Астанада 2006 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөніндегі жобаны басқару өңірлік тобы арасындағы Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөніндегі жобаны басқару өңірлік тобының Қазақстан Республикасында болу шарттары туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Орталық Азиядағы
ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жобаны басқару өңiрлiк тобы арасындағы Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жобаны
басқару өңiрлiк тобының Қазақстан Республикасында
болу шарттары туралы
келісiм
<*>
(2007 жылғы 31 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 2, 17-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi (Қабылдаушы Тарап) мен Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жобаны басқару өңiрлiк тобы (ЖБӨТ),
"Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымы мен Халықаралық даму қауымдастығы арасындағы Даму мақсатындағы грант туралы 2005 жылғы 12 мамырдағы келiсiмдi (IDА GRANT NUМВЕR H149 7С) (Грант туралы келiсiм) басшылыққа ала отырып,
Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жобаны iске асыру шеңберiнде Қабылдаушы Тарап пен ЖБӨТ арасындағы тиiмдi ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл үшiн стратегияны, тактиканы және рәсiмдi айқындай отырып,
Қазақстан Республикасының аумағында ЖБӨТ-нiң өз мақсаттары мен мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етудi қалай отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде берiлген анықтамалар мынаны бiлдiредi:
1) "әкiмшiлiк-техникалық персонал" - ЖБӨТ-нiң қызметiн әкiмшiлiк-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын адамдар;
2) "болатын мемлекет" - Қазақстан Республикасы;
3) "мүше мемлекет" - ОАЫҰ-ға мүше мемлекеттер;
4) "атқарушы директор" - ЖБӨТ-нiң атқарушы директоры;
5) "ХДҚ" - Халықаралық даму қауымдастығы;
6) "ОАЫҰ" - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы 2002 жылғы 28 ақпандағы шартпен құрылған "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымы;
7) "Жоба" - грант шеңберiнде қаржыландырылатын Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жоба;
8) "ЖБӨТ" - ОАЫҰ-ның Мемлекет басшылары кеңесiнiң 2005 жылғы 6 қазандағы шешiмiмен құрылған Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi жобаны басқару өңiрлiк тобы, ОАЫҰ мен ХДҚ арасындағы Грант туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi атқарушы орган;
9) "қызметкерлер" - олармен еңбек шарттарын немесе келiсiм-шарттар жасасу негiзiнде ЖБӨТ-де маман ретiнде жұмыс iстейтiн (әкiмшiлiк-техникалық персоналдан басқа) адамдар;
10) "отбасы мүшелерi" - ЖБӨТ қызметкерiнiң жұбайы (зайыбы) кәмелетке толмаған балалары мен олардың асырауындағы және олармен тұрақты тұратын адамдар.
1. Қабылдаушы Тарап болатын мемлекеттiң аумағындағы халықаралық ұйым ретiнде ЖБӨТ-нiң мәртебесiн таниды, аккредиттеу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жәрдемдеседi, осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi ұсынады.
2. ЖБӨТ болатын мемлекеттiң аумағында өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi құқыққа қабiлеттiлiгiн пайдаланады.
3. ЖБӨТ заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланады, өзiнiң қызметiн осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырады.
4. Осы бапта көзделген құқықтарды ЖБӨТ-нiң атынан Атқарушы директор жүзеге асырады.
1. ЖБӨТ-нiң орналасқан жерi Алматы қаласы болып табылады.
2. Қабылдаушы Тарап ЖБӨТ-нi орналастыруға арналған үй-жайларды алуда ЖБӨТ-ке жәрдемдеседi.
3. Қабылдаушы Тарап ЖБӨТ-ге басқа халықаралық ұйымдарға ұсынылатын ұқсас жағдайларда қажеттi коммуналдық қызметтер көрсетуге кепiлдiк бередi.
ЖБӨТ, оның активтерi, кiрiстерi, ЖБӨТ-нiң ресми пайдалануына арналған тауарлар мен жобаны жүзеге асыру жөнiндегi грантты iске асыруға арналған ақшалай қаражат мыналардан босатылады:
1) болатын мемлекеттiң аумағында көлiк құралдарын қоса алғанда, кiрiс пен мүлiкке салынатын барлық салықтар мен алымдардан;
2) егер мұндай босату немесе қайтару болатын мемлекеттiң заңнамасында көзделсе, қосылған құн салығынан, оның iшiнде салықты қайтару нысанында. Бұл ретте мұндай босату немесе қайтару болатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi;
3) болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қызметтiк пайдалануға арналған заттарды жобамен әкелу және әкету кезiндегi тауарлардың қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды қоспағанда, кеден алымдарынан, баждардан және салықтардан, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудан. Кеден алымдарынан босатылатын, жалпы ережелерден алынып әкелiнетiн заттар болатын мемлекетте сатылмайды, әйтпесе Қабылдаушы Тараппен келiсiлген жағдайларда жүзеге асырылады;
4) болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жеке басылымдарды әкелу және әкету кезiнде кеден алымдарынан, баждардан және салықтардан, тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудан.
Ресми байланыс құралдары үшiн ЖБӨТ болатын мемлекеттiң аумағында кез келген басқа халықаралық ұйымға немесе дипломатиялық өкiлдiкке болатын мемлекет ұсынатыннан қолайлылығы кем емес жағдайларды пайдаланады.
ЖБӨТ жобаның эмблемасын және басқа нышанын ЖБӨТ-нiң ғимаратына және атқарушы директордың көлiк құралына орналастырады.
ЖБӨТ болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне сай баспа өнiмдерiн шығарады және таратады.
Сот төрелiгiнiң тиiсiнше атқарылуын қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының ұйғарымдарын орындау, сондай-ақ осы Келiсiмде көзделген уағдаластықтарға байланысты кез келген терiс пайдаланушылықтың алдын алу мақсатында ЖБӨТ Қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң тиiстi мемлекеттiк органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
1. Қабылдаушы Тарап осы Келiсiмнiң шеңберiндегi уағдаластықтарға сәйкес жобаны қолдауға жәрдемдеседi және оны қамтамасыз етедi.
2. Қабылдаушы Тарап болатын мемлекеттегi ЖҚТБ-ның алдын алу үшiн жоспарланып отырған қызмет пен қажеттiлiктер туралы ЖБӨТ-нi хабардар етедi және жобаға қолдау көрсетедi.
3. Қабылдаушы Тарап ЖҚТБ-мен күрес жөнiндегi ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеу үдерiсiнде әдiстемелiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша ЖБӨТ-ке консультация берудi ұсынады.
1. ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi халықаралық қызметшiлермен теңестiрiледi.
2. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде атқарушы директор мен ЖБӨТ қызметкерлерi қандай да бiр мүше мемлекеттен және/немесе Үкiметтен, ұйымнан немесе жеке тұлғадан нұсқаулар сұрата немесе алмайды.
3. Қабылдаушы Тарап ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi функцияларының халықаралық сипатын мүлтiксiз құрметтеуге және олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде оларға ықпал етпеуге мiндеттенедi.
1. ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi болатын мемлекеттiң аумағында:
1) егер мұндай босату болатын мемлекет пен мүше мемлекеттердiң арасында қосарланған салық салуды болдырмау туралы келiсiмдерде көзделген жағдайда, сондай-ақ болатын мемлекеттiң салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жалақыға және жобаны iске асыру шеңберiнде төленетiн өзге де сыйақыларға салынатын салықтан босатылады;
2) мемлекеттiк мiндеттiлiктерден босатылады;
3) өз отбасыларының мүшелерiмен бiрге иммиграция жөнiндегi шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркелуден босатылады;
4) валюталық операциялар саласында мүше мемлекеттердiң аумақтарында дипломатиялық агенттерге ұсынылатын ережелердi пайдаланады;
5) лауазымға бастапқы орналасу кезiнде және келiсiм-шарттың аяқталуына байланысты болатын мемлекеттен кеткенде болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жеке өздерiнiң пайдалануына арналған автокөлiк құралын қоса алғанда, мүлiктердi кеден баждарын, салықтар мен алымдарды төлемей-ақ әкелуге/әкетуге құқығы бар.
2. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмайды.
1. ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi үшiн оларда қызметке орналасу үшiн шақыру хат немесе iссапар ұйғарымы болған кезде визалар жедел түрде және ақысыз негiзде ресiмделедi.
2. Егер бұл болатын мемлекет заңнамасының ережелерiне сәйкес келсе, ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi жобаның iс-шараларын өткiзу үшiн қажет болған жағдайда оның аумағында еркiн жүре алады.
3. ЖБӨТ-нiң қызметкерлерi пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер оларға жеке пайдасы үшiн емес, жобаның мүддесiндегi өздерiнiң ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындау үшiн берiледi.
ЖБӨТ Қабылдаушы Тарапқа ЖБӨТ-дегi өз қызметкерлерiнiң тегi мен санаттарын және олардың мәртебесiнiң кез келген өзгерiсiн тұрақты хабарлап тұрады.
1. Қабылдаушы Тарап атқарушы директордың өтiнiшi бойынша ЖБӨТ-нiң әрбiр қызметкерiне тиiстi аккредиттеу куәлiгiн/карточкасын бередi.
2. Қабылдаушы Тараптың уәкiлеттi лауазымды тұлғасының талабы бойынша ЖБӨТ-нiң қызметкерi өзiнiң аккредиттеу куәлiгiн/карточкасын көрсетуi тиiс.
3. ЖБӨТ қызметкерiнiң қызмет мерзiмi аяқталысымен немесе оны ауыстыру кезiнде ЖБӨТ оның аккредиттеу куәлiгiн/карточкасын Қабылдаушы Тарапқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етедi.
1. ЖБӨТ пен қызметкерлердiң, әкiмшiлiк-техникалық персоналдың арасындағы еңбек қатынастары болатын мемлекеттiң заңнамасымен реттеледi.
2. ЖБӨТ қызметкерлерiн зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру олар азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. ЖБӨТ жұмыскерлерiне зейнетақы және әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу жөнiндегi шығыстарды олар азаматы болып табылатын мемлекет көтередi.
4. ЖБӨТ қызметкерлерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi болатын мемлекеттiң аумағында болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық, медициналық, қонақ үй, көлiк және қызмет көрсетудiң басқа да түрлерi үшiн ақы төлеу мәселелерiнде болатын мемлекет азаматтарының тиiстi құқықтарын пайдаланады.
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық тұлғалар болатын мемлекеттiң заңнамасын құрметтеуге және сол мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
2. ЖБӨТ қызметкерлерi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мiндетiнен босатылмайды.
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындау туралы қазақстандық тараптың жазбаша хабарламасын ЖБӨТ-нiң алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және ол осы баптың 1-тармағына сәйкес күшiне енедi.
3. Осы Келiсiм Грант туралы келiсiмнiң қолданылуы кезеңiнде қолданылады және ЖБӨТ-нiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда өзiнiң күшiн тоқтатады. Мұндай жағдайда ЖБӨТ-нiң болатын жерiнде қызметiн тоқтатуға және осыған байланысты қаржылық және мүлiктiк мәселелердi реттеуге қатысты Келiсiмнiң ережелерi ғана күшiнде қалады.
2006 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң бiрдей заңды күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.
Осы Келiсiмнiң данасы ЖБӨТ-де сақталады, ол Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Тәжiкстан Республикасына және Өзбекстан Республикасына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы ЖҚТБ-мен
Үкіметі үшін күрес жөнiндегi жобаны
басқару өңiрлiк тобы үшiн