Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 90 қаулысымен мақұлданған Моңғолияны операциялар елі ретінде қабылдау мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімге түзету ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
N 90 ҚАУЛЫ МОНҒОЛИЯНЫ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕЛІ РЕТIНДЕ ҚАБЫЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЕҚДБ ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМГЕ ТҮЗЕТУ
Басқарушылар кеңесi
Директорлар кеңесiнiң Монғолияны ЕҚДБ-ның қаржы ресурстарын пайдалану құқығы бар операциялар елi (немесе алушы ел) ретiнде қабылдау мақсатында ЕҚДБ құру туралы келiсiмге түзету енгiзу ұсынысы туралы баяндамасын қарап және көрсетiлген баяндамамен келiсе отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ЕҚДБ құру туралы келiсiмнiң 1-бабының редакциясы, оған мынадай мазмұндағы екi қосымша сөйлем енгiзiле отырып өзгертiлсiн: " Банктiң мақсатына дәл сондай шарттарды Монғолияда да қол жеткізуге болады. Осыған байланысты осы Келісімдегі және оның қосымшаларындағы "Орталық және Шығыс Еуропа елдерi", "Орталық және Шығыс Еуропадағы елдер", "алушы ел (немесе алушы елдер)" немесе "алушы ел, Банк мүшесi (немесе алушы елдер, Банк мүшелері)" сияқты кез келген сiлтеме Монғолияға да қатысты болады".
ОДАН ӘРI ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Түзету ЕҚДБ-ның әрбiр мүшесi: а) көрсетiлген түзетудi өз заңдарына сәйкес қабылдағаны туралы құжатты ресiмдеп, ЕҚДБ-ға сақтауға тапсырғаны және b) өзiнiң көрсетiлген түзетудi қабылдағанының, сондай-ақ ЕҚДБ-ның осы мүшесiнiң заңдарына сәйкес оны қабылдағаны туралы құжатты ресiмдегенiнiң және сақтауға тапсырғанының нысаны мен мазмұны жағынан ЕҚДБ-ны қанағаттандыратын дәлелдерiн табыс еткенi туралы Банк ресми хабарлаған күннен бастап үш айдан кейiн күшiне енедi.
(2004 жылғы 30 қаңтарда қабылданды)
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi Басқарушылар кеңесiнiң "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмге түзету" 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 90 қаулысының аудармасы түпнұсқаға сай екенiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгi
Инвестициялық саясат және
жоспарлау департаментi
инвестициялық саясат
басқармасы бастығының
орынбасары
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
МАЗМҰНЫ
І тарау Мақсаты, функциялары және мүшелiк
ІІ тарау Капитал
III тарау Операциялар
IV тарау Заем алу және өзге өкiлеттiктер
V тарау Валюталар
VI тарау Ұйымдастыру және басқару
VІІ тарау Мүшелiктен шығу және мүшелiктi тоқтату:
операцияларды уақытша тоқтату және түпкiлiктi тоқтату
VIII тарау Мәртебе, иммунитеттер, артықшылықтар және алып қою
IХ тарау Түзетулер, түсiндiру, төрелiк сот
Х тарау Қорытынды ережелер
А Қосымшасы
В Қосымшасы
Кеңестiк делегация Басшысының хаты
Уағдаласушы тараптар:
көп партиялы демократияның, құқықтық мемлекеттің, адам құқығын қорғау мен нарықтық экономиканың басты қағидаларын ұстана отырып;
Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестің Хельсинкийдегi Қорытынды актiсi, атап айтқанда, оның құрамындағы Қағидалар декларациясы туралы ескерте отырып;
Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнің көп партиялы демократияны жүзеге асыруға, демократиялық институттарды, құқықтық мемлекеттi және адам құқығын сыйлауды нығайтуға ықпал ететiн ниетiн, сондай-ақ олардың нарыққа бағдарланған экономикаға өту мақсатында реформаларды жүзеге асыруға даярлығын қолдай отырып;
Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнің экономикалық өркендеуiне ықпал ету ісінде тығыз және үйлестірілген ынтымақтастықтың, олардың экономикасының халықаралық рыноктарда бәсекелестiк қабiлетiн жоғарылатуда, қайта құру мен дамытуда және осы арқылы, қажет болса, олардың экономикасын қаржыландыруға байланысты тәуекелдердi төмендетуге көмек көрсетудің маңыздылығын ескере отырып;
өзiнің негiзгi сипаты бойынша еуропалық және мүшелiк құрамы бойынша ауқымды халықаралық болып құрылатын көп жақты қаржы институты көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк беретініне және Еуропадағы ынтымақтастықтың жаңа және айрықша құрылымы болатынына сенiм арта отырып;
осы арқылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн (бұдан әрi "Банк" деп аталатын) құруға келiстi, ол мыналарға сәйкес әрекет етедi:
I тарау
МАҚСАТЫ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ МYШЕЛIК
1-бап
МАҚСАТЫ
ЕҚДБ мақсаты көп партиялы демократияның, плюрализм мен нарықтық экономиканың қағидаттарын ұстанған және оларды өмiрге енгiзетін Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде экономикалық прогреске және реконструкциялауға өз үлесін қоса отырып, нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Осы шарттардың орындалуын ескере отырып, Банк мүшелері иеленетін дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданған оның шешіміне сәйкес Банктің мақсатына Банк мүшелері – Моңғолияда және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің елдерінде де қол жеткізуге болады. Осыған байланысты осы Келісімдегі және оған қосымшалардағы «Орталық және Шығыс Еуропа елдерi», «Орталық және Шығыс Еуропадағы елдер», «алушы ел (немесе алушы елдер)» немесе «алушы ел, Банк мүшесі (немесе алушы елдер, Банк мүшелері)» деген кез келген сілтеме Моңғолияға да және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің осындай елдерінің әрқайсысына да қатысты болады.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.03.2013 № 83-V Заңымен.
2-бап
ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. Банк Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнің рынокқа негiзделген ашық экономикаға өтуiне ықпал ету мен жеке және кәсіпкерлiк бастаманы дамыту жөнiндегі өзiнің мақсатына ұзақ мерзiмдi негiзде қол жеткiзу үшiн алушы-елдер, Банкке мүше-елдер экономикасының дүниежүзiлiк экономикаға толығымен қосылуына көмек көрсету үшiн:
(i) жеке және өзге мүдделi инвесторлар арқылы өнiмдi, бәсекеге қабiлеттi және жеке кәсіпкерлiк қызметтi, атап айтқанда, шағын және орта кәсіпкерлiктi орнықтыруға, дамытуға және кеңейтуге ықпал ету;
(ii) (i)-тармақта көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн iшкi және сыртқы капиталды, сондай-ақ басқару iс-тәжiрибесiн тарту;
(ііі) жеке және кәсіпкерлiк бастаманы қолдау қажет болғанда бәсекелестiк ортаны құруға және еңбек өнiмдiлiгiн, өмiр сүру деңгейiн жоғарылатуға, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартуға мүмкiндiк беретiн ауқымды инвестициялар, оның iшінде қызмет көрсету және қаржы салалары мен тиiстi инфрақұрылымдарға инвестициялар салуға ықпал ету;
(iv) жеке, сонымен бiрге арнайы инвестициялық жобалар шеңберiндегi тиiсiнше бағдарламаларды дайындауға, қаржыландыруға және жүзеге асыруға техникалық көмек көрсету;
(v) капитал рыноктарын дамытуды ынталандыру және қолдау көрсету;
(vi) бiр елден астам мүше-алушы қатысатын негiзделген және экономикалық қабiлеттi жобаларды қолдау;
(vii) өзiнің барлық қызметiнде экологиялық таза және тұрақты дамуға ықпал ету; және
(viii) аталған функцияларды орындауға ықпал ететiн осындай өзге қызметтi жүзеге асыру және осындай өзге қызметтердi көрсету жолымен аталған елдерде демонополизацияны, орталықсыздандыруды және мемлекет меншiгiнен шығаруды (жекешелендiрудi) қоса алғанда құрылымдық және салалық экономикалық реформаларды жүзеге асыруға ықпал етедi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген функцияларды орындау кезiнде Банк өзiнің барлық мүшелерiмен тығыз ынтымақтастықта және Халықаралық Валюта Қорымен, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiмен, Халықаралық Қаржы Корпорациясымен, Капитал салымдарына кепілдiк беру және экономикалық ынтымақтастықты және дамуды ұйымдастыру жөніндегі көпжақты агенттiгiмен жасалған осы Келiсiмнің шеңберiнде тиiмдi деп есептейтiн нысанда жұмыс iстейдi, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен және оның мамандандырылған мекемелерiмен және басқа мүдделi органдарымен, сонымен бiрге Орталық және Шығыс Еуропа елдерiндегi экономикалық даму мен инвестицияларға байланысты кез келген бұқаралық-құқықтық немесе жеке ұйымдармен ынтымақтастық орнатады.
3-бап
МYШЕЛIК
1. Банкке мүшелiкке:
(i) Халықаралық Валюта Қорының мүшелерi болып табылатын (1) еуропа елдерi мен (2) еуропадан тыс елдер; және
(ii) Еуропа экономикалық қауымдастығы және Еуропа Инвестициялық Банкi кiре алады.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мүше болуға құқығы бар, бiрақ осы Келiсiмнің 61-бабына сәйкес мүшелiкке қабылданбаған елдер, егер дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшінің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсi дауыс беретiн болса, Банк белгiлеген шарттармен қабылданады.
II тарау
КАПИТАЛ
4-бап
ШЫҒАРУҒА РҰҚСАТ ЕТIЛГЕН АКЦИОНЕРЛIК КАПИТАЛ
1. Шығаруға рұқсат етiлген бастапқы акционерлiк капитал он миллиард (10 000 000 000) ЭКЮ мөлшерiнде белгіленедi. Ол әрқайсысы номиналы он мың (10 000) ЭКЮ болатын бiр миллион (1 000 000) акцияға бөлiнедi, оларға осы Келiсiмнің 5-бабының талаптарына сәйкес мүшелер ғана қол қоя алады.
2. Бастапқы акционерлiк капитал төленетiн акцияларға және талап бойынша төленуге тиiс акцияларға бөлiнедi. Төленетiн акциялардың бастапқы жалпы атаулы (номиналды) сомасы үш миллиард (3 000 000 000) ЭКЮ құрайды.
3. Банктiң шығаруға рұқсат етiлген акционерлiк капиталы тиiмдi деп танылған мерзiмде және шарттарда, егер дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшінің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсi дауыс беретiн болса, ұлғайтылады.
5-бап
АКЦИЯЛАРҒА ЖАЗЫЛУ
1. Әрбiр мүше өз заңдарының талаптарын орындаған жағдайда Банктің акционерлiк капиталының акцияларына жазылады. Шығаруға рұқсат етiлген бастапқы акционерлiк капиталға қандай да болмасын жазылу төленетiн және талап бойынша төленуге жататын акцияларға үштiң (3) жетiге (7) қатынасында жүзеге асырылады. Осы Келiсiмге қол қойған және осы Келiсiмнің 61-бабына сәйкес мүше болған тараптар қол қоятын акциялардың бастапқы саны А қосымшасында белгiленген. Әрбiр мүше бастапқыда кемiнде жүз (100) акцияға қол қоюы керек.
2. Еуропа экономикалық қауымдастығымен және Еуропа инвестициялық банкiмен бiрге Еуропа Экономикалық Қауымдастығына мүше-елдерге тиесiлi акционерлiк капиталдың проценттiк үлесiнің жазылу жүргiзiлетiн акционерлiк капитал жалпы сомасының көпшiлiгіне сәйкес келетiн деңгейден төмендеуiне әкеп соғатын (алып келетiн) акцияларға жазылу жүргізiлмеген жағдайда осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағына сәйкес мүшелiкке қабылданған елдер қол қоюы тиiс акциялардың бастапқы санын Басқарушылар кеңесi белгілейдi.
3. Басқарушылар кеңесi Банктің акционерлiк капиталын кемiнде бес (5) жылда бiр рет қайта қарайды. Шығаруға рұқсат етiлген акционерлiк капиталдың мөлшерi ұлғайтылған жағдайда әрбiр мүше аталған ұлғайту алдында тiкелей жазылу жүргізiлген Банктің акционерлiк капиталының жалпы мөлшерiне қатысты жазылу жүргiзiлген акциялардың үлесiне бара-бар акционерлiк капиталдың ұлғаюынан белгiлi бiр тепе-тең үлеске Басқарушылар кеңесi белгiлейтiн бiрыңғай шарттарда жазылу мүмкiндігін алады. Мүшенің ешқайсысы акционерлiк капитал мөлшерi ұлғаюының қандай да бiр бөлiгiне жазылуға мiндеттi емес.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптары сақталған жағдайда Басқарушылар кеңесi кез келген мүшенің өтiнiшi бойынша осы мүшенің жазылу сомасын ұлғайта алады немесе осындай ұлғайту Еуропа экономикалық қауымдастығымен және Еуропа инвестициялық банкiмен бiрге Еуропа Экономикалық Қауымдастығына мүше-елдерге тиесiлi акционерлiк капиталдың проценттiк үлесi жазылу жүзеге асатын акционерлiк қоғамның жалпы сомасының көбiне сәйкес келетiн төмен деңгейiнен төмендеуiне әкелiп соқтырмайтын болса, осы мүшеге шығаруға рұқсат етiлген акциялар шегiнде басқа мүшелер алмаған акциялар бөлiнiп берiледi.
5. Мүшелер акцияларды бастапқыда қол қоятын акциялар номиналы бойынша шығарады. Басқа акциялар, егер Басқарушылар кеңесi дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемінде үштен екiсінің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсін құрайтын көпшiлiк дауыспен акцияларды ерекше жағдайларда басқа шарттармен шығару туралы шешiм қабылдамаса, номинал бойынша шығарылады.
6. Акциялар кепiлдiкке салынбауы немесе оларға кез келген басқа тәсiлдермен мiндеттемелер жүктелмеуi керек, олар осы Келiсiмнің VII тарауына сәйкес Банктен басқа, ешкiмге берiлуi мүмкiн емес.
7. Мүшелердің акциялар бойынша жауапкершілігi акцияларды шығару сәтiнде белгiленген бағасының төленбеген бөлiгiмен шектеледi. Өзiнің мүшелiкте тұруына байланысты мүшелер Банктің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6-бап
ЖАЗЫЛУ ЖҮРГIЗIЛГЕН АКЦИЯЛАРДЫ ТӨЛЕУ
1. Төленетiн акциялардың есебiне осы Келiсiмге қол қойған және осы Келiсiмнің 61-бабына сәйкес мүше болған әрбiр тараптың бастапқы жазылу сомасында төлемақы әрқайсысы осындай соманың жиырма (20) процентi бойынша бес (5) жарнамен жүргiзiледi. Бiрiншi жарна әрбiр мүшеге осы келiсiмнің күшiне ену күнiнен немесе егер күшiне енгеннен кейiн депозиттелетiн болса, оны бекiту, қабылдау немесе 61-бапқа сәйкес мақұлдау туралы құжатты депозиттеу күнiнен бастап алпыс (60) күн iшiнде төленедi. Қалған төрт жарнаның әрқайсысы алдыңғы жарнаны төлеу мерзiмi келген сәттен бастап бiр жылдан кейiн төленуi тиiс және олардың әрқайсысын әрбiр мүше заңдардың талаптарын сақтау арқылы төлейдi.
2. Осы баптың 1-бабына сәйкес әрбiр жарна сомасынан алынатын төлемақының немесе Осы Келiсiмнiң 3-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған мүше төлейтiн төлемақының елу (50) процентi жай вексельдермен немесе осындай мүшемен жүктелген және ЭКЮ, АҚШ долларына немесе жапон иенiне деноминацияланған басқа мiндеттемелермен төленуi мүмкiн, Банкке өз операциялары бойынша төлем жүргізу үшiн қаржы қажет болғанда олар төленуге жатқызылады. Мұндай вексельдер немесе мiндеттемелер айналымнан тыс, процентсiз немесе Банктің талабы бойынша номинал бойынша төленуi керек. Осындай вексельдер немесе мiндеттемелер тиiстi уақыт кезеңi аяқталғаннан кейiн әрбiр мүшеге төлеуге ұсынылған сәтте олардың ЭКЮ-де есептелген сомасы вексельдер мен мiндеттемелердi депозиттеушi осындай әрбiр мүше жазылған немесе иелiк ететiн төленетiн акциялардың санына пропорционал болатындай төлеуге жатқызылады.
3. Кез келген мүшенің бастапқы акционерлiк капиталдың акцияларына жазылуға қатысты барлық төлемдiк мiндеттемелерi 1989 жылғы 30 қыркүйектен 1990 жылғы 31 наурызды қоса алғанда кезеңдегi тиiсiнше валютаның ЭКЮ қатысты орташа айырбастау бағамы негiзiнде ЭКЮ, АҚШ долларында немесе жапон иенiнде орындалады.
4. Банктiң жазылу жүргiзiлген, талап бойынша төленуге тиiс акционерлiк капиталы есебiне сомаларды төлеу осы Келiсiмнің 17 және 42-баптарын есепке ала отырып талап бойынша, бұл Банкке өз мiндеттемелерiн орындау үшiн қажет болғанда ғана жүргiзiледi.
5. Осы баптың 4-тармағында аталған талап қойылған жағдайда мүше төлемдi ЭКЮ, АҚШ долларымен немесе жапон иенiмен жүргiзедi. Талап бойынша төленуге тиiс әрбiр акцияға қатысты алып қойылған сәтте ЭКЮ есептелген құны бойынша осындай бiрдей болуы керек.
6. Банк кез келген төлемнiң орнын осы бап бойынша, осындай анықтауға дейiн Банктің сенiм жүктелген адам ретiнде Еуропа инвестициялық банкiне осы баптың 1-тармағында айтылған бiрiншi жарна төленген жағдайда Басқарушылар кеңесiнің бастапқы (алғашқы) отырысынан кейiн бiр айдан кешiктiрмей анықтайды.
7. Акцияларға осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгеннен өзге шарттармен жазылған жағдайда мүше Банктің акционерлiк капиталының шығаруға рұқсат етiлген төленетiн акцияларына жазылуға қатысты төлемдер ЭКЮ, АҚШ долларымен немесе жапон иенiмен не қолма-қол ақшамен, не жай вексельдермен, не басқа мiндеттемелермен жүргiзiледi.
8. Осы баптың мақсаттары үшiн ЭКЮ төлеу немесе деноминациялау төлем жүргізу немесе тиiсiнше мiндеттеменің құнын ЭКЮ инкассациялау күнiне бара-бар кез келген толықтай айырбасталымды валютада төлеуден немесе деноминациялаудан тұрады.
7-бап
ЖАЙ НЕГIЗГІ РЕСУРСТАР
Банктің "жай негiзгi ресурстары" ұғымы осы Келiсiмде қолданылған мағынасында мынадай түсiнiктерден тұрады:
(i) Банктің шығаруға рұқсат етiлген акционерлiк капиталы, оның iшiнде төленетiн акциялар және осы Келiсiмнің 5-бабы бойынша жазылу жүзеге асырылған, талап бойынша төленуге тиiс акциялар;
(ii) Осы Келiсiмнің 20-бабының (i)-тармағында анықталған өкiлеттiктер негiзiнде банктің қарыз алу арқылы алынған қаржы, оларға осы Келiсiмнiң 6-бабының 4-тармағында айтылған талаптар бойынша мiндеттемелер жатады;
(ііі) қарыздарды өтеу есебiнен немесе кепiлдiктер бойынша алынған қаржы, сондай-ақ акционерлiк капиталға осы баптың (i) және (ii) тармақшаларында аталған ресурстар есебiнен салынған инвестицияларды iске асырудан түскен ақшалай түсiм;
(iv) берiлген қарыздардан және акционерлiк капиталға осы баптың (i) және (ii) тармақшаларында аталған ресурстар есебiнен салынған инвестициялардан алынған табыстар, және кепілдiктерден және банктің арнайы операцияларына жатпайтын бағалы қағаздарды кепілдi орналастырудан алынған табыстар; және
(v) осы Келiсiмнің 19-бабында аталған арнайы қорлар ресурстарының бiр бөлiгi болып табылмайтын Банктің кез келген өзге қаржысы немесе алынған табыстары жатады.
ІІІ тарау
ОПЕРАЦИЯЛАР
8-бап
АЛУШЫ-МЕМЛЕКЕТТЕР ЖӘНЕ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Банктің ресурстары мен қызметтерi осы Келiсiмнің сәйкесiнше 1 және 2-баптарында айқындалған оның мақсаты қол жеткiзу және оның функцияларын орындау үшiн ғана пайдаланылады.
2. Банк өз операцияларын нарыққа негiзделген экономикаға өтудi, жеке және кәсіпкерлiк бастаманы дамытуды бiртiндеп жүзеге асыратын және нақты шаралар арқылы немесе кез келген өзге жолдармен осы Келiсiмнің 1-бабында жазылған қағидаттарды қолданатын Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде жүргізедi.
3. Егер қандай да бiр мүше осы Келiсiмнің 1-бабына қайшы келетiн саясатты жүзеге асыратын болса немесе төтенше жағдайларда Директорлар кеңесi осындай мүшенің банктің ресурстарына қол жеткiзуiн тоқтату немесе қандай да бiр өзге өзгерiстер туралы мәселенi қарайды және басқарушылар кеңесiне тиiсiнше ұсыныстар жасай алады. Басқарушылар кеңесi осындай мәселелер бойынша дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшiнің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсiнің көпшiлiк даусымен кез келген шешiм қабылдайды.
4. (i) Ықтимал алушы-кез келген мемлекет Банкке осы Келiсiм күшiне енгеннен басталатын үш (3) жыл кезеңге шектеулi мақсаттар үшiн оның ресурстарына қол жеткiзу мүмкiндiгiн туғызу туралы өтiнiш жасай алады. Осындай кез келген өтiнiш жасалысымен, ол осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi ретiнде қоса берiлетiн болады.
(ii) Осындай кезең iшiнде:
(а) Банк осы Келiсiмнің 11-бабының 3-тармағында белгiленген қатынас сақталған жағдайда осындай мемлекетке және оның аумағындағы кәсiпорындарға олардың өтiнiшi бойынша техникалық көмек және оның жеке секторын қаржыландыруға, мемлекеттiк кәсiпорындардың жеке меншiкке және жеке бақылауға өтуiн жеңілдетуге және бәсекелестiк орта жағдайында әрекет ететiн және нарыққа негiзделген экономикаға қатысуға өтетiн кәсіпорындарға көмек көрсетуге бағытталған өзге көмек түрлерiн көрсетедi.
(б) осындай кез келген көмектің жалпы сомасы қолма-қол төлемдердiң және осындай мемлекеттiң акциялар бойынша ұсынған жай вексельдерiнің жалпы сомасынан аспайды.
(ііі) Осындай кезеңнің соңында Басқарушылар кеңесi дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде сексен бес (85) процентiнің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде төрттен үшiнің көпшiлiгiмен осындай мемлекетке (а) және (б)-тармақтарында көрсетiлген шектеулер шегінен шығатын қол жеткiзулердің берiлуi туралы шешiм қабылдайды.
9-бап
ЖАЙ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯЛАР
Банктің операциялары осы Келiсiмнің 7-бабында айтылған Банктің жай негiзгi ресурстарынан қаржыландырылатын жай операциялардан және осы келiсiмнің 19-бабында айтылған арнайы қорлар ресурстарынан қаржыландырылатын арнайы операциялардан тұрады. Операциялардың екi түрiнің аралас келуi мүмкін.
10-бап
ОПЕРАЦИЯНЫ БӨЛУ
1. Банктің жай негiзгi ресурстары және арнайы қорларының ресурстары үнемi және барлық жағдайларда есепке алынады, пайдаланылады, мiндеттемелер бойынша берiледi, инвестицияға салынады және бiр-бiрiнен бөлек өзге түрде орналастырылады. Банктің баланстық шоттарында банктің резервтерi оның жай операцияларымен бiрге көрсетiледi, ал арнайы операциялар бөлек (жеке көрсетiледi).
2. Банктің жай негізгi ресурстары ешқандай жағдайларда шығындарды жабу және арнайы операциялардан немесе бастапқыда арнайы қорлардың ресурстары пайдаланылған немесе пайдалану көзделген өзге қызметтен туындайтын міндеттемелердi орындау үшiн жұмсалмауы немесе пайдаланылмауы керек.
3. Жай операциялар бойынша тiкелей шығындар банктің жай негiзгі ресурстары есебiнен өтеледi. Арнайы операциялар бойынша тiкелей шығыстар арнайы қорлар ресурстары есебiнен өтеледi. Кез келген өзге шығыстар, осы Келiсiмнің 18-бабының 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда банктің қарауы бойынша жүзеге асырылады.
11-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГIЗУ ТӘСIЛДЕРI
1. Банк осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында баяндалған өз мақсатына және функцияларына сәйкес өз операцияларын кез келген немесе барлық төменде аталған тәсiлдермен жүргізедi:
(i) қарыздар беру, болмаса көп жақты институттармен, коммерциялық банктермен немесе өзге мүдделi мекемелермен бiрге қаржыландыру, болмаса жеке сектор кәсiпорындарына, бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстейтiн және нарыққа негізделген экономикаға өтуге қатысатын кез келген мемлекеттiк кәсіпорынға қарыз беруге қатысу және кез келген мемлекеттiк кәсiпорынның жеке меншiкке өтуiн және жеке бақылауға алынуын жеңiлдету мақсатында; атап айтқанда осындай кәсiпорындарда жеке және/немесе шетел капиталының қатысуына ықпал ету немесе жеңiлдету үшiн берiлетiн қарыздар;
(ii) (а) жеке сектор кәсіпорындарының акционерлiк капиталына салынатын инвестициялар;
(б) бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстейтiн және нарыққа негiзделген экономикаға өтуге қатысатын кез келген мемлекеттiк кәсіпорынның акционерлiк капиталына салынатын инвестициялар, және кез келген жеке меншiкке өтуін және жеке бақылауға алынуын жеңілдету мақсатында; атап айтқанда осындай кәсiпорындарда жеке және/немесе шетел капиталының қатысуына ықпал ету немесе оны жеңілдету үшiн кез келген мемлекеттiк кәсiпорынның акционерлiк капиталына салынатын инвестициялар;
(с) басқа қаржыландыру әдiстерi тиiмсiз болғанда, жеке сектор кәсіпорындары, сондай-ақ жоғарыда (б)-тармағында аталған мемлекеттiк кәсіпорындарда шығарылатын бағалы қағаздарды осы тармақшада көрсетiлген мақсаттар үшiн кепiлдi орналастыру;
(ііі) жеке сектор кәсіпорындарының және осы тармақтың (i) тармақшасында аталған басқа кәсіпорындардың сол тармақшада көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн қаржыландырудың басқа тәсiлдерiн қолдану тиiмсiз болғанда кепiлдiктер беру арқылы, сондай-ақ қаржы кеңестерiн беру және басқа нысандарда көмек көрсету жолымен iшкi және халықаралық капитал рыноктарына қол жеткiзуiн жеңiлдету;
(iv) арнайы қорларды олардың пайдаланылуын айқындайтын келiсiмдерге сәйкес орналастыру; және
(v) жеке секторды дамытуға және нарыққа негiзделген экономикаға көшуге қажеттi табиғат қорғау бағдарламаларын қоса алғанда инфрақұрылымды қайта құруға немесе дамыту үшiн қарыздар беру немесе оған қатысу және техникалық көмек көрсету.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн бәсекелестiк нарықтық ортада дербес қызмет ететiн және банкроттық туралы заңдарға сәйкес келетiн кәсiпорындар ғана бәсекелестiк нарықтық ортада қызмет ететiн мемлекеттiк кәсiпорындар болып есептеледi.
2. (i) Директорлар кеңесi Банктің әрбiр алушы-мемлекетте жүзеге асырылатын операцияларын және оның осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында анықталған Банк мақсаты мен функцияларын толықтай сақталуын қамтамасыз ету үшiн қарыздар беру саласындағы стратегиясын жылына кемiнде бiр рет қарайды. Осындай қарау нәтижесінде туындайтын кез келген шешiм дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшiнің мүддесiн білдiретiн директорлардың кемiнде үштен екiсiнің көпшiлiк даусымен қабылданады.
(ii) Аталған қарау көрсетiлгендерден өзге, әрбiр алушы-мемлекеттің орталықсыздандыру, демонополизациялау және мемлекет меншiгiнен алу (жекешелендiру) саласындағы жетiстiктерiн қарастырудан, сондай-ақ Банктiң жеке кәсiпорындарға, рынокқа негiзделген экономикаға өтуге қатысу немесе мемлекет меншiгiнен шығару (жекешелендiру) процесiнде инфрақұрылымға, техникалық көмек көрсетуге және басқа мақсаттарға беретiн қарыздардың салыстырмалы үлестерiн қараудан тұрады.
3. (i) Мемлекеттiк секторға барлық қарыздардың, кепілдiктердің және акционерлiк капиталға салынатын Банктiң осы бапта аталған оның басқа операцияларына зиян келтiрiлмей берiлетiн инвестициялары сомаларының кемiнде қырық (40) процентi берiледi. Көрсетiлген проценттiк шектеу алғашқыда Банк операциялары жүргiзiлгеннен бастап екi жылдық кезең iшiнде қолданылады, бұл ретте екi жылдық мерзiм ретiнде екi жылдық кезең қатарынан екi (2) жыл мағынасында түсiну керек, кейiннен көрсетiлген шектеу әрбiр кейiнгі қаржы жылына қатысты болады.
(ii) Кез келген елдің мемлекеттiк секторына барлық қарыздардың, кепілдiктердің және акционерлiк капиталға салынатын Банктің осы бапта аталған оның басқа операцияларына зиян келтiрiлмей берiлетiн инвестициялары сомаларының кемiнде қырық (40) процентi бес жылдық кезеңге берiледi, бұл ретте бес жылдық кезең қатарынан бес (5) жыл мағынасында керек.
(ііі) Осы тармақтың мақсаттары үшiн:
(а) мемлекеттiк секторға орталық және жергілiктi билiк органдары, олардың мекемелерi, сондай-ақ олардың меншiгiндегi немесе олардың бақылауындағы кәсіпорындар кiредi;
(б) жеке меншiкке өтуге және жеке бақылауға беруге бағытталған бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның акционерлiк капиталына салынған қарыз немесе кепiлдiк, болмаса инвестиция мемлекеттік секторға берiлген ретінде қарастырылмайды;
(с) жеке секторға беру мақсатында қаржы делдалына берiлетiн заемдар мемлекеттiк секторға берiлген ретiнде қарастырылмайды.
12-бап
ЖАЙ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША ШЕКТЕУЛЕР
1. Өтелмеген қарыздардың, акционерлiк капиталға салынған инвестициялардың және Банктің жай операциялары бойынша берген кепiлдiктерiнің жалпы сомасы қандай да болмасын жағдайларда, егер мұндай ұлғайту кезiнде жазылу жүзеге асырылған мiндеттеме жүктелген капиталдың, Банктің жай негiзгi ресурстарының құрамына кiргiзiлген резервтер мен актив сальдосының жалпы сомасы жоғарылайтын болса, онда ұлғайтылмауы керек.
2. Акционерлiк капиталға салынған қандай да болмасын инвестицияның сомасы тиiсiнше кәсіпорынның акционерлiк капиталының Директорлар кеңесi жалпы ережелер бойынша тиiмдi деп белгiлеген проценттiк үлесiнен аспауы керек. Банктің қандай да бiр инвестицияларының қайтарылмағандығы, Банктің капитал салған кәсiпорынның нақты төлем қабiлетсiздiгi немесе төлемеу және төлем қабiлетсiздiгi қатерiнің болуы, не Банктің ойынша аталған инвестицияларға қатер төнуi мүмкiн басқа жағдайларды қоспағанда, Банк осындай инвестициялар арқылы тиiсiнше кәсiпорын акцияларының бақылау пакетiн алуға тырыспайды және кез келген кәсiпорынға бақылау жүргізбейдi немесе оны басқару үшiн тiкелей жауапкершiлiктi мойнына алмайды; бұл жағдайда Банк өз мүддесiн қорғауға қажеттi шараларды қабылдайды және құқықтарды жүзеге асырады.
3. Банктiң төленген акционерлiк капиталға салынған инвестициясының сомасы жазылу жүргiзiлген Банктің мiндеттеме жүктелмеген төленген капиталының, актив сальдоның және жалпы резервтер сомасынан аспауы керек.
4. Банк экспорттық кредиттер бойынша кепілдiктер бермейдi және сақтандыру қызметiмен айналыспайды.
13-бап
ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Банк төмендегi қағидаларға сәйкес қызмет етедi:
(i) Банк барлық операцияларында банкiлiк қағидаларды басшылыққа алады;
(ii) Банк операциялары жекелеген және инвестициялық бағдарламалар шеңберіндегі нақты жобаларды, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында белгіленген мақсатына және функцияларына сәйкес техникалық көмек көрсетудi қаржыландыруды қамтамасыз етедi;
(ііі) Банкке мүше-ел қарсы болғанда, Банк оның аумағындағы iс-шараларды қаржыландырмайды;
(iv) Банк өз ресурстарының қандай да бiр мүшесінің пайдасына пайдаланылуына жол бермейдi;
(v) Банк өзiнің барлық ресурстарын әртараптандырып орналастыруға тырысады;
(vi) қандай да бiр қарыз, кепiлдiктер немесе акционерлiк капиталға салынатын инвестициялар берiлгенге дейiн, өтiнiш берушi тиiсiнше ұсыныс жасауы керек, ал Банк Президентi Банк қызметкерлерi жүргiзген зерттеулер негізiнде ұсынымдар беру арқылы осы ұсынысқа қатысты жазбаша қорытындыны Директорлар кеңесiне бередi;
(vii) өтiнiш берушi Банктің ойынша тиiмдi болып табылатын басқа қаржы көздерiнен жеткiлiктi мөлшерде қаржыландыратын болса немесе қызмет көрсетiлетiн болса, ол Банк тарапынан қаржыландырылмайды және қызмет көрсетiлмейдi;
(viii) қаржы немесе қаржыландыруға кепілдiк беру кезiнде Банк заем алушының және оның кепілгерiнiң қаржыландыру туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындау мүмкiндiгiн есепке алады;
(iх) Банк қарызды тiкелей бергенде, қарыз алушы Банктен шығыстардың болуына қарай қаражатты пайдалануға рұқсат алады;
(х) Банк осындай операцияларды тиiмдi шарттармен жүзеге асыратын кезде, жеке инвесторларға өзiнiң инвестицияларын сату арқылы өз қорларын мерзiмдi жаңартуға талпынады;
(хi) Банк дербес кәсiпорындарды инвестициялау кезiнде кәсіпорынның қажеттiлiктерiн, Банктің тәуекелдерiн, осындай қаржыландыру кезiндегi жеке инвесторлардың тәуекелдерiн ескере отырып, өзiне қолайлы шартпен қаржыландырады;
(хii) Банк қарыздың, инвестициялардың немесе басқа қаржыландыру көздерiнің қаражаты есебiнен кез келген мемлекеттен тауарлар және қызметтер сатып алуға ешқандай шектеу қоймайды және осындай жағдайлардың барлығында Банк қарыз бередi және халықаралық сауда жүргiзу шарттарына сәйкес өзге операцияларды жүргiзедi; және
(хііі) Банк өзi берген немесе кепiлдiк еткен қарыздың немесе Банктiң қатысуымен не Банктің акционерлiк капиталға қатысуымен берген қарыздың берiлген мақсаттарға пайдаланылуына қажеттi шараларды үнемдiлiк және тиiмдiлiк қағидаларын ескере отырып қабылдайды.
14-бап
ҚАРЫЗДАР МЕН КЕПIЛДIКТЕР БЕРУ ШАРТТАРЫ
1. Банк қарыз бергенде, оларға Банк қатысқанда немесе Банк кепілдiктер бергенде аталған қарызды немесе кепілдiктi беру шарттары, оның iшiнде негізгі заемды, проценттi, алымдарды, үстемелердi төлеу шарттары, заем немесе кепiлдiк бойынша төлем жасау мерзiмдерi мен күндерi шартта белгіленедi. Осы шарттар белгіленген жағдайда Банк өз табысын қамтамасыз ету қажеттiлiгін толық көлемде есепке алады.
2. Заем алушы немесе заемдар бойынша кепілдiк алушы Банкке мүше болмаса, бiрақ мемлекеттiк кәсіпорын болса, жеке меншiкке және дербес бақылауға өтетiн бұқаралық-құқықтық және мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты түрлi тәсілдердi есепке ала отырып, аталған жоба орындалатын аумақтағы мүшеден немесе мүшелерден, немесе қандай да бiр бұқаралық-құқықтық мекемеден немесе осы мүшенің немесе мүшелерiнiң Банкке қолайлы басқа органдарынан негізгі қарызды өтеу және проценттер, сондай-ақ қарыз бойынша басқа алымдар мен үстемелердi оның шарттарына сәйкес төлеуге кепілдiк беруiн талап ете алады. Директорлар кеңесi Банктің кредит беру қабiлетiне тиiсiнше көңiл аудара отырып, оның осы саладағы iс-тәжiрибесiн жыл сайын қарастырады.
3. Қарыз немесе кепiлдiк туралы шартта Банкке осы заем немесе кепiлдiк бойынша барлық төлемдер жүзеге асырылатын валюта немесе валюталар болмаса ЭКЮ белгіленедi.
15-бап
КОМИССИЯ ЖӘНЕ АЛЫМДАР
1. Проценттерден басқа Банк берген заемдары немесе өзi қатысатын заемдар бойынша жүргiзген жай операциялары бойынша комиссия алады.
Комиссияны төлеу шарттарын Директорлар кеңесi белгілейдi.
2. Заемдар бойынша кепiлдiк беру кезiнде өзiнің жай операциялары шеңберiнде немесе бағалы қағаздарды кепілдi орналастыру кезiнде Банк өз тәуекелдерiне тиiсiнше өтемақы қамтамасыз ету үшiн алымдар алады, олар Директорлар кеңесi белгiлеген ставкалар бойынша және мерзiмдерде төленедi.
3. Директорлар кеңесi Банктің жай операциялары бойынша алатын кез келген басқа үстемелерiн, сондай-ақ арнайы операциялары бойынша кез келген комиссиялар, алымдар және өзге үстемелер белгiлей алады.
16-бап
АРНАЙЫ РЕЗЕРВ
1. Банктiң осы Келiсiмнің 15-бабына сәйкес алған комиссиялары мен алымдарының сомасы осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес Банктің шығындарын жабуға арналған арнайы резерв ретiнде бөлiнедi. Арнайы резерв банк белгiлейтiн өтiмдi нысанда ұсталады.
2. Директорлар кеңесi арнайы резервтің мөлшерi жеткiлiктi деп шешсе, алдағы уақытта аталған комиссиялар немесе алымдар толығымен немесе бiртiндеп Банк табысының бiр бөлiгін құрайтындығы туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
17-бап
БАНКТIҢ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ ТӘСIЛДЕРI
1. Банк өзi берген заемдар, өзiнің қатысуымен немесе кепiлдiк берген Заемдар бойынша төлем кешiктiрiлген немесе төленбеген жағдайда, сондай-ақ бағалы қағаздарды кепiлдi орналастыру және акционерлiк капиталға салынған инвестициялар бойынша шығынға ұшыраған жағдайда Банк жай операцияларын жүзеге асыру кезінде тиiсiнше шаралар қабылдайды. Банк ықтимал шығындар үшiн тиiсiнше резервтер қалыптастырады.
2. Банктің жай операциялары бойынша шығындарға мыналар жатады:
(i) бiрiншіден, осы баптың 1-тармағында аталған резервтерге;
(ii) екiншiден, таза табысқа;
(ііі) үшiншiден, осы Келiсiмнің 16-бабында көзделген арнайы резервтің шотына;
(iv) төртiншiден, оның жалпы резервiне және бөлiнбеген пайдаға;
(v) бесiншiден, мiндеттеме жүктелмеген (қойылмаған) төленетiн капиталға;
(iv) ең соңында, жазылу жүргiзiлген және осы Келiсiмнің 6-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес талап бойынша төленуге тиiс пайдаланылмаған капиталдың тиiсiнше бөлiгiне жұмсалатын шығындар жатады.
18-бап
АРНАЙЫ ҚОРЛАР
1. i) Банк алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде Банктің мақсатына қол жеткізуге және оның функцияларын орындауға арналған арнайы қорларды басқаруды мойнына алуы мүмкін. Мұндай кез келген арнайы қорды басқару жөніндегі барлық шығыстар осы арнайы қорға жатады.
ii) i) тармақшасының мақсатында Басқарушылар кеңесі Банктің алушы ел болып табылмайтын мүшесінің өтініші бойынша банктің мұндай мүшесін осындай шектеулі уақыт кезеңі ішінде және өзі орынды деп санайтын шарттармен әлеуетті алушы елге қойылатын талаптарға сай келеді деп есептеу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Көрсетілген шешім Банк мүшелері иеленетін дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үшін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
iii) Банктің сол немесе өзге де мүшесі әлеуетті алушы елге қойылатын талаптарға сай келеді деп есептелетін шешімді аталған Банк алушы елге қойылатын талаптарды орындай алатын жағдайда ғана қабылдауға болады. Көрсетілген талаптар, осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген шешімді қабылдау кезіндегі редакциясында немесе мұндай шешімді қабылдау кезінде Директорлар кеңесі бекітіп қойған түзету күшіне енгеннен кейін болатын редакциясында келтірілген.
iv) Егер ii) тармақшасында көрсетілген уақыт кезеңінің аяғында әлеуетті алушы елге алушы ел мәртебесі берілмеген болса, онда Банк арнайы қордың активтерін ұйымдасқан түрде сату, консервациялау және сақтау процесіне, сондай-ақ осы активтерге қатысты міндеттемелер бойынша есеп айырысу жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, осы елдегі барлық арнайы операцияларды жүргізуді дереу тоқтатады.
2. Банктің арнайы қорлардан алған қаражатын алушы елдерде және әлеуетті алушы елдерде Банктің мақсаттары мен функцияларына, осы Келісімнің көрсетілген қорларға қатысты басқа да қолданыстағы ережелеріне, келісімге немесе келісімдерге сәйкес келетін кез келген түрде және кез келген шарттарда пайдалануға болады.
3. Банк әрбiр арнайы қорды құру, оны басқару және оның қаражатын пайдалану үшiн оған қажет болатын қағидалар мен нормаларды белгілейді. Көрсетілген қағидалар мен нормалар, Банктiң тек жай операцияларына қатысты нақты қолданылатын ережелерді қоспағанда, осы Келісімнің ережелеріне сәйкес болуға тиіс.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.03.2013 № 84-V Заңымен.
19-бап
АРНАЙЫ ҚОРЛАР РЕСУРСТАРЫ
"Арнайы қорлар ресурстары" ұғымы кез келген арнайы қордың ресурстарына қатысты және ол мыналардан тұрады:
(i) қандай да болмасын арнайы қорға қосу үшiн Банк қабылдаған қаржы;
(ii) заемдарды өтеуге немесе кепілдiктер бойынша төленген қаржы, сондай-ақ қандай да бiр арнайы қордың ресурстарынан қаржыландырылатын акционерлiк капиталға салынған инвестициялардан алынған қаржы, оларды аталған арнайы қорлар осындай арнайы қорды реттейтiн ережелер мен тәртiптерге сәйкес алады; және
(iii) арнайы қорлардың ресурстарынан жүргізiлген инвестициялардан алынған табыс.
IV тарау
ЗАЕМ АЛУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ӨКIЛЕТТIКТЕР
20-бап
ЖАЛПЫ ӨКIЛЕТТIКТЕР
1. Осы Келiсiмнің кез келген басқа ережелерiнде анықталған өкiлеттiктерiне қосымша, Банктің мынадай өкiлеттiктерi бар:
(i) мүше-елдерден немесе басқа елдерден мiндеттi түрде мынадай шарттармен:
(а) мемлекет аумағында өз мiндеттемелерiн орындаудан бұрын Банк оның келiсiмiн алады;
(б) Банктің мiндеттемелерi мүше-елдің валютасында көрсетiлетiн болса, Банк ол елдің келiсiмiн алуы керек;
(ii) Банк операцияларына қажет емес қаржыны инвестициялау немесе депозитке орналастыру;
(ііі) Банк шығарған немесе кепiлдiк еткен, болмаса өз қаржысын салған бағалы қағаздарды екiншi қайтара рынокта сатып алу және сату;
(iv) өз қаржысын салған бағалы қағаздарды сатуды жеңiлдету мақсатында оларға кепiлдiк беру;
(v) Банктiң мақсаты мен функциялары сәйкес келетiн мақсаттар үшiн қандай да бiр кәсiпорын шығарған бағалы қағаздарды кепiлдi орналастыру немесе кепiлдi орналастыруға қатысу;
(vi) өзiнiң мақсаты және функциялары болып табылатын техникалық кеңес беру және көмек көрсету;
(viі) кез келген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асырады және осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес өзiнің мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және қажеттi тәртiптер мен шарттарды қабылдайды; және
(viiі) кез келген бұқаралық-құқықтық немесе жеке субъектiмен немесе субъектiлермен ынтымақтастық туралы келiсiм жасау.
2. Банк шығарған немесе кепiлдiк еткен әрбiр бағалы қағаздың сыртқы бетiнде көрiнетiн жерде, белгiлi бiр немесе өзге үкiметтің немесе мүшенiң мiндеттемесi болғанда, осындай мiндеттемеде тиiсiнше белгi қойылатын жағдайларды қоспағанда, осы бағалы қағаз қандай да бiр үкiметтің немесе мүшенің мiндеттемесi болып табылмайтындығы туралы белгі қойылады.
V тарау
ВАЛЮТАЛАР
21-бап
ВАЛЮТАНЫ БЕЛГIЛЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
1. Егер осы Келiсiмнің мақсаттарын жүзеге асыру үшiн қандай да бiр валютаның толықтай айырбасталатындығын осы Келiсiм бойынша анықтау қажет болса, Банк өзiнiң қаржы мүддесiн көздеу қажеттiгiн негізге ала отырып Банк қажет болғанда Халықаралық Валюта Қорымен кеңесу арқылы валютаны белгілейдi.
2. Мүшелер Банктің:
(i) осы Келiсiмнің 6-бабына сәйкес Банктің акционерлiк капиталына жазылу бойынша төлеу есебiнен Банк алған валюталарға немесе ЭКЮ;
(ii) қарыз алу кезiнде Банк алатын валюта;
(ііі) банк арнайы қорлардың түсiмi ретiнде басқаратын валюталары және басқа ресурстарынан;
(iv) Банк өзiнің негізгі қарыз, проценттердi, дивидендтердi немесе заемға қатысты басқа үстемелердi, инвестицияларды немесе осы тармақтың (i)-(ііі) тармақшаларында көрсетiлген кез келген қаржыдан салынған инвестицияларды iске асырудан ақша түсiмдерi есебiне төлеуден немесе комиссияларды, алымдар немесе басқа төлемдердi төлеу есебiнен алынған валюталар.
VI тарау
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
22-бап
ҚҰРЫЛЫМЫ
Банк құрылымы Басқарушылар кеңесiнен, Директорлар кеңесiнен, Президенттен, бiр немесе бiрнеше вице-президенттен, сондай-ақ осындай өзге лауазымды тұлғалардан және өзi қажет деп тапқан қызметкерлерден тұрады.
23-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: ҚҰРАМЫ
1. Әрбiр мүшенің Басқарушылар кеңесiнде өкiлi болады және бiр басқарушы мен оның орынбасарын тағайындайды. Мүшенің қалауы бойынша әрбiр басқарушы және оның орынбасары кез келген сәтте қызметiн тоқтатуы мүмкiн. Басқарушы болмағанда ғана оның орынбасары дауыс беруге қатыса алады. Кеңес өзiнің жыл сайынғы әрбiр отырысында басқарушылардың бiрiн төраға етiп сайлайды, ол келесi төраға сайланғанға дейiн өз мiндеттерiн атқарады.
2. Басқарушылар мен оның орынбасарлары өз мiндеттерiн орындағаны үшiн Банктен сыйақы алмайды.
24-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: ӨКIЛЕТТIКТЕРI
1. Банктiң барлық өкiлеттiктерi басқарушылар кеңесінің құзыретiне жатады.
2. Мыналарды қоспағанда, Басқарушылар кеңесi өз өкiлеттiктерiн барлығын немесе бiр бөлiгiн Директорлар кеңесiне жүктей алады:
(i) жаңа мүшелердi қабылдау және оларды қабылдау тәртiбiн белгiлеу;
(ii) банктің шығаруға рұқсат етiлген акционерлiк капиталын ұлғайту немесе азайту;
(ііі) мүшелiктi тоқтата тұру;
(iv) осы Келiсiмдi түсiндiруге және оны Директорлар кеңесiнің қолдануына байланысты апелляциялар бойынша шешiм қабылдау;
(v) басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы бас келiсiмдi жасауға өкiлеттiк беру;
(vi) Банктің директорларын және Президенттi сайлау;
(vii) Директорлардың және директорлар орынбасарларының сыйақы, сондай-ақ еңбекақы мөлшерiн және Президентпен жасалған шарттың басқа талаптарын белгiлеу;
(vііі) Аудитордың есебiн қарағаннан кейiн Банктің жалпы балансын және пайда мен шығындар есебiн бекiту;
(iх) Банктің резервтерiн анықтау, таза пайдасын бөлу және жұмсау;
(х) Осы Келiсiмге өзгерiстер енгізу;
(хi) Банктің операцияларын түпкiлiктi тоқтату және оның активтерiн бөлу туралы шешiм қабылдау;
(хii) Осы Келiсiмде Басқарушылар кеңесiне тiкелей жүктелетiн кез келген басқа өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
3. Басқарушылар кеңесi осы баптың 2-тармағына немесе осы Келiсiмнің өзге ережелерiне сәйкес Директорлар кеңесiне жүктелген немесе тапсырылған кез келген мәселелер бойынша өкiлеттiктi толық сақтайды.
25-бап
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСI: РӘСIМ
1. Басқарушылар кеңесi жыл сайынғы мәжiлiстердi, сондай-ақ Кеңестің бастамасы немесе Директорлар кеңесiнің талабы бойынша басқа мәжiлiстердi өткiзедi. Басқарушылар кеңесiнің мәжiлiсiн Банктің кемiнде бес (5) мүшесiнің немесе дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы санының кемiнде төрттен бiрiн құрайтын мүшелердің талабы бойынша Директорлар кеңесi шақыртады.
2. Басқарушылардың үштен екiсi осындай көпшiлiк мүшелердің құқығы бар жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiн құраған жағдайда Басқарушылар кеңесiнiң кез келген мәжiлiсiнде кворумды құрайды.
3. Басқарушылар кеңесi өз өкiмiмен дауыс беру рәсiмiн белгiлейдi, оған сәйкес Директорлар кеңесi тиiмдi деп тапқан жағдайда Басқарушылар кеңесiнің мәжiлiсiн шақыртпай, қандай да бiр нақты мәселе бойынша басқарушыларға сауалнама жүргізу арқылы дауысқа салады.
4. Басқарушылар кеңесi және Директорлар кеңесi өз өкiлеттiктерi шегiнде Банктің қызметiн жүзеге асыру үшiн тиiмдi немесе қажеттi тәртіптер мен ережелер қабылдауға және қосалқы органдар құруға құқылы.
26-бап
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСI: ҚҰРАМЫ
1. Директорлар Кеңесi жиырма үш (23) мүшеден тұрады, олар Басқарушылар кеңесiнің мүшелерi болып табылмайды және олардың:
(i) он бiр (11) мүшенi Бельгияның, Грецияның, Данияның, Ирландияның, Испанияның, Италияның, Люксембургтың, Нидерландтың, Португалияның, Бiрiккен Корольдiктiң, Германия Федеративтiк Республикасының, Францияның, Еуропа Экономикалық Қоғамдастығының, Еуропа инвестициялық банкiнің мүддесiн білдiретiн басқарушылар сайлайды, ал
(іі) он екi (12) мүшенi басқа мүшелердің мүддесiн білдiретiн басқарушылар сайлайды, олардың:
(а) төртеуiн (4) Банктен көмек алуға құқығы бар, А қосымшасында Орталық және Шығыс Еуропа елдерi ретiнде аталған елдердің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылар сайлайды;
(б) төртеуiн (4) А қосымшасында басқа еуропалық елдер ретiнде көрсетiлген елдердің мүддесiн білдiретiн басқарушылар сайлайды;
(с) төртеуін (4) А қосымшасында еуропалық емес елдер ретiнде көрсетiлген елдердiң мүддесiн білдiретiн басқарушылар сайлайды;
Басқарушылары сайлаған мүшелердiң мүддесiн білдiретiн директорлар өз дауыстарын берген мүшелердің де мүддесiн бiлдiредi.
2. Директорлар В қосымшасына сәйкес экономикалық және қаржы мәселелерiнде бiлiктiлiгi жоғары адамдар болып табылады.
3. Басқарушылар кеңесi Банк мүшелерiнiң санының өзгеруiне байланысты, егер осы үшiн дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы санының кемiнде төрттен үшiнің мүддесiн білдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсi дауыс берсе, онда Директорлар кеңесi мүшелерiнің санын ұлғайтуы немесе азайтуы немесе оның құрамын қайта қарауы мүмкiн. Кейiнгi сайлауға қатысты осы өкiлеттiктердi жүзеге асыруға кедергі келтiрмейтiндей етіп, директорлар саны және екiншi Директорлар кеңесiнің құрамы осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi.
4. Әрбiр Директор өзi болмағанда оның атынан толықтай iс жүргiзу өкiлеттiгi берiлетiн орынбасарын тағайындайды. Директорлар және орынбасарлар мүше-елдердің азаматы болуы керек. Бiр директор бiр ғана елдің мүддесiн бiлдiредi. Орынбасар Директорлар Кеңесiнің жиналыстарына қатыса алады, алайда, директордың мiндетiн атқаратын кездерде ғана дауыс бере алады.
5. Директорлар өз мiндеттерiн үш (3) жыл бойы атқарады және мына жағдайларда, Директорлар кеңесiн Басқарушылар кеңесi өзiнің алғашқы мәжiлiсiнде сайласа және өз мiндеттерiн осыдан кейiнгi Басқарушылар кеңесiнің кезектi жылдық жиналысына дейiн атқарса немесе Кеңес осындай жылдық мәжiлiсінде өзiнің келесi жылдық мәжiлiсiне дейiн осылай деп шешкен жағдайларда, жаңа мерзiмге сайланады. Директорлар олардың мұрагерлерi сайланғанға және соңғылары өз мiндеттерiн орындауға кiрiскенге дейiн өз мiндеттерiн жалғастырады. Егер Директордың лауазымы осы қызметтi атқару мерзiмi аяқталғанға дейiн жүз сексен (180) күн бойы бос болса, бұрынғы Директорды сайлаған басқарушылар қалған мерзiмге оның мұрагерiн Б қосымшасына сәйкес сайлайды. Осындай сайлауда аталған басқарушылардың көпшiлiк дауысын жинауы керек. Егер Директордың лауазымы осы қызметтi атқару мерзiмi аяқталғанға дейiн жүз сексен (180) күн немесе одан кем уақыт бойы бос болса, бұрынғы директорды сайлаған басқарушылар дауыс беру жолымен қалған мерзiмге мұрагер сайлайды және мұндай сайлау кезiнде басқарушылардың көпшiлiк дауысы қажет. Директордың лауазымы бос болғанда, бұрынғы директордың орынбасары оның орынбасарды тағайындау өкiлеттiгiн қоспағанда, барлық өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.
27-бап
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСI: ӨКIЛЕТТIК
Осы Келiсiмнің 24-бабында көзделгендей Басқарушылар кеңесiнің өкiлеттiгiне нұқсан келтiрмей, Директорлар кеңесi Банктің жалпы қызметiне басшылық етiлуiне жауап бередi және осы мақсат үшiн осы Келiсiммен берiлген өкiлеттiктерге қосымша, Басқарушылар кеңесi жүктеген барлық өкiлеттiктердi жүзеге асырады, атап айтқанда:
(i) Басқарушылар кеңесiнің жұмысын дайындайды;
(іі) Басқарушылар кеңесiнiң жалпы нұсқауларына сәйкес қарыз, кепiлдiк, акционерлiк капиталға салынған инвестиция беруге, Банктің заем алуына, техникалық көмек көрсету және Банктің басқа операцияларына қатысты саясат белгiлейдi және шешiм қабылдайды;
(ііі) Аудиторлар тексерген әрбiр қаржы жылына арналған есептiлiктi әрбiр жылдық жиналыста Басқарушылар кеңесiне бекiтуге ұсынады;
(іv) Банктің бюджетiн бекiтедi.
28-бап
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСI: РӘСIМ
1. Директорлар Кеңесi Банктің штаб-пәтерiнде жұмыс iстейдi және Банк қызметiнің қажеттiлігіне қарай мәжiлiс өткiзедi.
2. Директорлардың көпшiлiгi, осындай көпшiлiк дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсi болса, Басқарманың кез келген жиналысының кворумын құрайды.
3. Басқарушылар кеңесi Директорлар Кеңесi құрамында өз ұлтының өкiлi болмағанда, осы елдің мүддесi ерекше қозғалатын мәселе қарастырылатын жиналысқа дауыс беру құқығынсыз қатысу үшiн өз өкiлiн жiберту туралы өкiм қабылдайды.
29-бап
ДАУЫС БЕРУ
1. Әрбiр мүшенің құқылы дауыс саны Банктің акционерлiк капиталындағы оның жазылған акцияларының санына тең болады. Егер қандай да бiр мүше осы Келiсiмнің 6-бабына сәйкес төленетiн акцияларға қатысты өз мiндеттемелерi бойынша соманың қандай да бiр бөлiгiн төлемеген жағдайда, мұндай мүшенің төлемсiздiк мерзiмi iшiнде Банктiң акционерлiк капиталындағы мүше жазылған төленетiн акциялардың жалпы сомасына қатысты төленбеген соманың проценттiк үлесiне сәйкес келетiн өзiне тиесiлi дауыс санының проценттiк үлесiне құқығы болмайды.
2. Басқарушылар кеңесiнде дауыс беру кезiнде әрбiр басқарушы өз мүддесiн білдiретiн мүше үшiн дауыс беруге құқығы бар. Осы Келiсiмде айқын өзгеше көзделген жағдайлардан басқа, басқарушылар кеңесi қарастыратын мәселелер дауыс беруге қатысатын мүшелердің жалпы дауыс санының көпшiлiгiмен шешiледi.
3. Дауыс беру кезiнде Директорлар кеңесiндегi әрбiр директордың өзiн сайлаған басқарушыларға тиесiлі дауыстар, сондай-ақ В қосымшасының Д тарауына сәйкес өз дауыстарын берген басқарушылардың дауыстар санына құқығы бар. Бiрнеше мүшенің мүддесiн бiлдiретiн Директор өз мүддесiн білдіретiн мүшелер үшiн жеке дауыс бередi. Осы Келiсiмде өзгеше көзделген жағдайлардан басқа және мүшелерге тиесiлi жалпы дауыс санының кемінде үштен екiсiн құрайтын көпшiлiгiмен қабылданатын жалпы саясатқа қатысты шешiмдердi қоспағанда, Директорлар кеңесiндегi барлық мәселелер дауыс беруге қатысатын мүшелерге тиесiлi жалпы дауыс санының көпшiлiгiмен шешiледi.
30-бап
ПРЕЗИДЕНТ
1. Басқарушылар кеңесi мүшелерге тиесiлi жалпы дауыс санының кемiнде көпшiлiгiнің мүддесiн білдiретiн басқарушылар жалпы дауыс санының көпшiлiгiмен Банк Президентiн сайлайды. Президент осы қызметтi атқару барысында басқарушы немесе директор болмаса басқарушының немесе директордың орынбасары бола алмайды.
2. Президенттің өкiлеттiк мерзiмi төрт (4) жыл болады. Ол жаңа мерзiмге қайта сайлана алады. Ол өз мiндеттерiн орындауды осындай шешiмге мүшелерге тиесiлi жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiнің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылар дауыс берген жағдайда, Басқарушылар кеңесінің шешiмi бойынша тоқтатады. Егер қандай да бiр себептермен Президенттiң орны бос болса, Басқарушылар кеңесi осы баптың 1-тармағына сәйкес оның мұрагерiн төрт (4) жыл мерзiмге сайлайды.
3. Президент дауыс беруге қатыспайды, алайда дауыстар тең болғанда оның шешушi дауыс құқығы бар. Ол Басқарушылар кеңесiнің мәжiлiстерiне қатысады және Директорлар кеңесiнің мәжiлiстерiнде төрағалық етедi.
4. Президент Банктің заңды өкiлi болып табылады.
5. Президент Банк қызметкерлерiн басқарады. Ол Директорлар Кеңесi белгiлеген тәртiпке сәйкес жұмысты ұйымдастыруға, лауазымдық тұлғалар мен қызметкерлердi тағайындау және жұмыстан босату үшiн жауап бередi. Лауазымдық тұлғаларды және қызметкерлердi тағайындау кезiнде ол тиiмдiлiк пен техникалық бiлiктiлiктің маңыздылығын ескере отырып, жағрапиялық аумақтардың барынша кеңiнен қамтылуы негiзiнде қызметкерлер штатын қалыптастыруға айрықша көңiл бөледi.
6. Президент Директорлар кеңесiнің басшылығымен Банктің ағымдағы қызметiн басқарады.
31-бап
ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ(ТЕР)
1. Директорлар Кеңесi Президенттің ұсынысы бойынша бiр немесе бiрнеше вице-президенттi тағайындайды, вице-президент Директорлар Кеңесi белгiлейтiн мерзiм iшiнде өз мiндеттерiн орындайды, өкiлеттер бередi және Банктi басқару жөнiндегі функцияларды жүзеге асырады. Президент қызметте болмағанда немесе өз өкiлеттiктерiн орындауға жарамсыз болғанда вице-президент Президенттің өкiлеттiктерiн жүзеге асырады және функцияларын атқарады.
2. Вице-президент Директорлар кеңесiнің жиналысына қатыса алады, бiрақ Президенттің өкiлеттiгін жүзеге атқаратын вице-президент немесе жауапты вице-президент шешушi дауыс беретiн жағдайларды қоспағанда, мұндай жиналыстарда дауыс беруге құқығы жоқ.
32-бап
БАНКТIҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИПАТЫ
1. Банк өзiнің мақсаты мен функцияларына қандай да болмасын жолдармен зиян келтiретiн, олардан бас тартуға немесе басқа түрде өзгертуге әкеп соқтыратын арнайы қорларды немесе басқа кредиттердi болмаса көмектi қабылдамайды.
2. Банк, оның Президентi, вице-президент(тер)i, лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi өз шешiмдерiнде осы Келiсiмде айқындалған Банктің мақсатын, оның функциялары мен операцияларын басшылыққа алады. Мұндай шешiм Банктің мақсаты мен функцияларына қол жеткiзу және жүзеге асыру тұрғысынан әділдiкпен бағаланады.
3. Банктің Президентi, вице-президент(тер)i, лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi өзiнің лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде тек Банкке қызмет етедi және басқа ешқандай билiкке бағынбайды. Банктің әрбiр мүшесi оның халықаралық мәртебесiн мойындайды және өзiнің мiндеттерiн орындау кезiнде бiреуге ықпал етуге құқылы емес .
33-бап
БАНК МЕКЕМЕСIНДЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРI
1. Банктiң штаб-пәтерi Лондонда орналасқан.
2. Банк агенттiктерiн немесе филиалдарын Банктің кез келген мүшелерiнің аумағында құра алады.
34-бап
ДЕПОЗИТАРИЙЛЕР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КАНАЛДАРЫ
1. Әрбiр мүше Банкпен келiсе отырып, осы мүшенің валютасындағы Банкке тиесiлi барлық қаражаттың, сондай-ақ банктің басқа активтерiнiң депозитарий ретiнде өзiнің орталық банкiн немесе басқа кез келген мекеменi тағайындайды.
2. Әрбiр мүше осы Келiсiм шеңберiнде туындайтын кез келген мәселе бойынша Банк байланыс жасайтын тиiсiнше ресми органды белгiлейдi.
35-бап
ЕСЕПТЕРДI ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БЕРУ
1. Банк аудиторлар тексерген өзiнiң шоттарының жағдайы туралы өтiнiштен тұратын жыл сайынғы ресми есебiн жариялайды және мүшелерiне үш (3) айда кемiнде бiр рет өзiнің қаржы жағдайы туралы қысқаша есеп және оның операцияларының нәтижелерiн көрсетiп пайдалар мен шығыстар есебiнен жiбередi. Қаржы есептерi ЭКЮ-де жүргiзiледi.
2. Банк өз қызметiнің қоршаған ортаға әсерi туралы жылдық есептi ұсынады және өзiң мақсатына қол жеткiзу үшiн тиiмдi болып табылатын кез келген өзге есептi жариялайды.
3. Осы бапта аталған барлық есептердің, шоттардың және жарияланымдардың көшiрмесi мүшелерге жiберiледi.
36-бап
ТАЗА ТАБЫСТЫ ЖIБЕРУ ЖӘНЕ БӨЛУ
1. Басқарушылар кеңесi резервтерге аударымдар және қажеттiлiкке қарай ықтимал шығындарға аударымдар жасағаннан кейiн осы Келiсiмнің 17-бабының 1-тармағына сәйкес жылына кемінде бiр рет Банктің таза табысының қандай бөлiгi пайдаға немесе басқа мақсаттарға жiберiлетiнi, егер бар болса, онда қандай бөлiгі бөлуге жататыны белгiленедi. Банктің таза табысын басқа мақсаттарға жiберу туралы шешiм мүшелерге тиесiлi жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiнің мүддесiн білдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсiн құрайтын көпшiлiгiмен қабылданады. Таза табысты осылай бөлу және тарату жалпы резерв шығаруға рұқсат етiлген акционерлiк капитал мөлшерiнiң он (10) процентiне жеткенде жүзеге асырылады.
2. Алдыңғы тармақта аталған қаражатты бөлу әрбiр мүшеге тиесiлi төленген акцияларды санау кезiнде қолма-қол ақшамен төленген және тиiсiнше қаржы жылының соңынан кешiктiрмей осындай акциялар бойынша жай вексельдермен инкассоцияланған акциялар есепке алынған жағдайда, осындай акциялардың санына бара-бар жүзеге асырылады.
3. Әрбiр мүшеге төлем Басқарушылар кеңесi белгiлеген тәсiлмен жүзеге асырылады. Осындай төлемдер және оларды алушы-мемлекеттің пайдаланылуы қандай да болмасын мүшенің шектеуiнсiз жүзеге асырылады.
VIІ тарау
МҮШЕЛIКТЕН ШЫҒУ ЖӘНЕ МҮШЕЛIКТI ТОҚТАТУ: ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
УАҚЫТША ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТҮПКIЛIКТI ТОҚТАТУ
37-бап
МҮШЕЛIКТЕН ШЫҒУ ҚҰҚЫҒЫ
1. Әрбiр мүше Банктің штаб-пәтерiне жазбаша хабарлама жiберу арқылы кез келген уақытта Банктен мүшелiктен шыға алады.
2. Банк хабарлама алған күннен алты айдан (6) кейiн ғана, мүшенiң жазбаша хабарламада көрсеткен күнi мүшелiктен нақты шығарылған және мүшелiк тоқтатылған күн болып саналады. Бұл ретте мүшелiктен шығу түпкiлiктi күшiне енгенге дейiн мүше Банкке мүшелiктен шығатындығы туралы өз хабарламасынан бас тартатындығы жөнiнде жазбаша түрде хабарлама жасай алады.
38-бап
МҮШЕЛIКТI ТОҚТАТА ТҰРУ
1. Егер қандай да бiр мүше Банк алдындағы қандай да болмасын мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар мүшелердiң жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсінің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсiн құрайтын көпшілігiнің шешiмiмен оның мүшелiгiн тоқтата алады. Егер мүшелiктi тоқтата тұруға негiз болған көпшiлiк дауыспен мүшенiң құқықтарын қалпына келтiру туралы шешiм қабылданбаса, өзiне қатысты осындай шешiм қабылданған мүше мүшелiк тоқтатылған күннен бiр (1) жылдан кейiн мүшелiктен автоматты түрде шығады.
2. Мүшелiктi тоқтату кезiнде мүше шығу құқығын қоспағанда, өзiнің барлық мiндеттемелерiн сақтайды.
39-бап
БҰРЫНҒЫ МҮШЕЛЕРМЕН ЕСЕП-АЙЫРЫСУЛАРДЫ РЕТТЕУ
1. Мүшелiгi тоқтатылған күннен бастап осындай бұрынғы мүше мүшелiк тоқтатылғанға дейiн уағдаластық жасалған заемдардың, акционерлiк капиталға салынған инвестициялардың немесе кепiлдiктердің қандай да бiр бөлiгi реттелгенше Банктің алдындағы өзiнің тiкелей мiндеттемелерi, сондай-ақ Банк алдындағы шартты мiндеттемелерi бойынша жауапты болады; алайда мүшелiгi тоқтатылғаннан кейiн Банк берген заемдар, акционерлiк капиталға салынған инвестициялар және инвестициялар бойынша мiндеттемелер қабылдамайды және Банктің кiрiстерiне немесе шығыстарына қатыспайды.
2. Мүшенің мүшелiгi тоқтатылған жағдайда Банк осы баптың ережелерiне сәйкес осындай мүшемен есеп айырысуларды реттеу мақсатында онымен акцияларды сатып алу туралы уағдаласады. Осы мақсатта акциялар Банк кiтабында осы ел мүшелiгi тоқтатылған күнi көрсетiлген баға бойынша сатып алынады, бұл ретте акцияның бастапқы сатып алу бағасы ең жоғарғы баға болып табылады.
3. Банк осы бапқа сәйкес сатып алған акциялар үшiн төлемдер мынадай шарттарға сәйкес жүргiзiледi:
(i) өзiнің акциялары үшiн осы елге тиесiлі кез келген сома осы ел, оның орталық банкi болмаса кез келген агенттiктерi немесе органдары қарыз алушы немесе кепiлгер ретiнде Банктің алдында жауапты болған кезеңде ұсталады және бұл сомалар Банктiң қалауынша мерзiмi келген осындай мiндеттемелердi өтеуге қолданылады. Осы Келiсiмнiң 6-бабының 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес бұрынғы мүшенiң акцияларға жазылудан туындайтын мiндеттерi есебiнен ешқандай сома ұсталмайды. Қандай жағдайда болмасын мүшеге акциялары үшiн тиесiлi сома осы елдің мүшелiгi тоқтатылған күннен бастап алты (6) ай өткенге дейiн төленбейдi.
(ii) Осы тармақтың (i) тармақшасында аталған қарыздар, акционерлiк капиталға салынған инвестициялар және кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердің жалпы сомасынан осы баптың 2-параграфына сәйкес сатып алу бағасынан асатын сома шегiнде бұрынғы мүше сатып алу бағасын толық алғанға дейiн акциялар үшiн төлем кезең-кезеңiмен жүргiзiледi.
(ііі) төлемдер Банк белгілеген шарттарда, толық айырбасталатын валютада немесе ЭКЮ және мерзiмдерде жүргізiледi.
(iv) Егер Банк мүшенiң мүшелiгi тоқтатылған күнi төленбеген қандай да болмасын кепiлдiктер, қарызға қатысу немесе қарыздар бойынша шығын шексе немесе Банк осы күнге акционерлiк капиталға салынған өзiнің инвестициялары бойынша таза шығын шексе және осындай шығындар сомасы мүшенің мүшелiгi тоқтатылған күнi шығындарды өтеу үшiн көзделген резерв сомасынан асатын болса, онда осындай бұрынғы мүше шығындарды есепке алу арқылы сатып алу бағасы анықталған жағдайда, егер осы бағаны анықтау кезiнде аталған шығындардың мөлшерi ескерiлген болса, Банктің талап етуi бойынша акцияларының сатып алу бағасы азайтылатын соманы төлеуге тиiс. Бұдан басқа, бұрынғы мүше осы Келiсiмнің 6-бабының 5-тармағына сәйкес жазылудың төленбеген үлесiне кез келген талапқа қатысты капитал мiндеттелгенде және оның акцияларының сатып алу құны анықталған сәтте талап қойылғанда жауапты болады.
4. Егер Банк осы Келiсiмнiң 41-бабына сәйкес өз операцияларын қандай да болмасын бiр елдің мүшелiгi тоқтатылған күннен бастап алты (6) ай iшiнде тоқтататын болса, онда осындай бұрынғы мүшенің барлық құқықтары осы Келiсiмнің 41-43-баптарының ережелерiне сәйкес анықталады.
40-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ УАҚЫТША ТОҚТАТУ
Кез келген төтенше жағдайда Басқарушылар кеңесi қалыптасқан жағдайды қарағанға және олар бойынша тиiстi шаралар қабылдағанша Директорлар кеңесi жаңа заемдар, кепiлдiктер беру, бағалы қағаздарды кепiлдiкпен орналастыру, техникалық көмек көрсету, акционерлiк капиталға салынатын инвестициялар бойынша операцияларды уақытша тоқтатады.
41-бап
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТҮПКIЛIКТI ТОҚТАТУ
Егер осы үшiн дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшiнің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсi дауыс берсе, онда Банк өз операцияларын толықтай тоқтатады. Банк операциялары осылай түпкiлiктi тоқтатылғанда, осындай тоқтатудан кейiн Банк өз активтерiн реттiлiкпен iске асыру, консервациялау мен сақтауға және мiндеттемелерiн реттеуге байланысты қызметтi қоспағанда, барлық қызметiн тоқтатады.
42-бап
МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШIЛІГІ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРДЫ ТӨЛЕУ
1. Банк операциялары түпкiлiктi тоқтатылған жағдайда барлық мүшелердің жазылған Банк акционерлiк капиталының талап етiлмеген бөлiгі бойынша мiндеттемелерi кредит берушілердiң, барлық, оның iшiнде шартты талаптарын қанағаттандырғанға дейiн күшiн жоймайды.
2. Кредит берушiлердің жай операциялар бойынша тiкелей талаптары бiрiншi кезекте Банктің активтерiнен, екiншi кезекте Банкке төленетiн акциялардың төленбеген бөлiгiне жасалған төлемдерден және содан кейiн талап бойынша төленуге тиiс акционерлiк капиталдың есебiнен Банкке жасалған төлемдерден төленедi. Тiкелей талап қоятын кредит берушiлерге төлем жүргiзердің алдында Директорлар Кеңесi тiкелей және шартты талап қоюшылардың арасында капиталдың тепе-тең бөлiнуiн қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қабылдайды.
43-бап
АКТИВТЕРДI БӨЛУ
1. Мына жағдайларда:
(i) кредит берушiлер алдындағы барлық мiндеттемелер өтелгенге немесе орындалғанға дейiн; және
(ii) Басқарушылар кеңесi дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде төрттен үшiнің мүддесiн білдiретiн басқарушылардың кемiнде үштен екiсiнің көпшiлiк даусымен активтердi бөлу туралы шешiм қабылдағанға дейiн осы тарауға сәйкес активтер Банк капиталына жазылу есебiнен мүшелер арасында бөлiнбейдi.
2. Банк активтерi мүшелер арасында әрбiр мүшеге тиесiлi акционерлiк капиталдың үлесiне теңбе-тең мөлшерде бөлiнедi және Банк дұрыс деп тапқан шарттарда және мерзiмдерде жүзеге асырылады. Активтердi бөлу кезiнде активтердің үлестерi активтің түрлерiне қатысты бiрдей болуы мiндеттi емес. Мүшенің ешқайсысы Банк алдындағы өзiнің мiндеттемелерiн өтегенше активтердi бөлу кезiнде өз үлесiн алуға құқылы емес.
3. Осы бапқа сәйкес бөлiнген активтердi алатын мүше осындай активтерге қатысты олар бөлiнгенге дейiн Банк пайдаланған құқықтарды пайдаланады.
VIII тарау
МӘРТЕБЕ, ИММУНИТЕТТЕР, АРТЫҚШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ АЛЫП ҚОЮ
44-бап
ТАРАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Банк өзiнің мақсаты мен өзiне жүктелген функцияларына әрбiр мүше-ел аумағына қол жеткiзуi үшiн Банкке осы бөлiмде қарастырылған мәртебе, иммунитеттер, артықшылықтар мен шектеулер берiледi.
45-бап
БАНКТIҢ МӘРТЕБЕСI
Банктің толық құқықтық субъектiлiгi және атап айтқанда:
(i) келiсiм-шарттар жасауға;
(іі) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып алуға және оларға билiк етуге;
(ііі) процессуалдық iс-әрекеттер жүргiзуге толық құқықтық қабiлетi бар.
46-бап
БАНКТIҢ СОТ ПРОЦЕСIНЕ ҚАТЫСТЫ ПОЗИЦИЯСЫ
Банк мекемесi бар, сотқа шақырту қабылдау немесе сотқа келу туралы хабарлау мақсатында өкiлi тағайындалған, болмаса бағалы қағаздар шығарған немесе олар бойынша кепілдiк берген ел аумағында құзыреттi соттарда ғана Банкке қарсы iс қозғалуы мүмкiн. Алайда, мүшелердің атынан әрекет ететiн немесе талап қоятын мүшелер немесе тұлғалар атынан талап қойылмайды. Банктің мүлкi және активтерi Банкке қатысты түпкiлiктi сот шешiмi шығарылғанға дейiн алып қою, тұтқынға алу немесе соттық атқару өндiрiсiнің барлық нысандарынан қорғалады.
47-бап
АКТИВТЕРДІҢ ТӘРКIЛЕУГЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТI
Банктің қарамағындағы және меншiгiндегi барлық мүлкi және активтерi тiнту, иелiктен айыру, тәркiлеу, экспроприациялау болмаса атқару немесе заң билiгiнің актiлерiн пайдалану құқығын алу немесе одан айырудың кез келген басқа нысандарынан атқарушылық немесе заң жолымен қорғалады.
48-бап
МҰРАҒАТТАР ИММУНИТЕТI
Банк мұрағаттарына және оған тиесiлi немесе оның қарамағындағы барлық құжаттарына қол сұғуға болмайды.
49-бап
АКТИВТЕРГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙМАУ ЕРКІНДIГI
Банктiң барлық мүлкi мен активтерiне Банктің мақсаты мен функцияларын тиiмдi жүзеге асыруға қажеттi шектерде және осы Келiсiмнің ережелерiне сәйкес кез келген сипаттағы шектеу қою, тыйым салу, бақылау және мораторий белгiлеу шаралары қойылмайды.
50-бап
БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
Әрбiр мүше Банкке басқа мүшелердің ресми хабарлары сияқты ресми байланыс режимiн ұсынады.
51-бап
ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДIҢ ИММУНИТЕТТЕРI
Банктің барлық басқарушылары, директорлары, орынбасарлары, лауазымды тұлғалары және қызметкерлерi, сондай-ақ Банктің тапсырмасын орындайтын сарапшылар Банк осындай иммунитеттерден бас тартатын жағдайларды қоспағанда, қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты сот iс-әрекетiнен қорғалады және олардың барлық ресми құжаттарына қол сұғылмайды. Бұл иммунитет кез келген басқарушы, директор, орынбасарлары, лауазымды тұлғалар, қызметшiлер немесе сарапшылар жасаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан болған зиян кезiндегi азаматтық жауапқа тарту кезiнде қолданылмайды.
52-бап
ЛАУАЗЫМДЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
1. Банктiң барлық басқарушылары, директорлары, орынбасарлары, лауазымды тұлғалары және қызметшiлерi, сондай-ақ Банктің тапсырмасын орындайтын сарапшылар:
(i) егер олар жергiлiктi азаматтар болмаса, олардың иммиграциялық шектеулерге, шетел азаматтарын тiркеуге қойылатын талаптарға және мемлекеттiк мiндеттердi атқару жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты құқықтары болады және оларға валютаны айырбастау тәртiбiне қатысты мүше өз өкiлдерiне, лауазымды тұлғаларына және қызметшiлерiне басқа мүшелердің осындай сатыдағы қызметшiлерiне берiлетiн артықшылықтар берiледi;
(ii) мүшенің өз өкiлдерiне, лауазымды тұлғаларына және басқа мүшелердің осындай сатыдағы қызметшiлерiне беретiн жүрiп-тұру режимiн пайдалана алады.
2. Банктiң штаб-пәтерi орналасқан елде тұратын Банктің аталған директорларының, директорлар орынбасарларының, лауазымды тұлғалардың, қызметшiлерi мен сарапшыларының жұбайлары мен тiкелей қарауындағы адамдарға осы елде жұмысқа орналасу мүмкiндiгi берiледi. Банктің агенттiгі немесе бөлiмшесi орналасқан елде тұратын Банктің аталған директорларының, директорлар орынбасарларының, лауазымды тұлғалардың, қызметшiлерi мен сарапшыларының жұбайлары мен тiкелей қарауындағы адамдарға мүмкiндiгiнше осы елдің заңдарына сәйкес осы елде осындай мүмкiндiк беріледi. Осы тармақтың ережелерiн жүзеге асыру үшiн Банк өзiнің штаб-пәтерi орналасқан елмен, қажет болғанда - басқа мүдделi елдермен арнайы келісiм жасайды.
53-бап
САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДЕН БОСАТУ
1. Өзiнің ресми қызметi шеңберiнде Банк, оның активтерi, мүлкi және табыстары тiкелей салықтан босатылады.
2. Банк елеулi сомаға ресми қызметiн жүзеге асыруға қажеттi сатып алулар жүргiзсе немесе қызметтердi пайдаланса және сатып алулар және қызметтер бағасына салықтар немесе баждар кiргiзiлетiн болса, онда салықтар немесе баждар алатын мүше олардың мөлшерiн анықтауға болатын болса, Банктi осындай салықтардан немесе баждардан босату немесе оларды өтеу үшiн тиiсiнше шараларды қабылдайды.
3. Банктің ресми қызметiн жүзеге асыруға қажеттi әкелетiн тауарлар барлық әкелу баждарынан және салықтардан және импортқа байланысты барлық тыйым салулар мен шектеулер босатылады. Осылайша Банк әкететiн және оның ресми қызметiн жүзеге асыруға қажеттi тауарлар әкету баждарынан және салықтардан және импортқа байланысты барлық тыйым салулар мен шектеулер босатылады.
4. Мүшелер баждан немесе салықтан босатылған етiп белгiленген шарттардан басқа, осы бапқа сәйкес баждардан және салықтардан босатылған сатып алынған немесе импортталған тауарлар сатуға, жалға алуға, беруге немесе ақыға немесе тегiн беруге жатпайды.
5. Осы баптың ережелерiнің коммуналдық қызметi үшiн төлемақы болып табылатын салықтарға немесе баждарға қатысы болмайды.
6. Банктің директорларына, директорларының орынбасарларына, лауазымды тұлғаларына және қызметкерлерiне Банктің пайдасы үшiн еңбекақы мен Банк төлейтiн сыйақыларға осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде Басқарушылар кеңесi қабылдайтын ережелерге сәйкес белгiленетiн шарттарда iшкi нақты салық салынады. Осы салық қолданылған күннен бастап аталған еңбекақы және сыйақылар ұлттық салық табысынан босатылады. Мүшелер Басқа көздер табыстарынан алынатын салықтар сомасын есептеу кезiнде салықтан босатылған еңбекақы мен сыйақыларды есепке алады.
7. Осы баптың 6-тармағының ережелерiне қарамастан, мүше бекiту, қабылдау немесе декларацияны мақұлдау туралы құжатпен бiрге осындай мүшенiң азаматтарына Банк төлейтiн еңбекақыдан және сыйақылардан салық алу құқығын өзiнде, өзiнің әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде немесе өзiнің жергiлiктi билiк органдарында қалдырады. Банк осындай салықтарды төлеуден, ұстап қалудан немесе жинаудан босатылады, банк мұндай салықтарды өтемейдi.
8. Осы баптың 6-тармағы Банк төлейтiн зейнетақылар мен жыл сайынғы жәрдемақыларға қолданылмайды.
9. Банк мiндеттемелерiнен немесе ол шығаратын бағалы қағаздардан, сондай-ақ ұстаушылардың кiм болғанына қарамастан, олар бойынша алынатын дивидендтерден немесе проценттерден мына жағдайларда:
(i) Банк тарапынан шығарылғандықтан, осындай мiндеттемелерге және бағалы Қағаздарға қатысты дискриминацияланатын болса;
(ii) Аталған мiндеттемелердің немесе бағалы қағаздардың шығарылған жерi;
олар, шығарылған, төлеуге тиiс немесе төленетiн валюта, болмаса Банкке тиесiлi кез келген мекеме немесе қызмет орны осындай салық салудың басты заңды негізi болып табылса, ешқандай салық алынбайды.
10. Банк кепiлдiк берген мiндеттемелерден немесе бағалы қағаздардан, оның iшiнде олардың ұстаушыларына қарамастан, олар бойынша алынатын кез келген дивидендтер немесе проценттерден мынадай жағдайларда:
(i) Банк тарапынан кепiлдiк етiлгендiктен, бағалы қағаздардан немесе осындай мiндеттемелерден арнайы салық алынса;
(ii) Банктiң кез келген мекемесiнің орналасқан жерi немесе қызмет ететiн жерi осындай салық салудың басты заңды негiзi болып табылса, ешқандай салық алынбайды.
54-бап
ОСЫ ТАРАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРIН ОРЫНДАУ
Әрбiр мүше осы Тараудың ережелерiн орындау мақсатында қажеттi шараларды шұғыл қабылдайды және барлық қабылданған iс-шаралар туралы Банкке егжей-тегжейлi хабарлайды.
55-бап
ИММУНИТЕТТЕН, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДАН ЖӘНЕ АЛЫП ҚОЮДАН БАС
ТАРТУ
Осы тарауға сәйкес берiлетiн иммунитеттер, артықшылықтар немесе алып қоюлар Банктiң мүддесi үшiн ұсынылады. Директор кеңесi осы тарауға сәйкес берiлетiн иммунитеттерден, артықшылықтар және алып қоюлардан өзiнің пiкiрiнше осындай шаралар Банктің мүддесiне жауап беретiн шарттарда және дәрежеде бас тарта алады. Президенттің пiкiрiнше иммунитет, артықшылық немесе алып қою әдiлдiк орнатуға қиындататын болса және олардан бас тарту Банктiң мүддесiне зиян келтiрмейтiн болса, Президенттi немесе вице-президенттi қоспағанда, Банктегi кез келген лауазымды тұлғаға, қызметшiге немесе сарапшыға қатысты кез келген иммунитеттен, артықшылықтан немесе алып қоюдан басқа тартуға құқылы және мiндеттi. Осындай жағдайларда және аталған шарттармен Директорлар кеңесi Президентке және әрбiр вице-президентке қатысты иммунитеттен, артықшылықтан немесе алып қоюдан бас тартуға құқылы және мiндеттi.
IХ тарау
ТYЗЕТУЛЕР, ТYСIНДIРУ, ТӨРЕЛIК СОТ
56-бап
ТYЗЕТУЛЕР
1. Мүшеден, басқарушыдан немесе Директорлар кеңесiнен келiп түскен осы Келiсiмге түзету енгізу туралы ұсыныс Басқарушылар кеңесi төрағасының назарына жеткiзiледi, ол бұл ұсынысты Кеңестің қарауына шығарады. Егер ұсынылған түзетудi Кеңес мақұлдайтын болса, онда Банк кез келген байланыс құралын пайдалану арқылы барлық мүшелердің ұсынылған түзетуге келiсiм сұратады. Дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кеміндн бестен төртінің үлесiне келетiн мүшелердің кемiнде төрттен үшi (А қосымшасында аталған Орталық және Шығыс Еуропаның кемiнде екi елiн қоса алғанда) ұсынылған түзетудi мақұлдаса, банк барлық мүшелерге ресми хабарлама жiберу арқылы осы фактын нақтылайды.
2. Осы баптың 1-параграфының ережелерiне қарамастан:
(i) Мыналарды:
(а) Банктен шығу құқығын;
(б) осы Келiсiмнің 5-бабының 3-тармағында көзделген акционерлiк капиталды сатып алуға қатысты құқықтарды;
(с) осы Келiсiмнің 5-бабының 7-тармағында көзделген жауапкершiлiктi шектеуге; және
(д) осы Келiсiмнің 1 және 2-баптарында белгiленген Банктің мақсаты мен функцияларын өзгертуге қатысты түзетулер барлық мүшелердің келiсiмін қажет етедi;
(ii) осы Келiсiмнің 8-бабының 4-тармағын өзгертетiн кез келген түзетулер кезiнде дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының кемiнде сексен бес (85) процентiнің үлесiне келетiн мүшелердің төрттен үшiнің келiсiмi қажет.
Осындай ұсынылған түзетудi келiсу жөніндегі талаптар сақталған жағдайда Банк осы фактiнi бұл туралы барлық мүшелерге ресми хабар жiберу арқылы хабарлайды.
3. Түзетулер, егер Басқарма осы үшiн өзге кезең белгілемесе, барлық мүшелерге осы баптың 1 және 2-баптарында көрсетiлген ресми хабар жiберiлген күннен үш (3) айдан кейiн күшiне енедi.
57-бап
ТҮСIНДIРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ
1. Қандай да бiр мүше мен Банк, болмаса Банктің кез келген мүшелерi арасында осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты туындайтын кез келген мәселе Директорлар Кеңесiнің қарауына шешiм қабылдау үшiн енгiзiледi. Егер аталған Кеңесте осы мәселенi қарауға аса мүдделi мүшенің ұлтындағы Директор болмаса, оның осы мәселе қаралатын кезеңде Директорлар Кеңесiнде өзiнің тiкелей өкiлiн ұстауға құқығы бар. Алайда осы мүшенің өкiлi дауыс беруге қатыспайды. Осылай өкiлдiк ету құқығын Басқарушылар кеңесi реттейдi.
2. Директорлар Кеңесi осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiм қабылдаған жағдайда, кез келген мүше бұл мәселенiң Басқарманың қарауына түпкiлiктi шешiм қабылдануы үшiн берiлуiн талап етедi. Басқарушылар Кеңесi шешiм қабылдағанға дейiн Банк Директорлар Кеңесi шешiмiнің негізiнде қажетiнше әрекет етедi.
58-бап
ТӨРЕЛIК СОТ
Банк және мүшелiгi тоқтатылған ел арасында, болмаса Банктің операцияларын тоқтату туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғаннан кейiн Банк және кез келген мүше арасында дау туындағанда, бұл дау үш төрешiден тұратын төрелiк сотқа шешуге берiледi, олардың бiреуiн - Банк, екiншiсiн - мүдделi мүше немесе бұрынғы мүше, ал үшiншiсiн, егер тараптар өзгеше келiспесе, Халықаралық Сот Төрағасы немесе Басқарушылар кеңесi қабылдаған ережелерде қарастырылғандай өзге осындай орган тағайындайды. Төрешiлер көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайды және ол тараптар үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болып табылады. Тараптар шешiммен келiспеген жағдайда, үшiншi төрешiге барлық процедуралық мәселелердi реттеу өкiлеттiгi берiледi.
59-бап
ҰСЫНЫЛҒАН МАҚҰЛДАУ
Осы Келiсiмнiң 56-бабы бойынша iс-әрекеттердi қоспағанда, Банк қандай-да болмасын iс-шараларды жүргiзу үшiн қандай да бiр мүшенің келiсiмi немесе мақұлдауы қажет болғанда, егер Банк жүргiзетiн iс-шаралар туралы хабарламада көрсетiлген мерзiм iшiнде осы мүше тарапынан қарсылық болмаса, оның келiсiмi немесе мақұлдауы алынған болып саналады.
Х тарау
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
60-бап
ҚОЛ ҚОЮ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТЕУ
1. Француз Республикасының үкiметiнде депозиттелген (бұдан әрi - "депозитарий") осы Келiсiм осы Келiсiмге берiлген А қосымшасында келтiрiлген мүшелер қол қою үшiн 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қалдырады.
2. Депозитарий осы Келiсiмнің расталған көшiрмелерiн барлық қол қойған тараптарға жiбередi.
61-бап
БЕКIТУ, ҚАБЫЛДАУ НЕМЕСЕ МАҚҰЛДАУ
1. Келiсiмдi тараптар бекiтедi, қабылдайды немесе мақұлдайды. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталған жағдайда, бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар 1991 жылғы 31 наурыздан кешiктiрiлмей Депозитарийде депозитке берiледi. Депозитарий қол қойған басқа тараптарға әрбiр депозиттеу және депозиттеу күнi туралы хабарлайды.
2. Кез келген қол қойған тарап бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты Келiсiм күшiне енген күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей немесе қажет болғанда дауыс беруге құқығы бар мүшелердің жалпы дауыс санының көпшiлiгiнің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың көпшiлігі белгiленген күннен кешiктiрмей депозиттеу арқылы Келiсiмнің тарабы болады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған құжатқа қол қойған тарап Келiсiм күшiне енгенге дейiн депозиттеген күннен бастап Банктің мүшесi болады. Басқа кез келген қол қойған тарап алдыңғы тармақтың талаптарын қанағаттандырған жағдайда, бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты депозиттеген күннен бастап Банктің мүшесi болады.
62-бап
КҮШIНЕ ЕНУ
1. А қосымшасында аталған Орталық және Шығыс Еуропаның кемiнде екi мемлекетiн қоса алғанда, А қосымшасында белгiленгендей бастапқы жазылымы жалпы жазылудың кемiнде үштен екiсiн білдiретiн қол қойған тараптар Келісiмдi бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты депозиттегеннен бастап Осы Келiсiм күшiне енедi.
2. Егер осы Келiсiм 1991 жылдың 31 наурызына дейiн күшiне енбесе, депозитарий алда жүргiзiлетiн iс-әрекеттердің тәртiбiн анықтау немесе бекiту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты депозиттеудің ең соңғы мерзiмi туралы шешiм қабылдау үшiн мүдделi мүшелердің конференциясын шақыртады.
63-бап
АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕ КIРIСУ
1. Осы Келiсiмнің 62-бабына сәйкес осы Келiсiм күшiне енгеннен бастап әрбiр мүше басқарушыны тағайындайды. Депозитарий 62-бапқа сәйкес осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн алпыс (60) күн iшiнде немесе осындай кейiнгі мүмкiн болатын ең жақын арада Басқарушылар кеңесiнің бiрiншi отырысын шақыртады.
2. Басқарушылар кеңесi өзiнің алғашқы отырысында:
(i) Президенттi сайлайды;
(іі) осы Келiсiмнің 26-бабына сәйкес Банк Директорларын сайлайды;
(ііі) Банк қызметiн бастайтын мерзiмдi белгiлеу үшiн шаралар қабылдайды; және
(іv) Банк операцияларын бастауға дайындалу үшiн қажеттi басқа да шараларды қабылдайды.
3. Банк өз мүшелерiне операциялары басталған күндi хабарлайды.
1990 жылы 29 мамырда бiр данада жасалды, оның ағылшын, немiс, орыс және француз тілдерiндегі мәтiнiнің күшi бiрдей және депозитарийдің мұрағатына сақтауға берiледi, ол расталған көшiрмесiн осы Келiсiмнің А қосымшасында аталған басқа мүшелерге жiбередi.
А Қосымшасы
61-БАПҚА СӘЙКЕС МҮШЕ БОЛА АЛАТЫН, ҰСЫНЫЛҒАН МҮШЕЛЕР ҮШIН
ШЫҒАРУҒА РҰҚСАТ ЕТIЛГЕН АКЦИОНЕРЛIК КАПИТАЛҒА БАСТАПҚЫ
ЖАЗЫЛЫМЫ
акциялар Жазылу жүргiзiлетiн
саны капитал
(млн. ЭКЮ)
А - Еуропалық қоғамдастықтар
(а)
Бельгия 22 800 228,00
Греция 6 500 65,00
Дания 12 000 120,00
Ирландия 3 000 30,00
Испания 34 000 340,00
Италия 85 175 851,75
Люксембург 2 000 20,00
Нидерланды 27 800 248,00
Португалия 4 200 42,00
Бiрiккен Корольдiгi 85 175 851,75
Германия Федеративтiк 85 175 851,75
Республикасы
Франция 85 175 851,75
(в)
Еуропалық инвестициялық 30 000 300,00
Банк
Еуропалық Экономикалық 30 000 300,00
Қоғамдастық
В - Басқа да еуропалық елдер
Австрия 22 800 228,00
Израиль 6 500 65,00
Исландия 1 000 10,00
Кипр 1 000 10,00
Лихтенштейн 200 2,00
Мальта 100 1,00
Норвегия 12 500 125,00
Түркия 11 500 115,00
Финляндия 12 500 125,00
Швейцария 22 800 228,00
Швеция 22 800 228,00
С - Алушы-елдер
Болгария 7 900 79,00
Венгрия 7 900 79,0
Герман Демократиялық 15 500 155,00
Республикасы
Польша 12 800 128,00
Румыния 4 800 48,00
Кеңес Социалистiк 60 000 600,00
Республикалар Одағы
Чехословакия 12 800 128,00
Югославия 12 800 128,00
Д - еуропалық емес елдер
Австралия 10 000 100,00
Египет 1 000 10,00
Канада 34 000 340,00
Корея Республикасы 6 500 65,00
Марокко 1 000 10,00
Мексика 3 000 30,00
Жаңа Зеландия 1 000 10,00
Америка Құрама Штаттары 100 000 1000,00
Жапония 85 175 851,75
Е - Бөлiнбеген акциялар
Жиыны: 1 000000 10 000,00
* Болжанып отырған мүшелер жоғарыда аталған санаттар бойынша осы Келiсiмнің мақсаты үшiн ғана келтiрiлген. Осы Келiсiмде Орталық және Шығыс Еуропа елдерi алушы елдер деп аталады.
В Қосымшасы
А бөлiмi - Бельгияның, Грецияның, Данияның, Ирландияның,
Испанияның, Италияның, Люксембургтің, Нидерландтың,
Португалияның, Бiрiккен Корольдіктiң, Германия Федеративтiк
Республикасының, Францияның, Еуропа инвестициялық банкiнің
және Еуропа экономикалық қауымдастығының (бұдан әрi -
А бөлiмiнде аталған басқарушылар) мүддесiн білдiретiн
басқарушылардың Директорларды сайлауы
1. Осы бөлiмде келтiрiлген ережелер осы бөлiмге қатысты ғана қолданылады.
2. А бөлiмiнде аталған басқарушылар директор лауазымына үмiткердi ұсынады, бұл ретте басқарушы бiр ғана адамның кандидатурасын ұсына алады. Директорларды сайлау А бөлiмінде аталған басқарушылардың дауыс беру жолымен жүргiзiледi.
3. Дауыс беруге құқығы бар әрбiр басқарушы, осы Келiсiмнің 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес оны тағайындаған мүшенің құқығы бар, өзiнің барлық дауысын бiр адамға бередi.
4. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, ең көп дауыс санын жинаған 11 адам директор болып сайланады, алайда А бөлiмi бойынша берiлетiн (бар дауыстардың) жалпы санының кемiнде 4,5 процентiн жинаған адам сайланбайды.
5. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, егер бiрiншi дауыс беру кезiнде 11 адам сайланбаса, 11 аспайтын үмiткер болатын жағдайлардан басқа, дауыс берудің екiншi кезеңi өткiзiледi, оған алдыңғы дауыс беру кезiнде ең аз дауыс санын жинаған үмiткер қатыспайды және онда мыналар:
(а) Алдыңғы жағдайда сайланбаған үмiткер үшiн дауыс берген басқарушылар;
(б) Сайланған үмiткер үшiн дауыс берген, олардың дауыстары осы бөлiмнiң 6 және 7-тармақтарына сәйкес осы үмiткерге бар дауыстардың 5,5 проценттен астамын жинауға мүмкiндiк берген басқарушылар дауыс бередi.
6. Басқарушылар берген дауыстар қандай да бiр адамға барлық дауыстардың 5,5 проценттен астамын жинауына әсер еткендiгiн анықтау үшiн, осы 5,5 процент, бiрiншіден, осы үмiткер үшiн ең көп дауыс берген басқарушының дауысы мен дауыс санының кему ретiмен басқа басқарушылардың дауысынан тұрады және осылайша 5,5 процентке жеткенге дейiн кемiтiледi.
7. Дауысының бiр бөлiгi қандай да бiр адамға берiлген дауыс санының 4,5 проценттен асуы үшiн есепке алынған кез келген басқарушы, осы адам үшiн берiлген жалпы дауыс саны 5,5 проценттен асқанына қарамастан, өзiнiң барлық дауысын осы адам үшiн берген болып саналады және дауыс берудің келесi кезеңдерiне қатыса алмайды.
8. Осы бөлiмнің 10-тармағын есепке ала отырып, егер екiншi дауыс беру кезеңiнен кейiн 11 адам сайланбаса, 11 адам сайланғанға дейiн осы бөлiмде айтылған қағидалар мен рәсiмдерге сәйкес келесi дауыс беру кезеңi өткiзiледi, алайда қандай да бiр кезеңде 10 адам сайланса, 11 адам осы бөлiмнiң 4-тармағының ережелерiне қарамастан, қалған дауыстарының жай көпшiлiгiмен сайланады.
9. А бөлiмiнде аталған басқарушылар сайлайтын директорлар саны ұлғайтылған немесе кемiтiлген жағдайда, осы бөлiмнің 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген ең жоғарғы және ең төменгі проценттiк үлестерге Басқарушылар кеңесi тиiсiнше түзету енгiзедi.
10. А қосымшасында көрсетiлген капиталға жалпы жазылу сомасының үлесi 2,4 проценттен асатын қандай да болмасын қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы бекiту, мақұлдау немесе қабылдау туралы құжаттарды немесе құжатты депозиттегенге дейiн мұндай тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайланбайды. Қол қойған осындай тараптың немесе қол қойған тараптар тобының мүддесiн бiлдiретiн басқарушы немесе басқарушылар қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы мүшелiкке қабылданған сәттен бастап әрбiр қол қойған тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайлайды. Егер осындай директор бiрiншi Директорлар кеңесi қызметiнiң мерзiмi iшiнде сайланса, осы Келiсiмнің 26-бабының 3-тармағына сәйкес бiрiншi отырыста басқарушылар кеңесi сайлаған болып саналады.
В бөлiмi - Басқа елдердің мүддесiн бiлдiретiн басқарушылардың Директорларды сайлауы
В (i) бөлiмi: А қосымшасында аталған (бұдан әрi - В (i) бөлiмiнде аталған басқарушылар) Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнiң (алушы-елдер) мүддесiн білдiретiн басқарушылардың директорларды сайлауы
1. Осы бөлiмде келтiрiлген ережелер осы бөлiмге қатысты ғана қолданылады.
2. В (i) бөлiмiнде аталған басқарушылар директор лауазымына үмiткердi ұсынады, бұл ретте басқарушы бiр ғана адамның кандидатурасын ұсына алады. Директорларды сайлау В (i) бөлiмiнде аталған басқарушылардың дауыс беру жолымен жүргiзiледi.
3. Дауыс беруге құқығы бар әрбiр басқарушы, осы Келiсiмнің 29-бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес оны тағайындаған мүшенің құқығы бар, өзiнің барлық дауысын бiр адамға бередi.
4. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, ең көп дауыс санын жинаған 4 адам директор болып сайланады, алайда В (i) бөлiмi бойынша берiлетiн (бар дауыстардың) жалпы санының кемiнде 12 процентiн жинаған адам сайланбайды.
5. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, егер бiрiншi дауыс беру кезiнде 4 адам сайланбаса, 4 аспайтын үмiткер болатын жағдайлардан басқа, дауыс берудiң екiншi кезеңi өткiзiледi, оған алдыңғы дауыс беру кезiнде ең аз дауыс санын жинаған үмiткер қатыспайды және онда мыналар:
(а) Алдыңғы жағдайда сайланбаған үмiткер үшiн дауыс берген басқарушылар;
(б) Сайланған үмiткер үшiн дауыс берген, олардың дауыстары осы бөлiмнің 6 және 7-тармақтарына сәйкес осы үмiткерге бар дауыстардың 13 проценттен астамын жинауға мүмкiндiк берген басқарушылар дауыс бередi.
6. Басқарушылар берген дауыстар қандайда бiр адамға барлық дауыстардың 13 проценттен астамын жинауына әсер еткендiгiн анықтау үшiн, осы 13 процент, бiрiншіден, осы үмiткер үшiн ең көп дауыс берген басқарушының дауысы мен дауыс санының кему ретiмен басқа басқарушылардың дауысынан тұрады және осылайша 13 процентке жеткенге дейiн кемiтiледi.
7. Дауысының бiр бөлiгі қандай да бiр адамға берiлген дауыс санының 12 проценттен асуы үшiн есепке алынған кез келген басқарушы, осы адам үшін берiлген жалпы дауыс саны 13 проценттен асқанына қарамастан, өзiнiң барлық дауысын осы адам үшiн берген болып саналады және дауыс берудiң келесi кезеңдерiне қатыса алмайды.
8. Осы бөлiмнің 10-тармағын есепке ала отырып, егер екiншi дауыс беру кезеңiнен кейiн 4 адам сайланбаса, 4 адам сайланғанға дейiн осы бөлiмде айтылған қағидалар мен рәсiмдерге сәйкес келесi дауыс беру кезеңi өткiзiледi, алайда қандай да бiр кезеңде 3 адам сайланса, осы бөлiмнің 4-тармағының ережелерiне қарамастан, 4-адам қалған дауыстарының жай көпшiлiгiмен сайланады.
9. В (i) бөлiмiнде аталған басқарушылар сайлайтын директорлар саны ұлғайтылған немесе кемiтiлген жағдайда, осы бөлiмнің 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген ең жоғарғы және ең төменгі проценттiк үлестерге Басқарушылар кеңесi тиiсiнше түзету енгiзедi.
10. А қосымшасында көрсетiлген капиталға жалпы жазылу сомасының үлесi 2,8 проценттен асатын қандай да болмасын қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы бекiту, мақұлдау немесе қабылдау туралы құжаттарды немесе құжатты депозиттегенге дейiн мұндай тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайланбайды. Қол қойған осындай тараптың немесе қол қойған тараптар тобының мүддесiн бiлдiретiн басқарушы немесе басқарушылар қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы мүшелiкке қабылданған сәттен бастап әрбiр қол қойған тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайлайды. Егер осындай директор бiрiншi Директорлар кеңесi қызметiнің мерзiмi iшiнде сайланса, осы Келiсiмнің 26-бабының 3-тармағына сәйкес бiрiншi отырыста басқарушылар кеңесi сайлаған болып саналады.
В (ii) бөлiмi: А қосымшасында аталған басқа еуропалық
елдердің мүддесiн білдiретiн басқарушылардың
(бұдан әрi - В (ii) аталған басқарушылар)
директорларды сайлауы
1. Осы бөлiмде келтiрiлген ережелер осы бөлiмге қатысты ғана қолданылады.
2. В (ii) бөлiмiнде аталған басқарушылар директор лауазымына үмiткердi ұсынады, бұл ретте басқарушы бiр ғана адамның кандидатурасын ұсына алады. Директорларды сайлау В (ii) бөлiмiнде аталған басқарушылардың дауыс беру жолымен жүргізiледi.
3. Дауыс беруге құқығы бар әрбiр басқарушы, осы Келiсiмнің 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес оны тағайындаған мүшенiң құқығы бар, өзiнің барлық дауысын бiр адамға бередi.
4. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, ең көп дауыс санын жинаған 4 адам директор болып сайланады, алайда В (іі) бөлiмi бойынша берiлетiн (бар дауыстардың) жалпы санының кемiнде 20,5 процентiн жинаған адам сайланбайды.
5. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, егер бiрiншi дауыс беру кезiнде 4 адам сайланбаса, 4 аспайтын үмiткер болатын жағдайлардан басқа, дауыс берудің екiншi кезеңi өткiзіледi, оған алдыңғы дауыс беру кезiнде ең аз дауыс санын жинаған үмiткер қатыспайды және онда мыналар:
(а) Алдыңғы жағдайда сайланбаған үмiткер үшiн дауыс берген басқарушылар;
(б) Сайланған үмiткер үшiн дауыс берген, олардың дауыстары осы бөлiмнің 6 және 7-тармақтарына сәйкес осы үмiткерге бар дауыстардың 21,5 проценттен астамын жинауға мүмкiндiк берген басқарушылар дауыс бередi.
6. Басқарушылар берген дауыстар қандай да бiр адамға барлық дауыстардың 21,5 проценттен астамын жинауына әсер еткендiгiн анықтау үшiн, осы 21,5 процент, бiрiншіден, осы үмiткер үшiн ең көп дауыс берген басқарушының дауысы мен дауыс санының кему ретiмен басқа басқарушылардың дауысынан тұрады және осылайша 21,5 процентке жеткенге дейiн кемiтiледi.
7. Дауысының бiр бөлiгi қандай да бiр адамға берiлген дауыс санының 20,5 проценттен асуы үшiн есепке алынған кез келген басқарушы, осы адам үшiн берiлген жалпы дауыс саны 21,5 проценттен асқанына қарамастан, өзiнің барлық дауысын осы адам үшiн берген болып саналады және дауыс берудің келесi кезеңдерiне қатыса алмайды.
8. Осы бөлiмнің 10-тармағын есепке ала отырып, егер екiншi дауыс беру кезеңiнен кейiн 4 адам сайланбаса, 4 адам сайланғанға дейiн осы бөлiмде айтылған қағидалар мен рәсiмдерге сәйкес келесi дауыс беру кезеңi өткiзiледi, алайда қандай да бiр кезеңде 3 адам сайланса, осы бөлiмнің 4-тармағының ережелерiне қарамастан, 4-адам қалған дауыстарының жай көпшiлiгiмен сайланады.
9. В (ii) бөлiмiнде аталған басқарушылар сайлайтын директорлар саны ұлғайтылған немесе кемiтiлген жағдайда, осы бөлiмнің 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген ең жоғарғы және ең төменгi проценттiк үлестерге Басқарушылар кеңесi тиiсiнше түзету енгiзедi.
10. А қосымшасында көрсетiлген капиталға жалпы жазылу сомасының үлесi 2,8 проценттен асатын қандай да болмасын қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы бекiту, мақұлдау немесе қабылдау туралы құжаттарды немесе құжатты депозиттегенге дейiн мұндай тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайланбайды. Қол қойған осындай тараптың немесе қол қойған тараптар тобының мүддесiн бiлдiретiн басқарушы немесе басқарушылар қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы мүшелiкке қабылданған сәттен бастап әрбiр қол қойған тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайлайды. Егер осындай директор бiрiншi Директорлар кеңесi қызметiнің мерзiмi iшiнде сайланса, осы Келiсiмнің 26-бабының 3-тармағына сәйкес бiрiншi отырыста басқарушылар кеңесi сайлаған болып саналады.
В (ііі): А қосымшасында аталған европалық емес елдердің мүддесiн білдiретiн басқарушылардың (бұдан әрi - В (ііі) бөлiмiнде аталған басқарушылар) директорларды сайлауы
1. Осы бөлiмде келтiрiлген ережелер осы бөлiмге қатысты ғана қолданылады.
2. В (iii) бөлiмiнде аталған басқарушылар директор лауазымына үмiткердi ұсынады, бұл ретте басқарушы бiр ғана адамның кандидатурасын ұсына алады. Директорларды сайлау В (ііі) бөлiмiнде аталған басқарушылардың дауыс беру жолымен жүргiзiледi.
3. Дауыс беруге құқығы бар әрбiр басқарушы, осы Келiсiмнің 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес оны тағайындаған мүшенің құқығы бар, өзiнің барлық дауысын бiр адамға бередi.
4. Осы бөлiмнің 10-тармағын ескере отырып, ең көп дауыс санын жинаған 4 адам директор болып сайланады, алайда В (ііі) бөлiмi бойынша берiлетiн (бар дауыстардың) жалпы санының кемiнде 8 процентiн жинаған адам сайланбайды.
5. Осы бөлiмнiң 10-тармағын ескере отырып, егер бiрiншi дауыс беру кезiнде 4 адам сайланбаса, 4 аспайтын үмiткер болатын жағдайлардан басқа, дауыс берудің екiншi кезеңi өткiзiледi, оған алдыңғы дауыс беру кезiнде ең аз дауыс санын жинаған үмiткер қатыспайды және онда мыналар:
(а) алдыңғы жағдайда сайланбаған үмiткер үшiн дауыс берген басқарушылар;
(б) Сайланған үмiткер үшiн дауыс берген, олардың дауыстары осы бөлiмнің 6 және 7-тармақтарына сәйкес осы үмiткерге бар дауыстардың 9 проценттен астамын жинауға мүмкiндiк берген басқарушылар дауыс бередi.
6. Басқарушылар берген дауыстар қандайда бiр адамға барлық дауыстардың 9 проценттен астамын жинауына әсер еткендiгiн анықтау үшiн, осы 9 процент, бiрiншіден, осы үмiткер үшiн ең көп дауыс берген басқарушының дауысы мен дауыс санының кему ретiмен басқа басқарушылардың дауысынан тұрады және осылайша 9 процентке жеткенге дейiн кемiтiледi.
7. Дауысының бiр бөлiгi қандай да бiр адамға берiлген дауыс санының 8 проценттен асуы үшiн есепке алынған кез келген басқарушы, осы адам үшiн берiлген жалпы дауыс саны 9 проценттен асқанына қарамастан, өзiнің барлық дауысын осы адам үшiн берген болып саналады және дауыс берудің келесi кезеңдерiне қатыса алмайды.
8. Осы бөлiмнің 10-тармағын есепке ала отырып, егер екiншi дауыс беру кезеңiнен кейiн 4 адам сайланбаса, 4 адам сайланғанға дейiн осы бөлiмде айтылған қағидалар мен рәсiмдерге сәйкес келесi дауыс беру кезеңi өткiзiледi, алайда қандай да бiр кезеңде 3 адам сайланса, осы бөлiмнің 4-тармағының ережелерiне қарамастан, төртiншi адам қалған дауыстарының жай көпшiлiгiмен сайланады.
9. В (ііі) бөлiмiнде аталған басқарушылар сайлайтын директорлар саны ұлғайтылған немесе кемiтiлген жағдайда, осы бөлiмнің 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген ең жоғарғы және ең төменгi проценттiк үлестерге Басқарушылар кеңесi тиiсiнше түзету енгiзедi.
10. А қосымшасында көрсетiлген капиталға жалпы жазылу сомасының үлесi 5 проценттен асатын қандай да болмасын қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы бекiту, мақұлдау немесе қабылдау туралы құжаттарды немесе құжатты депозиттегенге дейiн мұндай тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайланбайды. Қол қойған осындай тараптың немесе қол қойған тараптар тобының мүддесiн бiлдiретiн басқарушы немесе басқарушылар қол қойған тарап немесе қол қойған тараптар тобы мүшелiкке қабылданған сәттен бастап әрбiр қол қойған тараптан немесе қол қойған тараптар тобынан директор сайлайды. Егер осындай директор бiрiншi Директорлар кеңесi қызметiнің мерзiмi iшiнде сайланса, осы Келiсiмнің 26-бабының 3-тармағына сәйкес бiрiншi отырыста басқарушылар кеңесi сайлаған болып саналады.
С-бөлiмi - А қосымшасында аталмаған елдердің мүддесiн
бiлдiретiн директорларды сайлау туралы ереже
Егер Басқарушылар кеңесi осы Келiсiмнің 26-бабының 3-тармағына сәйкес Директорлар кеңесi мүшелерiнің санын ұлғайтуды немесе азайтуды немесе оның құрамын қайта қарауды шешсе, Банк мүшелерiнiң санына өзгерiстер әсер етуi үшiн, Басқарушылар кеңесi ең алдымен осы қосымшада қандай да болмасын өзгерiс енгiзу қажеттiгiн қарастырады және осындай шешiмнің бiр бөлігі ретiнде өзi дұрыс деп тапқан кез келген түзетулердi енгiзедi.
Д-бөлiмi - Дауыстарды беру
Осы қосымшаның А бөлiмiне, В (i) бөлiмiне, В (ii) бөлiмiне немесе В (ііі) бөлiмiне сәйкес директорларды сайлау барысында дауыс беруге қатыспайтын кез келген қатысушы өзiнің құқығы бар дауыстарын сайланған директорға бере алады, бұл ретте аталған басқарушы осы директорды сайлаған барлық басқарушылар тарапынан осындай беруге келiсiмiн алады.
Қандай да болмасын басқарушының директорларды сайлау барысында дауыс беруге қатыспайтындығы туралы шешiмi А бөлiмiне, В (i) бөлiмiне, В (ii) бөлiмiне немесе В (ііі) бөлiмiне сәйкес бар дауыстарды санауға әсер етпейдi.
Қандай да болмасын басқарушының директорларды сайлау барысында дауыс беруге қатыспайтындығы туралы шешiмi А бөлiмiне, В (i) бөлiмiне, В (ii) бөлiмiне немесе В (iii) бөлiмiне сәйкес бар дауыстарды санауға әсер етпейдi.
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКIН ҚҰРУ
ЖӨНIНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯ ТӨРАҒАСЫНА
Төраға мырза!
Өзiңiзге белгiлi болғандай, Франция Президентi Ф. Миттеранның Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнiң рынокқа бағытталған экономикаға өтуiне жәрдем беру мақсатында Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы бастамасы Кеңес басшылығы тарапынан түсiнiстiк пен қолдау тапты. КСРО делегациясы Банктiң құрылтай құжаттарын әзiрлеу жөнiндегi келiссөздердiң барлық кезеңдерiне қатысты. Құрылтайшы елдер Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмдi әзiрлеуде айтарлықтай жетiстiктерге жеттi.
Сонымен қатар, негiзiнен бiрқатар мемлекеттердiң Кеңес Одағы өз экономикасының мөлшерiне қарай Банк кредиттерiнiң негiзгі алушысына айналады және сол арқылы Банктiң басқа Орталық және Шығыс Еуропа елдерiне көмек беру мүмкiндiгiн азайтады деген қаупiнен белгiлi бiр қиындықтар туындады.
Осыған байланысты қымбатты Төраға мырза, Сiздi Кеңес Одағының Банктiң толыққанды мүшесi болуға деген ынтасы, ең алдымен, еуропа континентiндегi тарихи қайта құруларға жәрдемдесу үшiн жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа институтын құру ниетiнен туындағанына сендiргiм келедi.
Банк құру туралы келiсiмнiң 8-бабына (4-тармақ) сәйкес КСРО Yкiметi Банк құру туралы келiсiм күшiне енген сәттен бастап үш жылдық кезең iшiнде өзiнiң Банк ресурстарына қол жетiмдiлiгiн шектеуге дайын екендiгiн Сiздiң назарыңызға жеткiзгiм келедi.
КСРО бұл кезең аралығында Банктiң Кеңес Одағына техникалық жәрдем және жеке секторын қаржыландыруға, мемлекеттiк кәсiпорындардың жеке иелiкке және жеке бақылауға көшуiн жеңiлдетуге және бәсекелестiк жағдайында жұмыс iстейтiн әрi Келiсiмнiң 11-бабында (3-тармақ) көрсетiлген арақатынасты ескере отырып рынокқа бағытталған экономикаға қатысуға ауысатын кәсiпорындарға көмек көрсетуге бағытталған өзге де көмек түрлерiн көрсететiндiгiн негiзге алады. Бұл ретте Банк ұсынатын жәрдем Кеңес Одағының өз акциялары бойынша ұсынған қолма-қол ақша және қарапайым вексельдер төлемдерiнiң жалпы сомасынан аспаған болар едi.
Кеңес Одағындағы экономикалық реформалар процесi Банктің КСРО аумағындағы iс әрекетiн кеңейтуге мiндеттi түрде ықпал ететiнiне сенiмдiмiн. Сонымен қатар, Банктiң жан-жақты сипатын қамтамасыз етуге мүдделiлiк бiлдiре отырып, КСРО бұдан әрi де өзiнiң қарыз алуларын Банк операцияларын қажеттi әртараптандыруды қолдауға және өз кредиттерiнiң жалпы көлемiнiң орынды шегiне сәйкес сомадан асырмауға тырысатын болады.
Төраға мырза, Сiзге деген жоғары құрметiмдi қабыл алыңыз.
В.В.ГЕРАЩЕНКО
КСРО ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ,
КСРО МЕМЛЕКЕТТIК БАНКI
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Еуропа қайта құру және даму банкiн құру туралы келiсiмнiң аудармасы түпнұсқасына сай екенiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау
вице-министрi
Осымен 1990 жылғы 29 мамырда Париж қаласында жасалған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiн құру туралы келiсiмнiң бұл көшірмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментiнiң
Басқарма бастығы
РҚАО-ның ескертуі. Заңның қағаз мәтініне Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні қоса берілген.