Астанада 2004 жылғы 27 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткізу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
(2005 жылғы 30 маусымда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
(Бейресми аударма)
N 11/1-1-842
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі 2004 жылғы 27 тамызда белгiленген Республика Сарайына (Алматы) дыбыс жабдықтарын жеткiзудiң жапон мәдени грантына қатысты алмасу ноталарына сүйене отырып, Жапония Елшiлiгiне өзiнiң iлтипатын бiлдiредi және аталған алмасу ноталарының 3-шi тармағында көрсетiлген қызмет көрсетулер мен тауарларды жеткiзу кестесi бойынша туындаған қиыншылықтарға байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң уәкiлеттi органы жоғарыда аталған алмасу ноталарының 2-шi тармағында көрсетiлген мерзiмдi екi елдiң уәкiлеттi органдары 2006 жылдың 31 наурызына дейiн ұзартуды ұсынатындығын хабарлайды.
Егер де Елшiлiк Министрлiктi қысқа мерзiм iшiнде Жапония Үкiметiнiң уәкiлеттi органының жауабымен хабардар етсе ризашылығымызды бiлдiрер едiк.
Сыртқы iстер министрлiгi Елшiлiкке деген өзiнiң жоғары iлтипат-сенiмiн жаңғырту үшiн осы қолайлы сәттi пайдаланады.
2005 жылғы 10 наурыз, Астана
Жапония Елшiлiгi
Осымен 2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң мерзiмiн ұзарту жөнiндегi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi нотасының ағылшын тiлiнен аударма екендiгiн растаймыз.
Ұйымдастыру кадр
бөлімінің бастығы
(Бейресми аударма)
MD-98/11
2005 жылғы 10 наурыз
Жапония Елшiлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң iлтипатын бiлдiредi және 2005 жылғы 10 наурыздағы N 11/1-1-842 вербальдi нотаға сүйене отырып, Жапония Yкiметiнiң уәкiлеттi органы жоғарыда аталған нотада көрсетiлген ұсынысты қабылдайтындығы жөнiнде министрлiктi хабардар етедi.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
Осымен 2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң мерзiмiн ұзарту жөнiндегi Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі нотасының ағылшын тiлiнен аударма екендiгiн растаймыз.
Ұйымдастыру кадр
бөлімінің бастығы
Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңiздiң нота жауабы Жапония Үкiметi Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Үкiмет арасындағы Келiсiм болып саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды бiлдiремiн".
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi растау және Жоғары мәртебеңiздiң Нотасы мен осы Нота Жапония Үкiметi Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетiн екi Үкiмет арасындағы келiсiм болып саналатынына келiсiмiмдi бiлдiру құрметiне ие болып отырмын.
Осы жағдайды пайдалана отырып, Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң үлкен құрметiмдi бiлдiруге рұқсат етiңiз.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев
(Жапон тарапының нотасы
ағылшын тiлiнен аударма)
Жоғары мәртебелi,
"Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткiзу" (одан әрі - құрал-жабдық) жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Жапон Үкiметi өкiлдерi арасында жүргiзiлген жуырдағы келiссөздерге назар аударуға және Жапон Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етiңiз:
1. Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтiң дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтiк актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне қырық тоғыз миллион сегiз жүз мың жапон иенi (Ұ 49 800 000) мөлшерiнде грант (одан әрi - грант) бөледi.
2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап және егер де бұл кезең екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының екi жақты келiсiмi жолымен ұзартылмаса 2005 жылғы 31 наурызға дейiнгi кезең iшiнде күшiнде болады.
3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi өз мақсатында және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген құрал-жабдықтарды сатып алуға және Қазақстан Республикасындағы құрал-жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтер үшiн ғана пайдаланылады.
(2) жоғарыдағы (3) параграфтың (1) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер екi Үкiмет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылған құрал-жабдықтарды сатып алу керек деп есептесе, онда оны Грантта көзделген қаражаттарға алу керек болады.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапон боданымен келiсiм-шартты (осы келiсiмде пайдаланылатын "жапон боданы" терминi жапондық жеке тұлғалар бақылайтын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi) жапон иенiнде жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Грантқа қолайлы болу үшiн Жапон Үкiметi бекiтуге тиiс.
5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасы Yкiметi немесе оның органы белгiлеген Жапон банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атына шот ашады, және ол тек Грантты iске асыру мақсатында ғана пайдаланылатын болады.
(2) Жапон Үкiметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша (бұдан әрi - "Бекiтiлген келiсiм-шарттар") алған мiндеттемелерiн жабуға арналған төлемдердi жапон иенiнде 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген шотқа төлейдi, төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттiк берген банктер берген кезде орындалатын болады.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
(а) Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында уақтылы кедендiк ресiмдеудi және оны ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапон бодандарын Грант шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарлар мeн қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажы төлемдерiнен, ел iшiндегi салықтардан және өзге де қаржылық алымдардан босату;
(в) Бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметтерi қажет болатын жапон бодандарына Қазақстан Республикасына кiруге және өз жұмыстарын орындау үшiн онда болуға жағдайлар ұсынуға;
(г) құрал-жабдықтарды тиесiлi және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
(д) Грантпен жабылатын жобалардан басқа, Жобаларды iске асыру үшiн қажеттi шығыстарды төлеу бойынша шаралар қабылдайды.
(2) Грант бойынша сатып алынатын құрал-жабдықтарды тиеп-түсiруге және теңiздiк сақтандыруға келетiн болсақ, Қазақстан Республикасының Үкiметi екi елдiң компаниялары арасындағы тиеп-түсiру және теңiздiк - сақтандыруда адал және еркiн бәсекелестiкке бөгет болатын қандай да бiр шектеулердi қолданудан бас тартады.
(3) Грант есебiнен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары керi экспортқа шығарылмайды.
7. Екi Үкiмет жоғарыда аталған уағдаластықтардан немесе оларға байланысты туындауы мүмкiн кез келген мәселенi қарау кезiнде бiр-бiрiнен консультация алады.
Мен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне қатысты жоғарыда баяндалғанды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңiздiң нота жауабы Жапония Үкiметi Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi Yкiмет арасындағы Келiсiм болып саналуын ұсыну құрметiне ие болып отырмын.
Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды бiлдiремiн.
Йорико Кавагути
Жапония Сыртқы
iстер министрi
(Қазақстан тарапының нотасы
ағылшын тiлiнен аударма)
Жоғары мәртебелi,
Жоғары мәртебеңiздiң бүгiнгi күнгi төмендегiдей баяндалған нотаңызды алғанымызды растап, ризашылығымды бiлдiремiн.
"Жоғары мәртебелi,
"Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткiзу" (одан әрi - құрал-жабдық) жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Жапон Үкiметi өкiлдерi арасында жүргiзiлген жуырдағы келiссөздерге назар аударуға және Жапон Үкiметiнiң атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етiңiз:
1. Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтiң дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтiк актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне қырық тоғыз миллион сегiз жүз мың жапон иенi (Ұ 49 800 000) мөлшерiнде грант (одан әрi - грант) бөледi.
2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап және егер де бұл кезең екi Үкiметтiң уәкiлеттi органдарының екi жақты келiсiмi жолымен ұзартылмаса 2005 жылғы 31 наурызға дейiнгі кезең iшiнде күшiнде болады.
3. (1) Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi өз мақсатында және Жапонияда немесе Қазақстан Республикасында өндiрiлген құрал-жабдықтарды сатып алуға және Қазақстан Республикасындағы құрал-жабдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты қызметтер үшiн ғана пайдаланылады.
(2) жоғарыдағы (3) параграфтың (1) тармақшасының ережесiне қарамастан, егер екi Үкiмет Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылған құрал-жабдықтарды сатып алу керек деп есептесе, онда оны Грантта көзделген қаражаттарға алу керек болады.
Жоғары мәртебелі
Йорико Кавагути ханымға
Жапония Сыртқы
iстер министрi
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапон боданымен келiсiм-шартты (осы келiсiмде пайдаланылатын "жапон боданы" терминi жапондық жеке тұлғалар бақылайтын, жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi) жапон иенiнде жасасады. Мұндай келiсiм-шарттарды Грантқа қолайлы болу үшiн Жапон Үкiметi бекiтуге тиiс.
5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе оның органы белгiлеген Жапон банкiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атына шот ашады, және ол тек Грантты iске асыру мақсатында ғана пайдаланылатын болады.
(2) Жапон Үкiметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе оның уәкiлеттi органының 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша (бұдан әрi - "Бекiтiлген келiсiм-шарттар") алған мiндеттемелерiн жабуға арналған төлемдердi жапон иенiнде 5-тармақтың (1) тармақшасында көрсетiлген шотқа төлейдi, төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе оның уәкiлеттi органы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттiк берген банктер берген кезде орындалатын болады.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
(а) Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында уақтылы кедендiк ресiмдеудi және оны iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапон бодандарын Грант шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажы төлемдерiнен, ел iшiндегi салықтардан және өзге де қаржылық алымдардан босату;
(в) Бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметтерi қажет болатын жапон бодандарына Қазақстан Республикасына кiруге және өз жұмыстарын орындау үшiн онда болуға жағдайлар ұсынуға;
(г) құрал-жабдықтарды тиесiлi және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
(д) Грантпен жабылатын жобалардан басқа, Жобаларды iске асыру үшiн қажеттi шығыстарды төлеу бойынша шаралар қабылдайды.
(2) Грант бойынша сатып алынатын Құрал-жабдықтарды тиеп-түсiруге және теңiздiк сақтандыруға келетiн болсақ, Қазақстан Республикасының Үкiметi екi елдiң компаниялары арасындағы тиеп-түсiру және теңiздiк сақтандыруда адал және еркiн бәсекелестiкке бөгет болатын қандай да бiр шектеулердi қолданудан бас тартады.
(3) Грант есебiнен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары керi экспортқа шығарылмайды.
7. Екi Үкiмет жоғарыда аталған уағдаластықтардан немесе оларға байланысты туындауы мүмкiн кез келген мәселенi қарау кезiнде бiр-бiрiнен консультация алады.
Рәсiмдердi тәптiштеу жөнiндегi келiсiлген
хаттама
Жапон Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы Республика Сарайына (Алматы қаласы) дыбыстық құрал-жабдықтарды (бұдан әрi - Құрал-жабдықтар) сатып алуға арналған жапон мәдени ынтымақтастығына қатысты 2004 жылғы тамыздың 27-i күнi белгiленген Алмасу ноталарының (бұдан әрi - Алмасу ноталары) 1, 3, 4 және 5-параграфтарына сүйене отырып, Жапон Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi екi Үкiметтiң уәкiлеттi өкiлдерiмен келiсiлген мынадай рәсiмдердi тәптiштеулердi тiркегiсi келедi:
1. Тендер
1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағы 1) тармақшасында белгiленген құрал-жабдықтар мен қызметтердi сатып алу үшiн тиiмдi және кемсiтiлмей пайдалануы тиiс. Осы талаптарды сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасына немесе оның уәкiлеттi органына құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша тендер өткiзуге көмек көрсету үшiн тәуелсiз және құзыреттi агенттi тартуы қажет.
Бұдан әрi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлетті органы қосымшада санамаланған Агент қызметiнiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасына немесе оның уәкiлеттi органына көмек көрсету үшiн Жапон халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң (JICS) (бұдан әрi - Агент) қатысуымен Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгi бiр айдың iшiнде Алмасу ноталарының 4-тармағында айтылған келiсiм-шартты жасасуы тиiс;
2) Келiсiм-шарт Жапон Үкiметi жазбаша түрде бекiткеннен кейiн күшiне енедi.
2. Агенттiң қаламақысы
1) Алмасу ноталарының 1-параграфында айтылған сомаға Агенттiң қаламақысы енгiзiлуi тиiс;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы жоғарыда аталған келiсiм-шартқа сәйкес Алмасу ноталарының 5-тармағының 1) тармақшасында айтылған банкке осындай төлемге өкiлеттiктер беруi тиiс.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кез келген шенеунiгі өздерiне Алмасу ноталарының 4-параграфында айтылған тауарлар мен қызметтер сатып алу бойынша жапон азаматтары жұмысының ешқандай бөлiгiн алмауы тиiс.
4. Алмасу ноталарының 1-параграфында айтылған Гранттың жоспарын және/немесе схемасын өзгерту қажет болған жағдайда Қазақстан Үкiметi консультация өткiзуi және Жапон Үкiметiнен мұндай өзгерiстер енгiзуге келiсiм алуы тиiс.
__________________________ ___________________
Қазақстан Республикасының Жапонияның
Сыртқы iстер министрi Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев Йорико Кавагути
Талқылау хаттамасы
Республика Сарайына (Алматы қаласы) құрал-жабдықтар сатып алу үшiн жапон мәдени ынтымақтастығы туралы 2004 жылғы 27 тамыздағы Алмасу ноталарына (бұдан әрi - Алмасу ноталары) байланысты Жапон делегациясы мен Қазақстан делегациясының өкiлдерi мыналарды тiркегiсi келедi:
1. Жапон делегациясының өкiлi Алмасу ноталарының 3-тармағының 1) тармақшасына қатысты яғни Қазақстан Республикасының Үкiметi Алмасу ноталарының 4-параграфында айтылған келiсiм-шарттарды ұсынғаны үшiн кез келген сыйтарту немесе сыйақы беру ұсынысын болдырмау үшiн қажеттi шаралар қолданатынын Жапон Үкiметi түсiнедi деп хабарлайды.
2. Қазақстан делегациясының өкiлi Жапон делегациясы өкiлiнiң жоғарыда көрсетiлген өтiнiшiне оның делегациясы қарсы емес деп хабарлайды.
__________________________ ___________________
Қазақстан Республикасының Жапонияның
Сыртқы iстер министрi Сыртқы iстер министрi
Қасымжомарт Тоқаев Йорико Кавагути
Қосымша
Агент қызметтерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшiлiгiне жазбаша нысанда жолдаған сұрауы негiзiнде сатып алуға тендер жарияланатын тауарлардың (бұдан әрi - Құрал-жабдықтар) тiзiмiн дайындау.
2. Құрал-жабдықтардың бағасы мен сипаттамасын зерттеу және тендер үшiн неғұрлым жоғары баға шегiн анықтау.
3. Тендердiң мерзiмдерi мен тәртiбiн және техникалық сипаттамасын қамтитын тендерге арналған құжаттардың жобасын дайындау.
4. Тендердi жариялау және тендердiң құжаттарын тарату.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе оның уәкiлеттi органына үмiткерлердiң қатысуымен Агенттiң офисiнде тендер өткiзуге және жеңiмпазды анықтауға көмек көрсету.
6. Тендер бойынша ағылшын тiлiнде есеп дайындау және есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе оның уәкiлеттi органына ұсыну.
Осымен 2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң бұл мәтіні ағылшын тілінен аударма екендігін растаймыз.
Министр
Осымен 2004 жылғы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасында "Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткiзу (Алматы қаласы)" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметiнiң грантын Тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментiнiң
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы