Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдава Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы N 190 Заңы

      Кишинэуде 2003 жылғы 17 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Молдова Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Молдова Республикасының Yкiметi арасындағы
азаматтардың өзара сапарлары туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Молдова Республикасының Үкiметi,
      екi мемлекеттiң арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрi дамыту мақсатында,
      екi мемлекет азаматтарының өзара визасыз сапарлары режимiн тәртiпке келтiру ниетiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      1. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары, оның iшiнде үшiншi мемлекетте тұрақты тұратындар немесе уақытша жүргендер шетелге жол жүру үшiн жарамды құжаттар негiзiнде баратын мемлекеттiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күннен бастап тоқсан күнге дейiнгi мерзiмде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және онда бола алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген болу мерзiмi әрбiр Тарап мемлекетiнiң қолданылып жүрген ұлттық заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.

  2-бап

      1. Осы Келiсiм ұғымында шетелге жол жүру үшiн мынадай құжаттар жарамды болып табылады:
      а) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:
            дипломаттық паспорт;
            қызметтiк паспорт;
            Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
            теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
            әуе кемесi экипажы мүшесiнiң куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда);
            Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлiк (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
      в) Молдова Республикасының азаматтары үшiн:
            дипломаттық паспорт;
            қызметтiк паспорт;
            Молдова Республикасы азаматының паспорты;
            теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
      Молдова Республикасына қайта оралуына арналған куәлiк (Молдова Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
      2. Тараптар шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжаттардың енгiзiлуi туралы, сондай-ақ бұрыннан бар құжаттарға өзгерiстер енгiзу туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша алдын ала хабарлайтын болады және олардың үлгiлерiмен алмасады.

  3-бап

      1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және дипломатиялық миссияның немесе олардың өкiлдiктерiнiң мәртебесi бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкерлерi, консулдық мекеменiң қызметкерлерi немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаудың бүкiл мерзiмi iшiнде осы мемлекеттiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi аталған адамдармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де, олар пайдаланып жүрген паспорттардың нысанына қарамастан, қолданылады.

  4-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына тоқсан күннен артық мерзiмге келетiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары қабылдайтын мемлекеттiң визасын алуға мiндеттi.
      2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары олардың осы мемлекетте тұрақты тұратынын растайтын құжаттары болған жағдайда осы мемлекет аумағынан визасыз шыға алады және қайтып орала алады.
      3. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары тұрып жатқан елiнiң заңнамасына сәйкес тұрақты тұру үшiн шетелге шыға алады.

  5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық, шекаралық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады.

  6-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң шекарасын кесiп өткен кезде және оның аумағында болған уақытысында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.

  7-бап

      Осы Келiсiм басқа Тарап мемлекетi азаматтарының өз аумағында болуы қажетсiз деп есептелетiн адамдардың келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн қысқарту сияқты Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтарын шектемейдi. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан кетуi ұйғарылған өз азаматтарын шарт қоймастан және кез келген уақытта қабылдайды.

  8-бап

      1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құжаттарды жоғалтқан бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары бұл туралы өзi болатын мемлекеттiң құзыреттi органдарына кiдiрiссiз хабарлауға тиiс, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтiнiштi растайтын анықтама бередi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаларға, олар азаматтығын алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжат бередi.

  9-бап

      Тараптар кем дегенде отыз күн бұрын азаматтардың келу, болу және бару шарттарының өзгерiстерi туралы дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн құлақтандыратын болады.

  10-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.

  11-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және орындауға қатысты даулы мәселелер консультациялар және келiссөздер арқылы реттеледi.

  12-бап

      1. Тараптардың әрқайсысының, егер мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi немесе өз мемлекетi халқының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге қажет болса, осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы
және олардың күшiн жою туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша дереу хабарлайтын болады.

  13-бaп

      1. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады, қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады, және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарлама алынған күннен бастап тоқсан күн өтiсiмен Келiсiм өзiнiң күшiн жояды.

      Кишинэу қаласында 2003 жылғы 17 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, молдован және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаса, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

         ҚАЗАҚСТАН                             МОЛДОВА
      РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                      РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
       ҮКIМЕТI ҮШIН                         ҮКIМЕТI ҮШIН

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады