Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын (Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектілері мен ұрыс алаңдары) пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(2007 жылғы 3 тамызда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан) 929 Мемлекеттік "ұшу-сынақ" орталығын пайдалану тәртібі
туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге келісті:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерін жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға береді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен ұрыс алаңдарын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерінің, оның ішінде
онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерімен
бірге жер учаскелерінің жалға берілу кезеңінде Ресей Федерациясының
мүддесінде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшін ақы
төлеуді жүзеге асырады.";
2) 4-баптағы "субарендаға" деген сөздің алдынан "Тараптардың немесе үшінші мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 1-тармағында "Ресей Федерациясының құқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келісімімен" деген сөздер "Ресей Федерациясының құзыретті органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісіммен және Тараптардың басқа да келісімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
1-тармақта:
екінші абзацтағы "қалпына келтіруді және" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзацта "келтіруді" деген сөзден кейін "(қажет болған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын тәртіппен)" деген сөздермен толықтырылсын;
бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы Келісімнің 8-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негізінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 4 Мемлекеттік орталық түраралық полигонының мүдделерінде сынақ жұмыстарын жүргізу кезінде Полигонының жер учаскелері мен әуе кеңістігін пайдалануға жол беріледі.";
5) 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингті жүргізуді, жердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келісілген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.";
6) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Полигон объектілерінде кедендік және шекаралық қарап тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметтерінің өкілдері жүзеге асырады. Полигонның қолбасшылығы Қазақстан Республикасының кеден және шекара қызметі өкілдерінің Полигон объектілеріне кедергісіз жіберілуіне мүмкіндік береді және оларды Полигонға және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етеді.";
7) Келісімге N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі
929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының жер
учаскелерінің шекаралары
Нүкте нөмірі |
Географиялық координаталары |
|
солтүстік ендік |
шығыс бойлық |
|
№ |
мына координаталармен шектелген N 1 учаскесі:
1 48 0 20' 00" 46 0 49' 00"
2 48 0 28' 00" 46 0 49' 00"
3 48 0 28' 00" 47 0 00' 00"
4 48 0 29' 00" 47 0 00' 00"
5 48 0 30' 00" 46 0 55' 00"
6 48 0 37' 00" 46 0 55' 00"
7 48 0 37' 00" 47 0 10' 00"
8 48 0 44' 00" 47 0 10' 00"
9 48 0 44' 00" 47 0 13' 00"
10 48 0 46' 00" 47 0 16' 00"
11 48 0 46' 00" 47 0 25' 00"
12 48 0 44' 00" 47 0 25' 00"
13 48 0 44' 00" 47 0 27' 00"
14 48 0 45' 00" 47 0 28' 00"
15 48 0 44' 00" 47 0 48' 00"
16 48 0 40' 00" 47 0 48' 00"
17 48 0 40' 00" 47 0 33' 00"
18 48 0 32' 00" 47 0 33' 00"
19 48 0 32' 00" 47 0 48' 00"
20 48 0 36' 00" 47 0 48' 00"
21 48 0 36' 00" 48 0 03' 00"
22 48 0 43' 00" 48 0 03' 00"
23 48 0 37' 00" 48 0 52' 00"
24 48 0 38' 00" 48 0 53' 00"
25 48 0 37' 00" 49 0 07' 00"
26 48 0 30' 00" 49 0 05' 00"
27 48 0 19' 00" 50 0 15' 00"
28 48 0 17' 00" 50 0 14' 00"
29 48 0 05' 00" 49 0 58' 00"
30 48 0 05' 00" 49 0 47' 00"
31 48 0 04' 00" 49 0 44' 00"
32 48 0 03' 00" 49 0 25' 00"
33 47 0 57' 00" 49 0 25' 00"
34 48 0 00' 00" 49 0 12' 00"
35 48 0 05' 00" 48 0 53' 00"
36 48 0 07' 00" 48 0 27' 00"
37 48 0 10' 00" 48 0 02' 00"
38 48 0 11' 00" 48 0 00' 00"
39 48 0 12' 00" 47 0 49' 00"
40 48 0 13' 00" 47 0 35' 00"
41 48 0 14' 00" 47 0 28' 00"
42 48 0 15' 00" 47 0 12' 00"
43 48 0 20' 00" 46 0 49' 00"
мына координаталармен шектелген N 2 учаскесі
1 48 0 32' 30" 53 0 14' 18"
2 48 0 32' 30" 53 0 20' 00"
3 48 0 34' 30" 53 0 25' 00"
4 48 0 35' 00" 53 0 30' 00"
5 48 0 20' 20" 53 0 35' 00"
6 48 0 35' 30" 53 0 40' 00"
7 48 0 33' 00" 54 0 00' 00"
8 48 0 25' 00" 54 0 21' 30"
9 48 0 10' 30" 54 0 32' 00"
10 48 0 05' 00" 54 0 30' 00"
11 48 0 01' 00" 54 0 25' 00"
12 47 0 52' 00" 54 0 00' 00"
13 47 0 52' 00" 53 0 55' 00"
14 47 0 52' 00" 53 0 50' 00"
15 47 0 52' 00" 53 0 45' 00"
16 47 0 52' 00" 53 0 40' 00"
17 47 0 52' 30" 53 0 35' 00"
18 47 0 53' 30" 53 0 30' 00"
19 47 0 54' 30" 53 0 25' 00"
20 47 0 55' 30" 53 0 20' 00"
21 47 0 57' 30" 53 0 15' 00"
22 48 0 00' 00" 53 0 09' 00"
23 48 0 07' 00" 53 0 00' 00"
24 48 0 15' 00" 52 0 55' 30"
25 48 0 22' 00" 52 0 58' 00"
26 48 0 22' 00" 53 0 11' 00"
27 48 0 32' 30" 53 0 14' 18"
мына координаталармен шектелген N 3 учаскесі:
геологиялық нүктеде орталығы бар 1,7 х 3 км жақтарымен тікбұрыш
1 47 0 13' 00" 51 0 59' 00"
геологиялық нүктеде орталығы бар 1,6 х 1,6 км жақтарымен тікбұрыш
1 47 0 13' 30" 51 0 55' 30"
8) Келісімге N 2 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 929 Мемлекеттік
ұшу-сынақ орталығының әскери объектілерінің
ТІЗБЕСІ №
N р/р |
Бөлімшенің, объектінің атауы |
Қоныс аудару орны |
1. 231 ИП Батыс Қазақстан облысының
Бөкей ордасы ауданы,
Торғай ауылы
2. 171 ИП Батыс Қазақстан облысының
Бөкей ордасы ауданы,
Жаңа қала ауданы
Теректі ауылы,
Атырау облысының Индер ауданы,
Махамбет ауданы
3. 85 ИП Атырау қаласы, Атырау облысының
Индер ауданы, Махамбет ауданы".
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде
туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер өзара консультациялар
мен келіссөздер жолымен шешіледі.
Тараптардың біреуінде бірлескен шешімді талап ететін
мәселелер туындаған кезде осы Тарап екінші Тарапты келіссөздер
басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей ол туралы жазбаша хабардар
етеді.
Осы Хаттама Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті
мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша
хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап
күшіне енеді.
Осы Хаттама өз қолданысын Келісімнің қолданысы тоқтатылған
кезде бір мезгілде тоқтатады.
Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮШІН ҮШІН
Осымен 2006 жылғы 4 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынық орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық-құқық департаментінің
Халықаралық шарттар басқармасы
Бастығы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1993 жылғы 22 қаңтардағы сынақ полигондарын пайдалану туралы Келісімнің ережелерін негізге ала отырып,
Тараптардың қауіпсіздігін нығайту және экономикасын дамыту мүдделері үшін зерттеулер мен пайдалану мақсатында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын сақтау мен жетілдіру қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Осы Келісімнің тақырыбы, әрі қарай Полигон деп аталатын 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ полигонының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан объектілері, ұрыс алаңдары (жер учаскелері), Ресей Федерациясының жалға алу жағдайымен жер учаскелерін, жылжымалы және тұрақты мүлікті пайдалану шарттары болып табылады. Полигонның жер учаскелерін беру тәртібі, жылжымалы және тұрақты мүлкінің тізбесі мен құрамы, жалға беру ұзақтығы, жалға беру ақысының мөлшері мен оны енгізу мерзімі, осы Келісімге қол қойылғаннан кейін үш ай мерзім ішінде Тараптардың Үкіметтері арасында жасалатын Полигонды жалға берудің жеке Шартымен анықталады.
Полигон Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аумағында орналасқан. Полигон жер алаңының шекарасы болып осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1 Қосымшада координаталары келтірілген, геодезиялық белгілер мен тұрғылықты жердегі негізгі нүктелерді жалғастыратын сызық болып табылады.
Полигонның әскери объектілерінің тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын N 2 Қосымшада келтірілген.
Полигон әуе кеңістігінің шекаралары, олардың координаталарымен бірге, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 3 Қосымшада келтірілген.
2-бап
1. 1991 жылдың 31 тамызына дейін жасалған, алынған және қондырылған Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
2. Полигонда 1991 жылдың 31 тамызынан кейін жасалған, алынған және қондырылған жылжымалы және тұрақты мүлікке деген меншік құқығы Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін ұстауға, пайдалануға және кезекті жөндеуге кеткен шығындарды есептемегенде, оны құруды, алуды және жеткізуді қаржыландыруды жүзеге асырушы Тарапқа беріледі. Осыған орай Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасымен мұндай мүлікті жасауды және жеткізуді, сондай-ақ жалға беру мерзімі біткеннен кейін оны Тараптардың пайдалануын келіседі.
3. Барлық жағдайларда жобалық шешімдердің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету Полигон басшылығының Қазақстан Республикасының тиісті министрліктері мен ведомстволарына талқылау мен сарап қорытындысы үшін керекті мәліметтерді беру жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай Ресей Федерациясы өз жобалық шешімдерінің экологиялық және басқа да қауіпсіздігін кепілдейді.
3-бап
1. Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 31 тамыздағы жағдайға сәйкес Ресей Федерациясына жалға беру жағдайымен, келісілген түгендеу ведомствосы бойынша Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін береді. Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен кейін аталған мүлікті жалға беру шартын дайындау үшін бірлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссия жалға беру шартында жыл сайынғы жалға беру ақысының мөлшерін, сондай-ақ 1992-1994 жылдары Ресей Федерациясының Полигонды пайдалануына байланысты Қазақстан Республикасының әрбір жылға жылдық жалға беру ақысы деңгейінде мүліктік шығын және шығындар мөлшерін бағалайды. Екі мемлекеттің Үкіметтері ақы беру механизмін жалға беру шартына сәйкес анықтайды.
Осы мақсаттарда Тараптар бірлескен Комиссияға, оның құрылуы кезінде, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды береді.
2. Қазақстан Республикасы жалға беру жағдайымен уақытша пайдалануға Ресей Федерациясына Полигонның жер учаскелерін береді. Ресей Федерациясы жалға беру (тұрақты немесе мезгілді) кезеңінде Ресей Федерациясының мүддесі үшін Полигонның пайдаланатын жерлері үшін ақы төлейді.
4-бап
Ресей Федерациясына жалға беру жайымен берілетін жылжымалы және тұрақты мүлік, осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген тиісті жер учаскелері тек қана Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі бекітетін Полигон туралы Ережеге сәйкес, мақсатты бағытта пайдаланылуға тиіс. Бұл мүлік пен жер учаскелері субарендаға берілмейді.
5-бап
Жалға беру мерзімі біткенде, сондай-ақ осы Келісімнің күші немесе, жалға беру жайымен берілген жекелеген объектілерде жұмыстар уақытынан бұрын тоқтаған жағдайда, Ресей Федерациясы әрі қарай пайдаланылатындай күйде тиісті жер учаскелерін, сондай-ақ олардың амортизациялануын есептей отырып, жалға алған жылжымалы және тұрақты мүлікті Қазақстан Республикасына қайтарады.
Барлық жағдайларда мүлік пен жер учаскелерін қабылдау-беру Тараптардың өкілетті өкілдерінен құралған бірлескен комиссиямен жүзеге асырылады.
Техникалық нормаларға сәйкес шығынға жазылуға тиісті жылжымалы және тұрақты мүлікке иелік ету, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілденген мемлекеттік органымен, Тараптардың қорғаныс министрліктерінің келісілген ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады.
6-бап
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Полигонда өңдеуден өткен жаңа қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, соның ішінде жалдық ақы есебінен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартта бекітілген тәртіппен алуға басым құқығы бар.
7-бап
1. Полигонның Ресей Федерациясына берілген объектілерін пайдалануды қамтамасыз ететін әскери құрамалар Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің құрамына кіреді. Уақытша Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының, оның құрамына кіретін адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің статусы, сондай-ақ Ресей Федерациясының хұқық сақтау органдарының Полигон аумағындағы юрисдикция сұрақтары Тараптардың жеке келісімімен анықталады.
2. Әскери құрамалардың штаттық құрылымы мен саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен бекітіледі.
3. Полигон орындайтын тапсырмалар көлемі өзгергенде, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Полигондағы өзінің әскери құрамаларының штаттық құрылымы мен санындағы қажетті өзгертулерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келіседі.
8-бап
Ресей Федерациясына жалға берілген Полигонның қызметі Полигон жөніндегі ережемен реттеледі және:
- күрделі құрылыс жоспарларын қоса есептегенде, Полигонды дамыту жоспарлары;
- ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары;
- ракеталарды ұшырумен әскерлер жаттығуларын жүргізудің жылдық жоспарлары мен кестелері негізінде жүзеге асырылады.
Жылдық жоспарлар мен кестелер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі.
9-бап
1. Ресей Федерациясы өзіне берілген Полигонның жылжымалы және тұрақты мүлкін пайдалану кезінде:
- Полигонның инфрақұрылымын қалпына келтіруді және ұстауды;
- Тараптардың қару-жарағы және әскери техникасы үлгілерін сынауды Полигонның белгіленген шекараларында өткізуді;
- жүргізілетін жұмыстар қауіпсіздігін және ракеталарды Полигон шеңберінде ұшыруды;
- Полигонның ғылыми-техникалық сынақ кешені мен инфрақұрылымын сақтауды мен дамытуды және оларды жұмыс бабында ұстауды;
- ракеталар мен нысаналар қалдықтарын іздеуді, көшіруді және пайдалануды, ұрыс алаңдарын уақытылы тазалауды;
- апаттар салдарын уақытылы жоюды және Қазақстан Республикасына келтірілген зиянның орнын толтыруды;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық және экологиялық қадағалау және басқа да бақылау органдарының өкілдерін Полигонға кедергісіз жіберуге;
- Полигонның экологиялық жағдайын табиғатты қорғаудың ұзақ мерзімді және жылдық бағдарламасын жасау, бекіту және іске асыру жолымен қалпына келтіруді;
- нысаналар мен ракеталар құлаған алаңдарды қалпына келтіруді қамтамасыз етуді міндеттенеді.
2. Полигонның ұрыс алаңынан тыс нысаналар, ұшу аппараттары, ракеталар немесе олардың бөлшектері құлаған жағдайда, Ресей Федерациясы бұл жайында жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасына ресми мәлімет береді. Бұл оқиға жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына тергеу материалдарын беріп, үш күн мерзім ішінде құрылатын тергеу жөніндегі Тараптардың бірлескен комиссиясы тергеуді жүргізеді.
3. Полигон басшылығы жергілікті өкімет және басқару органдарымен бірлесе отырып, Полигон аумағы учаскелерін маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарын өткізу кезінде пайдаланудың тәртібін анықтайды және апат салдарын жоюда көмек көрсетеді.
4. Полигонның ішкі байланыс жүйелерін, автомобиль және темір жолдарын пайдалану, ұстау және жетілдіру осы құралдарды пайдаланатын Полигонның әскери құрамаларымен жүзеге асырылады.
5. Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезінде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің бірлескен шешімдері негізінде жүргізіледі.
10-бап
Шекарасы 3 Қосымшада анықталған, Полигонның қызметін қамтамасыз ету үшін қажет әуе кеңістігі, әуе кеңістігін пайдаланудың шектелген зонасы болып табылады.
Полигонның әуе кеңістігін пайдалану, сондай-ақ әуе
кемелерінің ұшып өту тәртібі мен шарттары, Қазақстан
Республикасының іс жүзіндегі заңы және нормативті актілерімен
анықталады.
11-бап
Полигон пайдаланатын жер учаскелерінде адамдар, өсімдік және жан-жануарлар өміріне қауіп төндіретін радиоактивті, улы заттар, ядролық және химиялық қару-жарақ, басқадай өнімдерді пайдалануға және көмуге тиым салынады.
Ресей Федерациясы геологиялық барлауды, пайдалы қазбаларды өңдеуді жүргізбеуге міндеттенеді.
Полигон аумағында аң аулау, балық аулау мен жабайы өсімдіктерді жинау тек Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензиялық негізде жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының экологиялық нормативтерін, су мен жерді пайдалану ережелерін және нормаларын орындауға міндетті. Полигонның қызметі салдарынан келтірілген экологиялық зиян Ресей Федерациясымен жойылады. Осыған орай, зиянның мөлшері мен өтеу формалары Тараптардың арнайы құрылған мемлекетаралық комиссиясымен анықталады.
12-бап
Полигон объектілерінде бір Тарап конверсия тәртібімен бағдарламалар мен жұмыстарды жүргізу үшін ұйымдар, кәсіпорындарды құрған жағдайда, олардың тізбесі, қызмет жағдайлары, орналастыру тәртібі, қаржыландырылуы, қамтамасыз етілуі Тараптардың Үкіметтерімен келісіледі.
13-бап
Полигонның әскери құрамаларын міндетті әскери қызметшілермен жабдықтау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылады.
14-бап
Полигон аумағында орналасқан әскери құрамалардың, бөлімшелердің және өнеркәсіп кәсіпорындарының құрамына кіретін адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен полигонға іс-сапарға жіберілген адамдардың құқықтық жағдайы мен әлеуметтік қамтамасыздығы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және құрамаларға кіретін адамдардың статусын реттейтін Тараптар арасындағы басқа да келісімдерге сәйкес, жүзеге асырылады.
15-бап
Полигон аумақтарында орналасқан объектілерді қорғау оларды пайдаланатын әскери құрамалардың күштерімен жүзеге асырылады.
Полигон аумағында құқылық тәртіпті қорғау және қылмыспен күресу Полигон басшылығымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының тәртіп сақтау органдарымен жүзеге асырылады.
16-бап
Қазақстан Республикасы Полигонды шартты жалға беру жөніндегі Шарттың және осы Келісімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу үшін Полигонға өз өкілдерін жібере алады.
17-бап
1. Полигон режимді объект болып табылады. Оның барлауға қарсы қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясы әскери құрамаларының және оның құрамына кіретін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Полигон объектілеріндегі режимдік шаралар Полигон басшылығымен Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінде орнатылған тәртіппен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
2. Тараптардың бақылау органдарын өте маңызды, өте құпия және құпия жұмыстар мен құжаттарға жіберуге рұқсат етудің іс жүзіндегі формаларын Тараптар өзара мойындайды.
3. Полигон объектілеріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, сондай-ақ Тараптардың өнеркәсіп ұйымдарының өкілдерін жіберу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісілген тәжірибе-конструкторлық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кестесіне, тактикалық жаттығулардың жоспарлары және аталған бөлімдер мен ұйымдардың шектелген өтінімдеріне сәйкес, Тараптардың бақылау органдары, немесе Тараптардың әскери бөлімдерінің штабтары, мекемелері және ведомстволарымен берілген рұқсат ету жөніндегі анықтама негізінде жүзеге асырылады.
4. Полигонға қызмет бабының міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының ресми адамдарын жіберу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативті актілері анықтаған тәртіппен, сондай-ақ Полигон туралы ережемен анықталады.
5. Қазақстан Республикасы министрліктері, ведомстволары мен
бақылау орындарының лауазымды адамдары мен делегациялары
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Полигон
басшылығының қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша қызметтік міндеттерін орындау мақсатында Полигон объектілеріне іс-сапарға жіберіледі.
6. Аталған категориядағы адамдар үшін Полигон объектілеріне бару келісімі келу күніне дейін үш күн бұрын жүзеге асырылады.
7. Полигонда үшінші елдер азаматтарының болуы Тараптардың белгіленген тәртібімен келісіледі.
18-бап
Полигонда орындалатын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструктарлық жұмыстарды қаржыландыру, оның мүдделері үшін өткізілетін Тараппен жүзеге асырылады.
19-бап
Полигонда орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының қызметі, сондай-ақ Полигонның инфрақұрылымын ұстау мен дамыту Ресей Федерациясымен қаржыландырылады.
20-бап
1. Полигон объектілерінде кедендік тексеру Қазақстан Республикасының кеден қызметінің өкілдерімен Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Полигон үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралары арқылы жүктерді жіберу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кедендік заңына сәйкес алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз жүзеге асырылады.
3. Әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, өнеркәсіп мамандары Ресей Федерациясынан Полигонға жаңа қызмет немесе жұмыс орнына және кері қарай жіберілгенде, алынуы кедендік органдарға жүктелген кедендік баж салығын, акциздерді және басқа да салықтарды төлеусіз кеден шекаралары арқылы өз жүктерін алып өтеді.
4. Әскери тасымал тәртібімен оларға ақы төлеу Тараптардың жеке келісімімен анықталады.
21-бап
Полигон аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери құрамаларын қамтамасыз етудің барлық түрлері, соның ішінде сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен жүзеге асырылады.
Полигонның қызметшілер мен жұмысшылар қызметтеріне Ресей Федерациясының азаматтарымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары да қабылданады. Осыған орай, оларға, азаматтығына қарамастан Ресей Федерациясының еңбек заңына сәйкесті барлық еңбек ақы төлеу шарттары таратылады.
22-бап
Осы Келісімді орындау бойынша Тараптардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы Шартқа сәйкес құрылатын Бірлескен комитетпен жүзеге асырылады. Осыған орай Бірлескен комитет өз өкілдігі шеңберінде пайда болатын даулы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Басқа жағдайларда ол Тараптар Үкіметтеріне тиісті ұсыныстар енгізеді.
23-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырылулар енгізілуі мүмкін.
Келісім он жыл мерзімге жасалады. Оның күші, егерде бір Тарап екінші Тарапқа әрбір он жылдық мерзімнің бітуіне алты ай қалғанға дейін оның қызметін тоқтату туралы өз тілегін жазбаша түрде хабарламаса, оның қызметі кейінгі он жылға өзінен-өзі ұзартылады.
Егерде Тараптар жалға беру шарттары туралы келісілген шешімге келмесе немесе Тараптар бұл шарттарды орындамаса осы Келісімнің қызметі тоқтатылады.
Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне қажетті мемлекетаралық рәсімдерді орындағаны туралы соңғы мәлімдемесінен кейінгі күні күшіне енеді.
1995 жылы 20 қаңтарда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, сондай-ақ екі текстің күші бірдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ҮШІН ҮШІН
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы (объектілері
мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында
орналасқан) Ресей Федерациясы
Қорғаныс министрлігінің 929
Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын
пайдалану тәртібі туралы
Келісімге N 1 Қосымша
929 МҰСО-ның ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
мына координаталармен шектелген N 1 учаскесі
ЕНДІК БОЙЛЫҚ
с.е. гр. мин. ш.б. гр. мин.
N 1 48 20 46 49
N 2 48 28 46 49
N 3 48 28 47 00
N 4 48 29 47 00
N 5 48 30 46 55
N 6 48 37 46 55
N 7 48 37 47 10
N 8 48 44 47 10
N 9 48 44 47 13
N 10 48 46 47 16
N 11 48 46 47 25
N 12 48 44 47 25
N 13 48 44 47 27
N 14 48 45 47 28
N 15 48 44 47 48
N 16 48 40 47 48
N 17 48 40 47 33
N 18 48 32 47 33
N 19 48 32 47 48
N 20 48 36 47 48
N 21 48 36 48 03
N 22 48 43 48 03
N 23 48 37 48 52
N 24 48 38 48 53
N 25 48 37 49 07
N 26 48 30 49 05
N 27 48 19 50 15
N 28 48 17 50 14
N 29 48 05 49 58
N 30 48 05 49 47
N 31 48 04 49 44
N 32 48 03 49 25
N 33 47 57 49 25
N 34 48 00 49 12
N 35 48 05 48 53
N 36 48 07 48 27
N 37 48 10 48 02
N 38 48 11 49 00
N 39 48 12 47 49
N 40 48 13 47 35
N 41 48 14 47 28
N 42 48 15 47 12
N 43 48 20 46 49
мына координаталармен шектелген N 2 учаскелер:
ЕНДІК БОЙЛЫҚ
с.е. гр. мин. ш.б. гр. мин.
N 1 48 32.5 53 14.3
N 2 48 33.5 53 20.0
N 3 48 34.5 53 25.0
N 4 48 35.0 53 30.0
N 5 48 35.3 53 35.0
N 6 48 35.5 53 40.0
N 7 48 33.0 54 00.0
N 8 48 25.0 54 21.5
N 9 48 10.5 54 32.0
N 10 48 05.0 54 30.0
N 11 48 01.0 54 25.0
N 12 47 52.0 54 00.0
N 13 47 52.0 53 55.0
N 14 47 52.0 53 50.0
N 15 47 52.0 53 45.0
N 16 47 52.0 53 40.0
N 17 47 52.5 53 35.0
N 18 47 53.5 53 30.0
N 19 47 54.5 53 25.0
N 20 47 55.5 53 20.0
N 21 47 57.5 53 15.0
N 22 48 00.0 53 09.0
N 23 48 07.0 53 00.0
N 24 48 15.0 52 55.5
N 25 48 22.0 52 58.0
N 26 48 22.0 53 11.0
N 27 48 32.5 53 14.3
мына координаталармен шектелген N 3 учаскелер:
ЕНДІК БОЙЛЫҚ
с.е. гр. мин. ш.б. гр. мин.
N 1 44 38.5 50 20.7
N 2 44 36.5 50 21.0
N 3 44 35.0 50 23.0
N 4 44 34.5 50 22.3
N 5 44 36.0 50 19.5
N 6 44 38.3 50 18.5
N 6 нүктеден N 7 нүктеге дейін жағалау сызығы бойынша
N 7 44 38.5 50 20.7
мына координаталармен шектелген N 4 учаскелері:
орталығы географиялық нүктедегі 1.7 х 3 км. жақтарымен тікбұрыш
с.е. 47 градус 13 минут
ш.б. 51 градус 59 минут
орталығы географиялық нүктедегі 1.6 х 1.6 км жақтарымен тікбұрыш
с.е. 47 градус 13.5 минут
ш.б. 51 градус 55.5 минут
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы
(объектілері мен ұрыс алаңдары
Қазақстан аумағында орналасқан)
Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің 929 Мемлекеттік
ұшу-сынақ орталығын пайдалану
тәртібі туралы
Келісімге N 2 Қосымша
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 929
Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының әскери объектілері
ОБЪЕКТІНІҢ АТЫ |
ОРНАЛАСУ ОРНЫ |
231 СИП |
Батыс-Қазақстан облысы., |
170 СИП |
Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы. |
171 ИП |
Батыс-Қазақстан облысы, Орда ауданы |
85 ИП |
Атырау қ., Атырау облысының Кызылқоға |
525 ОИС |
Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қ. |
248 АК |
Ақтөбе облысы, Эмба қ. |
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы
(объектілері мен ұрыс алаңдары
Қазақстан аумағында орналасқан)
Ресей Федерациясы Қорғаныс
министрлігінің 929 Мемлекеттік
ұшу-сынақ орталығын пайдалану
тәртібі туралы Келісімге 3 қосымша
929 МҰСО ПАЙДАЛАНАТЫН ӘУЕ КЕҢІСТІГІНІҢ ШЕКАРАСЫ
ЕНДІК БОЙЛЫҚ
с.е. гр. мин. ш.б. гр. мин.
N 1 |
49 40 |
45 24 |
N 2 |
49 40 |
46 00 |
N 3 |
50 10 |
46 52 |
N 4 |
50 31 |
46 54 |
N 5 |
50 27 |
48 08 |
N 6 |
50 12 |
51 10 |
N 7 |
49 41 |
53 30 |
N 8 |
48 50 |
55 10 |
N 9 |
48 28 |
55 20 |
N 10 |
48 00 |
54 50 |
N 11 |
47 40 |
53 18 |
N 12 |
48 00 |
51 20 |
N 13 |
47 53 |
50 03 |
N 14 |
48 00 |
49 15 |
N 15 |
47 40 |
46 38 |
N 16 |
47 37 |
46 16 |
N 17 |
48 27 |
45 37 |
N 18 |
48 42 |
45 17 |
N 19 |
49 40 |
45 24 |