Кишиневте 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi хаттама бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы
ереженi бекiту жөнiндегi
Хаттама
Бұдан былай Тараптар деп аталатын, осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттер,
терроризмнiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына төндiретiн қауiптiлiгiн сезiне отырып,
терроризмге қарсы күреске қатысты халықаралық құжаттарды назарға ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге үлкен мән бере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереже, бұдан әрi Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Осы Хаттама Тараптардың қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдерiн орындағаны туралы депозитарий үшiншi хабарлама алған күнi күшiне енедi. Осындай рәсiмдердi кешiрек орындаған мемлекеттер үшiн ол депозитарий тиiстi хабарламаларды алған күнi күшiне енедi.
3. Ережеге жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, ол осы Хаттаманың 2-тармағында көзделген тәртiпте күшiне енедi.
4. Осы Хаттама күшiне енгеннен кейiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Қосылушы мемлекет үшiн ол депозитарий тиiстi хабарлама алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
5. Осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм өткен соң, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, осы Хаттаманың қолданысы әр кезде бес жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылып отырады.
6. Тараптардың әрқайсысы шығуынан кемiнде алты ай бұрын депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Хаттамадан шыға алады. Осы Хаттамадан шығу мемлекеттi осы Хаттаманың Тарабы болған кезде алған қаржы мiндеттерiнен босатпайды.
Кишинев қаласында 2002 жылғы 7 қазанда орыс тiлiндегi жалғыз түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн болады.
Әзiрбайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшiн
Армения Республикасы үшiн Ресей Федерациясы үшiн
Беларусь Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн
Грузия үшiн Түрiкменстан үшiн
Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшiн
Ескертпе: Ресей Федерациясының Ескертпесiн қараңыз.
Осы мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi 2002 жылғы 7 қазандағы Хаттаманың мемлекеттiк тiлдегi тең аудармасы болып табылатындығын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi
Департамент бастығының орынбасары
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында
терроризмге қарсы бiрлескен
iс-шараларды ұйымдастырудың және
өткiзудiң тәртiбi туралы ереженi
бекiту туралы 2002 жылғы 7 қазандағы
Хаттамаға қосымша
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастырудың және өткiзудiң тәртiбi туралы
Ереже
Осы Ереже Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң (бұдан әрi - Тараптар) аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру негiздерiн және өткiзу тәртiптерiн айқындайды.
1.1. Осы Ережеде қолданылатын түсiнiктердiң мынадай мағыналары бар:
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар
- Тараптардың құзыреттi органдарының сұрау салатын Тараптардың аумақтарында терроризмге қарсы арнайы құрылымдары арқылы келiсiлген бiртұтас түпкi ой мен жоспар бойынша өткiзетiн iс-шаралары;
терроризмге қарсы арнайы құрылымдар
- Тараптардың терроризмге қарсы күрес үшiн өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес жасақтаған мамандар тобы;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараға қатысушылар
- терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың жеке құрамы, терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiндегi терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың басқару органдарының қызметкерлерi және осы iс-шараларға қатысушы басқа да адамдар;
сұрау салатын Тарап
- өз аумағында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн терроризмге қарсы арнайы құрылымдарды жiберу туралы сұрау салатын Тарап (бұдан әрi - көмек көрсету туралы сұрау салу);
сұрау салынатын Тарап
- сұрау салатын Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу үшiн терроризмге қарсы арнайы құрылымдарды жiберу туралы сұраумен өтiнiш жасалатын Тарабы;
құзыреттi орган
- Тараптың терроризмге қарсы күрестi ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асыратын және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге жауапты органы;
арнайы құралдар және қамтамасыз ету материалдары
- терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың материалдары, техникалық және көлiк құралдары, қару мен оқ-дәрiсiн, арнайы құралдары мен құрал-саймандарын қоса алғандағы жабдығы;
Орталық
- Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Терроризмге қарсы орталығы.
1.2. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың құқықтық негiзiн халықаралық құқықтың көпшiлiкке танылған принциптерi мен нормалары, Тараптардың халықаралық мiндеттемелерi мен ұлттық заңдары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
1.3. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар, террористiк iс-әрекеттiң жолын кесу, соның iшiнде
террористер басып алған кепiлдегi адамдарды босату;
қуаттылығы жоғары жарылғыш құрылғыларды немесе зиян келтiретiн конструкциясы күрделi басқа да құрылғыларды залалсыздандыру;
террористер басып алған жоғары технологиялық және экологиялық қаупi жоғары объектiлердi, атом өнеркәсiбi, көлiк, энергетика, химия өндiрiсi объектiлерiн және басқа объектiлердi (дипломатиялық өкiлдiктердiң ғимараттары мен үй-жайлары және т.б.) босату;
террористердi тұтқындау, террористiк топтар мен құрылымдарды жою мақсатында өткiзiледi.
1.4. Сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымына қатысушылар терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды дайындау және өткiзу кезеңiнде халықаралық құқықтың көпшiлiкке танылған принциптерi мен нормаларын және сұрау салушы Тараптың ұлттық заңдарын сақтауы тиiс.
1.5. Осы Ереженi түсiндiру және қолдану кезiнде туындайтын даулы мәселелер Тараптар арасында консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
2. Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды
ұйымдастырудың тәртібі
2.1. Тараптар өздерiнiң заңдарына сәйкес терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге жауапты құзiреттi органдарды айқындайды, бұл жөнiнде осы Ереженi бекiткен Хаттаманың күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы хабарламамен бiр мезгiлде, сондай-ақ құзiреттi органның атауының өзгергенi туралы да депозитарийге хабарлайды.
Тараптардың құзiреттi органдары терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге арналған терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың құрамы туралы Орталыққа хабарлайды.
2.2. Терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың жеке құрамы өздерiнiң ұлттық оқу базасындағы және басқа да Тараптардың оқу орталықтарында, келiсiм-шарт негiзiнде Тараптардың құзiреттi органдары Орталықтың қатысуымен әзiрлеген бағдарламалар бойынша қосымша дайындықтан өтедi.
Тараптардың терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының бiрлескен дайындығы Орталық ұйымдастыратын командалық-штаб және жедел-тактикалық жаттығуларды өткiзу барысында жүзеге асырылады. Тараптар өзара уағдаластық негiзiнде терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың бiрлескен оқу-жаттығуларын және өз құзыреттi органдарының бөлiмшелерiнде басқа Тарап өкiлдерiн тәжiрибеден өткiзе алады.
2.3. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзу туралы шешiмдi сұрау салатын Тарап сұрау салынатын Тараптың келiсуi бойынша қабылдайды.
Егер терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды дайындау немесе өткiзу кезiнде бұған қатыспайтын Тараптың мүдделерi қозғалатын болса, онда оның өтiнiшi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшыларының кеңесi осы iс-шаралар бойынша шешiм қабылдайды.
2.4. 2.3.-тармақта көрсетiлген шешiмнiң негiзiнде сұрау салатын Тараптың құзыреттi органы сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органына көмектесуi туралы сұрау салады және бұл жөнiнде Орталыққа хабарлайды.
Сұрау салу жазбаша нысанда, соның iшiнде мәтiндi берудiң техникалық құралдарын пайдалана отырып, жiберiледi.
Сұрау салатын Тараптың құзыреттi органының басшысы немесе оның орнындағы адам сұрау салуға қол қояды және ол осы органның елтаңбалы мөрiмен куәландырылады.
Сұрау салудың түпнұсқа екендiгiне немесе мазмұнына күдiк туған кезде сұрау салынатын Тарап қосымша растау сұрай алады.
2.5. Жiберiлетiн сұрау салуда мыналар болуы тиiс:
сұрау салатын Тараптың құзыреттi органы мен сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органының атаулары;
iстiң мәнiнiң баяндалуы, сұрау салудың мақсаты мен негiздемесi;
сұралатын көмектiң мазмұнының баяндалуы;
сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымын терроризмге қарсы бiрлескен iс-шара өткiзілетiн жерге жеткiзудiң және оны келген елiне керi қайтарудың тәсiлдерi мен шарттары туралы ақпарат, соның iшiнде сұрау салатын Тараптың мемлекеттiк шекарасынан өтудiң орны, уақыты және тәртiбi туралы мәлiметтер;
сұрау салуды тиiстi орындау үшiн пайдалы болуы мүмкiн өзге де ақпарат.
2.6. Сұрау салатын Тарап терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың жеке құрамын, арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдарын терроризмге қарсы бiрлескен iс-шара өткiзiлетiн жерге жеткiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
Орналастыру, тамақпен, көлiкпен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету, байланысты, соның iшiнде арнайы байланысты да пайдалану сұрау салатын Тараптың есебiнен жүзеге асырылады.
2.7. Терроризмге қарсы арнайы құрылымның немесе оның жекелеген қатысушыларының сұрау салатын Тараптың аумағында орын ауыстыруы арнайы рұқсат негiзiнде және сұрау салатын Тараптың құзыреттi органы басшысының бақылауымен жүзеге асырылады.
Терроризмге қарсы арнайы құрылымның немесе оның жекелеген қатысушыларының сұрау салатын Тараптың аумағында орын ауыстыруы сұрау салатын Тараптың құзыреттi органының ресми өкiлiнiң бақылауымен жүзеге асырылады.
2.8. Тараптар терроризмге қарсы бiрлескен iс-шара өткiзудiң тиiмдiлiгi мен жеделдiгiн арттыру мақсатында терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың мемлекеттiк шекарадан өтуi кезiнде ұлттық заңдармен белгiленген рәсiмдердiң жедел орындалуын қамтамасыз етедi.
2.9. Терроризмге қарсы арнайы құрылымның басшысы мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу бекетiнде сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органдары куәландырған жеке құрамның атаулы тiзiмiн және арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарының тiзбесiн, ал құрылымның барлық қатысушылары жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетедi.
2.10. Тараптар сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымының терроризмге қарсы бiрлескен iс-шара өткiзiлетiн жерге жеткiзiлетiн және керi қайтарылатын арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдарын кедендiк және өзге де алымдар мен төлемдерден босатады.
3. Терроризмге қарсы бірлескен
іс-шараларды өткізудің тәртібі
3.1. Сұрау салатын Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде терроризмге қарсы арнайы құрылымдарды тiкелей басқару үшiн басқару органын құрады.
Басқару органының басшысын сұрау салатын Тарап тағайындайды.
Басқару органының құрылымын, оның бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен функцияларын басқару органының басшысы терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң мақсатына қарай анықтайды. Басқару органында iс орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Басқару органы басшылығының құрамына терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысатын терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың басшылары, Тараптар мен Орталықтың құзыреттi органдарының өкiлдерi енедi.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесiнiң шешiмi бойынша, ал қажет жағдайда ТМД мүдделi қатысушы мемлекеттер басшыларының шешiмi бойынша терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге басшылық жасау Орталыққа тапсырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда басқару органын Орталықтың Басшысы құрады.
3.2. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзуге тартылатын адамдар басқару органының басшысына бағынады.
3.3. Басқару органының басшысы:
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны дайындауға және өткiзуге басшылық жасайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзуге тартылатын күш пен құралдарды пайдалану, олардың арнайы құралдарды және қамтамасыз ету материалдарын қолдануы туралы шешiмдер қабылдайды;
басқару органының лауазымды адамдарды тағайындайды;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзудiң жоспарын бекiтедi;
адамдардың террористермен келiссөздер жүргiзуiне рұқсат берудi жүзеге асырады;
сұрау салатын Тараптың мемлекеттiк билiк органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзудiң барысы мен нәтижелерi туралы және террористiк әрекет зардаптарының ауқымы туралы хабарлайды;
сұрау салатын Тарапқа терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны аяқтау туралы ұсыныс енгiзедi және оны өткiзудiң нәтижелерi туралы Тараптардың құзыреттi органдарына есеп бередi.
3.4. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге басшылық жасауға араласуға тек қана сұрау салатын мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жол берiледi.
3.5. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу барысында басқару органының негiзгi мiндеттерi:
жағдай туралы мәлiметтер жинау, ақпаратты бағалау, қорыту және талдау, оны терроризмге қарсы арнайы құрылымдарға және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараға тартылатын басқа бөлiмшелерге жеткiзу, басқару органы басшысының шешiм қабылдауы үшiн ұсыныстар дайындау;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзудiң жоспарын әзiрлеу;
тартылатын күштердi, арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарын дайындау және қолдануды ұйымдастыру, болуы ықтимал келеңсiз зардаптардың алдын алу шараларын қабылдау;
келiссөздер жүргiзу және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзудiң объектiсi болып табылатын адамдармен келiссөздер жүргiзудi ұйымдастыру тактикасын әзiрлеу (қажет кезде);
мемлекеттiк билiк және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара ic-қимыл жасауды жүзеге асыру;
жедел iздестiру iс-шараларын және тергеу iс-қимылдарын өткiзудi қамтамасыз ету;
өткiзiлген iс-шаралардың нәтижелерiн қорытындылау болып табылады.
3.6. Басқару органының басшысы терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзу, соның iшiнде күштердi, арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарын қолдану тәртiбi туралы шешiмдi сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымы басшысының келiсуi бойынша қабылдайды. Шешiм басқару органы басшысының жазбаша бұйрығымен ресiмделедi.
Егер сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымы басшысының пiкiрi назарға алынбайтын болса, онда ол сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органының келiсуi бойынша өзi басқаратын бөлiмшенiң iс-шарасына қатысудан бас тартуға құқылы.
Сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымының терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараға қатысудан бас тартуы туралы шешiмдi құрылым басшысы басқару органының басшысына жазбаша ұсынады.
3.7. Достастықтың сұрау салатын Тараппен шекараласатын мемлекетiнiң қауiпсiздiгiне қатер туындаған жағдайда басқару органы осы мемлекеттiң құзыреттi органдарына қатердiң сипаты мен ауқымы туралы хабарлайды, сондай-ақ оны оқшаулау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
3.8. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде террористiк әрекеттер туралы жұртшылыққа хабарлау басқару органының басшысы немесе оның жұртшылықпен байланыс ұстауға жауапты өкiлi сұрау салатын Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес анықтайтын нысандар мен көлемде жүзеге асырылады.
3.9. Терроризм мен экстремизмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ:
терроризмге қарсы арнайы құрылымға қатысушылар, басқару органының лауазымды адамдары және терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге көмек беретiн адамдар туралы;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзудiң арнайы техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзу кезiнде пайдаланылатын күштердiң, арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарының сипаттамасы туралы;
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараны өткiзудi қиындатуға және адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруге бейiм ақпаратты таратуға жол берiлмейдi.
4. Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды
аяқтаудың және даулы мәселелерді реттеудің тәртібі
4.1. Сұрау салатын Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды аяқтау және басқару органын тарату туралы шешiмдi сұрау салынатын Тараптың, сондай-ақ терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге басшылық жасау Орталыққа тапсырылған жағдайларда Орталықтың келiсiмi бойынша қабылдайды.
Сұрау салатын Тарап ТМД мемлекеттерi басшыларының кеңесiне терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралардың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Басқару органының басшысы терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараның аяқталғаны және басқару органының таратылғаны туралы бұйрық шығарады.
Терроризмге қарсы арнайы құрылымдарды сұрау салатын Тараптың аумағынан шығарудың жоспары мен мерзiмiн сұрау салатын Тараптың құзыреттi органы сұрау салынатын Тараптың құзыреттi органының келiсуi бойынша анықтап, бекiтедi.
4.2. Сұрау салатын Тарап сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының жеке құрамын, арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдарын жөнелтудi қамтамасыз етедi.
Сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы арнайы құрылымы пайдаланылмаған арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдары терроризмге қарсы бiрлескен iс-шара аяқталған бойда сұрау салатын Тараптың аумағынан әкетiлуi тиiс.
Егер айрықша мән-жайларға байланысты арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарын алып кету мүмкiн болмаса, онда оны сұрау салынатын Тарап сұрау салатын Тарапқа өзара уағдаластық негiзiнде бере алады.
4.3. Сұрау салатын Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге қатысатын сұрау салынатын Тарапқа, соның iшiнде сұрау салатын Тараптың аумағында болған жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды (бұдан әрi - зиян), егер ол басқару органы қойған мiндеттердi орындау кезiнде келтiрiлсе, өтеуге қатысты қандайда да болсын талап қоюдан бас тартады.
Егер сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараға қатысушылары, басқару органы қойған мiндеттердi сұрау салатын Тараптың аумағында орындау кезiнде зиян келтiрсе, онда оны сұрау салатын Тарап өзiнiң терроризмге қарсы арнайы құрылымдарына қатысушылары осыған ұқсас мән-жайлар кезiнде зиян келтiргенде қолданылуға тиiс ұлттық заңдарына сәйкес өтейдi.
4.4. Сұрау салатын Тарап шеккен шығыстарды, әкелiнген арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдарының жоғалуына, толықтай не жартылай жойылуына байланысты шығыстарды қоса алғанда өтеу тәртiбi, мүдделi Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша белгiленедi.
4.5. Егер Тараптардың бiрi терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың iс-қимылдары арқылы келтiрiлген зиянды басқару органы қойған мiндеттерге барабар емес деп санаған жағдайда, онда туындаған пiкiр алшақтықтарын мүдделi Тараптар консультация және келiссөз жолымен шешедi.
4.6. Сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы құрылымдарына қатысушылардың сұрау салатын Тараптың аумағында осы Ереженiң 4.3.-тармағында көзделмеген жағдайларда келтiрген зияны мүдделi Тараптардың арасындағы уағдаластық бойынша өтеледi.
5. Терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларға
қатысушылардың құқықтық мәртебесі
5.1. Терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзу кезiнде сұрау салатын Тарап терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерiне жаралануға, мертiгуге немесе қаза табуға байланысты шығыстарды сұрау салатын Тараптың заңдарында көзделген тәртiп пен көлемде өтейдi. Бұл ретте сұрау салынатын Тараптың терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылары мен олардың отбасы мүшелерi үшiн оның заңдарында белгiленген жеңiлдiктер, кепiлдiктер және өтемақылар толық көлемде сақталады.
Осы тәртiп осындай зиян терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылар сұрау салатын Тараптың аумағында болған кезеңде келтiрiлген жағдайда қолданылады.
5.2. Тараптардың әрқайсысы терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың құқықтық жағдайын құрметтейдi және халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларына сәйкес олардың азаматтық құқықтары мен еркiндiктерiн толықтай қамтамасыз етедi.
5.3. Сұрау салатын Тараптың аумағында терроризмге қарсы арнайы құрылымдардың уақытша болуына байланысты юрисдикция мәселелерiнде Тараптар мына принциптердi басшылыққа алады:
терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараға қатысушы құқық бұзған кезде оған сұрау салынатын Тараптың заңдарына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi;
Тараптардың әрқайсысы өздерiнiң терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының құрамына кiретiн терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларға қатысушылардың және басқа Тарапқа немесе Тараптарға қарсы қылмыстар жасады деп күдiк келтiрiлгендердiң (айыпталғандардың) iзiне түсуді ұлттық заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттенеді;
iс жүргiзу iс-қимылдар жұмысы кезiнде, сондай-ақ құқықтық көмек беру кезiнде Тараптар ұлттық заңдарын және өздерiне алған халықаралық мiндеттемелердi басшылыққа алады.
Осы мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бipлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ереженi бекiту жөніндегі 2002 жылғы 7 қазандағы Ереженiң мемлекеттiк тiлдегі тең аудармасы болып табылатындығын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi
Департамент бастығының орынбасары
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы Хаттамаға
Әзірбайжан Республикасының
айрықша пікірі
Әзiрбайжан Республикасы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы" Ереженi iске асыруға аумағында осы iс-шаралар өткiзiлетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарының сұрау салуларын ақпаратты талдау және консультативтiк қамтамасыз ету шеңберiнде және Әзiрбайжан Республикасының ұлттық заңдарына қатаң сәйкестiкпен ғана қатыса алады.
Әзiрбайжан Республикасының
Президентi
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы Хаттаманың жобасына
Грузия ескертпесi
Грузия мына ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны тұтастай қолдайды:
- 4.1 тармақтың бiрiншi абзацындағы "...келiсiмi бойынша..." деген сөздер "...жазбаша хабарландыруы..." деген сөздермен ауыстырылсын және абзац осылай аяқталсын;
- 5.3 тармақтың екiншi абзацындағы "...сұрау салынатын..." деген сөздердiң орнына "...сұрау салатын..." деген сөздер енгiзiлсiн.
Э. Шеварнадзе
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы Хаттамаға Ресей Федерациясының
Ескертпелері
Осы Хаттамамен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында терроризмге қарсы iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi жөнiндегi ереженi қолданған кезде Ресей Федерациясы мыналарды негiзге алады:
1. Ресей Тарабының терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының құрамына кiретiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды өткiзуге қатысушы әскери қызметшiлерге және өзге де тұлғаларға қатысты аумақтарында аталған iс-шаралар өткен Тараптардың заңдары қолданылмайды. Қандай жағдайда да олар Ресей Республикасының юрисдикциясында болады.
2. Ресей Тарабының терроризмге қарсы арнайы құрылымдарының арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдары Ресей Федерациясының меншiгi болып табылады және сұрау салатын Тараптың ұстауына жатпайды және (немесе) қандай түрде де болсын иелiгiнен шығарылмайды.
3. Сұрау салатын Тарап Ресей Тарабына терроризмге қарсы бiрлескен iс-шаралар өткiзудi сұрай отырып, осы ескертпенi өзi үшiн мiндеттi болып табылатын Хаттаманың құрамдас бөлiгi деп таниды.
Ресей Федерациясының
Президентi
Осы мәтiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында терроризмге қарсы бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту жөнiндегi 2002 жылғы 7 қазандағы Хаттаманың мемлекеттiк тiлдегi тең аудармасы болып табылатындығын растаймын.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi
Департамент бастығының орынбасары