-шарттары алу үшiн кез-келген мәлiметтердiң, сыяпаттардың немесе сыйақылардың алдын-алуға қажеттi шаралар қолданатынын түсiнетiнiн мәлiмдейдi.
      2. Қазақстан делегациясының өкiлi, оның Делегациясының, Жапон Делегациясы өкiлiнiң жоғарғы көрсетiлген мәлiмдемесiне қарсы емес екенiне мәлiмдейдi.

      2003 жыл, 5 қараша                  2003 жыл, 5 қараша
      __________________________      __________________________

      Қасымжомарт Тоқаев              Тосио Цунодзаки
      Қазақстан Республикасының       Жапонияның
      Сыртқы iстер министрi           Қазақстан Республикасындағы
                                      Төтенше және Өкiлеттi
                                      Елшiсi

Процедуралық деталдар жөнiндегi келiсiлген Хаттамасы

      Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Yкiметi арасындағы жапондық экономикалық ынтымақтастығы туралы 2003 жылы 5 қарашада Алмасу Ноталарының 1, 3, 4 және 5 параграфтарына жүгiне отыра, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Үкiметi өкiлдерi екi Үкiметтiк уәкiлеттi өкiлдерiмен келiсiлген келесi процедуралық деталдарды бекiткiлерi келедi:
      1. Жапония Үкiметi Жапондық Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгiн (JICA) Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмектi сәйкестi жүзеге асыруға бағытталған қажеттi жұмысты орындауға белгiлейдi.
      2. Қазақстан Үкiметi - жоғарыда аталған Алмасу Ноталарының 3 параграфының (1) тармақшасында ескерiлген тауарлар және/немесе қызметтер "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жоқалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" JICA-ға сәйкес алынатына кепiлдiк бередi, олар сонымен қатар тендердi өткiзу процедурасын анықтайды, тек бұндай процедуралар қабылдауға жатпайтын, және орынсыз болған жағдайларда шектеледi.
      3. Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген Жапон азаматтарының тауарлар мен қызметтер алу жөнiндегi жұмыстарының ешқандай да бөлiмiн Қазақстан Үкiметiнiң кез-келген шенеуiгiнiң өзiне алмауы керек.
      4. Алмасу Ноталарының 1 параграфында ескертiлген Жоспарды және/немесе Жобаның сызбасын өзгерту қажет болғанда, бiрiншi кезеңде Қазақстан Үкiметi кеңес өткiзуi керек және жоғарыда ескертiлген "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жоқалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" сәйкес, Жапон Үкiметiнiң өзгерiстер енгiзуге келiсiмiн алуы керек.

      2003 жыл, 5 қараша                  2003 жыл, 5 қараша
      __________________________      __________________________

      Қасымжомарт Тоқаев              Тосио Цунодзаки
      Қазақстан Республикасының       Жапонияның
      Сыртқы iстер министрi           Қазақстан Республикасындағы
                                      Төтенше және Өкiлеттi
                                      Елшiсi

Астана, 2003 жыл, 5 қараша   

      Жоғары мәртебелi,

      Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерiнiң арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi және Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау" жобасын (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдарына және нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне бес жүз жиырма бес миллион иен (Ұ 525,000,000) мөлшерiнде грант (бұдан әрi "Грант" деп аталатын) бөледi.
      2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екi Үкiметтiң арасындағы өзара келiсiм жолымен ұзартылмаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2004 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде берiледi.
      3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты бұдан әрi көрсетiлген Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония азаматтарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алуға тиесiлi және сол үшiн ғана пайдаланады (осы келiсiмде қолданылатын "азаматтар" терминi жапондық азаматтарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық азаматтарға қатысты қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы iстер министрi
      Қасымжомарт Тоқаевқа

      а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары, жабдықтар мен материалдар және оларды сатып алу үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
      б) жоғарыдағы (а) тармақшасында көрсетiлген өнiмдерді Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер көрсету;
      в) жоғарыда аталған жабдықтармен жұмыс iстеуге үйрету үшiн қажеттi қызметтер көрсету, және
      г) жұмысты және жабдықты басқару сапасын басқаруға басшылық үшiн қажеттi қызметтер көрсету.
      (2) Егер екi Үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақшаның ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) тармақшасында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi және жоғарыдағы (1) тармақтың (а), (б), (в) және (г) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдер азаматтарының қызметтер көрсетуiн сатып алу үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн жапондық азаматтармен жапондық иенде келiсiм-шарт жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы ретiнде бекiтуi тиiс.
      5. (I) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi "Бекiтiлген Келiсiм-шарттар" деп аталады) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы белгiлеген Жапония банкiнде (бұдан әрi "Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына ашылған шотқа жапондық иенмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
      (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлеттiк берген Банк Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
      (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон иенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген Келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық азаматтың ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкiлеттiң органы арасындағы консультациялар жолымен келiсiледi.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант есебiнен сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) жапондық азаматтарды Бекiтiлген Келiсiм-шарт бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын елдiң кедендiк бажы, iшкi салықтары және өзге де қаржылық алымдарынан босату;
      (в) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтер көрсетудi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық азаматтарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және онда болу жағдайларын қамтамасыз ету;
      (г) Грант есебiнен сатып алынған тауарлардың Жобаны iске асыру мақсатында тиесiлi және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; және
      (д) Грант есебiнен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
      (2) Грант есебiнен сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiз тасымалын сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңіз тасымалын сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады.
      (3) Грант есебiнен сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары қайта экспортқа шығарылмайды.
      7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелерге қатысты Үкiметтер бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
      Осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын Жоғары мәртебелi Сiздiң жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға құрмет етемiн.
      Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiмдi тағы да бiлдiру үшiн осы мүмкiндiктi пайдаланамын.

___________________________
 
  Жапонияның                 
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Тосио Цунодзаки

           Талқылама хаттамасы

      Жапонның экономикалық ынтымақтастығы туралы 2003 жылы 5 қарашада, Алмасу Ноталарымен (әрi қарай Алмасу Ноталары) байланысты Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясы келесiнi бекiткiлерi келедi:
      3. Алмасу Ноталарының 3 параграфы бойынша Жапон делегациясының өкiлi Жапон Үкiметi Қазақстан Үкiметiнiң Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген келiсiм-шарттары алу үшiн кез-келген мәлiметтердiң, сыяпаттардың немесе сыйақылардың алдын-алуға қажеттi шаралар қолданатынын түсінетінін мәлімдейді.
      4. Қазақстан делегациясының өкiлi, оның Делегациясының, Жапон Делегациясы өкiлiнiң жоғарғы көрсетiлген мәлiмдемесiне қарсы емес екенiне мәлiмдейдi.

      2003 жыл, 5 қараша                  2003 жыл, 5 қараша
      __________________________      __________________________

      Тосио Цунодзаки                 Қасымжомарт Тоқаев  
      Жапонияның                      Қазақстан Республикасының
      Қазақстан Республикасындағы     Сыртқы iстер министрi
      Төтенше және Өкiлеттi
      Елшiсi

Процедуралық деталдар жөнiндегi келiсiлген Хаттамасы

      Жапония мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және ынтымақтастықты бекiту мақсатында, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Үкiметi арасындағы жапондық экономикалық ынтымақтастығы туралы 2003 жылы 5 қарашада Алмасу Ноталарының 1, 3, 4 және 5 параграфтарына жүгiне отыра, Жапония Үкiметi мен Қазақстан Үкiметi өкiлдерi екi Үкiметтiк уәкiлеттi өкiлдерiмен келiсiлген келесi процедуралық деталдарды бекiткiлерi келедi:
      5. Жапония Үкiметi Жапондық Халықаралық Ынтымақтастық Агенттiгiн (JICA) Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмектi сәйкестi жүзеге асыруға бағытталған қажеттi жұмысты орындауға белгiлейдi.
      6. Қазақстан Үкiметi - жоғарыда аталған Алмасу Ноталарының 3 параграфының (1) тармақшасында ескерiлген тауарлар және/немесе қызметтер "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жоқалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" JICA-ға сәйкес алынатынына кепiлдiк бередi, олар сонымен қатар тендердi өткiзу процедурасын анықтайды, тек бұндай процедуралар қабылдауға жатпайтын, және орынсыз болған жағдайларда шектеледi.
      7. Алмасу Ноталарының 4 параграфында ескертiлген Жапон азаматтарының тауарлар мен қызметтер алу жөнiндегi жұмыстарының ешқандай да бөлiмiн Қазақстан Үкiметiнiң кез-келген шенеуiгiнiң өзiне алмауы керек.
      8. Алмасу Ноталарының 1 параграфында ескертiлген Жоспарды және/немесе Жобаның сызбасын өзгерту қажет болғанда, бiрiншi кезеңде Қазақстан Үкiметi кеңес өткiзуi керек және жоғарыда ескертiлген "Жалпы типтi және балық шаруашылығының жоқалары үшiн Жапондық қайтарымсыз қаржылық көмек Ережелерiне" сәйкес, Жапон Үкiметiнiң өзгерiстер енгiзуге келiсiмiн алуы керек.

      2003 жыл, 5 қараша                  2003 жыл, 5 қараша
      __________________________      __________________________

      Тосио Цунодзаки                 Қасымжомарт Тоқаев  
      Жапонияның                      Қазақстан Республикасының
      Қазақстан Республикасындағы     Сыртқы iстер министрi
      Төтенше және Өкiлеттi
      Елшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады