Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 17-IV Заңы

      1995 жылғы 5 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Техникалық көмек туралы негіздемелік келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
Азия Даму Банкі
арасындағы
1995 жылғы 5 қазандағы
Техникалық Көмек туралы Негіздемелік
Келісім

       ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕМЕЛІК КЕЛІСІМ

(2008 жылғы 11 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

       1995 жылғы 5 қазандағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ (бұдан әрі - Үкімет) МЕН АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі - Банк) арасындағы келісім.
      (А) Үкімет белгілі бір уақыт өткеннен кейін Банкке техникалық көмек (бұдан әрі - Техникалық көмек) көрсету туралы өтінішпен жүгінетінін
      назарға ала отырып, және
      (Б) Банк және Үкімет оларға сәйкес Банк осындай Техникалық көмек көрсететін жалпы шарттар жиынтығын бекітуге ниет білдіреді;
      МҰНДА, ОСЫЛАЙША, тараптар мыналар туралы келісті:

  І БАП
Осы Келісімді қолдану

      1.01-параграф. Банк осы Келісімнің 1.02-параграфына сәйкес осы Келісімнің шарттары және осы Техникалық көмекті жүзеге асырудың өз шарттары бойынша Үкіметке Техникалық көмекті көрсетеді. Осы Келісімнің шеңберінде берілетін әрбір Техникалық көмек, сондай-ақ тиісті қосымшаларды (бұдан әрі - ТК хаты) қоса алғанда, Банк және Үкімет арасында жіберілетін хаттың шарттарына сәйкес келуі тиіс, ол арқылы Банк және Үкімет осы Техникалық көмектің ерекшеліктері мен осы Техникалық көмекке қатысты Үкімет және Банктің міндеттерін тиісінше айқындайды.
      1.02-параграф. Техникалық көмекті Банк осы Келісімнің шеңберінде тек Үкімет ұсынған және Банк бекіткен өтініш бойынша ғана көрсетеді. Осындай Техникалық көмек тікелей Үкіметке немесе Үкімет айқындаған тарапқа көрсетіледі.

  ІІ БАП
Техникалық көмек, консультанттар

      2.01-параграф. (а) Банк көрсететін әрбір Техникалық көмектің мазмұны тиісті ТК хатында жазылады.
      (б) техникалық көмекті көрсету осы Келісімде және осы Келісімге Қосымшада жазылған жалпы шарттарға сәйкес және тиісті ТК хатының ерекше шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      (в) осы Келісімнің шеңберінде "Атқарушы агенттік" ТК хатында осындай айқындалған осындай бар болса, ұйымды білдіреді.
      2.02-параграф. (а) Техникалық көмекті тиісті ТК хатында көрсетілген салалардағы сарапшыларды өзіне қаншалықты қамтуы мүмкін, соншалықты консультанттар іске асырады.
      (б) осы Келісімде пайдаланылатын "Консультанттар" термині халықаралық және жергілікті консультанттарға, сондай-ақ жеке Консультанттар мен тиісті ТК хатында көрсетілген сарапшыларды ұсынатын консалтингілік компанияларға қатысты.
      2.03-параграф. Консультанттар тиісті ТК хатына қосымшада жазылған техникалық тапсырманы басшылыққа алады. Осындай техникалық тапсырма жағдайға қарай Банк және Үкімет арасындағы жазбаша келісім арқылы не Үкімет, Атқарушы агенттік және Банк арасындағы жазбаша келісім арқылы өзгертілуі мүмкін.
      2.04-параграф. Банк осы Келісімнің шеңберінде әрқайсысы Банкті қанағаттандыратын әдістермен жүзеге асырылатын, көрсетілетін не сатып алынатын кез келген мынадай нысандарда Техникалық көмек көрсете алады:
      (а) осы Келісімнің 2.02-параграфында көрсетілген сарапшылардың қызметтері;
      (б) Банкті қанағаттандыратын талаптарға сәйкес сатып алынатын жабдықтар мен материалдар;
      (в) оқыту, семинарлар, сабақтар немесе конференциялар әрі осындай іс-шаралар;
      (г) кез келген басқа да сыртқы көзден көрсетілетін осындай Техникалық көмекті бірге қаржыландыру; және
      (д) Үкімет және Банк осындай Техникалық көмек шеңберіне енгізу үшін мақұлдауы мүмкін Техникалық көмектің кез келген өзге нысаны.

  III БАП
 
  Консультанттарды тарту мен қаржыландыру

      3.01-параграф. Банк өзгеше келіскеннен басқа жағдайларда Банк Консультанттарды тартуды жүзеге асырады.
      3.02-параграф. (а) Банк жобаны дайындау және Техникалық көмекке қатысты осы Келісімнің 4.03-параграфына сәйкес ТК хатында көрсетілгеніндей осындай шығыстарды шетелдік валютада әрі жергілікті валютада қаржыландырады.
      (б) Кез келген Техникалық көмек шеңберінде жергілікті салықтар мен алымдарға ақы төлеу қаржыландырылмайды.

  ІҮ БАП
Үкіметтің міндеттемелері

      4.01-параграф. Үкімет не Атқарушы агенттік не екеуі де Консультанттарға Техникалық көмекті жүзеге асыруда жұмыс істеу әрі көмек көрсету үшін толық жұмыс уақытына негізделген тиісті жергілікті персоналды ұсынады.
      4.02-параграф. Үкімет не Атқарушы агенттік олардың әрқайсысы кейін тиісті ТК хатында айқындалатын қосымша міндеттемелерді іске асыратын не іске асыруға әкеп соғатын осындай Техникалық көмектің бөліктерін қаржыландырады.
      4.03-параграф. Егер Банк әлде бір Техникалық көмекті жобаны дайындау бойынша Техникалық көмек ретінде айқындаса, әрі осындай Техникалық көмек жобаны одан әрі сыртқы көзден қаржыландыруды көздесе, егер осындай Техникалық көмек грант түрінде толық көрсетілмесе, онда Банктің осындай Техникалық көмекті қаржыландыру сомасы Банкке мынадай түрде өтеледі:
      (і) егер осындай қаржыландыруды толық немесе ішінара Банк ұсынса, осындай Техникалық көмектің тиісті ТК хатында көрсетілген сол соманың баламасынан асатын сомада Банк осындай түрде ұсынған осындай Техникалық көмекті қаржыландырудың осы бөлігін қаржыландыру туралы келісім күшіне енгеннен кейін дереу оған қосуға әрі алуға құқылы; немесе
      (іі) егер осындай қаржыландыруды толық немесе ішінара басқа сыртқы көз ұсынса, қаржыландыру туралы келісім күшіне енгеннен кейін дереу Банк көрсеткен осындай Техникалық көмектің толық құнын Банкке өтеу үшін Үкімет бар мүмкіндікті жасайды. Сөйтіп, ТК хатында айқындалған сыртқы көзден осындай түрде осындай қаржыландыру ұсынылған жағдайда, қаржыландыру туралы келісім күшіне енгеннен кейін дереу Үкімет Банк көрсеткен осындай Техникалық көмектің толық құнын Банкке қайтаруды, сондай-ақ аталған сыртқы көзден немесе Үкімет арқылы осы соманың он проценті мөлшерінде қызметтері үшін ақы төлеуді қамтамасыз етеді.

  Ү БАП
Өзге де шарттар

      5.01-параграф. Осы келісім тараптар оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді.
      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН осымен тараптар тиісті атауларымен олардың қол қоюына әрі Банктің басты кеңсесіне жоғарыда көрсетілген жылы мен күні ұсынуға осы Келісімді келтірді.

                             Қазақстан Республикасының Үкіметі
                             _________________________________
                                         А.С. Павлов

                                      Азия Даму банкі
                             _________________________________
                                        Е.Уатанабэ

ҚОСЫМША   

       Техникалық көмек көрсетудің жалпы шарттары

       А. Ынтымақтастық
      1. Үкімет әрбір Техникалық көмекті жүзеге асырудың уақтылылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін Банкпен және Консультанттармен ынтымақтастық жасайды әрі бұл үшін өз қызметкерлеріне, сенімді өкілдер мен өкілдеріне тиісті нұсқаулар беруді жүргізеді.

       Б. Пікір алмасу; есептер
      2. Үкімет және Банк белгілі бір уақыт өткеннен кейін тараптардың біреуінің өтініші бойынша кез келген Техникалық көмек бойынша пікір алмасады әрі Консультанттар әзірлеген кез келген есепті және бұл есептерде жасалған кез келген ұсынымдарды іске асыруды талқылайды.
      3. Банк консультанттар дайындаған кез-келген есептерді, банк қолайлы деп есептеген мақсаттар үшін қолдана алады және бұл есептер, егер Үкімет пен Банк арасында өзгеше айтылмаса, жариялануы мүмкін.

       В. Банк одан әрі көрсететін көмек
      4. Кез келген Техникалық көмекті көрсету Банкті Консультанттардың ұсынымдарын іске асыруға қатысты Үкіметке қосымша қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуге міндеттемейді.

       Г. Тоқтата тұру; тоқтату
      5. (а) Үкімет кез келген уақытта Банкке кез келген Техникалық көмекті тоқтату туралы жазбаша өтініш жасай алады.
      (б) Банк кез келген уақытта не Үкіметпен келіскеннен кейін, егер Банктің пікірі бойынша осындай Техникалық көмекті табысты іске асыруға немесе Техникалық көмектің мақсаттарына қол жеткізуге немесе оны жүзеге асыруға кедергі жасайтын немесе кедергі жасауға қауіп төндіретін әлде бір жағдаяттар туындаса, осы Келісімнің немесе тиісті ТК хатының шарттарына сәйкес кез келген Техникалық көмекті тоқтата тұра не тоқтата алады.
      6. Егер әлде бір Техникалық көмек тоқтатыла тұрса не тоқтатылса, Үкімет пен Банк осындай Техникалық көмекке қатысты қажет немесе қажеттілігіне ниет бар барлық келесі іс-әрекетті өздерінің арасында келіседі.

       Д. Консультанттардың жеңілдіктері мен артықшылықтары
      7. Консультанттар Банк үшін жұмысты жүзеге асыратын сарапшылар мәртебесіне ие әрі Азиялық Даму Банкін құру келісімі бойынша осындай сарапшыларға берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтары болуға құқылы. Осы шарттардың қолдануын шектеусіз,
      (і) Банк өзгеге келіскен жағдайдан басқа, оны іске асыру үшін олар тартылған Техникалық көмек шеңберінде олар Консультанттар ретінде жүргізетін барлық іс-әрекетке қатысты Консультанттарға сот қудалауы қолданылмайды;
      (іі) Консультанттарға әрі олардың отбасыларына (егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса) иммиграциялық шектеулер, шетелдік азаматтарды тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтық міндеттері бойынша талаптар қолданылмайды; және
      (ііі) Консультанттар Техникалық көмекті іске асыру мақсаттары үшін не жеке пайдалану үшін шетелдік валютадағы жеткілікті ақша сомасын Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан шетелдік валютадағы осындай ақша сомасын, сондай-ақ онда Консультанттар алған әрі Техникалық көмекті іске асырумен байланысты басқа да ақша сомаларын әкете алады.
      8. Үкімет:
      (і) Консультанттарды және олардың отбасыларын Қазақстан Республикасында олардың болуы үшін қажетті келу әрі шығу визаларымен, тұруға әрі шетелдік валютаны айырбастауға рұқсаттармен және жол жүру құжаттарымен;
      (іі) Консультанттарды сол үшін олар тартылған Техникалық көмек шеңберінде олардың жұмысты жүзеге асыруы үшін қажетті жұмыс істеуі рұқсаттарымен және кез келген басқа да құжаттармен; және
      (ііі) осындай Техникалық көмек үшін қажетті кез келген жабдықтар мен материалдарды және басқа да жеке мүлкін (қажет болған кезде көлік құралдарын қоса алғанда) әрі Консультанттардың және олардың отбасыларының тұрмыстық заттарын кедендік ресімдеуді жүргізуді уақтылы қамтамасыз етуі тиіс.
      9. (а) Үкімет:
      (і) Консультанттар жүргізген әрі кез келген Техникалық көмекті іске асырумен байланысты кез келген төлемдерге;
      (іі) онда пайдаланылатын немесе кейін одан әкетілетін немесе Үкіметтің меншігіне айналатын осындай Техникалық көмекті іске асыру мақсаттарында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кез келген жабдықтарды, көлік құралдарын және материалдарына; және
      (ііі) Консультанттардың және олардың отбасыларының онда пайдаланылатын немесе кейін одан әкетілетін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кез келген жеке мүлкіне (қажет болған кезде көлік құралдарын қоса алғанда) қатысты Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңнамаға сәйкес алынатын барлық салықтарды, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша шығындардан Консультанттарды босатады немесе өзі көтереді.
      (б) Егер (іі) және (ііі) тармақшаларда аталған кез келген мүлік кез келген Техникалық көмек көрсету аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан әкетілмесе әрі Үкіметтің меншігіне айналмаса, Үкіметтің тиісті нормаларына сәйкес не Үкімет пен Консультанттар арасындағы ескертулер шарттарына сәйкес осындай мүлікті елдің ішінде тапсыруға Үкімет рұқсат береді. Егер осындай мүлікті сатып алуды Банк Техникалық көмек шеңберінде қаржыландырса, онда Үкімет пен Банк үшін қанағаттандырарлық шарттармен Үкімет оны Банкке беруі мүмкін.

       Е. Үкіметтің жауапкершілігінің кепілдіктері
      10. Үкімет үшінші тарап Банкке немесе Консультанттарға қарсы қоюы ықтимал кез келген Техникалық көмекпен байланысты немесе одан туындаған кез келген талап-арыз бойынша анықтау үшін жауап береді. Үкімет және Банк осындай іс-әрекет пен олқылықтар Консультанттардың тарабынан жіберілген өрескел қырсыздық немесе саналы бұзушылық деп танылғаннан басқа жағдайларда, Үкімет Банк пен Консультанттарды кез келген Техникалық көмекпен байланысты немесе оған қатысты іс-әрекеттермен немесе олқылықтардан туындаған құн төлеуден, талап-арыздардан немесе жауапкершіліктен босатады.

      1995 жылғы 5 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы Техникалық көмек көрсету туралы негіздемелік келісім мәтінінің осы аудармасы сенімді болып табылатынын куәландырамын.

      Вице-министр

      РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні беріліп отыр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады