Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'а келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'а) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 қарашадағы N 199-IV Заңы

      Астанада 2009 жылғы 31 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'а келісімі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісім (Истисна'а) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.Назарбаев

N KHZ-050 жобасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

МЕН

ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ

АРАСЫНДАҒЫ

"БАТЫС ЕУРОПА - БАТЫС ҚЫТАЙ" ЖОЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ "ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ - ТАРАЗ" ЖОЛЫНЫҢ УЧАСКЕСІН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ

ИСТИСНА,А КЕЛІСІМІ

ОСЫ КЕЛІСІМ Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталатын) мен Ислам Даму Банкі (бұдан әрі "Сатушы" деп аталатын) арасында 9/08/1430Н (ол 2009 жылғы 31/07 сәйкес келеді) жасалды.

      МЫНАНЫ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП:
      А) Сатып алушы Сатушыға осы Келісімге I қосымшада сипатталған "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жобасының "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін (бұдан әрі "Жол" деп аталатын) осы Келісімге II қосымшада сипатталған Жоба шеңберінде пайдалану үшін реконструкциялау туралы өтінішпен жүгінді;
      В) Сатып алушы Сатушыға Жолды Сатып алушы үшін Истисна'а шарттарымен реконструкциялау туралы өтінішпен жүгінді;
      С) Сатушы Жолды тек Босату Бағасын ескере отырып, Сатып алушы үшін 170 миллион АҚШ долларынан (бір жүз жетпіс миллион АҚШ долларынан) аспайтын жалпы сомаға реконструкциялауға келісті, ол осы Келісімнің ережелеріне сәйкес анықталатын болады және Сатып алушы Сатушыға осы Келісімде айтылған шарттарда ұзақтығы 4 (төрт) жыл Жеңілдікті кезең өткеннен кейін 16 (он алты) жыл бойы төлейтін болады;
      D) Келісімнің (С) тармағында көрсетілген шарттар Сатып алушыға хабарланды және ол қабылдады.

      ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНҒА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, Сатушы мен Сатып алушы мыналар туралы уағдаласты:

I бап
АНЫҚТАМАЛАР - ТҮСІНДІРМЕЛЕР

      1.1 Осы Келісімде, егер түпмәтінде өзгеше туындамаса, мынадай терминдер олардың әрқайсысының тұсында төменде келтірілген мағынаға ие болады:

Аффилиирленген ұйымдар        - ИДБ тобының мүшелері, яғни: Ислам
                                Инвестицияларды Сақтандыру және
                                Экспорттық Кредиттер Корпорациясы
                                (ИИСЭКК), Халықаралық Ислам Сауда-
                                қаржы Корпорациясы (ХИСҚК),және
                                Ислам Жеке Секторды Дамыту
                                Корпорациясы (ИЖСДК);

Агенттік келісім              - Сатушы мен Сатып алушы арасында ИДБ
                                Шариғат Кеңесі талаптарына сәйкес
                                жеке қол қойылатын сол күнгі Келісім,
                                онда Сатып алушы Сатушының Мердігерді
                                және Жобаны басқару жөніндегі
                                консультантты және Жолды
                                реконструкциялауды қадағалау
                                жөніндегі консультантты таңдаудағы
                                агенті ретінде Атқарушы Агенттік
                                арқылы әрекет етеді;

Күрделі шығындар              - Жолды реконструкциялаудың жалпы
                                құны, ол Келісімшарт шеңберінде
                                Мердігерге және Консультациялық
                                қызметтер көрсету туралы шарт(тар)
                                шеңберінде Консультантқа(тарға)
                                төленуге жататын бағаны және Сатушы
                                Жолды реконструкциялау ішінде немесе
                                оған байланысты тартқан басқа да
                                шығындарды немесе шығыстарды қамтиды;

Келісімшарт                   - Сатып алушы Атқарушы Агенттік арқылы
                                Сатушының атынан Мердігермен жасасқан
                                Жолды реконструкциялауға арналған
                                келісімшарт;

Мердігер                      - Агенттік Келісімге сәйкес
                                тағайындалатын, Жолды
                                реконструкциялау тапсырылатын
                                Мердігер;

Консультант(тар)              - Агенттік Келісімге сәйкес
                                тағайындалатын консультациялық
                                фирма(лар);

Консультациялық               - Сатып алушы Атқарушы Агенттік
қызметтер көрсету туралы        арқылы Сатушының атынан
шарт(тар)                       Консультантпен(тармен) жасасатын
                                Жолға қатысты консультациялық
                                қызметтер көрсету туралы шарт(тар);

Төлем                         - осы Келісімге сәйкес қаржыландыру
                                сомасының кез келген бөлігінің іс
                                жүзіндегі төлемі;

Келісімнің күшіне енетін      - Келісімнің XIII бабына сәйкес Сатушы
күні                          осы Келісімді күшіне енді деп
                                хабарлайтын күн;

Атқарушы Агенттік             - Сатып алушының Автомобиль жолдары
                                комитеті (АЖК) арқылы әрекет ететін
                                Көлік және коммуникация министрлігі
                                (ККМ);

Қабылдап алу туралы           - кепілдік берілген жауапкершілік
қорытынды сертификат            кезеңі аяқталғаннан кейін
                                Келісімшарттың талаптарына сәйкес
                                Консультант беретін сертификат, ол
                                Мердігердің Жолды реконструкциялауды
                                қанағаттанарлық түрде аяқтағандығын
                                білдіреді;

Қаржы жылы                    - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында
                                басталатын және 31 желтоқсанында
                                аяқталатын, оның ішінде инвестициялық
                                жобаның бюджетін орындау жүзеге
                                асырылатын уақыт кезеңі;

Бірінші төлем                 - орынды саясатқа және ИДБ басшылығына
                                сәйкес осы Келісім күшіне енгеннен
                                кейінгі бірінші төлем;

Жеңілдікті кезең              - бірінші төлем күнінен басталатын және
                                4 (төрт) жыл өткеннен кейін немесе
                                қай күн ерте басталатындығына қарай
                                Алдын ала қабылдап алу туралы
                                сертификатты беру күніне аяқталатын
                                кезең;

Алдын ала қабылдап алу        - Келісімшарттың талаптарына сәйкес
туралы сертификат               Консультант беретін сертификат, ол
                                Мердігердің Жолды реконструкциялауды
                                қанағаттанарлық түрде аяқтағандығын
                                білдіреді;

Жоба                          - Келісімге II қосымшада сипатталған
                                жоба;

Жол                           - Келісімге I қосымшада сипатталған
                                жол;

Босату Бағасы                 - Келісімнің IX бабына сәйкес Сатып
                                алушының Сатушыға төлеуіне жататын
                                Жолдың босату бағасы;

Салық                         - кез келген салық, алым, баж немесе
                                басқа да осыған ұқсас сипаттағы
                                міндеттеме (кез келген төлем
                                қабілетсіздігіне немесе оның кез
                                келгенін төлеуді кешіктіруге
                                байланысты төленуге жататын кез
                                келген айыппұлды шектеусіз қоса
                                алғанда);

АҚШ доллары және "USS"        - Америка Құрама Штаттарының заңды
                                валютасы.

      1.2. Осы Келісімде:
      (а) Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, жекеше түрдегі сөздер көпше түрдің де мағынасын қамтиды және керісінше, тұлғаларды білдіретін сөздер корпорациялар мен әріптестіктерді қамтиды; және нақты қосымшаға, толықтыруға, бапқа немесе тармаққа жасалған сілтемелер осы Келісімнің Қосымшасына, Толықтыруына, бабына немесе тармағына жасалған сілтемелер болып табылады.
      (b) Агенттік келісімде анықтамалары берілген және мұнда берілмеген сөздер мен сөз саптаулар, оларға Агенттік Келісімде берілген дәл сондай мағынаға ие болады.
      (с) Баптар мен тармақтардың тақырыптары тек сілтеме жасаудың қолайлы болуы үшін ғана енгізіледі және олар осы Келісім ережелерінің кез келгенін анықтау, түсіндіру немесе шектеу үшін пайдаланылмауға тиіс.

II бап
КЕЛІСІМНІҢ КІРІСПЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМШАЛАР

      Осы Келісімнің кіріспесі және оған Қосымшалар Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.

III бап
ЖОЛДЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ

      3.1. Сатушы Жолды осы Келісімнің шарттарына сәйкес реконструкциялауға келісті, ал Сатып алушы Жолды осы Келісімде көрсетілген шарттар бойынша қабылдап алуға және Босату Бағасын төлеуге келісті.
      3.2. Кез келген күмәнді болдырмау үшін Сатып алушы Сатушымен Жолды реконструкциялауды Агенттік Келісімде көрсетілген орынды ережелерге сәйкес таңдап алынатын Мердігердің жүзеге асыратыны туралы уағдаласады.

IV бап
ЖОЛДЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУДЫ АЯҚТАУҒА БЕРІЛЕТІН УАҚЫТ

      Келісімнің VI және X баптарына сәйкес Жолды реконструкциялау бірінші төлем күнінен бастап 4 (төрт) жыл ішінде аяқталатын болады.

V бап
ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ

      5.1. Келісімнің 12.2-тармағына сәйкес Сатып алушы Консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа немесе Келісімшартқа қол қойылғанға дейінгі кез келген уақытта Сатушыға осы Келісімнің қолданылуын тоқтату және Бекітілген соманы немесе оның кез келген бөлігінің күшін жою туралы өтінішпен жүгінуі мүмкін.
      5.2. Тек егер Бекітілген соманың қолданылуы тоқтатылғанға дейін одан төлем жүргізілмесе ғана, егер Бекітілген соманың күші Келісімнің XII бабына сәйкес жойылған болса, онда Келісімнің қолданылуы өздігінен тоқтатылған болып есептеледі.
      5.3. Консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа немесе Келісімшартқа қол қойылғанға дейін Сатушы Сатып алушыны хабардар ете отырып, кез келген мына:
      (а) Сатып алушы Сатушыға немесе Сатушының кез келген басқа аффилиирленген органына, осы Келісімнен басқа, кез келген келісім шеңберінде, өз Тарапынан төлеуге тиесілі кез келген соманы төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған;
      (b) Сатушының пікірінше, (і) Сатып алушының осы Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін, немесе (іі) олар үшін осы Келісім жасалған мақсаттарға жетуге кедергі болатын төтенше жағдай қалыптасқан;
      (с) Осы Келісімді мақұлдау үшін немесе жасасу үшін Жобаны ресімдеу кезінде Сатушы осыған сүйенуі үшін ұсынылған және бағытталған Сатып алушы жасаған өтініш немесе кез келген есеп толық емес немесе барлық елеулі қарым-қатынастарда дұрыс болмай шыққан жағдайларда осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады.
      5.4. Қайсысының алын болуына қарай Келісім оның қолданылуын осылайша тоқтатуға себеп болған оқиға немесе оқиғалар әрекет етуін тоқтатпайынша не Сатушы Сатып алушыға Сатушының Жолды  реконструкциялау жөніндегі міндеттемесі қалпына келтірілгені туралы хабар бермейінше, өз әрекетін тоқтатады; алайда, қалпына келтірілгені туралы мұндай кез келген хабарлама болған жағдайда Жолды салу жөніндегі міндеттеме тек осындай хабарламада көзделгендегідей дәрежеге дейін қалпына келтіретіні және сонда көзделген шарттарға бағынысты болатыны және ешбір осындай хабарлама Сатушының осы тармақта сипатталған кез келген басқа немесе келесі оқиғаға қатысты кез келген құқығын, өкілеттігін немесе заң жүзінде қорғану құралын қозғамауы немесе оларға зиян келтірмеуі шарт.
      5.5. Осы баптың 5.1, 5.2 немесе 5.3-тармақтары шеңберінде Келісім бұзылған күннен бастап Сатушының да, Сатып алушының да бір-бірінің алдында бұдан былай ешқандай өзара міндеттемелері болмайды, мұнда қолданылудың осылайша тоқтатылуы Тараптардың кез келгенінің осындай қолданылу тоқтатылғанға дейін қабылдаған міндеттемесін немесе алған құқығын қозғамайтын болуы шарт.
      5.6. Келісімнің қолданылуы тоқтатылуына қарамастан, Сатып алушы Мердігер немесе Кепілгер Келісімшарттық құнның бөлігін немесе Келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін Сатушы төлеуі мүмкін кез келген басқа соманы қалпына келтіруде Сатушымен ынтымақтастықты жалғастырады және жәрдем көрсетеді.

VI бап
САТЫП АЛУШЫНЫҢ ЖОЛДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУЫ

      Сатып алушы Атқарушы Агенттік арқылы қабылдап алу туралы қорытынды сертификатқа қол қойғаннан кейін Сатып алушы Жолды кез келген нысаналы мақсат үшін түпкілікті қабылдады деп есептелетін болады.

VII бап
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕР

      Жолға меншік құқығы және оған байланысты тәуекелдер қабылдап алу туралы қорытынды сертификатқа қол қою кезінде Сатып алушыға беріледі.

VIII бап
ЖОЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

      8.1. Сатушы жоғарыда айтылғандарға нұқсан келтірместен, мыналарға:
      (а) Жолға не оның талаптарға сәйкес болмауына, не ондағы кемшіліктерге, не кемістіктерге тікелей немесе жанама байланысты (немесе байланысы бар деп болжанған) кез келген міндеттемеге, залалдарға немесе нұқсанға немесе Жолға байланысты бір кез келген басқа мән-жайларға;
      (b) Жолды қолдануға немесе пайдалануға, немесе осыған байланысты тәуекелдерге;
      (с) қызмет көрсетуге тосқауыл болуға, бизнесті немесе күтілетін пайданы немесе нұқсанның салдарынан туындаған ысырапқа қатысты Сатып алушының немесе кез келген басқа тұлғаның немесе ұйымның алдында ешбір жауапкершілік немесе міндеттеме алмайтын болады.
      8.2 Сатушы Сатып алушыға Атқарушы Агенттік арқылы Сатушының Мердігерге беруі мүмкін болған және Атқарушы Агенттік арқылы Сатып алушы тексерген және қабылдаған, Жолға қатысы бар кез келген кепілдікті, талапты немесе кепілгерлікті, сондай-ақ заңда көзделуі немесе әдеттегі құқық бойынша Сатушының пайдасына танылуы мүмкін өзге де барлық талаптарды немесе кепілдіктерді беруге міндеттенеді. Бұдан басқа, Сатушы Мердігерге қарсы кінә қою мүмкіндігін Сатып алушыға Атқарушы Агенттік арқылы беру мақсатында Сатып алушы Атқарушы Агенттік арқылы негізді түрде талап етуі мүмкін басқа да шараларды қабылдайды.

IX бап
БОСАТУ БАҒАСЫН ТӨЛЕУ

      9.1. Босату бағасы Күрделі шығындарға баламалы сомаға жылдық 5,1%-ті құрайтын үстемеақыны қосуға тең болады. Сонымен бірге осы сәтке 303106766 (үш жүз үш миллион бір жүз алты мың жеті жүз алпыс алты) АҚШ долларына бағаланады. Нақты бағасы Жеңілдікті кезеңнің соңында күрделі шығындарды анықтағаннан кейін қайта есептелетін болады.
      9.2. Сатып алушы Босату бағасын жарты жылдықта бір рет 32 (отыз екі) тең және тізбекті бөліктер түрінде төлейді, олардың біріншісі Жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейінгі алты ай өткен соң төленуге тиіс. Сатушы Алдын ала қабылдап алу туралы сертификат берілгеннен кейін бір айдың ішінде Сатып алушыға Босату бағасын төлеу кестесін жібереді.
      9.3. 9.2-тармақта көрсетілген Қабылдап алу туралы алдын ала сертификат Сатып алушыға Жолды алдын ала беруді білдіреді, ол Келісімшарт шеңберінде кепілдікті кезеңді жабатын банктік кепілдікті Атқарушы агенттік арқылы Сатып алушы алатынын түсіне отырып, Консультант Қабылдап алу туралы алдын ала сертификатын беру күніне Сатушы мен Сатып алушы арасындағы арнайы келісім бойынша жүзеге асырылады.
      9.4. Сатушы мен Сатып алушы арасындағы арнайы келісім бойынша Жолды Сатып алушы Сатушыдан сапасына кепілдік берілмей, ондағы қандай да бір ақаулыққа қатысты Сатушының тарапынан жауапкершілік алмай сатып алады. Сатып алушы Заңда Жолдың жай-күйіне байланысты міндеттеменің көрсетілуіне немесе болжануына немесе әдеттегі құқық деп танылуына қарамастан осындай міндеттемені бұзғаны үшін Сатушы қандай да бір жауапкершілік алмайтынына келіседі және оны мойындайды. Алайда, Жолдың қандай да бір ақаулығы туындаған жағдайда, Сатушы Сатып алушыға құқықтарды және Сатып алушының Келісімшарт шеңберінде құқығы болуы мүмкін кепілдіктерді және Сатып алушының пайдасына заңда немесе әдеттегі құқықта көзделуі мүмкін басқа да барлық құқықтар мен кепілдіктерді береді.
      9.5. Келісім шеңберінде Сатып алушы Сатушыға жүзеге асыруға жататын төлемдер Сатушы үшін қолайлы кез келген айырбасталатын валютада, беруге тиісті күнгі сомада, Сатушының шотына немесе Сатушы ауық-ауық Сатып алушыға ол туралы жазбаша түрде хабарлап тұратын кез келген өзге тәсілмен жүргізілетін болады.
      9.6. Келісім шеңберінде тиесілі кез келген төлем мына банктердің кез келгені Сатушының шотына осындай төлемнің түскені туралы Сатушыға растама берген кезде тиісті түрде жүргізілген болып есептеледі:

АҚШ долларымен:
--------------------Шот N
GB36SINT60928000159111
Gu1f IntегnаtіоnаІ
Bank (UK)LTD
Оnе Knightsbridge
London SW1X7XS
United Kingdom
Teltx No.8812261/2
Swift Code:SINTGB2L

Фунт стерлингпен
-------------------
Шот N.
GВ13SINT609280001591
37 Gu1f IntегпatiопаІ
BANK (UK) Ltd,
One Knightsbridge
London SW1X7XS
United Kingdom
Те1ех No.8812261/2
SWIfT Code:SINTGB2L

ЕУРО-мен:
-------------------
Шот N.
FR7643899000019696500
151088
Union De Bangues
Arabes
Et Francaises(UBAF)
92523 Paris,
Neuilly Cedex-Franse
Telex No.610334 UBAF
Swift Code:
UBAFRPPXXX

      9.7. Егер келісім бойынша кез келген ақы төлеу жұмыс күні болып табылмайтын күнге тура келсе, онда ол келесі жұмыс күні жүргізілетін болады.
      9.8. Сатып алушы Келісім шеңберінде жүзеге асыратын барлық төлемдер салық есебіне төлеуден немесе ұстап қалудан, есептеуден, қарсы талаптардан және өзге де төлемдерден бос болуы тиіс. Егер заң бойынша Сатып алушы Келісім шеңберінде оның төлеуіне жататын кез келген сомадан қандай да бір шегерім немесе ұстап қалу жүргізуі тиіс болса, өзі оған қатысты осындай шегерімді немесе ұстап қалуды талап ететін төлеуге жататын сома осындай шегерімнен немесе ұстап қалудан кейін Сатып алушы егер де ешқандай шегерім немесе ұстап қалу жүргізілмеген жағдайда ол ала алатындай және осылайша сақталатындай сомаға баламалы таза (мұндай шегерімге немесе ұстап қалуға қатысты кез келген міндеттемеден бос) соманы алуын және сақтап қалуын қамтамасыз ету үшін қажетті дәрежеге ұлғайтылуы тиіс.
      9.9. Егер Сатып алушы осы Келісім бойынша төлеуге жататын кез келген соманы, ол осы Келісімнің талаптарына сәйкес төленуі тиіс болып тұрып төлей алмаса, онда осындай соманы төлеумен қатар Сатып алушы Сатушыға мерзімі өткен сомаға байланысты мерзімін өткізгені үшін комиссия төлейді және мұндай комиссия былайша есептеледі және қолданылады:
      (а) төменде көрсетілген формула қолданылғаннан кейін Сатушы анықтайтын сома:

       А х 1% х В     "А" төленбеген соманы білдіреді;
      -------------
         360         "В" осы күнді қоса алғанда, төленуі тиесілі
                      күннен бастап, осы іс жүзіндегі төлем күнін
                      қоса алғанда, іс жүзіндегі төлем күніне дейінгі
                      күндер санын білдіреді (ол сот шешіміне дейін
                      не кейін жасалса да).
      (b) төлемді кешіктіру нәтижесінде Сатушы шеккен барлық негізді шығындар мен шығыстар (кез келген сот шығындарын немесе инкассалық агенттің шығыстары мен шығындарын қоса алғанда, шектеусіз).
      9.10. Сатушы барлық шеккен шығыстар мен шығындарды есептегеннен кейін Сатып алушы 9.9-тармаққа сәйкес алынған кез келген соманы Біріккен Корольдікте, Лондондағы Британ-Араб Коммерциялық Банкіндегі IDB WAgf N: 0000 100 102 шотына (SWift Код: ВАСМGВ2LХХХ, ІВАN: GВ 69 ВАСМ 4051 3200 100 102), немесе сатып алушы алдын ала хабарландырылатын кез келген басқа да шоттарға төлеуге тиіс.

Х бап
МӘЛІМДЕМЕЛЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Сатып алушы:
      1) өзінің осы Келісімді жасасуға және Келісімнің шеңберінде өз міндеттемелерін орындауға құқығы бар екендігін және осы Келісімді орындауға рұқсат беру және Сатып алушының Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындауы үшін талап етілетін барлық іс-қимылдар тиісті түрде қолға алғанын;
      2) Сатып алушы осы Келісімде өзіне қабылдайтын міндеттемелер заңды және Келісімнің талаптарына сәйкес Сатып алушы үшін міндетті күші бар міндеттемелер болып табылатындығын;
      3) осы Келісімді орындау және Сатып алушының Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындауы қандай да бір келісімнің, шарттың немесе заңның бұзылуын білдірмейтінін және оған әкеп соқтырмайтынын;
      4) орындалуы Қазақстанның заңдарына сәйкес талап етілетін барлық рәсімдер, шарттар мен мәндер (валюталық бақылау рәсімдерін мақұлдауды қоса алғанда):
      (і) Сатып алушыға осы Келісімді заңды түрде жасасуға және оның осы Келісімде қабылдайтын міндеттемелерін орындауына мүмкіндіктер беру;
      (іі) осы Келісімде өзіне қабылдайтын міндеттемелерінің заңды, жарамды болып табылуы қамтамасыз етіледі және құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген болуы; және
      (ііі) осы Келісімге іс-қимылдарды немесе ресмиеттіліктерді Қазақстан Республикасының заңдарына және Конституциясына қатаң сәйкес келтіре отырып, одан әрі орындаусыз, жүзеге асырусыз және жасаусыз Қазақстанда дәлел ретінде рұқсат етілуі үшін сақталғандығын және орындалғандығын мәлімдейді және куәландырады.
      5) Жобаны жобалау және іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғатты қорғау нормаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келетін болады. Агент Жоба бірлесіп қаржыландырушы ұйымның (яғни Азия Даму Банкінің) табиғатты қорғау және әлеуметтік орынды принциптеріне сәйкес келетіндігіне кепілдік береді.

ХІ бап
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

      11.1. Егер осы тармақта сипатталған мынадай оқиғалардың бірі болса және орын алуы жалғасса (Міндеттемелерді орындамау жағдайлары), Сатушы Сатып алушыны хабардар ете отырып (осы Келісімнің кез келген шарттарына қарамастан), толығымен немесе ішінара дереу төленуі тиіс Босату бағасын жариялай алады, ол осыдан кейін:
      а) Босату бағасының кез келген жарнасын төлеу бойынша кідіріс туындаса және осындай кідіріс 15 (он бес) күн бойы жалғасып келе жатса;
      b) кідіріс [жоғарыда (а) тармағында сипатталған кідірістен басқа] Сатып алушының осы Келісім шеңберінде қандай да бір міндеттемені орындауы бойынша туындаған және осындай міндеттемелерді қалай да орындамауы 30 (отыз) күн бойы жалғасып келе жатса;
      с) Сатып алушының осы Келісімді орындауға және беруге байланысты немесе осы Келісімнің шеңберінде қаражат төлеуге қандай да бір ұсынымына байланысты растаған не жасаған өтінімі немесе міндеттемесі барлық мәні жағынан дұрыс болмай шыққаны және Сатушы Сатып алушыға бұл туралы хабарлама бергеннен кейінгі 30 (отыз) күн ішінде дұрыс емес болып қала бергені анықталса;
      d) осы Келісімнің кез келген ережесі жарамсыз, заңсыз немесе заңды күші жоқ болып табылады және солай болып қалса, (осы Келісімнің кез келген шарттарына қарамастан) қандай да бір хабарламасыз жүргізіледі.
      11.2. Егер міндеттемелерді орындамау жағдайы немесе уақыт өте келе міндеттемелердің орындалмауының туындауына әкеп соқтыратын оқиға орын алса, Сатып алушы бұл туралы міндеттемелерді орындамаудың осындай жағдайының немесе оқиғасының сипатын және Сатып алушының жағдайды түзету үшін қолға алынып жатқан шаралары туралы көрсете отырып, дереу телекспен немесе факспен Сатушыны хабардар етеді.
      11.3. Сатушының өзіне тиесілі құқықты, өкілеттіктерді немесе осы Келісімнің не өзге бір келісімнің шеңберіндегі міндеттемелерді орындамау кезінде құқықтық қорғау құралдарын жүзеге асыруда іскерлік операциялар жүргізудегі оның әдеттегі практикасы да және оны жүзеге асырудағы қандай да бір кідірісі немесе қателігі кез келген мұндай құқыққа, өкілеттікке немесе құқықтық қорғау құралына зиян келтірмейді және осы құқықтардан не оларды беруден бас тарту болып түсіндірілуге тиіс емес; және Сатушының міндеттемені кез келген осындай орындамауына қатысты ешқандай да іс-қимылы не ондағы оны беру Сатушының кез келген басқа міндеттемені орындамауына қатысты құқығын, өкілеттігін немесе құқықтық қорғау құралын қозғамайды және оларға зиян  келтірмейді.

XII бап
БЕКІТІЛГЕН СОМАНЫҢ КҮШІН ЖОЮ

      12.1. Егер Келісімшарт пен Консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа(тарға) осы Келісім күшіне енген күннен бастап 180 (бір жүз сексен) күн ішінде қол қойылмаған болса, егер мұндай кідіріске Сатып алушының берген негіздемесі Сатушыны қанағаттандырмаса, Сатушы Сатып алушыға хабарлама беру жолымен Мақұлданған соманың күшін жоя алады.
      12.2. Егер Мердігер және/немесе Консультант Келісімшарт немесе Шарт(тар) бойынша өз міндеттемелерінің кез келгенін орындауды бұзған  және Сатып алушы Атқарушы агенттік арқылы Сатушымен келісім бойынша Келісімшартты немесе Шартты(тарды) оның талаптарына сәйкес бұзған жағдайда, егер Сатушы өзгеге келіспесе, бұзудан кейінгі 60 (алпыс) күн өткеннен соң мұндай бұзу Бекітілген соманың қалған кез келген игерілмеген сомасының күшін жою үшін негіз бола алады.

XIII бап
КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

      Осы Келісім Сатып алушы мәні бойынша Келісімге III қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалған Сатып алушы тарапынан Әділет министрлігінің Заң қорытындысын Сатушыға ұсынғанына дейін күшіне енбейді.

XIV бап
КҮШІНЕ ЕНБЕУІ НӘТИЖЕСІНДЕ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ

      Егер Келісімге қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде ол күшіне енбесе, Келісім және оның Тараптарының барлық міндеттемелері, егер тек Сатушы кідірістің себептерін қарағаннан кейін осы тармақтың мақсаттары үшін неғұрлым кеш күнді белгілемесе, бұзылатын болады. Сатушы мән-жайларға байланысты мұндай неғұрлым кеш күн немесе Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы Сатып алушыны дереу хабардар етеді.

XV бап
ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ

      Сатушының осы Келісімнің шеңберінде өзінің кез келген құқығын жүзеге асыруға немесе қорғауға қабілетсіздігі не оның Тарапынан жіберілген мұндағы кідіріс не оның Сатып алушыға қарсы өзінде болуы мүмкін құқықтық қорғау құралын жүзеге асыруға немесе қорғауға қабілетсіздігі не оның Тарапынан жіберілген мұндағы кідіріс мұндай құқыққа немесе құқықтық қорғау құралына ешқандай нұқсан келтірмейді және мұндай құқықтан немесе құқықтық қорғаныс құралынан бас тарту болып түсіндірілмейді.

XVI бап
РЕТТЕУШІ ЗАҢ. ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ РЕТТЕУ

      16.1. Осы Келісім Ислам Шариғатының (Ислам қаржы институттарының есептілік және аудит ұйымы жариялаған Shагі'аһ стандарттарында жазылған және Ислам Конференциясы Ұйымының жанындағы Фикх Ислам Академиясы немесе ИДБ Shari'аһ комитеті түсіндірген) принциптеріне сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
      16.2. Бір Тараптың екінші Тарапқа хабарлама берген күнінен бастап 60 (алпыс) күн ішінде Тараптардың келісімі жолымен шешу мүмкін болмаған, осы Келісім Тараптарының арасындағы кез келген даулы мәселе және осы Келісімнің шеңберінде туындайтын, бір Тараптың екінші Тарапқа қойылған кез келген талабы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы Татуласу және Төрелік жөніндегі Халықаралық Ислам Орталығының (ТТХИО) қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес түпкілікті және міндетті түрде шешу үшін төрелік комиссияның қарауына берілетін болады. Төрелік қағидалар мен ТТХИО рәсімдері осы Келісім Тараптарының арасындағы даулы мәселелерді немесе осы Келісімнің шеңберінде бір Тараптың екінші Тарапқа қойған қарсы кез келген талабын шешудің кез келген басқа рәсімінің орнына қолданылатын болады.
      16.3. Егер шешім телнұсқалары Тараптарға берілгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде ол орындалмаған болса, Тараптардың кез келгені шешімді орындау мақсатында құзырлы юрисдикцияның кез келген сотында екінші Тарапқа қарсы сот процесін бастауы немесе талап-арыз қозғауы мүмкін, сот шешімін орындау жолымен осындай шешімді орындауы мүмкін немесе шешімді немесе осы Келісімнің ережелерін мәжбүрлеп орындату үшін екінші Тарапқа қарсы құқық қорғаудың кез келген басқа тиісті тәсілдеріне сүйенуі мүмкін.
      16.4. Осы Келісімнің әрбір Тарабы осы Келісім шеңберінде өзіне қарсы шығарылған соттың кез келген шешімінің кез келген юрисдикцияның қаражатына (активтеріне) қатысты орындалуы мүмкін екендігін қабылдайды. Осы арқылы осы Келісімнің Тараптары өздерінің қаражаты (активтері) бар немесе жоқ қандай да бір юрисдикцияда шешім шығарылғанына қарамастан, осы Келісімнің шеңберінде төрелік шешімнің орындалуынан туындайтын немесе соған қатысты кез келген сот талабы, сот ісі немесе сот өндірісі бойынша оларда туындауы мүмкін болған қандай да болмасын қарсылықтардан сөзсіз бас тартады және одан әрі осы арқылы қандай да бір юрисдикцияның қарауына шығарылған кез келген мұндай сот талабы, сот ісі немесе сот өндірісі қолайсыз өткізу орнында шығарылған деген кез келген талаптан сөзсіз бас тартады.
      16.5. Осы Келісім Тарабының кез келген юрисдикцияда өзі немесе өзінің активтері үшін талап-арыздан, тұтқындауды орындаудан  немесе тұтқынға алудан (не сот шешімі немесе қорытындысы шығарылғанға дейін жәрдемдесу не орындау түрінде не өзгеше түрде) иммунитет немесе өзге заңдық процесті талап етуі мүмкіндігі дәрежесінде не кез келген мұндай юрисдикцияда оған немесе оның активтеріне осындай иммунитеттің (талап етілген немесе талап етілмеген) берілу мүмкіндігі дәрежесінде мұндай Тарап осы арқылы мұндай иммунитетті талап етпеуге сөзсіз міндеттенеді және осы арқылы одан сөзсіз бас тартады.

XVII бап
ХАБАРЛАМАЛАР

      17.1. Осы Келісімнің шеңберінде немесе оған байланысты бір Тарап екінші Тарапқа беретін немесе жасайтын кез келген хабарлама немесе сұрау жазбаша түрде орындалуы тиіс және телекспен немесе хатпен жіберілуі мүмкін. Егер олар екінші Тарапқа қолма-қол немесе почтамен жеткізілген не Келісімнің 17.2-тармағында көрсетілген мекен-жайға немесе екінші Тарапқа хабарлама беру арқылы тағайындалуы мүмкін кез келген басқа мекен-жайға телекспен/телефакспен жіберілген жағдайда, мұндай хабарлама немесе сұрау тиісінше берілді немесе жасалды деп есептеледі.
      17.2. Осы Келісімнің 17.1-тармағының мақсаттары үшін Тараптар өздерінің төменде көрсетілген мекен-жайларын береді:

    САТУШЫ ҮШІН                САТЫП АЛУШЫ ҮШІН:

Ислам Даму Банкі          Қаржы министрлігі        Көлік және
Р.О. Вох: 5925            Жеңіс даңғылы, 11        коммуникация
jeddah-21432              010000 Астана            министрлігі
Сауд Арабиясы Корольдігі  Қазақстан Республикасы   Қабанбай батыр
TеІех:601137ISDB SJ       Тел.:+7 717271 72 99     даңғылы, 32/1
CAble:BANKISLAMI          Факс:+7 7172 32 69 51    010000 Астана
EDDAH                                              Қазақстан
Ғах:+966 26366871                                  Республикасы
                                                   Тел.:+7 7172 29
                                                   90 61/ 24 33 83
                                                   Факс:+7 7172 24
                                                   37 05/ 29 90 65

[БАПТАРДЫҢ СОҢЫ]

      ОСЫНЫ РАСТАЙ ОТЫРЫП, Тараптар осыған байланысты осы Келісімге Кіріспеде көрсетілген күні осы Келісімге қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ
АТЫНАН
___________________________________ ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ
АТЫНАН
___________________________________

I ҚОСЫМША

ЖОЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      ИДБ-ға ұсынылып отырған учаске Тараз қаласының шетіндегі 593-километрден басталып және 536 километрде аяқталып Шақпақата кентінен (Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы) бастап созылады. Ұсынылып отырған Жол учаскесі (1-учаске) II санаттан (2 жолақты жол) I санатқа (4 жолақты жол) жақсартылатын болады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Тараз қаласы арқылы Алматы облысының шекарасына және Қырғыз Республикасының шекарасына дейінгі Жол сегменті.
      Учаске Жамбыл облысының Жамбыл және Жуалы аудандарының аумағында орналасқан. Учаскенің рельефі - таудан тар шатқалдың орталық бөлігіне қарай төмендейтін Қаратау деп аталатын кішігірім таулы тізбегі бар салыстырмалы жазықтық. Учаскенің әр түрлі бөліктерінің биіктігі теңіз деңгейінен 631 метрден 1040 метрге дейін ауытқиды.
      ИДБ қаржыландыратын 1-учаскенің жалпы ұзындығы 58,1 километрді құрайды.

II ҚОСЫМША

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      ИДБ-ның Жобаға қатысуы Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 172 километр (Тараз қаласының айналма жолын қоса алғанда) үш учаскені (жалпы 8 учаскенің ішінен) реконструкциялауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Келісім 1-учаскеге ғана (Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Тараз қаласына дейін; 536 километрден 593 километрге дейін) қатысты.
      Жобада 1-учаскені реконструкциялау және санатын II санаттан (2 жолақты жол) I санатқа (бөлу жолағы бар төрт жолақты жол) жоғарылату көзделеді.
      ИДБ Жобасының мақсаты көлік қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық көлік дәліздерінің бірін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Көліктік шығыстарды қысқарту мақсатында көлік қозғалысы мен сауданың тиімділігі бүкіл дәліз бойында сапалы инфрақұрылым мен қызметтерді ұсыну жолымен жақсаратын болады.
      Жобаның көлемі (1-учаске) Құрылыс жұмыстарын, Жобаны басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді, Жобалық шешімдерге шолуды және Реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді қамтиды.
      Құрылыс жұмыстары: Құрылыс жұмыстары ұзындығы 58,1 километр Жол учаскесін реконструкциялауды көздейді. Жүретін бөлігінің ені - 15 м, жолдың жиегі - 3,75 м, бөлу жолағы - 5 м. Жоба бір деңгейдегі 12 көліктік жол айрықтарын, 3 көпір, 63 су өткізу құбырын, Шақпақата, Б.Момышұлы елді мекендерін, Күйік асуын айналып өтуді және Б.Момышұлы кентінде жол-пайдалану пунктін салуды қамтиды. Жобаның бір бөлігі ретінде Бауыржан Момышұлы кентінде орналасқан жол-пайдалану пунктіне реконструкциялау жүргізілетін болады.
      Жобаны басқару жөніндегі консультант (ИДБ-ЖБК): Әрбір қатысушы Халықаралық Қаржы Институты (ХҚИ) әрбір ХҚИ қаржыландыратын жұмыстардың іске асырылу барысына мониторинг жасау мақсатында өзінің меншікті Жоба тобын (ЖБК) тағайындайды. Сарапшылар (ИДЖ-ЖБК деп аталатын) командасы Атқарушы агенттікке жобаны жалпы басқаруда және құрылыс жұмыстарын, тауарлар сатып алуда әрі жобалық шешімдерді шолу және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультанттарды тартуға жәрдемдесу үшін іріктелетін болады.
      Жобалауды шолу және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант: Консультант Жолды жобалауды шолуды жүргізеді, сондай-ақ күнделікті негізде Мердігердің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады.
      ИДБ-ЖБК құрамына ККМ-нің жоғары дәрежелі лауазымды адамының жауапкершілігімен білікті персонал кіреді. Құрамда автомобиль жолдарын салу жөніндегі мамандар, сатып алу, қаржылық басқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандар және басқа да талап етілетін кез келген персонал қамтылады. ККМ-нің жауапты қызметкерін тағайындау және ИДБ-ЖБК персоналын іріктеу ККМ мен ИДБ арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылатын болады. ИДБ іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ИДБ-ЖБК-нің ағымдағы шығындарын жабу үшін қаржыландыратын болады.

      Қаржыландырудың алдын ала жоспары мынадай болады:

АҚШ доллары

Құрамдауыш

ИДБ


ҚР Үкіметі


ЖИЫНЫ

Құрылыс жұмыстары






Жол (1-транш, 1-учаске 536-дан 593 километрге дейін)

145,711,213

100%

-

0%

145,711,213

ҚҚС+жергілікті салықтар


-

0%

21,772,940

100%

21,772,940

Аралық қорытынды
(Құрылыс жұмыстары)

145,711,213 87% 21,772,940 13% 167,484,153

Консультациялық қызметтер






Жобалауды шолу және реконструкциялауды қадағалау

6,300,000

100%

-

0%

6.300,000

ҚҚС+жергілікті салықтар

-

0%

941,379

100%

941,379

Аралық қорытынды
(Консультациялық қызметтер)

6,300,000 87% 941,379 13% 7,241,379

Басқару жөніндегі консультациялық қызметтер











Жобаны басқару жөніндегі консультант (ИДБ ЖБК)

2,670,000

100%

-

0%

2,670,000

ҚҚС+жергілікті салықтар

-

0%

399,568

100%

399,568

Аралық қорытынды (ИДБ ЖБК)

2,670,000 87% 399,568 13% 3,069,568

Негізгі құны

154,681,213

87%

23,113,887

13%

177,795,100

Табиғи және қаржылық сипаттағы күтпеген шығыстар

15,318,787

87%

2,289,014

13%

17,607,801

Осы Жобаның (1) учаскесі бойынша жалпы жиыны

170,000,000

25,402,900

195,402,900

III ҚОСЫМША

ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ (САТЫП АЛУШЫ) ЗАҢДЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫСЫНЫҢ НЫСАНЫ

                                         Күні: ______/______/________

Кімге:
Ислам Даму Банкі
Почталық мекенжайы:5925 ДЖИДДА 21432
Сауд Арабиясы Корольдігі

      Құрметті мырзалар,

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ("Сатып алушы") Заң кеңесшісі ретінде, мен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" Жолының жобасы (Жол) шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялауға ғана Ислам Даму Банкінің (Сатушы) Сатып алушыға 170 (бір жүз жетпіс) миллион АҚШ доллары мөлшерінде сома бөлуін көздейтін және Сатып алушыны Сатушының Жолды реконструкциялауды қадағалау және оны Сатып алушыға сату жөніндегі Агенті ретінде тағайындайтын, 2009 жылғы ___ / ___ күнмен белгіленген Истисна'а Келісімі мен Агенттік келісімнің куәландырылған немесе түпнұсқалығы мен үшін өзге куәландырушы түрде белгіленген түпнұсқаларын (немесе көшірмелерін) және мен осы Заңдық қорытындыда жасалған тұжырымдар үшін негіз ретінде зерделеу қажет немесе орынды деп санаған басқа да құжаттарды зерделедім.
      Мұнда жасалған қорытындылар Қазақстан Республикасының заңнамасына және оның саяси бөлімшелеріне сәйкес туындайтын мәселелермен шектелген және менің кез келген басқа юрисдикцияның заң бойынша туындайтын кез келген мәселе бойынша пікір білдіру ниетім жоқ.
      Анықтамалары Келісімде берілген және Заңдық қорытындыда пайдаланылатын, бірақ онда анықтама берілмеген барлық терминдер оларға Келісімде берілген анықтамаларына ие болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, мен мынадай қорытынды жасадым:
      (а) Сатып алушының өз меншігіне иелік етуге, өзінің қазіргі уақытта жүзеге асырып отырған қызметін жүзеге асыруға және Келісімде көзделген мәмілелерді жасасуға құқығы мен өкілеттігі бар;
      (b) Сатып алушы Келісімдердің және өзі Келісімге байланысты орындауға және беруге тиіс басқа құжаттардың орындалуын және берілуін шешу, Келісімдер шеңберінде өз міндеттемелерін орындау және Келісімде көзделген мәмілелерді жасасу үшін талап етілетін барлық қажетті іс-қимылдарды қабылдады;
      (с) Келісімдер тиісінше орындалған және оларды Сатып алушы берген әрі олардың талаптарына сәйкес Сатып алушыға қарсы құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген, Сатушының заңды, күші бар және міндетті міндеттемелерін білдіреді, дәрменсіздік туралы қолданыстағы заңға, мораторийге және тұтас алғанда кредит берушілердің құқықтарын қозғайтын осыған ұқсас заңдарға бағынады.
      (d) Шешу үшін қажетті немесе Келісім шеңберінде Сатып алушыға қатысты болжанатын міндеттемелердің заңдылығы немесе жүзеге асырылу мүмкіндігі үшін талап етілетін барлық мемлекеттік санкциялаулар мен кез келген түрдегі іс-қимыл алынды немесе орындалып жатыр және жарамды болып табылады әрі толық күші бар және әрекет етеді.
      (е) Өзі немесе хабарлама беру арқылы немесе уақыт өткен соң немесе онымен де кейінгімен де Келісім шеңберіндегі міндеттеменің немесе Сатып алушының қандай да бір міндеттемелерін растайтын басқа бір құжаттың орындалмауын білдірілетін немесе білдірілуі мүмкін ешқандай оқиға болған жоқ және болуы жалғасқан жоқ және Келісім шеңберінде төлемдер жүзеге асырылған кезде мұндай оқиға туындамайды.
      (f) Сатып алушының орындау немесе беру немесе Сатып алушының Келісімдер немесе Келісімдерде болжанатын мәмілелерді жасасу шеңберіндегі міндеттемелерін атқару жөніндегі қандай да бір міндеттемесін растайтын қандай да бір Келісімнің немесе құжаттың ережелеріне сәйкес Сатып алушыға қандай да бір кредит берушінің ешбір келісімі немесе мақұлдауы немесе оны хабардар ету талап етілмейді және мұндай атқару, беру, орындау және жасасу қандай да бір орындамауға немесе бұзуға әкеп соқтырмайды немесе Сатып алушының жарғысы немесе регламенті немесе маған белгілі бір келісім, құжат, шешім немесе қаулы немесе Сатып алушыға немесе оның қандай да бір мүлкіне қолданылатын қандай да бір жарғы, қағида немесе қаулы бойынша міндеттемелердің орындалмағанын білдірмейді.
      (g) Қарауда жатқан немесе менің білуімше, Сатып алушының қаржылық жағдайына елеулі түрде келеңсіз әсер етуі немесе Сатып алушының Келісім шеңберінде өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін әлсіретуі немесе Келісімдердің заңдылығы мен жүзеге асырылу мүмкіндігіне әсерін тигізуі мүмкін жағымсыз анықталу қаупі төніп тұрған ешқандай талап-арыздар немесе сот өндірістері жоқ.
      (h) Сатып алушының барлық кепілдер мен басқа да ауыртпалықтардан бос өзінің меншігіне иелік құқығы жарамды және оның міндеттемелері Келісімдер шеңберінде, тым болмаса басқа қамсыздандырылмаған барлық міндеттемелермен тең жіктеледі.
      (і) Осы Келісімдердің орындалуы мен берілуі қандай да бір салыққа, бажға, алымға немесе өзге есептеулерге, оның ішінде, шектеусіз, тіркеуге немесе беруге, салыққа, елтаңбалық алымға немесе Қазақстан Республикасында салынатын немесе Қазақстан Республикасындағы қандай да бір саяси бөлімшелер немесе салық органы салатын осы сияқты салыққа жатпайды.
      (j) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сатып алушының Қазақстан Республикасының соттарында шығарылуы мүмкін қандай да бір түрде Келісімдерге байланысы қандай да бір талап-арыздарға немесе сот талқылауына қатысты өз иммунитетінен егемендік негізде бас тартуға толыққанды құқығы бар.
      (k) Сатып алушының Келісімдерді орындауы және беруі мен олар бойынша өз міндеттемелерін орындауы коммерциялық мәмілелерді білдіреді.
      (l) Келісімдер Тараптарының реттеуші заң ретінде Ислам Шариғатының принциптерін таңдауы заңды, жарамды және міндетті болып табылады.
      (m) Келісімдердің заңдылығын, заңды күшін, құқықтық санкциямен қамтамасыз етілгенін немесе Қазақстан Республикасының соттарында дәлелдемелер ретінде рұқсат берілетінін қамтамасыз ету үшін оларды Қазақстан Республикасында берудің, тізілімге енгізудің, сотта немесе мемлекеттік мекемеде тіркеудің не оған елтаңбалық алым туралы немесе айналымнан осындай салық туралы мөр қоюдың қажеті жоқ.
      (n) Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясы бойынша Сатушының Келісімдер шеңберіндегі немесе Келісімдерді іске асыруға немесе олар бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға байланысты өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін алуы үшін Сатушының Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия, біліктілік алуының немесе құқық алуының қажеті жоқ.
      (o) Сатушы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін тұрғылықты тұратын жері бар резидент болып есептелмейді және тек Келісімдерді іске асыру, орындау және/немесе жүзеге асыру және Келісімдерге сәйкес Сатушының жолды салуы және оны Сатып алушыға сатуы себебі бойынша Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайды және Келісімдер шеңберінде Сатушы алуы тиіс сомалар шегеру жолымен табыс салығынан босатылатын болады.

      Келісім шеңберіндегі қаражат төленгенге дейінгі уақытта осы қорытындыдағы қандай да бір өзгерістер туралы Сатушыны мен хабардар етпейінше, сіз және сіздің заң кеңесшіңіз, осы Заңдық қорытынды күнінен бастап төленгенге дейін және мысалы, осы қорытынды осындай сәттердің әрбірінде жасалған және берілген болып саналғандай төлемді қоса алғанда, кез келген уақытта осы заңдық қорытындыға сүйене аласыздар.

Құрметпен,
______________

      Осы Аударма Астана қаласында 2009 жылғы 31 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А Келісімнің орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін күәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадрмен қамтамасыз ету және
      құжат айналымы департаментінің
      Басқарма бастығы                               Н. Шабанов

                                                  N KHZ-050 жобасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

МЕН

ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ

АРАСЫНДАҒЫ

"БАТЫС ЕУРОПА - БАТЫС ҚЫТАЙ" ЖОЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ
"ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫ-ТАРАЗ" ЖОЛЫНЫҢ
УЧАСКЕСІН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ

АГЕНТТІК КЕЛІСІМ
(ИСТИСНА'А)

АГЕНТТІК КЕЛІСІМ

ОСЫ КЕЛІСІМ Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі "Агент" деп аталатын) мен Ислам Даму Банкі (бұдан әрі "ИДБ" деп аталатын) арасында 9/08/1430Н (бұл 2009 жылғы /31/07 сәйкес келеді) жасалды.

      А) ИДБ осы Келісімге II қосымшада сипатталған жоба шеңберінде, осы Келісімге I қосымшада сипатталған "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысы - Тараз шекарасы" жолының (бұдан әрі "Жол" деп аталатын) учаскесін Агент үшін осы күнгі келісімге (бұдан әрі "Истисна"а келісімі" деп аталатын) сәйкес реконструкциялауға келіскенін,
      В) ИДБ Агенттің Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ атынан мердігермен келісім-шарт жасасуға және Жолды реконструкциялауды қадағалауды жүзеге асыруға Агентпен келіскенін

      НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ИДБ және Агент мыналар туралы келісті:

I бап
АНЫҚТАМАЛАР - ТҮСІНДІРМЕ

      1.1 Осы Келісімде, егер түпмәтінде өзгеше туындамаса, мынадай терминдер олардың әрқайсысының тұсында төменде келтірілген мағынаға ие болады:

Бекітілген сома               - ИДБ Жолды реконструкциялауға
                                мақұлданған сома;

Күрделі шығындар              - Келісімшарттың бағасын консультанттың
                                қызметі үшін төлемді және ИДБ-ның
                                Жолды реконструкциялауға және
                                реконструкциялауды қадағалауды жүзеге
                                асыруға, осыған байланысты көтерген
                                кез келген басқа да шығындарды немесе
                                шығыстарды қамтитын Жолды
                                реконструкциялаудың жалпы құны;

Консультациялық               - осы Келісімнің V бабына сәйкес
қызметтер ұсыну                 Сатушынының атынан Атқарушы Агенттік
туралы шарттар                  арқылы Агенттің Консультантпен
                                (тармен) жасасатын Жолға қатысты
                                 консультациялық қызметтер ұсыну
                                 туралы Консультантпен шарт;

Консультант(тар)              - осы Келісімнің V бабына сәйкес
                                консультациялық тағайындалатын
                                фирма(лар);

Мердігер                      - жолды реконструкциялау тапсырылатын
                                мердігер;

Келісім-шарт                  - Агенттің ИДБ атынан Атқарушы Агенттік
                                арқылы Мердігермен жасасқан Жолды
                                реконструкциялауға арналған
                                келісім-шарт;

Келісім-шарттың бағасы        - мердігерге Жолды реконструкциялағаны
                                үшін төлеуге жататын баға;

Алғашқы төлем күні            - Келісімшарт шеңберінде немесе
                                Консультантқа бұрын болғаннан гөрі
                                ИДБ алғашқы төлемді жүзеге асыратын
                                күн;

Келісімнің күшіне             - ИДБ Келісімнің XII бабына сәйкес
енетін күні                     осы Келісімнің немесе Истисна'а
                                Келісімінің күшіне енгендігі
                                туралы жариялайтын күн;

Атқарушы Агенттік             - Агенттің Автомобиль жолдары комитеті
                                (АЖК) арқылы әрекет ететін Көлік
                                және коммуникация министрлігі (ККМ);

Қабылдау туралы қорытынды     - кепілдік берілген жауапкершілік
сертификат                      кезеңі аяқталғаннан кейін
                                Келісім-шарттың талаптарына сәйкес
                                Консультант беретін сертификат,
                                бұл жолды реконструкциялауды
                                Мердігердің табысты аяқтағандығын
                                білдіреді;

Қаржы жылы                    - күнтізбелік жылғы 1 қаңтарда
                                басталатын және 31 желтоқсанда
                                аяқталатын,оның ішінде инвестициялық
                                жобаның бюджетін орындау жүзеге
                                асырылатын уақыт кезеңі;

Жеңілдік кезеңі               - алғашқы төлем күнінен басталатын және
                                4 (төрт) жыл өткен соң немесе қай
                                күні ерте басталатындығына қарай
                                Алдын ала қабылдау туралы
                                сертификатты беру күніне аяқталатын
                                кезең;

Алдын ала қабылдау            - Келісімшарттың талаптарына сәйкес
туралы сертификат               Консультант беретін сертификат,
                                ол жолды реконструкциялауды
                                Мердігердің қанағаттанарлықпен
                                аяқтағандығын білдіреді;

Жоба                          - Келісімге II қосымшада сипатталған
                                жоба;

Жол                           - Келісімге I қосымшада сипатталған
                                жол;

Салық                         - кез келген салық, алым, баж немесе
                                басқа да осыған ұқсас сипаттағы
                                міндеттеме (шектеусіз, кез келген
                                төлем қабілетсіздігіне немесе
                                кешіктіруге байланысты төлеуге
                                жататын кез келген айыппұлды
                                қоса алғанда);

АҚШ доллары немесе"USS"       - Америка Құрама Штаттарының заңды
                                валютасы

1.2. Осы Келісімде:
      (а) Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, жекеше түрдегі сөздер көпше түрдегі мағынаны да қамтиды және керісінше тұлғаларды білдіретін сөздер корпорациялар мен әріптестіктерді қамтиды; және нақты қосымшаға, толықтыруға, бапқа немесе тармаққа сілтемелер осы Келісімнің Қосымшасына, Толықтыруына, бабына немесе тармағына сілтемелер болып табылады.
      (b) Истисна'а Келісімінде анықтамасы берілетін және осы Келісімде анықтамасы берілмеген сөздер мен ұғымдар Истисна'а келісіміндегі сол тәрізді мағынаға ие болады.
      (с) Баптар мен тармақтардың атаулары тек сілтеме жасауға қолайлылығы үшін ғана көрсетілген және осы ережелерінің кез келгенін анықтау, түсіндіру немесе шектеу үшін пайдаланылмауға тиіс.

II бап
КЕЛІСІМНІҢ КІРІСПЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМШАЛАР

      Осы Келісімге кіріспе және қосымша Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.

III бап
МЕРДІГЕРДІ ТАҢДАУ

      3.1. Келісімнің тараптары Агент ИДБ-мен келісім бойынша және ИДБ-ның сатып алу рәсімдеріне сәйкес және оны мақұлдау шартымен, жобаны іске асыру үшін осы Келісім шеңберінде қаржыландырылатын барлық келісім-шарттар былайша жасалады деп келісті:
      (а) Құрылыс жұмыстары: Жолды реконструкциялау үшін құрылыс жұмыстары ИДБ-ның сатып алу рәсімдеріне сәйкес ИДБ-ға мүше елдермен шектелетін халықаралық конкурстық сауда-саттықты жүргізу арқылы (Атқарушы Агенттік арқылы) сатып алынатын болады.
      (b) Жобаны басқару жөніндегі консультант және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант: Жобаны басқару жөніндегі консультант және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант ИДБ мен Агент арасында (Атқарушы агенттік арқылы) келісілуге тиіс ИДБ-ға мүше елдердің алдын ала іріктеуінен өткен консалтингтік фирмаларының қатарынан таңдап алынады.
      (с) Аудиторлық қызметтер: Аудиторлық қызметтерді Агент халықаралық аудит принциптері мен нормаларына сәйкес жобаны іске асыру кезеңінде әрбір қаржы жылы үшін қаржылық есептілік аудитін жүргізу мақсатында, ИДБ-ға үшін қолайлы беделді аудиторлық фирмалардың қатарынан іріктеп алатын болады. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік тиісті кезең аяқталғаннан кейін 9 (тоғыз) айдан кешіктірілмей ИДБ-ға ұсынылуға тиіс.
      3.2. Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ атынан келіссөздер жүргізеді және мынадай талаптарды сақтау шартымен Мердігермен Келісімшарт жасасады:
      (а) Келісімшарттың талаптары Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агент арасында келісілетін болады.
      (b) Келісімшарт бағасы 170 (бір жүз жетпіс) миллион АҚШ долларынан аспауға тиіс.
      (с) Келісімшарт шеңберінде Жолды реконструкциялауды аяқтау кезеңі алғашқы төлем күнінен бастап қырық сегіз (48) айдан аспауға тиіс.
      (d) Келісімшарт бойынша Жолға қойылатын техникалық талаптар осы Келісімге I қосымшада қысқаша сипатталғандай және Келісімшартта егжей-тегжейлі жазылғанындай болуға тиіс.
      (е) Аяқталғаннан кейін Жолды Атқарушы Агенттік арқылы Агент тікелей қабылдап алатын болады.
      (f) жасалатын Келісімшарттың талаптарын ИДБ-ның жазбаша мақұлдауы Агент Атқарушы Агенттік арқылы Келісім-шартты жасасқанға дейін алуы тиіс.
      (g) Келісімшарт сауда-саттықта қабылданғандай, Мердігер барлық тәуекелдерден сақтандыруды сатып алу тиістілігін көздейді және сақтандырудан түскен түсімдерді АҚШ долларында немесе басқа да кез келген қолайлы валютада ИДБ төлейді.
      3.3. Мердігердің Келісімшарт және Келісімшарт шеңберінде кез келген басқа да жұмыстар бойынша кірістеріне Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелер салынуға жатады.
      3.4. Кез келген күдіктерді болдырмау үшін 3.3-тармақта көрсетілген салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелерді ИДБ қаржыландырмайды. Оларды Агент осы Келісімге II қосымшада сипатталғандай төлеуге тиіс.

ІV бап
КЕЛІСІМШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз (а) Келісімшарт бағасының ұлғаюына әкелуі не (b) аяқтау күнін ұзартуға әкелуі не (с) техникалық ерекшеліктердің өзгеруіне әкелуі мүмкін немесе (d) жалпы қабылданған практикаға сәйкес келмейтін Келісімшартқа түзетулер, өзгерістер немесе жаңартулар енгізбейді.

V бап
КОНСУЛЬТАНТТЫ ТАҒАЙЫНДАУ

      5.1. ИДБ мен Агент Атқарушы Агенттік арқылы Жобаны басқару жөніндегі консультант (ЖБК) және Қадағалау жөніндегі консультант (жобалауды шолу және реконструкциялау үшін қадағалау жөніндегі) (Консультанттар) ИДБ-ның рәсімдері мен ережелеріне сәйкес ИДБ-ға мүше елдердің алдын ала іріктеуден өткен консультанттары қатарынан іріктеп алынатын болады деп келісті, олар Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агент арасында келісіледі. Жобаны басқару жөніндегі консультант Жобаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын және Атқарушы Агенттікке жобаны жалпы басқаруда, құрылыс жұмыстарын, тауарларды сатып алуда және Қадағалау жөніндегі консультантты жалдауды жүргізуде жәрдемдесетін болады. Қадағалау жөніндегі консультант Мердігерге берілетін жолды жобалауды шолу және күнделікті негізде Мердігердің жұмысын қадағалау жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қадағалау жөніндегі консультант Мердігер үшін ғана ИДБ төлейтін қаражатты  төлеуге арналған барлық өтінімдерді тексеру үшін жауапты болады. Қадағалау жөніндегі консультант сондай-ақ жолды реконструкциялауға байланысты барлық қызметті үйлестіру үшін жауапты болады, жұмыстың орындалу барысы туралы есептерді жүйелі түрде беруді қамтамасыз етеді, Жолды реконструкциялауды іске асырудың бүкіл уақыты ішінде ИДБ-ның барлық саясаты мен рәсімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
      5.2. Консультанттардың Келісімшарттарының техникалық тапсырмалары түпкілікті іріктеу үшін қалған, консультанттардан сауда-саттыққа арналған өтінімдерді шақырғанға дейін Атқарушы Агенттік арқылы Агент пен ИДБ арасында жазбаша нысанда келісіледі.
      5.3. Агент Атқарушы Агенттік арқылы іріктелген Консультанттармен келіссөздер жүргізу кезінде ИДБ-мен өзара іс-қимыл жасайды, оның нәтижесі Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агенттің қорытынды мақұлдауына жатады.
      5.4. Агент Атқарушы Агенттік арқылы Келісімшартты өзі басшылыққа алған кезде ол (осы Келісімнің 5.1, 5.2 және 5.3-тармақтарында ескерілген Консультанттардың жәрдемімен) Мердігердің Жолды техникалық талаптарға сәйкес, Келісімшартта көзделген мерзімде және құн бойынша реконструкциялауды қамтамасыз ету мақсатында Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін тиянақты және дұрыс орындау мониторингі кезінде кәсібилік пен зейін қоюдың биік дәрежесімен әрекет етемін деп міндеттенеді.
      5.5. Агент осы Келісімнің 5.4-тармағының жалпы мағынасына залал келтірместен, Атқарушы Агенттік арқылы:
      (а) Жолды реконструкциялауды аяқтаудағы кез келген кідіріс немесе мүмкін болатын кідіріс туралы оның барлық детальдарын баяндай отырып, ИДБ-ға іс жүзінде мүмкін болатындай жеделдікпен хабарлауға;
      (b) Қазақстан Республикасының тиісті Заңдарына сәйкес Жолды реконструкциялауға байланысты барлық реттеуші және әкімшілік мәселелерді шешуге;
      (с) егер ол Жол тиісті кезеңде Келісімшартқа және техникалық талаптарға сәйкес орындалатынына қанағаттанған болса, Алдын ала қабылдау туралы сертификатқа және Қабылдау туралы қорытынды сертификатқа қол қоюға міндетті.
      5.6. Егер Келісімнің V бабын бұза отырып, Агент Мердігерге нәтижесінде Келісім-шарттың бағасы ұлғаятын нұсқау берсе немесе Тараптардың кез келгенінің алдында қандай да бір талаптар, залалдар, зияндар немесе шығыстар бойынша ИДБ-ға қандай да бір жауапкершілік жүктелсе, онда Агент Келісімшарт бағасын ұлғайтуды өзіне алуға немесе нақты жағдайға байланысты осындай талаптарға, залалдарға, зияндарға немесе шығыстарға байланысты шығындарды ИБР-ға өтеуге келіседі.
      5.7. Агент Атқарушы Агенттік арқылы осы Келісімнің шеңберінде және Келісім-шарттың шеңберінде оның міндеттерін орындау үшін қажет болатындай өз персоналының санымен қамтамасыз етеді деп келісілген.
      5.8. Агенттің осы Келісімнің шеңберінде Агенттің ИДБ әкімшісі ретінде тағайындалуына байланысты немесе осының нәтижесінде ИДБ Тарапынан қандай болса да сыйақыға немесе өзге төлемге құқығы жоқ.
      5.9. Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттар бойынша кірістерге Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелер салынады.
      5.10. Кез келген күдіктерді болдырмау үшін ИДБ жоғарыда 5.9-тармақта көрсетілген салықтарды, алымдарды және осыған ұқсас сипаттағы басқа да міндеттемелерді қаржыландырмайды. Агент оларды осы Келісімге II қосымшада сипатталғанындай төлеуге тиіс.

VІ бап
БЕКІТІЛГЕН СОМАНЫ ТӨЛЕУ

      6.1. ИДБ Бекітілген соманы төлеуді ИДБ-ның төлем рәсімдеріне сәйкес Келісімшартта және Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шартта көрсетілген жолмен жүзеге асырады.
      6.2. Алғашқы төлемге арналған өтінім күні: Егер күшіне ену күнінен немесе Агент пен Банк арасында келісілетін, неғұрлым кешіктірілген күнінен бастап 180 күн ішінде Агент Банкке алғашқы төлемді жүзеге асыруға өтінім бермесе, онда Банк бұл туралы Агентке тиісінше хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
      6.3. Төлемді тоқтату күні: 2013 ж. 28/02/ немесе Агент пен Банк арасында келісілетін неғұрлым кешіктірілген күн осы Келісімнің шеңберінде қаражат алуды тоқтату күні болып табылады.
      6.4. Агент осы Келісімнің 6.1-тармағының жалпы мағынасына залал келтірмей:
      (а) Консультантқа төленетін алғашқы төлемге өтінім беру кезінде қол қойылған Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттың көшірмесін беруге;
      (b) Келісімшарт шеңберінде алғашқы төлемге өтінім беру кезінде Келісімшарттың қол қойылған көшірмесін және осы Келісімнің 3.2 (g)-тармағында айтылған сақтандыру полисінің көшірмесін беруге міндетті.
      6.5. ИДБ, егер Төлемге өтінім осы Келісімге сәйкес келмесе немесе Агент берген құжаттар толық емес немесе өзге де ақаулары бар болып табылса, Келісім шеңберінде қандай да бір төлемдерді жүзеге асыруға міндетті емес. Агент Төлемді жүзеге асырудағы кез келген кідірістерге, егер осындай кідіріс өтінімнің Осы Келісімге сәйкес келмеуіне не талап етілетін құжаттардың жеткіліксіздігінен не дәл келмеуінен болса, жауапты болады.

VII бап
ЖОЛДЫ ҚАБЫЛДАУ

      7.1. Келісімшарт жұмыстар аяқталғаннан кейін Агенттің тікелей Жолды қабылдап алуын көздеуі тиіс деп келісілген. Сондай-ақ, Жолды қабылдап алуды кешіктіру нәтижесіндегі залалдар үшін Агент алдында ИДБ ешқандай мән-жағдайларда жауап бермейді деп келісілген.
      7.2. Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін, егер Агент Қабылдау туралы қорытынды сертификатқа қол қойғаннан кейін қандай да болмасын себеппен Жолды Мердігерден қабылдап алудан бас тартса, Агент осының нәтижесінде ИДБ-ға келтірілген кез келген шығыстарды, шығындарды немесе залалдарды өтеуге тиіс деп келісілді.

VIII бап
МӘЛІМДЕМЕЛЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Агент:
      8.1. оның осы Келісімді жасасу мен Келісімнің шеңберінде өзінің міндеттемелерін орындауға және осы Келісімнің орындалуын және Агент Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерінің орындалуын шешу үшін қажетті барлық іс-қимылдар тиісті түрде қабылданғанын;
      8.2. осы Келісімде Агент өзіне қабылдайтын міндеттемелер заңды және Келісімнің талаптарына сәйкес Агент үшін міндетті, күші бар міндеттемелер болып табылатынын;
      8.3. осы Келісімді орындау және Агенттің Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындауы бұзушылықты білдірмейді және қандай да бір келісімді, шартты немесе заңды бұзуға әкелмейтінін;
      8.4. Қазақстанның заңдарына сәйкес орындалуы талап етілетін барлық рәсімдер мен шарттар (валюталық бақылау рәсімдерін қоса алғанда): (і) Агентке осы Келісімді заңды түрде жасасуға және осы Келісімде оның қабылдаған міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру, (іі) осы Келісімде ол қабылдайтын міндеттемелердің заңды, жарамды және құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген болып табылатындығын қамтамасыз ету және (ііі) осы Келісімге одан әрі іс-қимылдар мен немқұрайдылықты жүзеге асырусыз және орындаусыз Қазақстанда дәлел ретінде Қазақстанның заңдары мен Конституциясына қатаң сәйкестікте жол берілуі үшін сақталғанын және орындалғанын мәлімдейді және растайды.
      8.5. жобаны жобалау және іске асыру Қазақстан Үкіметінің табиғат қорғау нормаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келетін болады. Агент жобаның, сондай-ақ қоса қаржыландырушы ұйымның (яғни: Азия Даму Банкі) табиғатты қорғау және әлеуметтік принциптеріне сәйкес келетініне кепілдік береді.

ІХ бап
ӨТЕУ

      9.1. Осымен Агент ИДБ-ға аударымдарды салықтарды (қолданылатын жергілікті және шетелдік салық ставкаларына сәйкес) ұстағаннан кейінгі таза негізде өтеуге міндеттенеді және ИДБ-ны кез келген және:
      (а) Келісімшарттың немесе Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттың шеңберінде, оның ішінде:
      (і) кез келген мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі не кез келген тұлғаның қазасы не дене жарақаты;
      (іі) Жолдағы анық немесе жасырын ақаулардың;
      (ііі) азаматтық құқық бұзушылық салдарынан немесе өзге түрдегі қатаң жауапкершілік принципіне негізделген қандай да бір талаптардың;
      (іv) патент, сауда маркасы немесе авторлық құқықтың бұзылуына негізделген кез келген наразылықтардың;
      (v) қолданылатын табиғат қорғау заңдарының немесе экологиялық рұқсат беру құжаттарының шеңберінде туындайтын жауапкершілікке негізделген кез келген наразылықтардың;
      (vі) Жол немесе ол салынатын жер меншігіне қатысты кез келген талап-арыздардың;
      (vіі) Келісімшартқа немесе оған сәйкес ашылған аккредитивке байланысты немесе Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шартқа байланысты кез келген наразылықтардан немесе даулы мәселелердің нәтижесінде туындауы мүмкін Келісім-шарт немесе Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шарт шеңберіндегі меншіктің, иеліктің, пайдаланудың, құжаттаманың, жойылудың, қайтарудың немесе басқа да қолданымдардың немесе өкімдердің;
      (b) Агент немесе Мердігер тарапынан міндеттемені қандай-да бір орындамау немесе осы Келісімнің немесе осы Келісімге қатысты немесе Жолға қатысты жасалған құжаттың, шарттың немесе Келісімшарттың талаптарын орындаудағы немесе сақтаудағы кез келген басқа да қабілетсіздік, бірақ ИДБ тарапынан осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін немесе осы Келісімге қатысты немесе Жолға қатысты ИДБ жасасқан шартты немесе Келісімшартты орындауын бұзушылықтарға негізделген қандай-да бір наразылықтар туындауының;
      (с) Жолға немесе сол жол салынатын жерге құқығына немесе қатысуына қатысты кез келген наразылықтардың, ауыртпалықтардың, кепілдік мүдденің, кепілдік құқықтың немесе заңдық процестің салдары болып табылатын салық салынатынына, шеккен залалына немесе ИДБ-ға қарсы қойылғанына қарамастан, кез келген және барлық міндеттемелерден, алымдардан, борыштардан, залалдардан, шығындардан, айыппұлдардан, талаптардан, талап-арыздардан, сот шешімдерінен және негізделген сот шығындары мен шығыстарын қоса алғандағы (осы Келісімді жүзеге асырумен байланысты келтірілген сот шығындары мен шығыстарын қоса алғандағы) шығыстардың әрбір түрін немесе сипатын қорғауға және қауіпсіздендіруге келіседі.
      9.2 Агент ИДБ-ны Агентке белгілі, солардың салдарынан залалдарды өтеуге құқығы бар немесе негізделген түрде бар болуы мүмкін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар туралы жедел хабардар етуі тиіс. 9.1-тармақта сипатталған залалды өтеу Агент тарапынан немесе Агенттің қызметкерлері атынан наразылықтар немесе талап-арыздар нақты қолданады және енгізеді және осымен Агент ИДБ-дан айырмашылығы кез келген қолданылатын заңдарға сәйкес құқығы болуы мүмкін болған кез келген иммунитеттен тікелей бас тартады. Агент ИДБ-ның өтініші бойынша кідіртпестен (бірақ кез келген жағдайда осындай сұрау салу кезінен бастап он бес күн ішінде) ИДБ-ға жоғарыда аталғандарға байланысты ол жұмсаған соманы өтеуі немесе мұндай соманы дереу төлеуі тиіс. Агент олар жұмсаған соманы ИДБ-ға іс жүзінде өтеуіне немесе 9.1-тармаққа сәйкес осы соманы дереу іс жүзінде төлеуіне қатысты кез келген мәселеде ИДБ құқықтарына салыстырма жүргізуі тиіс. Қандай да бір өтем туралы талап-арызға байланысты ИДБ-ға қарсы қозғалған қандай болмасын талап-арыздар немесе соттық тексеру жағдайында ИДБ мұндай талап-арыздар немесе соттық тексеру басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейін ИДБ-ға табыс етілген барлық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы Агентті хабардар етеді. Агент ИДБ-ның талап етуі бойынша Агент есебінен талап-арызды даулай алады және сот қудалауынан қорғана алады немесе Агент іріктеген және ИДБ-ны негізді түрде қанағаттандыратын адвокаттың талап-арызды даулауы және сот қудалауынан қорғауы туралы шешім шығаруы мүмкін. Агент бұлай істеуге қабілетсіз болған жағдайда, осындай талап-арызға немесе сот қудалауына байланысты ИДБ-ның шеккен шығындары мен шығыстарының барлығын (адвокаттың орынды қаламақысы мен шығыстарын қоса алғанда) Агент төлеуі тиіс.

Х бап
ЕСЕПТЕР

      Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ-ға мынадай есептерді беруге міндеттенеді:
      а) Келісім күшіне енген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде және осыдан кейінгі әрбір үш ай сайын істелген жұмыс және Келісімшарттың орындалуы туралы ИДБ кезең-кезеңмен анықтап отыруы мүмкін болғандай етіп дайындалған есеп;
      b) Қабылдау туралы қорытынды сертификат бергеннен кейін жедел түрде, бірақ осындай Сертификат бергеннен кейін алты айдан кешіктірмей, ИДБ негізді түрде талап етуі мүмкін болғандай көлемде және сондай егжей-тегжейлі Жолдың құрылысы мен жобаның бастапқы жұмысы жөніндегі қорытынды есепті береді;
      с) ИДБ кезең-кезеңмен негізді түрде сұратылуы мүмкін кез келген басқа есеп немесе мәліметтер.

ХІ бап
ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ

      ИДБ-ның осы Келісім шеңберінде өзінің құқығын жүзеге асыруға немесе қорғауға қабілетсіздігі, не осыған оның Тарапынан жол берілген кідіріс немесе Агентке қарсы оның қолында бар құқықтық қорғану құралын жүзеге асыру немесе қорғауға қабілетсіздігі не оның тарапынан жол берілген кідіріс осындай құқыққа немесе құқықтық қорғану құралына зиян келтірмейді және осындай құқықтан немесе құқықтық қорғану құралынан бас тарту ретінде қаралмайды.

XII бап
КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУI

      Осы Келісім Истисна'А келісімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

XIII бап
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА. ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ РЕТТЕУ

      13.1. Осы Келісім Ислам Шариғатының қағидаттарына (Ислам қаржы институттарының Есептілік және аудит ұйымы жариялаған Shаrі'аһ стандарттарында айтылғандай және Ислам конференциясы ұйымы жанындағы Фикх Ислам академиясы немесе ИДБ Shагі'аһ комитеті берген түсініктемеге) сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.
      13.2. Бір Тараптың екінші Тарапқа хабарлама берген күнінен бастап 60 (алпыс) күн ішінде Тараптар келісім жолымен шешуі мүмкін болмаған, осы Келісім Тараптарының арасындағы кез келген даулы мәселе және осы Келісімнің шеңберінде туындайтын, бір Тараптың екінші Тарапқа кез келген талап Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы Бітімге келу және төрелік жөніндегі Халықаралық Ислам Орталығының (БТХИО) ережелері мен рәсімдеріне сәйкес түпкілікті және міндетті түрде шешу үшін төрелік комиссияның қарауына берілетін болады. Төрелік регламент пен БТХИО рәсімдері осы Келісімнің тараптары арасындағы кез келген даулы мәселелерді немесе осы Келісімнің шеңберінде бір Тараптың екінші Тарапқа қарсы қойған наразылықтарын шешу рәсімдерінің орнына қолданылатын болады.
      13.3.  Егер Тараптарға төрелік сот шешімінің телнұсқалары берілгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде ол орындалмаған болса, Тараптардың кез келгені құзырлы юрисдикцияның кез келген сотында екінші Тарапқа қарсы төрелік сот шешімін орындауға қол жеткізу мақсатында сот процесін бастауы немесе талап-арыз қозғауы мүмкін, сот шешімін орындауға қол жеткізу жолымен осындай шешімнің орындалуына әкеп соғуы мүмкін немесе құқық қорғаудың кез келген басқа тиісті тәсілдерімен екінші Тарапқа қарсы төрелік сот шешімін немесе осы Келісімнің ережелерін мәжбүрлеп орындату үшін қудалауды жүзеге асыра алады.
      13.4. Осы Келісімнің әрбір Тарапы осы Келісім шеңберінде қаражатқа (активтерге) қатысты оған қарсы шығарылған соттың кез келген шешімі кез келген юрисдикцияда орындалатынын қабылдайды. Осымен осы Келісімнің Тараптары олардың қаражаттары (активтері) бар немесе жоқ екендігіне байланысты юрисдикцияда шешім шығарылғанына қарамастан, осы Келісімнің шеңберінде төрелік шешімнің орындалуынан немесе соған байланысты туындайтын кез келген сот талабы, сот ісі немесе сот өндірісі бойынша оларда туындауы мүмкін болған қандай болмасын талаптардан сөзсіз бас тартады және одан әрі қандай да бір юрисдикцияның қарауында шығарылған мұндай сот талабы, сот ісі немесе сот қарауы қолайсыз орында өткізілген деген кез келген талаптан сөзсіз бас тартады.
      13.5. Осы Келісімнің Тарапы кез келген юрисдикцияда өзі немесе өзінің активтері үшін талап-арыз иммунитетін талап етуге немесе тыйым салынуын (не ықпал ету түрімен немесе сот шешімі немесе қаулысы шығарылғанға дейін не басқаша орындалуын) немесе өзге бір заң процесін талап етуі мүмкін болған дәрежеде, оған немесе оның активтеріне осыған ұқсас иммунитеттің берілуі мүмкін (талап етілген немесе талап етілмеген) болған мұндай юрисдикцияда кез келген дәрежеде осымен, мұндай Тарап талап етпеуді міндетіне алады және мұндай иммунитеттен сөзсіз бас тартады.

XIV бап
ХАБАРЛАМАЛАР

      14.1. Осы Келісім шеңберінде немесе соған байланысты бір Тараптан екінші Тараптың атына берілетін кез келген хабарлама немесе сұрату жазбаша түрде орындалуы тиіс және телекспен немесе хатпен жіберілуі мүмкін. Мұндай хабарлама немесе сұрату, егер де оларды екінші Тарапқа, Келісімнің 14.2-тармағында көрсетілген мекенжайға немесе екінші ( Тарапқа хабарлама беру арқылы белгіленген кез келген басқа мекенжайға жеткізу қолма-қол немесе почтамен не телекспен/телефакспен жүргізілсе, тиісінше берілді деп саналады.
      14.2. Осы Келісімнің 14.1-тармағының мақсаттары үшін Тараптар өздерінің төменде көрсетілген мекенжайларын береді:

      САТУШЫ ҮШІН:               САТЫП АЛУШЫ ҮШІН:

Ислам Даму Банкі      Қаржы министрлігі       Көлік және
Р.О. Вох: 5925        Жеңіс даңғылы, 11       коммуникация
Jeddah-21432          010000 Астана           министрлігі
Сауд Арабиясы         Қазақстан               Қабанбай батыр
Корольдігі            Республикасы            даңғылы, 32/1
Теlех:601137ISDB SJ   Тел.:+7 7172 71 72 99   010000 Астана
Саblе:ВАNKISLAMI      Факс:+7 7172 32 69 51   Қазақстан
JEDDAH                                        Респбликасы
Fах:+966 26366871                             Тел.: +7 7172 29
                                              90 61/ 24 33 83
                                              Факс: +7 7172 24
                                              37 05/ 29 90 65

[БАПТАРДЫҢ СОҢЫ]

ОСЫНЫ РАСТАЙ ОТЫРЫП, Тараптар осы Келісімге Кіріспеде көрсетілген күні осы Келісімге қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
АТЫНАН
_____________________________ ИСЛАМ ДАМУ БАНКІ
АТЫНАН
_____________________________

I ҚОСЫМША

ЖОЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      ИДБ-ға Ұсынылып отырған учаске Тараз қаласының шетіндегі 593 километрден (Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы ) басталып және 536 километрде аяқталып, Шақпақата кентінен бастап созылады. Жолдың ұсынылып отырған учаскесі (1-учаске) II санаттан (2 жолақты жол) I санатқа (4 жолақты жол) жақсартылатын болады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Тараз қаласы арқылы Алматы облысының шекарасынына және Қырғыз Республикасының шекарасына дейінгі жол сегменті.
      Учаске Жамбыл облысының және Жуалы аудандарының аумағында орналасқан. Учаскенің рельефі - таудан тар шатқалдың орталық бөлігіне қарай төмендейтін Қаратау деп аталатын кішігірім таулы тізбегі бар салыстырмалы жазықтық. Учаскенің түрлі бөліктерінің биіктігі теңіз деңгейінен жоғары 631 метрден 1040 метрге дейін ауытқиды.
      ИДБ қаржыландыратын 1-учаскенің жалпы ұзындығы 58,1 километрді құрайды.

II ҚОСЫМША

ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

      Жобаға ИДБ-ның қатысуы Жамбыл облысындағы (Тараз қаласының айналма жолын) жалпы ұзындығы 172 км үш учаскені (жалпы 8 учаскеден) реконструкциялауға бағытталған. Осы Келісім тек 1-учаскеге (Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Тараз қаласына дейін; 536 км-ден бастап 593 км-ге дейін) қатысты.
      Жоба 1-учаскені реконструкциялауды және санатын II санаттан (екі жолақты жол) I санатқа (бөлу жолағы бар төрт жолақты жол) жоғарылатуды көздейді.
      ИДБ жобасының мақсаты көлік қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық көлік дәліздерінің бірін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Көліктік шығыстарды қысқарту мақсатында көлік қозғалысы мен сауданың тиімділігі бүкіл дәліз бойында сапалы инфрақұрылым мен қызметтер көрсету жолымен жақсартылатын болады.
      Жобаның көлемі (1-учаске) Құрылыс жұмыстарын, Жобаны басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді, Жобалық шешімдерді шолуды және Реконструкцияны қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді қамтиды.
      Құрылыс жұмыстары: Құрылыс жұмыстары ұзындығы 58,1 км жол учаскесін реконструкциялауды көздейді. Жүру бөлігінің ені - 15 м, жиектерінің ені - 3,75 м, бөлу жолағының ені - 5 м. Жоба бір деңгейде 12 көліктік жол айрығын, 3 көпір, 63 су өткізу құбырларын, Шақпақата, Б.Момышұлы елді мекендерін, Күйік асуын айналып өтетін жол және Б.Момышұлы елді мекенінде жол-пайдалану пунктін салуды көздейді. Жобаның бір бөлігі ретінде Бауыржан Момышұлы елді мекенінде орналасқан жол-пайдалану пунктін реконструкциялау жүргізілетін болады.
      Жобаны басқару жөніндегі консультант (ИДБ-ЖБК): Әрбір қатысушы Халықаралық Қаржы Институты (ХҚИ) әрбір ХҚИ қаржыландыратын жұмыстарды іске асыру барысын мониторингілеу мақсатында өзінің меншікті Жоба тобын (ЖБК) тағайындайды. Сарапшылар командасы (ИДБ-ЖБК деп аталатын) жобаны жалпы басқаруда және құрылыс жұмыстарын, тауарларды сатып алу мен жобалық шешімдерді шолу және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультанттарды тартуда Атқарушы агенттікке жәрдемдесу үшін іріктелетін болады.
      Жобалауды шолу және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант: Консультант жолды жобалауды шолуды жүргізеді, сондай-ақ күнделікті негізде Мердігердің жұмысын қадағалауды жүзеге асыратын болады.
      ИДБ-ЖБК құрамына ККМ-ның жоғары дәрежелі лауазымды адамының жауапкершілігімен білікті персонал кіреді. Құрамда автомобиль жолдарын салу мамандары, сатып алу, қаржылық басқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандар және талап етілетін кез келген басқа персонал қамтылады. ККМ-ның жауапты тағайындау және ИДБ-ЖБК қызметкерін іріктеу ККМ мен ИДБ арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылатын болады. ИДБ іске асырудың бүкіл кезең ішіндегі ИДБ-ЖБК-ның ағымдағы шығындарын жабу үшін қаржыландыру ұсынады.

      Қаржыландырудың алдын ала жоспары мынадай болады:

                                                  АҚШ доллары

Құрамдауыш

ИДБ


ҚР Үкіметі


Жиыны

Жол (1-транш, 536 км-ден 593 км-ге дейінгі 1-учаске)

145,711,213

100 %

-

0%

145,711,213

ҚҚС+жергілікті салықтар

-

0%

21,772,940

100%

21,772,940

Аралық қорытынды
(Құрылыс жұмыстары)

145,711,213 87% 21,772,940 13% 167,484,153

Консультациялық
қызметтер






Жобалауды шолу және реконструкциялауды қадағалау

6,300,000

100%



0%

6,300,000

ҚҚС+жергілікті салықтар

-

0%

941,379

100%

941,379

Аралық қорытынды
(Консультациялық қызметтер)

6,300,000 87% 941,379 13% 7,241,379

Басқару жөніндегі консультациялық қызметтер











Жобаны басқару жөніндегі консультант (ИДБ-ЖБК)

2,670,000

100 %

-

0%

2,670,000

ҚҚС+жергілікті салықтар

-

0%

399,568

100%

399,568

Аралық қорытынды
(ИДБ-ЖБК)

2,670,000 87% 399,568 13% 3,069,568

Негізгі құны

154,681,213

87%

23,113,887

13%

177,795,100

Табиғи және қаржылық сипаттағы күтпеген шығыстар

15,318,787

87%

2,289,014

13%

17,607,801

Осы жобаның (1) учаскесі бойынша жалпы жиыны

170,000,000

25,402,900

195,402,900

      Осы Аударма Астана қаласында 2009 жылғы 31 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Агенттік Келісімнің (Истисна'А) орыс тіліндегі мәтініне сәйкес келетіндігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кадрмен қамтамасыз ету және
      құжат айналымы департаментінің
      Басқарма бастығы                              Н. Шабанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады