Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы және Ерекше бөлiмдер) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 225 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат):

      1) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Азамат тегi мен есiмiн, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесiнiң атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен мiндеттер алады және оларды жүзеге асырады.";

      2) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар тағайындалған жағдайда конкурстық және оңалтушы басқарушыларға сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстар өтеледi. Жеке кәсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру соған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезектiлiкпен жүзеге асырылады:
      1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы және өтемақыларды төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiндегi, тұлғаның кiрiсiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысулар жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кәсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
      5) бесiншi кезекте заңнамалық актiлерге сәйкес басқа да несие берушiлермен есеп айырысулар жүргiзiледi.";

      3) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке
                 қабiлеттi деп жариялау (эмансипация)

      1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.
      2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) ата-анасының екеуiнiң де, асырап алушылардың немесе қамқоршысының келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.
      Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.";

      4) 34-бапта:
      4-тармақ "алады" деген сөзден кейiн "(осы Кодекстiң 110-бабы)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "түрлерiнiң" деген сөз "нысандарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздерi құрған өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкiне құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.";

      6) 41-бапта:
      4-тармақтағы "шаруашылық жүргiзуiне," деген сөздер алып тасталсын;

      4-1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi ", лауазымды адамдары немесе қызметкерлерi" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 44-баптың 1-тармағында:
      жетiншi бөлiкте "Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде қазыналық кәсiпорындармен және" деген сөздер алып тасталып, "мемлекеттiк" деген сөз бас әрiппен жазылсын;

      мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтiн азаматтық-құқықтық мәмiлелер тiркелуге жатпайды.
      Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiне ақы олар тiркелгеннен кейiн төленуге жатады.";

      8) 49-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "заңды тұлғаның кредиторлары," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 50-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Мүлiктiк кешенi жекешелендiрiлген мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасының  жекешелендiру  туралы заңында белгiленген тәртiппен таратылады.";

      10) 51-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бiрiншi кезекте - жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттерді төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ таратылатын заңды тұлға өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;";

      2) тармақшадағы "алименттердi және" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) төртiншi кезекте салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi берешек өтеледi;";

      11) 58-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
      Толық серiктестiктiң қатысушылары және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктер азаматтар ғана бола алады.";

      12) 60-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "(өкiлдер жиналысы)" деген сөздер алып тасталсын;

      екiншi бөлiктегi "Бiр" деген сөз "Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "(өкiлдiк жиналысына)", "(өкiлдерi жиналысының)" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 79-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;";

      14) 110-бапта:
      тақырыбындағы "Заңды тұлғалардың" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.";

      4-тармақтағы "және заңды тұлғаның құқықтарын" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 115-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.";

      16) мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:

      "139-1-бап. Банктiк депозит сертификаты

      Банктiк депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгiленген айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн не ол аяқталғанға дейiн номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгiленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.";

      17) 159-баптың 11-тармағы "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейiн "немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 192-бапта:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншiк болып бөлiнедi.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Коммуналдық меншiктегi мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне беру Қазақстан Республикасындағы  жергiлiктi мемлекеттiк басқару  туралы заңнамалық актiлерде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.";

      19) 195-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мүлiкке меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлiкке басқа да заттық құқықты тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.";

      20) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) шаруа қожалығы мүшелерiнiң ортақ меншiгi;";

      21) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "224-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi

      1. Шаруа қожалығының мүлкi, егер оның мүшелерiнiң арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, оларға бiрлескен меншiк құқығында тиесiлi болады.
      Бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкi оның мүшелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болады.
      Өзiндiк кәсiпкерлiкке негiзделген фермер қожалығының мүлкi оған жеке меншiк құқығында тиесiлi болады.
      2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелерi, жер учаскесiндегi екпелер, оның iшiнде жеке орман қорындағы екпелер, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жегiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, құрал-саймандар және қожалық мүшелерi берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкiн.
      3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып табылады және олардың арасында келiсiм бойынша пайдаланылады.";

      22) 225-баптың тақырыбында және мәтiнiнде "шаруа (фермер)" деген сөздер тиiсiнше "шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 226-бапта:
      баптың тақырыбында және мәтiнiнде "шаруа (фермер)" деген сөздер тиiсiнше "шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "ретiнде фермер" деген сөздер "ретiнде шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "218-бабында немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 242-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi "аудан," деген сөзден кейiн "облыстық," деген сөзбен толықтырылсын;

      25) 246-бап "аудан," деген сөзден кейiн "облыстық," деген сөзбен толықтырылсын;

      26) 282-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ақшалай мiндеттемеге байланысты бiр адам (борышкер) екiншi адамға (кредиторға) ақша төлеуге мiндеттi, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерiн (ақша қарызы және басқа да мiндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы мiндеттемелер, сондай-ақ зиян келтiру не негiзсiз баю салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерге, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, ақшалай мiндеттемелер туралы ереже қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай мiндеттемелер теңгемен (осы Кодекстiң 127-бабы) көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған жағдайларда және шарттарда немесе оларда белгiленген тәртiппен жол берiледi.
      Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тәртiбi мен тәсiлдерi Қазақстан Республикасының ақша төлемдерi мен аударымдары туралы заңнамасында белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.";

      27) 301-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      28) 303-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Егер кепiл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепiл нысанасы болып табылатын ақша банкке орналастырылады.
      Осы ақша үшiн алынатын сыйақы (мүдде) кепiл ұстаушыға тиесiлi болады.
      Ақша кепiл ұстаушыға немесе өзге тұлға кепiл ақшаны пайдалану мүмкiндiгiн шектейтiн шарттарды сақтаған кезде (банк сейфiне, сейфтiң ұяшығына, сақтауға арналған жеке үй-жайда сақтауға беру) осы тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай тұлғаның кепiл ақшаны пайдалану жөнiндегi шектеулердi орындамауы оның ақша берiлген кезден бастап негiзсiз байығаны үшiн жауаптылығына негiз болып табылады.";

      29) 311-баптың 1-тармағындағы "талаптарынан талаптары қанағаттандырғаннан" деген сөздер "талаптары қанағаттандырылғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 319-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Ақшаны және ақшалай мiндеттеме бойынша құқықтарды (талаптарды) кепiлге беру кезiнде - кепiлге қойылған осы мүлiктi өткiзу кепiл нысанасы болып табылатын немесе ақшалай мiндеттеме бойынша кепiлге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесiлi ақшаны кепiл ұстаушыға беру жолымен, ал кепiл нысанасына өндiрiп алу қолданылған кезде ақшаны беру мүмкiн болмаған жағдайда кепiл берушiнiң кепiл нысанасына құқықтарын кепiл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүргiзiледi.
      Егер кепiл нысанасы болып табылатын ақша сомасы кепiл ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарының мөлшерiнен асып кетсе, айырма кепiл берушiге қайтарылады. Кепiл ұстаушының талаптарын өтеу үшiн ақша сомасы жетпеген жағдайда, заңнамалық актiлерде немесе шартта өзгеше нұсқау болмаған ретте, ол кепiлде негiзделген артықшылықтарды пайдаланбай, жетпеген соманы борышкердiң басқадай мүлкінен алуға құқылы.";

      31) 331-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Екiншi деңгейдегi банктер банк кепiлдiктерi мен кепiлгерлiгiн берудi уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде осы Кодекске сәйкес және уәкiлеттi органның аталған операцияларды жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiн ескере отырып жүзеге асыра алады.
      Екiншi деңгейдегi банктердiң осы Кодекстiң нормаларын сақтамай және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескермей берген банк кепiлдiктерi мен кепiлгерлiктерi олардың жарамсыз болуына әкеп соғады.";

      32) 337-баптың 1-тармағы "орындауды" деген сөзден кейiн "не өзге мiндеттеменi орындауды" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 18-тарау мынадай мазмұндағы 6-параграфпен толықтырылсын:

      "Параграф 6. Ұстап қалу

      338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

      1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс зат қарамағында болған несие берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы.
      Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсiпкер ретiнде әрекет ететiн тараптардың мiндеттемелерiнен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
      2. Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.
      3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесi қолданылады.

      338-2-бап. Ұстап қалынған мүлiк есебiнен талаптарды
                 қанағаттандыру

      Затты ұстап қалушы несие берушiнiң талаптары кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандыру үшiн көзделген көлемде және тәртiппен заттың құнынан қанағаттандырылады.";

      34) 353-баптың 1-тармағы "алу кезiнде сот" деген сөздерден кейiн "несие берушiнiң таңдауы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат, N 13, 85-құжат):

      1) 758-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;

      2) 797-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесiздендiрiлiп сақтауға қабылданғанын растайтын қос немесе жай қойма куәлiгiн беруге мiндеттi.";

      3) 799-баптың 2-тармағында:
      6) тармақша "қабылданған" деген сөздiң алдынан "егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қос қойма куәлiгiнiң нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.";

      4) 800-баптың 5-тармағы "соманы" деген сөзден кейiн "кепiл ұстаушыға (кредиторға) немесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және сақтанушының экономика секторын көрсету;
      13) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (eгep бар болса), резиденттiк белгiсiн және егер ол сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болып табылмаса, сақтандырылушының (пайда алушының) экономика секторын көрсету;
      14) сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемi мен сақтандыру сыйақысының валюта түрi.";

      6) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында "сот шешiмдерi (банкроттық," деген сөздер "сот актiлерi (банкроттық рәсiмдерiнде конкурстық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған," деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 926-баптың 3-тармағындағы "(осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы)" деген сөздер "(осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 1045-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы баптың негiзiнде мұрагерлiкке құқығы жоқ немесе мұрагерлiктен шеттетiлген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негiзсiз алған барлық мүлiктi қайтаруға мiндеттi.
      Мұрагерлiк мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге мiндетi.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың ережелерi өсиеттiк бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстiң 1057-бабы).
      Лайықсыз бас тартушы үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау немесе оған белгiлi бiр қызмет көрсету өсиеттiк бас тартудың нысаны болған жағдайда, ол өсиеттiк бас тартуды орындаған мұрагерге атқарған жұмыстың немесе оған көрсетiлген қызметтiң құнын өтеуге мiндеттi.";

      9) 1046-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқылы.
      Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай да бiр бөлiгiне билiк ете алады.";

      10) 1049-баптың 1-тармағындағы "1066" деген цифр "1064" деген цифрмен ауыстырылсын;

      11) 1056-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Eгep сот мұра қалдырушының өз еркiн бiлдiруiн түсiнуге әсер етпейдi деп белгiлесе, өсиеттi жасау, қол қою немесе оны растау кезiнде жiберiлген емле қателерi және техникалық сипаттағы басқа да елеусiз қателер өсиеттi жарамсыз деуге негiз бола алмайды.";

      12) 1060-баптың 1-тармағындағы "1066" деген цифр "1064" деген цифрмен ауыстырылсын;

      13) 1061, 1062, 1063, 1064-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi

      1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
      2. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

      1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi

      1. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.
      2. Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

      1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi

      1. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
      2. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.

      1064-бап. Кейiнгi кезектегi мұрагерлер

      1. Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.
      Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлiкке:
      төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi;
      бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi);
      алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады.
      3. Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады.";

      14) 1065 және 1066-баптар алып тасталсын;

      15) 1067-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк

      1. Мұра ашылғанға дейiн немесе мұра қалдырушымен бiр мезгiлде қайтыс болған заңды мұрагердiң үлесi осы Кодекстiң 1061-бабының 2-тармағында, 1062-бабының 2-тармағында және 1063-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда ұсыну құқығы бойынша оның тиiстi ұрпақтарына өтедi және олардың арасында тең бөлiнедi.
      2. Мұра ашылғанға дейiн немесе мұра қалдырушымен бiр мезгiлде қайтыс болған және осы Кодекстiң 1045-бабына сәйкес мұра алу құқығын иелене алмайтын мұрагердiң ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагер болмайды.";

      16) 1068-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке
                 жарамсыз адамдар

      1. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
      2. Заң бойынша осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген мұрагерлер тобына кiрмейтiн, бiрақ мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.
      Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады.";

      17) 1072-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1072-бап. Мұраны қабылдау

      1. Мұрагер мұраны алу үшiн оны қабылдауға тиiс.
      Иесiз қалған мүлiктi алу үшiн (1083-бап) мұраны қабылдау талап етiлмейдi.
      2. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.
      Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады.
      Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi.
      3. Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi.
      4. Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады.";

      18) мынадай мазмұндағы 1072-1, 1072-2, 1072-3, 1072-4-баптармен толықтырылсын:

      "1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi

      1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады.
      Егер мұрагердiң өтiнiшiн нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жiберiлсе, өтiнiштегi мұрагердiң қолын нотариус, нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлеттi лауазымды адам (ocы Кодекстiң 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстiң 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенiмхатты куәландыруға уәкiлеттi адам куәландыруға тиiс.
      Егер сенiмхатта мұраны алуға өкiлеттiк арнайы көзделсе, мұраны өкiл арқылы қабылдау мүмкiн болады. Заңды өкiлдiң мұраны қабылдауы үшiн сенiмхат талап етiлмейдi.
      2. Егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:
      мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе;
      мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса;
      мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе;
      өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.

      1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзiмi

      1. Мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
      Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.
      2. Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстiң 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады.

      1072-3-бап. Белгiленген мерзiмнiң аяқталуына қарай мұраны
                  қабылдау

      Егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi (осы Кодекстiң 1072-2-бабы) дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
      Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердiң мұрагерлiк мүлiктегi үлестерiн анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердiң мұрадан өзiне тиесiлi үлесiн алу құқығын қорғау жөнiнде шаралар белгiлейдi. Бұған дейiн берiлген мұраға құқық туралы куәлiктердi сот жарамсыз деп таниды.

      1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк
                  трансмиссия)

      Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстiң 1072-2-бабында белгiленген мерзiмде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейiн қайтыс болса, онда мұраның оған тиесiлi үлесiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауысады.
      Қайтыс болған мұрагердiң осы құқығын оның мұрагерлерi мұраны қабылдауға арналған мерзiмнiң қалған бөлiгi iшiнде жалпы негiздерде жүзеге асыра алады.
      Егер мерзiмнiң қалған бөлiгi үш айдан аз болса, ол үш айға дейiн ұзартылады.
      Мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер сот қайтыс болған мұрагердiң мұрагерлерiнiң осы мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстiң 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкiн.
      Мұрагердiң осы Кодекстiң 1069-бабына сәйкес мiндеттi үлес ретiнде мұраның бiр бөлiгiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауыспайды.";

      19) 1074-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгi "пайдасына" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде ұсыну құқығы бойынша мұра алуға шақырылған адамдардың пайдасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 1082-бапта:
      тақырыбындағы "Шаруа" деген сөзден кейiн "немесе фермер" деген сөздермен толықтырылсын;

      мәтiндегi "Шаруа (фермер)" деген сөздер "Шаруа немесе фермер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 1095-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi оның жеке заңында анықталады. Бұл ретте шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабiлеттiлiгiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады