Астанада 2006 жылғы 6 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім
ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Армения Республикасының Үкіметі арасындағы
Халықаралық автомобиль қатынасы туралы
келісім
Бұдан әрі»"Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі,
Тараптар мемлекеттері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,
екі мемлекет арасындағы және олардың аумақтары бойынша транзитпен автомобиль қатынасын жүзеге асыруды жеңілдетуге ұмтыла отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1.
Тараптар осы Келісімге және өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастыққа ықпал етуге, екі мемлекет арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалын, транзиттік тасымалды және үшінші елдерге (елдерден) тасымалды жүзеге асыруға келіседі.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тасымал Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін төмендегі терминдер мыналарды білдіреді:
а)»"құзыретті органдар":
- Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
6, 10 және 14-баптарға қатысты - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп;
- Армян Тарапынан - Армения Республикасы Көлік және байланыс министрлігі;
6, 10 және 14-баптарға қатысты - Армения Республикасы Полициясымен бірлесіп.
Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етілетін болады;
б) "тасымалдаушы"» - Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жолаушылардың немесе жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға рұқсат берілген кез келген жеке немесе заңды тұлға;
в) "автокөлік құралы":
- жүктерді тасымалдау кезінде - жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, автомобиль тартқыш немесе жартылай тіркемесі бар автомобиль тартқыш;
- жолаушыларды тасымалдау кезінде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнын қоса алғанда, отыруға арналған 9-дан артық орны бар, багажды тасымалдауға арналған тіркемесі болуы мүмкін, меншік құқығында не жалға алу шарты немесе лизинг негізінде тасымалдаушының басқаруында болатын автокөлік құралы;
г) "рұқсат" - Тараптардың бірінің құзыретті органы беретін, Тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында тіркелген жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөлік құралының екінші Тарап мемлекетінің аумағы бойынша жүріп өтуіне құқық беретін құжат;
д) "жолаушыларды тұрақты тасымалдау" - Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген бағыттар, кесте, тарифтер, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсіруді жүргізетін аялдама пункттері бойынша жүзеге асырылатын жолаушыларды автобуспен тасымалдау;
е) "жолаушыларды тұрақты емес тасымалдау" - "жолаушыларды тұрақты тасымалдау" анықтамасына кірмейтін, жолаушыларды автобустармен тасымалдау;
ж) "арнайы рұқсат" - бір Тарап мемлекетінің тасымалдаушысына тиесілі ірі көлемді және ауыр салмақты немесе қауіпті жүгі бар автокөлік құралының екінші Тарап мемлекетінің аумағы бойынша жүруіне рұқсат.
1. Жолаушыларды екі жақты немесе транзиттік қатынаста автобустармен тұрақты тасымалдау Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары бағыттың олардың мемлекеттерінің аумағы бойынша өтетін учаскесіне беретін рұқсаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары рұқсаттың шарттары мен қолданылу мерзімін, кестені, тарифтерді, тасымалдаушы жолаушыларды отырғызу мен түсіруді жүзеге асыратын аялдама пункттерін, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін көрсете отырып, бағыт схемасын уағдаластық негізінде жазбаша нысанда келіседі.
2. Белгіленген бағыттарға сәйкес жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру құқығын куәландыратын рұқсатты алуға арналған өтінім Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына жіберіледі.
3. Өтінім мен рұқсаттың мазмұнын, нысанын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары белгілейді.
1. Жолаушыларды екі жақты және транзиттік қатынаста Тараптар мемлекеттерінің аумағында тіркелген автобустармен тұрақты емес тасымалдау осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тасымалдарды қоспағанда, рұқсаттар бойынша жүзеге асырылады.
2. Жолаушыларды екі жақты және транзиттік қатынаста автобустармен тұрақты емес тасымалдау, бір ғана құрамдағы жолаушылар тобы бір автобуспен тасымалданғанда, рұқсаттарсыз жүзеге асырылады, бұл ретте:
а) сапар автобус тіркелген Тарап мемлекетінің аумағында басталады және аяқталады;
б) сапар автобус тіркелген Тарап мемлекетінің аумағында басталып, автобустың осы аумақтан бос кетуі шартымен, екінші Тарап мемлекетінің аумағында аяқталады.
3. Сондай-ақ, рұқсат:
а) сол тасымалдаушының жолаушылар тобын бастапқы жөнелту пунктіне осы топ бұрын жеткізілген екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы пункттен кері тасымалдау мақсатында (осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетілген жағдайда) бос автобустардың кіруі үшін;
б) сынған автобусты басқа автобуспен ауыстырған кезде талап етілмейді.
4. Осы баптың 2-тармағында және 3-тармағының а) тармақшасында көрсетілген жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауды орындау кезінде автобустың жүргізушісінде Тараптар мемлекетінің құзыретті органдарымен келісілген арнайы нысан бойынша жасалған жолаушылардың
тізімі болуы тиіс.
Тараптар мемлекеттерінің арасында немесе олардың аумақтары бойынша транзитпен, екінші Тарап мемлекетінің аумағынан үшінші мемлекеттің аумағына, сондай-ақ үшінші мемлекеттің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына жүктерді тасымалдау үшін рұқсат талап етілмейді.
1. Осы Келісімде көзделген тасымалдарды, өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат берілген тасымалдаушылар ғана орындауы мүмкін.
2. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын автокөлік құралдарында өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгілері болуы тиіс. Жүк автомобильдерінде немесе автомобиль тартқыштарында тиісінше Тараптар мемлекеттерінің тіркеу нөмірлері және айырым белгілері болған кезде, тіркемелер мен жартылай тіркемелерде басқа елдердің тіркеу және айырым белгілері болуы мүмкін.
1. Автокөлік құралдарының ең жоғары рұқсат етілетін салмағы, білікке жүктемесі және көлемдері тіркеу құжаттарында көрсетілген өлшемдерден, сондай-ақ болатын елде қолданыстағы ең жоғары рұқсат етілетін өлшемдерден аспауы тиіс.
2. Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүгі бар автокөлік құралдарын болатын елде алдын ала өтінім берілген арнайы рұқсатпен ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Қауіпті жүктерді осы Келісім шеңберінде жүзеге асырылатын тасымалдау кезінде Тараптар өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында көзделген барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз
етуге міндеттенеді.
Бір Тарап мемлекетінің тасымалдаушысына екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылардың немесе жүктердің тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
1. Тараптар мемлекеттерінің автокөлік құралдарын жүргізушілерде өздері басқаратын автокөлік құралдарының санатына сәйкес келетін ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәліктері және Біріккен Ұлттар Ұйымының 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы
туралы Вена конвенциясының талаптарына жауап беретін автокөлік құралының ұлттық тіркеу құжаттары болуы тиіс.
2. Осы Келісімге сәйкес талап етілетін рұқсат пен басқа да құжаттар автокөлік құралының жүргізушісінде болуы және Тараптар мемлекеттері құзыретті органдарының талап етуі бойынша көрсетілуі тиіс.
1. Осы Келісімнің негізінде тасымалдарды жүзеге асыру кезінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкелінетін:
а) автокөлік құралының тиісті моделі үшін көзделген, техникалық және конструкциялық жағынан қозғалтқыштың қоректену жүйесімен байланысқан негізгі сыйымдылықтардағы жанармай, сондай-ақ жүк автокөлік құралдарындағы немесе арнайы контейнерлердегі
рефрижераторлық немесе басқа қондырғының әрқайсысына екі жүз литр мөлшеріндегі қосымша жанармай;
б) тасымалдау кезінде тұтынуға қажетті мөлшердегі жағармай материалдары;
в) халықаралық тасымалды орындау кезінде автокөлік құралының
жарамсыздығы туындаған жағдайда оны жөндеу үшін қажетті уақытша әкелінген агрегаттар, қосалқы бөлшектер және құрал-саймандар кедендік алымдар мен баждардан босатылады.
2. Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар Тарап мемлекетінен кері әкетілуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер кері әкетілуге немесе аумағында осы қосалқы бөлшектерге қатысты кедендік режимнің өзгерісі болатын Тарап мемлекетінің
ұлттық заңнамасына сәйкес өзге кедендік режимге орналастырылуы тиіс.
Осы Келісімнің негізінде жүзеге асырылатын жолаушылар мен жүк тасымалдары автокөлік құралдары иелерінің үшінші тұлғаларға келтірілген залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен жүзеге асырылады.
Тасымалдаушы көрсетілген тасымалдарды орындайтын әрбір автокөлік құралын алдын ала сақтандыруға міндетті.
Жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды тасымалдау, жолаушыларды тұрақты тасымалдау кезінде, сондай-ақ жануарлар мен тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде шекаралық, көліктік, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау мен кедендік ресімдеу жүргізу
кезексіз жүзеге асырылады.
1. Тараптар мемлекеттерінің тасымалдаушылары осы Келісімнің ережелерін, сондай-ақ ұлттық заңнаманы, оның ішінде аумағында автокөлік құралы тұрған екінші Тарап мемлекетінің жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндетті.
2. Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында жол берілген осы Келісімнің қандай да бір ережесі бұзылған жағдайда автокөлік құралы тіркелген Тарап мемлекетінің құзыретті органы екінші Тарап мемлекеті құзыретті органының өтініші бойынша осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шаралар мен санкцияларды қабылдайды.
Қабылданған шаралар туралы ақпарат екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органына жіберіледі.
3. Осы баптың ережелері аумағында бұзушылық жасалған Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген санкцияларды Тараптар мемлекеттерінің тасымалдаушыларына қолдануды жоққа шығармайды.
Осы Келісіммен, сондай-ақ екі Тарап та қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттармен реттелмеген мәселелер Тараптардың әрқайсысының мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес шешілетін болады.
1. Осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің іске асырылуына ықпал ететін өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасының барлық өзгерістері туралы ақпаратпен өзара алмасады.
2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер және консультациялар арқылы шешетін болады.
1. Осы Келісімді іске асыру және халықаралық автомобиль тасымалдары саласында туындайтын мәселелерді шешу үшін Тараптар құзыретті органдар деңгейінде кездесулер өткізеді.
2. Кездесулер алдын ала бір ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін Тараптардың бірінің құзыретті органдарының ұсынысы бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында кезекпен өткізіледі.
3. Тараптар осы бапты өздерінің орындауы барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмейтін болса, дербес көтереді.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Хаттамалар осы Келісімнің 20-бабында көзделген тәртіпке сәйкес күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын, олар жасасқан басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық жолмен соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде болады.
2006 жылғы»6 қарашада Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтінге артықшылық берілетін болады.
Қазақстан Республикасының Армения Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Осымен 2006 жылғы 6 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментінің
Басқарма бастығы
РҚАО-ның ескертуі. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің армян тіліндегі мәтіні беріліп отыр.