Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 6 қарашадағы N 77-IV Заңы

       Астанада 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н.НАЗАРБАЕВ

ҚАРЫЗ НӨМІРІ 4883 - КZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

(Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
секторындағы технологияларды беру және
институттық реформа жүргізу жөніндегі жоба)

2008 жылғы 2 ақпан

ҚАРЫЗ НӨМІРІ 4883 - КZ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      2008 жылғы 2 ақпандағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы КЕЛІСІМ. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласады:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге қосымшада айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінде өзгеше мағына болмаса, осы Келісімде бас әріппен жазылып қолданылатын терминдер, Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге қосымшада өздеріне бекітілген мағынада білдіреді.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Осы Келісімге 1-қосымшада сипатталған жобаны (Жоба) қаржыландыруға көмек көрсету мақсатында Банк Қарыз алушыға бір жүз он жеті миллион жеті жүз мың АҚШ долларына (117 700 000 АҚШ долларлары) (Қарыз) тең соманы осы Келісімде айтылған немесе оларға сілтемелер бар аталған мерзімде және шарттармен беруге келіседі.
      2.02. Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
      2.03. Қарыз алушы Банкке қарыздың ашылғаны үшін Қарыз сомасының бір процентінің төрттен біріне (0,25 %) тең комиссияны төлейді. Қарыз алушы қарыздың ашылғаны үшін комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
      2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған процент есептеудің кезеңіне құбылмалы спредті қосқанда тең ставка бойынша сыйақы төлейді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалған және отыз (30) күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшері Жалпы ережелердің 3.02 (d) бөлімінде көрсетілгендей есептелуге тиіс.
      2.05. Төлемдердің күні - әр жылдың 15 қаңтары мен 15 шілдесі.
      2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшадағы өтеу кестесіне сәйкес өтейді.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын ұстанатыны туралы мәлімдейді және осы мақсатпен Жалпы шарттардың 5-бабына сәйкес Жобаны ҚР ДСМ арқылы жүзеге асырады.
      3.02. Егер осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерінде өзгеше көзделмесе және егер Банкпен өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ

      4.01. Осы Келісімнің күшіне енуінің ең соңғы мерзімі осы Келісімнің күнінен кейін жүз сексен (180) күн өткен соң келетін күн болып табылады.

V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

      5.01. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекен жайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Телекс: 265126 (FILIN) Факс: (7) (3172) 717785

      5.03. Банктің мекенжайы:

      International Bank for Reconstruction
      and Develoment
      1818 H Street, N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграф:    Телекс:               Факс:
      INTBAFRAD   248423(МСІ) немесе     1-202-477-6391

      Washington, D.C. 64145(МСІ)

      Жоғарыда көрсетілген күнде және жылда, Қазақстан Республикасының Астана қаласында КЕЛІСІЛДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

Уәкілетті өкіл            

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ    
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН      

Уәкілетті өкіл            

1-ҚОСЫМША

Жобаның сипаттамасы

      Бағдарламаның мақсаты - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының түпмәтінінде Қарыз алушы жүргізетін денсаулық сақтау секторындағы негізгі реформаларды қолдауға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде (ҚР ДСМ) және тиісті денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарында халықаралық стандарттарды енгізу және ұзақ мерзімді институттық әлеует құру болып табылады.

      Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:

       А бөлігі: Денсаулық сақтау секторын қаржыландыру және басқару

      Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және оқытуды ұсыну үшін: (і) ҚР ДСМ денсаулық сақтау саласындағы саясатты және стратегияны қалыптастыру бойынша әлеуеттігін арттыру; (іі) денсаулық сақтау секторында бюджеттеу, жоспарлау және сатып алу бойынша әлеуеттігін арттыру және (ііі) денсаулық сақтау секторы басшыларының әлеуеттігін нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау секторындағы инвестициялық жоспарлау бойынша әлеуеттігін арттыру.

       В бөлігі: Денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыру

      Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және оқытуды ұсыну үшін: (і) денсаулық сақтау ұйымдары үшін аккредиттеу жүйесін құру; (іі) клиникалық практика бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу, қайта қарау және тарату арқылы, сондай-ақ медициналық технологияларды бағалауды енгізу арқылы клиникалық практиканың сапасын арттыру; (ііі) инфрақұрылымды жоспарлау саласындағы реформаларды және құрылымдық, нормативтік реформаларды дайындау және өткізу арқылы зертханалық қызметтер сапасын арттыру; және (іv) инфрақұрылымды жоспарлау саласындағы реформаларды және құрылымдық, нормативтік реформаларды әзірлеу мен жүргізу арқылы қан қызметін реформалау.

       С бөлігі: Медициналық білімді және ғылымды реформалау

      Техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және оқытуды ұсыну үшін: (і) оның ішінде медициналық білім беру жүйесін талдау, медициналық білім беруді ұйымдастыруда студенттерді қабылдау ережесін жетілдіру, сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру, дәлелдеу медицинасын оқыту бойынша жүйе құру, дипломнан кейінгі медициналық білімді және үздіксіз кәсіби дамуды реформалау бағдарламасын әзірлеу, сертификаттау мен лицензиялау жүйесін құру және медициналық білімді қаржыландыру жүйесін жетілдіру, базалық және үздіксіз медициналық білімді реформалау арқылы; сондай-ақ (іі) медициналық зерттеулер жүйесін жаңғырту үшін.

       D бөлігі: Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін дамыту

      Денсаулық сақтау ұйымдарын, ресурстарын және қаржы басқару үшін денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеуді және кеңейтуді қолдау мақсатында техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және оқытуды ұсыну.

       Е бөлігі: Фармацевтикалық саясат реформасы

      Дәрілік саясатты қалыптастыру, оның ішінде жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру, жалған және сапасыз дәрілік заттарды таратуды талдау, дәрілерді тағайындау тиімділігін және ескі, сенімсіз дәрілік заттарды нарықтан жою үшін дәлелді талдауды қолданудың институционалдық тетіктерін құру бойынша функцияларды күшейту үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және оқытуды ұсыну.

       F бөлігі: ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі

      ДСҰ-ның талаптарына сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу және енгізу үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.

       G бөлігі: Жобаны басқару

      Жобаны үйлестіру, іске асыру және басқару үшін техникалық көмекті, тауарларды, жұмыстарды және үйретуді ұсыну.

2-ҚОСЫМША

Жобаны іске асыру

       I бөлім. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа да уағдаластықтарға сәйкес іске асыруы тиіс:
      1. Қарыз алушы ДСМ арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыруға тиіс және Банктің алдын ала келісімінсіз беруге, өзгерістер енгізуге, күшін жоюға немесе Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың қандай да бір ережелерінен бас тартуға тиіс емес.
      2. Жобаның іске асырудың бүкіл кезеңінің ішінде Қарыз алушы ПКГ және МКХК құрамының, ресурстарының және техникалық тапсырмаларының Банк талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Қарыз алушы 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей: (а) құрамы және Банк үшін қолайлы техникалық тапсырмалары бар Денсаулық сақтау саясаты жөніндегі кеңесті құрады және (б) кейіннен Денсаулық сақтау саясаты жөніндегі кеңесті Банктің талаптарын қанағаттандыратын кадрлық, қаржылық және техникалық ресустардың талаптарына сәйкес келетін жеткілікті санымен Кеңес өз қызметін толық іске асырғанға дейін қамтамасыз етеді.
      4. 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Қарыз алушы Жобаны іске асыруға ДЭҚ-қа көмек көрсету үшін Банкке қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес қаржылық басқару жөніндегі консультантты жұмысқа қабылдайды.
      5. 2008 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Қарыз алушы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауды бекітеді.
      6. Қарыз алушының Жобаға салымын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттың барабар сомасының болуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы жыл сайын ҚР ДСМ-ге Жоба үшін жалпы сомасы 296 000 000 доллар тиісті бюджет қаражатын бөлуге тиіс, оның ішінде Қарыз алушының Жобаға салымы 178 300 000 долларды (Қарызды ашу үшін комиссияны алғанда) құрайды.

       II бөлім. Жобаның мониторингі, есептілік және бағалау

       А. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы Жоба мониторингін жүргізеді және іске асырылу барысын бағалайды, сондай-ақ Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша Есептерді дайындайды. Жоба бойынша әрбір Есеп алты күнтізбелік ай мерзімін қамтуы және сол Есепте қамтылған мерзім аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
      2. Жалпы шарттардың 5.08-бөлімін (с) орындау үшін Жобаны іске асыруы туралы есеп және осы Бөлімде талап етілетін тиісті жоспар Жобаның жабылу күнінен алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.
      3. 2011 жылғы 15 қаңтарда немесе осы күнге таяу Қарыз алушы ҚР ДСМ арқылы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Жобаны іске асырудағы прогресті орта мерзімді шолу (бұдан әрі - Орта мерзімді шолу) өткізеді. Орта мерзімді шолу, басқалармен қатар:
      (а) Жобаның мақсатына жетудегі прогресті және
      (b) нәтижелердің индикаторларына сәйкес Жобаның жалпы орындалуын қамтитын болады.
      4. Кем дегенде Орта мерзімді шолуға дейінгі төрт (4) апта бұрын Қарыз алушы Банкке ҚР ДСМ арқылы Жобаның әрбір компонентінің іске асырылу статусы сипатталған жеке есеп және Жобаның жалпы іске асырылуы туралы жиынтық есеп береді.

       Б. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуді немесе жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Егер осы Бөлімдегі А бөлігінің ережелерінде өзгеше көзделмесе, Қарыз алушы әр күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей Жоба бойынша аудитор тексермеген, Банк үшін қолайлы осы тоқсанның аралық қаржылық есептерін нысаны мен мазмұны бойынша дайындауға және Банкке тапсыруға міндетті.
      3. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 (б) бөлімінің ережелеріне сәйкес өзінің Қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті. Әрбір Қаржылық есептілік аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржылық жыл кезеңін қамтуы тиіс. Аудитор тексерген әрбір осындай кезеңдегі есептер әрбір осындай кезең аяқталғаннан кейін алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке тапсырылуы тиіс.

       III бөлім. Сатып алу

       А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және жұмыстар. Жоба үшін қажетті барлық тауарлар және жұмыстар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың I бөлімінде берілген талаптар мен оларға жасалған сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметтері. Жоба үшін қажетті консультанттардың барлық қызметтері "Дүниежүзілік банкі Қарыз алушыларының консультанттарын іріктеу және жалдау" Нұсқаудың (Консультанттар жөніндегі нұсқау) I және IV бөлімдерінде берілген талаптар мен оларға жасалған сілтемелерге сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Осы Тарауда төменде бас әріппен басталатын, белгілі сатып алу әдістерін немесе белгілі келісім-шарттарды Банктің қарау әдістерін сипаттау үшін қолданылатын терминдер нақты жағдайға байланысты Сатып алушылар жөніндегі нұсқауда немесе Консультанттар жөніндегі нұсқауда бекітілген анықтамаларға сәйкес болады.

       Б. Тауарларды сатып алудың жекелеген әдістері

       1. Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар. Егер төменде 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II Бөлімінде белгіленген талаптарға не оларға жасалған сілтемелерге сәйкес Халықаралық конкурстық саудалардың рәсімдеріне сәйкес жасасқан келісім-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарлар мен қызметтерді сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық саудалардан басқа сатып алу әдістері берілген, бұларды тауарлар мен қызметтерге қолданылуы мүмкін. Сатып алу жоспарында сол немесе өзге әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар қамтылуы тиіс.

Сатып алу әдістері

(а) осы 2-Кестеге толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге сәйкес ұлттық конкурстық саудалар

(б) Сауда желісіндегі сатып алу

       В. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың жекелеген әдістері

       1. Сапасы мен құны негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-тармақта өзге жағдайлар қарастырылмаса, консультациялық қызметтерді сатып алу сапа мен құнын есепке ала отырып бағалау негізінде берілген келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
       2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде сапа мен құны негізінде іріктелуден басқа Консультанттарды қызметтеріне қолданылуы мүмкін сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспарында қандайда бір әдіс қолданылуы мүмкін жағдайлар болуы тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Сапа негізіндегі іріктеу

(ә) Бекітілген бюджет жағдайында іріктеу

(б) Ең төменгі баға бойынша іріктеу

(в) Консультанттардың біліктілігі негізіндегі іріктеу

(г) Бір көзден іріктеу

(ғ) Жеке Консультанттарды іріктеу бойынша Консультанттарға арналған нұсқаудың 5.2 және 5.3 параграфтарында белгіленген рәсімдер

(д) Жеке консультанттарды іріктеуде бір көзден сатып алу рәсімдері

       Г. Банктің сатып алу бойынша шешімдерді қарауы

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарау мәні болып табылатын келісім-шарттары ғана көрсетілуі тиіс. Барлық басқа келісім-шарттар Банктің кейіннен қарайтын мәні болып табылады.

       IV бөлім. Шоттан Қарыз қаражатын алу

       А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушының Қарыз қаражатын Банк Қарыз алушыға хабарламада көрсеткен Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне (2006 жылғы мамыр айында күні белгіленген, Банкпен кезеңді қайта қаралатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес бұл Келісімге қолданылатын "Дүниежүзілік банктің жобалардың қаражатын игеру бойынша басшылығын" қоса) төмендегі 2-тармақтың кестесіне сәйкес Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін сәйкес алуына болады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын Құқылы шығыстардың санаты ("Санат"), әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың проценттік үлесі айқындалады.     

Санат

Қарыздың бөлінген сомасы (доллар бағамымен)

Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі (%)

1. Тауарлар мен жұмыстар

68 200 000

100

2. Оқыту және Консультанттардың қызметі

49 300 000

100

3. Операциялық шығыстар

200 000

100

ЖИЫНЫ

117 700 000


 

       Б. Алу шарттары; алу кезеңі

      1. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан қаражат:
      (а) Банк Қарызды ашқаны үшін толық төлем алмайынша Қарыздың шотынан, және
      (б) осы Келісімнің күніне дейін төлемдерді жүргізу мақсатында алынбайды.
      2. Жабу күні - 2013 жылғы 30 маусым

2-ҚОСЫМШАҒА
толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жобаның шеңберінде жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

      А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы

      Қарыз алушы аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар егер өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растаған, коммерциялық құқық негізінде әрекет еткен және тапсырысшы ретінде келісім-шарт жасасатын ведомстводан тәуелді ұйым болмаған жағдайда ғана саудаға қатысуға құқылы. Оның үстінде, өтінімдерге және тиімділіктің сенімділігіне қатысты оларға басқа да ізденушілерге қойылатындай талаптар қолданылатын болады.

       Б. Конкурстық құжаттама

      Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар тауарларды сатып алуға арналған Банкке қолайлы конкурстық құжаттаманың стандартты пакетін пайдалануы тиіс.

       В. Өтінімдерді ашу және бағалау

      (а) Өтінімдерді ашу тапсырыстарды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін дереу, ашық түрде жүргізіледі.
      (ә) Өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген монетарлық есептелетін критерийлерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс;
      (б) Отандық өнім берушілерді қалаулық принципі қолданбауы тиіс;
      (в) Келісім-шарттар барлық талаптарға барынша сәйкес келетін бағалау құны және ең төменгі өтінімді ұсынған білікті ізденушіге беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.

       Г. Бағаларды түзету

      Ұзақ мерзімге (мысалы, он сегіз (18) айдан астам) есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісім-шарттарда бағаларды түзету туралы тиісті ереже болуы тиіс.

       Д. Сауда-саттық процесінің күшін жою

      Тендерді өтпеген деп танылуы және жаңа өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру Банктің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

       Е. Жекелеген өтінімдерден бас тарту

      Әрбір жекелеген өтінімнен тек мынадай жағдайларда ғана:
      (а) ізденуші біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
      (б) сатып алуды жүзеге асыратын Тендерлік комиссиясы оның конкурстық өтінімдегі түзеткен арифметикалық қатені қабылдамайды; және
      (в) ізденуші тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе бас тартылуы мүмкін.

3-ҚОСЫМША

Амортизация кестесі

Негізгі қарыз бойынша төлеу күні       Қарыздың негізгі сомасын өтеу
                                           (АҚШ долларымен)

2013 жылғы 15 шілдеден бастап
2023 жылғы 15 қаңтарға дейін                  5 885 000

әр жылдың 15 қаңтар мен 15 шілдесі

ТОЛЫҚТЫРУ

       I бөлім. Анықтамалар

      1. "Санат" - осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміндегі кестеде белгіленген санат.
      2. "ҮҮТ" - Үнемі үйлестіруші топ, оның құрамына Жобаның әр компонентінің әкімшісі болуына және ҚР ДСМ мен ҚР ЭБЖМ арасында саясат және іске асыру мәселелері бойынша өзара әрекет етуге ҚР ДСМ және ҚР ЭБЖМ қызметкерлері кіреді.
      3. "Кеңесшілер жөніндегі нұсқау" - 2004 жылғы мамырда жарияланған "Нұсқау: Дүниежүзілік банк Қарыз алушыларының Консультанттарды іріктеуі мен жалға алуы".
      4. "ЭҚД" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті.
      5. "Жалпы шарттар" - осы Қосымшаның II Бөлімінде көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі "Халықаралық қайта құру және даму банкінің Қарыздары үшін жалпы шарттар".
      6. "Денсаулық сақтау саясаты кеңесі" - осы Келісімге 2-қосымшаның 1.3 бөліміне сәйкес ДСМ немесе оның құқық иеленушісі немесе Құқық иеленушілері құрылуы тиіс кеңес, ол Жобаны стратегиялық қадағалау мен іске асырылу басшылығына жауапты болады; мұндай Кеңестің құрамы Банкті қанағаттандыруы тиіс.
      7. "ЭБЖМ" - Қарыз алушының немесе оның кез келген құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері.
      8. "Қаржы министрлігі" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісінің немесе құқық иеленушілерінің Қаржы министрлігі.
      9. "ДСМ" - Қарыз алушының немесе оның құқық иеленушісі немесе құқық иеленушілері Денсаулық сақтау министрлігі.
      10. "Операциялық шығыстар" - ҚР ДСМ Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингін жүргізуге байланысты жұмсалған, персоналдың еңбекақысын және консультациялық қызметтерге, оқуға, конференцияларға, оқу мақсатымен сапарлар мен семинарларға, Жоба бойынша ақпарат таратуға, кеңсені жалға алу және коммуналдық қызметтер үшін төлемдерге, кеңсе мен жабдықтарды сақтандыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, көлік құралдарын техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығындарды, көлік шығыстарын, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банк операциялары бойынша шығындарымен және Банк үшін қолайлы мерзімді бюджеттерге сәйкес жұмсалған, Жобаны іске асырумен тікелей байланысты басқа да түрлі шығындарды қоса, ағымдағы шығыстарды білдіреді.
      11. "Іске асыру жөніндегі нұсқау" - I тарауға сәйкес Қарыз алушы бекітетін Банк үшін қолайлы нұсқау, осы Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне және одан басқа өзгелерді қамтитын, қарама-қайшы келмейтін, Жобаны іске асыру рәсімдері сипатталған осы Келісімге Қосымшаның 5-тармағы: (і) әкімшілік жүргізу, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық басқару, мониторинг пен бағалау тетіктері; (іі) жылдық есептердің үлгілік форматтары; (ііі) тендерлік құжаттамалардың үлгілері; (iv) тұтасымен Жобаның бөлігінде әлеуетті қалыптастыру бойынша жоспар; Банктің келісімі бойынша Нұсқауға кейде түзетулер енгізілуі мүмкін.
      12. "ЖІҚТ" - ДСМ Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаментінің директорына немесе оның кез келген құқық иеленушісіне немесе құқық иеленушілеріне күнделікті негізде есеп беретін Жобаның әрбір компоненті мен кіші компоненттерін іске асыруға жауапты жобаны іске асыруға, Банк үшін мүшелерінің біліктілігі мен техникалық міндеттері қанағаттандырылатын қолдау көрсету тобы.
      13. "Сатып алу жөніндегі нұсқау" - 2004 жылғы мамырда Банк жариялаған "МБРР қарыздар мен МАР несиелер шеңберіндегі сатып алулар" нұсқауы.
      14. "Сатып алу жоспары" - 2007 жылғы 5 желтоқсандағы Жоба үшін Қарыз алушының сатып алу жоспары, оған Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағы және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағы сілтеме жасаған, сондай-ақ ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартылуға жатады.
      15. "Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" - ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қарыз алушының денсаулық сақтау ісін реформалауы мен дамытудың келесі мемлекеттік бағдарламалары.
      16. "Оқыту" - Жобаға байланысты оқу материалдарына, үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға шығындарды, көлік шығыстарына, оқитындар мен нұсқаушылардың іссапар шығыстарын, нұсқаушылардың қызметіне төлемді, сондай-ақ ауызша және жазбаша аударманың құнын қамти отырып, тауарларды немесе қызметтерді жеткізуге келісім-шарттар енгізілмеген тәлімгерлікті, оқу курстарын, семинарларды, оқу бойынша практикалық сабақтар мен басқа да іс-шараларды білдіреді.

       II бөлім. Негізгі шарттарға түзетулер

      Негізгі шарттарға мынадай түзетулер енгізілді:

      1.3.01.- бөлім мынадай түрде жазылады:
      "3.01.- бөлім Қарыз алғаны үшін комиссия. Қарыз алушы Банкке қарыз алу туралы келісімде ("Қарыз алғаны үшін комиссия") көрсетілген мөлшерде қарыз алғаны үшін комиссияны төлеуге міндетіне алады".

      2. "Сыйақы" деген 3.02.- бөлімге жаңа (d) тармағы енгізілді:
      "(d) осы Тараудың (а) тармағының ережесіне қарамастан, егер қарыздың алынған қалдығының кез келген сомасы уақтылы төленбесе және төлем отыз күнге уақытын өткізіп алатын болады, Қарыз алушы мерзімі өтіп кеткен сома толық төленбейінше Қарыз туралы келісімде (немесе Конверсияның нәтижесіндегі IV бапқа сәйкес басқа да проценттік ставка бойынша) көрсетілген ставка бойынша сыйақының орнына мерзімі өтіп кеткен ставка бойынша сыйақы төленетін болады. Мерзімі өтіп кеткен ставка бойынша сыйақы мерзімі өтіп кеткен өтем үшін сыйақыны есептеудің әрбір кезеңнің бірінші күнінен бастап есептеледі және әрбір төлем күніне қарыздар бойынша жарты жылдық төлемге жатады.".

      3. "Анықтамалар" қосымшасы мынадай түрде түзетілді:
      (а) "Міндеттеме үшін комиссия" деген 19-тармақ алынып тасталып, келесі параграфтар тиісінше нөмірленді.

      (b) Қосымшаға жаңадан 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылды:
      "27. "Мерзімі асып кеткен төлем үшін сыйақы есептеу кезеңі" қарыздың алынған қалдығының әрбір мерзімі өтіп кеткен сомасына, осындай мерзімі өтіп кеткен сома төленбей қалған уақытта сыйақыны есептеудің әрбір кезеңіне есептеледі; сонымен бірге мерзімі өтіп кеткен төлемге сыйақы есептеу кезеңі төлемнің мерзімі өтіп кеткен күннен кейінгі күннің 31-нен басталады және мерзімі өтіп кеткен төлемге сыйақы есептеу кезеңі мерзімі өтіп кеткен сома толық төленген күні ғана бітеді.
      28. "Мезгілін асырып алған төлемге проценттік ставка" мезгілін асырып алған төлемге сыйақы есептеу кезінде есептеледі:
      (а) құбылмалы спредпен Қарыз алу жағдайында: ЛИБОР айыппұл ставкасына құбылмалы спредтің және бір проценттің жартысын қосу (0,5 %);
      (b) белгіленген спредпен Қарыз алу жағдайында Алынған қарыз қалдығының сомасына деген процент - оған мезгілін асырып алған төлемге сыйақы есептеу кезеңі жатады - құбылмалы процент ставкасы бойынша мезгілін асырып алған төлемге сыйақы ставкасы қолданғанға дейін жедел төлеу қажет: айыптық құбылмалы ставкаға плюс бір проценттің жартысын қосу (0,5 %);
      (с) тіркелген спредпен Қарыз алу жағдайында қарыз қалдығының сомасына - оған мезгілін асырып алған төлемге проценттерді қосу мерзімі жатады - Тіркелген ставка бойынша мезгілін асырып алған төлемге Сыйақы ставкасын қолданғанға дейін жедел төленуге тиіс: ЛИБОР айыппұл ставкасына тіркелген спредті және бір проценттің жартысын қосу (0,5 %).
      29. "ЛИБОР айыппұл ставкасы" сыйақы есептеуге сәйкес кезең үшін ЛИБОР-ды білдіреді; бұл мезгілін асырып алған төлемге сыйақы есептеудің бастапқы кезеңін білдіреді; ЛИБОР айыппұл ставкасы, 3.02-тараудың (d)-тармағында көрсетілген сома сыйақы есептеу кезеңіндегі ЛИБОР ставкасына тең болады деп түсінеді.
      30. "Айыппұл құбылмалы ставкасы" сыйақы есептеудің сәйкес кезеңі үшін құбылмалы процент ставкасын білдіреді; бұл мезгілін асырып алған төлемге сыйақы есептеудің бастапқы мерзім үшін айыппұл құбылмалы ставкасы, 3.02-тараудың (d)-тармағында көрсетілген сома алғашқы рет мезгілінен асқандағы сыйақы есептеу мерзімнің проценттің құбылмалы ставкасына тең болады деп түсіндіріледі.".

      (с) "Тіркелген спред" деген 43-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
      "43. "Тіркелген спред" - Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір күнтізбелік күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Қарыздың алғашқы валютасы үшін Банктің тіркелген спредін белгілейді; егер де алынбаған Қарыз қалдығының бүкіл немесе кез келген бөлігінің валютасын айырбастағанда, мұндай спред орындау күніне қарай, Айырбастау жөніндегі нұсқауда көрсетілген тәртіп бойынша өзгертіледі деген жағдайда; және де, жоғарыда айтылғанға қарамастан, тіркелген ставка бойынша проценттер қосылатындай, алынған Қарыз қалдығына қолданылған, мезгілі өтіп кеткен төлемге проценттік ставкасын анықтау мақсатымен, "Тіркелген спред" - осындай сома валютасын деноминациялау үшін, Қарыз туралы Келісімді бекіту мерзіміне дейінгі бір күнтізбелік күннен бұрын, Колумбия аймағы, Вашингтон уақытымен күндізгі 12:01 сағаттан басталған, Банктің тіркелген спредін білдіреді деген шартпен".

      (d) "ЛИБОР ставкасын өзгерту күні" деген 56-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
      "56. "ЛИБОР ставкасын өзгерту кезеңі": мыналарды білдіреді: (а) еуродан басқа кез келген валюта үшін, Сыйақы ставкасын есептеудің тиісті кезеңінің бірінші күніне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді (немесе: (і) құбылмалы спредпен Қарыздың бастапқы сыйақы ставкасы болған жағдайда, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған айдың алдындағы, айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді; егер де Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту күні деп айдың он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді; (іі) тіркелген спредпен Қарыз сыйақысының бастапқы ставкасы жағдайында, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді, Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған мерзім алдындағы күн санына байланысты; егер де Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған күн осы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса ЛИБОР ставкасын өзгерту күні деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қойылған күнге дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығы сомасының валютасын еуродан басқа кез келген мақұлданған валютаға айырбастау күні, төлем күнінен басқа кез келген күнге түссе, Мақұлданған валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгертудің бастапқы күні деп айырбастау күнінің тап алдындағы күнге байланысты, айырбастау күні келетін айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі, Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күн болады; егер де айырбастау күні сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда Мақұлданған валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту күні деп айырбастау күніне дейінгі Лондондағы банктің екі жұмыс күніне дейінгі күнді белгілейді); (b) еуро үшін, сыйақыны есептеудің тиісті кезеңінің бірінші күніне дейінгі екі жоспарлы төлем күніне дейінгі күнді (немесе: (і) құбылмалы спредпен Қарыздың бастапқы сыйақы ставкасы болған жағдайда, Қарыз туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі жоспарлы төлем мерзіміне дейінгі күн; егер де Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың он бесінші күн санына немесе айдың он бесінші күн санынан кейінгіге келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту күні деп осы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; (іі) Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімінің тап алдындағы күнге байланысты, тіркелген спредпен Қарыз алу бойынша проценттерді қосудың бастапқы мерзімі үшін Қарыз алу туралы Келісімге қол қою ай алдындағы айдың он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егер де Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзімі Қарыз алу туралы Келісімге қол қою айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келетін болса, ЛИБОР ставкасын өзгерту күні деп Қарыз алу туралы Келісімге қол қою мерзім алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; және де (ііі) егер алынбаған Қарыз қалдығының көлеміндегі валютаны кез келген бекітілген, еуроға айырбастау күні төлемдер күні емес күнге келетін болса, бекітілген валюта үшін ЛИБОР бастапқы ставкасын өзгерту күні деп айырбастау күнінің тап алдындағы күнге тәуелді, айырбастау күні келетін, айдың бірінші немесе он бесінші күн санына дейінгі екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленген; егер де айырбастау күні сол айдың бірінші немесе он бесінші күн санына келсе, онда бекітілген валюта үшін ЛИБОР ставкасын өзгерту күн деп айырбастау күні алдындағы екі мақсаттық төлем мерзіміне дейінгі күн белгіленеді); және де (с) осы тармақтың (а) мен (b) тармақшаларына қарамастан, егер мақұлданған валютаны айырбастау үшін Банк ЛИБОР ставкасын өзгерту күнін айқындаудың нарықтық практикасы жоғарыда көрсетілген тармақшаларда белгіленгеннен өзгеше күнді көздейді деп белгілесе, ЛИБОР ставкасын өзгерту күні Айырбастау жөніндегі нұсқауда қосымша көрсетілген басқа күн болады.".

      (е) "Қарызды төлеу" деген 66-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
      "66. "Қарызды төлеу" - алынған қарыз қалдығының кез келген сомасын, сыйақыны, қарызды ашу үшін комиссияны, мерзімі өтіп кеткен төлем үшін ставка бойынша сыйақыны (бар болса), мерзімімен бұрын төлем үшін кез келген сыйақыларды, валютаны айырбастау немесе айырбастауды аяқтау үшін кез келген транзакциялық төлемдерді, сыйақының тіркелген ең төменгісін орнату бойынша төленетін кез келген сыйақыларды, сондай-ақ Қарыз алушы төлеуге тиіс мерзімі өткен кез келген сомаларды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), Қарыз туралы Келісім Тараптары Банкке заңдық келісімдерге немесе осы Жалпы шарттарға сәйкес төлейтін кез келген соманы білдіреді.

      (f) "Төлем мерзімі" деген 71-тармақ (өзгертілген нөмірлеуге сәйкес) былайша өзгертілген:
      "71. "Төлем мерзімі" деген Қарыз туралы Келісімде көрсетілген кез келген мерзімді - сол күнді немесе ол Қарыз туралы Келісімнің мерзімінен кейінгі төлем өтелетін әрбір күнді білдіреді.".

      Осы аударма Астана қаласында 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы Вице-Министрі                                 Д.Ерғожин

      РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) ағылшын тілдегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады