Астанада 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Кеден қызметін дамыту жобасы) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Кеден қызметін дамыту жобасы)
2008 жылғы 2 ақпан
ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 4874-КZ
2008 жылғы 2 ақпандағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ (Банк) арасындағы келісім. Осымен Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімнің қосымшада анықталғандай) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер контекстте өзгеше мағына болмаса, Қарыз туралы келісімде бас әріптен жазылып қолданылатын терминдер, Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Қосымшада өздеріне бекітілген мағынаны білдіреді.
2.01. Банк Қарыз алушыға он сегіз миллион бес жүз мың АҚШ долларына тең (18 500 000 АҚШ доллары) (Қарыз) соманы осы Келісімде жазылған немесе көрсетілген мерзімге және шарттармен, осы Келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаны (Жоба) қаржыландыруды қолдау үшін беруге келіседі.
2.02. Қарыз алушы осы Келісімнің 2-қосымшасының IV бөліміне сәйкес Қарыз қаражатын алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы Банкке Қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін Қарыз сомасынан бір процентінің төрттен біріне (0,25 %) тең комиссия төлейді. Қарыз алушы қарыз қаражатын резервте ұстағаны үшін комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы Қарыз Валютасы үшін ЛИБОР Базалық ставкасына оған процент есептеудің әр кезеңіне құбылмалы спрэдті қосқанға тең ставка бойынша процент төлейді.
Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыз бойынша Алынған теңгерімнің кез келген бөлігі уақтылы төленбей қалған және 30 күннің ішінде төленбеген жағдайда, Қарыз алушы төлейтін процент Жалпы ережелердің 3.02 (d) бөлімінде келтірілгендей болып есептелуі тиіс.
2.05. Төлем күндері - әр жылдың 15 қаңтары және 15 шілдесі.
2.06. Қарыз алушы Қарыздың негізгі сомасын осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген өтеу кестесіне сәйкес төлейді.
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарын жақтайтынын мәлімдейді және осы мақсатпен Жалпы шарттардың 5-бабының ережелеріне сәйкес Жобаны КБК арқылы жүзеге асырады.
3.02. Егер Банкпен және осы Келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерінде қамтылған шектеулер өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ; КҮШІН ЖОЮ
4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары:
(а) Қарыз алушы құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банк үшін қолайлы Жоба бойынша Байқау комитетін құратындығын.
(б) Қарыз алушы Банк үшін қолайлы Іске асыру жөніндегі басшылықты қабылдайтындығын қамтиды.
4.02. Осы келісімге қол қойылған күннен бастап жүз сексен (180) күн өткеннен кейінгі күн күшіне енудің соңғы күні болып табылады.
V БАП - ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ӨКІЛІ; МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ
5.01. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз алушының өкілі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекен-жайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телекс: 265126 (FILIN) Факс: (7) (3172) 717785
5.03. Банктің мекен-жайы:
International Bank for Reconstruction and Development
1818 Н Street, N.W.
Washington, D.С. 20433
United States of America
Телеграф: Телекс: Факс:
INBAFRAD 248423 (МСІ) немесе 1-(202) 477-6391
Washington, D.С. 64145 (МСІ)
Жоғарыда көрсетілген күнде және жылда Қазақстан Республикасының Астана қаласында КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
Уәкілетті өкіл
Жобаның сипаттамасы
Ұсынылып отырған Жобаның мақсаты: (і) елдің әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуы, инвестициялық ахуалды жақсарту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін халықаралық сауда ағымдарын кеден органдарының жедел өңдеуі бойынша дүниежүзінде танылған озық тәжірибені енгізу, (іі) салық төлеушілердің Кеден кодексінің талаптарын сақтауын жақсарту және осының салдары ретінде кірістердің жиналуын арттыру, сондай-ақ (ііі) сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін қысқарту және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін барынша түсінікті болуы үшін кедендік операциялардың ашықтығын қолдау үшін КБК-ның тиімділігін, өнімділігін және есептілігін арттыруда қамтылған.
Жоба мынадай бөлімдерден тұрады:
I бөлім: Институционалдық даму, басқару және адам ресурстары
(а) КБК-ның ұйымдастырушылық құрылымына шолу жүргізу; (b) стратегиялық жоспарлау бөлімін құруға ықпал ету үшін КБК-ның стратегиялық жоспарлау әдістемесіне шолу жүргізу; (с) қызмет көрсетулердің стандарттарын әзірлеу, ұйым жұмысының тиімділігіне шолу жүргізу, басқарудың жедел орталығын және басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамытуды қоса алғанда қазіргі заманғы ақпараттық жүйені құру; (d) қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің шеңберінде сатылмаушылықты дамытудың Мемлекеттік жоспарына шолу жүргізу, қайта құру, әзірлеу және іске асыру; (е) қызметтік жетістіктерді есептеуге негізделген кадрларды басқару жүйесін енгізуді қоса алғанда кадрларды басқару стратегиясын әзірлеу және енгізу; (f) оқытудың кешенді стратегиясын және оқу жоспарларын әзірлеу; (g) өзгерістерді кешенді басқару және үнемі жетілдіру стратегиясын дайындау; және (h) шығыстарды есептеуге негізделген және кедендік қызметтерді көрсету, қаржылық басқару рәсімдері мен ең жақсы халықаралық тәжірибеге жататын рәсімдерді жетілдіруге арналған шығыстардың мониторингін жүргізу үшін арналған қаржылық басқару тетіктерін енгізу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
(а) көлік құралдары мен тауарлардың қозғалысын реттейтін заңнамаға талдауды жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы заңдарды негізгі халықаралық құжаттар мен ең жақсы тәжірибеге сәйкес келтіру, сондай-ақ жаңа жүйелер мен рәсімдерді қолдау үшін арналған заңдарға түзетулерді дайындау; (b) халықаралық сауданы реттеуге қатысатын кеден қызметі мен басқа ведомстволар арасындағы жұмысты үйлестіруді жақсартуға арналған заңдар мен нұсқауларды талдау мен қабылдауды жүргізу, сондай-ақ тарифтер, құқықтық мәселелер және бірыңғай тариф жүйесін жасау мен қолдау және құжат айналымының электронды жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін жүйелерді әзірлеу жөніндегі мамандармен қамтылған арнайы бөлімшені құру; (с) жүктерді бақылау мен декларацияларды өңдеудің жаңа режимін енгізуді қолдау; (d) посткедендік тексеру және аудиттің соңғы функцияларын нығайту; (е) оқытуды жүргізу, жабдықтарды сатып алу, ақпаратты жинақтау саласында мүмкіндіктерді жасау, контрабандаға зерттеулер және күрес жүргізу, сондай-ақ ақпарат алмасуды жетілдіру арқылы құқық қолдану және шекаралық бақылау функцияларын күшейту; (f) бақылау мен құқық қолданудың кешенді стратегиясын әзірлеу мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
III бөлім: Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар
(а) АКТ жүйелерін жоспарлау мен басқару, сондай-ақ ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды қызметке қабылдау мен ұстап қалу стратегиясын іске асыру саласында КБК-ның ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту; (b) интеграцияланған АКТ жүйелерін әзірлеу және жетілдіру; және (с) деректерді мұрағаттау, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық көмектерді, тауарларды, сондай-ақ оқытуды ұсыну.
IV бөлім: Бағдарламаларды басқару
Тауарларды ұсыну, оқытуды жүргізу және Жобаны үйлестіруді, іске асыруды және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында КБК-ның пайдалану шығыстарын төлеу.
Жобаны орындау
І-бөлім. Институционалдық тетіктер
А. Институционалдық тетіктер
Қарыз алушы Жобаны мынадай институционалдық және басқа да келісімдерге сәйкес іске асыруы тиіс:
1. Қарыз алушы КБК арқылы Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асыру тиіс, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың қандайда бір ережелеріне Банктің алдын ала бекітуінсіз бермеуі, өзгерістер енгізбеуі, күшін жоюы немесе бас тартпауы тиіс.
2. ЖБК Жобаны қадағалау, саяси басқару, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда көрсетілген талаптарға, критерийлерге, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес ведомствоаралық үйлестіруге толық жауапкершілікте болады.
3. Жобаны іске асырудың барлық мерзімінде Қарыз алушы ЖБК-ның құрамы, ресурстары және техникалық тапсырмасы Банк үшін қолайлы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
4. Қарыз алушы Жоба аяқталғанға дейін, КБК Жоба бойынша іске асыру, қаржылық басқару және сатып алулар үшін тиісті ұйымдастырушылық құрамды қоса алғанда Банк үшін қолайлы болатын Жобаны басқару мен іске асыруға қажетті қызметкерлерді, консультанттарды, қаржыларды және басқа ресурстарды тарта отырып тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
5. Жоба бойынша жалпы сома мынадай түрде қаржыландырылуы тиіс: 30 % Қарыз сомасы және 70 % Қарыз алушының жеке салымы есебінен. Жобаға Қарыз алушының салымын қаржыландыру үшін қажетті ақша қаражатының болуын қамтамасыз ету үшін Қарыз алушы КБК-ға тиісті бюджет қаражаттарын жыл сайын бөліп тұру қажет.
В. Орта мерзімдік шолу
1. Қарыз алушы 2010 жылғы 30 маусымда немесе оған жақын күні Қаржы министрлігі және КБК арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген прогреске Орта мерзімдік шолу (бұдан әрі - "Орта мерзімдік шолу") жүргізу керек. Орта мерзімдік шолу өзгелермен қатар мыналарды сипаттау қажет:
(а) жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және
(b) жобаның тиімділік индикаторларымен салыстыру бойынша жобаны іске асырудың жалпы нәтижелері.
2. Қарыз алушы, КБК арқылы Орта мерзімдік шолуға дейін кем дегенде 4 (төрт) апта бұрын Банкке Жобаның әр компонентін іске асыру барысының сипаттамасы мен жеке есепті және Жобаны іске асыру бойынша қысқаша жалпы есепті ұсыну қажет.
II-Бөлім. Жобаның мониторингі, есеп пен бағалау
А. Жоба бойынша есептер.
1. Қарыз алушы Жобаның іске асуын қадағалау мен бағалауды, сонымен қатар Жоба бойынша есептерді Жалпы шарттардың 5.08 бөлімінің талаптарына сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде дайындайды. Жоба бойынша есеп бір календарлық тоқсанды қамтып, есепте қамтылған мерзімнен қырық бес (45) күннен кешіктірмей Банкке ұсынылуға тиіс.
2. Жалпы шарттардың 5.08 (с) бөлімін орындау үшін Жобаның іске асырылуы туралы есеп пен осы Бөлім талап ететін тиісті жоспар жоба жабылғаннан кейін (6) алты ай мерзімнен кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.
Б. Қаржылық басқару, қаржылық есеп пен аудит.
1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09 бөлімінің талаптарына сәйкес қаржылық басқаруды жүргізуге немесе қадағалауға міндетті.
2. Қарыз алушы осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелерін шектемей, әр күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес (45) күннен кешіктірмей осы тоқсан бойынша аралық және аудитор тексермеген Жоба бойынша қаржылық есептерді Банк үшін қолайлы нысанда және мазмұнда дайындауға және Банкке ұсынуға міндетті.
3. Жалпы шарттардың 5.09 (6) Бөлімінің талаптарына сәйкес Қарыз алушы өзінің қаржылық есептілігінің аудитін өткізуге міндетті. Қаржылық есеп берушіліктің әр аудиті Қарыз алушының бір (1) қаржылық жыл мерзімін қамтуы тиіс. Осындай әр мерзімнің аудитор тексерген қаржылық есебі әр осындай мерзім аяқталғаннан кейінгі алты (6) айдан кешіктірілмей Банкке ұсынылуға тиіс.
А. Жалпы ережелер
1.
Тауарлар
.
Жобаға қажетті барлық тауарлар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1-бөлімінде көрсетілген талаптарға немесе сілтемелері осы Бөлімде көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
2.
Кеңесшілер қызметі
.
Кеңесшілердің Жобаға қажетті барлық қызметі "Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу" Консультанттар жөніндегі басшылық туралы нұсқаудың I және IV-бөлімінде көрсетілген талаптар немесе сілтемелер осы Бөлімде көрсетілген талаптарға және осы Қосымшаның ережелеріне сәйкес сатып алынады.
3.
Анықтамалар
.
Осы Бөлімде қолданылған бас әріптерден басталатын сатып алудың белгілі әдістері немесе Банктің белгілі келісім-шарттарды қарау әдістері туралы түсініктер, нақты жағдайға байланысты, олардың Сатып алу жөніндегі нұсқауы мен Консультанттар жөніндегі нұсқауындағы анықтамаларына сай келеді.
Б. Тауарларды сатып алудың жекелеген әдістері
1.
Халықаралық бәсекелестік сауда
.
Төмендегі 2-тармақта өзгеше көрсетілмеген жағдайда тауарларды сатып алу Халықаралық бәсекелестік сауда рәсімдеріне сәйкес келісім-шарттар бойынша не Сатып алу жөніндегі нұсқаудың II-Бөлімде жасалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2.
Тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алудың өзге де әдістері
.
Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық саудалардан басқа тауарларға қатысты пайдалануға болатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алулар жоспары осындай немесе өзге де әдістерді қолданған жағдайларды қамтуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) осы 2-Кестеге толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге
|
(б) Сауда желісінде сатып алулар |
В. Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың жеке әдістері
1.
Сапа және құн бойынша іріктеу
. Төмендегі 2-тармақта
өзгеше көзделмеген жағдайда консультациялық қызмет көрсетулерді сатып алу сапа мен құнды ескере отырып бағалау негізінде берілген келісім-шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
2.
Консультанттардың қызмет көрсетулерін сатып алудың өзге де әдістері
.
Төмендегі кестеде сапа мен құн негізінде іріктеуді қоспағанда, консультанттардың қызмет көрсетулеріне қатысты пайдаланыла алатын сатып алу әдістері көрсетілген. Сатып алу жоспары осындай немесе өзге де әдіс пайдаланылған жағдайларды қамтуы тиіс.
Сатып алу әдісі |
(а) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу |
(б) Жеке консультанттарды іріктеу бойынша консультанттар жөніндегі басшылықтың 5.2 және 5.3 параграфтарында белгіленген рәсімдер |
Г. Банктің Сатып алу бойынша шешімдерді қарастыруы .
Сатып алулар жоспары Банктің алдын-ала қарауына жататын келісім-шарттарды көрсетуі керек. Барлық өзге де келісім-шарттар Банктің келесі қарауына жатады.
IV-бөлім. Шоттан Қарыз қаражатын алу .
А. Жалпы ережелер.
1. Қарыз алушы Қарызды осы бөлімнің Жалпы шарттарының II-бабының ережелеріне және Қарыз алушыға Банк берген хабарламасында көрсетілген қосымша нұсқауларға сәйкес (тұрақты негізде қайта қарастырылатын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамыр айындағы "Дүниежүзілік Банктің жобалардың қаражаттарын игеру жөніндегі нұсқауды" қоса алғанда) төмендегі 2-тармақтың кестесінде көрсетілгендей Құқылы шығыстарды қаржыландыру үшін ала алады.
2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан қаржыландыруға жататын Құқылы шығыстар санаттары ("Санаттар") белгіленген, әр Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомалары және әр Санат бойынша Құқылы шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталады.
Санат |
Қарыздан бөлінген сома (доллар эквивалентімен) |
Қаржыландыруға жататын шығыстардың үлесі (%-бен) |
(1) Тауарлар |
12 150 000 |
32% |
(2) Консультанттардың қызметтері мен оқыту |
6 350 000 |
33% |
БАРЛЫҒЫ |
18 500 000 |
|
1. Осы бөлімнің А бөлімінің ережелеріне қарамастан, қаржы мына жағдайларда алынбайды:
(а) Банк қарыз қаражатын резервтегені үшін комиссияның толық төлемін Қарыз алушыдан алғанша;
(б) осы Келісімге қол қойылған күніне дейін жүргізілген төлемдер үшін.
2. Қарыздың жабылу мерзімі 2012 жылғы 31 желтоқсан.
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:
А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы
Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар саудаға тек өздерінің құқықтық және қаржылық тәуелсіздігін ресми түрде растай алатын жағдайда, коммерциялық құқық негізінде әрекет ететін болса және байланыстық ведомствоның мекемесінен тәуелді болмаған жағдайда ғана қатыса алады. Бұған қоса, оларға өтінімдерге және тиімді сенімділікке қатысты басқа ізденушілерге қойылатын талаптар қойылады.
Сатып алумен айналысатын мекемелер Банкке қолайлы тауарларды сатып алу үшін конкурстық құжаттаманың стандарттық пакетін пайдалануы тиіс.
В. Өтінімдерді ашу және бағалау
(а) Өтінімдерді ашу көпшілік алдында өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталған кезден кешікпей өтеді;
(б) Өтінімдерді бағалау міндетті түрде конкурстық құжаттарда көрсетілген монетарлық есептелетін өлшемдерге сәйкес өтуі тиіс;
(в) Отандық қызмет жеткізушілерін талғау қағидасы қолданылмауы тиіс;
(г) Келісім-шарт барлық талаптарға барынша сәйкес келетін және ең аз бағалық құны бар өтінімді ұсынған ізденушіге беріледі, бұл ретте келіссөздер көзделмейді.
Ұзақ уақытқа (мысалы, 18 айдан аса уақытқа) есептелген құрылыс жұмысына арналған Келісім-шарттар бағаны түзету туралы тиісті ережелерді қамтуы тиіс.
Банктің алдын-ала келісімінсіз тендер өткізілді деп есептелмейді және жаңа өтінімдерді қабылдау жүзеге аспайды.
Е. Жеке өтінімдерді қабылдамау
Әрбір жеке тапсырыс тек қана мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкін:
(а) егер ізденуші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
(б) ізденуші сатып алушы мекеменің Тендерлік комиссиясы ұсынған конкурстық өтініштегі арифметикалық қателерді түзетуді қабылдамаса; және
(в) ізденуші тендерлік құжат талаптарына сәйкес келмесе.
Амортизация кестесі
Негізгі қарызды төлеу күні
Қарыздың негізгі сомасын өтеу
(
АҚШ долларымен
)
Әр жылдың 15 қаңтары мен
15 шілдесі
2013 жылғы 15 шілдеден
бастап
2023 жылғы 15 қаңтар 925 000
I бөлім. Анықтамалар
1. "Санат" - осы Келісімнің 4-қосымшасы ІV-бөлімінің кестесінде көрсетілген санат.
2. "КБК" - Қарыз алушының Қаржы министріне бағынатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін білдіреді.
3. "Консультанттар жөніндегі нұсқау" - Банк 2004 жылы жариялаған "Нұсқау: Дүниежүзілік банктен қарыз алушылардың консультанттарды іріктеу және жалға алу".
4. "Жалпы шарттар" - осы Қосымшаның ІІ-бөлімінде берілген өзгерістерді ескере отырып, 2005 жылғы 1 шілдедегі "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (ХҚҚДБ) қарыздарына арналған жалпы шарттар".
5. "Қаржы министрлігі" - Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын немесе құқықтық мирасқорларын білдіреді.
6. "Операциялық шығыстар" - персоналдың жалақысын, консультациялық қызмет көрсетулерге, конференцияларға, сынақтар мен семинарларға арналған шығыстарды, Жоба бойынша ақпаратты таратуды, кеңселерді жалдау мен коммуналдық қызметтерге төлемдерді, сақтандыру, кеңсе мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу, техникалық қызмет көрсету мен көлік құралдарды жөндеуді, көліктік шығыстарды, күзет пен байланысты қамтамасыз етуге арналған шығыстарды, банктік операциялар бойынша шығыстарды және Банк үшін қолайлы кезеңдік бюджеттерге сәйкес Жобаны іске асыруға тікелей байланысты басқа да шығындарды қоса алғанда Жобаны іске асыруға, басқаруға және мониторингіне байланысты КБК-ның операциялық шығыстары.
7. "Іске асыру жөніндегі басшылық" - Банк үшін қолайлы және Қарыз алушы Жобаны іске асыру рәсімдері сипатталған, осы Келісімнің, Қарыз алушының заңнамалық және нормативтік-құқықтық ережелеріне қайшы келмейтін осы Келісімнің 4.01 (б) бөліміне сәйкес қабылдайтын және өзгелерден басқа: (і) әкімшілдендіру процестерін басқару, сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық басқару, мониторинг және бағалау тетіктерін; (іі) жылдық есептердің үлгілік нысандарын қамтитын нұсқау; оның ішіне Банктің келісімімен мезгіл сайын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. "Сатып алу жөніндегі басшылық" - 2004 жылдың мамыр айында Банк жариялаған "ХҚҚДБ қарызы мен ХДҚ несиесі шеңберінде сатып алу туралы басшылық".
9. "Сатып алу жоспары" - Сатып алу жөніндегі басшылықтың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі басшылықтың 1.24-тармағында сілтеме жасалған Қарыз алушының 2007 жылғы қыркүйектен бастап Жоба үшін сатып алу жоспары, сонымен бірге ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес жаңартуға жатады.
10. "ЖБК" - Қарыз алушы осы Келісімнің 4.01 (а) бөліміне сәйкес құрған және Жобаны қадағалауға, саяси басқару мен ведомствоаралық үйлестіруге сай келетін Жоба бойынша Байқау комитеті. Ол жылына екі реттен кем емес өткізілуі тиіс және Қарыз алушының Қаржы министрлігінің немесе оның уәкілетті өкілінің төрағалығымен өткізуі тиіс. Комитет мыналарды қамтуы тиіс: (і) КБК Төрағасы және оның уәкілетті өкілі; (іі) Қарыз алушының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілі; (ііі) мемлекеттік шекарада бақылау функцияларын жүзеге асыруға жауап беретін мемлекеттік органдарының өкілдері; және (V) кеден брокерлері сияқты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдері.
11. "Оқыту" - Жобаға байланысты сынақты, оқыту курстарын, семинарларды, практикалық сабақтарды және оқыту материалдарын, үй-жайлар мен құрал-жабдықтарды жалға алуға арналған шығындарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған шығындарды қоса алғанда тауарлар немесе қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған келісім-шарттарға енгізілмеген оқытудың басқа да іс-шараларын білдіреді.
II-бөлім. Негізгі шарттарға түзетулер
Негізгі шарттарға мынадай түзетулер енгізілген:
1. 3.01. бөлім былай оқылады:
"3.01. бөлім. Бір реттік комиссиялық сыйақы. Қарыз алушы Банкке Қарыз Шартында көрсетілген мөлшерде Қарыз сомасына бір реттік комиссиялық сыйақы төлеуге міндеттенеді. ("Бір реттік комиссиялық сыйақы").
2. 3.02 "Пайыздар" бөліміне (d) жаңа тармағы енгізілген:
"(d) осы бөлімнің (а) тармағының шарттарына байланыссыз, егер қарыздың алынған кез келген сомасы уақтылы төленбесе және төлем отыз күнге кешіктірілсе, Қарыз алушы кешіктірілген сома толығымен төленгенге дейін Қарыз Шартында көрсетілген пайыздық ставка (немесе Конверсия нәтижесінде IV-бабына сәйкес басқа пайыздық ставка) орнына кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы төлеуге міндеттенеді. Айыптық ставкаға пайыздар әр кешіктірілген төлемге пайызды есептеу кезеңінің бірінші күнінен бастап есептелетін болады және Төлемнің әр Күніне берешектер бойынша жартыжылдық төлемге жатады.".
3. "Дефиниции" қосымшасы мынадай тәртіппен өзгертілген:
(а)
19 "Міндеттеме үшін Комиссиялық" 19-тармағы алынып тасталған
және келесі параграфтар тиісті түрде нөмірленген.
(b)
Қосымшаға 27, 28, 29 және 30-тармақтар қосылған
:
"27. "Кешіктірілген төлем үшін пайызды есептеу кезеңі" қарыздың алынған қалдығының әр кешіктірілген сомасына осындай кешіктірілген сома төленбей қалған әр кешіктірілген сомасы уақытында әр пайызды есептеу кезеңі; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бірінші кезеңі төлем кешіктірілген күннен кейін 31 күні басталады және кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің соңғы кезеңі кешіктірілген сома толығымен төленген күні тоқтатылады деген шарттар орындалғанда.".
28. "Кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка" кешіктірілген төлем үшін пайызды есептеудің әр кезеңі үшін мыналарды білдіреді:
(а) Бағалардың құбылмалы айырмашылығы бар Қарыз үшін: ЛИБОР дефолтқа бағалардың құбылмалы айырмашылығын қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
(b) кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша төленуі тиіс кешіктірілген төлем үшін пайызды есептеу кезеңі жататын қарыз қалдығының сомасына пайызы Бекітілген Қарыз жағдайда: пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолтқа пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
(с) Бекітілген Қарыз жағдайында - кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеу кезеңі жататын қарыздың қалдығы сомасына пайызы пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставка қолданылғанға дейін тез арада төленуі тиіс: ЛИБОР дефолтына бекітілген бөліп-бөліп төлеуді қосу және пайыздың бірден екі бөлігін қосу (0.5 %);
29. "ЛИБОР дефолты" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін ЛИБОР-ды білдіреді; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңін білдіреді, ЛИБОР дефолты 3.02 бөлімінде (d) тармағында көрсетілген сома пайызды төлеу кезеңінде бірінші рет кешіктірілген.
30. "Пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт" пайыздарды есептеудің тиісті кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасын білдіреді; кешіктірілген төлем үшін пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі үшін пайыздың құбылмалы ставкасы бойынша дефолт бірінші рет кешіктірілген 3.02 Бөлімінің (d) тармағында көрсетілген сома пайызды есептеу кезеңінде пайыздың құбылмалы ставкасына тең болатынын білдіреді.
(с)
43-тармақ "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу"
(қайта нөмірленгендей) мынадай тәртіппен жазылған:
"43. "Бекітілген бөліп-бөліп төлеу" Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін кредиттің бастапқы валютасы үшін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төлемін білдіреді: қарыздың кез-келген барлық немесе бөлігінің валютасын конвертациялау кезінде мұндай бекітілген бөліп-бөліп төлеу Конвертация қағидаттарында көрсетілген Келісімге қол қою күнімен келісу шарты орындалған жағдайда; және алдындағыларға қарамастан бекітілген ставка бойынша пайыздар есептелетін қарыздың алынған қалдығына қолданылатын кешіктірілген төлем үшін пайыздық ставканы айқындау мақсатында "бекітілген ставка" көрсетілген соманың валютасын деноминациялау үшін Қарыз Келісімі жасалған күніне дейін бір күнтізбелік күн қалғанға дейін Колумбия Округінің Вашингтон уақытының күндізгі 12:01-де күшіне енетін Банктің бекітілген бөліп-бөліп төленуін білдіреді.".
(д) 66-тармақ "Қарызды төлеу" (қайта нөмірленгендей) мынадай тәртіппен түзетілген:
"66. "Қарызды төлеу" қарыздың, пайыздардың қалдықтарын, бір реттік комиссиялық сыйақылар (бар жағдайда), мерзімінен бұрын төлегені үшін сыйақылар, валютаның конвертациясы немесе конвертацияны аяқтағаны үшін транзакциялық төлемдер, пайыздық ставканың бекітілген максимумы үшін кез келген сыйақылар және пайыздық ставканың бекітілген максимумы және минимумы, сондай-ақ Қарыз алушы төлеуге жататын кез келген бөліп-бөліп төленетін сомалар.".
(е) 71-тармақ "Төлем мерзімі" (нөмірленгендей) мынадай тәртіппен өзгертілген:
"71. "Төлем мерзімі" Қарыздың Келісімінде көрсетілген күнді білдіреді - пайыз төленуі тиіс Қарыздың Келісімі жасалған күн.".
Осы аударма Астана қаласында 2008 жылғы 2 ақпанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-Министрі Р. Даленов
РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) ағылшын тілдегі мәтіні берілген.