Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартты ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 153 Заңы

      Бакуде 2005 жылғы 24 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық
қарым-қатынас туралы
ШАРТ   <*>

(2007 жылғы 27 ақпанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 2, 18-құжат)

      Бұдан әрі Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы,
      өздерiнiң халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан байланысқа, достық қатынас пен ізгi қарым-қатыс дәстүрiне сүйене отырып,
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар арасындағы бауырластық, достық және тату көршiлiк қатынастарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап бередi, халықаралық бейбiтшiлiктi және қауiпсiздiктi қолдау iсiне қызмет етедi деп есептей отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның шеңберiнде қабылданған басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдықтарын қуаттай отырып,
      мемлекеттiк егемендiктi және тәуелсiздiктi, аумақтық тұтастықты, шекараларының мызғымастығын өзара құрмет тұту, бiр-бiрiнiң iшкi негiзгi бостандықтарын қадiрлеу, мiндеттемелердi, сондай-ақ халықаралық құқықтың басқа да жалпы жұрт таныған нормаларын адал ниетпен орындау принциптерi негiзiнде мемлекетаралық қатынастарды жан-жақты нығайтуға бекем бел байлағандықтарын қуаттай отырып,
      екi елдiң экономикалық ынтымақтастығын тереңдету, оны одан әрi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу, меншiктiң барлық нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп санай отырып,
      XXI ғасырда саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, ақпараттың, гуманитарлық, мәдени және басқа да салаларда екi жақты ынтымақтастыққа жаңа сапалық сипат беру және оның құқықтық базасын нығайту мақсатында,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң қарым-қатынасын теңдiк, өзара сенiм бiлдiру, стратегиялық әрiптестiк және жан-жақты ынтымақтастық негiзiнде құрады.

  2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынаста күш қолданудан немесе күш қолдану қаупін төндiруден тартыну мiндеттемесiн қуаттайды, екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы бағытталған әскери одақтарға кiрмеуге немесе мемлекеттердiң қандай да бiр топтарына, сондай-ақ iс-қимылдарына қатыспауға мiндеттенедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң пiкiрi бойынша үшiншi мемлекеттердiң тарапынан қарулы шабуыл қаупiн бiлдiретiндей ахуал туындаған жағдайда, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар оны бейбiт жолмен реттеуге ықпал ететiн шаралар қабылдау мақсатында екi жақты негiзде де, сондай-ақ өздерi мүшелерi болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберiнде де бiр-бiрiмен дереу тиiстi консультациялар өткiзедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң аумақтарын, коммуникациялар жүйесiн және басқа да инфрақұрылымын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы қарулы шабуылды немесе өзге де дұшпандық қызметтi дайындау немесе жүзеге асыру мақсатында үшiншi мемлекеттердiң пайдалануына жол бермеуге мiндеттенедi.

  3-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өңiрдегi бейбiтшiлiктi нығайту, тұрақтылық пен қауiпсiздiктi арттыру мақсатында өзара ықпалдасады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынаста күш қолдануға немесе күш қолдану қаупiн төндiруге жол берiлмейтiндiгiн қуаттай отырып, мемлекеттiк шекаралардың мызғымастығын таниды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң тәуелсiздiгiне, егемендiгiне, аумақтық тұтастығына қауiп төндiрудi болдырмау мәселелерiнде бiр-бiрiне жан-жақты қолдау және өзара көмек көрсетедi.

  4-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберiнде ынтымақтастықты және байланыстарды кеңейтедi, өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн мәселелер бойынша өздерiнiң ұстанымдарын келiсiп алу үшiн консультациялар өткiзедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұжымдық қауiпсiздiктi нығайтуға, сондай-ақ БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның бiтiмгершiлiк рөлiн күшейтуге және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың мүдделерiн қозғайтын өңiрлiк жанжалдарды және өзге де жағдайларды реттеу тетiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi, қажет болған жағдайда бiрлескен немесе келiсiлген iс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында осы салалардағы өздерiнiң ұстанымдарын үйлестiредi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының және ең алдымен мемлекеттердiң егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау мен қамтамасыз ету негiзiнде өңiрлiк жанжалдарды реттеуге жәрдем көрсету үшiн күш-жiгер жұмсайтын болады.

  5-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерiнiң аумақтарында тұратын екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына олардың ұлттық тегiне, дiни сенiмiне немесе өзге де айырмашылықтарына қарамастан өздерiнiң меншiктi азаматтарына берiлетiнi сияқты дәл сондай негiздерде және дәл сондай көлемде құқықтар мен еркiндiктер бередi, бұған Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың азаматтығы тиесiлiлiгiне байланысты жағдайлар қосылмайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын өздерiнiң азаматтарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi жеке келiсiмдер жасасады.

  6-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың барлық салаларында бiр-бiрiне қатысты анағұрлым қолайлы режимдi немесе ұлттық режимдi қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды және осы ынтымақтастықты жүзеге асыру жөнiндегi жағдайларды нашарлатуға бағытталған шараларды қабылдамайтын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа оның құқықтары мен заңды мүдделерiне ықпал етуi мүмкiн экономикалық шешiмдер туралы алдын ала хабарлайды және екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын шараларды жүзеге асырудан тартынады.

  7-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұзақ мерзiмдi перспективаларды ескере отырып және өзара тиiмдi шарттармен екi жақты сауда-экономикалық қатынастарды, ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау, технология, экология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға жәрдемдесетiн болады.
      Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел арасында тауарлардың, қызмет көрсетулердiң және капиталдың еркiн айналымына бiрте-бiрте көшу үшiн қажеттi құқықтық экономикалық, қаржылық және сауда-саттық жағдайларды жасайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ынтымақтастықты, бiрiншi кезекте өнеркәсiп, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, көлiк, туризм, байланыс, телекоммуникация және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.

  8-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар спутниктiк байланысты және телекоммуникацияларды қоса алғанда, осы салалардағы кешендер мен бiрыңғай жүйелердi дамытуға жәрдем көрсете отырып, энергетика, көлiк, информатика және байланыс жүйелерiн басқару саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударатын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасында өндiрiлетiн мұнай мен газды халықаралық рыноктарға жеткiзу үшiн пайдаланылуы мүмкiн сенiмдi әрi қауiпсiз экспорттық бағыттарды құруды қолдайды және осыған байланысты мұнай-газ көлiктiк жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде бiрлескен күш-жiгер жұмсауды жалғастыратын болады.

  9-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында автомобильмен, темiржолмен, әуемен, құбыржелiсiмен және көлiктiң басқа да түрлерiмен жолаушыларды және жүктердiң барлық түрлерiн тасымалдау мен транзит еркiндiгi үшiн қолайлы жағдайларды өзара қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi және аталған салалардағы ынтымақтастық үшiн қолайсыз жағдайлар туғызуға бағытталған шараларды қабылдаудан тартынатын болады.

  10-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономика, ғылым, техника және мәдени салалардағы тұрақты консультацияларды, ақпарат пен тәжiрибе алмасуды көтермелейтiн болады, сондай-ақ осы мақсаттарда барлық деңгейлердегi байланыстарды кеңейтудi қолдайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен қаржылық-өнеркәсiптiк топтарды, холдингтiк және лизингтiк компанияларды құру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруды орынды деп таниды. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өндiрiстiк, инвестициялық, банктiк және коммерциялық салалардағы ұлттық капиталдар ынтымақтастығының озық түрлерiн дамытуға жәрдемдесетiн болады, өзара инвестициялар үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңнамаларына сәйкес өздерiнiң аумақтарында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың жеке және заңды тұлғаларының кәсiпкерлiк қызметi үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өзара инвестицияларды көтермелейдi және осындай мақсаттар үшiн жасалған келiсiмдер негiзiнде инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етедi.

  11-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң аумағында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңды және жеке тұлғаларының меншiк құқығы мен мүлкiн қорғауға кепiлдiк бередi.

  12-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi мен әскери салада ынтымақтасатын болады, жекелеген келiсiмдердiң негiзiнде екi мемлекеттiң тиiстi ведомстволары арасындағы байланыстарға жәрдемдеседi және әскери-техникалық салада өзара ықпалдасатын болады.

  13-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң мәдени және бiлiм беру мекемелерi арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мамандар алмасуды көтермелейдi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң азаматтарының, оның iшiнде оқу орындарында, екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың тiлiн үйренуiне мүмкiндiк бередi, мәдениетiмен, өнер шығармаларымен, әдебиетiмен, баспалық басылымдарымен танысуына жәрдемдеседi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тарап екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап мамандарының зерделеуi және зерттеуi үшiн мұрағаттық, тарихи құжаттармен танысуына құқық бередi.

  14-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Әзербайжан Республикасының аумағында тұратын қазақтардың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әзербайжандардың ұлттық мәдениетi мен тiлiн сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз етедi, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастықты дамытады.

  15-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ғарыштық саланы қоса алғанда, жекелеген келiсiмдердiң негiзiнде ғылым мен техника саласындағы, iргелi зерттеулердi жүзеге асырудағы, бiрлескен бағдарламалар мен әзiрлемелердi iске асырудағы ынтымақтастықты дамытады, бiрлескен ғылыми-өндiрiстiк ұжымдарды құруға және олардың қызметiне жәрдем көрсетедi.

  16-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықтың денсаулығын сақтау, медицина ғылымы мен тәжiрибесiн дамыту, оның материалдық-техникалық базасын нығайту iсiнде тығыз ынтымақтасады, екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап тұрғындарының емделуi және консультациялық көмек алуы үшiн өздерiнiң медициналық мекемелерiне рұқсат берудi және оларды пайдалану құқығын жолға қояды.

  17-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы саладағы халықаралық шарттарға сәйкес iс-қимыл жасай отырып, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басымдықты маңыз бередi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмауды және табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экологиялық апаттардың және табиғи ортаға, оның iшiнде трансшекаралық аспектiде антропогендiк ықпал етудiң салдарларымен күрес саласында ынтымақтастықты дамытады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiнiң экологиялық жүйесiн қалпына келтiру iсiнде күш-жiгерiн бiрiктiредi және үйлестiредi, осы саладағы халықаралық және әсiресе өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруда өзара ықпалдасатын болады.

  18-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң заң шығарушы және атқарушы билiк тармақтарының арасындағы, оның iшiнде қалалардың, облыстардың, аудандардың және басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң арасындағы ынтымақтастықты көтермелейдi, екi мемлекеттiң азаматтары арасындағы байланыстарға жан-жақты жәрдемдеседi.

  19-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi заттарының, психотроптық және осы тақылеттес заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, қару-жарақ контрабандасына, мәдени құндылықтарды заңсыз саудалауға және оларды шекара арқылы өткiзуге, экономикалық және қаржылық қызмет саласындағы қылмыстарға, заңға қайшы қызметпен айналысудың нәтижесiнде алынған кiрiстерге жариялылық сипат беруге, қылмыстың өзге де қауiптi түрлерiне қарсы күрес саласында ынтымақтасатын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын негiзге ала отырып, азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу жағдайларын болдырмау жөнiнде жұмыс жүргiзетiн болады.

  20-бап

      Осы Шарт үшiншi мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың қандай да болсын құқықтарына және мiндеттемелерiне қандай да бiр нысанда ықпал етпейдi.

  21-бап

      БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Шарт БҰҰ Хатшылығында тiркелуге жатады.

  22-бап

      Осы Шарттың ережелерiн iске асыру мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда жекелеген келiсiмдер жасасатын болады.

  23-бап

      Осы Шарттың ережелерiн iске асыру кезiнде туындауы мүмкiн даулар мен келiспеушiлiктердi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар келiссөздер және консультациялар арқылы шешетiн болады.

  24-бап

      Өзара келiсiм бойынша Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шартқа толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуi мүмкiн, олар осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi және осы Шарттың 26-бабына сәйкес күшiне енедi.

  25-бап

      Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы қарым-қатынаста осы Шарт күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Қарым-қатынастардың негiздерi туралы 1996 жылғы 16 қыркүйектегi шарт өзiнiң күшiн жояды.

  26-бап

      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарын алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады.
      Осы Шарт Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптан оның шарт қолданысын тоқтату ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өтiсiмен өзiнiң қолданысын тоқтатады.
      Баку қаласында 2005 жылғы 24 мамырда әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

         ҚАЗАҚСТАН                          ӘЗЕРБАЙЖАН
      РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН                  РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН

      Осымен 2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шарттың бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлiгiнiң
      Халықаралық-құқық департаментiнiң
      Бөлiм бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады