Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы N 43-IV Заңы

      Монреальда 2000 жылғы 29 қаңтарда қол қойылған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ КАРТАХЕН
ХАТТАМАСЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы
2000

      Осы Хаттаманың Тараптары,
      Төменде "Конвенция" деп аталатын Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияның Тараптары бола отырып ,
      Конвенцияның 19-бабының 3 және 4-тармақтарына, сондай-ақ 8 g) және 17-баптарына сілтеме жасай отырып ,
      сондай-ақ қарау үшін, атап айтқанда, дер кезіндегі негізделген келісімнің тиісті рәсімдерін әзірлеп, осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесінде алынған және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзаның трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, ол биологиялық қауіпсіздік жөнінде хаттама әзірлеуге қаулы еткен 1995 жылғы 17 қарашадағы Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция Тараптары Конференциясының ІІ/5 шешіміне сүйене отырып ,
      Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде көрсетілген сақтық шараларын қабылдау принципін тағы да қуаттай отырып ,
      осы заманғы биотехнологияның шапшаң таралып отырғанын, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікке оның ықтимал зиянды әсер етуіне байланысты, сонымен бірге адам денсаулығы үшін қауіптерді ескеріп, жұртшылықтың өскелең алаңдаушылығын сезіне отырып ,
      егер осы заманғы биотехнологияны дамытып, оны қоршаған орта мен адам денсаулығы жөнінде тиісті қауіпсіздік шараларын сақтап пайдаланса, ол адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін орасан зор мүмкіндіктер ашатынын мойындай отырып ,
      сондай-ақ шығу тектерінің орталықтары мен генетикалық әртүрлілік орталықтарының адамзат үшін төтенше маңыздылығын тани отырып ,
      тірі өзгертілген ағзаларға байланысты белгілі және ықтимал тәуекелдердің сипаты мен көлеміне жауап қайтару жөніндегі көптеген елдердің, атап айтқанда дамушы елдердің шектеулі мүмкіндіктерін назарға ала отырып ,
      сауда және табиғат қорғау келісімдері орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында бірін бірі толықтырушы келісімдер болуға тиіс екенін мойындай отырып ,
      осы Хаттама кез келген қолданыстағы халықаралық келісімдерге сәйкес Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін өзгертуді көздейтін хаттама ретінде түсіндірілмейтінін атап көрсете отырып ,
      жоғарыда атап көрсетуші бөлікте осы Хаттаманы басқа халықаралық келісімдерге бағындыру мақсаты көзделмейтінін түсінуді бірінші кезекке қоя отырып ,
      МЫНАЛАР ЖАЙЫНДА УАҒДАЛАСТЫ:

1-бап
МАҚСАТ

      Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде айтылған сақтық шараларын қабылдау принципіне сәйкес осы Хаттаманың мақсаты осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзалардың адам денсаулығы үшін тәуекелдерді ескеріп және трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, оларды қауіпсіз беру, өңдеу және пайдалану саласында қорғанудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде көмек көрсету болып табылады.

2-бап
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Әрбір Тарап осы Хаттама шеңберінде көзделген өздерінің міндеттемелерін орындау үшін қажетті және тиісті құқықтық, әкімшілік және басқа да шаралар қабылдайды.

      2. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, Тараптар кез келген тірі өзгертілген ағзалар алу, оларды өңдеу, тасымалдау, пайдалану, беру және сыртқа босату биологиялық әртүрлілік үшін тәуекелдерге жол берілмейтіндей немесе олар азайтылатындай етіп жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы Хаттамада ештеңе де ешқандай жолмен халықаралық құқыққа сәйкес айқындалған мемлекеттердің аумақтық теңізі жөніндегі олардың егемендігіне және мемлекеттер өздерінің ерекше экономикалық аймақтарында және халықаралық құқыққа сәйкес олардың континенттік шельфтерінің шекараларында ие егеменді құқықтары мен юрисдикциясына, сондай-ақ халықаралық құқықта көзделген және тиісті халықаралық құжаттарда бекітілген навигациялық құқықтар мен бостандықтарды барлық мемлекеттердің теңіз және әуе кемелерінің жүзеге асыруына нұқсан келтірмейді.

      4. Осы Хаттамада ештеңе де, осындай шаралар осы Хаттаманың мақсаты мен ережелеріне сәйкес келетін және халықаралық құқық шеңберінде осы Тараптың басқа міндеттемелерімен келісілетін жағдайда, осы Хаттамада көзделгеннен басқа биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөнінде қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін шаралар қолдану жөніндегі Тараптың құқықтарын шектеу ретінде түсіндірілмейді.

      5. Тараптар тиісті жағдайларда бар сараптамалық білімдерді, уағдаластықтарды және адам денсаулығы үшін тәуекелдер саласында құзырлы халықаралық форумдарда атқарылған жұмыстың нәтижелерін назарға алуға ынталандырылады.

3-бап
ТЕРМИНДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін:
      а) "Тараптар Конференциясы" Конвенция Тараптарының Конференциясын білдіреді;

      b) "тұйықталған жүйелерде пайдалану" тірі өзгертілген ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және оған әсер етуін тиімді түрде шектейтін арнайы шаралармен реттелетін осы ағзалармен байланысты қондырғы, құрылыс немесе өзге физикалық құрылым шегінде жүзеге асырылатын кез келген операцияны білдіреді;

      с) "экспорт" бір Тараптан басқа Тарапқа әдейі трансшекаралық орын ауыстыруды білдіреді;

      d) "экспорттаушы" тірі өзгертілген ағзалар экспортын ұйымдастыратын экспорт Тарабының юрисдикциясындағы кез келген заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;

      е) "импорт" басқа Тараптан бір Тарапқа әдейі трансшекаралық орын ауыстыруды білдіреді;

      f) "импорттаушы" тірі өзгертілген ағзалар импортын ұйымдастыратын импорт Тарабының юрисдикциясындағы кез келген заңды немесе жеке тұлғаны білдіреді;

      g) "тірі өзгертілген ағза" осы заманғы биотехнологияны пайдалану нәтижесінде алынған генетикалық материалдың жаңа құрылымына ие кез келген тірі ағзаны білдіреді;

      h) "тірі ағза" таза ағзаларды, вирустар мен вироидтарды қоса алғанда, генетикалық материал бере алатын немесе репликациялай алатын кез келген биологиялық құрылымды білдіреді;

      і) "осы заманғы биотехнология" мыналарды қолдануды білдіреді:
      а. рекобинантты дезоксирибонды нуклеинді қышқылды (ДНК) және
      клеткаларға немесе органеллаларға нуклеинді қышқылдарды
      тікелей егуді қоса алғанда, нуклеинді қышқылдарды
      пайдаланатын in vitro әдістері немесе
      b. таксономикалық мәртебесі әртүрлі ағзалар клеткаларының
      қосылуына негізделген әдістер,
олар табиғи физиологиялық репродуктивті немесе рекомбинациялық тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді және жаңа түр алу мен селекция үшін дәстүрлі әдістер болып табылмайды;

      j) "өңірлік экономикалық интеграция ұйымы" белгілі бір өңірдің егеменді мемлекеттері құрған ұйымды білдіреді, оған ұйымға мүше мемлекеттер осы Хаттамамен реттелетін мәселелер бойынша өкілеттіктер берген және ол өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес Хаттамаға қол қоюға, ратификациялауға, қабылдауға, мақұлдауға немесе оған қосылуға тиісті дәрежеде уәкілеттік алған;

      k) "трансшекаралық орын ауыстыру" 17 және 24-баптардың мақсаттары үшін трансшекаралық орын ауыстыру Тараптардың және Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердің арасында орын ауыстыруға қолданылатын жағдайды қоспағанда, тірі өзгертілген ағзаны бір Тараптан басқа Тарапқа алып келуді білдіреді.

4-бап
ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

      Осы Хаттама адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын барлық тірі өзгертілген ағзаларды трансшекаралық орын ауыстыруға, транзитіне, өңдеуге және пайдалануға қолданылады.

5-бап
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР

      4-баптың ережелеріне қарамастан және импортқа қатысты шешімдер қабылданғанға дейін барлық тірі өзгертілген ағзалар жөніндегі тәуекелдерді ескеруге байланысты Тараптың кез келген құқығына нұқсан келтірмей, осы Хаттама адам үшін фармацевтикалық препараттар болып табылатын тірі өзгертілген ағзалардың трансшекаралық орын ауыстыруларына қолданылмайды, осылай орын ауыстыру тиісті халықаралық келісімдермен немесе ұйымдармен реттеледі.

6-бап
ТРАНЗИТ ЖӘНЕ ТҰЙЫҚТАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДЕ ПАЙДАЛАНУ

      1. 4-баптың ережелеріне қарамастан және тірі өзгертілген ағзаларды өзінің аумағы арқылы тасымалдауды реттеу және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне нақты тірі өзгертілген ағзаның өзінің аумағы арқылы транзитіне қатысты 2-баптың 3-тармағына сәйкес транзит Тарабының кез келген шешімін беру жөніндегі осы Тараптың кез келген құқығына нұқсан келтірмей, дер кезінде негізделген келісу рәсімі жөніндегі осы Хаттаманың ережелері тірі өзгертілген ағзалардың транзиті жағдайында оларға қолданылмайды.

      2. 4-баптың ережелеріне қарамастан және импорт туралы шешімдер қабылданғанға дейін барлық тірі өзгертілген ағзалар жөніндегі тәуекелдерге баға беру және өзінің юрисдикциясы шегінде тұйықталған жүйелерде пайдалану үшін нормалар белгілеу жөніндегі Тараптың кез келген құқығына нұқсан келтірмей, дер кезіндегі негізделген келісім рәсімі жөніндегі осы Хаттаманың ережелері импорт Тарабының нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын тұйықталған жүйелерде пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалардың трансшекаралық орын ауыстыруына қолданылмайды.

7-бап
ДЕР КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗДЕЛГЕН КЕЛІСІМ РӘСІМІН ҚОЛДАНУ

      1. 5 және 6-баптарға сәйкес 8-10 және 12-баптарда бекітілген дер кезіндегі негізделген келісім рәсімі импорт Тарабының қоршаған ортасына әдейі жерсіндіруге арналған тірі өзгертілген ағзаларды алғаш рет әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға дейін қолданылады.

      2. Жоғарыда 1-тармақта еске салып өтілген "қоршаған ортаға әдейі жерсіндірудің" азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзаларға қатысы жоқ.

      3. 11-бап азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалардың алғаш рет трансшекаралық орын ауыстыруына дейін қолданылады.

      4. Дер кезіндегі негізделген келісім рәсімі осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының шешімінде адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете қоймайтын осындай ағзалар ретінде айқындалған тірі өзгертілген ағзаларды әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға қолданылмайды.

8-бап
ХАБАРЛАМА

      1. Экспорт Тарабы 7-баптың 1-тармағының қолданылу аясына жататын тірі өзгертілген ағзаны әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға дейін импорт Тарабының ұлттық құзырлы органын хабардар етеді немесе экспорттаушы оны жазбаша түрде хабардар етуді қамтамасыз етуін талап етеді. Хабарламада ең аз дегенде I қосымшада көрсетілген ақпарат беріледі.

      2. Экспорт Тарабы экспорттаушы берген ақпараттың дәлме-дәлдігі үшін заңдық жауапкершіліктің болуын қамтамасыз етеді.

9-бап
ХАБАРЛАМА АЛУДЫ ҚУАТТАУ

      1. Импорт Тарабы хабарлама алынған күннен кейін тоқсан күн ішінде хабарлама алынғанын хабардар етушіге қуаттайды.

      2. Қуаттауда:

      а) хабарламаның алынған күні;

      b) хабарламада 8-бапта көрсетілген prima facie ақпараттың бар-жоғы;

      с) бұдан былайғы іс-шараларды импорт Тарабының ұлттық регламенттеу базасына сәйкес немесе 10-бапта айқындалған рәсімге сәйкес жүзеге асыруға кірісуге болатын-болмайтыны көрсетіледі.

      3. Жоғарыда 2 с) тармақта еске салып өтілген ұлттық регламенттеу базасы осы Хаттаманың ережелеріне сәйкес келеді.

      4. Импорт Тарабының хабарлама алуын қуаттамауы оның әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға келісім беруін білдірмейді.

10-бап
ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

      1. Импорт Тарабы қабылдайтын шешімдер 15-баптың ережелеріне сәйкес келеді.

      2. Импорт Тарабы 9-бапта көрсетілген кезең бойы әдейі трансшекаралық орын ауыстыру:

      а) импорт Тарабы өзінің келісімін жазбаша түрде бергеннен кейін ғана; немесе

      b) кейіннен жазбаша келісім алмай-ақ кемінде тоқсан күн өткеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін бе, жоқ па - осы жайында хабардар етушіге жазбаша түрде хабарлайды.

      3. Хабарлама алған күннен кейін екі жүз жетпіс күн ішінде импорт Тарабы хабардар етушіге немесе биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне жоғарыда 2 а) тармақта еске салынған өзінің шешімі жайында хабарлап:

      а) белгілі бір шарттармен немесе онсыз импортқа рұқсат беріп, бұл шешім сол тірі өзгертілген ағзаның кейіннен импорттық жеткізіліп берілуіне қалай қолданылатыны туралы ақпаратты қоса жібереді;

      b) импортқа тыйым салады;

      с) өзінің ұлттық регламенттеу базасына немесе I қосымшаға сәйкес тиісті қосымша ақпарат сұратады; импорт Тарабы өзінің жауабын жіберетін мерзімдерді айқындау кезінде импорт Тарабы тиісті қосымша ақпарат күтетін күндер саны есепке алынбайды; немесе

      d) хабардар етушіге осы тармақта көрсетілген мерзімдер белгілі бір кезеңге ұзартылатынын хабарлайды.

      4. Сөзсіз келісім беру жағдайларын қоспағанда, 3-тармақ шеңберінде қабылданатын шешімдерде шешімге негіз болатын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

      5. Егер импорт Тарабы хабарлама алған күннен кейін екі жүз жетпіс күн ішінде өзінің шешімі жайында хабарламаса, бұл оның әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға келісім беруін білдірмейді.

      6. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, импорт Тарабында тірі өзгертілген ағзаның биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсер етуінің көлемдеріне қатысты тиісті ғылыми ақпараттық деректер мен білімдердің жетіспеушілігіне байланысты ғылыми дәлме-дәлдіктің болмауы осындай ықтимал жайсыз әсер етуді болдырмау немесе барынша шектеу мақсатында, жоғарыда 3-тармақта айтылғанындай, осындай тірі өзгертілген ағзаның импортына қатысты тиісті шешім қабылдауда импорт Тарабы үшін тосқауыл бола алмайды.

      7. Тараптар Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде импорт Тарабының шешім қабылдауына жәрдемдесетін тиісті рәсімдер мен тетіктерді айқындайды.

11-бап
АЗЫҚ-ТҮЛІК НЕМЕСЕ ҚОРЕК РЕТІНДЕ НЕМЕСЕ ӨҢДЕУ ҮШІН ТІКЕЛЕЙ
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТІРІ ӨЗГЕРТІЛГЕН АҒЗАЛАР ЖӨНІНДЕГІ РӘСІМ

      1. Азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға трансшекаралық орын ауыстыру объектісі бола алатын тірі өзгертілген ағзаны нарықта өткізуді қоса алғанда, ішкі пайдалану жөнінде түпкілікті шешім қабылдайтын Тарап бұл жайында осындай шешім қабылданғаннан кейін он бес күн ішінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетік арқылы хабарлайды. Осындай ақпарат ең аз дегенде II қосымшада көрсетілген деректерді қамтуға тиіс. Тарап әрбір ақпараттық материалдардың жазбаша көшірмелерін әрбір Тараптың ұлттық үйлестіру орталығына береді, ал ол биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне қолжетімділіктің болмауы жайында хатшылыққа дер кезінде хабарлайды. Бұл ереже далалық сынақтарға қатысты шешімдерге қолданылмайды.

      2. 1-тармаққа сәйкес шешім қабылдайтын Тарап өтінім тапсыратын субъект беретін ақпараттың дәлме-дәлдігіне қатысты заңдық талаптың болуын қамтамасыз етеді.

      3. Кез келген Тарап II қосымшаның b) тармағында көрсетілген органнан қосымша ақпарат сұрата алады.

      4. Тарап азық-түлік немесе қорек ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалардың импортына қатысты осы Хаттаманың мақсаттарына сәйкес келетін шешім қабылдай алады.

      5. Әрбір Тарап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне, егер азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалар болса, олардың импортына қолданылатын кез келген ұлттық заңдардың, нормативтік ережелердің және басшылыққа алынатын принциптердің көшірмелерін береді.

      6. Өзінің ішкі юрисдикциясын жүзеге асыру кезінде және жоғарыда 4-тармақта айтылған ұлттық регламенттеу базасы болмаса, дамушы ел болып табылатын Тарап немесе экономикасы өтпелі ел болып табылатын Тарап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі арқылы азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалардың алғашқы импорттық жеткізіліміне дейін қабылданатын, жоғарыда 1-тармаққа сәйкес ақпарат берілген оның шешімі мынадай өлшемдерге орай қабылданатынын мәлімдей алады:

      а) III қосымшаға сәйкес тәуекелдерді бағалау;

      b) шешімді екі жүз жетпіс күннен аспайтын болжамдалатын мерзімде қабылдау.

      7. Тараптың жоғарыда 6-тармаққа сәйкес өзінің шешімін хабарламау фактісі, егер Тарап өзгеше айтпаса, азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзаның импорты жөніндегі оның келісімін немесе бас тартуын білдірмейді.

      8. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, импорт Тарабында тірі өзгертілген ағзаның биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсер етуінің көлемдеріне қатысты тиісті ғылыми ақпараттық деректер мен білімдердің жетіспеушілігіне байланысты ғылыми дәлме-дәлдіктің болмауы осындай ықтимал жайсыз әсер етуді болдырмау немесе барынша шектеу мақсатында азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған осындай тірі өзгертілген ағзаның импорты жөнінде шешім қабылдауда импорт Тарабы үшін тосқауыл бола алмайды.

      9. Тарап азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалар әлеуетін құруда да қаржылық және техникалық көмек жөніндегі өзінің қажеттіліктерін көрсете алады. Тараптар осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін 22 және 28-баптардың ережелеріне сәйкес ынтымақтастық жасайды.

12-бап
ШЕШІМДЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАУ

      1. Импорт Тарабы кез келген уақытта адам денсаулығы үшін қауіптерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсер ету туралы жаңа ғылыми ақпаратты ескеріп, әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға қатысты шешімді қайта қарап, оны өзгерте алады. Мұндай жағдайда осы Тарап отыз күн ішінде бұл жайында осы шешімде айтылған тірі өзгертілген ағзаның орын ауыстырулары жайында бұдан бұрын хабардар еткен кез келген хабардар етушіге және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне хабарлап, өзінің шешіміне негіз болған дәлелдемелерді баяндайды.

      2. Экспорт Тарабы немесе хабардар етуші импорт Тарабына, егер экспорт Тарабы немесе хабардар етуші:

      а) шешім қабылдауға негіз болған тәуекелдерді бағалау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін жағдаяттардың өзгеруі орын алып отыр; немесе

      b) тиісті қосымша ғылыми немесе техникалық ақпарат пайда болды, деп есептесе, 10-бапқа сәйкес осы мәселе бойынша ол қабылдаған шешімді қайта қарау жөнінде өтініш айта алады.

      3. Импорт Тарабы жазбаша түрдегі осындай өтінішке тоқсан күн ішінде жауап қайтарып, осындай шешімге негіз болған дәлелдемелерді келтіреді.

      4. Импорт Тарабы өзінің қалауы бойынша осыдан кейінгі импорттық жеткізілімдер жөніндегі тәуекелдерге бағалау жүргізуді талап ете алады.

13-бап
ЫҚШАМДАЛҒАН РӘСІМ

      1. Импорт Тарабы осы Хаттаманың мақсатына сәйкес тірі өзгертілген ағзалардың қауіпсіз әдейі трансшекаралық орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданған жағдайда биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігімен:

      а) оған әдейі трансшекаралық орын ауыстыру импорт Тарабын осы орын ауыстыру жайында бір мезгілде хабардар ете отырып жүргізілетін жағдайларды;

      b) дер кезінде негізделген келісім рәсімінің қолданылу аясынан алып тастауға жататын тірі өзгертілген ағзалардың оған импорттық жеткізілімдерін дер кезінде келісіп ала алады.
      Жоғарыда а) тармақшада көзделген хабарламалар сол Тарапқа осыдан кейінгі осындай орын ауыстырулар жағдайында қолданылуы мүмкін.

      2. Жоғарыда 1 а) тармақта еске салынған хабарламада берілуі қажет әдейі трансшекаралық орын ауыстыруға қатысты ақпарат I қосымшада көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуге тиіс.

14-бап
ЕКІЖАҚТЫ, ӨҢІРЛІК ЖӘНЕ КӨПЖАҚТЫ КЕЛІСІМДЕР
МЕН УАҒДАЛАСТЫҚТАР

      1. Тараптар осы Хаттаманың мақсатына сәйкес және осындай келісімдер мен уағдаластықтар Хаттамада көзделгенмен салыстырғанда қорғаудың неғұрлым төмен деңгейіне душар етпейтін жағдайда тірі өзгертілген ағзалардың әдейі трансшекаралық орын ауыстыруларына қатысты екіжақты, өңірлік және көпжақты келісімдер жасаса алады.

      2. Тараптар олар не осы Хаттама күшіне ену күніне дейін, не одан кейін жасалған кез келген осындай екіжақты, өңірлік және көпжақты келісімдер мен уағдаластықтар жайында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі арқылы бірін бірі хабардар етеді.

      3. Осы Хаттаманың ережелері осы келісімдердің немесе уағдаластықтардың тараптары арасындағы осындай келісімдер мен уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылатын әдейі трансшекаралық орын ауыстыруларды қозғамайды.

      4. Кез келген Тарап оның ішкі нормативтік ережелері оған нақты импорттық жеткізілімдер жөнінде қолданылатынын белгілей алады және өзінің шешімі жайында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігін хабардар етеді.

15-бап
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ

      1. Осы Хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын тәуекелдерді бағалау III қосымшаға сәйкес және тәуекелдерді бағалаудың танымал әдістерін есепке ала отырып, ғылыми негізделген түрде жүргізіледі. Тәуекелдерді осылай бағалау, адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, тірі өзгертілген ағзалардың биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсерін анықтау және бағалау мақсатында кем дегенде 8-бапқа сәйкес берілген ақпаратқа және қолда бар басқа да ғылыми деректерге негізделген.

      2. Импорт Тарабы 10-бапқа сәйкес шешім қабылдау үшін тәуекелдерді бағалау жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ол экспорттаушыдан тәуекелдерге бағалау жүргізілуін талап ете алады.

      3. Тәуекелдерге бағалау жүргізілуіне байланысты шығындарды, егер импорт Тарабы осындай талап қойса, хабардар етуші көтереді.

16-бап
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ РЕТТЕУ

      1. Тараптар осы Хаттаманың 8-бабының g) тармағын назарға ала отырып, тірі өзгертілген ағзаларды пайдалануға, өңдеуге және трансшекаралық орын ауыстыруға байланысты тәуекелдерді бағалауға қатысты осы Хаттаманың ережелерінде айқындалған тәуекелдерді реттеу, азайту және бақылау үшін тиісті тетіктер, шаралар және стратегиялар әзірлейді және оларға қолдау білдіріп отырады.

      2. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, импорт Тарабының аумағы шегінде тәуекелдерді бағалау нәтижелеріне негізделген шаралар тірі өзгертілген ағзалардың биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсерін болдырмау үшін қандай дәрежеде қажет болса, сондай дәрежеде енгізіледі.

      3. Әрбір Тарап тірі өзгертілген ағзаны алғаш рет сыртқа босатқанға дейін тәуекелдерге бағалау жүргізуге қатысты талап қою сияқты шараларды қоса алғанда, тірі өзгертілген ағзалардың әдейі трансшекаралық орын ауыстыруына жол бермеу үшін тиісті шаралар қолданады.

      4. Жоғарыда 2-тармақтың ережелеріне нұқсан келтірмей әрбір Тарап кез келген импортталған тірі өзгертілген ағза да, онда алынған осындай ағза да оның болжамды пайдаланылуы басталғанға дейін оның өмірлік цикліне немесе өсімін молайту кезеңіне сәйкес келетін жеткілікті бақылау кезеңінен өтуін қамтамасыз етуге ұмтылады.

      5. Тараптар:

      а) адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер етуі мүмкін тірі өзгертілген ағзаларды немесе тірі өзгертілген ағзалардың нақты нышандарын анықтау; және

      b) осындай тірі өзгертілген ағзалармен немесе нақты нышандармен жұмыс істеу жөнінде тиісті шаралар қолдану мақсатында ынтымақтастық жасайды.

17-бап
ӘДЕЙІ ЖАСАЛМАЙТЫН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ОРЫН АУЫСТЫРУЛАР
ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ШАРАЛАР

      1. Әрбір Тарап, егер оған оның юрисдикциясындағы ауданда, төмендегідей мемлекеттерде, адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға едәуір жайсыз әсер етуі мүмкін тірі өзгертілген ағзаның әдейі жасалмайтын трансшекаралық орын ауыстыруына душар ететін немесе душар етуі мүмкін сыртқа босатуға әкеп соққан оқиға жайында мәлім болса, оның әсеріне ұшыраған немесе ұшырауы ықтимал мемлекеттерді, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігін және қажетті жағдайларда тиісті халықаралық ұйымдарды хабардар ету үшін тиісті шаралар қолданады. Хабарлама осы Тарапқа ғана жоғарыда еске салынған жағдай жайында мәлім бола салысымен бірден жіберіледі.

      2. Әрбір Тарап осы Хаттама осы Тарап үшін күшіне енген күннен кешіктірмей биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне осы бапқа сәйкес хабарлама алу мақсаттары үшін байланыс жасау бекетінің белгіленгені туралы тиісті егжей-тегжейлі ақпарат береді.

      3. Жоғарыда 1-тармаққа сәйкес жіберілетін кез келген хабарлама:

      а) тірі өзгертілген ағзаның болжамды мөлшері және тиісті сипаттамалары және/немесе нышандары туралы қолда бар тиісті ақпаратты;

      b) міндеттемелер және болжамды сыртқа босату күні туралы, сондай-ақ тегі шыққан Тарапта тірі өзгертілген ағзаның пайдаланылуы туралы ақпаратты;

      с) адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсер етуі туралы кез келген қолда бар ақпаратты, сондай-ақ тәуекелді реттеу жөніндегі ықтимал шаралар туралы қолда бар ақпаратты;

      d) кез келген басқа тиісті ақпаратты; және

      е) қосымша ақпарат алу үшін байланыс жасау бекетін көрсетуге тиіс.

      4. Жоғарыда 1-тармақта айтылған тірі өзгертілген ағзаны сыртқа босату көзі юрисдикциясы аясына жататын әрбір Тарап оның әсеріне ұшыраған немесе ұшырауы ықтимал мемлекеттер, адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға кез келген едәуір жайсыз әсерді барынша азайту мақсатында төтенше шараларды қоса алғанда, тиісті жауап әрекеттерді айқындап, қажетті шаралар қолдана алуы үшін олармен дереу консультациялар өткізеді.

18-бап
ӨҢДЕУ, ТАСЫМАЛДАУ, ОРАУ ЖӘНЕ СӘЙКЕСТЕНДІРУ

      1. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсерді болдырмау мақсатында тиісті халықаралық ережелер мен нормаларды назарға алып, осы Хаттаманың қолданылу аясы шеңберінде әдейі трансшекаралық орын ауыстыру объектісі болып табылатын тірі өзгертілген ағзалар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өңделуі, оралуы және тасымалдануы үшін талап етілетін қажетті шараларды қолданады.

      2. Әрбір Тарап ілеспе құжаттамада:

      а) азық-түлік немесе жемшөп ретінде немесе өңдеу үшін тікелей пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалар қосымша ақпарат алу үшін байланыс жасау бекеті көрсетіліп, олар тірі өзгертілген ағзаларды қамтуы мүмкін екені және қоршаған ортаға әдейі жерсіндіруге арналмағаны нақты айқындалуы талап етілетін шаралар қолданады. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы осы мақсат үшін кең көлемді талаптар туралы, оның ішінде сәйкестендіру деректеріне және кез келген ерекше нышандарға қатысты осы Хаттама күшіне енген күннен кейін екі жылдан кешіктірмей шешім қабылдайды;

      b) тұйықталған жүйелерде пайдалануға арналған тірі өзгертілген ағзалар олар жіберіліп отырған адамның аты-жөні мен мекен-жайын және мекеменің атауын қоса алғанда, қосымша ақпарат алу үшін тірі өзгертілген ағзаларды қауіпсіз өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға, байланыс жасау бекетіне қатысты кез келген талаптар көрсетіліп, тірі өзгертілген ағзалар ретінде нақты айқындалуы; және

      с) импорт Тарабының қоршаған ортасына әдейі жерсіндіруге арналған тірі өзгертілген ағзалар және Хаттаманың қолданылу аясына жататын кез келген басқа тірі өзгертілген ағзалар сәйкестендіру деректері мен тиісті нышандар және/немесе сипаттамалар, қосымша ақпарат алу үшін қауіпсіз өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға, байланыс жасау бекетіне қатысты кез келген талаптар және тиісті жағдайларда импорттаушы мен экспорттаушының аты-жөні/атаулары мен мекен-жайлары көрсетіліп және орын ауыстыру экспорттаушыға қолданылатын осы Хаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылып отырғаны туралы декларация болған жағдайда олар тірі өзгертілген ағзалар ретінде нақты айқындалуы талап етілетін шаралар қолданады.

      3. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы сәйкестендіру әдістеріне, өңдеуге, орауға және тасымалдауға, басқа тиісті халықаралық органдармен консультацияларға қатысты нормалар әзірлеу қажеттілігі мен шарттарын қарайды.

19-бап
ҚҰЗЫРЛЫ ҰЛТТЫҚ ОРГАНДАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ
ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

      1. Әрбір Тарап бір ұлттық үйлестіру орталығын тағайындайды, ол оның атынан хатшылықпен арадағы байланыс үшін жауап береді. Әрбір Тарап сондай-ақ осы Хаттама талап ететін әкімшілік функцияларды орындау үшін жауап беретін және осы функциялар жөнінде оның атынан әрекет жасауға уәкілетті бір немесе бірнеше құзырлы ұлттық органдар тағайындайды. Тарап функцияларды орындау үшін үйлестіру орталығы ретінде де, құзырлы ұлттық орган ретінде де бір орган тағайындай алады.

      2. Әрбір Тарап осы Хаттама өзі үшін күшіне енетін күннен кешіктірмей хатшылыққа өзінің үйлестіру орталығы мен құзырлы ұлттық органының немесе органдарының атаулары мен мекен-жайларын хабарлайды. Егер Тарап бірнеше құзырлы ұлттық орган тағайындаса, ол хатшылыққа олар туралы хабарламамен бірге осындай органдардың тиісті міндеттемелеріне қатысты қажетті ақпарат жібереді. Мұны қолдануға болатын жерлерде мұндай ақпарат кем дегенде тірі өзгертілген ағзаның белгілі бір түрімен қандай құзырлы органның айналысатынын көрсетеді. Әрбір Тарап оның ұлттық үйлестіру орталығын тағайындаудағы немесе оның құзырлы ұлттық органының немесе органдарының атауындағы, мекен-жайындағы және міндеттемелеріндегі кез келген өзгерістер жайында хатшылықты дереу хабардар етеді.

      3. Хатшылық жоғарыда 2-тармаққа сәйкес өзі алған хабарламалар жайында Тарапты дереу хабардар етеді, сондай-ақ осындай ақпаратты биологиялық қауіпсіздік жөніндегі тетік арқылы береді.

20-бап
АҚПАРАТ АЛЫСУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЖӨНІНДЕГІ ДЕЛДАЛДЫҚ ТЕТІГІ

      1. Осымен Конвенцияның 18-бабының 3-тармағына сәйкес:

      а) тірі өзгертілген ағзалар жөнінде ғылыми, техникалық, табиғат қорғау және заңдық ақпарат пен тәжірибе алысуға жәрдемдесу;

      b) бұл орайда Тараптар болып табылатын дамушы елдердің, атап айтқанда олардың арасындағы соншалықты дамымаған және шағын дамушы арал мемлекеттерінің және экономикасы өтпелі елдердің, сондай-ақ шығу тегінің орталықтары және генетикалық әртүрлілік орталықтары болып табылатын елдердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, Хаттаманы жүзеге асыруда Тараптарға жәрдемдесу мақсатында құрылған делдалдық тетігінің бөлігі ретінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі тағайындалады.

      2. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігі жоғарыда 1-тармақтың мақсаттары үшін ақпарат таралатын арна қызметін атқарады. Ол Хаттаманы жүзеге асыруға қатысты Тараптар беретін ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ, бұл мүмкін болған жерлерде, биологиялық қауіпсіздік саласында ақпарат алысудың басқа халықаралық тетіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      3. Әрбір Тарап құпия ақпаратты қорғауға нұқсан келтірмей, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне осы Хаттамаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне беру талап етілетін кез келген ақпаратты, сондай-ақ:

      а) Хаттаманы жүзеге асыру үшін кез келген қолданыстағы заңдарды, нормативтік ережелерді және басшылыққа алынатын принциптерді, сондай-ақ дер кезіндегі негізделген келісім рәсімін қолдану үшін Тараптарға қажет ақпаратты;

      b) кез келген екіжақты, өңірлік және көпжақты келісімдер мен уағдаластықтарды;

      с) қажет болған жағдайда олардың құрамындағы өнімдер, нақтылап айтқанда тірі өзгертілген ағзадан алынатын және осы заманғы биотехнологияны пайдалану нәтижесінде алынған, өсім алуға болатын генетикалық материалдың байқауға болатын жаңа үлгілерін қамтитын өңделген материалдар туралы тиісті ақпаратты қоса алғанда, оның регламенттеу процесі шеңберінде жүргізілетін және 15-бапқа сәйкес жүзеге асырылатын тірі өзгертілген ағзалар жөніндегі оның тәуекелдерді бағалау қорытындыларының түйіндемесін немесе экологиялық шолуларды;

      d) тірі өзгертілген ағзалардың импорты немесе оларды сыртқа босату жөніндегі оның түпкілікті шешімін;

      е) дер кезіндегі негізделген келісім рәсімін жүзеге асыру туралы баяндамаларды қоса алғанда, ол 33-бапқа сәйкес ұсынылатын баяндамаларды береді.

      4. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігінің қызметі туралы баяндамалар беруді қоса алғанда, оның жұмыс істеу ережелерін осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде қарап, қабылдайды және бұдан былай мезгіл-мезгіл қайта қарап отырады.

21-бап
ҚҰПИЯ АҚПАРАТ

      1. Импорт Тарабы хабардар етушіге осы Хаттаманың рәсімдеріне сәйкес берілген немесе осы Хаттама бойынша дер кезіндегі негізделген келісім шеңберінде импорттаушы Тарап талап еткен қандай ақпаратты құпия ақпарат ретінде қарау керектігін көрсетуге рұқсат етеді. Мұндай жағдайларда, өтініш бойынша, негіздеме беріледі.

      2. Импорт Тарабы хабардар етуші құпия ақпарат ретінде көрсеткен ақпарат ондай ақпарат болып есептеле алмайды деп шешкен жағдайда ол хабардар етушімен консультациялар өткізеді және кез келген жария етуге дейін, өтініш бойынша, тиісті себептерді баяндап, консультациялар өткізу және жария ету сәтіне дейін шешімді өз ішінде қайта қарау үшін мүмкіндікті қамтамасыз етіп, хабардар етушіге өзінің шешімі жайында хабарлайды.

      3. Әрбір Тарап Хаттамада көзделген дер кезіндегі негізделген келісім рәсімінің тұрғысында алынған кез келген құпия ақпаратты қоса алғанда, осы Хаттама шеңберінде алынған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді. Әрбір Тарап осындай ақпаратты қорғау үшін өзінде рәсімдердің болуын қамтамасыз етеді және осындай ақпараттың құпиялылығын оның меншікті тірі өзгертілген ағзаларына қатысты құпия ақпарат үшін көзделген сенімділікпен салыстырғанда одан кем түспейтін сенімділікпен қорғайды.

      4. Импорт Тарабы осындай ақпаратты, хабардар етуші пайдалануға жазбаша келісім берген жағдайды қоспағанда, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайды.

      5. Егер хабардар етуші хабарламасын кері қайтарып жатса немесе кері қайтарып алса, импорт Тарабы зерттеулер мен талдамалар туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Тарапта және хабардар етушіде өзінің құпиялылығына қатысты келіспеушілік болатын ақпаратты қоса алғанда, коммерциялық және өнеркәсіптік ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      6. Жоғарыда 5-тармаққа нұқсан келтірмейтін мына ақпарат құпия ақпарат болып есептелмейді:

      а) хабардар етушінің аты/атауы және мекен-жайы;

      b) тірі өзгертілген ағзаның немесе ағзалардың жалпы сипаттамасы;

      с) адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ету тәуекелдерін бағалау түйіндемесі; және

      d) төтенше жағдайларда іс-шаралар жүргізудің кез келген әдістері мен жоспарлары.

22-бап
ӘЛЕУЕТ ҚҰРУ

      1. Тараптар биотехнологияны қоса алғанда, адам ресурстарын және биологиялық қауіпсіздік саласында ұйымдық әлеуетті дамушы елдер болып табылатын Тараптарда, атап айтқанда соншалықты дамымаған елдерде және олардың арасындағы шағын дамушы арал мемлекеттерінде және экономикасы өтпелі елдер болып табылатын Тараптарда осы Хаттаманы тиімді түрде жүзеге асыру мақсатында жеке сектордың тартылуына жәрдемдесе отырып, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет болатындай дәрежеде, оның ішінде бар жаһандық, өңірлік, шағын өңірлік және ұлттық мекемелер мен ұйымдар арқылы ынтымақтастық жасайды.

      2. Жоғарыда 1-тармақты жүзеге асырудың ынтымақтастыққа қатысты мақсаттары үшін дамушы елдер, атап айтқанда соншалықты дамымаған елдер және олардың арасындағы шағын дамушы арал мемлекеттері болып табылатын Тараптардың қаржы ресурстарына, Конвенцияның тиісті ережелеріне сәйкес технологиялар мен ноу-хауға мұқтаждығы биологиялық қауіпсіздік саласында әлеует құру кезінде толық дәрежесінде ескерілетін болады. Тараптардың әрқайсысының әртүрлі жағдайларына, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне байланысты әлеует құрудағы ынтымақтастық биотехнологияны тиісті дәрежеде және қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ғылыми және техникалық кадрлар даярлауды, тәуекелдер бағаларын пайдалануды және биологиялық қауіпсіздік мүддесі үшін тәуекелдерді реттеп отыруды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы технологиялық және ұйымдық мүмкіндіктерді кеңейтуді қамтиды. Экономикасы өтпелі елдер болып табылатын Тараптардың қажеттіліктері де биологиялық қауіпсіздік саласында осындай әлеует құруда толық дәрежесінде ескеріледі.

23-бап
ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ХАБАРДАР ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАТЫСУЫ

      1. Тараптар:

      а) адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға байланысты тірі өзгертілген ағзаларды беру, өңдеу және пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жұртшылықты хабардар ету мен оқу-ағартуға және оның қатысуына жәрдемдеседі және ықпал етеді. Бұл орайда Тараптар қажет болған жағдайда басқа мемлекеттермен және халықаралық органдармен ынтымақтастық жасайды;

      b) жұртшылықты хабардар ету және оқу-ағарту жөніндегі қызмет осы Хаттамаға сәйкес импортталуы мүмкін бір топқа жатқызылған тірі өзгертілген ағзалар туралы ақпаратқа қол жеткізу мәселелерін қамтуына күш жұмсайды.

      2. Тараптар өздерінің тиісті заңдары мен нормативтік ережелерін басшылыққа ала отырып, тірі өзгертілген ағзалар жөнінде шешімдер қабылдау процесінде жұртшылықпен ақылдасады және осындай шешімдердің нәтижелерін жұртшылыққа беріп, бұл орайда 21-бапқа сәйкес құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.

      3. Әрбір Тарап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне жұртшылықтың қол жеткізу құралдары жайында өз жұртшылығын хабардар етуге күш жұмсайды.

24-бап
ТАРАПТАР БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР

      1. Тараптардың және Тараптар болып табылмайтын мемлекеттердің арасында тірі өзгертілген ағзаларды трансшекаралық орын ауыстыру осы Хаттаманың мақсаттарына сәйкес келуге тиіс. Тараптар осындай трансшекаралық орын ауыстырулар жөнінде Тараптар болып табылмайтын мемлекеттермен екіжақты, өңірлік және көпжақты келісімдер мен уағдаластықтарға қол жеткізе алады.

      2. Тараптар Тараптар болып табылмайтын мемлекеттерді осы Хаттамаға қосылуға және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетікке өздерінің ұлттық юрисдикциясындағы аудандарда сыртқа босатылатын немесе осы аудандарға әкелінетін немесе олардан әкетілетін тірі өзгертілген ағзалар туралы тиісті ақпарат беруге ынталандырады.

25-бап
ЗАҢСЫЗ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ОРЫН АУЫСТЫРУЛАР

      1. Әрбір Тарап осы Хаттаманы жүзеге асыру жөнінде оның ішкі шараларын бұза отырып жүзеге асырылатын тірі өзгертілген ағзаларды трансшекаралық орын ауыстыруға жол бермеуге және тиісті жағдайларда ол үшін жазалау көздейтін тиісті ішкі шараларды қабылдайды. Мұндай орын ауыстырулар заңсыз деп есептеледі.

      2. Заңсыз трансшекаралық орын ауыстыру болған жағдайда оған қатысты Тарап шығу тегі Тарапынан ол жағдаяттарға байланысты алып кету немесе жою арқылы тиісті тірі өзгертілген ағзаны өз есебінен әкетуді талап ете алады.

      3. Әрбір Тарап биологиялық қауіпсіздік жөніндегі делдалдық тетігіне өзіне қатысты заңсыз трансшекаралық орын ауыстыру оқиғалары туралы ақпарат береді.

26-бап
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР

      1. Осы Хаттама шеңберінде импорт туралы шешім немесе Хаттаманы жүзеге асыруға бағытталған ішкі шараларды әзірлеу кезінде Тараптар өздерінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға тірі өзгертілген ағзалардың жайсыз әсер етуінен туындаған, ең алдымен байырғы және жергілікті қауымдастықтар үшін биологиялық әртүрліліктің құндылығы жөніндегі әлеуметтік-экономикалық ой-пікірлерді ескере алады.

      2. Тараптар ғылыми зерттеулер жүргізу және ең алдымен жергілікті және байырғы қауымдастықтар үшін тірі өзгертілген ағзалармен байланысты кез келген әлеуметтік-экономикалық зардаптар туралы ақпарат алысу кезінде ынтымақтастық жасауға көтермеленеді.

27-бап
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ӨТЕУ

      Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасаушы Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде тірі өзгертілген ағзалардың трансшекаралық орын ауыстырулары салдарынан келтірілген нұқсан үшін жауапкершілік және оны өтеу саласында халықаралық ережелер мен рәсімдерді тиісті дәрежеде әзірлеу жөніндегі процеске осы мәселелер бойынша халықаралық құқықтағы ағымдағы процестерге талдау жасау және оларды тиісті дәрежеде есепке алу негізінде бастамашылық жасайды және осы процесті төрт жыл ішінде аяқтауға күш жұмсайды.

28-бап
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАР

      1. Осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қаржылық ресурстар туралы мәселені қарау кезінде Тараптар Конвенцияның 20-бабының ережелерін ескереді.

      2. Конвенцияның 21-бабына сәйкес құрылған қаржыландыру тетігі оны басқару тапсырылған ұйымдық құрылым арқылы осы Хаттама үшін қаржыландыру тетігі болып табылады.

      3. Осы Хаттаманың 22-бабы арналған әлеуетті құру жөнінде осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасаушы Тараптар Конференциясы жоғарыда 2-тармақта еске салынған қаржыландыру тетігіне қатысты басшылыққа алынатын нұсқауларды әзірлеу кезінде Тараптар Конференциясының қарауы үшін дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және атап айтқанда соншалықты дамымаған елдердің және олардың арасындағы шағын дамушы арал мемлекеттерінің қаржылық ресурстарға мұқтаждығын ескереді.

      4. Жоғарыда 1-тармақтың тұрғысынан алғанда Тараптар сондай-ақ дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және атап айтқанда, соншалықты дамымаған елдердің және олардың арасындағы шағын дамушы арал мемлекеттерінің және экономикасы өтпелі елдер болып табылатын Тараптардың осы Хаттаманы жүзеге асыру мақсаттары үшін әлеует құруда өздерінің қажеттіліктерін айқындау және іске асыру жөніндегі күш-жігері шеңберінде олардың қажеттіліктерін ескереді.

      5. Осы Хаттама қабылданғанға дейін тұжырымдалған басшылыққа алынатын нұсқауларды қоса алғанда, Тараптар Конференциясының тиісті шешімдерінде Конвенцияны қаржыландыру тетігіне берілетін осындай нұсқаулар осы баптың mutatis mutandis ережелері қолданылады.

      6. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар сондай-ақ осы Хаттаманың ережелерін жүзеге асыру үшін екіжақты, өңірлік және көпжақты арналар арқылы қаржылық және технологиялық ресурстар бере алады және дамушы елдер болып табылатын Тараптардың және экономикасы өтпелі елдер болып табылатын Тараптардың осы ресурстарды алуына болады.

29-бап
ОСЫ ХАТТАМА ТАРАПТАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ РЕТІНДЕ ӘРЕКЕТ
ЖАСАУШЫ ТАРАПТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

      1. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайды.

      2. Осы Хаттама Тараптары болып табылмайтын Конвенция Тараптары осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде көрінетін Тараптар Конференциясының кез келген кеңесінің жұмысына бақылаушылар ретінде қатысуы мүмкін. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын жағдайда осы Хаттама шеңберінде шешімдерді оның Тараптары болып табылатын қатысушылар ғана қабылдайды.

      3. Тараптар Конференциясы осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасаған кезде Конвенцияның әлдеқандай Тарабы болып табылатын, алайда сол уақытта осы Хаттама Тарабы болып табылмайтын Тараптар Конференциясы Бюросының кез келген мүшесі осы Хаттама Тараптары өздерінің қатарынан сайлайтын мүшемен алмастырылады.

      4. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасаушы Тараптар Конференциясы осы Хаттама ережелерінің жүзеге асырылуын жүйелі түрде қадағалап отырады және өзінің мандаты шеңберінде оның тиімді түрде орындалуына жәрдемдесу үшін қажет шешім қабылдайды. Ол осы Хаттамаға сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындайды және:

      а) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажет кез келген мәселе бойынша ұсыныстар береді;

      b) осы Хаттаманың ережелерін орындау үшін қажет деп есептелетін қосымша органдар құрады;

      с) қажет болуына қарай білікті халықаралық ұйымдар, үкіметаралық және үкіметтік емес органдар тарапынан қызметтер, жәрдем және ақпарат сұратады және пайдаланады;

      d) осы Хаттаманың 33-бабына сәйкес берілуге тиіс ақпарат жолдаудың нысаны мен кезеңділігін айқындайды және осындай ақпаратты, сондай-ақ кез келген көмекші орган берген баяндамаларды қарайды;

      е) қажет болған жағдайда осы Хаттамаға және оның қосымшаларына түзетулерді, сондай-ақ осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажет деп есептелетін осы Хаттамаға кез келген басқа қосымшаларды қарайды және қабылдайды;

      f) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажет болуы мүмкін басқа да функцияларды орындайды.

      5. Осы Хаттама шеңберінде, Тараптар Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы мәмілеге келіп өзге шешім қабылдауы мүмкін жағдайларды қоспағанда, Тараптар Конференциясы рәсімінің mutatis mutandis ережелері, сондай-ақ Конвенцияның қаржылық ережелері қолданылады.

      6. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының бірінші кеңесін хатшылық осы Хаттама күшіне енген күннен кейін өткізілуі жоспарланған Тараптар Конференциясының бірінші кеңесімен бірге шақырады. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының бұдан кейінгі кезекті кеңестері, егер осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы өзге шешім қабылдамаса, Тараптар Конференциясының кезекті кеңестерімен бірге өткізіледі.

      7. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының кезектен тыс кеңестері осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы бұл қажет деп есептеуі мүмкін кезде немесе хатшылық Тараптар мекен-жайына кез келген Тараптың жазбаша өтініші жолданғаннан кейін алты ай ішінде осы өтінішті Тараптардың кемінде үштен бірі қолдаған жағдайда осындай өтініш бойынша шақырылады.

      8. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік, сондай-ақ олардың мүшесі болып табылатын кез келген мемлекет немесе Конвенция Тараптары болып табылмайтын олардың жанындағы бақылаушылар осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының кеңестеріне бақылаушылар ретінде қатыса алады. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының кеңесіне өздерінің бақылаушылар ретінде қатысқысы келетіні жайында хатшылықты хабардар еткен осы Хаттама қамтитын мәселелер бойынша құзырлы ұлттық немесе халықаралық, үкіметтік немесе үкіметтік емес кез келген органдар немесе мекемелер, егер қатысушы Тараптардың кемінде үштен бірі бұған қарсылық білдірмесе, оған қатысуға жіберілуі мүмкін. Осы бапта көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, бақылаушыларға рұқсат беру және олардың қатысуы жоғарыда 5-тармақта еске салынған рәсімнің ережелерімен реттеледі.

30-бап
КӨМЕКШІ ОРГАНДАР

      1. Конвенция тағайындаған немесе оның шеңберінде тағайындалған кез келген көмекші орган осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының шешіміне сәйкес Хаттамаға қызмет көрсете алады және бұл жағдайда Тараптар Кеңесі осы орган орындауға тиіс функцияларды айқындайды.

      2. Осы Хаттаманың Тараптары болып табылмайтын Конвенция Тараптары кез келген осындай көмекші органдардың кез келген кеңесінің жұмысына бақылаушылар ретінде қатыса алады. Конвенцияның көмекші органы осы Хаттаманың көмекші органы ретінде әрекет жасайтын жағдайларда Хаттама шеңберінде шешімдерді Хаттама Тараптары ғана қабылдайды.

      3. Конвенцияның көмекші органы өзінің функцияларын осы Хаттамаға қатысты мәселелерге байланысты орындайтын жағдайларда, алайда сол уақытта Хаттама Тарабы болып табылмайтын Конвенция Тарабын білдіретін осындай көмекші орган бюросының кез келген мүшесі Хаттама Тараптары өздерінің қатарынан сайлайтын мүшемен алмастырылады.

31-бап
ХАТШЫЛЫҚ

      1. Конвенцияның 24-бабына сәйкес тағайындалған Хатшылық осы Хаттама хатшылығы ретінде әрекет жасайды.

      2. Хатшылық функциялары туралы Конвенцияның 24-бабының 1-тармағы осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.

      3. Хатшылықтың осы Хаттамаға көрсететін қызметтеріне жұмсалатын шығындар басқа шығындардан өзгеше болатын мөлшерде оларды осы Хаттама Тараптары өтейді. Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде осы мақсат үшін қажет тиісті бюджеттік шараларға қатысты шешім қабылдайды.

32-бап
КОНВЕНЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

      Егер осы Хаттамада өзге ереже көзделмесе, Конвенция хаттамаларына қатысты оның ережелері осы Хаттамаға қолданылады.

33-бап
МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ

      Әрбір Тарап осы Хаттама шеңберіндегі өз міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасайды және осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы айқындайтын кезеңділікпен осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясының алдында Хаттаманы жүзеге асыруда ол қолданған шаралар жайында есеп беріп тұрады.

34-бап
САҚТАУ

      Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде осы Хаттама ережелерінің сақталуына және сақталмау оқиғаларын қарауға жәрдемдесу үшін ынтымақтастық рухында пайдаланылатын рәсімдер мен ұйымдық тетіктерді қарайды және бекітеді.
      Осындай рәсімдер мен тетіктер тиісті жағдайларда консультативтік қызметтер немесе көмек көрсетуге қатысты ережелерді көздейді. Олар Конвенцияның 27-бабына сәйкес белгіленген дауларды реттеу рәсімдері мен тетіктеріне қарамастан пайдаланылады және оларға нұқсан келтірмей қолданылады.

35-бап
БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ШОЛУ

      Осы Хаттама Тараптарының Кеңесі ретінде әрекет жасайтын Тараптар Конференциясы осы Хаттама күшіне енгеннен кейін бес жылдан соң және содан кейін кемінде әрбір бес жыл сайын, Хаттаманың рәсімдері мен қосымшаларын бағалауды қоса алғанда, оның тиімділігіне бағалау жүргізеді.

36-бап
ҚОЛ ҚОЮ

      Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының Найробидегі Бөлімшесінде мемлекеттердің және өңірлік экономикалық интеграция ұйымдарының 2000 жылғы 15 мамырдан бастап 26 мамырға дейін және Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі Орталық мекемелерінде 2000 жылғы 5 маусымнан бастап 2001 жылғы 4 маусымға дейін қол қоюы үшін ашық.

37-бап
КҮШІНЕ ЕНУ

      1. Осы Хаттама Конвенция Тараптары болып табылатын мемлекеттердің немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымдарының ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуінші құжат сақтауға тапсырылған күннен бастағанда тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      2. Осы Хаттаманы ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған ол жоғарыда 1-тармаққа сәйкес күшіне енгеннен кейін қосылатын мемлекет немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы үшін Хаттама осындай мемлекет немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзінің құжатын тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні немесе кейінірек не болатынына байланысты осындай мемлекет немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы үшін Конвенция күшіне енетін күні күшіне енеді.

      3. Жоғарыда 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшін өңірлік экономикалық интеграция ұйымы сақтауға тапсырған құжаттардың бірде бірі осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша құжат болып есептелмейді.

38-бап
СІЛТЕМЕЛЕР

      Осы Хаттамаға қандай да болмасын сілтеме жасауға жол берілмейді.

39-бап
ШЫҒУ

      1. Әлдеқандай Тарап үшін осы Хаттама күшіне енген күннен кейін екі жыл өткен соң кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлама жіберіп, Хаттамадан шыға алады.

      2. Осылай шығу Депозитарий хабарлама алған күннен бастап бір жыл өткен соң немесе шығу туралы хабарламада көрсетілуі мүмкін осындай неғұрлым кейінірек мерзімде күшіне енеді.

40-бап
БІРКЕЛКІ МӘТІНДЕР

      Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері біркелкі осы Хаттаманың түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.
      Осыған тиісті дәрежеде уәкілетті төменде қол қойғандар ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРЫП осы Хаттамаға қол қойды.
      Екімыңыншы жылдың жиырма тоғызыншы қаңтарында Монреальда ЖАСАЛДЫ.

I қосымша

8, 10 ЖӘНЕ 13-БАПТАРҒА СӘЙКЕС ХАБАРЛАМАЛАР ШЕҢБЕРІНДЕ
ТАЛАП ЕТІЛЕТІН АҚПАРАТ

      а) Экспорттаушының атауы, мекен-жайы және байланыс жасау деректері.

      b) Импорттаушының атауы, мекен-жайы және байланыс жасау деректері.

      с) Экспорт мемлекетіндегі тірі өзгертілген ағзаның атауы, сәйкестендіру деректері және, осындай бар болса, қауіпсіздік деңгейінің ұлттық сыныптамасы.

      d) Егер осындайлар белгілі болса, трансшекаралық орын ауыстыруды жүзеге асырудың болжамды күні немесе күндері.

      е) Биологиялық қауіпсіздікке қатысты реципиент-ағзаның немесе ата-аналық ағзалардың таксономикалық мәртебесі, жалпыға бірдей қабылданған атауы, жинау немесе сатып алу бекеті, сондай-ақ олардың сипаттамалары.

      f) Реципиент-ағзаның және/немесе ата-аналық ағзалардың, егер мұндайлар белгілі болса, шығу тегінің орталықтары мен генетикалық әртүрлілік орталықтары және ағзалар тірі қалу немесе тез көбеюі үшін жағдайларға ие болуы мүмкін мекендеу орындарының сипаттамасы.

      g) Биологиялық қауіпсіздікке қатысты донор-ағзаның немесе донор-ағзалардың таксономикалық мәртебесі, жалпыға бірдей қабылданған атауы, жинау немесе сатып алу бекеті, сондай-ақ олардың сипаттамалары.

      h) Нуклеинді қышқылдың немесе жерсіндірілген үлгінің, пайдаланылатын әдістің, сондай-ақ тірі өзгертілген ағзаның алынған сипаттамаларының сипаттамасы.

      і) Тірі өзгертілген ағзаның немесе оның құрамындағы өнімдердің, яғни тірі өзгертілген ағзадан алынатын және осы заманғы биологиялық технологияны қолдану нәтижесінде алынған өсімі молайтылып отырған генетикалық материалдың табуға болатын жаңа үлгілерін қамтитын өңделген материалдардың болжамды пайдаланылуы.

      j) Берілуге тиіс тірі өзгертілген ағзаның мөлшері немесе көлемі.

      k) III қосымшаға сәйкес өткізілген тәуекелдерді бағалау туралы осының алдындағы немесе қазір қолда бар баяндама.

      l) Орауға, таңбалауға, құжаттамаға, алып кетуге және бұл қажет болған жерлерде төтенше жағдайлар туындаса, шаралар қолдануға қатысты рәсімдерді қоса алғанда, қауіпсіз өңдеуді қамтамасыз етудің, сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ұсынылып отырған әдістері.

      m) Экспорт мемлекетінің аумағы шегінде тірі өзгертілген ағзаның регламенттеу мәртебесі (мәселен, оған экспорт мемлекетінде тыйым салынған ба; басқа шектеулер бар ма; немесе оны жалпы сыртқа босатуға рұқсат берілген бе) және экспорт мемлекетінде тірі өзгертілген ағзаға тыйым салынған жағдайда осындай тыйым салуға негіз болған себепті немесе себептерді баяндау.

      n) Берілуге тиіс тірі өзгертілген ағзаға қатысты экспорттаушының басқа үкіметтерге жолдаған кез келген хабарламасының нәтижесі және осындай хабарлама жолдаудың мақсаты.

      о) Ақпараттың нақты дәлме-дәлдігін қуаттау туралы өтініш.

II қосымша

11-БАПҚА СӘЙКЕС АЗЫҚ-ТҮЛІК НЕМЕСЕ ЖЕМШӨП РЕТІНДЕ НЕМЕСЕ
ӨҢДЕУ ҮШІН ТІКЕЛЕЙ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТІРІ ӨЗГЕРТІЛГЕН
АҒЗАЛАР ЖӨНІНДЕ ТАЛАП ЕТІЛЕТІН АҚПАРАТ

      а) Ішкі пайдалану үшін өтінім беретін субъектінің атауы және байланыс жасау деректері.

      b) Шешім қабылдау үшін жауапты органның атауы және байланыс жасау деректері.

      с) Тірі өзгертілген ағзаның атауы және сәйкестендіру деректері.

      d) Гендік модификацияның, қолданылатын әдістің және осының нәтижесінде алынған тірі өзгертілген ағза мінездемелерінің сипаттамасы.

      е) Тірі өзгертілген ағзаның кез келген ерекше сәйкестендіру деректері.

      f) Биологиялық қауіпсіздікке қатысты реципиент-ағзаның немесе ата-аналық ағзалардың таксономикалық мәртебесі, жалпыға бірдей қабылданған атауы, жинау немесе сатып алу бекеті, сондай-ақ олардың сипаттамалары.

      g) Реципиент-ағзаның және/немесе ата-аналық ағзалардың, егер мұндайлар белгілі болса, шығу тегінің орталықтары мен генетикалық әртүрлілік орталықтары және ағзалар тірі қалу немесе тез көбеюі үшін жағдайларға ие болуы мүмкін мекендеу орындарының сипаттамасы.

      h) Биологиялық қауіпсіздікке қатысты донор-ағзаның немесе донор-ағзалардың таксономикалық мәртебесі, жалпыға бірдей қабылданған атауы, жинау немесе сатып алу бекеті, сондай-ақ олардың сипаттамалары.

      і) Тірі өзгертілген ағзаны қолданудың бекітілген түрлері.

      j) III қосымшаға сәйкес тәуекелдерді бағалау туралы баяндама.

      k) Тиісті жағдайларда орауды, таңбалауды, құжаттаманы, төтенше жағдайлар туындаса, алып кету рәсімін қоса алғанда, қауіпсіз өңдеудің, сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың ұсынылып отырған әдістері.

III қосымша

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ

      Мақсат

      1. Осы Хаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын тәуекелдерге бағалау жүргізудің мақсаты адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, ықтимал қабылдаушы ортада тірі өзгертілген ағзалардың биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға ықтимал жайсыз әсерін анықтау және бағалау болып табылады.

      Тәуекелдерді бағалауды пайдалану

      2. Тәуекелдерді бағалау нәтижелерін, атап айтқанда, құзырлы органдар тірі өзгертілген ағзалар жөнінде негізделген шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.

      Негізгі принциптер

      3. Тәуекелдерді бағалау ғылыми негізделген және транспаренттік жолмен жүзеге асырылуы тиіс және оны жүргізу кезінде тиісті халықаралық ұйымдар әзірлеген сараптамалық ұсыныстар мен басшылыққа алынатын ережелер ескерілуі мүмкін.

      4. Ғылыми білімдердің немесе ғылыми мәміленің болмауы міндетті түрде тәуекелдің орын алуының белгілі бір деңгейінің көрсеткіші, тәуекелдің болмауы немесе тәуекелдің қолайлылығы ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

      5. Тірі өзгертілген ағзалармен немесе олардың құрамындағы өнімдермен, яғни тірі өзгертілген ағзадан алынатын және осы заманғы биологиялық технологияны қолдану нәтижесінде алынған өсімі молайтылып отырған генетикалық материалдың табуға болатын жаңа үлгілерін қамтитын өңделген материалдармен байланысты тәуекелдер әбден ықтимал қабылдаушы ортада модификацияланбаған реципиенттер немесе ата-аналық ағзалар туғызатын тәуекелдер тұрғысынан қаралуға тиіс.

      6. Тәуекелдерді бағалау жеке негізде жүзеге асырылуы тиіс. Талап етілетін ақпарат тиісті тірі өзгертілген ағзаға, оның болжамды пайдаланылуына және әбден ықтимал қабылдаушы ортаға байланысты әрбір нақты жағдайда егжей-тегжейлі түсіндіру сипаты мен деңгейі бойынша өзгешеленуі мүмкін.

      Әдістеме

      7. Бір жағынан алғанда, тәуекелдерді бағалау үшін бағалау процесін жүзеге асыру барысында анықталуы және сұратылуы мүмкін нақты мәселелер бойынша қосымша ақпарат қажет болуы ықтимал, ал басқа жағынан алғанда - кейбір жағдайларда өзге аспектілері бойынша ақпараттың көкейтесті болмай қалуы мүмкін.

      8. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін тәуекелдерді бағалау, қажет болуына қарай, мына кезеңдерді қамтуға тиіс:

      а) адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, әбден мүмкін қабылдаушы ортада биологиялық әртүрлілікке жайсыз әсер ету мүмкін тірі өзгертілген ағзамен байланысты кез келген жаңа генотиптік және фенотиптік сипаттамаларды анықтау;

      b) тірі өзгертілген ағзаның әбден мүмкін қабылдаушы ортаға әсер етуінің қарқындылығы мен сипатын ескере отырып, осындай жайсыз зардаптардың нақты пайда болуы мүмкіндігінің деңгейін бағалау;

      с) осындай жайсыз ету шын мәнінде орын алатын жағдайда зардаптарды бағалау;

      d) орын алу мүмкіндігін және анықталған жайсыз әсер ету зардаптарын бағалау негізінде тірі өзгертілген ағза туғызатын жиынтық тәуекелді бағалау;

      е) егер қажет болса, осындай тәуекелдерді реттеу үшін стратегияларды айқындауды қоса алғанда, тәуекелдер қолайлы немесе реттелмелі тәуекелдер ме, жоқ па - осы жөнінде ұсыныстар беру;

      f) тәуекелдің деңгейіне қатысты айқындылық болмаған жағдайларда ахуал нақты толғандыратын мәселелер бойынша қосымша ақпарат сұрату жолымен немесе тәуекелдерді реттеудің тиісті стратегияларын іске асыру және/немесе қабылдаушы ортадағы тірі өзгертілген ағзаның мониторингі есебінен шешілуі мүмкін.

      Есепке алуға арналған мәселелер

      9. Белгілі бір жағдайға байланысты тәуекелдерге бағалау жүргізу кезінде мына аспектілер бойынша тән элементтерге қатысты егжей-тегжейлі тиісті ғылыми-техникалық деректер ескеріледі:

      а) реципиент-ағза немесе ата-аналық ағзалар . Егер ағзалардың таксономикалық мәртебесі, жалпыға бірдей қабылданған атауы, шығу тегі, шығу тегінің орталықтары және генетикалық әртүрлілік орталықтары туралы ақпарат белгілі болса, онда оларды қоса алғанда, реципиент-ағзаның немесе ата-аналық ағзалардың биологиялық сипаттамалары және ағзалар өздерінің тіршілік етуі немесе тез көбеюі үшін жағдайларға ие болуы мүмкін мекендеу орындарының сипаттамасы;

      b) донор-ағза немесе донор-ағзалар . Донор-ағзалардың таксономикалық мәртебесі және жалпыға бірдей қабылданған атауы, көзі және тиісті биологиялық сипаттамалары;

      с) вектор . Ондайлар бар болса, вектордың сәйкестендіру деректерін қоса алғанда, оның сипаттамалары, оның шығу тегінің көзі мен оның қожайындарының тобы;

      d) модификация сынасы немесе сыналары және/немесе оның сипаттамалары . Жерсіндірілген нуклеинді қышқылдың генетикалық сипаттамалары және жерсіндірілген модификацияның ол айқындайтын функциясы және/немесе оның сипаттамалары;

      е) тірі өзгертілген ағза . Тірі өзгертілген ағзаның сәйкестендіру деректері және тірі өзгертілген ағзаның биологиялық сипаттамалары мен реципиент-ағзаның немесе ата-аналық ағзалардың биологиялық сипаттамалары арасындағы өзгешеліктер;

      f) тірі өзгертілген ағзаны табу және оны сәйкестендіру . Табу мен сәйкестендірудің ұсынылып отырған әдістері және олардың дәлме-дәлдігі, сезімталдығы мен сенімділігі;

      g) болжамды пайдалану түріне қатысты ақпарат . Реципиент-ағзамен немесе ата-аналық ағзалармен салыстырғанда жаңа немесе өзгертілген пайдалану түрін қоса алғанда, тірі өзгертілген ағзаның болжамды пайдалану түріне қатысты ақпарат; және

      h) қабылдаушы орта . Барынша ықтимал қабылдаушы ортадағы биологиялық әртүрлілік және шығу тегінің орталықтары туралы тиісті ақпаратты қоса алғанда, оның орналасқан жері, географиялық, климаттық және экологиялық сипаттамалары туралы ақпарат.

      Осымен бұл мәтін 2000 жылғы 29 қаңтарда Монреальда жасалған Биологиялық саналуандық туралы конвенцияға Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен Хаттамасының расталған аудармасы болып табылатынын куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Орман
      және аңшылық шаруашылығы
      комитетінің төрағасы                              Н. Хадыркеев

"Биологиялық әртүрлілік туралы" конвенция
(Рио-де-Жанейро, 1992 жылғы 5 шілде)

Кіріспе

      Уағдаласушы Тараптар,
 

      биологиялық әртүрліліктің баға жетпес құндылығын, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің және оның компоненттерінің экологиялық, генетикалық, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, тәрбиелік, мәдени, рекреациялық және эстетикалық маңызын сезіне отырып, сондай-ақ тіршілікті қолдайтын биосфера жүйелерінің эволюциясы және оларды сақтау үшін биологиялық әртүрліліктің зор маңызын сезіне отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау бүкіл адамзаттың ортақ міндеті болып табылатынын қуаттай отырып, мемлекеттер өздерінің дербес биологиялық ресурстарына егеменді құқықтарға ие екенін тағы да қуаттай отырып, сондай-ақ адам қызметінің кейбір түрлерінің салдарынан биологиялық әртүрліліктің елеулі түрде қысқарып бара жатқанына алаңдаған мемлекеттер өздерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау және өздерінің биологиялық ресурстарын орнықты пайдалану үшін жауаптылықта болатынын қуаттай отырып, биологиялық әртүрлілікке қатысты ақпарат пен білімнің жалпы жетіспейтінін және тиісті шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруға негіз болатын осы проблеманы жалпы түсінуді қамтамасыз ету мақсатында ғылыми, техникалық және ұйымдастыру әлеуетін дамытудың сөзсіз қажеттілігін сезіне отырып, биологиялық әртүрліліктің оның көзінде едәуір мөлшерде қысқару немесе жоғалу себептерін көре білу, оған жол бермеу және жою қажеттігін атап өте отырып, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің едәуір мөлшерде қысқарып немесе жоғалып кетуінің қатері орын алған жағдайларда даусыз ғылыми факторлардың болмауы осындай қатерді жою немесе барынша азайту үшін шаралар қолдануды кейінге қалдыруға себеп болмауға тиіс екенін атап өте отырып, бұдан әрі биологиялық әртүрлілікті сақтаудың негізгі шарты экожүйелерді in-situ және табиғи мекендеу орындарын сақтау, тіршілікке қабілетті түрлер таралымдарын олардың табиғи жағдайларында қолдау және қалпына келтіру болып табылатынын атап өте отырып, бұдан әрі ех-situ шараларын негізінен шыққан елінде қолданудың да зор маңызы бар екенін атап өте отырып, дәстүрлі өмір салтының сақтаушылары болып табылатын көптеген жергілікті қауымдар мен байырғы халықтың биологиялық ресурстарға тым және дәстүрлі тәуелділігін және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және оның компоненттерін орнықты пайдалануға қатысы бар дәстүрлі білімдерді, жаңалықтарды және практиканы пайдаланумен байланысты пайдалармен әділетті негізде бірлесіп пайдалану қажеттігін мойындай отырып, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау мен пайдалану ісінде әйелдердің атқаратын өмірлік маңызды рөлін мойындай отырып және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған саясатты жасауға және жүзеге асыруға барлық деңгейде әйелдердің толық көлемді қатысуы қажеттігін қуаттай отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау және оның компоненттерін орнықты пайдалану ісінде мемлекеттер мен үкіметаралық ұйымдардың және мемлекеттік емес сектордың арасындағы халықаралық, аймақтық және жаһандық ынтымақтастықтың маңызын және оны көтермелеу қажеттігін атап көрсете отырып, жаңа және қосымша қаржы ресурстарын беру және тиісті технологияларға қажетті қолжетімділікті қамтамасыз ету жолмен биологиялық әртүрлілікті жоғалту проблемасын шешу үшін дүние жүзінде бар мүмкіндіктерді елеулі түрде кеңейтуге болатынын мойындай отырып, бұдан әрі жаңа және қосымша қаржы ресурстарын беруді және тиісті технологияларға қажетті қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, дамушы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы ереже қажет болатынын мойындай отырып, осыған байланысты онша дамымаған елдер мен шағын арал мемлекеттерінің ерекше жағдайларын атап өте отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау едәуір мөлшерде күрделі қаржыны талап ететінін және осындай күрделі қаржыдан көптеген экологиялық, экономикалық және әлеуметтік пайдалар алынады деп күтіліп отырғанын мойындай отырып, экономикалық және әлеуметтік даму және кедейлікті жою дамушы елдердің ең бірінші және басым міндеттері болып табылатынын мойындай отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және ұтымды пайдаланудың азық-түлік пен денсаулық сақтаудағы қажеттіліктерді, Жер шарының көбейіп бара жатқан халқының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шешуші маңызы бар екенін және генетикалық ресурстарға да, технологияларға да қолжетімділіктің және оларды бірлесіп пайдаланудың осы міндеттерді шешу үшін зор маңызы бар екенін сезіне отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалану сайып келгенде мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтатынын және бүкіл адамзат үшін бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесетінін атап өте отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау және оның компоненттерін орнықты пайдалану туралы қазіргі халықаралық келісімдерді нығайтуға және толықтыруға ниет білдіре отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға бекем бел буа отырып, төмендегілер жайында уағдаласты:

      1-бап. Мақсаттар

      Конвенцияның тиісті ережелеріне сәйкес қол жеткізуге ұмтылу қажет оның мақсаттары биологиялық әртүрлілікті сақтау, оның компоненттерін орнықты пайдалану және генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайдаларды, оның ішінде генетикалық ресурстарға қажетті қолжетімділік беру жолымен және осындай ресурстар мен технологияларға барлық құқықтарды ескере отырып тиісті технологияларды тиісті дәрежеде беру жолымен, сондай-ақ ойдағыдай қаржыландыру жолымен алынатын пайдаларды әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп алу болып табылады.

      2-бап. Терминдерді пайдалану

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
 

      "Биологиялық әртүрлілік" өзгелердің арасында өздері бөлігі болып табылатын жердегі, судағы және басқа да су экожүйелері мен экологиялық кешендер болып табылатын барлық көздердегі тірі ағзалардың саналуандығын білдіреді; бұл ұғым түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілікті және экожүйелердің әртүрлілігін қамтиды.
 

      "Биологиялық әртүрлілік" генетикалық ресурстарды, ағзаларды немесе олардың бөліктерін, таралымдарын немесе адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар экожүйелердің кез келген басқа биотехникалық компоненттерін қамтиды.
 

      "Биотехнология" өнімдерді немесе процестерді нақты пайдалану мақсатында оларды жасау немесе өзгерту үшін биологиялық жүйелерді, тірі ағзаларды немесе олардың бөліктерін пайдаланумен байланысты технологиялардың кез келген түрін білдіреді.
 

      "Генетикалық ресурстардың шыққан елі" in-situ шарттарымен осы ресурстарға ие елді білдіреді.
 

      "Генетикалық ресурстарды беретін ел" жабайы түрлердің де, қолға үйретілген түрлердің де таралымдарын қоса алғанда, in-situ көздерінен жиналған не олар осы елден шыққан ба, жоқ па - осыған қарамастан ех-situ көздерінен алынған генетикалық ресурстарды беретін елді білдіреді.
 

      "Қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлер" адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында эволюция процесіне әсер ететін түрлерді білдіреді.
 

      "экожүйе" өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың жансыз қоршаған ортасының бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекет жасайтын қауымдастықтарының серпінді кешенін білдіреді.
 

      "Ех-situ сақтау" биологиялық әртүрлілік компоненттерінің табиғи мекендеу орындарынан тысқары жерлерде оларды сақтауды білдіреді.
 

      "Генетикалық материал" мұрагерліктің функционалдық бірліктерін қамтитын өсімдіктік, жануарлық, микробтық немесе өзге шығу тегінің кез келген материалын білдіреді.
 

      "Генетикалық ресурстар" нақты немесе ықтимал құндылықты білдіретін генетикалық материалды білдіреді.
 

      "Мекендеу орыны" сол немесе басқа ағза немесе таралым мекендейтін жердің тұрпатын немесе олардың табиғи мекендеу орнын білдіреді.
 

      "Іn-situ жағдайлары" экожүйелер мен табиғи мекендеу орындары шеңберінде генетикалық ресурстар өмір сүретін жағдайларды, ал қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлерге қатысты - олар өздерінің ерекшелік белгілеріне ие болған ортадағы жағдайларды білдіреді.
 

      "Іn-situ сақтау" экожүйелер мен табиғи мекендеу орындарын сақтауды, ал түрлердің тіршілікке қабілетті таралымдарын олардың табиғи ортасында ұстауды және қалпына келтіруді, ал қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлерге қатысты - олар өздерінің ерекшелік белгілеріне ие болған ортада ұстауды және қалпына келтіруді білдіреді.
 

      "Қорғалатын аудан" нақты табиғат қорғау мақсаттарына қол жеткізу үшін бөлінетін, реттелетін және пайдаланылатын географиялық жағынан белгіленген аумақты білдіреді.
 

      "Өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымы" осы өңірдің егемен мемлекеттері құрған, оған мүше-мемлекеттер осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша өкілеттіктерді берген және өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес Конвенцияға қол қоюға, ратификациялауға, қабылдауға, мақұлдауға немесе оған қосылмауға уәкілетті ұйымды білдіреді.
 

      "Орнықты пайдалану" биологиялық әртүрлілік компоненттерін ұзақ мерзімді перспективада биологиялық әртүрліліктің сарқылуына әкеп соқпайтындай жолмен және қарқынмен пайдаланып, сол арқылы қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың ой-арманына жауап беру жөніндегі оның қабілетін сақтауды білдіреді.
 

      "Технология" биотехнологияны қамтиды.

      3-бап. Принцип

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық құқықтың принциптеріне сәйкес мемлекеттердің қоршаған орта саласындағы өздерінің саясатына орай өздерінің дербес ресурстарын жасауға егемен құқығы бар және олардың юрисдикциясы шеңберіндегі немесе олардың бақылауындағы қызмет басқа мемлекеттердің немесе ұлттық юрисдикциясы қолданылатын жерлерден тысқары аудандардың қоршаған ортасына нұқсан келтірмеуін қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.

      4-бап. Юрисдикция аясы

      Басқа мемлекеттердің құқықтары сақталған жағдайда және егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмегені айқын болса, осы Конвенцияның ережелері әрбір Уағдаласушы тарап жөнінде:

      а) оның ұлттық юрисдикциясы шегінде биологиялық әртүрлілік компоненттеріне қатысты;

      b) оның ұлттық юрисдикциясы шегінде де, ұлттық юрисдикциясынан тысқары жерлерде де жүзеге асырылатын процестер мен қызметтің зардаптары байқалатын орындарға қарамастан соларға қатысты қолданылады.

      5-бап. Ынтымақтастық

      Биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану мақсатында әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және орынды болса, басқа Уағдаласушы Тараптармен тікелей немесе, егер бұл орынды болса, құзыретті халықаралық ұйымдар арқылы ұлттық юрисдикциядан тысқары аудандар жөнінде және өзара қызығушылық туғызатын басқа мәселелер бойынша ынтымақтастық жасайды.

      6-бап. Сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі жалпы шаралар

      Әрбір Уағдаласушы Тарап оның нақты жағдайларына және мүмкіндіктеріне сәйкес:

      а) биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ұлттық стратегияларын, жоспарларын немесе бағдарламаларын әзірлейді немесе осы мақсатпен, атап айтқанда, тиісті Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Конвенцияда баяндалған шараларды көрсететін қазір бар стратегияларды, жоспарларды немесе бағдарламаларды бейімдейді; және

      b) тиісті секторалдық немесе сектораларалық жоспарларда, бағдарламаларда және саясатта, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса, биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі шараларды көздейді.

      7-бап. Айқындама және мониторинг

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса, атап айтқанда, 8-10-баптардың мақсаттары үшін:

      а) I қосымшада келтірілген санаттардың мөлшерлі тізбесін ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалану үшін зор маңызы бар оның компоненттерін айқындайды;

      b) сақтау жөнінде кезек күттірмес шараларды қажет ететіндерге, сондай-ақ орнықты пайдалану үшін барынша мол мүмкіндіктер ашатындарға ерекше назар аудара отырып, үлгілерді іріктеп алу және басқа әдістер арқылы жоғарыдағы а) тармақшасына сәйкес айқындалған биологиялық әртүрлілік компоненттерінің мониторингін жүзеге асырады;

      с) биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға елеулі түрде жайсыз әсер ететін немесе осылай әсер етуі мүмкін қызмет процестері мен санаттарын айқындайды және үлгілер іріктеп алу және басқа әдістер арқылы олардың зардаптарына мониторинг жүргізеді; және

      d) жоғарыдағы а), b) және с) тармақшаларына сәйкес айқындау және мониторинг жөніндегі іс-шаралардың нәтижесінде алынған деректерді жинайды және белгілі бір жолмен жүйеге салады.

      8-бап. Іn-situ сақтау

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса:

      а) қорғалатын аудандардың немесе биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін арнайы шаралар қолдану қажет қорғалатын аудандардың жүйесін құрады;

      b) қажет болған жағдайда, қорғалатын аудандарды немесе биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін арнайы шаралар қолдану қажет қорғалатын аудандарды іріктеудің, құрудың және ұтымды пайдаланудың басшылыққа алынатын принциптерін әзірлейді;

      с) қорғалатын аудандарда немесе олардан тысқары жерлерде биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін, оларды сақтау мен орнықты пайдалану үшін зор маңызы бар биологиялық ресурстарды реттейді немесе ұтымды пайдаланады;

      d) экожүйелерді, түрлердің тіршілікке қабілетті таралымдарының табиғи мекендеу орындарын қорғауға және оларды табиғи жағдайларда сақтауға жәрдемдеседі;

      е) қорғалатын аудандарға іргелес аудандарды қорғауға жәрдемдесу мақсатында осы аудандарда экологиялық негізделген және орнықты дамуды көтермелейді;

      f) азып-тозған экожүйелерді оңалту және қалпына келтіру жөнінде шаралар қолданады және қауіп төнген түрлерді қалпына келтіруге, атап айтқанда, ұтымды пайдаланудың жоспарларын және басқа стратегияларын әзірлеу мен жүзеге асыру арқылы қалпына келтіруге жәрдемдеседі;

      g) сондай-ақ адам денсаулығы үшін қауіпті де ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалануға зиянды әсер ете алатын зиянды экологиялық зардаптары болуы мүмкін биотехнологияның нәтижесі болып табылатын тірі өзгертілген ағзаларды пайдалануға және босатуға байланысты тәуекелді реттеу, бақылау немесе шектеу құралдарын белгілейді немесе ұстанады;

      h) экожүйелерге, мекендеу орындарына немесе түрлерге қатер төндіретін бөгде түрлерді жерсіндірудің алдын алады, осындай жат түрлерге бақылау жасайды немесе жояды;

      і) биологиялық әртүрлілікті сақтап және оның компоненттерін орнықты пайдаланып, пайдаланудың қазіргі тәсілдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қажет жағдайларды жасауға ұмтылады;

      j) өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдалану үшін маңызы бар дәстүрлі өмір салтын көрсететін байырғы және жергілікті қауымдардың білімдерін, жаңалықтарын және практикасын құрметтеуді, сақтауды және қолдауды қамтамасыз етеді, осындай білімдер, жаңалықтар және практика иелерінің мақұлдауымен және қатысуымен олардың кеңінен қолданылуына жәрдемдеседі, сондай-ақ осындай білімдерді, жаңалықтарды және практиканы қолданудан келетін пайдаларды әділетті негізде бірлесіп пайдалануды көтермелейді;

      k) қауіп төнген түрлер мен таралымдарды қорғау үшін қажетті заңнама нормаларын және/немесе басқа реттеуші ережелерді әзірлейді немесе жүзеге асырады;

      l) 7-бапқа сәйкес биологиялық әртүрлілікке елеулі түрде жайсыз әсер ету фактісі анықталған жағдайда тиісті қызмет процестері мен санаттарын реттейді немесе регламенттейді; және

      m) әсіресе дамушы елдерде жоғарыдағы а)-1) тармақшаларында баяндалған in-situ сақтау шараларына қаржылық және өзге қолдау көрсетуде ынтымақтастық жасайды.

      9-бап. Ех-situ сақтау

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса және бірінші кезекте in-situ шараларын толықтыру мақсатында:

      а) негізінен биологиялық әртүрлілік компоненттері шыққан елде осындай компоненттердің ех-situ сақтау үшін шаралар қолданады;

      b) негізінен генетикалық ресурстар шыққан елде өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар ех-situ сақтау және зерттеу үшін жағдайлар жасайды және оларға қолдау көрсетеді;

      с) қауіп төнген түрлерді сақтау және оңалту үшін және тиісті жағдайлар болған кезде оларды табиғи мекендеу орындарына қайта жерсіндіру үшін шаралар қолданады;

      d) жоғарыдағы с) тармақшасына сәйкес ех-situ арнайы уақытша шараларын қабылдау қажет емес жағдайларды қоспағанда, ех-situ экожүйелері мен таралымдарына қатер төндірмеу үшін ех-situ сақтау мақсаттарын көздеп, табиғи мекендеу орындарынан биологиялық ресурстар жинауды регламенттейді және реттейді; және

      е) жоғарыдағы а)-d) тармақшаларында баяндалған сақтау шараларына қаржылық және өзге қолдау көрсетуде, сондай-ақ дамушы елдерде ех-situ сақтау үшін жағдайлар жасауда және оларға қолдау көрсетуде ынтымақтастық жасайды.

      10-бап. Биологиялық әртүрлілік компоненттерін орнықты
               пайдалану

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса:

      а) ұлттық деңгейде шешімдер қабылдау процесінде биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдалану мәселелерін қарауды көздейді;

      b) биологиялық әртүрлілікке жайсыз әсердің алдын алу немесе оны барынша азайту үшін биологиялық ресурстарды пайдалану саласында шаралар қолданады;

      с) сақтау немесе орнықты пайдалану талаптарымен үйлесімді қалыптасқан мәдени әдет-ғұрыптарға сәйкес биологиялық ресурстарды пайдаланудың дәстүрлі тәсілдерін сақтайды және көтермелейді;

      d) биологиялық әртүрлілік қысқару орын алып, зардап шеккен аудандарда ахуалды түзету жөнінде шаралар әзірлеуде және жүзеге асыруда жергілікті халыққа қолдау көрсетеді; және

      е) биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану әдістерін әзірлеуде үкіметтік органдар мен өз елінің жеке секторының арасындағы ынтымақтастықты көтермелейді.

      11-бап. Ынталандыру шаралары

      Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса, биологиялық әртүрлілік компоненттерін сақтауды және орнықты пайдалануды көтермелейтін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан алғанда өзін ақтаған шараларды қабылдайды.

      12-бап. Зерттеулер және кадрлар даярлау

      Уағдаласушы Тараптар дамушы елдердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып:

      а) биологиялық әртүрлілікті және оның компоненттерін айқындау, сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық оқыту және кадрлар даярлау бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады және дамушы елдердің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін осылай оқыту мен кадрлар даярлауға қолдау көрсетеді;

      b) әсіресе дамушы елдерде, атап айтқанда, Ғылыми, техникалық және технологиялық консультациялар жөніндегі қосымша органның ұсыныстары негізінде қабылданатын Тараптар Конференцияларының шешімдеріне сәйкес биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жәрдемдесетін зерттеулерді көтермелейді және ынталандырады; және

      с) 16, 18 және 20-баптардың ережелеріне сәйкес биологиялық әртүрлілікті зерттеу барысында, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдалану әдістерін әзірлеу кезінде алынған ғылыми нәтижелерді пайдалануды көтермелейді және осындай нәтижелерді пайдалануда ынтымақтастық жасайды.

      13-бап. Жұртшылықты ағарту және оның хабардар болуын
               арттыру

      Уағдаласушы Тараптар:

      а) биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және бұл үшін қажет шаралардың зор маңызын түсінуді, сондай-ақ оны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауды және бұл мәселелердің оқу бағдарламаларына енгізілуін көтермелейді және ынталандырады; және

      b) биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану мәселелері бойынша жұртшылықтың хабардар болуын арттыру саласында оқу бағдарламалары мен бағдарламалар әзірлеуде, тиісті жағдайларда, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

      14-бап. Әсерді бағалау және жайсыз зардаптарды барынша
               азайту

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкін және қажет болса:

      а) осындай зардаптардың алдын алу немесе барынша азайту мақсатында биологиялық әртүрлілікке елеулі түрде жайсыз әсер етуі мүмкін өздерінің ұсынылып отырған жобаларының экологиялық сараптамасын өткізуді талап ететін тиісті рәсімдерді енгізеді және, қажет болған жағдайда, осындай рәсімдерге жұртшылықтың қатысуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді;

      b) өз бағдарламалары мен саясатының биологиялық әртүрлілікке елеулі түрде жайсыз әсер етуі мүмкін экологиялық зардаптарының тиісті есебін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды;

      с) басқа мемлекеттердегі немесе ұлттық юрисдикциядан тысқары аудандардағы биологиялық әртүрлілікке елеулі түрде жайсыз әсер ету мүмкін оның юрисдикциясы шеңберіндегі немесе оның бақылауымен атқарылатын қызмет жайында, тиісті жағдайларда екіжақты, өңірлік немесе көпжақты келісімдер жасасуды көтермелеу жолымен өзаралық негізінде хабардар етуге, ақпарат алысуға және консультациялар өткізуге жәрдемдеседі;

      d) басқа мемлекеттердің юрисдикциясы ауданындағы немесе ұлттық юрисдикциядан тысқары аудандардағы биологиялық әртүрлілік үшін көздері оның юрисдикциясындағы немесе бақылауындағы болмай қоймайтын немесе елеулі қауіп немесе нұқсан орын алған жағдайда осындай қауіптен немесе нұқсаннан зардап шегуі мүмкін мемлекеттерді дереу хабардар етеді, сондай-ақ осындай қауіптің немесе нұқсанның алдын алу немесе барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды; және

      е) биологиялық әртүрлілікке елеулі және сөзсіз қатер төндіретін әрекеттерге немесе оқиғаларға шұғыл жауап қайтару жағдайында ұлттық іс-шараларға жәрдемдеседі және осындай ұлттық күш-жігерді толықтыратын халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді және, бұл қажет болатын және мүдделі мемлекеттермен немесе өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымдарымен келісілген жерлерде, төтенше жағдайлар ахуалына бірлескен жоспарлар әзірлейді.

      2. Тараптар Конференциясы өткізіліп жатқан зерттеулер негізінде, осындай жауапкершілік жалаң ішкі мәселе болып табылатын жағдайларды қоспағанда, биологиялық әртүрлілікке келтірілетін нұқсанды қалпына келтіруді және ол үшін өтемақыны қоса алғанда, жауапкершілік және жағдайды түзеу туралы мәселе қарайды.

      15-бап. Генетикалық ресурстарға қолжетімділік

      1. Өздерінің табиғи ресурстарына егемен құқықтарын тануға байланысты генетикалық ресурстарға қолжетімділікті айқындау правосы ұлттық үкіметтерге тиесілі және ұлттық заңнамамен реттеледі.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз пайдалануы мақсатында генетикалық ресурстарға қолжетімділікті жеңілдету үшін жағдайлар жасауға және осы Конвенцияның мақсаттарына қайшы келетін шектеулер қоймауға ұмтылады.

      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін осы Бап пен 16 және 19-Баптарда еске алынатын Уағдаласушы Тарап беретін генетикалық ресурстарға осындай ресурстар шыққан елдер болып табылатын Уағдаласушы Тараптар не осы Конвенцияға сәйкес осындай ресурстарды алған тараптар бергендері ғана жатады.

      4. Қолжетімділік берілген жағдайда ол өзара келісілген жағдайларда қамтамасыз етіледі және осы Баптың ережелерімен реттеледі.

      5. Генетикалық ресурстарға қолжетімділік, егер Уағдаласушы Тарап өзгеше шешпесе, осындай ресурстар беретін осы Тараптың алдын-ала негізделген келісімінің негізінде реттеледі.

      6. Әрбір Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптардың толық қатысуымен олар берген генетикалық ресурстарға негізделген ғылыми зерттеулер әзірлеуге және өткізуге және, бұл мүмкін болған кезде, осындай Уағдаласушы Тараптарда әзірлеуге және өткізуге ұмтылады.

       7. Әрбір Уағдаласушы Тарап зерттеулер мен талдамалар нәтижелерін, сондай-ақ генетикалық ресурстарды коммерциялық және өзге қолданудан алынған пайдаларды осындай ресурстар берген Уағдаласушы Тараппен әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалану мақсатында әрі 16 және 19-баптарға сәйкес, әрі, бұл қажет болған кезде, 20 және 21-баптарға сәйкес құрылған қаржыландыру тетігі арқылы тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шаралар қабылдайды. Осылай бірлесіп пайдалану өзара келісілген жағдайларда жүзеге асырылады.

      16-бап. Технологияға қолжетімділік және оны беру

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап технология биотехнологияны қамтитынын және технологияға қолжетімділік те, оны Уағдаласушы Тараптар арасында беру де осы Конвенция мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементтері болып табылатынын мойындай отырып, осы баптың ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптарға биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға қатысы бар немесе генетикалық ресурстарды пайдалануды көздейтін және қоршаған ортаға елеулі нұқсан келтірмейтін технологияларға қолжетімділікті беруге және/немесе оны алуды жеңілдетуге, сондай-ақ оларға осындай технологиялар беруге міндеттенеді.

      2. Жоғарыдағы 1-тармақта еске алынған технологияға қолжетімділік және оны дамушы мемлекеттерге беру әділетті және барынша жайлы жағдайларда, оның ішінде жеңілдік және преференциалдық жағдайларда, егер өзара уағдаластыққа қол жеткізілсе және, бұл қажет болған кезде, 20 және 21-Баптарға сәйкес құрылған қаржыландыру тетігіне орай қамтамасыз етіледі және/немесе жеңілдетіледі. Патенттермен және санаткерлік меншіктің басқа құқықтарымен негізделген технологиялар жағдайында осындай қолжетімділік және беру санаткерлік меншік құқықтарының жеткілікті дәрежеде және тиімді қорғалуын ескеретін жағдайларда және төмендегі 3, 4 және 5-тармақтарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3. Әрбір Уағдаласушы Тарап Уағдаласушы Тараптарға, әсіресе генетикалық ресурстар беретін дамушы елдер болып табылатын Уағдаласушы Тараптарға, патенттермен және санаткерлік меншіктің басқа құқықтарымен қорғалған технологияны қоса алғанда, осы ресурстарды пайдалануды ұсынатын технологияға қолжетімділік қамтамасыз етілуі және осы технология өзара келісілген жағдайларда және, қажет болған кезде, 20 және 21-баптардың ережелері негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес, сондай-ақ төмендегі 4 және 5-тармақтарға сәйкес берілуі үшін тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шаралар қабылдайды.

      4. Әрбір Уағдаласушы Тарап жеке сектордың үкіметтік мекемелердің де, дамушы елдердегі жеке сектордың да мүдделері үшін жоғарыдағы 1-тармақта еске алынған технологияларға қолжетімділікті, осы технологияларды бірлесіп әзірлеуді және беруді жеңілдетуі үшін тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шаралар қабылдайды және осыған байланысты жоғарыдағы 1, 2 және 3-тармақтарда баяндалған міндеттемелерді орындайды.

      5. Уағдаласушы Тараптар патенттер және санаткерлік меншіктің өзге құқықтары осы Конвенцияны жүзеге асыруға әсер ету мүмкін екенін мойындай отырып, осы құқықтардың оның мақсаттарына жәрдемдесуі және қайшы келмеуін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнаманы және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, осы салада ынтымақтастық жасайды.

      17-бап. Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Тараптар дамушы елдердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы жұрт қол жеткізетін барлық көздерден биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға қатысты ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.

      2. Осындай ақпарат алмасу техникалық, ғылыми және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ кәсіби даярлық пен зерттеулер бағдарламалары туралы ақпаратты, арнайы білімдерді, қаз қалпындағы жергілікті және дәстүрлі білімдерді алмасуды және 16-Баптың 1-тармағында еске алынған технологиялармен ұштастыра отырып алмасуды қамтиды. Сонымен бірге ол, бұл мүмкін болған кезде, ақпараттың қайта айналып келуін қамтиды.

      18-бап. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық

      1. Уағдаласушы Тараптар биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласындағы халықаралық техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі, қажет болған жағдайда, тиісті халықаралық және ұлттық мекемелер арқылы жәрдемдеседі.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны жүзеге асыруда басқа Уағдаласушы Тараптармен, әсіресе дамушы елдермен ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа, атап айтқанда, ұлттық саясатты әзірлеу және жүзеге асыру арқылы жәрдемдеседі. Осындай ынтымақтастыққа жәрдем беру кезінде адам ресурстарын дамыту және тиісті мекемелер құру жолымен ұлттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және нығайтуға ерекше назар аудару керек.

      3. Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты көтермелеу және жеңілдету мақсатында делдалдық тетігін жасау жолдарын айқындайды.

      4. Уағдаласушы Тараптар ұлттық заңнамаға және саясатқа сәйкес, осы Конвенция мақсаттарына орай жергілікті және дәстүрлі технологияларды қоса алғанда, технологиялар жасау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық нысандарын көтермелейді және оларды әзірлейді. Бұл үшін Уағдаласушы Тараптар сондай-ақ кадрлар даярлау және мамандар алмасу саласындағы ынтымақтастықты көтермелейді.

      5. Уағдаласушы Тараптар өзара уағдаластық бойынша осы Конвенция мақсаттарына қатысы бар технологиялар әзірлеу үшін бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен бірлескен кәсіпорындар құруға жәрдемдеседі.

      19-бап. Биотехнологияларды қолдану және онымен
               байланысты пайдаларды бөлу

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап биотехнологиялық зерттеулер үшін генетикалық ресурстар беретін Уағдаласушы Тараптардың, әсіресе дамушы елдердің биотехнологиялық зерттеулер өткізуі жөніндегі қызметке және, бұл мүмкін болған кезде, осындай Уағдаласушы Тараптарда тиімді түрде қатысуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе саяси шаралар қабылдайды.

      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап Уағдаласушы Тараптар берген генетикалық ресурстарға негізделген биотехнологиялардан туындайтын нәтижелер мен пайдаларға осы Уағдаласушы Тараптарға, әсіресе дамушы елдерге әділетті және тепе-тең негізде басым қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету және жәрдемдесу үшін барлық мүмкін шараларды қолданады. Мұндай қолжетімділік өзара келісілген жағдайларда қамтамасыз етіледі.

      3. Тараптар, атап айтқанда, биотехнологияның нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер етуге қабілетті кез келген тірі өзгертілген ағзаларды қауіпсіз беру, пайдалану және қолдану саласында бар рәсімдерді әзірлеу жөніндегі алдын-ала негізделген келісуді қоса алғанда, бәлкім, хаттама түрінде шаралар қабылдау қажеттігін және ережелерін қарайды.

      4. Әрбір Уағдаласушы Тарап 3-тармақта еске алынған ағзалармен жұмыс істеу кезінде әрбір Уағдаласушы Тарап айқындайтын пайдалану ережелері мен қауіпсіздік техникасы туралы кез келген қолда бар ақпаратты, сондай-ақ тиісті нақты ағзалар әкелінетін Уағдаласушы Тарапқа осы ағзалардың ықтимал зиянды әсері туралы кез келген қолда бар ақпаратты тікелей береді немесе оның юрисдикциясындағы және сол ағзалармен жұмыс істейтін кез келген жеке немесе заңды тұлғадан талап етеді.

      20-бап. Қаржылық ресурстар

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің ұлттық жоспарларына, басымдықтарына және бағдарламаларына сәйкес осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұлттық деңгейдегі қызмет түрлеріне қатысты өзінің мүмкіндіктеріне қарай қаржылық қолдау мен ынталандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      2. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар дамушы елдер болып табылатын Тараптарға осы Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысында олар жұмсайтын келісілген толық қосымша шығындарды өтеу және осы Конвенция ережелерін жүзеге асырудан пайда табу мүмкіндігін беру үшін жаңа және қосымша қаржылық ресурстар береді; мұндай шығындар Тараптар Конференциясы белгілейтін шараларға, стратегияға, бағдарламалық басымдықтарға және қолжетімділік өлшемдеріне сәйкес дамушы елдер болып табылатын Тараптың және 21-Бапта еске алынған ұйымдық құрылымның арасында келісіп алынады. Нарықтық экономикаға өту процесін бастан кешіріп жатқан елдерді қоса алғанда, басқа Тараптар дамыған елдер болып табылатын Тараптардың міндеттемелерін ерікті түрде өз мойнына алуы мүмкін. Осы баптың мақсаттары үшін Тараптар Конференциясы өзінің бірінші кеңесінде дамыған елдер болып табылатын Тараптардың және дамыған елдер болып табылатын Тараптардың міндеттемелерін ерікті түрде өз мойнына алатын басқа тараптардың тізбесін белгілейді. Тараптар Конференциясы тізбеге ауық-ауық шолу жасап тұрады және қажет болған жағдайда оған өзгеріс енгізіп тұрады. Сондай-ақ ерікті негіздегі басқа елдердің және басқа көздердің жарналары көтермеленетін болады.
      Осы міндеттемелерді орындау кезінде қаражаттың баламалылығына, оған болжам жасауға болатынына және дер кезде ағылып келуіне қажеттілікті және тізбеге енгізілген қаржыландыруға қатысушы Тараптардың шығындар жүгін бірлесіп көтеруінің маңыздылығын ескеру қажет.

      3. Дамыған елдер болып табылатын Тараптар да бере алады, ал дамушы елдер болып табылатын Тараптар қаржылық ресурстарды осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты екіжақты, өңірлік және көпжақты арналар бойынша пайдалана алады.

      4. Дамушы елдер болып табылатын Тараптардың Конвенция бойынша өздерінің міндеттемелерін тиімді түрде орындау жөніндегі қабілеті дамыған елдер болып табылатын Тараптардың Конвенция бойынша қаржылық ресурстарға және технологиялар беруге қатысты өздерінің міндеттемелерін тиімді түрде орындауына байланысты және толық дәрежесінде әлеуметтік-экономикалық даму және кедейлікті жою дамушы елдер саналатын Тараптардың аса маңызды басымдықтары болып табылу фактісімен айқындалады.

      5. Қаржыландыруға және технологиялар беруге байланысты өздерінің әрекеттерінде Тараптар шамалы дамыған елдердің нақты қажеттіліктері мен ерекше жағдайын толық дәрежесінде ескереді.

      6. Уағдаласушы Тараптар сондай-ақ Тараптар болып табылатын дамушы елдерде, әсіресе шағын арал мемлекеттерінде биологиялық әртүрлілікті бөлуге және оның орналасқан жеріне тәуелділіктің нәтижесі болып табылатын ерекше жағдайларды назарға алады.

      7. Экологиялық тұрғыдан алғанда барынша осал, қуаңшылық және жартылай қуаңшылық аймақтары, теңіз жағалауындағы және таулы аудандары бар елдер сияқты дамушы елдерді қоса алғанда, жалпы дамушы елдердің ерекше жағдайы да назарға алынуға тиіс.

      21-бап. Қаржыландыру тетігі

      1. Дамушы елдер болып табылатын Тараптарға осы Конвенцияның мақсаттары үшін риясыз немесе жеңілдік негізінде қаржылық ресурстар беру үшін негізгі элементтері осы Бапта баяндалған тиісті тетік құрылады. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін бұл тетік Тараптар Конференциясының басшылығымен және оның ұсыныстарын ескере отырып жұмыс істейді және оған есеп береді.
      Тетік қызметі ол туралы Тараптар Конвенциясы өзінің бірінші мәжілісінде шешім қабылдауы мүмкін ұйымдық құрылым көмегімен жүзеге асырылады. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін Тараптар Конвенциясы мұндай ресурстарға қол жеткізуді және олардың пайдалануын реттейтін шараларды, стратегияны, бағдарламалық басымдықтар мен өлшемдерді айқындайды. Мөлшерлері Тараптар Конвенциясында кезең сайын айқындалатын ресурстарға қажеттіліктерге сәйкес, ол туралы 20-бапта айтылған қаржы қаражатының болжамды, барабар және уақытылы ағынын қамтамасыз ету, сондай-ақ 20-баптың 2-тармағында айтылған тізбеге енгізілген Тараптардың қаржыландыруына қатысатындардың шығыстар ауыртпалығын бірлесе көтеру маңызын ескере отырып, жарналар жасалады. Ерікті жарналар дамушы елдер болып табылатын Тараптардан да, сондай-ақ басқа елдер мен басқа да қаражат көздерінен түсуі мүмкін тетік демократиялық және ашық басқару жүйесі негізінде жұмыс істейді.

      2. Осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес Тараптар Конвенциясы өзінің бірінші мәжілісінде мұндай пайдалануды және оны бағалауды тұрақты негізде жүзеге асырылатын бақылауды қоса алғанда, қаржы ресурстарына қол жеткізуді және оны пайдалануды реттейтін шараларды, стратегияны және бағдарламалық басымдықтарды, сондай-ақ егжей-тегжейлі өлшемдер мен басшылыққа алатын принциптерді айқындайды. Қаржыландыру тетігі қызметін басқару тапсырылған тиісті ұйымдық құрылыммен консультация жүргізгеннен кейін, Тараптар Конвенциясы жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерін орындау үшін қажетті шараларға қатысты шешімдер қабылдайды.

      3. Тараптар Конвенция осы Конвенция күшіне енгеннен кейін екі жылдан бұрын емес, ал одан соң тұрақты негізде ол туралы 2-тармақта айтылған өлшемдер мен басшылыққа алатын принциптерді қоса алғанда, осы бапқа сәйкес құрылған қаржыландыру тетігінің тиімділігіне шолуды жүзеге асырады. Мұндай шолудың нәтижелерін ескере отырып, ол қажет болған жағдайда тетік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды.

      4. Уағдаласушы Тараптар биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану үшін қаржылық ресурстар ұсыну мақсатында қолда бар қаржылық мекемелерді нығайту туралы мәселелерді қарастырады.

      22-бап. Басқа да халықаралық конвенциялармен байланыс

      1. Осы Конвенцияның ережелері бұл құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру нәтижесі биологиялық әртүрлілікке елеулі залалды немесе қатерлі болатын жағдайларды қоспағанда, кез келген қолданыстағы халықаралық келісімдерден туындайтын кез келген Уағдаласушы Тараптың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

      2. Теңіз ортасына қатысты Уағдаласушы Тараптар теңіз құқықтарында көзделген мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне қайшылыққа түспей-ақ осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асырады.

      23-бап. Тараптар Конвенциясы

      1. Тараптар Конвенциясы осымен құрылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Атқарушы директоры осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кеш емес мерзімде Тараптар Конвенциясының бірінші мәжілісін шақырады.
      Кейіннен Тараптар Конвенциясының кезекті мәжілісін Конвенция өзінің бірінші мәжілісінде белгілейтін кезеңділікпен шақырады.

      2. Тараптар Конвенциясының кезектен тыс мәжілісі Конвенция қажет деп есептеген кезде немесе Хатшылық өтінішті олардың мекен-жайына жібергеннен кейін алты ай ішінде бұл өтінішті Тараптардың кемінде үштен бірі қолдайтын жағдайда кез келген Тараптың жазбаша өтініші бойынша шақырылады.

      3. Тараптар Конвенциясы өзінің рәсімдер ережелері мен ол құра алатын кез келген көмекші органдардың рәсімдер ережесін, сондай-ақ Хатшылықты қаржыландыруды реттейтін қаржылық ережені ымыраласып келіседі және қабылдайды. Әрбір кезекті мәжілісте ол келесі кезекті мәжіліске дейінгі қаржылық кезеңге арналған бюджетті бекітеді.

      4. Тараптар Конвенциясы осы Конвенцияның орындалуын тұрақты бақылайды және осы мақсатта:

      а) 26-бапқа сәйкес ұсынылуы тиіс ақпаратты берудің нысаны мен кезеңділігін айқындайды және мұндай ақпаратты, сондай-ақ кез келген көмекші орган ұсынатын баяндамаларды қарайды;

      b) 25-бапқа сәйкес ұсынылатын биологиялық әртүрлілік жөніндегі ғылыми, техникалық және технологиялық ұсынымдарды қарайды;

      с) қажет болған жағдайда 28-бапқа сәйкес хаттамаларды қарайды және қабылдайды;

      d) қажет болған жағдайда 29 және 30-баптарға сәйкес осы Конвенцияға және оған қосымшаларға түзетулерді қарайды және қабылдайды;

      е) кез келген хаттамаға, сондай-ақ оған кез келген қосымшаларға түзетулерді қарайды және тиісті шешім болған кезде бұл хаттама тараптарына оларды қабылдауды ұсынады;

      f) қажет болған кезде 30-бапқа сәйкес осы Конвенцияға толықтырма қосымшаны қарайды және қабылдайды;

      g) мұндай, атап айтқанда осы Конвенцияны жүзеге асыру үшін қажетті деп саналатын ғылыми және техникалық мәселелер бойынша консультацияларға арналған көмекші органдарды құрады;

      h) Хатшылық арқылы конвенцияның атқарушы органдарымен ынтымақтастықтың тиісті нормаларын әзірлеу мақсатында осы Конвенция қамтитын мәселелерді қозғайтын байланыстар орнатады; және

      і) оны жүзеге асыру барысында жинақталған тәжірибе аясында осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін кез келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.

      5. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі, сондай-ақ осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез келген мемлекет Тараптар Конференциясының мәжілістерінде бақылаушылар ретінде қатыстырылуы мүмкін. Тараптар Конференциясының мәжілістерінде бақылаушы ретінде қатысуға өзінің тілегі туралы Хатшылыққа хабарлаған, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға қатысты салаларда жұмыс тәжірибесі бар кез келген басқа да органдар немесе үкіметтік немесе үкіметтік емес мекемелер, егер бұған Тараптар мәжілісіне қатысушылардың кемінде үштен бірі қарсы болмаса, оған қатысуға жіберілуі мүмкін. Бақылаушыларды жіберу және қатыстыру Тараптар Конвенциясы қабылдаған рәсімдер ережелерімен реттеледі.

      24-бап. Хатшылық

      1. Осымен Хатшылық бекітіледі. Оған мынадай функциялар жүктеледі:

      а) бұл 23-бапта көзделгендіктен Тараптар Конференциясының мәжілістерін ұйымдастыру және оған қызмет көрсету;

      b) оған кез келген хаттамамен жүктелетін функцияларды орындау;

      с) осы Конвенцияға сәйкес оның функцияларын орындау туралы баяндамалар дайындау және оларды Тараптар Конференциясына ұсыну;

      d) басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен қызметті үйлестіру, атап айтқанда оны функцияларын тиімді орындау үшін қажет болуы мүмкін мұндай әкімшілік және шарттық келісімдерді жасасу; және

      е) Тараптар Конференциясында айқындалуы мүмкін басқа да мұндай функцияларды орындау.

      2. Бірінші кезекті мәжілісте Тараптар Конференциясы осы Конвенцияға сәйкес хатшылық функцияларын орындауға дайындығын білдірген қолда бар құзыретті халықаралық ұйымдар ішінен Хатшылықты тағайындайды.

      25-бап. Ғылыми, техникалық және технологиялық
               консультациялар жөніндегі көмекші орган

      1. Осымен Тараптар Конференциясын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми, техникалық және технологиялық консультациялар ұсынуға арналған көмекші орган және қажет болған кезде осы Конвенцияны жүзеге асырумен байланысты уақытылы консультациялар беретін оның басқа да көмекші органдары құрылады. Бұл орган барлық Тараптар қатысу үшін ашық болып табылады және көп салалық сипатта болады.
      Оған білімнің тиісті салаларында құзыретті үкімет өкілдері кіреді. Ол Тараптар Конференциясына мерзім сайын өз жұмысының барлық аспектілері бойынша баяндамалар ұсынады.

      2. Тараптар Конференциясында жазылған принциптерді басшылыққа алып және оның басшылығына сәйкес әрі оның өтініші бойынша бұл орган:

      а) биологиялық әртүрлілік жағдайына ғылыми және техникалық баға береді;

      b) осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес қабылданған шаралар түрлерінің салдарларын ғылыми және техникалық бағалауды дайындайды;

      с) биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласындағы жаңа, тиімді және ең қазіргі заманғы технологиялар мен "ноу-хау" анықтайды және мұндай технологияларды әзірлеуге және/немесе беруге жәрдемдесу жолдары мен құралдары туралы ұсынымдар шығарады;

      d) биологиялық әртүрлілікті сақтаумен және орнықты пайдаланумен байланысты зерттеулер мен әзірлемелер саласында ғылыми бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық бойынша консультация береді;

      е) Тараптар Конференциясының органы және оның көмекші органдары алдына қойылуы мүмкін ғылыми, техникалық, технологиялық және әдіснамалық сипаттағы сұрақтарға жауап береді.

      3. Орган функцияларын, жүргізу шеңберін, ұйымдастырылуы мен оның қызметінің сипатын Тараптар Конференциясы нақтылауы мүмкін.

      26-бап. Баяндамалар

      Әрбір Уағдаласушы Тарап Тараптар Конференциясы айқындайтын мерзім бойынша Тараптар Конференциясына осы Конференцияның ережелерін жүзеге асыру үшін ол қабылдаған шаралар туралы және осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу көзқарасы бойынша олардың тиімділігі туралы баяндамалар дайындайды.

      27-бап. Дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тараптар арасында осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дау туындаған жағдайда мүдделі тараптар дауды келіссөздер жолымен реттеуге ұмтылады.

      2. Егер мүдделі тараптар келіссөздер арқылы келіссөзге қол жеткізбесе, олар үшінші тараптың қайырымды қызметтеріне бірігіп немесе оған делдалдық туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін.

      3. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде немесе одан кейінгі кез келген уақытта мемлекет немесе өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымы Депозитарийге жоғарыдағы 1-тармақтың немесе 2-тармақтың ережелеріне сәйкес шешілмеген дауға қатысты олар дауды реттеудің міндетті болатын мынадай:

      а) II Қосымшаның 1-бөлігінде жазылған рәсімге сәйкес төрелік талқылау;

      b) дауды Халықаралық Сотқа беру құралдарының бірін немесе екеуін де танитыны туралы жазбаша өтініш жібереді.

      4. Егер дау Тараптары жоғарыдағы 3-тармаққа сәйкес сол бір ғана немесе рәсімдердің кез келгенін қабылдамаса, онда дау, егер тараптар өзгеше уағдаласпаса II қосымшаның 2-бөлігіне сәйкес келісу рәсімі негізінде қаралады.

      5. Осы баптың ережелері, егер бұл хаттамада өзгеше көзделмесе кез келген хаттамаға қатысты қолданылады.

      28-бап. Хаттамаларды қабылдау

      1. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияға хаттамаларды әзірлеуде және қабылдауда ынтымақтастықта болады.

      2. Хаттамалар Тараптар Конференциясының мәжілісінде қабылданады.

      3. Кез келген ұсынылған хаттаманың мәтінін Уағдаласушы Тарапқа Хатшылық кем дегенде мұндай мәжілісті өткізгенге дейін алты ай бұрын жібереді.

      29-бап. Конвенцияға немесе хаттамаларға түзетулер

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Хаттаманың кез келген Уағдаласушы Тарабы осы хаттамаға түзетулер ұсына алады.

      2. Осы Конвенцияға түзетулер Тараптар Конвенциясының мәжілісінде қабылданады. Кез келген хаттамаға түзетулер тиісті хаттама Тараптарының мәжілісінде қабылданады. Егер, бұл хаттамада өзгеше көзделмесе, осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға ұсынылған кез келген түзету мәтінін Хатшылық қаралатын құжаттың Тараптарына оны қабылдау ұсынылатын мәжілісті өткізгенге дейін кемінде алты ай бұрын жібереді. Хатшылық Тараптарға осы Конвенцияға қол қойғандардың ұсынылған түзетулер мәтінін де мәлімет үшін жібереді.

      3. Тараптар осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға ұсынылатын кез келген түзетулерге қатысты ымыралық негізінде келісімге қол жеткізу үшін барлық күшін салады. Егер ымыраға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер түгесіліп, ал келісімге қол жеткізілмесе, онда соңғы құрал ретінде түзету мәжіліске қатысушылардың және қаралатын құжат Тараптарының дауыс беруіне қатынасатындар дауыстарының үштен екісі болатын басымдықпен қабылданады және Депозитарий ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау үшін барлық Тараптарға жібереді.

      4. Депозитарий түзетулерді ратификациялау немесе мақұлдау туралы хабарламаны жазбаша нысанда алады. Жоғарыдағы 3-тармаққа сәйкес қабылданатын түзетулер, егер хаттамада өзгеше көзделмесе олармен келіскен Тараптар үшін осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптарының немесе осы хаттама Тараптарының кем дегенде үштен екісі ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарды сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді. Бұдан кейін түзетулер кез келген басқа Тарап үшін бұл Тарап бұл түзетулерді ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      5. Осы баптың мақсаттары үшін "Тараптар дауысына қатысушылар және қатысатындар" деген сөз тіркесі қатынасатын және "қолдап" немесе "қарсы" дауыс беретін Тараптарды білдіреді.

      30-бап. Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер
               енгізу

      1. Осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға қосымша тиісінше осы Конвенцияның немесе осындай хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады, және егер тікелей өзгеше көзделмесе, онда оны Конвенцияға немесе оның хаттамасына сілтеме бір мезгілде оның кез келген қосымшасына сілтемені білдіреді. Мұндай қосымшалар рәсімдік, ғылыми, техникалық және әкімшілік мәселелермен шектеледі.

      2. Егер қандай да бір хаттамада оның қосымшасына қатысты өзгеше көзделмесе, онда осы Конвенцияға толықтырма қосымшалар немесе кез келген хаттамаға қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшіне енуінің мынадай рәсімдері қолданылады:

      а) осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға 29-бапта жазылған рәсімге сәйкес ұсынылатын және қабылданатын қосымша;

      b) өзі Тарабы болып табылатын осы Конвенцияға толықтырма қосымшаны немесе кез келген хаттамаға қосымшаны қабылдай алмайтын кез келген Тарап Депозитарийге Депозитарий оны қабылдағаны туралы хабарлаған күннен бастап бір жыл ішінде бұл туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Депозитарий олар алған мұндай кез келген хабарламалар туралы барлық Тараптарға дереу хабарлайды.
      Кез келген Тарап кез келген уақытта қарсы болу туралы бұрын жіберілген мәлімдемені кез келген уақытта алып тастай алады, бұдан соң қосымша төмендегі с) тармақшасының ережелері сақталған кезде бұл Тарап үшін күшіне енеді;

      с) Депозитарийдің хабарламаны қабылдағаны туралы күннен бастап бір жыл өткен соң қосымша оны Конвенцияның немесе кез келген тиісті хаттаманың жоғарыдағы b) тармақшасының ережелеріне сәйкес хабарлама ұсынбаған барлық Тараптары үшін күшіне енеді.

      3. Осы Конвенцияға қосымшаға немесе кез келген хаттамаға түзетулерді ұсыну, қабылдау және күшіне енуі Конвенцияға қосымшалардың немесе кез келген хаттамаға қосымшаның ұсынысы, қабылдануы және күшіне енуі үшін белгіленген соған ұқсас рәсіммен реттеледі.

      4. Егер толықтырма қосымша немесе қосымшаға түзету осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға түзету енгізумен байланысты болса, онда мұндай толықтырма қосымша немесе түзету оны Конвенцияға немесе тиісті хаттамаға түзетулер күшіне енгеннен кейін ғана күшіне енеді.

      31-бап. Дауыс құқығы

      1. Төмендегі 2-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда осы Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың әрбір Уағдаласушы Тарабының бір дауысы болады.

      2. Олардың құзыреті салаларына кіретін мәселелерде өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымы Конвенцияның немесе тиісті хаттаманың Уағдаласушы Тараптары болып табылатын олардың мүше мемлекеттерінің санына тек дауыстар санына ие бола отырып, өзінің дауыс құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдар өзінің құқығын жүзеге асырады және керісінше жүзеге асырмайды.

      32-бап. Осы Конвенция мен оның хаттамалар арасындағы
               байланыс

      1. Мемлекет немесе өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымы, тек егер ол сол уақытта осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болып табылатын немесе болатын жағдайда ғана қандай бір хаттаманың Тарабы бола алады.

      2. Кез келген хаттамаға сәйкес шешімдерді бұл хаттаманың Тараптары ғана қабылдайды. Хаттаманы ратификацияламаған, қабылдамаған немесе мақұлдамаған кез келген Уағдаласушы тарап бұл хаттама Тараптарының кез келген мәжілісіне бақылаушы ретінде қатыса алады.

      33-бап. Қол қою

      Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен кез келген өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымдары Рио-де-Жанейрода 1992 жылғы 5 маусымнан 1992 жылғы 14 маусымды қоса алғанда, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Бірлестігінің Орталық мекемелерінде Нью-Йоркте 1992 жылғы 15 маусымнан 1993 жылғы 4 шілдені қоса алғанда қол қою үшін ашылған.

      34-бап. Ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау

      1. Осы Конвенцияны және кез келген хаттаманы мемлекеттер мен өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымдары ратификациялауы, қабылдауы немесе мақұлдауы тиіс. Ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.

      2. Осы Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың Уағдаласушы тарабы болатын сол уақытта оның бірде бір мүше мемлекеттері Уағдаласушы Тарап болып табылмайтын жоғарыдағы 1-тармақта айтылған кез келген ұйым тиісінше осы Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын барлық міндеттермен байланысты болады. Мұндай ұйымның бір немесе бірнеше мүше мемлекеттері Конвенцияның немесе тиісті хаттаманың Уағдаласушы Тараптары болып табылған жағдайда, бұл ұйым мен оның мүше мемлекеттері тиісті Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын өз міндеттемелерін орындау жөніндегі тиісті міндеттерге қатысты шешім қабылдайды. Мұндай жағдайларда ұйым және мүше мемлекеттер Конвенциядан немесе тиісті хаттамадан туындайтын құқықтарды бір мезгілде жүзеге асыра алмайды.

      3. 1-тармақта айтылған Ұйымдар өздерінің ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттарында Конвенциямен немесе тиісті хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыреті саласы туралы мәлімдейді. Бұл ұйымдар Депозитарийге олардың құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгеріс туралы да хабарлайды.

      35-бап. Қосылу

      1. Осы Конвенция мен кез келген хаттама Конвенция немесе хаттама қол қою үшін жабылған күннен бастап мемлекеттердің және өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымдарының қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.

      2. Жоғарыдағы 1-тармақта айтылған ұйымдар қосылу туралы өз құжаттарында Конвенциямен немесе тиісті хаттамалармен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыреті саласы туралы мәлімдейді.
      Бұл ұйымдар Депозитарийге кез келген тиісті өзгерістер туралы да хабарлайды.

      3. 34-баптың 2-тармағының ережелері осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға қосылатын өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымдарына қатысты қолданылады.

      36-бап. Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы отызыншы құжатты сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      2. Кез келген хаттама бұл хаттамада көрсетілген ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттардың мұндай санын сақтауға тапсырған күннен бастап тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      3. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын не оған қосылатын әрбір Уағдаласушы Тарап үшін ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы отызыншы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін Конвенция мұндай Уағдаласушы тараптың өзінің ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырғаннан кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді.

      4. Егер онда өзгеше көзделмесе, кез келген хаттама бұл хаттаманы ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын Уағдаласушы Тарап үшін жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес ол күшіне енгеннен кейін бұл Уағдаласушы Тарап өзінің ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатын сақтауға өткізген күннен кейін тоқсаныншы күні немесе қайсысы күшіне енетіндігіне қарай бұл Уағдаласушы Тарап үшін Конвенция күшіне енетін күні күшіне енеді.

      5. Жоғарыдағы 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшін өңірлік экономикалық ықпалдасу ұйымы сақтауға тапсырған кез келген құжат мұндай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретінде қаралмауы тиіс.

      37-бап. Ескертпелер

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берілмейді.

      38-бап. Шығу

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап үшін Конвенция күшіне енген күннен бастап екі жыл өткен соң кез келген уақытта бұл Уағдаласушы Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, Конвенциядан шыға алады.

      2. Кез келген мұндай шығу Депозитарий хабарлама алған күннен бастап бір жыл өткен соң немесе шығу туралы хабарламада көрсетілген барынша кештеу мерзімде күшіне енеді.

      3. Осы Конвенциядан шығатын кез келген Уағдаласушы Тарап ол Тарабы болып табылатын кез келген хаттамадан да шыққан болып есептеледі.

      39-бап. Уақытша қаржыландыру тәртібі

      21-баптың ережелеріне сәйкес оның толық қайта құрылуы жағдайында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Жаһандық қоршаған орта қоры, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі осы Конвенция мен Тараптар Конференциясының бірінші мәжілісі арасындағы кезеңде уақытша негізде немесе әзірге Тараптар Конференциясы 21-бапқа сәйкес мұндай ұйымдық құрылымды айқындаған мерзімге дейін 21-бапта көзделген ұйымдық құрылым болып табылады.

      40-бап. Хатшылыққа қатысты уақытша іс-шаралар

      Құруды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының Атқарушы директоры қамтамасыз ететін Хатшылық осы Конвенцияның күшіне енуі мен Тараптар Конференциясының бірінші мәжілісі арасындағы кезеңде уақытша негізде 24-баптың 2-тармағында көзделген Хатшылық болып табылады.

      41-бап. Депозитарий

      Осы Конвенцияның депозитарийі функциялары мен кез келген хаттамаларды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы орындайды.

      42-бап. Дәлме-дәл мәтіндер

      Мәтіндері араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі осы Конвенцияның түпнұсқасы тең дәлме-дәл болып табылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға беріледі.
      Тиісті түрде бұған өкілеттік берілген төменде қол қойғандар осыны РАСТАЙ ОТЫРЫП, осы Конвенцияға қол қойды. Рио-де-Жанейрода бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы бесінші маусымда жасалды.

1-қосымша 

АЙҚЫНДАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ

      1. Әртүрліліктің жоғары деңгейімен, эндемикалық немесе қауіп төнген түрлердің көп мөлшерімен сипатталатын немесе жабайы тірі табиғатты қамтитын; қоныс аударатын түрлер үшін қажет; әлеуметтік, экономикалық, мәдени немесе ғылыми маңызы бар; немесе репрезентативтік немесе бірегей сипаты бар немесе негізгі эволюциялық немесе басқа биологиялық процестермен байланысты экожүйелер мен мекендеу орындары.

      2. Қауіп төнген; қолға үйретілген немесе өсірілетін түрлердің жабайы туыстық түрлерін білдіретін; медициналық, ауылшаруашылық немесе өзге экономикалық құндылығы бар, немесе әлеуметтік, ғылыми немесе мәдени маңызы бар, немесе биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану саласындағы зерттеулер үшін, мәселен, индикатор-түрлер ретінде маңызды рөл атқаратын түрлер мен қауымдастықтар; және

      3. Әлеуметтік, ғылыми немесе экономикалық маңызы бар сипатталған геномдар мен гендер.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ДАМУ
ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІК
ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚОЛ ҚОЙҒАН ТАРАПТАР

(Рио-де-Жанейро, 1992 жылғы 3-14 маусым)

Конвенцияға қол қойған Тарап                Қол қойылған күн

1. Антигуа және Барбуда                     1992 жылғы 5 маусым
2. Австралия                                1992 жылғы 5 маусым
3. Бангладеш                                1992 жылғы 5 маусым
4. Бельгия                                  1992 жылғы 5 маусым
5. Бразилия                                 1992 жылғы 5 маусым
6. Финляндия                                1992 жылғы 5 маусым
7. Үндістан                                 1992 жылғы 5 маусым
8. Индонезия                                1992 жылғы 5 маусым
9. Италия                                   1992 жылғы 5 маусым
10. Лихтенштейн                             1992 жылғы 5 маусым
11. Молдова Республикасы                    1992 жылғы 5 маусым
12. Науру                                   1992 жылғы 5 маусым
13. Нидерланды                              1992 жылғы 5 маусым
14. Пакистан                                1992 жылғы 5 маусым
15. Польша                                  1992 жылғы 5 маусым
16. Румыния                                 1992 жылғы 5 маусым
17. Ботсвана                                1992 жылғы 8 маусым
18. Мадагаскар                              1992 жылғы 8 маусым
19. Швеция                                  1992 жылғы 8 маусым
20. Тувалу                                  1992 жылғы 8 маусым
21. Югославия                               1992 жылғы 8 маусым
22. Бахрейн                                 1992 жылғы 9 маусым
23. Эквадор                                 1992 жылғы 9 маусым
24. Египет                                  1992 жылғы 9 маусым
25. Қазақстан                               1992 жылғы 9 маусым
26. Кувейт                                  1992 жылғы 9 маусым
27. Люксембург                              1992 жылғы 9 маусым
28. Норвегия                                1992 жылғы 9 маусым
29. Судан                                   1992 жылғы 9 маусым
30. Уругвай                                 1992 жылғы 9 маусым
31. Бануату                                 1992 жылғы 9 маусым
32. Кот-д'Ивуар                             1992 жылғы 10 маусым
33. Эфиопия                                 1992 жылғы 10 маусым
34. Исландия                                1992 жылғы 10 маусым
35. Малави                                  1992 жылғы 10 маусым
36. Маврикий                                1992 жылғы 10 маусым
37. Оман                                    1992 жылғы 10 маусым
38. Руанда                                  1992 жылғы 10 маусым
39. Сан-Марино                              1992 жылғы 10 маусым
40. СейшельАралдары                         1992 жылғы 10 маусым
41. Шри-Ланка                               1992 жылғы 10 маусым
42. Беларусь                                1992 жылғы 11 маусым
43. Бутан                                   1992 жылғы 11 маусым
44. Бурунди                                 1992 жылғы 11 маусым
45. Канада                                  1992 жылғы 11 маусым
46. Қытай                                   1992 жылғы 11 маусым
47. Комор Аралдары                          1992 жылғы 11 маусым
48. Конго                                   1992 жылғы 11 маусым
49. Хорватия                                1992 жылғы 11 маусым
50. Корей Халық-Демократиялық               1992 жылғы 11 маусым
Республикасы
51. Израиль                                 1992 жылғы 11 маусым
52. Ямайка                                  1992 жылғы 11 маусым
53. Иордания                                1992 жылғы 11 маусым
54. Кения                                   1992 жылғы 11 маусым
55. Латвия                                  1992 жылғы 11 маусым
56. Лесото                                  1992 жылғы 11 маусым
57. Литва                                   1992 жылғы 11 маусым
58. Монако                                  1992 жылғы 11 маусым
59. Мьянма                                  1992 жылғы 11 маусым
60. Нигер                                   1992 жылғы 11 маусым
61. Катар                                   1992 жылғы 11 маусым
62. Тринидад және Тобаго                    1992 жылғы 11 маусым
63. Түркия                                  1992 жылғы 11 маусым
64. Украина                                 1992 жылғы 11 маусым
65. Біріккен Араб Әмірліктері               1992 жылғы 11 маусым
66. Заир                                    1992 жылғы 11 маусым
67. Замбия                                  1992 жылғы 11 маусым
68. Ауғанстан                               1992 жылғы 12 маусым
69. Ангола                                  1992 жылғы 12 маусым
70. Аргентина                               1992 жылғы 12 маусым
71. Әзірбайжан                              1992 жылғы 12 маусым
72. Багам Аралдары                          1992 жылғы 12 маусым
73. Барбадос                                1992 жылғы 12 маусым
74. Болгария                                1992 жылғы 12 маусым
75. Буркина-Фасо                            1992 жылғы 12 маусым
76. Кабо-Верде                              1992 жылғы 12 маусым
77. Чад                                     1992 жылғы 12 маусым
78. Колумбия                                1992 жылғы 12 маусым
79. Кук Аралдары                            1992 жылғы 12 маусым
80. Куба                                    1992 жылғы 12 маусым
81. Кипр                                    1992 жылғы 12 маусым
82. Дания                                   1992 жылғы 12 маусым
83. Эстония                                 1992 жылғы 12 маусым
84. Габон                                   1992 жылғы 12 маусым
85. Гамбия                                  1992 жылғы 12 маусым
86. Германия                                1992 жылғы 12 маусым
87. Гана                                    1992 жылғы 12 маусым
88. Греция                                  1992 жылғы 12 маусым
89. Гвинея                                  1992 жылғы 12 маусым
90. Гвинея-Бисау                            1992 жылғы 12 маусым
91. Ливан                                   1992 жылғы 12 маусым
92. Либерия                                 1992 жылғы 12 маусым
93. Малайзия                                1992 жылғы 12 маусым
94. Мальдив Аралдары                        1992 жылғы 12 маусым
95. Мальта                                  1992 жылғы 12 маусым
96. Маршалл Аралдары                        1992 жылғы 12 маусым
97. Мавритания                              1992 жылғы 12 маусым
98. Микронезия                              1992 жылғы 12 маусым
99. Моңғолия                                1992 жылғы 12 маусым
100. Мозамбик                               1992 жылғы 12 маусым
101. Намибия                                1992 жылғы 12 маусым
102. Непал                                  1992 жылғы 12 маусым
103. Жаңа Зеландия                          1992 жылғы 12 маусым
104. Парагвай                               1992 жылғы 12 маусым
105. Перу                                   1992 жылғы 12 маусым
106. Филиппины                              1992 жылғы 12 маусым
107. Сент-Китс және Невис                   1992 жылғы 12 маусым
108. Самоа                                  1992 жылғы 12 маусым
109. Сан-Томе және Принсипи                 1992 жылғы 12 маусым
110. Свазиленд                              1992 жылғы 12 маусым
111. Швейцария                              1992 жылғы 12 маусым
112. Таиланд                                1992 жылғы 12 маусым
113. Того                                   1992 жылғы 12 маусым
114. Уганда                                 1992 жылғы 12 маусым
115. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия
Біріккен Корольдігі                         1992 жылғы 12 маусым
116. Танзания Біріккен Республикасы         1992 жылғы 12 маусым
117. Венесуэла                              1992 жылғы 12 маусым
118. Йемен                                  1992 жылғы 12 маусым
119. Зимбабве                               1992 жылғы 12 маусым
120. Алжир                                  1992 жылғы 13 маусым
121. Армения                                1992 жылғы 13 маусым
122. Австрия                                1992 жылғы 13 маусым
123. Белиз                                  1992 жылғы 13 маусым
124. Бенин                                  1992 жылғы 13 маусым
125. Боливия                                1992 жылғы 13 маусым
126. Орталық Африка Республикасы            1992 жылғы 13 маусым
127. Чили                                   1992 жылғы 13 маусым
128. Коста-Рика                             1992 жылғы 13 маусым
129. Джибути                                1992 жылғы 13 маусым
130. Доминикан Республикасы                 1992 жылғы 13 маусым
131. Сальвадор                              1992 жылғы 13 маусым
132. Европалық Экономикалық Қауымдастығы    1992 жылғы 13 маусым
133. Франция                                1992 жылғы 13 маусым
134. Гватемала                              1992 жылғы 13 маусым
135. Гайана                                 1992 жылғы 13 маусым
136. Гаити                                  1992 жылғы 13 маусым
137. Венгрия                                1992 жылғы 13 маусым
138. Гондурас                               1992 жылғы 13 маусым
139. Ирландия                               1992 жылғы 13 маусым
140. Жапония                                1992 жылғы 13 маусым
141. Мексика                                1992 жылғы 13 маусым
142. Марокко                                1992 жылғы 13 маусым
143. Никарагуа                              1992 жылғы 13 маусым
144. Нигерия                                1992 жылғы 13 маусым
145. Панама                                 1992 жылғы 13 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады