Астанада 2009 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Дағдарысқа қарсы қолдау жөніндегі бағдарлама) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
ҚАРЫЗ НӨМІРІ 2643-KAZ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Дағдарысқа қарсы қолдау жөніндегі бағдарлама)
2009 жылғы 14 қыркүйек
PLL: KAZ 43330
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталады) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі "АДБ" деп аталады) арасындағы 2009 жылғы 14 қыркүйектегі ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.
ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП
(А) АДБ Қарыз алушыдан осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталғандай, Қарыз алушының дағдарысқа қарсы шаралары жөніндегі болашақ міндеттерін, саясаты мен іс-әрекеттерін (бұдан әрі "Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шаралары" деп аталады) анықтайтын 2009 жылғы 26 тамыздағы Даму Саясаты туралы Хатты (бұдан әрі "Саясат туралы Хат" деп аталады) алды;
(В) Қарыз алушы АДБ-не Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын қолдау үшін оның Дағдарысқа қарсы Қолдау жөніндегі Бағдарламасы (бұдан әрі "Қолдау Бағдарламасы" деп аталады) шеңберінде қарыз бөлу туралы өтініш білдірді; сондай-ақ
(С) АДБ қарызды Қарыз алушыға Қолдау Бағдарламасының ресурстарынан төменде белгіленген шарттар мен негіздерде беруге келісімін білдірді;
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісімнің тараптары мыналар туралы уағдаласты:
I БАП
Қарыз беру ережелері; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі Лондон банкаралық ставкасы бойынша АДБ әдеттегі негізгі ресурстарынан бөлінетін қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы осы Қарыз туралы келісімге қолданылады және алайда төмендегі өзгерістерді (жоғарыда аталған жай операциялар үшін қарыз беру ережелері өзгерістермен бұдан әрі "Қарыз беру ережелері" деп аталады) сақтай отырып, осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде қолданылады деп есептеледі:
а) 2.01-бөлім (22) алып тасталды;
b) 2.01-бөлімде (23) "Тіркелген спрэд" деген анықтама осы кіші бөлімдегі барлық аталған жерлерден алып тасталды және "2.0 %" деп ауыстырылды:
(с) 2.01-бөлім (49) алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(49) "Бағдарлама" деген анықтама ол үшін АДБ Қарыз туралы Келісімде сипатталған қарызды беруге келіскен Қолдау Бағдарламасын білдіреді және оның сипаттамасы АДБ мен Қарыз алушының арасындағы келісім бойынша уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін.
(d) "Жоба" деген термин Қарыз беру туралы ережелерде аталатын барлық жерде "Бағдарлама" деген терминмен ауыстырылатын болады;
(е) 2.01-бөлім (51) алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(51) "Бағдарлама бойынша Атқарушы агенттік" деген термин Қарыз туралы келісімде көзделгендей, Қолдау Бағдарламасын орындауға жауапты органды немесе органдарды білдіреді.
(f) "Жоба бойынша Атқарушы агенттік" деген термин Қарыз беру туралы ережелерде аталатын барлық жерде "Бағдарлама бойынша Атқарушы агенттік" деген терминмен ауыстырылатын болады;
(g) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
3.03-бөлім. Резервке қойғаны үшін комиссия. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша кредиттің талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
h) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
3.06-бөлім. Өтем. Кез келген жарты жылдықтағы қарыз валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты қаржыландыру құнының маржасына арналған шығындардың есеп қаражатты үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-нің әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасына арналған (жылдық проценттік мән түрінде көрсетілген) шығындарды (і) қаржыландыру құнының маржасына арналған шығындар есептелген жарты жылдан кейін тікелей басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы проценттерді төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ қаржыландыру құнының маржасына арналған шығындар есептелген жарты жылдықтан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерден өтем сомасын шегеруге міндеттенеді.
(і) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
3.07-бөлім Қосымша сома. Кез келген жарты жылдықта қарыз валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты қаржыландыру құнының маржасына арналған шығындар есебі қосымша шығындарға әкеп соққаны туралы АДБ-нің әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-не қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Осы сома қаржыландыру құнының маржасына арналған (жылдық проценттік мән түрінде) өлшемді шығындарды (і) қаржыландыру құнының маржасына арналған шығыстар есептелген жарты жылдан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы проценттер төлеуге міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ қосымша төлем сомасын қаржыландыру құнының маржасына арналған шығыстар есептелген жарты жылдан кейін басталатын проценттік кезең ішінде Қарыз алушы төлеуге тиіс проценттерге қосуға міндеттенеді.
(j) 6.01-бөлім (а) алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
6.01-бөлім. Қарыз шотынан алу. (а) Қарыз туралы келісімде көзделген кез келген ережелерге немесе шектеулерге сүйене отырып, Қарыз алушының Бағдарлама бойынша талап етілетін және Қарыз туралы келісім шеңберінде қаржыландырылатын шығыстарды төлеу үшін талап етілетін соманы қарыз шотынан алуға құқығы бар.
1.02-бөлім. Егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданған әрбір жағдайда Қарыз беру ережелерінде анықтамасын алған мынадай терминдердің тиісті мағыналары бар және төменде көрсетілген қосымша терминдердің мынадай төмендегі анықтамалары бар:
(а) "Әріптестік қаржыландыру" Қарыз алушыға тиесілі және Қолдау Бағдарламасы шеңберінде Қарыз түсімдерінен төленетін, осы Қарыз туралы келісімге 1 және 5-қосымшада көрсетілген Теңгедегі қаражатты білдіреді;
(b) "Депозиттік шот" осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның 4-параграфында көрсетілген шотты білдіреді;
(с) "Рұқсат етілген ұстанымдар" Қолдау Бағдарламасымен келісілген мақсаттар үшін импортталатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді (осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаға толықтыруға сәйкес әдейі алып тасталғандарды қоспағанда), Қарыз қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін валюта айырбастауға арналған шығындарды білдіреді;
(d) "Саясат туралы хат" осы Қарыз туралы келісімнің А тізбесінде көрсетілген даму саясаты туралы хатты білдіреді;
(е) "Бағдарлама бойынша Атқарушы агенттік" Қарыз беру туралы ережелердің мақсаттары үшін және мағынасы шеңберінде Қолдау Бағдарламасын орындауға жауапты болып табылатын Қарыз алушының Қаржы министрлігін білдіреді;
(f) "Бағдарлама кезеңі" 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді білдіреді; және
(g) "Теңге" немесе "КZT" деген белгі Қарыз алушының валютасын білдіреді.
ІІ БАП
Қарыз
2.01-бөлім. (а) АДБ әдеттегі капиталдық ресурстарынан қаржыландырылатын өзінің Дағдарысқа қарсы Қолдау жөніндегі Бағдарламасының қаражатынан Қарыз алушыға бес жүз миллион АҚШ доллары ($500 000 000) сомасына қарыз беруге келіседі әрі бұл соманы осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Валюта Айырбастау шеңберінде кезеңмен айырбастауға болады.
(b) Қарыз оның негізгі өтелу кезеңі 2 жыл, сондай-ақ жеңілдікті кезең осы баптың (с) тармағына сәйкес ұйғарылды.
(с) Осы Баптың (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдікті кезең" деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасында жазылған өтеу кестесіне сәйкес қарыздың негізгі сомасын өтеудің бірінші Төлем күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-не талап етілетін және талап етілмейтен қарыздың негізгі сомасына, Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбір проценттік кезеңнің ставкалары бойынша кезеңмен проценттер және Қарыз беру ережесінің 3.02-бөліміне сәйкес 2.00 % төлеуге міндеттенеді.
2.03-бөлім. Қарыз алушы жылына 0.75 % сомасында резервке қойғаны үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісім жасалғаннан кейін алпыс (60) күн өткеннен соң сома қарыз шотынан алынатын немесе ол жойылатын тиісті күнге талап етілмейтін қарыз сомасына есептеледі.
2.04-бөлім. Қарыз бойынша проценттер және өзге де төлемдер жарты жылда бір рет, әр жылғы 15 наурыз және 15 қыркүйек күні төленуге тиіс.
2.05-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының ережелеріне сәйкес қарыз шотынан талап етілетін қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы АДБ үшін тиісті нарықтық мүмкіндіктер болған жағдайда, қарызды оңтайлы ұтымды реттеу мақсатында қарыздың төмендегідей айырбасталуын кез келген уақытта сұратуға құқығы бар:
(і) Қарыз валютасының талап етілетін немесе талап етілмейтін, бекітілген валютадағы қарыздың толық немесе ішінара сомасын өзгерту;
(іі) Қарыз сомасының толық немесе ішінара ставкасына қолданылатын проценттік ставканы өзгермелі проценттік ставкадан тіркелгенге ставкаға және керісінше өзгерту; сондай-ақ
(ііі) Талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі проценттік ставкаға, проценттік "кэп" (проценттік ставканың бекітілген ең жоғарғы деңгейі) не проценттік ставканың бекітілген ең төменгі немесе ең жоғары деңгейін белгілеу жолымен лимитті белгілеу.
(b) Осы Баптың (а) тармағымен байланысты, АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы сұрау салуды Қарыз беру ережелерінің V бөлімінің және Айырбастау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес күшіне енетін Қарыз беру ережесінің 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша "Айырбастау" деп есептеу керек.
III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы Қолдау Бағдарламасы шеңберінде Дағдарысқа қарсы шараларға арналған шығыстарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.02-бөлім. Қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес Қолдау Бағдарламасы шеңберінде Рұқсат етілген ұстанымдар үшін талап етілген шетел валютасындағы шығыстарды қаржыландыру мақсаттары үшін ғана қарыз шотынан алынуы мүмкін, бұл ретте Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша осы Қосымшаға мерзімді толықтырулар енгізуге болады.
3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз есебінен қаржыландырылатын барлық Рұқсат етілген ұстанымдар осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес жүргізілуге тиіс.
3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, қаражатты алу күшіне енетін күнге дейін бір жүз сексен (180) күннен бұрын жүргізілген Рұқсат етілген ұстанымдарға арналған шығындарды жабу үшін қарыз туралы шоттан жүргізілмейді.
3.05-бөлім. Қарыз беру ережесінің 9.02-бөлімінде айтылған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражат алу үшін жабу күні болып 2010 жылғы 31 желтоқсан немесе Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген кез келген басқа күн есептеледі.
ІV БАП
Ерекше жағдайлар
4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Бағдарламаны тиісті жауапкершілікпен әрі тиімділікпен және ұтымды әкімшілік, қаржылық, мемлекеттік саясат, әлеуметтік және мемлекеттік басқару шараларына сәйкес орындауға міндеттенеді.
(b) Қолдау Бағдарламасын іске асыру процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында жазылған барлық міндеттемелерді орындауға не орындауды тапсыруға міндеттенеді.
4.02-бөлім. Қарыз алушы Қолдау Бағдарламасын орындау үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша шұғыл қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.03-бөлім. Қарыз алушы ұтымды әкімшілік саясатқа және рәсімдерге сәйкес өз департаменттері мен агенттіктерінің Бағдарламаның орындалуына қатысты қызметін қамтамасыз етуге және үйлестіруге міндеттенеді.
4.04-бөлім (а) Қарыз алушы қарыз қаражатынан қаржыландырылатын Рұқсат етілген ұстанымдарды айқындау және Қолдау Бағдарламасын іске асыру мәртебесін көрсету үшін қажетті жазбалар мен құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етуге міндеттенеді немесе қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
(b) Қарыз алушы АДБ өкілдеріне осы бөлімнің (а) параграфында көрсетілген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялауға мүмкіндік беруге міндеттенеді.
4.05-бөлім. (а) Қарыз беру ережелерінің 7.04-бөлімінде көрсетілген есептер мен ақпараттың бір бөлігі ретінде Қарыз алушы Саясат туралы хатта көрсетілгендей, Қолдау Бағдарламасын іске асыруға қатысты АДБ талап ететін тоқсан сайынғы есептерді және басқа да осындай ақпаратты АДБ-не ұсынады немесе ұсынуға жәрдемеседі.
(b) Жоғарыдағы (а) шеңберінде дайындалған есептер Қарыз алушының Саясат туралы хатта сипатталған Дағдарысқа қарсы шараларының жалпы әсері туралы толық есепті дайындау үшін Қолдау Бағдарламасы аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады.
V БАП
Күшіне ену
5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісім жасалғаннан кейін отыз (30) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру ережелерінің 10.04-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі.
VІ БАП
Өзге ережелер
6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережелерінің 12.02-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережелерінің 12.01-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін көрсетілген:
Қарыз алушы
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
Астана, 010000
Қазақстан Республикасы
Факс:
+7(7172)71 77 85
АДБ
Аsіаn Development Ваnк
Р.О. Вох 789
0980 Маnilа, Рһіliрріnеs
Факс:
(632) 636-2444
(632) 636-2424
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫ РАСТАЙ ОТЫРЫП, тараптар атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз беру туралы келісімге тиісті қол қоюды және оны АДБ штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні және жылы жеткізуді қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
______________________
Уәкілетті өкіл
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
______________________
СТИВЕН ВЕРМЕРТ
Қазақстандағы АДБ өкілдігі
Директорының міндетін атқарушысы
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
1. Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларының және Қолдау Бағдарламасының негізгі мақсаттары фискалдық ынталандыруды қамтамасыз ету және Қарыз алушының бюджеттік жұмсау және кедейшілікті төмендету жөніндегі міндеттері мен бағдарламаларын қорғау, сондай-ақ оның ұзақ мерзімді даму мақсаттарын қолдау болып табылады. Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шаралары және Қолдау Бағдарламасы Саясат туралы хатта егжей-тегжейлі сипатталған.
2. Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын қолдауға бағытталған Қолдау Бағдарламасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 30 маусым кезеңінде іске асырылатын болады.
3. Қолдау Бағдарламасын қолдауға:
(а) қарыз қаражаты рұқсат етілген ұстанымдар тізбесінің құнын шетелдік валютада қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады; және
b) Әріптестік қаржыландыру Қарыз туралы осы келісімнің 5-бөлімі 1-параграфының ережелеріне сәйкес Қолдау Бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған белгілі бір бағдарламаларды және басқа да қызметті іске асыру үшін жүзеге асырылатын жергілікті валютадағы шығыстарды қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.
4. Қарыз қаражаты бір траншпен алынады және 2010 жылғы 30 маусымға қарай пайдаланылатын болады деп күтілуде.
2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі
(Дағдарысқа қарсы Қолдау жөніндегі бағдарлама)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні және Қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніне қарыздың жалпы негізгі сомасының проценті (Кезекті жарна) көрсетілген. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, негізгі борышты өтеудің әрбір күні Қарыз алушы өтеуге тиісті қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күні үшін Кезекті жарнаға көбейту арқылы анықтайды, өтеу сомасы Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.
Төлем күні Кезекті жарна
(%-пен көрсетілген)
2012 жылғы 15 қыркүйек 25.000000
2013 жылғы 15 наурыз 25.000000
2013 жылғы 15 қыркүйек 25.000000
2014 жылғы 15 наурыз 25.000000
Жиыны 100.000000
2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күніне дейін толық көлемде талап етілмесе, негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күніне Қарыз алушы төлеуге тиісті негізгі сома былайша айқындалады:
(а) Негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
(b) Негізгі қарызды (Бастапқы Кезекті жарна) өтеуге төлемнің бірінші күнінен кейін қаражат алу әр алу сомасын осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарна алымы болып есептелетін және бөлгіші осы күннен кейін қалған барлық бастапқы кезекті жарналар сомасын құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындалған сомаларда осы алу сәтінен кейінгі негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күннен кейін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды. Төлемдердің осы сомалары оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
3. Негізгі өтеу күндері төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу төлемінің екінші күнінде талап етілген және талап етілмеген деп есептеген жөн және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі екінші күннен бастап негізгі қарызды өтеуге төлемнің әр күнінде төленуге тиіс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарында белгіленгеніне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе бекітілген валютаға ішінара талап етілген қарыз қаражаты Айырбасталған кезде Айырбастау кезеңінен кейінгі кез келген негізгі өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей Айырбастау алдында орын алған валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған
Айырбастауға жататын валюталарды қосарланған айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша белгіленген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы қарыздың кемінде бір валютасында кезең-кезеңімен нөмірленсе, осы Қосымшаның ережелері осы сомалардың әрқайсысы үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында қарыздың әр нөмірленген валютасындағы сомаларға жеке қолданылуға тиіс.
3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын алу
1. Егер АДБ өзгеше келіспесе, осы Қосымшаның төмендегі ережелері қарыз шотынан қарыз қаражатын алуға қолданылатын болады.
2. (а) Қарыз шотынан алу рұқсат етілген тауарлардың құнын шетелдік валютада қаржыландыру үшін жүргізілетін болады.
(b) Шоттан халықаралық және екі жақты ресми көмек агенттіктерінің қарыздар мен гранттарынан немесе АДБ-ның кез келген басқа да қарыздарынан немесе гранттарынан қаржыландырылған кез келген шығыстарды жабу үшін қаражат алу жүргізілмейтін болады.
3. (а) Қарыз шотынан қаражат алуға арналған өтінімді АДБ қанағаттандыратын ауқымда Қарыз алушы АДБ-ға ұсынатын болады.
(b) Алуға арналған осындай өтінім (і), егер қарыз қаражаты жүзеге асырылған импортты қаржыландырған жағдайда рұқсат етілген импорттың құны қаралып отырған кезеңде сұралатын алу сомасынан асып түсуі тиіс екендігін; немесе (іі), егер қарыз қаражаты импортталатын тауарларды қаржыландыратын болса, алдыңғы бір жылдағы рұқсат етілген импорттың құны сұралатын алу сомасына тең немесе одан көп және қосымша кейінгі бір жыл уақытта қарыз шотынан алу күтілетін басқа сома болуы тиіс екендігін растайтын Қарыз алушының сертификатымен бірге жүретін болады.
(с) Осы параграфтың мақсаттары үшін "Рұқсат етілген импорттар" деген термин тиісті кезең ішінде төменде көрсетілген импортты алып тастағанда сол кезең ішіндегі Қарыз алушы импортының жалпы санын білдіреді:
(і) АДБ-ның мүшелері болып табылмайтын елдерден импорт;
(іі) осы Қосымшаға Толықтыруда келтірілген рұқсат етілмеген тауарлардың импорты; және
(ііі) басқа ресми халықаралық және екі жақты көмек агенттіктері қаржыландыратын немесе АДБ-ның кез келген басқа қарыздары мен гранттарының қаражатынан импорт.
(d) Қарыз алушы АДБ тағайындаған сарапшыларға Қарыз алушы оған өзінің алуға арналған өтінімінде рұқсат етілген импорттың құнын анықтаған кез келген кезеңде рұқсат етілген импорттың құнын тексеруге рұқсат береді.
4. (а) АДБ-ға қарыз шотынан қаражат алуға арналған өтінім бергенге дейін Қарыз алушы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде қарыз шотынан барлық алулар депозитке салынатын шот (депозиттік шот) ашады немесе анықтайды. Депозиттік шот АДБ қанағаттандыратын ережелерге және шарттарға сәйкес белгіленеді, басқарылады және жойылады.
(b) Депозиттік шотқа қатысты жекелеген шоттар мен жазбалар тұрақты қолданылатын ақылға қонымды бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес ұсталатын болады. АДБ-ның сұрау салуы бойынша Қарыз алушы біліктілігі, тәжірибесі мен техникалық тапсырмасы тиісті аудиторлық стандарттарға сәйкес АДБ үшін қолайлы болатын тәуелсіз аудиторлармен депозиттік шотқа аудит жүргізеді. Оларды дайындағаннан кейін бірден, бірақ кез келген жағдайда АДБ сұрау салған күннен кейін 6 айдан асырмай, аудиттелген шоттар мен жазбалардың сертификатталған көшірмелері АДБ-ға әрі барлығы ағылшын тілінде берілетін болады.
(с) Бағдарламаның бүкіл кезеңі ішінде Қарыз алушы сауда-саттық жөніндегі статистиканы және кез келген басқа ақпаратты береді, өйткені АДБ уақыт өткен сайын Қарыз алушының рұқсат етілген импортты анықтау жөніндегі формулаға сәйкес келуін бағалайтын болады.
(d) Қарыз алушы АДБ-ға АДБ-ның сұрау салуы бойынша Қолдау Бағдарламасына жатқызылатын аспектіде Қарыз алушының қаржылық байланыстарын жоғарыдағы 4(b) тармақшасына сәйкес Қарыз алушы тағайындаған аудиторлармен уақыт өткен сайын талқылауға және егер АДБ өзгеше келіспесе, АДБ-ның сұрау салуы бойынша кез келген осындай талқылау Қарыз алушының осындай құқық берілген қызметкерінің қатысуымен ғана жүргізілетін болады деген шартпен осындай аудиторлардың кез келген өкіліне жүктеуге немесе сұрау салуға мүмкіндік береді.
5. Егер АДБ кез келген уақыт сәтінде (і) Қарыз қаражатының қандай да бір бөлігі 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін игерілмей қалатындығын немесе (іі) қарыз қаражатынан қандай да бір төлем рұқсат етілген тауарлар үшін жүзеге асырылмағандығын немесе АДБ-ны қанағаттандыратын дәлелдер болмайтындығын анықтаса, Қарыз алушы АДБ хабардар еткеннен кейін бірден АДБ-ның сұрау салуы бойынша қосымша дәлел беруі немесе АДБ-ға қарыз қаражатының игерілмеген бөлігін және рұқсат етілмеген төлемдерге арналған соманы қайтаруы тиіс.
3-қосымшаға толықтыру
Қаржыландыруға рұқсат етілмеген ұстанымдардың тізбесі
1. Қарыз қаражаты мыналарға жұмсалмауға тиіс:
(і) БҰҰ-ның Стандарттық халықаралық сауда-саттық сыныптамасына, 3-басылым (СХСС, 3-басылым) сәйкес мынадай топтар мен кіші топтарға немесе АДБ-ның Қарыз алушыға хабарламасында көрсетілетіндей, СХСС бұдан әрі өзгерістерде көзделген қандай да бір топқа немесе кіші топқа енгізілген тауарларды сатып алу:_________________________________________________________
Тарау Тақырыбы Сипаттамасы
_________________________________________________________
112 Алкогольді ішімдіктер
121 Өңделмеген темекі; темекі өндірісінің
қалдықтары
122 Өңделген темекі (құрамында темекі
алмастырғыштар бар немесе оларсыз)
525 Радиоактивті және ілеспе материалдар
667 Меруерт, өңделмеген және өңделген бағалы
және жартылай бағалы тастар
718 718.7 Ядролық реакторлар және оларды
құрастыратын ядролық реакторлар үшін
радиация шығармайтын отын элементтері
(картридждер)
728 728.43 Темекіні қайта өңдеуге арналған жабдық
897 897.3 Алтын, күміс немесе платина тобының
металдарынан жасалған бағалы әшекейлер
(сағаттар мен сағаттардың корпустарын
қоспағанда), сондай-ақ зергерлік алтын
және күміс өндірісіне арналған өнім
(оның ішінде бағалы тастар)
971 Ақшалай емес алтын (алтын кеніші мен
концентраттарды қоспағанда
-------------------------------------------------------------
Дерек: Біріккен Ұлттар Ұйымы
(іі) Қарыз алушының валютасындағы немесе Қарыз алушының аумағынан жеткізілетін тауарларға жұмсалатын шығыстарды жабу;
(ііі) қандай да бір ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе агенттік қаржыландырған немесе қаржыландыруға келісім берген келісім-шарт бойынша, оның ішінде АДБ-ның басқа қарыздары мен гранттарының қаражатынан қаржыландырылатын барлық келісім-шарттар бойынша жеткізілген тауарларға ақы төлеу;
(iv) әскери немесе әскери іспеттес мақсаттарда пайдалануға жоспарланатын тауарларға немесе сән-салтанат бұйымдарына ақы төлеу;
(v) есірткілерге ақы төлеу; және
(vі) өндіру, пайдалану немесе импорты Қарыз алушының заңнамасымен немесе Қарыз алушы қол қоюшы тарап болып табылатын халықаралық шарттармен тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға ақы төлеу; және
(vіі) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес Қарыз алушы тыйым салған қандай да бір төлемдердің есебіне ақы төлеу.
4-ҚОСЫМША
Сатып алу
1. Егер АДБ өзгеше келіспесе, осы Қосымшаның төмендегі параграфында келтірілген рәсімдер қарыз қаражатынан қаржыландырылатын рұқсат етілген тауарларды сатып алуда қолданылатын болады.
(а) Төмендегі 2 (б) параграфта келтірілген жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілген тауарлар үшін әрбір келісім-шарт жеке сектор сатып алған жағдайда, сатып алушының қарапайым коммерциялық сатып алу ережелерінің немесе тиісті үнемдеу және тиімділік тәсілімен мемлекеттік сектор сатып алған жағдайда, Қарыз алушының белгіленген сатып алу рәсімдерінің негізінде тағайындалатын болады.
(b) Жалпы сауда-саттық тауарлары болып табылатын рұқсат етілген тауарларды жеткізу жөніндегі әрбір келісім-шарт сауда-саттыққа қолайлы және АДБ-ны қанағаттандыратын рәсімдердің негізінде тағайындалатын болады.
5-ҚОСЫМША
Қолдау Бағдарламасын іске асыру және Басқа да мәселелер
Әріптестік қаржыландыру
1. Қарыз алушы әріптестік қаржыландыру Қолдау Бағдарламасын және Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларының мақсаттарына сәйкес басқа қызметті іске асыру үшін жергілікті валютадағы шығыстарды қаржыландыру үшін пайдаланылатындығына кепілдік береді.
Қолдау Бағдарламасын басқару
2. Қаржы министрлігі (Қаржымині) Қолдау Бағдарламасының іс-шараларын іске асыру, АДБ-ның алдында есептілік, әріптестік қаржыландыру қаражатына әкімшілік ету мен игеру, бюджеттік атқару және шоттарды жүргізу мониторингі үшін жауапты Бағдарламаның атқарушы агенттігі болады.
3. Қарыз алушы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (ЭБЖМ), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Еңбекмині) және басқа да мемлекеттік органдар арасында тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге міндеттенеді. АДБ және даму жөніндегі басқа да әріптестер министрліктер арасындағы кеңестерге байқаушы ретінде шақырылуы мүмкін.
Саяси талқылау
4. Қарыз алушы:(а) АДБ-ны хабардар етеді, Қарыз алушы да, АДБ да Саясат туралы хатта сипатталған шараларды іске асыру мәртебесін қоса алғанда, уақыт өткен сайын Қарыз алушының дағдарысқа қарсы шаралары шеңберінде қажет болуы немесе ұсынылуы мүмкін Бағдарламаны іске асыру кезеңі ішінде экономика, реформалар саясаты және қосымша реформалар салаларының мәселелері жөніндегі пікірлерімен алмасады.
(b) АДБ-мен Қолдау Бағдарламасын және осындай проблемаларды шешу немесе жұмсарту және шектеулер жөніндегі қажетті шараларды қоса алғанда, Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын іске асыру уақытында туындаған проблемалар мен шектеулерді АДБ-мен дереу талқылай алады; және
(с) Қолдау Бағдарламасын қоса алғанда, Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын іске асыру үшін салдары бар басқа халықаралық немесе екі жақты агенттіктермен талқылау саясаты туралы АДБ-ны хабардар етеді және АДБ-ға кез келген саясат ұсыныстары бойынша түсінік беруге мүмкіндік береді. Қарыз алушы кез келген осындай ұсынысты қабылдау және іске асыру алдында АДБ-ның пікірін назарға алады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқару
5. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Саясатын (1998 жыл, қазіргі уақыттағы өзгерістерімен) сақтауға міндеттенеді. Қарыз алушы (а) жақсы басқаруды сақтау, есептілік пен ашықтық жөніндегі өз міндеттемелеріне сәйкес АДБ-ның тікелей немесе өзінің агенттері арқылы Қолдау Бағдарламасына қатысты кез келген сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу және мәжбүрлеу фактісін зерттеу құқығын сақтайтынымен және (b) кез келген осындай зерттеумен тығыз ынтымақтасатынымен әрі барлық қажетті жәрдем көрсететінімен келіседі.
Мониторинг және Бағалау
6. Қарыз алушы Бағдарламаны іске асыру кезеңі уақытында Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын іске асыру мәртебесі жөніндегі есептілік Қарыз алушының тиісті органдарының мерзімді кеңестерін өткізу жолымен жүргізілгендігіне кепілдік береді. Атап айтқанда, Қарыз алушы АДБ-ға макроэкономикалық және қаржы секторларының жағдайы туралы тоқсан сайынғы есептер, Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру туралы есептер және Қаржымині, ЭБЖМ және Еңбекмині бірлесіп дайындаған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етеді. Қаржымині Қаржылық бақылау комитеті арқылы Дағдарысқа қарсы шараларды қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Қарыз алушы бюджет қаражатынан қаржыландырылатын Дағдарысқа қарсы шаралардың мониторингі үшін АДБ-мен және АДБ жалдаған консультанттармен жұмыс істейді. Егер қажет болса, Қаржы министрлігі Қолдау Бағдарламасын қоса алғанда, жеке сектормен және даму жөніндегі әріптестермен жаңа ережелер бойынша олардың пікірлерін алу және Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларын іске асыруға олардың әсері жөнінде консультативтік кездесулер өткізеді.
7. Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі және АДБ бірлесіп, Қарыз алушы экономикасының макроэкономикалық және фискалдық ахуалына тоқсан сайын шолу жүргізеді және Бағдарламаның Орындалуын Басқару жөніндегі Жүйеге сәйкес шынайы экономика мен әлеуметтік сектор үшін Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шаралары шеңберіндегі іс-шаралардың әсерін бағалайды және олардан болатын пайданы зерделейді. Қаржымині ЭБЖМ-мен бірлесіп, Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шараларынан болатын пайданың мониторингі мен оны бағалаудың барлық деректерін жинақтауға жауапты болады. Бағдарламаны іске асыру кезеңінен кейін бес ай ішінде Қарыз алушы АДБ-ға қорытынды есеп беруге міндеттенеді, онда Қолдау Бағдарламасын қоса алғанда, Қарыз алушының Дағдарысқа қарсы шаралары шеңберінде прогресс деңгейі мен шаралардың әсері бағаланатын болады.
Осы Аударма Астана қаласында 2009 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Азия Даму Банкіне мүше елдерді қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберіндегі қарыз туралы келісімнің орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Кадрмен қамтамасыз ету және
құжат айналымы департаментінің
Басқарма бастығы Н. Шабанов
РҚАО-ның ескертпесі: Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.