Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне жауынгерлік атыстар өткізу үшін әскери полигондарды өзара беру тәртібі туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 538 Заңы

      Астанада 2000 жылғы 29 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне жауынгерлік атыстар өткізу үшін әскери полигондарды өзара беру тәртібі туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе
қорғанысы күштерi мен Ресей Федерациясы Әскери әуе күштерiнiң
құрамалары мен әскери бөлiмдерiне жауынгерлiк атыстар өткiзу
үшiн әскери полигондарды өзара беру тәртiбi туралы
Келісім

(2004 жылғы 6 сәуірден бастап күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi, Әскери ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы  шартты , Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе кеңiстiгiн қорғаудың тұжырымдамасы туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесiнiң 1996 жылғы 19 қаңтардағы шешiмiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнің әскери-әуе күштерi мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерiнің өзара iс-қимылдарын жетiлдiру, жауынгерлiк әзiрлiк деңгейлерiн арттыру қажеттiлiгiн тани отырып,төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төмендегi терминдер мынаны бiлдiредi:
      "Қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органы" - қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң Қорғаныс министрлiгi;
      "Қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы" - қабылданатын Тарап мемлекетiнiң Қорғаныс министрлiгi;
      "әскери полигон" (бұдан әрi - "полигон") - мемлекет аумағының, оның үстiндегi жауынгерлiк атыстармен авиация бөлiмдерiнің және әуе қорғанысы бөлiмдерiнің жаттығуларын өткiзуге арналған әуе кеңiстiгiмен жабдықталған учаскесi;
      "полигон жабдықтары" - радиолокация, байланыс және объективтi бақылау, қару-жарақты, әскери техниканы, нысаналық кешендердi орналастыруға арналған позициялар құралдарымен полигонның командалық пункті;
      "қару-жарақ пен әскери техника" - зениттік зымырандық (зениттi артиллериялық) және радиолокациялық кешендерi, автоматтандырылған басқару жүйесi, полигонның байланыс құралдары;
      "нысана" - жауынгерлiк атыстарды өткiзу барысында нақты мақсаттар ретiнде полигонда басқарылатын және басқарусыз ұшу аппараттары;
      "нұсқаушы құрам" - қару-жарақ пен әскери техника жөнiндегi полигонның жауынгерлiк атыстар аға техникалық жетекшiлерiнің, техникалық жетекшiлерi мен нұсқаушысының мiндетiн атқарушы, қабылдайтын Тарап мемлекетi қарулы күштерінің жеке құрамы;
      "қабылданатын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмдерi" - қабылданатын Тарап мемлекетi қарулы күштерiнің құрамалары мен әскери бөлiмдерi.

  2-бап

      Қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органы:
      Өтiнiмiне сәйкес қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органына қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің жауынгерлiк атыстарды өткiзуi үшiн жабдықтарымен, қару-жарағы және әскери техникасымен, нысаналары және нұсқаушы құрамымен полигондарды ұсынады;
      жауынгерлiк атыстарды өткiзу мерзiмiн қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органына жеткiзедi, ал оның өзгеруi кезiнде ол туралы бұрын келiсiлген мерзiмнен 45 тәулiктен кешiктiрмей хабардар етеді;
      кедендiк бажды және тарифсiз реттеу шараларын қолданбай, шекаралық және кедендiк бақылауды ұйымдастырады;
      қабылдайтын Тараптың қолданысындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, полигонда тиiстi құпиялылық режимiн қамтамасыз етедi;
      қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң полигонда жауынгерлiк атыстарды өткiзуi кезiнде қауiпсiздiк шараларын орындауын бақылайды;
      қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органының келiсiмi бойынша полигонда жауынгерлiк атыстарды өткiзу үшiн қажеттi радиокедергiлер орнатуды қамтамасыз етедi және объективтi бақылау құралдарын ұсынады;
      қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тобына (жауынгерлiк топтардан жауынгерлiк атыстар аяқталғаннан кейiн қабылдайды) Тараптардың уәкiлеттi органдарының арасындағы келiсiмi бойынша полигонның жабдықтарын, қару-жарақтарын және әскери техникаларын бередi, сондай-ақ пайдалану ақаулықтары туындаған жағдайда қару-жарақ пен әскери техниканы қалпына келтiру үшiн қосалқы бөлшектердi, құралдарды және керек-жарақтарды ұсынады;
      қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органымен келiсiлген бағдарлама бойынша нысаналарды дайындауды және жiберудi қамтамасыз етедi;
      қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органының атынан жауынгерлiк атыстардың жетекшiсiне танысу үшiн қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің жауынгерлiк атыстарды орындауын объективтi бақылау материалдарын ұсынады.

  3-бап

      Қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы:
      қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органына полигондарда жауынгерлiк атыстарын өткiзуге өтiнiмдердi жауынгерлiк атыстарды өткiзудiң алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей ұсынады;
      қабылдайтын Тараптың полигонды пайдаланудың тәртiбiн айқындайтын заңнамасының және нормативтiк құжаттарының талаптарын толық көлемде орындайды;
      қару-жарақпен, әскери техникамен және пайдалану құжаттамаларымен жұмыс іcтеуге рұқсат етiлген жеке құрамның тiзiмiн ұсынады, сондай-ақ iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлердің полигонда белгiленген режимдiк шараларды орындауын қамтамасыз етедi;
      қару-жарақ пен әскери техниканы жауынгерлiк қолдануға дайындауды жүзеге асырады, жауынгерлiк атыстарды өткiзедi, полигонда белгiленген талаптар мен нормаларды сақтай отырып әскерлердiң тiршiлiк әрекетiн ұйымдастырады;
      осы Келiсiмнiң 5-бабында белгiленген тәртiппен полигонның ақаулы қару-жарағы мен әскери техникасын қалпына келтiредi;
      полигонның қару-жарағы мен әскери техникасын ақаусыз жағдайда қабылдап алады және қайтарады;
      жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiлердi жасау кезiнде, оларды өткiзуге арналған төлемдердi жүзеге асыратын ұйымның заңды мекен-жайын көрсетедi;
      қабылдайтын Тарапқа қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің полигонда болған кезеңiнде келтiрген материалдық залалының орнын толтырады. Залалдың себептерi мен көлемiн анықтауды Тараптардың уәкілеттi органдарының бiрлескен сарапшы топтары жүргiзедi және актімен ресiмделедi. Залалды өтеу осы Келiсiмнің 10 және 11-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

  4-бап

      Жеке құрамы полигонда қауiпсiздiк шараларын бұзған қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің бөлiмшелерi қабылдайтын Тарап мемлекеті уәкiлеттi органының атынан полигон бастығының ұсынуы бойынша қабылданатын Тарап уәкiлеттi органының атынан атыстар басшысының шешiмiмен жауынгерлiк атыстарды орындаудан шеттетiледi.

  5-бап

      Полигонның қару-жарағы мен әскери техникасын пайдалану ақаулықтары пайда болған жағдайда, оларды жоюды полигондағы қолда бар қосалқы бөлшектердi, құралдарды және керек-жарақтарды пайдалана отырып қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің жеке құрамы жүргiзедi.
      Қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi жеке құрамының кiнәсi бойынша қару-жарақ пен әскери техника iстен шыққан жағдайда, оны қалпына келтiрудi полигондағы қолда бар қосалқы бөлшектердi, құралдарды және керек-жарақтарды пайдалана отырып қабылданатын Тарап мемлекетiнің мамандары жүргiзедi, бұл орайда жұмсалған қосалқы бөлшектерге, құралдарға және керек-жарақтарға төлеудi осы Келiсiмнің 11-бабында көзделген мерзiмде қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы жүргiзедi.

  6-бап

      Полигонда жауынгерлiк атыстарды дайындау жөнiндегi барлаушылық жұмыстарды келiсiлген мерзiмде, бiрақ жауынгерлiк атыстардың басталуына дейiнгi 45 тәулiктен кешiктiрмей Тараптардың уәкiлеттi органдарының бiрлескен жұмыс тобы жүзеге асырады.

  7-бап

      Қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тобын полигонға тасымалдау Тараптардың ұлттық заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ 1992 жылғы 15 мамырдағы әскери тасымалдауды орындау принциптерi мен тәртiбi туралы келiсiмге және 1995 жылғы 20 қаңтардағы мемлекетаралық әскери тасымалдауды және олар үшiн есептесудi ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы келiсiмге сәйкес жүргiзiледi.
      Қабылданатын Тарап мемлекетiнің әскери-көлiк авиациясының ұшақтарымен әскери бөлiмнiң жауынгерлiк топтарын полигонға және керi жеткiзу кезiнде авиациялық тасымалдауларды қамтамасыз ету үшін есептесу тәртiбi 1994 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнің әскери әуеайлақтарындағы әскери әуе кемелерiн қабылдауды, әуе айлақтық-техникалық қамтамасыз етудi және қорғауды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгi арасындағы келiсiмге сәйкес айқындалады.

  8-бап

      Қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi полигонда өзiнің қорындағы зениттiк артиллериялық жүйелерге арналған авиациялық жою құралдарымен, зениттiк басқарылатын зымырандармен және оқ-дәрiлермен жауынгерлiк атыстар өткiзедi.
      Полигондағы жауынгерлiк атыстардан кейiн қалған зениттiк артиллериялық жүйелерге арналған авиациялық жою құралдарын, зениттiк басқарылатын зымырандарды және оқ-дәрiлердi полигонға жеткiзу және одан шығару қабылданатын Тарап мемлекетi әскери эшелондарының немесе әскери-көлiк авиациясының құрамында жүргiзiледi.
      Жекелеген жағдайларда, қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органы полигонда бар авиациялық жою құралдарын, зениттiк басқарылатын зымырандарды қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерiне ұсынуы мүмкiн. Бұл ретте, қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы олардың құнын төлейдi немесе жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiге қол қойылған күннен бастап үш ай мерзiмiнде полигонға жұмсалған авиациялық жою құралдарын және зениттiк басқарылатын зымырандарды дәл сондай көлемде, түрде және сапалық сипатта орнын толтырады.

  9-бап

      Полигонда қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнің жеке құрамын медициналық қамтамасыз етудi қабылдайтын Тарап мемлекетінің медициналық қызметкерлерi жүзеге асырады.
      Шұғыл жағдайларда, полигонда болған қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерінің әскери қызметшiлерiн госпитальға жатқызу қабылдайтын Тарап мемлекетi уәкiлеттi органының жақын жердегi емдеу мекемесiнде жүргiзiледi. Бұл жағдайларда шығыстарды, егер Тараптардың келiсiмдерiнде басқаша көзделмесе, осы Келiсiмнiң 10-бабында белгiленген тәртiппен қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы өтейдi.

  10-бап

      Қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органына қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi өткiзетiн жауынгерлiк атыстарды қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды өтейдi.
      Төлемге мыналар жатады:
      жауынгерлiк атыстарды қамтамасыз ету үшiн қабылдайтын Тарап мемлекетi қарулы күштерiнің жеке құрамын және басқа министрлiктерiмен ведомстволарының (атқарушы билiк федералдық органдарының) мамандарын тартумен байланысты шығыстар;
      қажеттi құжаттарды, әдiстемелiк құралдар мен анықтамалық әдебиеттердi басып шығарумен байланысты шығыстар;
      жауынгерлiк атыстарды орындау кезiнде пайдаланылған нысаналар;
      нысаналарды, қару-жарақтар мен әскери техникаларды пайдаланумен байланысты шығыстар;
      жауынгерлiк атыстарды орындау үшiн қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерiне берiлген авиациялық жою құралдары, зениттiк басқарылатын зымырандар;
      авиациялық жою құралдарын, зениттiк басқарылатын зымырандарды жауынгерлiк қолдануға дайындаумен байланысты шығыстар;
      қабылданатын Тарап мемлекетiнің әскери бөлiмдерiн авиациялық тасымалдауды қамтамасыз етумен байланысты шығыстар;
      қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету құны;
      қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi әскери қызметшiлерiнiң полигонның қонақ үйлерi мен казармаларында тұру құны;
      қабылданатын Тарап мемлекетiнiң әскери бөлiмдерi полигонда болған уақытында пайдаланған электр энергиясы мен судың құны;
      қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк атыстарды өткiзуiн қамтамасыз ету үшiн, қару-жарағының, әскери техникасы мен автокөлiгiнiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн полигонда жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құны;
      қабылданатын Тарап мемлекетi әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерiн медициналық қамтамасыз етумен байланысты шығыстар;
      Шығыстарды өтеу қабылданатын Тарап мемлекетiнен жауынгерлiк атыстар басшысы және қабылдайтын Тарап мемлекетiнен полигон бастығы қол қойған актiнiң негiзiнде АҚШ долларымен жүргiзiледi. Бұл орайда есеп айырысу қабылдайтын Тарап мемлекетiнiң қолданыстағы бағалары мен тарифтерi бойынша қабылдайтын Тарап мемлекетiндегi актiге қол қойылған күнгi курспен AҚШ долларына қайта есептей отырып ұлттық валютада жүргiзiледi.

  11-бап

      Жауынгерлiк атыстарды өткiзумен және оларды қамтамасыз етумен байланысты шығыстардың төлемдерiн қабылданатын Тараптың уәкiлеттi органы өндiрiлген шығыстарды растайтын есептеу және басқа құжаттар қосымшасымен жауынгерлiк атыстарды қамтамасыз ету үшiн шоттарды қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органы ұсынғаннан кейiнгi 10 күн iшiнде жауынгерлiк атыстарды өткiзу туралы актiде қабылдайтын Тараптың уәкiлеттi органы көрсеткен валюталық шотқа аударуы тиiс.

  12-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру барысында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар және келiссөздер жолымен шешедi.
      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және ол осы Келiсiмнiң 13-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.
      Осы Келiсiмнің ережелерi Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне нұқсан келтiрмейдi.

  13-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы түскен күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бipeуi оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты тиiстi кезең аяқталғанға дейiнгi алты ай iшiнде жазбаша хабардар етпесе, автоматты түрде әрбiр бiр жылға созылатын болады.
      2000 жылғы 29 шiлдеде Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердің бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiргенде келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан                              Ресей
      Республикасының                        Федерациясының
      Үкіметi үшiн                           Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады