Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі ұйымның Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектілерінде, сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 243 Заңы

      Венада 2004 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы  шарт жөніндегі ұйымның Дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектілерінде, сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі келісім ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ЯДРОЛЫҚ СЫНАУЛАРҒА
ЖАН-ЖАҚТЫ ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ШАРТЫ БОЙЫНША ҰЙЫМНЫҢ
ДАЙЫНДЫҚ КОМИССИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАУЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ
ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ ҚОЛДАУҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНИТОРИНГ
ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ, СЕРТИФИКАТТАУДАН КЕЙІНГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚОСА
АЛҒАНДА, ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ
КЕЛІСІМ

(2007 жылғы 22 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 1, 1-құжат)

      Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартына (бұдан әрі - "ЯСЖТШ" аталатын) қол қойған мемлекеттер 1996 жылғы 19 қарашада Нью-Йорк қаласында қабылдаған Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша Ұйымының Дайындық комиссиясын (бұдан әрі -"Комиссия" аталатын) құру туралы қарардың қосымшасындағы Дайындық комиссиясының Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың Ұйымын құру туралы мәтіннің 12(b) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - "Үкімет" аталатын) және Комиссия (бұдан әрі "Тараптар" аталатын) Комиссияның а) мониторинг бойынша қолда бар объектілерінің түгендеуін жүргізу; b) алаңдардың тексеруін жүргізу; с) мониторинг объектілерін жаңғырту немесе жаңаларын құру және/немесе d Халықаралық Мониторинг Жүйесінің (бұдан әрі - "ХМЖ") стандарттарына сәйкес объектілерді (бұдан әрі "объектілер" аталатын) сертификаттау бойынша іс-шараларын қолдау мақсатымен, сондай-ақ, керегінде, уақытша пайдалануының сынауларын жүргізе беруін және ЯСЖТШ тиімділігін қамтамасыз ету міндеттер шеңберінде ХМЖ-не қызмет көрсету мақсатында төмендегі мыналар туралы келісті:

  1-бап

      Үкімет және Комиссия осы Келісімнің ережелерінің орындалуына жәрдем ету мақсатында ынтымақтасады. Қазақстан Республикасының аумағында Комиссия өткізуге немесе Комиссияның атынан өткізілуге тиісті іс-шаралар осы Келісімнің 1-қосымшасында баяндалған.

  2-бап

      Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Комиссия өткізуі немесе Комиссия атынан өткізілуі тиісті іс-шаралар Комиссияның Қаржы Регламентінің ережелеріне сәйкес Комиссия жасаған келісім-шарттың немесе келісім-шарттардың шарттарына сәйкес өткізіледі.

  3-бап

      Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Комиссия өткізетін іс-шараларын, Үкіметпен консультациядан кейін Комиссия тағайындайтын персоналдан тұратын, Комиссия тобы жүзеге асырады. Комиссияға ауыстыру үшін топтың жаңа мүшелерін ұсыну құқығы беріледі деп түсінілген жағдайда Үкіметтің Комиссия тобының белгілі бір мүшелерінен бас тарту құқығы болады. Комиссия өткізетін әрбір іс-шара бойынша Комиссия топ жетекшісін тағайындайды, ал Үкімет атқарушы өкілін тағайындайды, олар арқылы Комиссиямен Үкімет арасындағы байланыс жүзеге асырылады.

  4-бап

       Шекараны қиып өту пунктіне Комиссия тобының ұсынылған келуіне дейін кемінде 14 күн бұрын Комиссия тобының жетекшісі мен атқарушы өкіл осы Келісімнің ережелеріне сәйкес іс-шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасының аумағына Комиссия тобы әкелген жабдықтарға қатысты консультацияларды қоса алғанда, жоспарланған іс-шараларды өткізуіне жәрдем ету мақсатында консультация өткізеді. Сертификаттаудан кейінгі іс-шаралар үшін жабдық, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағына зиян келтірмейтіндей Комиссия қабылдаған ХМЖ бойынша тиісті Жедел басшылықтардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Осы консультациялар процесінде Үкімет Қазақстан Республикасының аумағына келуі мен қайтуында Комиссия тобы мен жабдық кіретін және шығатын пункттері туралы Комиссияны хабардар етеді.

  5-бап

      Осы Келісімнің 4-бабында айтылатын консультациялар кезінде атқарушы өкіл, ЯСЖТШ  II бабының 26(h) тармағына зиян келтірмейтіндей Комиссия қабылдаған ХМЖ бойынша тиісті Жедел басшылықтарына сәйкес, осы Келісімге  I Қосымшада баяндалған іс-шаралар өткізу мақсатымен Комиссия тобы Қазақстан Республикасына кіруіне және оның аумағында қала беруіне мүмкіндік беретін құжаттарды беру үшін Қазақстан Республикасына қандай ақпараттың қажеттілігі туралы Комиссияны хабардар етеді. Комиссия бұл ақпаратты осы консультациялар аяқталысымен мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде Үкіметке ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Комиссия тобына Қазақстан Республикасының аумағына кіру және онда осындай іс-шараларды жүргізу үшін қажетті уақыт кезеңіне қалу құқығы беріледі. Комиссия мүшелеріне талап етілген жағдайларда, Үкімет тиісті рұқсатнамаларды мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде береді және ұзартады.

  6-бап

       Комиссия тобының іс-шаралары осы Келісімнің ережелеріне сәйкес, оның функциялары барынша мүмкінділік дәрежесінде дер кезінде және тиімді орындалуын қамтамасыз ете және Қазақстан Республикасына мүмкіндігінше ең мейілінше аз қолайсыздық және олардың ішінде өз қызметін жүзеге асыратын объектілерге немесе аудандарға Комиссия тобы мейілінше аз бөгет келтіре отырып Үкіметтің қатысуымен ұйымдастырылады. Мұндай қызмет ХМЖ объектілері орналасқан алаңдардың экологиясына және/немесе қоршаған ортасына қауіп төндірмеуге міндетті.

  7-бап

       Үкімет Қазақстан Республикасының аумағында болатын Комиссия тобы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оның қалыпты жұмысы істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды. 1946 жылы 13 ақпанда Нью-Йорк қаласында қол қойылған БҰҰ-ның артықшылықтары және иммунитеттері туралы Конвенцияның ережелері осы Келісімнің ережелерін орындалуына байланысты Комиссияның қызметіне, оның лауазымды тұлғаларына және сарапшыларына mutatis mutantis қолданылады.

  8-бап

      Үкімет тиісті органдардың Комиссия тобымен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті күш-жігерін салады. Комиссия осы Келісімнің шеңберінде өткізілетін барлық жұмыстар туралы ақпаратты дер кезінде атқарушы өкілге берілуін қамтамасыз етуі үшін барлық тиісті іс-шараларын қабылдайды.

  9-бап

      Үкімет пен Комиссия жоғарыда 4-бапта көрсетілген консультациялар барысында Комиссия тобының Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге арналған жабдықтарының тізімін дайындайды. Үкімет Комиссия тобы іс-шараларын орындау үшін осы жабдықтың қажеттілігі мен жарамдылығына көз жеткізу үшін, Комиссия тобының Қазақстан Республикасына әкелген жабдықтарын тексеруді жүргізуге құқығы бар. Үкімет, егерде Комиссия тобының жетекшісі оның қатысуы қажет деп санамаса, тексеруді Комиссия тобы жетекшісінің қатысуынсыз жүргізуге құқығы бар. Топ жетекшісі, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше қарауын немесе сақтауын талап ететін жабдықты көрсетеді және ол туралы ақпарат атқарушы өкілге Комиссия тобы кіру пунктіне келгенше дейін беріледі. Үкімет Комиссия тобы әкелген жабдықтың сенімді қауіпсіз орында сақталуын қамтамасыз етеді. Жабдықты тасымалдау кезіндегі ақтаусыз кідірістердің алдын алу мақсатында Үкімет жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуіне қатысты ішкі ережелері мен талаптарын орындауға, және тиісті жағдайларда Қазақстан Республикасынан осындай жабдықтың әкетілуіне Комиссия тобына жәрдемдеседі.

  10-бап

      Осы Келісімнің ережелерін орындау үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін Комиссияның жабдығы мен басқа мүлкі кеден бажынан босатылады. Атқарушы өкіл осы жабдық пен/немесе мүліктің кедендік ресімделуіне жәрдемдеседі. Мониторинг объектілерінде тұрақты орнату үшін Қазақстан Республикасына берілетін жабдыққа арналған құқық, жабдықтың Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сәтінен бастап дереу Үкіметке көшеді.

  11-бап

      Комиссия, оның активтері, түсімдері және осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өзге мүлкі Қазақстан Республикасының барлық тікелей салықтарынан босатылады. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес қызмет көрсетуіне сатып алуын және келісім-шарттарын жасасу кезінде Комиссия төлеген бағаның бөлігін құрайтын кез келген баждарын немесе салықтарын қайтару немесе олардан босату үшін Үкімет тиісті әкімшілік іс-шараларын қолданады.

  12-бап

      Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес өткізілген Іс-шаралар бойынша бір Тараптың даярлаған кез келген мәліметтері және ресми есептері екінші Тараптың қарамағына ұсынылады.

  13-бап

      Осы Келісімнің мақсаттарына ХМЖ объектілерінде сертификаттаудан кейінгі іс-шаралар келесі екі талап орындалғаннан кейін басталатын болады:
      і) Тиісті рәсімдерге және/немесе сертификаттау жөніндегі басшылыққа сәйкес Комиссияның ХМЖ объектілерін сертификаттауы;
      іі) Егер де, Комиссия ХМЖ объектілерін пайдалану және қызмет көрсету үшін қажет болса, егжей-тегжейлі қаржылық келісімдерді қоса алғанда, бюджетті бекітуі.

  14-бап

       Сертификаттаудан кейінгі іс-шаралар өткізуіндегі ынтымақтастық мынаны қамтиды:
      1) Тараптар жасасқан рәсімдер мен келісімдерге сәйкес, Үкімет, қажет жағдайда, объектілерді сынақтан өткізеді, уақытша пайдаланады және қызмет көрсетеді. Халықаралық Деректер Орталығы (бұдан әрі "ХДО" аталатын) сапасы жоғары және сенімділігі жоғары дәрежедегі деректер алуын қамтамасыз ету үшін бұл рәсімдер, ЯСЖТШ  II бабының 26(h) қабылдаған ХМЖ жөніндегі тиісті Жедел басшылықтармен келісіледі;
      2) Үкімет, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тарабы үшін зиян келтірмей Комиссия қабылдаған ХМЖ жөніндегі тиісті Жедел басшылықтары бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сынауымен, уақытша пайдалануымен және қажет жағдайда қызмет көрсетуімен байланысты барлық тиісті коммуналдық қызметтерін қамтамасыз етеді, және де шығындар, ЯСЖТШ-ның  IV бабының 19-21-тармақтарына және Комиссияның тиісті бюджеттік шешімдеріне сәйкес, Комиссиямен толтырылады;
      3) Үкімет, Комиссия сұрауы бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және жиіліктерді бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес, байланыстың қажетті арналары үшін талап етілетін қолайлы жиіліктерді бөлуін қамтамасыз етеді;
      4) Үкімет, объект бойынша жедел басшылықта белгіленген форматтар мен хаттамаларды пайдалана отырып, объектілердің кез келгенінен тіркелген немесе алынған деректерді ХДО-на тапсырады. Деректердің осындай берілуі неғұрлым тікелей және үнемді тәсілмен тиісті объектіден және Ұлттық деректер орталығынан жүргізіледі. Комиссияға деректер берудің барлық түрлері, Үкіметтің немесе Қазақстан Республикасының қандай да бір құзыретті органымен Қазақстан Республикасының үкіметтік мекемелері үшін белгіленген ең аз тарифтердің міндетті түрінен аспайтын, көрсетілген қызметтердің құнымен тікелей байланысты алымдардан басқа, баждардан және өзге төлемдерден бос болады;
      5) Үкімет объектілердің кез келгенімен байланысты, деректер беру желілерін, далалық жабдықтарды және датчиктерін қоса алғанда, объектілер мен жабдықтардың табиғи қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл ретте шығындар, ЯСЖТШ-ның  IV бабының 19-21 тармақтарына және Комиссияның тиісті бюджеттік шешімдеріне сәйкес анықталады;
      6) Үкімет, ЯСЖТШ II бабының 26(h) тармағы үшін зиян келтірмейтіндей, Комиссия қабылдаған ХМЖ жөніндегі тиісті Жедел басшылықтарына сәйкес барлық объектілердегі аспаптардың калибрлеуін қамтамасыз етеді;
      7) Үкімет проблемалар пайда болу туралы, проблема сипаты және оны жоюдың күтулі мерзімі туралы ХДО-на ақпар беріп, Комиссияны хабардар етеді. 
      Үкімет, сондай-ақ Комиссияны қандай да болмасын объектіден түсетін деректердің сапасына әсер еткен қалыптан тыс құбылыстың пайда болған уақыты туралы хабардар етеді;
      8) Комиссия Үкіметпен, егер де Үкімет сондай өзгерістердің жүзеге асыруын өз жауапкершілігіне алмаса, жабдықтар мен байланыс арналарын тексеру және жабдықтардың қажетті өзгерістері мен басқа пайдалану рәсімдерін жүзеге асыру мақсатында, Комиссияның объектілерге енуіне рұқсат беру рәсімдері бойынша консультациялар жүргізеді. Осындай рәсімдерге сәйкес Комиссияның  I-қосымшада көрсетілген ХМЖ кез келген объектілеріне енуге мүмкіндігі болады.

  15-бап

       Үкімет Комиссиядан түсетін, қажет болғанда I Қосымшада көрсетілген объектілердің кез келгенін сынауына және қажеттілігінде оның уақытша пайдалануына қатысты немесе ХДО-на деректер беруіне қатысты сұрақтарына, мониторинг бойынша объектілерінің персоналы мүмкіншілігіне қарай жедел ақпарат беруін қамтамасыз етеді. Бұл жауаптар тиісті объекті бойынша жедел басшылықта көрсетілген форматта беріледі.

  16-бап

       Осы Келісімді жүзеге асыруына қатысты құпиялық мәселелері ЯСЖТШ және Комиссияның тиісті шешімдеріне сәйкес шешіледі.

  17-бап

      Осы Келісімді жүзеге асыру бойынша қызметінің шығындар Комиссия қабылдайтын тиісті бюджеттік шешімдеріне сәйкес толтырылады. Соның ішінде, тиісті жағдайларда табиғи қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, деректер ұқсастыруының келісілген рәсімдерін, үлгілерін беруін және объектілер мен ұлттық деректер орталығынан ХДО-ға деректер беруін қоса алғанда, объектілерді сынауымен, қажет жағдайда уақытша пайдалануымен және қызмет көрсетуімен байланысты шығындар ЯСЖТШ  IV бабының 19-21 тармақтарында көзделгендей және Комиссияның тиісті бюджеттік шешімдеріне сәйкес толтырылады.

  18-бап

      Осы Келісімнің  I-қосымшасында көрсетілген әрбір іс-шара аяқталысымен, Комиссия ХМЖ бір бөлігі ретінде объектінің тиісті жұмыс істеуіне қажет деп табатын тиісті техникалық көмекті Комиссия Қазақстан Республикасына көрсетеді. Сондай-ақ Комиссия, Үкімет сондай көмек туралы сұрау салуында және Комиссияның бекітілген бюджеттік ресурстар шегінде, қажет жағдайда уақытша пайдалануына және мониторинг бойынша объектілері мен байланыс құралдарына қызмет көрсетуіне техникалық көмек көрсетеді және қолдау жасайды.

  19-бап

      Осы Келісімнің ережелерін орындауымен байланысты Тараптар арасында кез келген қайшылықтар немесе дау болуы жағдайында, оларды тездетіп шешу мақсатында консультациялар өткізеді. Егер Тараптар келіспеушіліктерді немесе дауларды реттей алмаған жағдайда кез келген Тарап консультация және көмек алу үшін бұл мәселені Комиссияның жалпы отырысында көтере алады.

  20-бап

      Осы Келісімнің өзгертілуі Тараптардың хат алмасу түріндегі келісімімен өткізіледі. Тараптар өзара шешімі бойынша қандай қажет деп тапса, сондай қосымша келісімдер жасасуы мүмкін.

  21-бап

      Осы Келісімге I Қосымша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, және осы Келісімге кез келген сілтеме I Қосымшаға кіргізілетін сілтеме болып түсінілуге тиісті. I Қосымшасының қандай да бір ережесімен осы Келісімнің мәтініндегі қандай да бір ережесімен келіспеушілік орын алған жағдайда, Келісімнің ережелері артықшылыққа ие болады.

  22-бап

       Осы Келісім, күшіне енуі үшін қажетті барлық ұлттық талаптары орындалуы туралы Қазақстан Республикасының хабарын Комиссия алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім ЯСЖТШ күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты жөніндегі ұйымының арасында объектілер бойынша жаңа Келісім жасалғанға дейін күшінде қалады.

      Екі мың төртінші жылғы қыркүйектің тоғызында Вена қаласында ағылшын, қазақ және орыс тіліндегі үш данада қол қойылған, және де мәтіндердің үшеуі де бірдей тең түпнұсқалы. Осы Келісімнің түсіндірілуіне байланысты кез келген дау болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіні артықшылық күшке ие болады.

       Қазақстан Республикасының    Ядролық сынақтарға жан-жақты
      Үкіметі үшін                 тыйым салу шарты ұйымының
                                   Дайындық комиссиясы үшін

       _______________                  __________________
         (қолы)                              (қолы)

        Сыртқы істер министрі               Атқарушы хатшы
     (аты-жөні және лауазымы)       (аты-жөні және лауазымы)

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынақтарға
жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының Дайындық
комиссиясы арасындағы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым
салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг
объектілерінде сертификаттаудан кейінгі іс-шараларын
қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі Келісімге
I Қосымша

      I. Төменде көрсетілген Халықаралық мониторинг бойынша объектілерінде іс-шаралардың біреуінің немесе барлығының өткізілуі талап етілуі мүмкін:
      1. Түгендеу
      2. Алаңды зерттеу
      3. Жабдықты орнату
      4. Жаңғырту
      5. Тестілеу және бағалау
      6. Сертификаттау
      7. Сертификаттаудан кейінгі іс-шаралар

      II. Қазақстан Республикасының аумағындағы Халықаралық Мониторинг Жүйесінің шегіндегі мониторинг бойынша объектілері

1 .Мақаншы

РS23 сейсмологиялық
станциясы

тұрпаты

МКАR
сейсмикалық тобы

2.  Бурабай
АS57 сейсмологиялық
станциясы

тұрпаты

ВҮАR
сейсмикалық тобы

3.  Курчатов
АS58 сейсмологиялық
станциясы

тұрпаты

КURК
3-К>сейсмикалық тобы

4.  Ақтөбе
АS59 сейсмологиялық
станциясы

тұрпаты

АКТО
3-К

5.  Ақтөбе
IS31 инфрадыбыс
станциясы

тұрпаты


         Осымен 2004 жылғы 9 қыркүйекте Вена қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шарты бойынша ұйымының дайындық комиссиясы арасындағы Ядролық сынауларға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қолдауға халықаралық мониторинг объектілерінде, сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда, іс-шараларды өткізу жөніндегі келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Бөлім бастығы

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы
Шарт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады