Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 215 Заңы

      Астанада 2006 жылғы 14 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі
арасындағы "А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық
училищесінің білім беру кешеніне арналған жабдықтарды
жеткізу" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын
тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы
келісім   <*>

(2007 жылғы 29 қаңтарда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 2, 16-құжат)

ресми аударма емес 

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрi
      жоғары мәртебелi
      Қасымжомарт Тоқаевқа

Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз 

      Жоғары мәртебелi,

      А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапонияның Үкiметi өкiлдерiнiң соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапон Үкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне (48 600 000 Ү) қырық сегiз миллион алты жүз мың йен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
      2. Грант осы келiсiмдер күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда, қажеттi өнiмдердi жеткiзу үшiн ғана пайдаланады.
      (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон йенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Үкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет.
      (2) Жапония Yкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Үкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон йенiнде төлеуi тиiс.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде, осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау; -
      (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану;
      (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет;
      (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Үкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi қажет.
      Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн.

___________________________ 
Тетсуо ИТО          
Қазақстан Республикасындағы 
Жапонияның Төтенше және   
Өкiлеттi елшiсi       

  Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

Астана қаласы, 2006 жылғы 14 наурыз 

      Қазақстан Республикасындағы
      Жапонияның Төтенше және Өкiлеттi елшісі
      жоғары мәртебелi
      Тетсуо ИТО-ға

      Жоғары мәртебелi,

      "Сiздiң мәртебеңiзге ықыласымды бiлдiре отырып, Сiздiң нотаңызды бүгiн алғанымды хабарлаймын, онда мыналар баяндалған:
      А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiнiң жабдықтарын жақсарту жөнiндегi (бұдан әрi - "Жабдық") жобасына қатысты (бұдан әрi - "Жоба") Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Жапония Yкiметi өкілдерінің соңғы кездесуiнiң қорытындылары бойынша қабылданған Жапония Yкiметi тарапынан мынадай ұсыныстарды енгiзуге рұқсат етiңiз:
      1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру қызметiн жақсарту және дамыту мақсатында Жапония Yкiметi Қазақстан Республикасының Yкiметiне Жапонияның ұлттық заңнамасына сәйкес 48 600 000 Y (қырық сегiз миллион алты жүз мың) йен мөлшерiнде грант (бұдан әрi - "грант") ұсынып отыр.
      2. Грант осы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап, 2007 жылғы 13 наурызға дейiн күшiнде болып саналады. Аталған кезең мүдделi Үкiметтердiң өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн.
      3. (1) Аталған грантты Қазақстан Республикасының Yкiметi Жапонияда шығарылған жабдықтарды сатып алу және жобаны орындауға байланысты қызмет көрсетулердi төлеу үшiн, Қазақстан Республикасының аумағына дейiн тасымалдауды қоса алғанда, қажеттi өнімдерді жеткiзу үшiн ғана пайдаланады.
      (2) Дегенмен, 1-тармақшаның ережесiне қарамастан, егер екi тарап осыны қажет деп санаса, онда грант шеңберiнде басқа елдерде шығарылған (Жапонияда және Қазақстан Республикасында шығарылмаған) жабдықтарды сатып алуға рұқсат берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Жапон өкiметтерiмен 3-тармақта көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алуды төлеу үшiн келiсiм-шарт жасасуы қажет (есептесу бiрлiгi - жапон йенi). ("Жапон өкiметтерi" деген термин: жапондық жеке тұлғалармен басқарылатын жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды бiлдiредi). Осындай келiсiм-шарттар грантқа сәйкес Жапония Үкiметiмен бекiтiлуi тиiс.
      5. (1) Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган кез келген Жапония банкінде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган көрсететiн Қазақстан Республикасының атына грантты орындау мақсатында пайдаланылатын банк шотын ашуы қажет.
      (2) Жапония Yкiметi 4-тармаққа сәйкес Жапония Yкiметi бекiткен келiсiм-шарттар (бұдан әрi - "бекiтiлген келiсiм-шарттар") бойынша 1-тармақшада көрсетiлген шот бойынша 1-тармақшада көрсетiлген банк қызметiн төлеу туралы талап қою жөнiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе осыған уәкiлеттi органның мiндеттемелерiн жапон йенiнде төлеуi тиiс.
      6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мыналарды қамтамасыз етуi тиiс:
      (а) Қазақстан Республикасының аумағында жарақтандыруды қажеттi кедендiк рәсiмдеуден өткiзудi және оны тасымалдауды қамтамасыз ету;
      (б) грант бойынша жарақтандыруды жеткiзу және қызмет көрсетуге қатысты Жапония өкiметтерiн Қазақстан Республикасындағы алынатын салықтар бажынан, iшкi салықтардан және өзге де қаржы алымдарын төлеуден босату;
      (в) бекiтiлген келiсiм-шарттар бойынша жарақтандыру мен қызмет көрсетулердi жеткiзу кезiнде осындай қажеттiлiк туындаған жағдайда, Жапония өкiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағына кiрудi ресiмдеу және жұмыстарын орындау кезеңiнде тұру үшiн жағдай жасау;
      (г) жабдықтарды дұрыс және тиiмдi пайдалану;
      (д) грантпен төленбейтiн грантты орындауға байланысты барлық шығыстарды төлеу;
      (2) грант бойынша сатып алынатын жабдықтарды кеме және теңiз қатынасы арқылы сақтандыруға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кеме және теңiз қатынасын сақтандыру компаниялары арасындағы адал және шынайы бәсекелестiкке зиян келтiретiн қандай да бiр шектеулерден бас тартуы қажет;
      (3) грант бойынша сатып алынған жабдықтар Қазақстан Республикасының аумағынан экспортқа шығарылмайды.
      7. Екi Yкiмет осы келiсiмдерге қатысты туындайтын барлық мәселелер бойынша қарама-қарсы тарапқа кеңес беруi тиiс.
      Мен Сiзге осы Нота мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiмдi құрайтынын ұсынғанды жөн көрдiм, ол оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығын растайтын жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, күшiне енедi.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген жоғары құрметiмдi бiлдiремiн.".
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан алдыңғы келiсiмдердi сондай-ақ, Сiздiң Жоғары мәртебеңiздiң жауап Нотасы мен осы Нота екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалғандығы туралы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап, екi Үкiметтiң арасындағы келiсiмдi қалыптастыратындығын растау құрметiне ие болып отырмын.
      Қолайлы жағдайды пайдаланып, Сiзге деген құрметiмдi тағы да бiлдiргiм келедi.

       Қасымжомарт Тоқаев
      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрi

  Талқылау хаттамасы

      "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасы бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарына (бұдан әрi - "Алмасу ноталары") байланысты Жапония мен Қазақстан өкiлдерi мыналар туралы келiстi:
      1. Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Жапонияның өкiлдерi Қазақстан Республикасының Yкiметi келiсiм-шартқа қатысты Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген сыбайлас жемқорлық қызметi ретiнде бағалануы мүмкiн барлық ұсыныстарды, сыйлықтарды, пайда алуға ұмтылуды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды деп Жапония Үкiметi санайтынын мәлiмдедi.
      2. Қазақстан делегациясының өкiлдерi Жапония тарапының осы өтiнiшiне қарсы емес екендiгiн мәлiмдейдi.

      _________________________           _______________________
               Тетсуо ИТО                     Қасымжомарт Тоқаев
      Қазақстан Республикасындағы          Қазақстан Республикасы
           Жапонияның Төтенше               Сыртқы iстер министрi
          және Өкiлеттi елшiсi

  Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Yкiметi арасында "А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды (бұдан әрi - Жабдық) жеткiзу" жобасы (бұдан әрі - "Жоба") бойынша Жапониямен мәдени ынтымақтастыққа қатысты 2006 жылғы 14 наурыздағы Алмасу ноталарының (бұдан әрi - "Алмасу ноталары") 1., 2., 3., 4. және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң өкiлдерi екi үкiмет арасында белгiленген мынадай рәсiмдiк шараларды бекiтуге тiлек бiлдiредi:
      1. Тендер
      (1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағының 1-тармақшасында үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi мен осыған уәкiлеттi органға тендер өткiзуге көмек көрсету үшiн тәуелсiз агент жалдауы қажет.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Қосымшаның 4-тармағында көрсетiлген Агент қызметiнiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органға көмек көрсету үшiн Жапония халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң "JICS" (бұдан әрi - Агент) қатысуына Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгi бiр айдың ішінде алмасу ноталарының 4-тармағына сәйкес келiсiм-шарт жасасуы тиiс.
      (2) Осы келiсiм-шарт Жапония Үкiметiнен жазбаша түрде растау алынғаннан кейiн күшiне енедi.
      2. Агенттiң қызметiн төлеу
      (1) Алмасу ноталарының 1-тармағында көрсетiлген сома Агенттiң қызметiн төлеудi қамтуы тиiс.
      (2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi орган Алмасу ноталарының 5-тармағына сәйкес Алмасу ноталарының 4-тармақшасында көрсетiлген банкке төлем құжатын жiберуi қажет.
      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Алмасу ноталарының 4-тармағында көрсетiлген жабдықтар мен қызметтердi сатып алу жөнiндегi Жапония өкiметiнiң жұмысына қатыспауы тиiс.
      4. Жоспар немесе Жоспардың жобасы қалыптастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi кеңес өткiзуi және Жапония Үкiметiнiң келiсiмiн алуы тиiс.

      ____________________________      ___________________________
                Тетсуо ИТО                   Қасымжомарт Тоқаев
      Қазақстан Республикасындағы         Қазақстан Республикасы
           Жапонияның Төтенше              Сыртқы iстер министрi
          және Өкiлеттi елшiсi

Қосымша 

  Агент қызметтерiнiң тiзбесi

      1. Тендер өткiзу үшiн жабдықтардың (бұдан әрi - "Жабдық") тiзiмiн дайындау, оның негiзiнде сауалы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi органның жазбаша нысанда Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшiлiгiне жолданатын болады.
      2. Тендердiң неғұрлым жоғары бағасын анықтау үшiн жабдықтардың құны мен сипаттамасын қарау.
      3. Тендердiң мерзiмдерi мен шарттарын, сондай-ақ техникалық сипаттамасын анықтайтын тендер құжаттарының жобаларын дайындау.
      4. Тендер өткiзу туралы хабарландыруды жариялау және тендер құжаттарын тарату.
      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе осыған уәкiлеттi тұлға Агенттiң офисiнде тендерге қатысушылар өкiлдерiнiң қатысуымен тендердi ашады және тендердi бағалау мен тендердi өткiзудi жүзеге асырады.
      6. Тендер өткiзу туралы ағылшын тiлiнде есеп дайындау және есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе осыған уәкiлеттi органға жiберу.

      Осы мәтiн Астана қаласында 2006 жылғы 14 наурызда жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "А.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң, Рәсiмдiк шаралар жөнiндегi келiсiлген хаттаманың және Талқылау хаттамасының ресми емес аудармасы екендiгiн куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі
      Әкімшілік департаменті
      мемлекеттiк тiлдi дамыту және
      редакциялау бөлімінің бастығы

    А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің
     білім беру кешенін жетілдіру жөніндегі жоба бойынша
    Жапон мемлекетінің мәдени гранты бойынша жабдықтардың
                         ерекшеліктері

N

Сипаттама

Модельдің
нөмірі

Шығарушы

Саны

A-1

Екі кассеталық аудио магнитофон

322

ТЕАС

1

A-2

Компакт дискілердің күйтабақ ойнатқышы

CD-RW900

ТЕАС

1

A-3

Мини дискілердің күйтабақ ойнатқышы

MD-350

ТЕАС

1

A-4

DVD күйтабақ ойнатқышы

XV-N422S

JVC

1

A-5

Коммутациялық панельдің кіріп шығуы

  

  

1

A-6

Кабель

  

  

1

A-7

Аппаратуралық тіреу

  

  

1

A-8

Графикалық эквалайзер

Q2331B

YAMAHA

1

A-9

Күшейткіш

P3500S

YAMAHA

2

A-10

Монитор динамиктері

HS80M

YAMAHA

2

A-11

Колонкалар

S115V

YAMAHA

4

A-12

Проектор

LS-X71

EIKI

1

A-13

Проектордың қосымша лампасы

  

  

2

A-14

Қашықтан басқару пультімен 170 дюймалық жайылмалы экран

KGE-170PG/KWL-4

KIKUCHI

1

A-15

Проекторға арналған тұғыр

  

  

1

A-16

Радио микрофон

H8B/SM58

MAXON

2

A-17

Микрофондарға арналған радио қабылдағыш

R8DB

MAXON

1

A-18

Сымсыз микрофондардың антеннасы

ANW8AB

MAXON

2

A жалпы

B-1

 Жарық басқару пульті

TRDM2-48GE

TOSHIBA

1

B-2

Жарықтың қуатын басқару жүйесі

  

TOSHIBA

1

B-3

Жарық басқару жүйесіне арналған қосымша бөлшектер мен компоненттері

  

  

1

B-4

1 Кв софиттер (Френель) мен оған бекіткіштер

AQF-10R-2E

TOSHIBA

24

B-5

1 Кв софиттер (Линза) мен оған бекіткіштер

AQS-10R-2E

TOSHIBA

32

B-6

Циклорам жарығы

UHQ-10-2SA

TOSHIBA

40

B-7

Лампамен еден софиттері

FS-612-3

TOSHIBA

8

B-8

Алдыңғы софиттер

SUPERSOL-1003SR

TOSHIBA

1

B-9

1 Кв софиттерге арналған қосымша лампалар

  

  

112

B-10

Циклорам жарығына арналған қосымша лампалар

  

  

80

B-11

Еден софиттеріне арналған қосымша лампалар

  

  

192

B-12

Алдыңғы софиттерге арналған қосымша лампалар

  

  

2

B-13

Арнайы әсерлерге арналған түрлі-түсті фильтрлер

  

  

200

B-14

Кабельдер мен қондырғы материалдары/құралдар

  

  

1

B жалпы

C-1

Бейнекамера
Аккумулятор
AC электр сымы
DC электр сымы
объективтің қабы
микрофонның штативі
ілгек
Тазалау лентасы
Қашықтан басқару пульті

AG-DVX100BE

PANASONIC

2

C-2

Қосымша батарейкалар

  

  

4

C-3

63 минуттік бейнекассеталар

  

  

50

C-4

Үшаяқ

VT523

SLIK

2

C-5

HDD/DVD жазу құрылғысы

SR-DVM700

JVC

1

C-6

DVD күйтаспасы

XV-N422S

JVC

1

C-7

29 дюймдік түрлі-түсті монитор

AV-29LX14

JVC

1

C-8

Теледидарлық тіреуіш

  

  

1

C-9

Сандық фотокамера

D50

NIKON

1

C-10

Қосымша батарейкалар

  

  

2

C-11

Сандық фотокамераның сақтау картасы

  

  

2

C-12

Программалар жиынтығы

  

  

1

C-13

От алу

SB-800

NIKON

1

C-жалпы

D-1

42 дюймдік тегіс түрлі-түсті монитор

TH-42PWD8WK

PANASONIC

3

D-2

Монитордың колонкалары

TY-SP42P8W-K

PANASONIC

3

D-3

Мониторға арналған қабырғаға бекіткіштер

  

  

3

D-4

DVD күйтаспасы

XV-N422S

JVC

3

D-5

Кабельдер мен қондырғы компоненттері

  

  

1

D-жалпы

E-1

Рояль
Орындық

C7L

YAMAHA

1

E-2

пианино

U3

YAMAHA

2

E-жалпы

      Барлығы:

таблицаның жалғасы:

N

Әр данасын
жеткізу
бағасымен
бірге (йен)

Жалпы
бағасы
(йен)

Оқу
құралдары

Қызмет
көрсету
агенттігі

A-1

100,000

100,000

0

Алматы
қаласындағы
Мицубиси
Корпорациясы
офисі

A-2

83,400

83,400

0

Сол

A-3

94,500

94,500

0

Сол

A-4

88,400

88,400

0

Сол

A-5

276,300

276,300

Х

Сол

A-6

221,000

221,000

Х

Сол

A-7

497,300

497,300

0

Сол

A-8

88,400

88,400

0

Сол

A-9

138,100

276,200

0

Сол

A-10

121,600

243,200

0

Сол

A-11

82,900

331,600

0

Сол

A-12

1,000,000

1,000,000

0

Сол

A-13

89,900

179,800

Х

Сол

A-14

674,100

674,100

0

Сол

A-15

130,400

130,400

Х

Сол

A-16

110,500

221,000

0

Сол

A-17

221,000

221,000

0

Сол

A-18

38,700

77,400

0

Сол

A жалпы                       4,804,000

B-1

2,154,800

2,154,800

0

Алматы
қаласындағы
Мицубиси
Корпорациясы
офисі

B-2

8,563,900

8,563,900

0

Сол

B-3

939,300

939,300

Х

Сол

B-4

121,600

2,918,400

0

Сол

B-5

127,100

4,067,200

0

Сол

B-6

63,500

2,540,000

0

Сол

B-7

180,300

1,442,400

0

Сол

B-8

2,414,500

2,414,500

0

Сол

B-9

14,400

1,612,800

Х

Сол

B-10

700

56,000

Х

Сол

B-11

400

76,800

Х

Сол

B-12

137,000

274,000

Х

Сол

B-13

1,000

200,000

Х

Сол

B-14

3,253,200

3,253,200

Х

Сол

B жалпы                       30,513,300

C-1

692,800

1,385,600

0

Алматы
қаласындағы
Мицубиси
Корпорациясы
офисі

C-2

22,100

88,400

Х

Сол

C-3

2,200

110,000

Х

Сол

C-4

59,300

118,600

Х

Сол

C-5

210,900

210,900

0

Сол

C-6

88,400

88,400

0

Сол

C-7

154,700

154,700

0

Сол

C-8

103,900

103,900

Х

Сол

C-9

139,900

139,900

0

Сол

C-10

9,400

18,800

Х

Сол

C-11

4000

8000

Х

Сол

C-12

5,500

5,500

Х

Сол

C-13

66,300

66,300

0

Сол

C-жалпы                       2,499,000

D-1

1,010,000

3,030,000

0

Алматы
қаласындағы
Мицубиси
Корпорациясы
офисі

D-2

67,400

202,200

0

Сол

D-3

116,000

348,000

Х

Сол

D-4

88,400

265,200

0

Сол

D-5

276,300

276,300

Х

Сол

D-жалпы                       4,121,700

E-1

3,094,000

3,094,000

Х

Сол

E-2

884,000

1,768,000

Х

Сол

E-жалпы                       4,862,000

      Барлығы:                           46,800,000

      Қарастырылған жабдықтарды жеткізудің болжамды тізімі
      1) А/Р күнінен жүкті жіберу: жапон портынан 6 айға жуық
      2) Алматыға жеткізуге дейін жүкті тиеуге болжамды уақыт: 2 айға жуық
      3) Орналастыруға және операцияларға оқытуға арналған қажетті кезең: 21 күнге жуық

      Ескерту:
      О: қол жетімді (ағылшын тілі)
      Х: қол жетпейтін

                                                    Нарахико Коамота
                                Халықаралық экономикалық қатынастың
                                        бас директорының орынбасары
                              Мицубиси Корпорациясының бас әкімдігі

      Осы мәтін А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің білім беру кешенін жетілдіру жөніндегі жоба бойынша Жапон мемлекетінің мәдени гранты бойынша жабдықтар ерекшеліктерінің ресми емес аудармасы екендігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрлігі
      Әкімшілік департаментінің директоры

1 Қосымша 

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1182  қаулысымен  мақұлданған қазақстан тарапының Нота жобасының 6-тармағының д) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жобаны iске асыруға қажеттi грантпен жабылатыннан басқа шығыстарды төлеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды.
      Осыған сәйкес жабдықтарды жеткiзуге байланысты (аэропорттан ұйымға дейiнгi жол ақысына арналған көлiк шығыстары) қосымша шығыстар "A.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бюджеттен тыс қаражатының есебiнен жүзеге асырылатын болады. Көрсетiлген шығыстардың болжамды құны 200,0 мың теңгенi құрайды.

       Мектепке дейiнгi және орта бiлiм
      департаментiнiң директоры

       РҚАО-ның ескертуі: Осы Заңның мәтініне Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы "А.B. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесiнiң бiлiм беру кешенiне арналған жабдықтарды жеткiзу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы Келiсiмнiң ағылшын тіліндегі мәтіні қағаз жеткізушіде қоса беріліп отыр.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады