Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне корпоративтік дауларды шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 58-IV Заңы

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):

      1) 24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды.
      Корпоративтік дауларға:
      1) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
      2) акционерлердің (қатысушылардың, мүшелердің) мүдделерін қозғайтын заңды тұлға органдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының, мүшелерінің) талаптарынан туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында белгіленген мәміле жасасу тәртібін бұзуға байланысты;
      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуына байланысты қызметінен туындайтын;
      4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ эмитент акцияларды орналастыру, иемдену, сатып алу процесінде жасаған мәмілелердің жарамсыз деп танылуына байланысты заңды тұлғалар (коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы дауларды қоспағанда) арасындағы даулар, сондай-ақ даулардың тарапы заңды тұлға және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері) болып табылатын даулар жатады.";

      2) 30-баптың бірінші бөлігі "даулар жөніндегі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ корпоративтік даулар жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 66-баптың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді сот қана талап етуге және олар тікелей сотқа жіберілуге тиіс.";

      4) 159-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының мәлімдеген талаптарына шамалас болуға тиіс.".

      2. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 78-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат):

      8-1-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қатысушыларға сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), шаруашылық серіктестігі соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.".

      3. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат):

      мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Өндірістік кооперативтің ақпарат беруі

      Өндірістік кооперативтің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы кооператив мүшелерін хабардар етуге міндетті.
      Кооператив мүшелеріне сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), өндірістік кооператив соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.".

      4. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; N 20, 153-құжат):

      мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:

      "60-1-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ақпарат
                 беруі

      1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы серіктестіктің барлық қатысушыларын хабардар етуге міндетті.
      2. Серіктестіктің қатысушыларына сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), серіктестік соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.".

      5. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 20, 153-құжат):

      1) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің
               кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу
               ерекшеліктері

      1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ірі акционердің талабы қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
      2. Қоғамның директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдамаларына өзгерістер енгізуге және ұсынылған өткізу тәртібін өзгертуге құқылы емес.
      Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысы шақырылған кезде директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
      3. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты ірі акционер (акционерлер) қойған жағдайда, мұндай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) есімдері (атаулары) және оған тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуге тиіс.
      Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші адам (адамдар) қол қояды.
      4. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы талапты қойған адамға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы не оны шақырудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
      5. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешімі:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты қоюдың осы бапта белгіленген тәртібі сақталмаған;
      2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
      Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
      6. Егер қоғамның директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қойылған талап бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, оның шақырылуын талап етуші адам қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.";

      2) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан және қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда кемінде тоқсан бес процентін иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жақтап дауыс берсе, олар енгізілуі мүмкін.
      Егер шешімге енгізуге орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берсе, күн тәртібі артықшылықты акцияларды иеленуші акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін болатын мәселемен толықтырылуы мүмкін.
      Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.";

      3) 58-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Директорлар кеңесінің отырысына қатыспаған немесе қоғамның директорлар кеңесінің осы Заңда және қоғамның жарғысында белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылдаған шешіміне қарсы дауыс берген қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі оған сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
      8. Акционер қоғамның директорлар кеңесінің осы Заңның және қоғам жарғысының талаптарын бұза отырып қабылдаған шешіміне, егер аталған шешім акционерлік қоғамның және (немесе) осы акционердің құқығы мен заңды мүдделерін бұзса, сотта дау айтуға құқылы.";

      4) 59-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қоғамның атқарушы органы мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде қоғамның атқарушы органының басқа мүшесіне беруіне жол берілмейді.";

      5) 79-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы;";

      2-1-тармақтағы "және 9)" деген сөздер ", 9) және 9-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Акционерлерге сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат қоғам соттың корпоративтік дау жөніндегі азаматтық іс бойынша тиісті хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде берілуге тиіс.".

      2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады