Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 202 3аңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Хаттаманың қолданысы тоқтатылды - ҚР 24.12.2014 № 266-V Заңымен.

      Мәскеуде 2004 жылғы 25 қазанда қол қойылған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президентi



Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң
тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет
түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң Үкiметтерi,

      Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 6 қаңтардағы Кеден Одағы туралы келiсiмде, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмде, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шартта және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартта көзделген ықпалдасу процестерiн одан әрi дамыту мақсатында,

      1997 жылғы 22 қазандағы Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы келiсiмнiң ережелерiн iске асыра отырып,

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай сауда режимiн белгiлеу жөнiнде Тараптардың ниеттерiн назарға ала отырып,

      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап Негiзгi ұғымдар

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      сыртқы сауда қызметi - тауарлармен, қызметтермен, ақпаратпен және зияткерлiк меншiкпен сыртқы сауда саласындағы мәмiлелердi жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;

      бас лицензия - Тараптардың шешiмдерi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыларға берiлетiн және лицензияда айқындалған санда лицензияланатын жекелеген тауарлар түрiнiң экспортына немесе импортына құқық беретiн лицензия;

      тауар импорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағына қайта әкету туралы мiндеттемесiз тауарларды әкелу;

      ерекше лицензия - жекелеген тауар түрiнiң экспортына немесе импортына ерекше құқық беретiн лицензия;

      лицензия және (немесе) рұқсат - тауарлардың не осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған арнайы құжат;

      лицензиялау - тауарлардың не осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды және (немесе) рұқсаттарды беру тәртiбiн белгiлейтiн әкiмшiлiк шаралардың кешенi;

      қадағалау - жекелеген тауар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты серпiнiнiң мониторингi мақсатында белгiленген уақытша шара;

      бiр жолғы лицензия - мәнi лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмiлесi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және осы тауардың белгiлi бiр сандағы экспортына немесе импортына құқық беретiн лицензия;

      рұқсат беру тәртiбi - лицензиялауды немесе сыртқы сауда қызметiн реттеудiң әкiмшiлiк шараларының өзге нысандарын көздейтiн жекелеген тауарлар түрлерiмен сыртқы сауда операцияларын, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағынан тысқары тасымалданатын осындай тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырудың тәртiбi;

      тауар - сыртқы сауда қызметiнiң мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк, жылжымайтын мүлiкке жатқызылған әуе, теңiз кемелерi, iшкi жүзу және аралас (өзен - теңiз) жүзу кемелерi мен ғарыш объектiлерi, сондай-ақ электр энергиясы және энергияның басқа да түрлерi. Халықаралық тасымалдар туралы шарт бойынша пайдаланылатын көлiк құралдары тауар ретiнде қарастырылмайды;

      ЕурАзЭҚ-тың сыртқы сауда қызметiне қатысушылар (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметiне қатысушылар) - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң азаматтары болып табылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында тұрақты немесе басымдықты тұрғылықты орны бар немесе ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте тұрақты тұруға құқығы бар не ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес дара кәсiпкерлер ретiнде тiркелген жеке тұлғалар;

      тауар экспорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағынан керi қайтару туралы мiндеттемесiз тауарды әкету.

2-бап Қолданылу аясы

      Осы Хаттама Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер үшiншi елдермен саудада әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне (бұдан әрi - Тауарлардың бiрыңғай тiзбесi) енгiзiлген тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау мен лицензиялаудың ережесiн анықтайды.

      ЕурАзЭҚ-тың бiрыңғай кедендiк аумағын құру туралы халықаралық шарт күшiне енгенге дейiн ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң бiрiнiң аумағынан ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң екiншiсiнiң аумағына жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына байланысты сыртқы сауда операциялары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң заңнамасында және олардың арасындағы еркiн сауда туралы екi жақты шарттарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағы оның заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Осы Хаттаманың әрекетi экспорттық бақылауға жататын тауарлардың импортына және экспортына, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың импорты мен экспортына, сондай-ақ әскери мақсаттағы өзге өнiмдерге қатысты қолданылмайды.

3-бап Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау

      1. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау мынадай принциптер сақталған кезде жүзеге асырылады:

      а) тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар алу рәсiмi тауарлардың импортын және экспортын шектемеу үшiн барынша оңайландырылуы тиiс;

      б) рұқсат атқарушы билiктiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ұсынылған өтiнiштердiң негiзiнде сыртқы сауда қызметiнiң кез келген қатысушыларына шектеусiз берiледi;

      в) рұқсат беру туралы өтiнiштi тауарларды кедендiк ресiмдегенге дейiн кез келген жұмыс күнi беруге болады.

      3. Рұқсат оған қатысты қадағалау енгiзiлген жекелеген тауарлар түрiне тауардың саны мен құны, сондай-ақ егер импортқа рұқсат берiлетiн болса, сыртқы сауда мәмiлесiнiң тараптары және тауардың шыққан елi көрсетiле отырып, қолдан жасаудан қорғалған арнайы дайындалған қағаздағы бланкiлерде ресiмделедi.

      4. Рұқсат алу үшiн сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы Хаттамада бекiтiлген нысандағы (N 1-қосымша) рұқсаттың жобасын қағаздағы және электронды түрде бiр данада ұсынады.

      Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және/немесе импортына рұқсат алу үшiн тиiстi түрде ресiмделген рұқсаттың жобасынан басқа, өзге құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. Тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттың жобасын толтыру және рұқсатты ресiмдеу ережесi осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын N 4-қосымшада берiлген.

      5. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған рұқсаттың жобасы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге жатады.

      6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

      7. Рұқсат өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде беруге тиiс.

      8. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысына рұқсаттың түпнұсқасы берiледi.

      9. Берiлген рұқсат басқа адамға берiлмейдi және рұқсат иесiнде сақталады.

4-бап Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау

      1. Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау (бұдан әрi - лицензиялау) мына:

      а) жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына уақытша сандық шектеулер енгiзiлген;

      б) мемлекеттiң қауiпсiздiгiне, азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк немесе муниципалдық мүлiкке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсiмдiктердiң тiршiлiгiне немесе саулығына қолайсыз әсер етуi мүмкiн жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртiбi белгiленген;

      в) жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берiлген;

      г) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерi орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.

      2. Оларға қатысты лицензиялау енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерi Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне енгiзiлген.

      Тиiстi лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушыларға қойылатын талаптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      3. Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн N 2-қосымшаға сәйкес нысандағы лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

      Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына бiр жолғы, бас және ерекше лицензиялар ресiмделуi мүмкiн.

      Бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi лицензия берiлген күннен бастап бiр жылдан аспайды, ал оларға қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

      Бас лицензияның қолданылу мерзiмi лицензия берiлген күннен бастап бiр жылдан асуы мүмкiн емес, ал өздерiне қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн, егер Тараптардың шешiмiнде өзгеше ескерiлмесе, ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

      Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импортына ерекше құқық берiлетiн сыртқы сауда қызметiне қатысушылар, сондай-ақ тауарлардың өзi ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасымен айқындалады.

      4. Лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      а) N 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаздағы және электронды түрде бiр данада лицензия беруге арналған өтiнiш.

      Лицензия алуға арналған өтiнiштi лицензияны және ресiмдеу ережесi мен N 5-қосымшада берiлген;

      б) сыртқы сауда мәмiлесiн ресiмдейтiн шарттың көшiрмесi (бiр жолғы лицензияны ресiмдеген жағдайда ғана);

      в) салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;

      г) егер қызметтiң мұндай түрi оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында лицензиялау енгiзiлген тауар айналымына байланысты болса лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;

      д) егер олардың негiзiнде осы тауарды лицензиялау енгiзiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленсе, басқа да құжаттар.

      Құжаттардың көшiрмесi ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiгiлуi, сыртқы сауда қызметiне қатысушының қолымен және мөрiмен расталуы тиiс.

      5. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттар тiркелуге жатады.

      6. Лицензияны беру туралы немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешiмдi құжаттар берiлген күннен бастап 20 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттарды зерделеудiң негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды.

      7. Заңды тұлға ретiнде тiркелген сыртқы сауда қызметiне қатысушының құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер енгiзiлген (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, атауы не оның орналасқан орны өзгерсе) немесе жеке тұлға болып табылатын сыртқы сауда қызметiне қатысушының паспорттық деректерi өзгерген жағдайда, лицензия иесi берiлген лицензияны жою және өтiнiш пен көрсетiлген өзгерiстердi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңасын ресiмдеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.

      Лицензияны қайта ресiмдеу туралы шешiм сыртқы сауда қызметiне қатысушының құжаттарын тiркеген күннен бастап 5 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде қабылданады.

      8. Берiлген лицензияға өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

      9. Сыртқы сауда қызметiне қатысушыға лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:

      ұсынылған құжаттарда сенiмсiз немесе толық емес ақпараттың болуы;

      квотаның (квоталанатын тауарларға лицензия ресiмдеген жағдайда) таусылуы;

      Лицензия беруден бас тарту туралы шешiмде дәлелдi негiз болуы және сыртқы сауда қызметiне мүдделi қатысушыға жазбаша нысанда ұсынылуы тиiс.

      10. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай:

      а) лицензия иесi тиiстi өтiнiш ұсынған;

      б) лицензия алу үшiн сенiмдi емес мәлiметтер мен деректер ұсынған;

      в) лицензия жоғалған;

      г) егер қызметтiң мұндай түрi тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензия қайтарылған;

      д) лицензия иесi осы баптың 14-тармағын орындамаған жағдайларда қабылдайды.

      11. Лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде осындай шешiмге әкелген себептердi көрсете отырып, лицензия иесiне және кеден органдарына жазбаша нысанда жiбередi.

      Лицензияның қолданылуы кiдiртiлген себептер жойылғаннан кейiн лицензия жаңартылады. Лицензияның қолданылуы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн жаңартылды деп саналады, ол үш жұмыс күнi iшiнде лицензия иесiне және кеден органдарына жiберiледi.

      12. Лицензия заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайды қоса алғанда, басқа тұлғаларға берiлмейдi және лицензия иесiнде сақталады.

      13. Лицензия лицензияланатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың бiрi болып табылады.

      Лицензияның түпнұсқасын және иегер растаған лицензияның көшiрмесiн лицензияның иесi кеден органына тауарды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кезде ұсынады және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк шекарасы арқылы лицензияланатын тауарға рұқсатнама үшiн негiздеме болып табылады.

      14. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi тоқсан сайын, есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 15-шi күнiне дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалу барысы туралы есептi ұсынуға мiндеттi. Бiр жолғы лицензиялардың иелерi бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн он күн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалуы туралы кеден органдарының белгiсi бар лицензияның көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

5-бап Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау

      Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау, егер қызметтiң осындай түрi оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында лицензиялау енгiзiлген тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-бап Дауларды шешу және өзгерiстер енгiзу

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және/немесе iске асыруға байланысты даулар консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.

      Осы Хаттамаға Тараптардың жалпы келiсiмiмен осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн және 7-бапта көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

7-бап Қорытынды ережелер

      Осы Хаттама ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Мәскеу қаласында 2004 жылғы 25 қазанда орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетiнде сақталады.

Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн


Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн


Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн


Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн


Тәжiкстан Республикасының
Yкiметi үшiн



  Еуразия экономикалық қоғамдастығына
мүше мемлекеттердiң тауарларының,
сондай-ақ осыған байланысты жекелеген
қызмет түрлерiнiң импортын және
экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы хаттамаға N 1-қосымша

ЕУРАЗЭҚ-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АТҚАРУШЫ БИЛІГІНІҢ УӘКІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНЫ 

1. Өтініш беруші (атауы, толық мекен-жайы), ССН коды

2. ИМПОРТҚА/ЭКСПОРТҚА РҰҚСАТ БЕРУ

N 

3. Сатып алушы/сатушы (аталуы, толық мекен-жайы)

4.Рұқсаттың қолдану мерзімі ж.31/12/ дейін

5. Шығатын елі

7. N келісім-шарт

6. Баратын ел

8. СЭҚ ТН коды

9. Өлшем бірлігі

10. Саны

11. Статистикалық

құны

12. Тауар атауы

13. Өтініш беруші


Т.А.Ә.А Лауазымы Телефон Қолы мен мөрі Күні

14. Атқарушы биліктің уәкілетті мемлекеттік органы

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Телефон

Қолы мен мөрі Күні

 
  Еуразия экономикалық қоғамдастығына
мүше мемлекеттердiң тауарларының,
сондай-ақ осыған байланысты жекелеген
қызмет түрлерiнiң импортын және
экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы хаттамаға N 2-қосымша

ЕУРАЗЭҚ-ҚА ҚАТЫСУШЫ АТҚАРУШЫ БИЛIКТIҢ УӘКIЛЕТТI МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНЫ

1. ЛИЦЕНЗИЯ N

2. Қолданылу мерзімі дейін

3. Лицензия түрі

Бас/Бір жолғы/Ерекше

Экспорт/Импорт

4. келісім-шарт N

5. Өтініш беруші(атауы, толық мекен-жайы), ССН коды

6. Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)

7. Баратын/шығатын елі

8. Сатып алушы/сатушының елі

9. Тауар атауы

10. СЭҚ ТН коды

11.Өлшем бірлігі

12. Саны

13. Төлем валютасы

14.Фактуралық құны

15. Қосымша ақпарат

16. Лицензия беру үшін негіздеме

17. "Келісілді"


Т.А.Ә.А Лауазымы

Қолы мен мөрі Күні

18. Атқарушы органның уәкілетті мемлекеттік органы

Т.А.Ә.А Лауазымы

Қолы мен мөрі Күні

 
  Еуразия экономикалық қоғамдастығына
мүше мемлекеттердiң тауарларының,
сондай-ақ осыған байланысты жекелеген
қызмет түрлерiнiң импортын және
экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы хаттамаға N 3-қосымша


1. ӨТIНIШ N

2. Қолданылу мерзiмi дейiн

3. Лицензияның түрi

Бас/Бiр жолғы/Ерекше

Экспорт/Импорт

4. келiсiм-шарттың N

5. Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы), CCH коды

6. Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)

7. Баратын/шығатын елi

8. Сатып алушы-сатушының елi

9. Тауар атауы

10.СЭҚ ТН коды

11. Өлшем

бiрлiгi

12. Саны

13. Төлем валютасы

14. Фактуралық

құны

15. Қосымша ақпарат

16. Лицензия беру үшiн негiздеме

17. "Келiсiлдi"

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Қолы мен мөрi Күні

18. Өтiнiш берушi

Т.А.Ә.А.

Лауазымы

Телефоны

Қолы мен мөрi Күні

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына
мүше мемлекеттердiң тауарларының,
сондай-ақ осыған байланысты жекелеген
қызмет түрлерiнiң импортын және
экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы хаттамаға N 4-қосымша

ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА ЖӘНЕ (HEMECE) ЭКСПОРТЫНА
РҰҚСАТ БЕРУДЕН ЖОБАСЫН ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ РҰҚСАТТЫ
РЕСIМДЕУ ЕРЕЖЕСI

      1. Рұқсатты ресiмдеудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға арналған.

      2. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы ұсынатын рұқсат белгiленген нысанға қатаң сәйкес ЭEM басу құралында және мiндеттi түрде барлық қажеттi деректемелер толтырыла отырып, жазылады.

      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, жасанды қағаздардан арнайы қорғайтын бiр iздiлендiру нысаны бойынша рұқсатты ресiмдейдi. Бұл ретте рұқсаттың деректемелерi мынадай түрде толтырылады.

      Рұқсаттың деректемелерi мынадай түрде толтырылады:

      1-деректеме. "Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы, ССН коды)"

      Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы туралы мәлiметтер көрсетiледi

      - заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi;

      - жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм берген, мекен-жайы), салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi.

      2-деректеме. "N"

      Сұратылатын рұқсат түрiнiң қажеттiсiнiң астын сызу керек (мысалы, ИМПОРТ ).

      Рұқсаттың нөмiрi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру жолымен рұқсат жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган толтырады (мысалы: 00001).

      Рұқсаттың нөмiрi 15 белгіден тұрады және мынадай түрде қалыптасады:

      1-P - әрпi.

      2-4 - рұқсат берген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң (Беларусь Республикасы - 112; Қазақстан Республикасы - 398; Қырғыз Республикасы - 417; Ресей Федерациясы - 643; Тәжiкстан Республикасы - 762) коды.

      5 және 6 -сандары - экспортқа (импортқа) қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар санатының коды;

      7-саны жылдың соңғы саны;

      8-10 - рұқсат расталатын мөрдiң үш таңбалы нөмiрi;

      11-15 - уәкiлеттi мемлекеттiк органның күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбi тiркеу журналында тiркелген нөмiрi. Рұқсатты рәсiмдеу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат түрiн (мысалы - ИМПОРТҚА арналған) көрсетедi.

      3-деректеме. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"

      Келiсiм-шартта көрсетiлген келiсiм-шарттың тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес тауарды сатып алатын (экспорт кезiнде) немесе тауар сататын (импорт кезiнде) шетел әрiптесi фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.

      4-деректеме. "Рұқсатты қолдану мерзiмi"

      Өтiнiш берушi сұратқан рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталатын күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:

      КК.АА.ЖЖ,

      мұндағы:

      КК - күні;

      АА - айы;

      ЖЖ - жылы.

      Символдар бiр бiрiнен нүктемен бөлiнедi (мысалы, 01.01.04).

      5. "Шығатын ел" және 6. "Баратын ел" деректемелерi

      Тауарлардың баратын елдерi мен шығарушы елдерiнiң атаулары көрсетiледi.

      7-деректеме. "Келiсiм-шарт"

      Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi.

      Күнi осы бөлiмнiң 4-деректемесiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.

      8-деректеме. "СЭҚ ТН коды"

      Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) тауардың он таңбалы коды көрсетiледi.

      9-деректеме. "Өлшем бiрлiгi"

      ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң қысқартылған атауы (негiзгi немесе қосымша) көрсетiледi.

      10-деректеме. "Саны" 9-деректемеде көзделген өлшем бiрлiктерiн (салмақ бiрлiктерi үшiн - нетто салмағы) тауардың саны көрсетiледi.

      11-деректеме "Статистикалық құны"

      Тауардың статистикалық құны АҚШ долларымен көрсетiледi.

      Егер статистикалық құнның бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектену ережелерi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгелектенедi.

      12-деректеме. "Тауардың атауы"

      ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН-ға қатаң сәйкес тауардың толық атауы және қажет болған кезде бiр мағыналы сыныптамалары үшiн талап етiлетiн оның барынша егжей-тегжейлi сипаттауына түсiнiктемелер көрсетiледi.

      13-деректеме. "Өтiнiш беруші"

      1-деректемеде көрсетiлген өтiнiш берушiнiң, оның Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефоны мен өтiнiштiң ресiмделген күнi көрсетiле отырып, мөрмен куәландыратын қолы қойылады.

      14-деректеме. "Атқарушы органның уәкiлеттi мемлекеттiк органы"

      Рұқсат берген тұлғаның, оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiле отырып, мөрмен куәландырылған қолы қойылады.

  Еуразия экономикалық қоғамдастығына
мүше мемлекеттердiң тауарларының,
сондай-ақ осыған байланысты жекелеген
қызмет түрлерiнiң импортын және
экспортын лицензиялаудың бiрыңғай
ережелерi туралы хаттамаға N 5-қосымша

ЛИЦЕНЗИЯ АЛУҒА ӨТIНIШТЕРДI ЖӘНЕ ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА ЖӘНЕ
(НЕМЕСЕ) ЭКСПОРТЫНА АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯНЫ РЕСIМДЕУДЕН
ЕРЕЖЕЛЕРI

      1. Өтiнiштер мен лицензияны ресiмдеудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына арналған.

      2. Лицензия беруге арналған өтiнiш белгiленген нысанға қатаң сәйкес ЭЕМ басу құрылғысында және мiндеттi түрде барлық қажеттi деректемелердi толтырыла отырып, жасалынады.

      Рұқсаттың деректемелерi мынадай түрде толтырылады:

      1-деректеме. "Өтiнiштiң N"

      Рұқсатты нөмiрi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап өсу тәртiбiнде бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру жолымен рұқсат жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган толтырады (мысалы, 00001).

      2-деректеме. "Қолданылу мерзiмi"

      Өтiнiш берушi сұратқан лицензияның қолдану мерзiмiнiң аяқталатын күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:

      КК.АА.ЖЖ,

      мұндағы

      КК - күні;

      АА - айы;

      ЖЖ - жылы.

      Символдар бiр бiрiнен нүктемен бөлiнедi (мысалы, 01.01.04)

      З-деректеме. "Лицензия түрi"

      Сұратылатын лицензия түрiнiң астын сызу керек (мысалы, бас / бiр реттiк/ айрықша экспорт / импорт).

      4-деректеме. "Келiсiм-шарт"

      Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi.

      Күнi осы бөлiмнiң 2-деректемесiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.

      Бас және ерекше лицензияларға арналған өтiнiш ресiмделген жағдайда 4-деректеме толтырылмайды.

      5-деректеме. "Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы, CCH коды)"

      өтiнiш берушi туралы шын мәлiметтер көрсетiледi:

      - заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi;

      - жеке тұлға үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат мәлiметтерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм берген), салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi.

      6-деректеме. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"

      Келiсiм-шартта көрсетiлген келiсiм-шарттың тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес тауарды сатып алатын (экспорты кезiнде) немесе тауарды сататын (импорты кезiнде) шетел әрiптесi фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.

      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың талабына сәйкес" деп жазылады.

      7-деректеме. "Баратын/шығаратын ел"

      Шетел әрiптестерiнiң елдерi (экспорт кезiнде) немесе шығаратын елдердiң атауы көрсетiледi.

      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың талабына сәйкес" деп жазылады.

      8-деректеме. "Сатып алушының/сатушының елi"

      Шетел әрiптестерiнiң (экспорт кезiнде) немесе сатушының (импорт кезiнде) елiнiң атауы көрсетiледi.

      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың талабына сәйкес" деп жазылады.

      9-деректеме. "Тауардың атауы"

      Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттiң сыртқы сауда экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) қатаң сәйкес тауардың толық атауы және қажет кезiнде тауардың бiр белгiлiк сыныптамалары үшiн талап етiлетiн оны егжей-тегжейлi барынша сипаттаған түсiнiктемелер көрсетiледi. Егер 9-деректемеде барлық ақпараттар сыймаса, осы ақпараттың бөлiгi "қосымша ақпараттар" деген 15-деректемеге ауыстырылуы мүмкiн.

      10-деректеме. "СЭҚ ТН коды"

      ЕурАзЭҚ-тың CЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың он таңбалы коды көрсетiледi.

      11-деректеме. "Өлшем бiрлiгi"

      ЕурАзЭҚ-тың CЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң қысқартылған атауы (негiзгi немесе қосымша) көрсетiледi. СЭҚ ТН-нан айырмашылығы бар өлшем бiрлiгi пайдаланылған жағдайда 15-деректемеде тауардың саны мен өлшем бiрлiктерi туралы қосымша мәлiметтер көрсетiледi.

      12-деректеме. "Саны"

      Тауардың 11-деректемеде көзделген өлшем бiрлiгiндегi (салмақ бiрлiктерi үшiн - нетто салмағы) саны көрсетiледi.

      13-деректемe "Төлем валютасы"

      Тауардың келiсiм-шарт құны айқындалатын валютаның қысқа атауы көрсетiледi.

      Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың талабына сәйкес" деп жазылады.

      14-деректеме. "Фактуралық құны"

      Тауардың фактуралық құны келiсiм-шарт валютасымен көрсетiледi.

      Егер фактуралық құнның бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектеу ережелерi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгелектенедi.

      Бас және ерекше лицензия ресiмделген жағдайда тауардың бағдарлы құны көрсетiледi.

      15-деректеме. "Қосымша ақпарат"

      Қажеттiлiгiне қарай пайдаланылады. Осы деректеме ашық тұсында лицензияға арналған өтiнiштiң 7, 9, 11, 12 деректемелерiн нақтылау және ашып жазу қажеттiлiгiне байланысты мәлiметтер енгiзiледi, сондай-ақ өтiнiш ресiмдеген сәтте қол қойылған келiсiм-шартқа барлық толықтырулар мен өзгерiстердiң нөмiрi және күнi енгiзiледi.

      16-деректеме. "Лицензия беру үшiн негiздеме"

      Мыналар:

      - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нөмiрлерi және күндерi, мемлекеттiк атқарушы билiктiң органдардың немесе уәкiлеттi халықаралық органдардың лицензияны сұрату үшiн негiз болып табылатын құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;

      - егер делдал өтiнiш берушi ретiнде көрiнетiн болса, комиссия шарттарының нөмiрлерi мен күндерi;

      - аукцион жеңiмпаздары сертификатының нөмiрi мен күнi немесе әрбiр Тараптың Ведомствоаралық комиссиясы Хаттамасынан үзiндi (квоталанатын тауарларға аукцион немесе конкурс өткiзiлген және лицензия рәсiмделген жағдайда) көрсетiледi.

      16-деректеме. "Лицензия алу үшiн негiздеме"

      Мыналар:

      - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң нормативтiк құқықтық актілерінің нөмiрлерi және күндерi, мемлекеттiк атқарушы билiктiң органдардың немесе уәкiлеттi халықаралық органдардың лицензияны сұрату үшiн негiз болып табылатын құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;

      егер делдал өтiнiш берушi ретiнде көрiнетiн болса комиссия шарттарының нөмiрлерi мен күндерi;

      - аукцион жеңiмпаздары сертификатының нөмiрi мен күнi немесе әрбiр Тараптың Ведомствоаралық комиссиясы Хаттамасының көшiрмесi (квоталанатын тауарларға аукцион немесе конкурс өткiзiлген және лицензия рәсiмделген жағдайда);

      - лицензия берудi негiздейтiн басқада қажеттi ақпарат көрсетiледi.

      17-деректеме. "Келiсiлдi"

      Қосымша келiсу қажет жағдайда толтырылады.

      Лицензияны беруге келiскен тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiледi. Бұл ретте деректемеде "қолы мен мөрi бap" деген белгi қойылады.

      18-деректеме. "Атқарушы билiктiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы"

      Оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiле отырып, рұқсат берген тұлғаның мөрмен куәландырылған қолы қойылады.

      Осы мәтiн 2004 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында жасалған "Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарларының, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама туралы" ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесiнiң N 198 Шешiмiнiң куәландырылған көшiрмесiмен сәйкес аударма болып табылатынын куәландырамын.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетiнiң төрағасының
міндетін атқарушы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады