Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 ақпандағы N 33 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегi Азаматтық ic жүргiзу  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; 2004 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 22 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      28-баптың екiншi бөлiгi "дау айту туралы" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      289-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 10) тармақшасындағы "туралы істер жатады." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы iстер жатады.";

      мынадай мазмұндағы 36-2-тараумен толықтырылсын:

"36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа
мемлекеттiң аумағында экстремизмді жүзеге асыратын
шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп
тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргiзу

      317-6-бап. Өтiнiш беру

      Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы өтiнiштi прокурор Астана қаласының сотына бередi.

      317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны

      Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремизм деп танылуы мүмкiн қызметті шетелдiк немесе халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
      Прокурордың шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк ұйым деп тану туралы өтiнiшiндегi материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.

      317-8-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

      Соттың шешiмi Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйым туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.
      Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк ұйым деп тану туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.".

      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N  6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 15 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2004 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 22 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 7 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      37-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:

      "1-1. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады.";

      344-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      374-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнаманы бұзу

      1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тысқары iс-әрекеттер жасауы, -
      қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткіштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткіштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекеттер жасауы, -
      қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      қоғамдық бiрлестiк қызметiн үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екiншi бөлігiнде көзделген әкiмшілiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлігінде көзделген әкiмшілік жаза қолдануға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау, -
      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштің жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      3. "Дiни сенім бостандығы және діни бiрлестіктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2004 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы 28 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      4-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктi құруға және оның қызметiне тыйым салынады.
      Діни экстремизмді насихаттауға, сондай-ақ конфессияаралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға пайдалануға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.".

      4. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):

      5-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрілген құралымдарды құруға тыйым салынады.";

      23-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.".

      5. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат):

      13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.".

      6. "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 176-құжат):

      12-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы "тексерулерді арнайы есепке алуды жүргiзудi жүзеге асырады." деген сөздер "тексерулердi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) экстремизмдi жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды және сот экстремистік ұйым деп таныған ұйымдарды арнайы есепке алу iсiн жүргiзудi жүзеге асырады.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады