Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 153-IV Заңы

      Душанбеде 2007 жылғы 5 қазанда қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                Н. НАЗАРБАЕВ
 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі ережені бекіту туралы
ХАТТАМА

Ресми расталған мәтін

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер,
      Халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптер мен нормаларды, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негіз болатын құжаттарын басшылыққа ала отырып,
      Бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, Тараптардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуын қамтамасыз ететін ажырамас шарты болып табылатындығын мойындай келе,
      1996 жылғы 17 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері шекара әскерлерінің сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кездегі өзара іс-қимылдары туралы Келісімді одан әрі іске асыру мақсатында.

       төменде айтылғандар туралы келісті:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Осы Хаттама депозитарийдің Тараптармен қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындалғандығы туралы үшінші хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Осындай рәсімдерді кеш орындаған мемлекеттер үшін, ол депозитарийдің тиісті хабарламалар алған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Ережеге осы Хаттаманың 2-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      4. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекеттер үшін ол депозитарийдің тиісті хабарлама алған күнінен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      5. Тараптардың әрбіреуі, шығуына дейін 6 айдан кем емес уақыт қалғанда, бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жолдап осы Хаттамадан шығуына болады. Осы Хаттамадан шығу, мемлекетті, осы Хаттама Тарапы бола отырып, өзіне алған қаржылық міндеттемелерінен босатпайды.

      2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

Әзірбайжан Республикасы үшін        Молдова Республикасы үшін

Армения Республикасы үшін           Ресей Федерациясы үшін

Беларусь Республикасы үшін          Тәжікстан Республикасы үшін

Грузия үшін                         Түркіменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін         Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін            Украина үшін

2007 жылғы 5 қазандағы      
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің шекаралық
және өзге де ведомстволарының сыртқы
шекараларда дағдарыстық жағдай  
туындаған кезде және оны реттеуде
(жоюда) көмек көрсетуде өзара   
іс-қимылды ұйымдастыруы жөніндегі
ережені бекіту туралы Хаттамаға 
Қосымша           

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыруы туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже ұйымдастыру негіздерін және сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) өзара көмек көрсетудегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының өзара іс-қимылда көмек көрсету тетігін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1.1. ТМД қатысушы мемлекеттерінің сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің заңнамалары, БҰҰ Жарғысы және басқа да, оның ішінде ТМД шеңберінде жасалған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ осы Ереже оның қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
      1.2. Осы Ережеге байланысты терминдер (анықтамалар) мыналарды білдіреді:
      "сыртқы шекаралар" - ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскелері;
      "дағдарыстық жағдай" - сыртқы шекаралар учаскелеріндегі жағдайды тұрақсыздандыратын және оны тұрақтандыру үшін ұжымдық шаралар қабылдауды талап ететін, әскери-саяси және әлеуметтік шиеленістердің жиынтығы;
      "дағдарыстық жағдайды реттеу (жою)" - тараптардың дағдарыстық жағдайды оқшаулап шектеуге, тұрақтандыруға және жоюға бағытталған, кезек күттірмейтін келісілген ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешені;
      "Тараптар" - осы Ережеде көрсетілген, келісілген іс-шаралар кешенін өткізуге қатысушы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер;
      "сұрау салушы Тарап" - өзінің сыртқы шекарасындағы учаскеде дағдарыстық жағдай туындаған кезде көмек көрсету туралы сұрау салумен өтініш білдірген Тарап;
      "сұрау салынушы Тарап" - сұрау салушы Тарап өзінің сыртқы шекарасындағы учаскеде туындаған дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөнінде көмек көрсету туралы өтініш жасаған Тарап;
      "қабылдаушы Тарап" - сыртқы шекарасында құрылған топтастықтың күштерімен дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі міндеттер шешілетін Тарап;
      "бағыттаушы Тарап" - сұрау салушы Тараптың сұрауы бойынша топтастықтың құрамына шекаралық және өзге де ведомство құрылымдарын жолдайтын Тарап;
      "құзыретті органдар" - осы Ережені іске асыру бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті Тараптардың мемлекеттік билік органдары;
      "шекаралық ведомстволар" - ТМД-ға қатысушы мемлекеттер заңнамаларына сәйкес осы құжаттың мақсаттары үшін олардың мемлекеттік шекараларын қорғау және күзету функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдар;
      "өзге де ведомстволар" - дағдарыстық жағдай туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) Тараптар өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік органдар;
      "мандат" - уәкілеттікті, топтастық құрамын, дағдарыстық жағдайды реттеудің (жоюдың) міндеттері мен мерзімдерін, топтастықты енгізу-шығару тәртібін белгілейтін құжат;
      "топтастық" - Тараптармен дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) үшін жіберілген, шекаралық және өзге де ведомстволардың күштері мен құралдарының жиынтығы;
      "Біріккен штаб" - тікелей топтастықты басқаруға арналған, уақытша басқару органы;
      "топтастық мәртебесі" - дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) мақсатында қабылдаушы тараптың аумағында уақытша тұрған, Тараптар құрылымдарының құқықтық ережесі;
      "топтастықтың жеке құрамы" - Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары құрамында қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, сондай-ақ топтастық құрамына кіретін немесе азаматтық мамандар ретінде құрылымдарға уақытша жіберілген, әскери бөлімдерде, ұйымдарда және мекемелерде жұмыс істейтін азаматтық тұлғалар (азаматтық персонал);
      "дағдарыстық жағдай туындаған кездегі және оны реттеудегі (жоюдағы) өзара іс-қимыл" - Тараптардың дағдарыстық жағдайларды барынша тиімді реттеуге (жоюға) арналған шекаралық және өзге де ведомстволарының мақсаттары, міндеттері, тәсілдері, орны және уақыты бойынша келісілген бірлескен іс-қимылдары;
      "өзара іс-қимылды ұйымдастыру" - Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарының келісімі бойынша басқару және қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларды реттеу (жою) міндеттерін бірлесіп орындау кезінде олардың күш-жігерлерін біріктіруде Тараптар алдын ала өткізетін өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      "құрылымдардың жылжымалы мүлкі" - Тараптардың меншігі болып табылатын штаттық (табельдік) әскери-техникалық мүлік, қару-жарақтардың, әскери техниканың барлық түрлері, құрылымдардың қызмет атқаруы үшін қажетті көліктік және басқа да материалдық-техникалық құралдар;
      "жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік объектілері)" - жер учаскелері мен оларда орналасқан казармалар және өзге де тұрғын үй-жайлар, коммуналдық ғимараттар, әскери кәсіпорындар (мекемелер), теміржолдың кірме жолдары, аэродромдар, оқу орталықтары және полигондар, басқарудың стационарлық пункттері және байланыс тораптары, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз етудің стационарлық құралдары, арсеналдардың, сақтау базаларының, қоймалардың және қабылдаушы Тараптың меншігі болып табылатын және оның келісімімен басқа Тараптар құрылымдарының пайдалануында уақытша тұрған басқа да инфрақұрылымдық объектілердің құрылыстары мен ғимараттары.

II. Ұйымдастыру негіздері және өзара іс-қимыл тетігі

      2.1. Әрбір тарап өзінің заңнамасына сәйкес дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша міндеттерді орындау мақсатында құрылымдарды топтастықтың құрамына енгізу үшін алдын ала белгілейді. Сыртқы шекаралардағы ахуал туралы ақпаратты қорытындылауды Шекара әскерлерінің қолбасшылары Кеңесінің Үйлестіру қызметі жүзеге асырады және дайындалған материалдарды Тараптардың шекаралық ведомстволары басшыларына жібереді.
      2.2. Топтастықтың күштерінің, құралдарының қажеттігі мен олардың келу шарты әрбір нақты жағдайда шешілетін міндеттеріне сәйкес анықталады және уағдаластық бойынша нақтылануы мүмкін.
      Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) міндеттерін орындау үшін Тараптар күштері мен құралдарын алдын ала дайындайды, оған:
      Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және уақтылы анықтау;
      топтастықтың құрамы мен санын белгілеу, оны қару-жарақпен әскери техникамен, материалдық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша алдын-алу сипатындағы бірінші кезектегі шараларды жоспарлау және ұйымдастыру;
      басқаруды, хабарлауды және топтастықты жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) кезінде жеке құрамның іс-қимылға моральдық-психологиялық дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты өткізу кіреді.
      2.3. Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарының өзара іс-қимылы мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) кезіндегі қалыптасқан жағдайды болжау, бірлескен іс-шараларды өткізу және қамтамасыз ету кезінде іс-қимылдарды үйлестіру;
      іс-қимыл күштері мен құралдарының міндеттері, бағыттары, шептері және уақыты бойынша жалпы тәртібін, жүйелілігін және нақтылы тәсілдерін жасау;
      топтастық құрылымдарының барлық басшыларының дағдарыстық жағдайының әртүрлі шарттарында мақсаттарды, міндеттерді және іс-қимыл жасау тәсілдерін түсінулеріне қатысты бірыңғай көзқарастарды анықтау;
      дағдарыстық жағдайдың болжамды дамуын ескере отырып бірлескен іс-қимылдар нұсқаларын келісу;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-қимылдарға тартылатын барлық күштер мен құралдардың өзара бірлескен іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету іс-шараларын қалыптастыру;
      топтастықтың дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша міндеттерді орындауын қамтамасыз ету;
      шекара қызметінің күшейтілген режимде дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) кезеңінде сыртқы шекара учаскелерінің күзетін қамтамасыз ету;
      Тараптардың аумағына енген, террорлық топтар мен заңсыз қарулы құрылымдарды іздеу және жою;
      шектес мемлекеттер азаматтарының Тараптар аумағына жаппай рұқсатсыз өтуінің жолын кесу, дағдарыстық жағдай туындаған, сыртқы шекаралар учаскелері арқылы босқындардың өткізілуін ұйымдастыру;
      арнайы шекаралық операцияларды, кешенді жедел іздестіру және сақтандыру іс-шараларын жүргізу;
      Тараптардың мемлекет шекаралар арқылы жарылғыш заттарды, қаруды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуінің алдын-алу;
      Тараптардың мемлекеттік шекаралары арқылы олардың аумақтарына бойлай кірген террорлық топтар мен оларға қатысты адамдардың қозғалыс бағыттарын анықтау және бүркемелеу.
      2.4. Өзара іс-қимыл дағдарыстық жағдайды реттеуге (жоюға) қатысушы Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылдың мақсаттары, міндеттері орындары (объектілері) уақыты бағыттары және нұсқалары бойынша ұйымдастырылады. Барынша егжей-тегжейлі өзара іс-қимыл ең жақын міндеттер мен басты күш салуды жұмылдыру бағыттарын орындау кезінде ұйымдастырылады.
      2.5. Өзара іс-қимылдың бірлескен жоспарларын әзірлеу Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары алдын ала жүзеге асырады.
      Өзара іс-қимыл жоспарының түпкі мақсатына:
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) тәртібі;
      дағдарыстық жағдай дамуы мүмкін аудандардағы сыртқы шекара күзетінің тәртібі;
      сыртқы шекара күзетінің уақытша шептері және олардағы іс-қимыл тәртібі;
      Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары бөлімшелерін, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аудандарға шығаруға арналған бағыттар;
      дағдарыстық жағдайдың салдарларын жою тәртібі;
      шекара өкілдігі жұмысы бойынша міндеттер және іс-шаралар кіреді;
      өзара іс-қимыл жоспары картада түсініктеме жазбамен әзірленеді және екі данада жасалады. Бірінші дана қабылдаушы Тараптың шекаралық ведомствосында болады, екіншісі - ол әзірленгеннен кейін Біріккен штабқа тапсырылады. Қажет болған жағдайда, өзара келісім бойынша, даналардың саны одан да көп болуы мүмкін.
      Картада графикалық түрде:
      дағдарыстық жағдайдың ықтимал дамуы;
      топтастықтың ықтимал құрамы;
      жауапкершілік учаскелері (аудандары); топтастық бөлімшелері орналастырылатын орындар;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) кезіндегі топтастықтың және өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтын бөлімшелердің құрамы, міндеттері және іс-қимылдың ықтимал сипаты;
      топтастық бөлімшелерінің дағдарыстық жағдайын реттеу (жою) үшін бөлінген жылжу бағыттары, кездесу пункттері, орындары және шоғырлану уақыты;
      басқару пункттерінің өрістеу орындары;
      іс-қимыл учаскелеріндегі (аудандарындағы) инженерлік бөгеттердің орналасу орындары;
      Тараптардың құрамы, орналасу орындары және резервтерді қолдану тәртібі;
      дағдарыстық жағдайдың ерекшелігімен алдын ала келісіп алынған, басқа да мәселелер көрсетіледі.
      2.6. Тараптың күнделікті қызмет жағдайында өзара іс-қимыл:
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) тәртібін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге бірлесе қатысу;
      өзара іс-қимыл жоспарларын пысықтау бойынша бірлескен жаттығуларды, оқу-жаттығуларын өткізу;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша, оның ішінде басқару және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері бойынша міндеттерді орындау кезінде бірлескен іс-қимылдарды келісу;
      Тараптардың құзыретіне жататын ақпаратпен өзара алмасу;
      Басқару органдарын дағдарыстық ахуал жағдайларындағы іс-қимылдарға үйрету;
      дағдарыстық жағдайдың алдын-алу реттеу (жою) мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
      өзара іс-қимыл жоспарларын бірлесе әзірлеу (нақтылау) және басқа да мәселелерді шешу жолымен ұйымдастырылады.
      2.7. Тараптар құрылымдарын бірлесе дайындау жаттығуларды, командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу барысында жүзеге асырылады.
      Тараптар өзара уағдаластық негізінде құрылымдардың бірлескен оқу-жаттығуларын өткізе алады, оның барысында дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша ықтимал іс-қимылды пысықтайды.
      2.8. Тараптардың біреуінің сыртқы шекараларының қандай да бір учаскелерінде дағдарыстық жағдай туындаған немесе оның қаупі туындаған жағдайда оның өтініші бойынша немесе басқа Тараптардың өтініштері бойынша осы учаскелерде кідірістен тұрақты жағдайды қамтамасыз етудің кешенді шараларын анықтау мақсатында консультациялар өткізіледі.
      2.9. Тараптардың консультациялары құзыретті органдар өкілдерінің жұмыс кездесулерін өткізу жолымен немесе оларды қызықтыратын мәселелер бойынша құжаттық ақпарат алмасу түрінде өткізіледі.
      2.10. Сұрау салушы Тарап және/немесе басқа Тараптар өздерінің кеңес өткізу туралы ниеттерін Тараптарға қажетті негіздемелермен жазбаша хабарлайды.
      Өтініштерде (ұсыныстарда) талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесі, консультациялар мақсаты, қатысушылардың құрамы және олардың өкілеттіктері, кездесудің түрі, уақыты және өткізілу орны, консультацияның болжамды ұзақтығы.
      2.11. Сұрау салушы Тарап өтініш білдіріп отырған Тараптар және/немесе басқа Тараптар болжамды қысқа мерзім ішінде келіп түскен ұсыныстардың мәні бойынша дәлелді жауап береді.
      Консультациялар барысында талқылануы болжамдалған құжаттар жобаларының алдын ала дайындығын сұрау салушы Тарап жүзеге асырады.
      Консультациялар сұрау салушы Тараптың аумағында өткізіледі. Олардың өткізілуіне байланысты шығындар, сұрау салушы Тарап есебінен жүзеге асырылады.
      Консультациялар құпиялы негізде өткізіледі. Болып өткен консультациялық кездесу және оның нәтижелері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына беру немесе оның өзге де жариялануы туралы шешімді Тараптар келіседі және қабылдайды.
      2.12. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) туралы шешімді мандатты бекітетін Хаттаманың қатысушы-мемлекеттерінің басшылары қабылдайды және топтастықты тікелей басқару үшін топтастықтың басшысын (қолбасшысын) тағайындайды.
      2.13. Топтастықтың басшысы (қолбасшысы) сұрау салушы Тараппен келісім бойынша дағдарыстық жағдайдың дамуы мен күрделілігіне байланысты Біріккен штабтың құрылымын, құрам санын оның бөлімшелерінің міндеттері мен функцияларын анықтайды.
      Біріккен штаб құрамына Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволарының өкілдері енгізіледі.
      Орыс тілі топтастастықта жұмыс тілі болып табылады.
      2.14. Біріккен штаб дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) іс-шараларын жоспарлау және орындау кезінде:
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шараларды әзірлеуге;
      өзара іс-қимыл жоспарын бірлесіп нақтылауға, оның орындалуын ұйымдастыруға;
      өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
      дағдарыстық жағдайды реттеуге (жоюға) қатысатын Тараптардың шекаралық және өзге де ведомстволары құрылымдарының іс-қимылын үйлестіруге және олардың арасында тығыз өзара іс-қимылды ұйымдастыруға;
      дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шаралардың жан-жақты қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға;
      қабылдаушы Тарапты дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша өткізіліп отырған іс-шаралар туралы уақтылы хабардар етуге;
      топтастықтың күштері мен құралдарын дағдарыстық жағдайдағы іс-қимыл дайындығына келтіруге міндетті.
      2.15. Қабылдаушы Тараптың келісімімен оның аумағында бөлінген жергілікті жер учаскелері (аудандары) мен объектілері шегінде алға қойылған міндеттерді орындауға байланысты, командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулары, жедел және жауынгерлік дайындық бойынша басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.
      Бұл ретте аудандарды, оқу-жаттығулардың тәртібі мен өткізілу уақытын, қатысушы құрылымдардың санын, олардың қозғалу бағыттарын, жауынгерлік атыс кезеңдерін, қауіпсіздік аймақтарын, экологиялық және басқа да мәселелерді топтастық басшысы (қолбасшысы) қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарымен бірлесе отырып келіседі.
      Осы іс-шараларды бөлінген аудандар мен объектілерден тыс жерлерде өткізуге тек қабылдаушы тараптың құзыретті органдармен келісім бойынша ғана рұқсат етіледі.
      2.16. Дағдарыстық жағдай пайда болған кезде Тараптар жедел(кезекшілік) қызмет желісі бойынша:
      дағдарыстық жағдайдың пайда болған күні мен уақыты (Мәскеу);
      дағдарыстық жағдайдың туындаған орны (шекаралық бірлестік (құрама) учаскесі, өңірі, республикасы, өлкесі облысы, елді мекені);
      дағдарыстық жағдайдың туындау себебі;
      дағдарыстық жағдайдың таралу аймағы;
      дағдарыстық жағдайды реттеуде (жоюда) әрекет жасаған күштер мен құралдар туралы хабарлайды.
      Қабылданған шешімдер туралы және өзара іс-қимыл жоспарларын қолданысқа енгізу жөнінде өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады және Тараптардың құзыретті органдарына баяндама ұсынылады.
      2.17. Қабылдаушы Тарап жеке құрамды, техниканы, қару-жарақты, арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарын жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, топтастықты қабылдау және орналастыру, сондай-ақ оны аэродромдармен, орналасу пункттерімен, теміржолдық кірме жолдармен, көлікпен, пошталық және басқа да байланыс түрлерімен, тамақпен, электр энергиясымен, сумен тегін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде коммуналдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, топтастыққа кассалық есеп айырысу қызмет көрсетуін толық көлемде қамтамасыз етеді және топтастықтың бөгетсіз өту мәселелерін Тараптармен келіседі.
      2.18. Тараптар өз аумақтары бойынша тағайындалу орындарына Тараптардың құрылымдары мен жүктерінің бөгетсіз қозғалуын, сондай-ақ оларға алдын-ала өтінімдер негізінде теміржол, автомобиль, теңіз, өзен және әуе көлігі мен көлік коммуникацияларының бірінші кезекте берілуін қамтамасыз етеді.
      Тараптар құрылымдары авиациясының ұшулары әскери басқарма органдарымен, әуе қозғалысы басқармасының органдарымен және қабылдаушы Тараптың әуе бақылау органдарымен келісілген бағыттар бойынша, сондай-ақ аймақтарда (аудандарда) орындалады. Әскери және азаматтық аэродромдарда қабылдау, аэродромдық қамтамасыз ету және әскери әуе кемелерін күзетуді, Тараптардың аэродромдық қызметтері тегін жүзеге асырылады.
      Тараптар құрылымдарының корабльдері мен кемелерінің суларда жүзуі және олардың қабылдаушы Тараптың кемежайларында болуы, қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, қабылдаушы Тарап белгілеген тәртіпте, қойылған міндеттерді орындау қажеттігін есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      Топтастық құрылымдарының қабылдаушы Тараптың аумағына өтуі қабылдаушы Тарап құзыретті органының арнайы рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
      Топтастықтың немесе жекелеген құрылымдардың қабылдаушы Тараптың аумағы бойынша өтуі қабылдаушы Тараптың құзыретті органының бақылауымен жүзеге асырылады.
      Топтастықтың немесе оның жекелеген құрылымдарының, Тараптар болып табылмайтын мемлекеттер аумағы бойынша транзиттік өтуінің тәртібі мен шарттарына байланысты мәселелерді сұраушы Тарап олардың аумақтары бойынша транзит жүзеге асырылатын мемлекеттермен шешеді.
      2.19. Қабылдаушы Тарап өз мемлекеттік шекарасының орны, уақыты және кесіп өту тәртібі туралы басқа Тараптарды жазбаша хабардар етеді және өз аумағы бойынша әскери эшелондардың, әуе және теңіз (өзен)кемелері мен корабльдерінің, белгіленген ауданға немесе транзитпен бара жатқан жеке құрамы, техникасы, қару-жарағы және өзге де материалдық-техникалық құралдары бар автомобиль лектерінің бөгетсіз және тегін өтуі үшін қажетті жағдайларды жасайды, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерінің орналасуын және пайдалануын тегін қамтамасыз етеді.
      Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша шаралардың өткізілу пәрменділігі мен жеделдігін арттыру мақсатында Тараптар дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) орнына бара жатқан топтастық құрылымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі кезінде ұлттық заңнамамен белгіленген рәсімдерінің жеделдетіліп орындалуын қамтамасыз етеді.
      2.20. Топтастық құрылымының басшысы Тараптың мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде осы Тараптың құзыретті органы растаған жеке құрамның атаулы тізімін, қару-жарақ пен әскери техникасының, арнайы құралдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының тізбесін көрсетеді.
      Топтастық құрылымдарының әскери қызметшілері Тараптардың мемлекеттік шекарасынан өту кезінде өз ұлттық құрылымдарының әскери киімдерін киюлері қажет. Әскери техника тіркеу номеріне қосымша оның мемлекеттік тиістілігін көрсететін көрнекті белгімен анық жабдықталуы тиіс.
      Топтастық құрылымының жеке құрамы қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасынан, олардың жеке басын және топтастыққа кіретінін куәландыратын, жіберуші Тараптың заңнамасымен белгіленген құжаттарды көрсетуі бойынша өтеді.
      2.21. Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) орнына және одан кері қайтып бара жатқан топтастық құрылымының жеке құрамы осы Тараптың заңнамасына сәйкес, тек қана жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтуі кезінде кедендік және өзге де алымдардан босатылады.
      Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін және дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) орнына және одан кері қайтып бара жатқан топтастық құрылымының қару-жарағы мен әскери техникасы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдары кедендік және өзге де алымдардан босатылады.
      2.22. Топтастық басшылығының сәйкестендіру құралдарымен қамтамасыз етілген қызметтік құжаттар (хат алмасу) тексеруге жатпайды. Осы құжаттарды жеткізуші курьерде оның өкілеттілігін растайтын және салынған құжаттар саны туралы мәліметтері бар өкімі болуға тиісті. Өкімді уәкілетті тұлғалар растайды, ол туралы мәліметтер Тараптардың шекаралық ведомстволарына және кедендік органдарына беріледі.

III. Бірлескен шараларды аяқтау және даулы мәселелерді шешу тәртібі

      3.1. Дағдарыстық жағдайды тоқтатуға, жоюға және тұрақтандыруға бағытталған, келісілген кезек күттірмейтін ұйымдастыру және тәжірибелік іс-шаралар кешені орындалғанда дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша шаралар аяқталды деп есептеледі.
      3.2. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі іс-шаралардың аяқталғандығы туралы шешімді сұраушы Тараптармен келісім бойынша қабылдаушы Тарап қабылдайды.
      Топтастықтың басшысы, дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі іс-шаралардың аяқталғандығы, Біріккен штабты тарату туралы тиісті бұйрық шығарады және ол туралы Тараптардың құзыретті органдарын хабардар етеді.
      3.3. Қабылдаушы Тарап жеке құрамның, техниканың, қару-жарақтың, топтастық құрылымдарының арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдарының жөнелтілуін қамтамасыз етеді.
      Топтастық құрылымдарының пайдаланылмаған арнайы құралдары мен қамтамасыз ету материалдары дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін қабылдаушы Тараптың аумағынан шығарылуға тиіс.
      Егерде ерекше жағдайларға байланысты арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарын шығаруға мүмкіндік болмаса, онда мүдделі Тараптардың құзыретті органдары өзара уағдаластық негізінде оларды қабылдаушы Тарапқа тапсыра алады.
      3.4. Дағдарыстық жағдайды реттеуге (жоюға) байланысты міндеттерді орындау кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген өліміне, дене зақымдарына және жеке тұлғаның еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты, сондай-ақ оның жылжымайтын мүлкіне, табиғи қорына, мәдени және тарихи құндылықтарына келтірілген залалдың орнын толтыруға қатысты қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапқа және топтастық басшылығына қандай да бір шағым айтып, талап етуден бас тартады
      3.5. Топтастық қабылдаушы Тараптың аумағында уақытша болу
кезеңінде өзі пайдаланатын жылжымайтын мүліктің, табиғи ресурстарының, мәдени және тарихи объектілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Қабылдаушы Тарап пайдаланатын жылжымайтын мүліктің сақталуына, сондай-ақ әскери құрылымдарының орналасу (орнын ауыстырып орналастыру) аудандарындағы экологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына топтастық басшылығы жауапты болады.
      Құрылымның мандатпен келісілген, міндетттердің орындалуына байланысты емес, қабылдаушы Тараптың жеке тұлғаларына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне келтіруі мүмкін залалдың орны, мүдделі Тұлғалар арасындағы уағдаластық бойынша, ал қайшылық туындаған кезде - осы Ереженің 3.7. тармағына сәйкес толықтырылады.
      Әкелінген арнайы құралдар мен қамтамасыз ету материалдарының жоғалуына, толық немесе ішінара жойылуына байланысты шығыстарды қосқанда, топтастықты құрған сұрау салушы Тараптардың шыққан шығындарының орнын толықтыру тәртібі мүдделі Тараптардың арасындағы уағдаластық бойынша белгіленеді.
      3.6. Егер Тараптардың біреуі топтастыққа кіретін құрылымдардың әрекеттерімен келтірілген залалды басқару органдарына қойылған міндеттерге баламасыз деп есептейтін болса, онда туындаған келіспеушілік мүдделі тұлғалармен 3.7. тармаққа сәйкес шешіледі.
      3.7. Осы Ережені қолдану немесе түсіндіру кезінде пайда болатын даулы мәселелер консультацияларды және мүдделі Тараптардың келіссөздерін өткізу жолымен шешіледі.
      Даулы мәселелерді шешу үшін келісім комиссиясы құрылады, оның құрамына әрбір Тараптардың өкілдері және топтастық басшылығының өкілдері тағайындалады. Келісім комиссиясы Тараптармен белгіленген өкілеттіктер шегінде іс-қимыл жасайды.
      Тікелей келіссөздер және келісім комиссиясының жұмысы барысында шешілмейтін барлық даулар шешу үшін Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің басшыларына жіберіледі.

IV. Топтастықтың мәртебесі

      4.1. Топтастықтың жеке құрамы жалпы танылған ұстанымдар мен халықаралық құқық нормаларын, халықаралық шарттарды, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың заңнамасын сақтайды.
      4.2. Дағдарыстық жағдайды реттеу (жою) бойынша іс-шараларды өткізу кезінде қабылдаушы Тарап топтастықтың жеке құрамына өтемақы төлейді және олардың отбасы мүшелеріне оның заңнамасында қарастырылған тәртіппен және мөлшерде жаралануына, мертігуіне және қайтыс болуына байланысты шығындардың орнын толтырады. Бұл орайда топтастықтың жеке құрамына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты топтастықты құрған жіберуші Тараптың заңнамасымен белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер және өтемақылар сақталады.
      4.3. Тараптардың әрқайсысы топтастық жеке құрамының құқықтық жағдайын құрметтейді және оған жалпы танылған принциптер мен халықаралық нормаларға сәйкес оған азаматтық құқықтар мен еркіндіктердің барлық толықтығын қамтамасыз етеді, олардың қойылған міндеттерді орындауларын қиындататын әрекеттерге жол бермейді, өз аумағы шегінде оларға қатысты ескерту және кез келген құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу шараларын қосқанда, топтастық жеке құрамының қауіпсіздігі мен қорғалуын, қару-жарағын, әскери техника мен материалдық-техникалық құралдарды, құрылымдардың құжаттамалары мен ресми ақпараттарын қамтамасыз етуге арналған топтастық басшысымен (қолбасшысымен) келісілген барлық қажетті шараларды қолға алады.
      4.4. Тараптар, топтастықтың қабылдаушы тараптың аумағында уақытша болуына байланысты, заң құзыреті мәселелерінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:
      топтастықтың жеке құрамы сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдай пайда болған кездегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттері шекаралық әскерлерінің өзара іс-қимылы туралы 1996 жылғы 17 мамырдағы Келісім шеңберінде, қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-қимылдарға (қимылсыздыққа) қатысты қабылдаушы Тараптың заң құзыретінен босатылады;
      Топтастық жеке құрамының қабылдаушы Тараптың заң құзыретіндегі иммунитеті оны жіберуші Тараптың заң құзыретінен босатпайды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының Кеңесі отырысындағы күн тәртібінің 4-тармағы бойынша

Беларусь Республикасының түсіндірмесі

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы Хаттама туралы

2007 жылғы 5 қазан                                 Душанбе қаласы

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы Хаттамаға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілікті қолдау жөніндегі Ұжымдық күштер қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктері туралы келісімге

"Беларусь Республикасы өз аумағы шегінен тыс дағдарыстық жағдайлардағы аудандарға шекаралық және өзге де құралымдарды жібермейді"

      Беларусь Республикасының
      Президенті                                     А. Лукашенко

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының отырысында қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы Хаттаманың дұрыс көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқалық данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитеті Төрағасының -
      Атқарушы хатшысының
      бірінші орынбасары                                   В. Гаркун

      2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшыларының отырысында қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде және оны реттеуде (жоюда) көмек көрсетуде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы Хаттаманың дұрыс көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
 

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      Кадрлар департаменті 8-басқармасының
      бастығы полковник                                   Д. Дүйсебай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады