"Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 198 Заңы

       1-бап.  "Микрокредиттік ұйымдар туралы" 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.";

      3) 9-баптың 2-тармағындағы "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 15-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады