1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне
(Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж.,№N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат):
155-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"155-бап. Мәмілелерді тіркеу
1. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.
2. Егер тараптардың бірі мәміле бойынша құқықтарды мемлекеттік тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәміле бойынша құқықтарды тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мұндай жағдайда құқықтар сот шешіміне сәйкес тіркеледі.".
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар):
1) мынадай мазмұндағы 354-3-баппен толықтырылсын:
"354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге
құжаттарды беру мерзімін бұзу
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің»"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отызыншы абзацы "354-2" деген цифрлардан кейін»", 354-3" деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79-құжат; N 12, 83-құжат; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша»"құқықты куәландыратын құжаттарды",»"құқықты куәландыратын құжаттар",»"құқықты куәландыратын құжат",»"құқықты куәландыратын құжатқа",»"құқықты куәландыратын құжатта",»"құқықты куәландыратын құжаттағы" деген сөздер тиісінше»"сәйкестендіру құжаттарын", "сәйкестендіру құжаттары", "сәйкестендіру құжаты", "сәйкестендіру құжатына", "сәйкестендіру құжатында",»"сәйкестендіру құжатындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"24) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат - осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесіне иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы;
25) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты - жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат";
3) 43-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасында»"құқықты куәландыратын құжаттарды" деген сөздер»"сәйкестендіру құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Жер учаскесіне құқықтар ауысқан кезде сәйкестендіру құжаты сатып алушыға немесе өзге құқық иеленушіге беріледі. Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістері болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын орган жаңа сәйкестендіру құжатын бермейді, құқық иеленуші туралы жазба енгізеді.";
екінші бөлік алып тасталсын;
11-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші сөйлемінде»"жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды" деген сөздер»"құқық белгілейтін құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте»"Құқықты куәландыратын" деген сөздер»"Құқық белгілейтін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 51-бапта:
2-тармақта»"жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта" деген сөздер "сәйкестендіру құжатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер учаскесінің бөлінетін бөлігімен мәмілелер жасаған кезде, бұл бөлік белгіленген тәртіппен алдын ала дербес жер учаскесі болып бөлініп шығарылуға тиіс. Қалған жағдайларда мәміле нысанасы оны шартта сипаттау немесе жер учаскесінің бөлігіне белгіленетін құқықтың қолданылу аясын (жалдау, өтеусіз пайдалану, сервитут және басқалары) сәйкестендіру құжатына енгізу арқылы айқындалуы мүмкін.";
5) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Үйге (ғимаратқа) меншік құқығы осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған үйлер (ғимараттар) орналасқан жер учаскесіне заңнамада белгіленген тәртіппен меншік құқығын білдіреді. Мемлекеттік заңды тұлғалардың үйге (ғимаратқа) шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы көрсетілген объектілердің жер учаскесіне белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалану құқығын білдіреді.
Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды.";
6) 79-бапта:
5-тармақта:
екінші абзацтағы "оның жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттарды (жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісін; уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы актісін; тұрақты жер пайдалану құқығы актісін (мемлекеттік жер пайдаланушылар үшін)" деген сөздер "жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын;" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Егер кепіл туралы шартта өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары кепіл ұстаушыға немесе сенім білдірілген тұлғаға беріледі.";
11-тармақта»"Кепіл туралы шарт" деген сөздер»"Кепіл" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 80-бапта»"жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді" деген сөздер»"жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалатын мәмілелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 148-баптың 1-тармағы 9) тармақшасында»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 170-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде»"құқықты куәландыратын құжаттар" деген сөздер»"құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын.
4.»"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат):
1) 18-баптың 12) тармақшасында»"мемлекеттік құқық және" деген сөздер алып тасталсын;
2) 32-бапта 8) тармақшадағы»"үшін құрылуы мүмкін."»деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық есепке алу қызметін жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.".»
5. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат):
26-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.".
6. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
"9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту
Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасауы арқылы ресімделеді.
Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.";
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін.";
3) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) ипотекалық куәлікке қосымша.";
4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
"13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе)
толықтырулар енгізу
1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.
3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.
Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
5) 14-баптың 2-тармағында»"жылына бір реттен кем қоюға болмайтын" деген сөздер»"кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-бап»"Ипотека куәлігін беру" деген сөздерден кейін»", ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 16-баптың 1-тармағында екінші бөлігі "аты-жөні" деген сөздерден кейін»"(атауы)" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 37-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлік ипотекасын негізгі міндеттемені орындауға, ипотека мәніне айыпақы өндіріп алуға және өзге де негіздерге байланысты тоқтатуды мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".
7.»"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат):
1) 2-бапта:
он тоғызыншы абзацта»"тұрғын алаң" деген сөздер»"тұрғын үйдің тұрғын алаңы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"тұрғын үйдің жалпы алаңы - тұрғын үйдің пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендеткіш коэффициенттерді қолданып есептелетін балкондардың (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының қосындысы";
жиырма жетінші абзацта»"(пәтердің)" деген сөз алып тасталсын;
2) 31-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға өзіндік (дара) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер кондоминиум қатысушыларының келісімінде өзгеше белгіленбесе, өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.";
3) 32-баптың 2, 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы органының уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады. Осылай тіркелгенге дейін, ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле өзіндік (дара) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәмілелерді жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.";
"4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.".
8. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
8-баптың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық жеке меншік иелері (жер пайдаланушылары) көрсетіле отырып, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелеріне ресімделеді.
9. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесіне құқығы жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеген сәтінен бастап туындайды.".
9.»"Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат):
18-баптың 5) тармақшасында»"кепілін тіркеу" деген сөздерден кейін»", жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында»"кәсіпорындар" деген сөз»"органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 23-баптың 3-тармағында:
"кәсіпорындар" деген сөз»"органдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі уәкілетті органмен келісе отырып" деген сөздер»"уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Әуе кемесіне тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмілелер туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастрға) енгізілуге тиіс.".
12. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж. N 11, 36-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастр) енгізілуге тиіс.".
13. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
25-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кемеге немесе жасалып жатқан кемеге тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың және онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне (құқықтық кадастрға) енгізілуге тиіс.".