Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 311 Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж.,№N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат):
      155-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 
      "155-бап. Мәмілелерді тіркеу

      1. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.
      Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.
      2. Егер тараптардың бірі мәміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сәйкес тіркеледі.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар):
      1) мынадай мазмұндағы 354-3-баппен толықтырылсын:
      
      "354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
                  жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге
                  құжаттарды беру мерзімін бұзу

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің»"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацы "354-2" деген цифрлардан кейін»", 354-3" деген цифрлармен толықтырылсын.

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79-құжат; N 12, 83-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша»"құқықты куәландыратын құжаттарды",»"құқықты куәландыратын құжаттар",»"құқықты куәландыратын құжат",»"құқықты куәландыратын құжатқа",»"құқықты куәландыратын құжатта",»"құқықты куәландыратын құжаттағы" деген сөздер тиісінше»"сәйкестендіру құжаттарын", "сәйкестендіру құжаттары", "сәйкестендіру құжаты", "сәйкестендіру құжатына", "сәйкестендіру құжатында",»"сәйкестендіру құжатындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-баптың 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;
      25) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат";

      3) 43-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасында»"құқықты куәландыратын құжаттарды" деген сөздер»"сәйкестендіру құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацында»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      "Жер учаскесіне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, құқық иеленуші туралы жазба енгізеді.";
      екінші бөлік алып тасталсын;
      11-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші сөйлемінде»"жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды" деген сөздер»"құқық белгілейтін құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте»"Құқықты куәландыратын" деген сөздер»"Құқық белгілейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 51-бапта:
      2-тармақта»"жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта" деген сөздер "сәйкестендіру құжатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.";

      5) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Үйге (ғимаратқа) меншік құқығы осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған үйлер (ғимараттар) орналасқан жер учаскесіне заңнамада белгіленген тәртіппен меншік құқығын білдіреді. Мемлекеттік заңды тұлғалардың үйге (ғимаратқа) шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы көрсетілген объектілердің жер учаскесіне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын білдіреді.
      Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды.";

      6) 79-бапта:
      5-тармақта:
      екінші абзацтағы "оның жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды (жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін; уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы актісін; тұрақты жер пайдалану құқығы актісін (мемлекеттік жер пайдаланушылар үшін)" деген сөздер "жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Егер кепіл туралы шартта өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары кепіл ұстаушыға немесе сенім білдірілген тұлғаға беріледі.";
      11-тармақта»"Кепіл туралы шарт" деген сөздер»"Кепіл" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 80-бапта»"жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді" деген сөздер»"жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 148-баптың 1-тармағы 9) тармақшасында»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 170-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4.»"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат):
      1) 18-баптың 12) тармақшасында»"мемлекеттік құқық және" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 32-бапта 8) тармақшадағы»"үшін құрылуы мүмкін."»деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық есепке алу қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.".»

      5. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат):
      26-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.".

      6. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат):
      1) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
 
      "9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
      
      Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасауы арқылы ресімделеді.
      Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.";

      2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін.";

      3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) ипотекалық куәлікке қосымша.";

      4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
 
      "13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе)
                 толықтырулар енгізу

      1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
      Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
      2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.
      3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.
      Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      5) 14-баптың 2-тармағында»"жылына бір реттен кем қоюға болмайтын" деген сөздер»"кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 15-бап»"Ипотека куәлігін беру" деген сөздерден кейін»", ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 16-баптың 1-тармағында екінші бөлігі "аты-жөні" деген сөздерден кейін»"(атауы)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 37-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      7.»"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат):
      1) 2-бапта:
      он тоғызыншы абзацта»"тұрғын алаң" деген сөздер»"тұрғын үйдің тұрғын алаңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "тұрғын үйдің жалпы алаңы - тұрғын үйдің пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендеткіш коэффициенттерді қолданып есептелетін балкондардың (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының қосындысы";
      жиырма жетінші абзацта»"(пәтердің)" деген сөз алып тасталсын;

      2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға өзіндік (дара) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер кондоминиум қатысушыларының келісімінде өзгеше белгіленбесе, өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.";

      3) 32-баптың 2, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы органының уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.";
      "4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.".

      8. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      8-баптың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық жеке меншік иелері (жер пайдаланушылары) көрсетіле отырып, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелеріне ресімделеді.
      9. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесіне құқығы жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеген сәтінен бастап туындайды.".

      9.»"Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат):
      18-баптың 5) тармақшасында»"кепілін тіркеу" деген сөздерден кейін»", жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру" деген сөздермен толықтырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында»"кәсіпорындар" деген сөз»"органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 23-баптың 3-тармағында:
      "кәсіпорындар" деген сөз»"органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі уәкілетті органмен келісе отырып" деген сөздер»"уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-баптың 5-тармағында»"кәсіпорындар" деген сөз»"органдар" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Әуе кемесіне тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмілелер туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастрға) енгізілуге тиіс.".

      12. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж. N 11, 36-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.".

      13. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      25-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастрға) енгізілуге тиіс.".

       2-бап . Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним

Закон Республики Казахстан от 26 июля 2007 года N 311

       Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Гражданский кодекс  Республики Казахстан (Общая часть), принятый Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение); 1995 г., N 15-16, ст. 109; N 20, ст. 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 2, ст.  187; N 14, ст. 274; N 19, ст. 370; 1997 г., N 1-2, ст. 8; N 5, ст. 55; N 12, ст. 183, 184; N 13-14, ст. 195, 205; 1998 г., N 2-3, ст. 23; N 5-6, ст. 50; N 11-12, ст. 178; N 17-18, ст. 224, 225; N 23, ст. 429; 1999 г., N 20, ст. 727, 731; N 23, ст. 916; 2000 г., N 18, ст. 336; N 22, ст. 408; 2001 г., N 1, ст. 7; N 8, ст. 52; N 17-18, ст. 240; N 24, ст. 338; 2002 г., N 2, ст. 17; N 10, ст. 102; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 11, ст. 56, 57, 66; N 15, ст. 139; N 19-20, ст. 146; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 56; N 16, ст. 91; N 23, ст. 142; 2005 г., N 10, ст. 31;  N 14, ст. 58; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 4; N 3, ст. 22; N 4, ст. 24; N 8, ст. 45, 46; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 13, ст. 85; 2007 г., N 2, ст. 18; N 3, ст. 20, 21; N 4, ст. 28):
      статью 155 изложить в следующей редакции:
      "Статья 155. Регистрация сделок
      1. Сделки, подлежащие в соответствии с законодательными актами государственной или иной регистрации, считаются совершенными после их регистрации, если иное не предусмотрено законодательными актами.
      Отказ в регистрации должен быть оформлен в письменном виде и возможен лишь со ссылкой на нарушение требований законодательства.
      2. Если одна из сторон уклоняется от государственной регистрации прав на сделку, суд вправе по требованию другой стороны вынести решение о регистрации прав на сделку. В этом случае права регистрируются в соответствии с решением суда.".

      2. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст. 85, 86; N 15, ст. 92, 95):
      1) дополнить статьей 354-3 следующего содержания:
      "Статья 354-3. Нарушение срока подачи документов на государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним
      Нарушение физическими и (или) юридическими лицами установленного Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним" срока подачи документов на государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним -
      влечет штраф на физических лиц в размере от десяти до двадцати, на юридических лиц - в размере от двадцати до тридцати месячных расчетных показателей.";
      2) абзац тридцатый подпункта 1) части первой статьи 636 после цифры "354-2" дополнить цифрой ", 354-3".

      3. В  Земельный кодекс  Республики Казахстан от 20 июня 2003 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 13, ст. 99; 2005 г., N 9, ст. 26; 2006 г., N 1, ст. 5; N 3, ст. 22; N 11, ст. 55; N 12, ст. 79; N 12, ст. 83; N 16, ст. 97; 2007 г., N 1, ст. 4; N 2, ст. 18):
      1) по всему тексту слова "правоудостоверяющих документов", "правоудостоверяющего документа", "правоудостоверяющем документе" заменить соответственно словами "идентификационных документов", "идентификационного документа", "идентификационном документе";
      2) подпункты 24) и 25) статьи 12 изложить в следующей редакции:
      "24) правоустанавливающий документ на земельный участок - документ, подтверждающий наступление юридических фактов (юридических составов), на основании которых возникают, изменяются или прекращаются права на земельный участок, в том числе договоры, решения судов, правовые акты исполнительных органов, свидетельство о праве на наследство, передаточный акт или разделительный баланс при реорганизации негосударственных юридических лиц, владеющих земельным участком на праве собственности или выкупивших право временного возмездного землепользования;
      25) идентификационный документ на земельный участок - документ, содержащий идентификационные характеристики земельного участка, необходимые для целей ведения земельного, правового и градостроительного кадастров;";
      3) в статье 43:
      в подпункте 6) пункта 1 слова "документов, удостоверяющих право" заменить словами "идентификационного документа";
      в пункте 9:
      в абзаце первом части первой слова "Документами, удостоверяющими право" заменить словами "Идентификационными документами";
      дополнить частью следующего содержания:
      "При переходе прав на земельный участок идентификационный документ передается приобретателю или иному правообладателю. В случае отсутствия изменений идентификационных характеристик земельного участка органом, осуществляющим ведение государственного земельного кадастра, новый идентификационный документ не выдается, а вносится запись о правообладателе.";
      часть вторую исключить;
      в пункте 11:
      в первом предложении части первой слова "документов, удостоверяющих право на земельный участок" заменить словами "правоустанавливающих документов";
      в части второй слова "правоудостоверяющие" заменить словами "правоустанавливающие";
      4) в статье 51:
      в пункте 2 слова "в документе, удостоверяющем право на земельный участок" заменить словами "в идентификационном документе";
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. При совершении сделки с частью делимого земельного участка эта часть в установленном порядке должна быть предварительно выделена в самостоятельный земельный участок. В остальных случаях предмет сделки может быть определен путем его описания в договоре или нанесением на идентификационном документе сферы распространения устанавливаемого права на часть земельного участка (аренды, безвозмездного пользования, сервитута и других)";
      5) пункт 1 статьи 52 изложить в следующей редакции:
      "1. Право собственности на здания (сооружения) влечет за собой в установленном законодательством порядке право собственности на земельный участок, который занят указанными зданиями (сооружениями), кроме случаев, предусмотренных настоящим Кодексом. Право хозяйственного ведения или право оперативного управления государственных юридических лиц на здания (сооружения) влечет за собой в установленном порядке право постоянного землепользования на земельный участок указанными объектами.
      Указанные права неотделимы друг от друга.";
      6) в статье 79:
      в пункте 5:
      в абзаце втором слова "документы, удостоверяющие их права на земельный участок (акт на право частной собственности на земельный участок; акт на право временного возмездного землепользования (аренды); акт на право постоянного землепользования (для государственных землепользователей)" заменить словами "правоустанавливающий и идентификационный документы на земельный участок";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Правоустанавливающий и идентификационный документы на земельный участок передаются залогодержателю или доверенному лицу, если иное не установлено договором о залоге.";
      в пункте 11 слова "договора о залоге" заменить словами "залога";
      7) в статье 80 слова "сделок с недвижимым имуществом" заменить словами "прав на недвижимое имущество и сделок с ним";
      8) в подпункте 9) пункта 1 статьи 148 слова "документов, удостоверяющих права" заменить словами "правоустанавливающего и идентификационного документов";
      9) в части первой пункта 9 статьи 170 слова "Документы, удостоверяющие права" заменить словами "Правоустанавливающие и идентификационные документы".

      4. В  Закон  Республики Казахстан от 19 июня 1995 г. "О государственном предприятии" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 9-10, ст. 66; N 24, ст. 164; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 12, ст. 183; N 13-14, ст. 205; 1998 г., N 23, ст. 429; 1999 г., N 22, ст. 789; N 23, ст. 916; 2001 г., N 10, ст. 126; 2002 г., N 10, ст. 102; 2003 г, N 11, ст. 71; 2004 г, N 11-12, ст. 65; 2006 г., N 12, ст. 71; N 15, ст. 95; 2007 г., N 4, ст. 33; N 9, ст. 67):
      1) в подпункте 12) статьи 18 слова "государственного правового и" исключить;
      2) статью 32 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:
      "9) осуществления деятельности по государственному техническому обследованию недвижимого имущества.".

      5. В  Закон  Республики Казахстан от 20 декабря 1995 г. "Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 23, ст. 148; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 23, ст. 321; N 24, ст. 338; 2002 г., N 15, ст. 147; 2003 г., N 10, ст. 54; 2004 г., N 23, ст. 142; 2005 г., N 7-8, ст. 23; 2006 г, N 24, ст. 148; 2007 г., N 2, ст. 18; N 8, ст. 52; N 9, ст. 67):
      статью 26 дополнить частью одиннадцатой следующего содержания:
      "Сведения о зарегистрированных правах (обременениях прав) на судно или строящееся судно подлежат внесению в единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество и сделок с ним (правовой кадастр).".

      6. В  Закон  Республики Казахстан от 23 декабря 1995 г. "Об ипотеке недвижимого имущества" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 165; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 13-14, ст. 205; 2000 г., N 18, ст. 336; 2003 г., N 11, ст. 67; 2005 г., N 23, ст. 104; 2007 г., N 2, ст. 18; N 4, ст. 28):
      1) дополнить статьей 9-1 следующего содержания:
      "Статья 9-1. Изменение условий ипотечного договора
      Изменение условий основного обязательства и (или) ипотечного договора оформляется путем заключения залогодателем и залогодержателем (иными лицами, подписавшими договор об основном обязательстве и ипотечный договор) дополнительного соглашения к договору об основном обязательстве и к ипотечному договору.
      При наличии ипотечного свидетельства изменение условий основного обязательства и (или) ипотечного договора, предполагающие изменение его содержания, является основанием для внесения изменений и (или) дополнений в ипотечное свидетельство в порядке, предусмотренном статьей 13-1 настоящего Закона.";
      2) пункт 2 статьи 12 изложить в следующей редакции:
      "2. Ипотечное свидетельство составляется в одном экземпляре и передается залогодержателю. Ипотечное свидетельство может быть дополнено приложением, которое оформляется в виде дополнительных листов, являющихся его неотъемлемой частью.";
      3) пункт 1 статьи 13 дополнить подпунктом 13) следующего содержания:
      "13) приложение к ипотечному свидетельству."
      4) дополнить статьей 13-1 следующего содержания:
      "Статья 13-1. Внесение изменений и (или) дополнений в ипотечное свидетельство
      1. Внесение изменений и (или) дополнений и ипотечное свидетельство осуществляется путем приложения дополнительных листов к ипотечному свидетельству после внесения изменения и (или) дополнений в основное обязательство, в договор ипотечного займа и (или) ипотечный договор.
      В приложении к ипотечному свидетельству указываются номер и дата заключения дополнительного соглашения к основному обязательству, договору ипотечного займа и (или) ипотечному договору, а также сущность внесенных изменений и (или) дополнений в ипотечный договор.
      2. Владелец ипотечного свидетельства вправе требовать от залогодателя внесения изменений и дополнений в ипотечное свидетельство и их государственной регистрации.
      3. При смене залогодателя и (или) должника, если должник по основному обязательству не является залогодателем, в приложении к ипотечному свидетельству должны быть указаны данные (наименование) и место жительства (местонахождение) нового залогодателя и (или) должника, а также подпись нового залогодателя.
      Смена залогодержателя осуществляется в порядке, предусмотренном настоящим Законом.";
      5) в пункте 2 статьи 14 слова "которая не может производиться реже, чем один раз в год" заменить словами "которая производится залогодержателем (владельцем ипотечного свидетельства) по письменному заявлению залогодателя.";
      6) статью 15 после слов "ипотечного свидетельства" дополнить словами ", внесение изменений и (или) дополнений в ипотечное свидетельство";
      7) часть вторую пункта 1 статьи 16 после слов "указано имя" дополнить словом "(наименование)";
      8) второе предложение пункта 1 статьи 37 изложить в следующей редакции:
      "Государственная регистрация прекращения ипотеки недвижимого имущества в связи с исполнением основного обязательства, обращением взыскания на предмет ипотеки и иным основаниям осуществляется в порядке, установленном законодательством о государственной регистрации прав на недвижимое имущество.".

      7. В  Закон  Республики Казахстан от 16 апреля 1997 г. "О жилищных отношениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 8, ст. 84; 1999 г., N 13, ст. 431; N 23, ст. 921; 2001 г., N 15-16, ст. 228; 2002 г., N 6, ст. 71; 2003 г., N 11, ст. 67; 2004 г., N 14, ст. 82; N 17, ст. 101; 2004 г., N 23, ст. 142; 2006 г., N 16, ст. 103):
      1) в статье 2:
      в абзаце девятнадцатом после слов "жилая площадь" дополнить словом "жилища";
      дополнить абзацем двадцать шестым следующего содержания:
      "общая площадь жилища - сумма полезной площади жилища и площадей балконов (лоджий, веранд, террас), рассчитываемых с применением понижающих коэффициентов в соответствии с нормативно-техническими актами;";
      в абзаце двадцать седьмом исключить слово "(квартиры)";
      2) пункт 3 статьи 31 изложить в следующей редакции:
      "3. Доля каждого собственника помещений (иного правообладателя) в общем имуществе неотделима от раздельной (индивидуальной) собственности (иного вещного права) на принадлежащее ему помещение. Размер доли, если иное не установлено соглашением участников кондоминиума, определяется отношением полезных площадей жилых и (или) нежилых помещений, находящихся в раздельной (индивидуальной) собственности (иного вещного права), к сумме полезных площадей всех жилых и площадей всех нежилых помещений, находящихся в данном объекте кондоминиума. Такая доля не может быть выделена в натуре.";
      3) пункты 2, 4 статьи 32 изложить в следующей редакции:
      "2. Регистрация объекта кондоминиума осуществляется по заявлению участника кондоминиума либо уполномоченным представителем собственников или органа управления кондоминиумом. При регистрации объекта кондоминиума определяется состав общего имущества и размер доли правообладателей каждого помещения в общей собственности. До такой регистрации сделки с общим имуществом не приобретают юридической силы, за исключением случаев, когда сделка с долей в общей собственности считается совершенной при совершении сделки с имуществом, находящимся в раздельной (индивидуальной) собственности (ином вещном праве).";
      "4. При изменении состава общего имущества и (или) размера долей участников кондоминиума в общем имуществе в результате изменения площадей помещений, по соглашению участников, или иным основаниям соответствующие изменения подлежат государственной регистрации.".

      8. В  Закон  Республики Казахстан от 31 марта 1998 г. "О крестьянском (фермерском) хозяйстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 2-3, ст. 26; 2001 г., N 24, ст. 338; 2003 г., N 1-2, ст. 6; N 4, ст. 26; N 24, ст. 178; 2006 г., N 1, ст. 5; N 15, ст. 95; 2007 г., N 9, ст. 67):
      пункты 8 и 9 статьи 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Правоустанавливающий документ на земельный участок оформляется на членов крестьянского или фермерского хозяйства с указанием в нем всех собственников (землепользователей) в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.
      9. Право на земельный участок у крестьянского (фермерского) хозяйства возникает с момента государственной регистрации прав на недвижимое имущество.".

      9. В  Закон  Республики Казахстан от 18 марта 2002 г. "Об органах юстиции" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 6, ст. 67; 2004 г., N 23, ст. 142; N 24, ст. 154; 2005 г., N 7-8, ст. 23; 2006 г. N 3, ст. 22; N 10, ст. 52; N 13, ст. 86):
      подпункт 5) статьи 18 после слов "регистрацию залога движимого имущества" дополнить словами ", государственное техническое обследование недвижимого имущества".

      10. В  Закон  Республики Казахстан от 6 июля 2004 г. "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 15, ст. 87; 2005 г., N 23, ст. 104; 2006 г, N 3, ст. 22):
      1) в подпункте 3) пункта 1 статьи 18 слово "предприятия" заменить словом "органы";
      2) в пункте 3 статьи 23:
      слово "предприятия" заменить словом "органы";
      слова "Министерством юстиции Республики Казахстан, по согласованию с" исключить;
      3) в пункте 5 статьи 24 слово "предприятиями" заменить словом "органы".

      11. В  Закон  Республики Казахстан от 15 декабря 2001 г. "О государственном регулировании гражданской авиации" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 23, ст. 320; 2004 г., N 23, ст. 142, 2005 г., N 7-8, ст. 23):
      статью 13 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Сведения о зарегистрированных правах (обременениях прав) на воздушные суда и сделок с ними подлежат внесению в единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество и сделок с ним (правовой кадастр).".

      12. В  Закон  Республики Казахстан oт 17 января 2002 г. "О торговом мореплавании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 2, ст. 16; 2004 г., N 20, ст. 116;  N 23, ст. 142; 2005 г., N 11, ст. 36; 2006 г., N 3, ст. 22):
      статью 16 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Сведения о зарегистрированных правах (обременениях прав) на судно или строящееся судно подлежат внесению в единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество и сделок с ним (правовой кадастр).".

      13. В  Закон  Республики Казахстан от 6 июля 2004 г. "О внутреннем водном транспорте" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 15, ст. 88; 2006 г., N 3, ст. 22):
      статью 25 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Сведения о зарегистрированных правах (обременениях) на судно или строящееся судно подлежат внесению в единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество и сделок с ним (правовой кадастр).".

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

       Президент
 Республики Казахстан