Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық Заңымен

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 07.12.2015 № 438-V Конституциялық Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуінің ерекше құқықтық режимін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.

      1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы және оның
              мәртебесі

      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі - қаржы орталығы) қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған ерекше құқықтық режимді білдіреді.
      Құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беру және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер беру рәсімі қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.    
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.21 № 309, 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Қаржы орталығын құру мақсаттары және оның жұмыс
              істеу принциптері

      Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда алаңына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
      Қаржы орталығы:
      1) барлық қатысушылардың теңдігі;
      2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қозғалуы принциптерімен жұмыс істейді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. № 309, 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі
             уәкілетті орган

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Уәкілетті органның міндеттері мен функциялары

      1. Уәкілетті органның негізгі міндеттері:
      1) осы Заңда айқындалған мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      2) қаржы орталығын одан әрі дамыту;
      3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.
      2. Уәкілетті органның функциялары:
      1) заңды тұлғаларды - қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);
      1-1) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен визалар беру туралы өтініш жасау;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      4) қаржы орталығының қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
      5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) қаржы орталығының атынан мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өкілдік ету;
      7) қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      8) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ақпарат ұсыну;
      9) (алып тасталды - 2007.07.21. № 309)
      10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу;
      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 № 309, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай:
      1) қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру;
      2) қаржы орталығының қатысушылары – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту;
      3) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
      4) рейтингтік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
      5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
      6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;
      7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне арналған шығындарды өтеу;
      8) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
      9) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
      10) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері болады.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      7-бап. Уәкілетті органның басшысы

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес

      1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
      2. Кеңестің негізгі міндеттері қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және қаржы орталығын дамыту бағыттарын айқындау болып табылады.
      3. Кеңестің функциялары:
      1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
      2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
      3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
      4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

      9-бап. Дауларды шешу

      Қаржы орталығына қатысушылардың даулары және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот тәртібімен шешіледі.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара
               қатынасы

      1. Қаржы орталығының қатысушыларына қатысты функциялары осы Заңмен уәкілетті органға берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірлескен бұйрықтар негізінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті орган өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы орталығының қызметі туралы ақпарат береді.
      4. Мемлекеттік органдардың уәкілетті органмен қатынастардағы өзге де өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары

      1. Мыналар:
      1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
      2) уәкілетті орган берген, брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері сенімгерлік басқаруға берілген акционерлік қоғам қаржы орталығына қатысушылар болып табылады.
      2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.
      3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
      4. Қаржы орталығының қатысушылары:
      1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
      2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
      3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
      5. Қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады. 
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы

      1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
      Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың
               визалық режимі

      1. Қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезде кіру визасын алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ визалардың санатын өзгерту уәкілетті органның өтініш жасауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.

      14-бап. Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау

      Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      15-бап. Құжаттама мен мәмілелерді жүргізу тілдері

      Қаржы орталығының қатысушылары құжаттама жүргізуді және мәмілелер жасауды мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жүзеге асыруға құқылы.
      Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған кезде ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай
               міндеттемелері

      Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері теңгемен және шетелдік валютамен көрсетілуі мүмкін.

      17-бап. Қаржы орталығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін
               жауаптылық

      Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      18-бап. Қолданысқа енгізу

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О региональном финансовом центре города Алматы

Закон Республики Казахстан от 5 июня 2006 года № 145. Утратил силу Конституционным законом Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 438-V

      Сноска. Утратил силу Конституционным законом РК от 07.12.2015 № 438-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Оглавление

       Настоящий Закон устанавливает правовые основы, определяющие особый правовой режим функционирования регионального финансового центра города Алматы.

      Статья 1. Региональный финансовый центр города Алматы
                 и его статус

      Региональный финансовый центр города Алматы (далее - финансовый центр) представляет собой особый правовой режим, регулирующий взаимоотношения участников финансового центра и заинтересованных лиц, направленный на развитие финансового рынка Республики Казахстан.
      Под государственной регистрацией участников финансового центра понимается процедура проверки соответствия учредительных и других документов законодательству Республики Казахстан, выдачи справки о государственной регистрации с присвоением бизнес-идентификационного номера и передачи сведений в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров.
      Сноска. Статья 1 с изменениями, внесенными законами РК от 21.07.2007 № 309; от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 24.12.2012 № 60-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан
                о финансовом центре

      1. Законодательство Республики Казахстан о финансовом центре основывается на Конституции Республики Казахстан, состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.

      Статья 3. Цели создания и принципы функционирования
                финансового центра

      Целями создания финансового центра являются развитие рынка ценных бумаг, обеспечение его интеграции с международными рынками капитала, привлечение инвестиций в экономику Республики Казахстан через рынок ценных бумаг и обеспечение доступа иностранных эмитентов на специальную торговую площадку финансового центра.
      Финансовый центр функционирует на следующих принципах:
      1) равенство всех участников;
      2) движение капитала в соответствии с валютным законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 3 с изменениями, внесенными законами РК от 21.07.2007 № 309; от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 4. Уполномоченный орган по регулированию
                деятельности финансового центра

      Уполномоченным органом по регулированию деятельности финансового центра является Национальный Банк Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган).
      Сноска. Статья 4 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 5. Задачи и функции уполномоченного органа

      1. Основными задачами уполномоченного органа являются:
      1) осуществление государственных полномочий, определенных настоящим Законом;
      2) дальнейшее развитие финансового центра;
      3) повышение уровня инвестиционной культуры и финансовой грамотности населения.

      2. Функциями уполномоченного органа являются:
      1) государственная регистрация (перерегистрация) юридических лиц-участников финансового центра;
      1-1) исключен Законом РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования);
      2) ходатайство о выдаче виз иностранцам и лицам без гражданства, прибывающим на территорию Республики Казахстан для осуществления деятельности в финансовом центре, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      3) исключен Законом РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования);
      4) разъяснение участникам финансового центра их прав и обязанностей;
      5) исключен Законом РК от 29.12.2014 № 269-V (вводится в действие с 01.01.2015);
      6) представительство финансового центра в государственных органах и иных организациях;
      7) ведение государственного реестра участников финансового центра;
      8) учет иностранцев и лиц без гражданства, осуществляющих трудовую деятельность в финансовом центре, и ежеквартальное предоставление информации о привлечении иностранной рабочей силы в местный исполнительный орган города Алматы по форме, установленной центральным исполнительным органом, координирующим реализацию государственной политики в сфере занятости населения;
      9) (исключен - от 21 июля 2007 г. № 309);
      10) разработка и реализация мероприятий по развитию финансового центра;
      11) содействие улучшению инфраструктуры рынка ценных бумаг;
      12) иные функции, предусмотренные настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными законами РК от 21.07.2007 № 309; от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011); от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 29.12.2014 № 269-V (вводится в действие с 01.01.2015).

      Статья 6. Компетенция уполномоченного органа
      
      В целях реализации своих задач и функций уполномоченный орган обладает следующими полномочиями:
      1) выдавать справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица - участника финансового центра;
      2) утверждать правила государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц-участников финансового центра;
      3) устанавливать требования к эмитентам, чьи ценные бумаги предполагаются к включению или включены в список специальной торговой площадки финансового центра, а также к таким ценным бумагам;
      4) устанавливать требования к рейтинговым агентствам, рейтинговые оценки которых признаются уполномоченным органом, и утверждать их перечень;
      5) устанавливать требования к рейтинговым оценкам ценных бумаг и их эмитентов для допуска на специальную торговую площадку финансового центра;
      6) устанавливать порядок возмещения затрат на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку финансового центра;
      7) возмещать затраты на аудит финансовой отчетности эмитентов ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку финансового центра;
      8) для допуска финансовых инструментов на специальную торговую площадку финансового центра утверждать квалификационные требования к аудиторским организациям по согласованию с уполномоченным государственным органом по регулированию в области аудиторской деятельности и контролю за деятельностью аудиторских и профессиональных организаций;
      9) устанавливать требования к фондовым биржам, признаваемым
уполномоченным органом, и утверждать их перечень;
      10) исключен Законом РК от 29.12.2014 № 269-V (вводится в действие с 01.01.2015);
      11) иными полномочиями, предусмотренными настоящим Законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 6 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); с изменением, внесенным Законом РК от 24.12.2012 № 60-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 29.12.2014 № 269-V (вводится в действие с 01.01.2015).

      Статья 7. Руководитель уполномоченного органа

      Сноска. Статья 7 исключена Законом РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 8. Совет по развитию финансового центра

      1. Совет по развитию финансового центра (далее - Совет) является постоянно действующим консультативно-совещательным органом и создается при уполномоченном органе.

      2. Основными задачами Совета являются содействие в вопросах, касающихся деятельности финансового центра, и определение направлений развития финансового центра.

      3.  Функции Совета:
      1) выработка рекомендаций по созданию благоприятных экономических и правовых условий для развития финансового центра и рынка ценных бумаг;
      2) разработка основных направлений развития финансового центра;
      3) подготовка предложений по вопросам организации и функционирования деятельности финансового центра.

      4. Положение о Совете и его состав утверждаются правовым актом уполномоченного органа.   
      Сноска. Статья 8 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 9. Разрешение споров

      Споры участников финансового центра и дела о реструктуризации финансовых организаций или организаций, входящих в банковский конгломерат в качестве родительской организации и не являющихся финансовыми организациями, в случаях, предусмотренных законами Республики Казахстан, регулирующими их деятельность, разрешаются в судебном порядке.
      Сноска. Статья 9 в редакции Закона РК от 17.11.2014 № 254-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 10. Взаимоотношения уполномоченного органа с
                  государственными органами

      1. Государственные органы Республики Казахстан, функции которых по отношению к участникам финансового центра настоящим Законом передаются уполномоченному органу, осуществляют взаимодействие с уполномоченным органом на основании совместных приказов.

      2. Уполномоченный орган вправе запрашивать у государственных органов информацию, необходимую для осуществления своих функций.

      3. Уполномоченный орган предоставляет информацию о деятельности финансового центра государственным органам Республики Казахстан в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      4. Иные полномочия государственных органов в отношениях с уполномоченным органом осуществляются в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      Статья 11. Участники финансового центра

      1. Участниками финансового центра являются:
      1) профессиональные участники рынка ценных бумаг, обладающие справкой о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица-участника финансового центра, выданной уполномоченным органом;
      2) профессиональные участники рынка ценных бумаг, обладающие лицензией на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным органом;
      3) акционерное общество, которому переданы в доверительное управление золотовалютные активы Национального Банка Республики Казахстан и (или) активы Национального фонда Республики Казахстан.
      2. Участниками финансового центра не являются банки.
      3. Участники финансового центра вправе осуществлять иные виды деятельности с учетом условий и порядка совмещения видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, устанавливаемых нормативными правовыми актами уполномоченного органа.
      4. Участники финансового центра вправе заключать сделки с финансовыми инструментами на:
      1) специальной торговой площадке финансового центра;
      2) фондовых биржах, в том числе иностранных;
      3) неорганизованном рынке ценных бумаг.
      5. Обязательным условием государственной регистрации уполномоченным органом юридического лица - участника финансового центра является нахождение его исполнительного органа на территории города Алматы.
      Сноска. Статья 11 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными законами РК от 24.12.2012 № 60-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 21.06.2013 № 106-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 27.04.2015 № 311-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 12. Специальная торговая площадка
                  финансового центра

      1. Специальной торговой площадкой финансового центра является торговая площадка фондовой биржи, функционирующая на территории города Алматы и определяемая уполномоченным органом, на которой участники финансового центра осуществляют торги финансовыми инструментами.
      Торги финансовыми инструментами на специальной торговой площадке финансового центра могут осуществлять лица, указанные в пункте 2 статьи 11 настоящего Закона, обладающие лицензией на осуществление брокерской и (или) дилерской деятельности, выданной уполномоченным органом.

      2. Правила организатора торгов, принимаемые в отношении специальной торговой площадки финансового центра, подлежат согласованию с уполномоченным органом.
      Сноска. Статья 12 в редакции Закона РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      Статья 13. Визовый режим иностранцев и лиц без
                 гражданства

      1. Иностранцы и лица без гражданства, прибывающие на территорию Республики Казахстан для осуществления деятельности в финансовом центре, получают въездную визу по прибытии в международный аэропорт города Алматы.

      2. Продление срока действия виз, а также изменение категории виз лицам, указанным в пункте 1 настоящей статьи, по ходатайству уполномоченного органа могут осуществляться без выезда за пределы Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Статья 14. Налоговый контроль участников финансового
                 центра

      Налоговый контроль участников финансового центра осуществляется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

      Статья 15. Языки ведения документации и сделок

      Участники финансового центра вправе вести документацию и заключать сделки на государственном и (или) русском, и (или) английском языках.
      При необходимости представления участниками финансового центра документации в государственные органы перевод с английского языка на казахский и русский языки осуществляется уполномоченным органом.
      Сноска. Статья 15 с изменениями, внесенными Законом РК от 05.07.2012 № 30-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования). 

      Статья 16. Денежные обязательства участников
                 финансового центра

      Денежные обязательства участников финансового центра могут быть выражены в тенге и иностранной валюте.

      Статья 17. Ответственность за нарушение законодательства
                 о финансовом центре

      Нарушение законодательства Республики Казахстан о финансовом центре влечет ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

      Статья 18. Введение в действие

      Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан