Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4412 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.01.20 N 04.2-40/19 Бұйрығымен.
      Қазақстан Республикасы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Заңы 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына келесі талаптар бекітілсін:
      1) қаржы сенімділігінің рейтингісі ретінде тиісті акциялардың эмитенттері - акцияны арнайы сауда алаңына рұқсат берілген жағдайда, ал олардың борышты бағалы қағаздары - оның борышты бағалы қағаздарына рұқсат берілген жағдайда рейтингтік бағалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен танылатын, рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша шетел валютасындағы немесе ұлттық валютасындағы мерзімді несие қабылданады;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы:
      "Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша "Caa3";
      "Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша "CCC-";
      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" акционерлік қоғамының жіктелуі бойынша "C1";
      "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша "C++" төмен болмауға тиіс;
      "Рейтинговое агентство "KZ-rating" ("Рейтинговое агентство "КЗ-рейтинг") жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша "CСС" төмен болмауға тиіс;
      3) рейтингтік бағаларды қарастыру барысында соңғы он сегіз айдың ішінде иеленген (бекітілген, жаңаланған) рейтингтік бағалар ғана назарға алынады. Бірнеше рейтингтік агенттіктермен иеленген рейтингтік бағалар болған жағдайда осы бағалардың соңғысы назарға алынады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.01.20 N 04.2-44/18, 2010.01.20 N 04.2-40/19, 2010.04.14 N 04.2-40/80 Бұйрықтарымен.
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тіркеу департаментіне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қолданылсын;
      2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарларына жеткізілсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2010.01.20 N 04.2-40/19 Бұйрығымен.
      4. Агенттіктің даму департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қамтамасыз етілсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

Қазақстан Республикасы
 
Алматы қаласының өңірлік
 
қаржы орталығының қызметін
 
реттеу Агенттігінің Төрағасы
 

      
      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы рыногы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және қадағалау
      жөніндегі Агенттігінің Төрағасы
      2006 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады