Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 104 Заңы

      Ослода 2001 жылғы 3 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі
арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық
салуды болдырмау және салық төлеуден
жалтаруға жол бермеу туралы
КОНВЕНЦИЯ   <*>

(2006 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді - 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2006 ж., N 2, 23-құжат)

      Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі екі Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға деген ниеттерін растап және табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасасуды қалай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  I ТАРАУ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛАСЫ

  1-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

  2-бап
КОНВЕНЦИЯ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР

      1. Осы Конвенция, Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды және кәсіпорындар төлейтін еңбекақының немесе жалақының жалпы сомасына салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсуінен алынатын салықтарды қоса, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жеке бөліктерінен алынатын салықтардың барлық түрі табыс пен капиталға салынатын салықтар деп есептеледі.
      3. Осы Конвенция қолданылатын қазіргі салықтар атап айтқанда, мыналар болып табылады:
      а) Қазақстан жағдайында:
      (і) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
      (іі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
      (бұдан әрі - "Қазақстан салығы" деп аталады);
      b) Норвегия жағдайында:
      (і) табысқа салынатын ұлттық салық;
      (іі) табысқа салынатын аймақтық қалалық салық;
      (ііі) табысқа салынатын қалалық салық;
      (iv) Салықтық Теңестіру ұлттық Қорына жарналар;
      (v) капиталға салынатын ұлттық салық;
      (vі) капиталға салынатын қалалық салық;
      (vіі) су асты мұнай ресурстарын барлау мен игеруден, мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдауды қоса алғанда, соларға байланысты әрекеттер мен жұмыстардан алынатын табыс пен капиталға қатысты ұлттық салық; және
      (vііі) резидент емес әртістердің сыйақыларына салынатын ұлттық алымдар;
      (бұдан әрі - "Норвегия салығы" деп аталады).
      4. Конвенция осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейін қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы алатын бірдей немесе мәні бойынша ұқсас кез келген салықтарға да қолданылады.

  II ТАРАУ
АНЫҚТАМАЛАР

  3-бап
ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР

      1. Егер мәтіннің толық мәнінен өзгедей мағына туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      а) (і) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдіреді. Географиялық мағынада қолданған кезде "Қазақстан" термині халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан белгілі бір мақсаттары үшін егемендік құқықтары мен заңдарын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салықтарын реттейтін заңдар қолданылатын аумақтық суларды, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрлықтық қайраңды қамтиды;
      (іі) "Норвегия" термині Норвегия Корольдігін білдіреді. Норвегияның заңдарына сәйкес және халықаралық құқықтарға сәйкес Норвегия Корольдігі теңіз табанына және оның қойнауы мен олардың табиғи ресурстарына қатысты өзінің құқықтарын жүзеге асыра алатын, Норвегия Корольдігінің аумақтық суларының шегінен тысқары жердегі кез келген аумақты қамтиды термин Свалбардты, Жан Майенді және Антарктидадағы норвегиялық аумақтарды ("biland") қамтымайды;
      b) "тұлға" термині жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа бірлестігін қамтиды;
      с) "компания" термині салық мақсаттары үшін корпорациялық бірлестік ретінде қарастырылатын келген корпорациялық бірлестікті немесе кез келген экономикалық бірлікті білдіреді және Қазақстан жағдайында корпорациялық бірлестік ретінде салық салуға жататын, акционерлік компанияны, жауапкершілігі шектеулі компанияны кез келген заңды тұлғаны қамтиды;
      d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдері мәтіннің толық мәніне қарай, Қазақстанды немесе Норвегияны білдіреді;
      е) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" және "бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
      f) "халықаралық тасымал" термині теңіз немесе әуе кемесі тек екінші Уағдаласушы Мемлекеттің пункттері арасында ғана пайдаланылатынынан басқа жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын кез келген теңіз немесе әуе көлігімен жасалатын тасымалды білдіреді;
      g) "құзыретті орган" термині:
      (і) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін;
      (іі) Норвегияда: Қаржы және кеден министрі немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді;
      h) "ұлттық тұлға" термині:
      (і) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (іі) Уағдаласушы Мемлекеттің қолданылып жүрген заңдары негізінде өз мәртебесін алған кез келген заңды тұлғаны, әріптестікті немесе қауымдастықты білдіреді.
      2. Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта осы Конвенцияны қолданған кезде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәтіннің толық мәнінен өзгедей мағына туындамаса, осы Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттің заңдары бойынша ол қандай мағынасы болса, сондай мағынаға ие болады және оның осы Мемлекеттің салық заңдарына қолдану жөніндегі кез келген мағынасы осы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.

  4-бап
РЕЗИДЕНТ

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті" термині осы Мемлекеттің заңдары бойынша өзінің тұрғылықты орны, резиденттігі, басқару орны, құрылу орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшемнің негізінде, онда салық салынуға тиісті кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ осы Мемлекетті және оның кез келген аймақтық немесе жергілікті өкімет органын қамтиды. Ол, сондай-ақ зейнетақылық немесе жұмыс істеушілерге арналған жәрдемақылардың басқа да бағдарламасын, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған кез келген қайырымдылық ұйымды қамтиды.
      Алайда, бұл термин тек осы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа немесе онда орналасқан капиталға қатысты немесе осы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, оның мәртебесі мынадай тұрғыдан айқындалады:
      а) ол өзінің билік етуіндегі тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі; егер оның билік етуінде Мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол мейлінше тығыз жеке және экономикалық қатынасы бар Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
      b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе оның Мемлекеттердің бірде біреуінде өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың бірде(де) біреуінде тұрмаса, ол өзі азаматы болып отырған Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
      d) егер ол екі Мемлекеттің де немесе олардың бірде біреуінің де азаматы болып табылмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары мәселені өзара келісім бойынша шешеді.
      3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес, жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, ол онда тиімді басқару орны орналасқан жердегі мемлекеттің резиденті болып саналады.

  5-бап
ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның тұрақты қызмет орнын білдіреді, кәсіпорын ол арқылы толық немесе ішінара түрде кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
      2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
      а) басқару орыны;
      b) бөлімше;
      с) кеңсе;
      d) фабрика;
      е) шеберхана; және
      g) шахта, мұнай немесе газ үңғыма, карьер немесе табиғи ресурстар өндірілетін кез келген басқа кен орны.
      3. "Тұрақты мекеме" термині, сондай-ақ мыналарды қамтиды:
      а) құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісі, немесе соларға байланысты байқау қызметтері, тек бұл үшін осындай алаң не объект 12 айдан астам уақыт бой жұмыс істеуі немесе осындай қызметтер 12 айдан астам уақыт бойы көрсетілуі қажет;
      b) табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылған қондырғы немесе ғимарат, немесе соларға байланысты байқау қызметтері, немесе бұрғылау қондырғы, тек бұл үшін осындай пайдалану 6 айдан астам уақыт бойы созылса немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілуі қажет;
      с) қызметшілер немесе басқа осындай мақсаттар үшін жалдап алынған қызметкерлер арқылы, консультациялық қызметтерді қоса алғанда, қызметтер көрсету, бірақ тек бұл үшін осындай сипаттағы қызмет (осындай немесе оған байланысты жоба үшін) ел шегінде 12 айдан астам уақытқа жалғасуы қажет.
      4. Бұл баптың осының алдыңғы ережелеріне қарамастан "тұрақты мекеме" термині мыналарды:
      а) ғимараттарды, кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету не жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана пайдалануды;
      b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана ұстауды;
      с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек өзге кәсіпорынның ұқсату мақсаттары үшін ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшін ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін әзірлік немесе көмекші сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру үшін ғана ұстауды;
      f) осындай амал нәтижесінде туындаған, тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі даярлық немесе көмекші сипатта болған жағдайда, тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан е) тармақшасына дейін көрсетілген қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ұстау қамтиды деп қарастырылмайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағы қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға кәсіпорынның атынан іс-әрекет етсе және кәсіпорын атынан келісім-шарттар жасау өкілеттігіне ие болса және оны әдетте Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, онда бұл кәсіпорын осындай тұлғаның әрекеті 4-тармақта айтылған ережелермен шектелмей, осы тұлға кәсіпорын үшін атқаратын, тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылып, бұл тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын кез келген әрекетіне қатысты осы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылады.
      6. Делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез келген басқа агент өздерінің әдеттегі қызметі шеңберінде әрекет жасаған жағдайда, кәсіпорын осы Мемлекетте осындай тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатындықтан ғана, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (не тұрақты мекеме арқылы не басқа жолмен) компанияны бақылауы немесе бақылап отыруы фактісінің өздігінен осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдыра алмайды.

  III ТАРАУ
ТАБЫСҚА САЛЫҚ САЛУ

  6-бап
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қосқанда) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша ол қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда, жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен құрал-жабдықтарды, жер меншіктілігіне қатысты жалпы құқықтың ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктысын және минералдық ресурстарды, кен көздерін және басқа табиғи қазбаларды игеру үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе кесімді төлемдерді алу құқықтарын немесе соларды игеру құқығын қамтиды; теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1, 3 тармақтардың ережелері сондай-ақ кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа және тәуелсіз жеке қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен алынатын табысқа қолданылады.

  7-бап
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА

      1. Егер кәсіпорын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесі арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын болса, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғанындай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, онда басқа Мемлекетте кәсіпорынның табысына тек мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) осындай тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сай келетін тауарлардың немесе бұйымдардың осы басқа Мемлекетте сатылуына; және
      с) осындай тұрақты кәсіпорын арқылы жүзеге асырылатын, өзінің сипаты бойынша кәсіпкерлік қызметпен сай келетін, осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты салық салынуы мүмкін.
      2. 3-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметін сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, онда ол осы тұрақты мекеме нақ осындай не осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе соған ұқсас қызметпен айналысатын оқшауланған және жеке кәсіпорын болса, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз жұмыс істегенде ала алатын пайдасы әрбір Уағдаласушы Мемлекеттегі осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде шығыстар басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын қоса алғанда, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі. Басқа офистерінің кез келгеніне роялти, қаламақылар немесе патенттерді немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшін өтеу ретінде басқа ұқсас төлемдерді төлеу жолымен немесе арнайы (нақты) қызметтер көрсеткені үшін немесе менеджмент үшін комиссиялық ақы түрінде немесе тұрақты мекемеге кредит - берілген сомаға проценттер төлеу жолымен төленген сомаларды шегеріп тастауға жол берілмейді.
      4. Бұл әдетте Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы айқындау кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын әртүрлі бөлімшелері бойынша оның мөлшерлес бөлу негізінде айқындау бұл әдетте қалай қабылданғанына қарай, 2-тармақта ешбір нәрсе де осы Уағдаласушы Мемлекетте әдетте қабылданғанындай, осылай бөлу арқылы айқындауға тыйым салмайды; алайда мөлшерлес бөлудің таңдап алынған әдісі осы Бапта айтылған қағидаттарға сәйкес келетін нәтижелер беруге тиіс.
      5. Осы тұрақты мекемеге кәсіпорын үшін тауарларды немесе бұйымдарды сатып алуы негізінде тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейді.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы үшін қол жетіп және оңай алынатын ақпарат тұрақты мекеменің пайдасын немесе шығыстарын айқындау үшін жеткіліксіз болып табылса, пайда осы Мемлекеттің салық заңдарына сәйкес есептелуі мүмкін. Осы тармақтың мақсаттары үшін, егер құзыретті орган мұндай ақпаратты жазбаша сұратқан күннен бастап 91 күннің ішінде салық төлеуші сұратып отырған құзыретті органға ақпаратты берсе, ақпарат жеңіл алынған болып саналады.
      7. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса жылдан жылға біркелкі тәсілмен айқындала береді.
      8. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында ол туралы жеке-жеке айтылған табыстардың түрлерін қамтитын болса, осы баптың ережелері. Бұл баптардың ережелерін қозғамайды.

  8-бап
ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛІГІ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны халықаралық тасымалдауда теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланудан алған пайдаға тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 1-тармақтың ережелері пулға, бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық пайдалану агенттігіне қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.
      3. 1 және 2 тармақтардың ережелері Норвегия, Дания және Швеция бірлестігі Скандинавия Авиажелілері (SАS) жүйесінің автокөлік концорциумы ретінде алған пайдаға, бірақ тек Det Norske Luftfartsselskap А\S (DNL), Скандинавия Авиажелілері (SАS) жүйесінің Норвегиялық қатысушысы осы ұйымдағы оның үлесіне шамалас алынған пайдасына ғана қолданылады.

  9-бап
ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАР

      Егер
      а) Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) сол бір ғана тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорынын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, және
      кез келген жағдайда, екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін өзгеше жағдай пайда болса немесе орнаса, олардың біріне есептеуге болатын, бірақ осы жағдайлардың бар болуына байланысты есептелмей қалған кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және, тиісінше, салық салынуы мүмкін.

  10-бап
ДИВИДЕНДТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компаниялардың басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте де мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін, ал егер аларман дивидендтердің іс жүзіндегі иесі болып табылса, онда осылайша жолмен алынатын салық:
      а) егер дивидендтерді төлейтін компанияның капиталының ең кемі 10 процентіне тікелей ие іс жүзіндегі иесі болса - дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен;
      b) қалған барлық басқа жағдайларда - дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспайтын болады.
      Бұл тармақтың ережелері компанияның дивидендтер төленетін пайдаға қатысты салық салуын қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" термині осы Бапта пайдаланылғанда бөлетін компания резиденті болып отырған Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңына сәйкес, акциялардан алынатын табыс сияқты, осындай салық реттеуіне жататын борыштық талаптар болмайтын акциялардан, кен өндіру өнеркәсібі акциялардан, құрылтайшылар акцияларының немесе басқа құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудағы табысты, сондай-ақ салық реттеуіне жататын басқа да корпорациялық құқықтардан алынатын табысты білдіреді.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын дивидендтердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесі арқылы онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы басқа Мемлекетте өздеріне қатысты дивидендтер төленетін осындағы тұрақты базамен холдингке тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе, шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай кезде мән-жайларға қарай  7-баптың  (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе  14-баптың  (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы басқа Мемлекет, осындай дивидендтер осы басқа Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға шын мәнінде қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтін дивидендтерден қандай да болсын салық ала алмайды, егер төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда толық не болмаса ішінара осы басқа Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан алып тұрған күннің өзінде де компанияның бөлінбеген пайдасына салық салуға ұшырай алмайды.
      6. Осы Конвенцияда Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның табыстарынан алынуы мүмкін салыққа қосымша, осылайша кез келген қосымша алынатын салықтың сомасы мұның алдындағы салық салынатын жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған табыс сомасының 5 процентінен аспауы тиіс жағдайда, осы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты компаниялардың табыстарынан салық алуға еш нәрсе тосқауыл бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшін "табыстар" термині, құн өсімінен алынатын кез келген табыстарды қоса алғанда, осы Мемлекетте осындай пайдадан алынатын, осында аталған қосымша салықтан басқа барлық салықтар шегеріп тасталған жылғы және мұның алдындағы жылдары Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты пайданы білдіреді.

  11-бап
ПРОЦЕНТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай проценттерге сол сияқты олар туындайтын Уағдаласушы Мемлекетте, және де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ егер, алушы проценттердің іс жүзіндегі иесі болса, онда осылайша алынатын салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспайтын болады.
      3. "Проценттер" термині осы Бапта пайдаланылған кезде осы бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық міндеттемелер бойынша сыйлық пен ұтыстарды қосқанда, кепілдікпен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген борыштық талаптардың кез келгенінен алынған табысты, ішінара үкіметтің бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Осы Баптың мақсаттары үшін төлемдердің уақытында жасалмағаны үшін салынатын айыппұлдар проценттер ретінде қарастырылмайды.
      4. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын проценттер, егер:
      а) проценттердің іс жүзіндегі иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылған жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекет Үкіметінің немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органының облигацияларына, борыштық міндеттемелеріне немесе басқа да міндеттемелеріне байланысты, проценттер төленетін болса;
      b) проценттер Уағдаласушы Мемлекеттердің құзіретті органдарының арасында келісіліп отырылуы мүмкін Норвегияның Орталық Банкінің, Норвегияның Экспорттық кредиттерге кепілдік беру институтының немесе А/S Экспортфинанстың немесе кез келген басқа мекемесінің берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырған заемға немесе берілген, кепілдік берілген, сақтандырылған кредитке қатысты Қазақстан резидентінің Норвегияның резидентіне берешегі бойынша проценттер төленетін болса;
      с) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзіретті органдарының арасында келісіліп отырылуы мүмкін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің немесе Эксимбанктің немесе басқа мекеме берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырған заемға, берілген немесе кепілдік берілген немесе сақтандырған кредитке қатысты Норвегия резидентінің Қазақстанның резидентіне берешегі бойынша проценттер төленетін болса, осы Мемлекетте салықтан босатылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, проценттердің нақты иесі проценттер пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырса немесе осы екінші Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе, ал өзіне қатысты проценттер төленетін борыштық талабы шын мәнінде осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса 1, 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретіне қарай  7-баптың  (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе  14-баптың  (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
      6. Егер, осы Мемлекеттің өзі, оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органдары немесе осы Мемлекеттің резиденті төлеуші болса проценттер Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған болып саналады. Алайда, егер проценттер төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетін берешек пайда болған тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттерді осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтін болса, онда мұндай проценттер осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      7. Егер проценттер төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасында арнаулы қатынастардың салдарынан, борыштық талаптардың негізінде төленетін проценттердің сомасы осындай қатынастар болмаған кезде проценттерді төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасында келісілген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда осы Конвенцияның басқа да ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес төлемнің артық бөлігіне салық салынуға тиіс.
      8. Егер проценттер төленетін борыштық талапты жасаумен немесе тапсырумен байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай борыштық талаптарды жасау немесе тапсыру жолымен осы Баптан пайда табу болса, осы Баптың ережелері қолданылмайды.

  12-бап
РОЯЛТИ

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ роялтидің алушысы және оның нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылай алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиісті.
      3. Осы Баптың 2-тармағына қарамастан, осы Баптың 4-тармағында айқындалғанындай, роялтидің іс жүзіндегі иесіне, лизингке қатысты егер осындай роялтиді төлеуге қатысты құқық немесе мүлік іс жүзінде осы Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, өзінің қалауы бойынша роялти пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін. Мұндай кезде осы Конвенцияның  7-бабының  (Кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда) немесе  14-бабының  (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері жағдайларға байланысты осындай құқық пен мүлікке қатысты табыс пен шегерімдерге (негізгі құралдарды сатып алуға байланысты күрделі шығындардың шегерімдерін қоспағанда) қолданылады.
      4. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдерді және радио немесе телехабарларға арналған фильмдерді немесе таспаларды, кез келген патентті, сауда маркасын, дизайнды немесе модельді, жоспарды, құпия формуланы немесе процесті қоса алғанда, әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына арналған кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе осындай құқықты пайдалануға бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпараттар ноу-хау үшін сыйақы ретінде алынған төлемдердің кез келген түрін білдіреді.
      5. Егер роялтидің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын роялти пайда болған екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базамен тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және роялти оларға қатысты төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай кезде жағдайларға байланысты ретіне қарай  7-баптың  (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе  14-баптың  (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
      6. Егер осы Мемлекеттің өзі, оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органдары немесе осы Мемлекеттің резиденті төлеуші болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледі. Алайда, егер роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті ме, жоқ па осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу міндеттемесінің пайда болуына қатысты тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және осындай роялти осы тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      7. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа тұлғаның арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан, құқыққа немесе ақпаратты пайдалануға қатысты төленетін роялтидің сомасы осындай қатынастар балмаған кезде роялтиді төлеуші мен оның іс жүзіндегі иесі арасында келісілген сомадан асып кетсе, онда осы Баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігі осы Конвенцияның басқа ережелерін тиісті түрде ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңына сәйкес салық салынуға жатады.
      8. Егер Қазақстан осы Конвенцияға қол қойылған күнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болып табылатын, үшінші мемлекетпен жасасқан қосарланған салықты болдырмау туралы кез келген Конвенцияда, Қазақстан осы уақыттан кейін осы Баптың 4-тармағында айтылған анықтамадан құқықтың немесе мүліктің кез келген түрін алып тастауға келіссе, немесе роялтиге салынатын Қазақстан салығынан Қазақстанда пайда болған роялтиді босатса немесе 2-тармақта қарастырылған салықтың ставкасын шектесе, онда мұндай айқындау немесе босату, немесе төмен ставка, тиісінше 4-тармақта немесе 2-тармақта қарастырылғаны сияқты, бірден қолданылады.
      9. Егер роялти төлеуге қатысты құқықтарды жасауға және беруге байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы Баптан пайда табу болса, бұл баптың ережелері қолданылмайды.

  13-бап
МҮЛІК ҚҰНЫНЫҢ ӨСІМІНЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің  6-бапта  айтылғандағыдай (Жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар) және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті шеттетуден алған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің шеттетуден алған табыстарына:
      а) құнын немесе олардың құнының көп бөлігін тікелей немесе жанама түрде Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын ресми танылған қор биржасында елеулі және тұрақты негізде саудаланатын акциялардан бөлек өзге акциялардан; немесе
      b) активтері негізінен, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен, немесе жоғарыда а) тармақшасында атап өтілген акциялардан тұратын әріптестікке немесе сенімгерлік қорына (трастқа) қатысудан алынатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие тұрақты мекемесінің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті шеттетуден немесе осындай тұрақты мекемені немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарды қоса алғанда, тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне қарауындағы тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүліктен алатын табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе теңіз және әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті шеттетуден алынатын табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның акцияларын немесе басқа да корпорациялық құқықтарын шеттетуден алынатын табыстар және осы Мемлекеттің резиденті болған және осындай акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды алғаннан кейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне айналған жеке тұлға алған осындай акцияларды немесе құқықтарды шеттетуден алынатын табыстар сияқты осы Мемлекетте салықтық реттеуге түсетін кез келген бағалы қағаздарды шеттетуден алынған табыстарға, егер жеке тұлға бірінші аталған Мемлекеттің резиденті болуын тоқтатқан күннен кейінгі бес жылдың ішінде кез келген уақытта акцияларды, құқықтарды немесе бағалы қағаздарды шеттету жүргізілсе, бірінші атап өтілген Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      6. Мұның алдындағы тармақтарда айтылғандардан өзге кез келген мүлікті шеттетуден алынған табыстарға мүлікті шеттетуші тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

  14-бап
ТӘУЕЛСІЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлғаның кәсіби қызмет көрсетуге немесе тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметке қатысты алатын табысына осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда мұндай табысқа егер:
      а) жеке тұлға басқа Мемлекетте кез келген 12 айлық кезеңнің жалпы алғанда 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер ішінде болатын болса; немесе
      б) жеке тұлғаның өз қызметтерін жүзеге асыру үшін осы басқа Мемлекетте ол ұдайы қатыса алатын тұрақты базасы болса;
      бірақ тек оның осы басқа Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметтерге қатысты бөлігінде ғана басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. "Кәсіби қызметтер" термині, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, әртістік, білім беру немесе оқытушылық қызметтерді, сондай-ақ дәрігерлердің, заңгерлердің, инженерлердің, сәулетшілердің, тіс дәрігерлерінің және бухгалтерлердің тәуелсіз қызметтерін қамтиды.

  15-бап
ТӘУЕЛДІ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР

      1.  16  - (Директорлардың қаламақылары),  18   (Зейнетақылар, аннуитеттер, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдері және алименттер) және  19   (Мемлекеттік қызмет) баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті жалданып істеген жұмысына байланысты алған еңбекақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға, егер тек жалданып жұмыс істеу басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс осындай тәсілмен орындалса, осындай жұмысқа байланысты алынған осындай сыйақыға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын, жалдау жұмыстарына байланысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған сыйақыға тек бірінші аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
      а) алушы кез келген 12 айлық кезеңінің ішінде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде осы басқа Мемлекетте тұрса, және
      b) сыйақыны алушы резиденті болып табылатын және іс-әрекеті жұмыс күшін жалдап алуға қатысты емес Мемлекеттің резиденті болып табылатын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақыны жалдаушының осы басқа Мемлекеттегі тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы төлемесе.
      3. Осы Баптың алдындағы ережелеріне қарамастан, халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында орындалатын, жалдауға байланысты жұмыстарға қатысты алынған сыйақыға осы теңіз немесе әуе кемесін пайдаланушы кәсіпорын резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      4. Егер Норвегияның резиденті Скандинавия Әуе желілері Жүйесінің консорциумы (SAS) халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын ұшақтардың бортында жүзеге асырған жалдамауға байланысты жұмыстарға қатысты сыйақы алса, мұндай сыйақы резиденті алушы болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

  16-бап
ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ

      Басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын, компанияның директорлар кеңесінің немесе осыған ұқсас органының мүшесі ретінде Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған директорлардың қаламақыларына және басқа да сондай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

  17-бап
ӘРТІСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР

      1.  14  (Тәуелсіз жеке қызметтер) және  15  (Тәуелді жеке қызметтер) баптардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе теледидар әртісі ретінде немесе сазгер, немесе спортшы ретінде басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын жеке қызметінен алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының өзінің осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметінен алынатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес, басқа тұлғаға есептелсе, бұл табысқа, осы Конвенцияның  7   (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда),  14   (Тәуелсіз жеке қызметтер) және  15   (Тәуелді жеке қызметтер) баптарының ережелеріне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылған Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Егер осы Мемлекетке сапарды едәуір дәрежеде басқа Уағдаласушы Мемлекеттің қоғамдық қорлары немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органдарда қаржыландыратын болса, өнер қызметкерінің немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алынған табысқа 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда резиденті өнер қызметкері немесе спортшы болып табылатын Мемлекетте ғана салық салынады.

  18-бап
ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР, АННУИТЕТТЕР, ӘЛЕУМЕТТІК
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӨЛЕМДЕРІ ЖӘНЕ АЛИМЕНТТЕР

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақыларға (үкіметтік зейнетақылар мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдерін қоса) және аннуитеттерге осы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Алименттерге және Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге (балаларды бағуға арналған төлемдерді қоса) осы Мемлекетте ғана салық салынады. Алайда, кез келген алименттерге және төлеушіге рұқсат етілген жәрдемақы сияқты емес мөлшерде бір Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін бағып-күтуге арналған басқа да төлемдерге бірінші аталып өтілген Мемлекетте ғана салық салынады.

  19-бап
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органдары осы Мемлекетке немесе аймақтық немесе жергілікті өкімет органына көрсетілетін қызметке қатысты жеке тұлғаға төленетін еңбекақыға, жалақыға немесе зейнетақыдан өзге, басқа да ұқсас сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға, ол:
      (і) осы Мемлекеттің азаматы болып табылса, немесе
      (іі) қызметті жүзеге асыру мақсатымен ғана осы Мемлекеттің резиденті болмаған болса, мұндай еңбекақыға, жалақыға және басқа да  ұқсас сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
      2.  15   (Тәуелді жеке қызметтер) және  16   (Директорлардың қаламақылары) баптардың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның аймақтық немесе жергілікті өкімет органынан жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты орындайтын қызметке қатысты зейнетақыдан өзге еңбекақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақы қолданылады.

  20-бап
СТУДЕНТТЕР

      Уағдаласушы Мемлекетке нақты келгенге дейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және болған бірінші атап өтілген Мемлекетте тек білім алу немесе тәжірибеден өту үшін ғана тұрып жатқан студент немесе тәжірибеден өтуші алатын, оларды ұстауға, білім алуына немесе тәжірибеден өтуіне арналған төлемдер, егер бұл төлемдердің көздері осы Мемлекеттен тысқары жерде орналасса, осы Мемлекетте салық салынбайды.

  21-бап
ОФФШОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

      1. Осы Баптың ережелері осы Конвенцияның басқа ережелеріне қарамастан, мыналарға қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және екінші Мемлекетте орналасқан теңіздің табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты басқа Уағдаласушы Мемлекетте оффшорлық қызметті жүзеге асырса, осы баптың 3 және 4-баптарына сәйкес осы екінші Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын мұндай қызметке қатысты болып саналады.
      3. Егер қызмет кез келген он екі айлық кезеңде жалпы 30 күннен аспайтын кезеңде жүзеге асырылса, 2-тармақтың ережесі қолданылмайды. Алайда, осы тармақтың мақсаты үшін:
      а) басқа бір кәсіпорынмен қауымдасқан кәсіпорынның жүзеге асыратын қызметі, егер сөз болып отырған қызмет соңғы аталған кәсіпорын жүзеге асыратын қызметпен елеулі түрде ұқсайтын болса, өзі қауымдасқан кәсіпорын жүзеге асырған сияқты қарастырылуы мүмкін;
      б) екі кәсіпорын, егер біріншісін екіншісі тура немесе жанама түрде бақылайтын немесе екеуін де үшінші тұлға немесе тұлғалар бақылайтын болса, қауымдасқан болып саналады.
      4. Уағдаласушы Мемлекетте теңіз табанын және оның жер қойнауын және табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын орынға немесе орындардың арасына қорларды немесе қызметкерлерді тасымалдаудан немесе қызметкерлерді тасымалдаудан немесе кемені жетекке алатын кемелерді көмекші пайдаланудан және осындай қызметке басқа кемелерді пайдаланудан Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған пайдаға кәсіпорын резиденті болып табылатын тек Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      5. а) Осы тармақтың b) тармақшасын ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңіз табанын және теңіз табанының жер қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты жалдау жөніндегі жұмыстарға қатысты алған еңбекақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға осы екінші Мемлекеттегі оффшорда осы қызмет қалай жүзеге асырылуына қарай осы екінші Мемлекетте салық салынады. Алайда, егер екінші мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жалдаушы үшін жалдау жұмыстары оффшорда және кез келген 12 айлық кезеңде жалпы алғанда 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде жүзеге асырылса, мұндай сыйақыға тек бірінші аталған Мемлекетте ғана салық салуға жатады;
      b) басқа Уағдаласушы Мемлекетте теңіз табанын және оның жер қойнауын және олардың табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын, орналасқан орынға немесе орналасқан орынның арасында запастарды немесе қызметкерлерді тасымалдаумен айналысатын кеменің немесе ұшақтың бортында орындалатын жалдау жұмыстарына қатысты немесе кемені жетекке алатын кемелердің бортында орындалған немесе осындай қызметке көмекші басқа кемелерді пайдалануға байланысты жүзеге асырылатын жалдау жұмыстарға байланысты Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған еңбекақыға, жалақыға және сол сияқты сыйақыларға осындай қызметті жүзеге асырушы кәсіпорын резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      6. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің:
      а) барлауға немесе игеруге арналған құқықтары; немесе
      б) екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүліктерді және осы екінші Мемлекетте орналасқан теңіздің табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты пайдаланылатын мүліктерді;
      с) мұндай құқықтардан немесе осындай мүліктен, немесе осындай құқықтарды немесе осындай мүлікті қоса алғанда тура немесе жанама түрде өз құнын немесе оның көп бөлігін алатын акцияларды - шеттетуден алатын табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      Осы тармақтағы "барлауға немесе игеруге арналған құқықтар", екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңіз табанын және оның жер қойнауын, басқа да табиғи ресурстарын барлаудың және игерудің нәтижесінде алынатын активтерге деген құқықтарды, мұндай активтерден алынатын немесе жеңілдіктерге деген құқықтарды қоса білдіреді.

  22-бап
БАСҚА ТАБЫСТАР

      1. Осы Конвенцияның мұның алдындағы Баптарында айтылмаған, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің табыс түрлеріне пайда болу көздеріне қарамастан, тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2.  6-баптың  (Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс) 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы осы қызметті жүзеге асырса немесе осы екінші Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және алынған табысқа қатысты құқық немесе мүлік іс жүзінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1-тармақтың ережесі қолданылмайды. Мұндай жағдайда, мән-жайларға байланысты  7-баптың  (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда) немесе  14-баптың  (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.

  IV ТАРАУ
КАПИТАЛҒА САЛЫҚ САЛУ

  23-бап
КАПИТАЛ

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет резидентінің меншігі болып табылатын және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан,  6-бапта  (Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс) аталған жылжымайтын мүлік ретінде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны екінші Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бөлігін құрайтын жылжымалы мүлік немесе тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшін екінші Уағдаласушы Мемлекетте бір Уағдаласушы Мемлекет резидентінің пайдаланылатын тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз және әуе кемелері және осындай теңіз және әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлік түрінде ұсынылған капиталға осы Мемлекетте салық салынады.
      4. Уағдаласушы Мемлекет резиденті капиталының барлық басқа элементтеріне тек осы Мемлекетте салық салынады.

  V ТАРАУ
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ӘДІСТЕРІ

  24-бап
ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ

      Уағдаласушы Мемлекеттер заңдарының ережелеріне сәйкес және шектеулерін (уақыт өткен сайын, олардың негізгі қағидаларын өзгертпей, түзетулер енгізіліп отыруы мүмкін) ескере отырып:
      а) егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс тапса, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет:
      (і) осы резиденттің табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленетін табыс салығына тең соманы шегеруге;
      (іі) осы резиденттің капиталына салынған салықтан басқа Мемлекетте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегеріп тастауға рұқсат етеді.
      Алайда, мұндай шегерім, кез-келген жағдайда, табыс салығының немесе капиталға салынатын салықтың, басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табысқа немесе капиталға қатысты шегерім берілгенге дейін есептелген бөлігінен аспауға тиісті.
      b) Егер Конвенцияның кез-келген ережесіне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне тиесілі алынған табыс немесе капитал осы Мемлекетте салықтан босатылған болса, онда осы Мемлекет, алайда, осындай резиденттің қалған табысына немесе капиталына салынатын салық сомасын есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды есепке алуы мүмкін.

  VI ТАРАУ
АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  25-бап
КЕМСІТПЕУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе біршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға осы басқа Мемлекеттің ұлттық тұлғалары осындай жағдайларда да басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиіс. Осы ереже  1-баптың  (Конвенция қолданылатын тұлғалар) ережелеріне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе осыларға байланысты жағдайлардан өзгеше немесе біршама ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе осыларға байланысты кез келген жағдайға Уағдаласушы Мемлекеттердің резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар сондай жағдайларда да екінші Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиісті.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметті жүзеге асыратын осы басқа Мемлекеттің кәсіпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте біршама қолайсыздау болмауы тиіс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттің төл резиденттеріне беретіндей, екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасылық міндеттемесі негізінде салық салу мақсаттары үшін кез келген салықтық жеңілдіктер, шегерімдер және шегерістер беруді міндеттейтіндей болып пайымдалмауы тиіс.
      4.  9-баптың 11-баптың  7-тармағының немесе  12-баптың  7-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда Уағдаласушы Мемлекеттің басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсіпорынның пайдасын айқындау мақсатында олар бірінші аталған Мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезінде шегеріліп тастауға жатады. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне ұқсас кез келген борышы осындай кәсіпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшін бірінші аталған Мемлекет резидентінің жағдайларындағыдай шегеруге жатады.
      5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше резидентіне толық немесе ішінара тиесілі немесе олар толық немесе жанама түрде бақылауға алып отырған бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнына бірінші аталған Мемлекеттің осындай басқа кәсіпорындарына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін салық салу тәртіптеріне және соған байланысты міндеттерге қарағанда ерекшеленетін немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу міндеттеріне немесе соған байланысты қандай да бір міндеттерге бірінші аталған Мемлекетте қолданылмауы тиіс.
      6. Осы Баптың ережелері салықтың кез келген тектері мен түрлеріне қолданылады.

  26-бап
ӨЗАРА КЕЛІСУ РӘСІМІ

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар етті немесе душар етеді деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің ішкі заңдарында көздеген қорғану құралдарына тәуелсіз өзінің ісін өзі резидент болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның бастан кешірген жағдайы  25-баптың  (Кемсітпеу) 1-тармағына қатысты болса, өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдарының қарауы үшін бере алады. Арыз Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар еткен іс-әрекеттер жайлы алғашқы хабар берілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиісті.
      2. Құзыретті орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында мәселені басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісе отырып шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткізілген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердің ішкі заңдарында көзделген кез-келген уақытша шектеулерге қарамастан орындалуға тиісті.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күдіктерді өзара келісе отырып шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшін бір-бірімен консультация өткізе алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары мұның алдындағы тармақтарды келісіп алуға қол жеткізу мақсатында бір-бірімен тікелей байланыс жасай алады. Егер Конвенцияға қол жеткізу үшін ауызша пікір алысуды ұйымдастыру қажет болса, онда осындай пікір алысу Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өкілдерінен құралған Комиссияның отырысы шеңберінде (органдарының өкілдері арасында) өткізілуі мүмкін.

  27-бап
АҚПАРАТ АЛМАСУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін салық заңдарына қатысты ішкі заңдарын, осы заңдар бойынша салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей дәрежеде орындау үшін қажетті ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу кез келген салық тетігіне және түріне қолданылады және  1-баптың  (Конвенция қолданылатын тұлғалар) ережелерімен шектелмейді. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңдарының шеңберінде алынған ақпарат секілді құпия болып есептеледі және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, күшпен жинап алумен немесе тиісті сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкімшілік органдарды қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжілісі барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде аша алады.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттерге:
      а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларын қолдану;
      b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша немесе әдеттегі әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияны не сауда процесін ашуы мүмкін ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық практикаға) қайшы келуі мүмкін ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада пайымдалмауы тиіс.

  28-бап
САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСУ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары салықтарды проценттермен, шығындармен және осы Бапта "салық талабы" деп аталған салықтарға жататын айыппұлдармен бірге жинауда бір-біріне көмек көрсетуге міндеттенеді.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының салық талабын жинауда көмек көрсету туралы тілек-талабы мұндай органның осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық талабы түпкілікті белгіленгенін растауын қажет етеді. Осы баптың мақсаттары үшін салық талабы, егер Уағдаласушы Мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес салық талабын жинауға құқығы болса және салық төлеушінің мұндай алымды тежеуге бұдан әрі құқығы жоқ болса, салық талабы түпкілікті белгіленген болып табылады.
      3. Көмек көрсету туралы тілектің мазмұны болып табылатын талап осындай көмек көрсететін Уағдаласушы Мемлекетте есептелетін салықтардан басым болмайды және  26-баптың  (Өзара келісу рәсімі) 1-тармағының ережелері, осы бапқа сәйкес, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы беретін кез келген ақпаратқа қолданылады.
      4. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы жинау үшін қабылдаған Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы басқа Мемлекетте осы Мемлекеттің өз заңдарының ережелеріне сәйкес оның салықтарын жинауға қатысты түпкілікті белгіленген, өзінің табыс талабы сияқты талаппен жиналады.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттің өкілетті органы жинаған салықтардың сомасы осы Бапқа сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органына жіберіледі. Алайда, Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдары өзгеше келіспеген болса, салықтарды жинауға көмек көрсетуге байланысты ұшыраған әдеттегі шығыстарды бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет жабады және осындай тұрғыда ұшыраған, кез келген көзделмеген шығыстардан басқа Мемлекет жабады. Уағдаласушы Мемлекет көзделмеген шығыстарға ұшырауы мүмкін деп болжамдаса ол бұл жөнінде басқа Уағдаласушы Мемлекетке хабарлайды және мұндай шығыстардың есептік сомасын көрсетеді.
      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің салық талабы, оның арыздануға немесе сотта тексерілуге жататындығынан, түпкілікті белгіленбеген болса, онда бұл Мемлекет табыстарын қорғау үшін, басқа Мемлекеттің билігінде бар тоқтату жөніндегі уақытша шараларды, осы басқа Мемлекеттің заңдарына сай, өзінің атынан қолдану туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке тілек білдіре алады. Егер басқа Мемлекет мұндай тілекті қабыл алса, онда мұндай уақытша шараларды осы басқа мемлекет, бірінші аталған Мемлекетке тиесілі салықтар осы басқа Мемлекеттің өз салықтары сияқты қолданады.
      7. Осы Бапқа сәйкес, егер салықтық борыштары бар салық төлеушінің есептелген салықты алу үшін осы Мемлекетте жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда ғана, Уағдаласушы Мемлекет талап-тілек жасай алады.
      8. Осы Бапқа сәйкес, егер салық талабы салық төлеуші бірінші немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылмаған кезеңге жататын болса, Уағдаласушы Мемлекетке салық төлеушіге қатысты көмек көрсетілмейді.
      9. Осы Конвенцияның  2-бабының  (Конвенция қолданылатын салықтар) ережелеріне қарамастан осы Баптың ережелері кедендік алымдар мен баждан басқа салықтардың кез келген тегіне және түріне қолданылады.
      10. Осы Бапта ештеңе Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысына, өзінің меншікті салықтарын жинаған кезде қолданатындағыдан өзгеше немесе оның мемлекеттік саясатына (қоғамдық тәртібіне) қайшы келетін сипаттағы, әкімшілік шараларды қолдану туралы міндеттемелерді тану ретінде пайымдалмайды.

  29-бап
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
КОНСУЛЬДЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ МҮШЕЛЕРІ

      Осы Конвенцияның ешқандай ережесі дипломатиялық қызметтердің немесе консулдық мекемелердің халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе арнаулы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілген салықтық артықшылықтарын қозғамайды.

  VII ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  30-бап
КҮШІНЕ ЕНУІ

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы, осы Конвенцияның күшіне енуі үшін, оның заңдарында талап етілетін рәсімдердің аяқталғаны туралы басқасына хабарлайды.
      2. Конвенция осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді және осыған байланысты:
      а) Конвенция күшіне енген айдан соңғы екінші айдың бірінші күнінен бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін сомаларға қатысты, дивидендтерден, проценттерден немесе роялтиден алынатын, табыстардың көзінен ұсталатын салықтарға қатысты;
      b) Конвенция күшіне енген жылдан соңғы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін басталатын салық салу кезеңі ішіндегі басқа салықтарға қатысты қолданылады.

  31-бап
КҮШІН ТОҚТАТУЫ

      Осы Конвенцияның қолдану мерзіміне шек қойылмайды, бірақ ол күшіне енген күннен кейінгі бес жылдық кезең біткеннен кейін басталатын кез келген күнтізбелік жылдың 30 маусымында немесе соған дейін әрекетті тоқтату туралы басқа Уағдаласушы Мемлекетке дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабар бере алады. Мұндай жағдайда Конвенция хабарлама берілгеннен соңғы күнтізбелік жылға байланысты (осы жылы басталатын есепті кезеңді қоса) табыс немесе капиталға салынатын салықтарға қатысты әрекетін тоқтатады.
      Осыны куәландыру ретінде тиісті дәрежеде өкілеттік берілген, төменде қол қоюшы өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
      Осло қаласында 2001 жылғы 3 сәуірде қазақ, норвег, орыс және ағылшын тілдерінде екі дана етіп жасалды. Мәтіндерді түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басшылыққа алынатын болады.

      Қазақстан Республикасы             Норвегия Корольдігі
      үшін                               үшін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады