2009 жылғы 14 маусымда Мәскеуде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрудың негізгі принциптері туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік
жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін
құрудың негізгі қағидаттары туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ, Ұйым) мүше мемлекеттер,
ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі қалыптастыру жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажеттігіне сүйене отырып,
2001 жылғы 25 мамырда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы хаттаманың, 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің, 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін (бұдан әрі - жасырын басқару жүйесі) құру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрады.
Жасырын басқару жүйесі оларды қолдану жоспарлары бойынша әрекет ететін әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамаларын жасырын басқарудың ұйымдық-техникалық негізін құрайтын өзара функционалды түрде байланысқан басқару органдарының, ақпаратты қорғау органдарының, автоматтандыру құралдарының және күштер мен құралдарды басқарудың басқа да құралдары кешендерінің жиынтығын білдіреді.
Жасырын басқару жүйесі Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде (аудандарында) Тараптардың әскерлерді (күштерді) жасырын басқару жүйелерінің элементтерінде және байланыс құралдарында орналасады.
2-бап
ҰҚШҰ күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін құрудың мақсаты қызметтің және оларды басқарудың қабылданған жүйесінің барлық жағдайында Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарына басшылық жасау жөніндегі іс-шараларды құпияда сақтау болып табылады.
3-бап
Жасырын басқару жүйесін құрудың негізгі қағидаттары:
ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде (аудандарында) ҰҚШҰ күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін қалыптастыру;
құрылатын ҰҚШҰ күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесінің Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесіне жүктелетін міндеттерге, ұқсас (үйлесімді) байланыс құралдарымен құрылатын байланыс жүйесіне сәйкес келуі;
жасырын басқару жүйесін Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқаруды қамтамасыз етуге әсер ететін басқа да құрамдас бөліктермен бірлесіп қолдану;
Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқаруды жоспарлау жөніндегі міндеттерді әскерлердің (күштердің) нақты коалициялық (өңірлік) топтамасын қолдануды жоспарлауға жауапты әскери басқару органына жүктеу;
әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамаларының өңіраралық өзара іс-қимылын жүзеге асыру кезінде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқаруды қамтамасыз ету;
ақпаратты қорғау құралдарын кешенді қолдануды және құпиялылық режимі іс-шараларын орындауды қамтамасыз ету;
Тараптардың қарулануында бар жасырын басқарудың үйлесімді құралдарын және оларды қолданудың біріздендірілген ережелерін пайдалану;
әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамаларының, басқару буынының құрамына және қойылған міндеттерді орындауға әсер ететін жағдайларға байланысты жасырын басқарудың негізгі құралдары мен оларды қолдану тәртібін айқындау;
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі әзірленетін техникалық және аппараттық-бағдарламалық шешімдерді біріздендіру ақпаратты қорғау құралдарын сертификаттау болып табылады.
Әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамаларында жасырын басқаруды ұйымдастырудың негізіне ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің шешімдерімен бекітілетін ҰҚШҰ шеңберіңдегі ақпарат қорғауды ұйымдастырудың үлгі схемасы салынады.
4-бап
Жасырын басқару жүйесінің міндеттері, күштері мен құралдарының құрамы, жұмыс істеу тәртібі ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің шешімдерімен бекітілетін жеке Ережемен айқындалады. Жасырын басқару жүйесін құруды, дамытуды және жетілдіруді ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі ұйымдастырады және жүзеге асырады. Ұлттық контингенттердің басқару органдары ақпарат қорғау органдарының тәртібі, жұмыс істеу шарттары, құрамы, жасақталу тәртібі мен өкілеттіктері Тараптардың заңнамалары негізінде айқындалады.
5-бап
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құрамында ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскерлердің (күштердің) коалициялық (өңірлік) топтамаларын жасырын басқару жүйелері жұмыс істейді:
ұжымдық қауіпсіздіктің Шығыс Еуропа өңірі әскерлері топтамасының күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесі (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының Одақтас мемлекеті шеңберінде құрылады);
ұжымдық қауіпсіздіктің Кавказ өңірі әскерлері топтамасының күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесі (Армения Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты келісімдер негізінде құрылады);
ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірі әскерлері топтамасының күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесі (Тараптар арасындағы екі жақты және өңірлік келісімдер негізінде құрылады).
6-бап
Жасырын басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуі кезінде Тараптар құпия ақпаратты қорғау жөніндегі өз нормативтік құқықтық актілеріне және 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге, сондай-ақ олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттарға сәйкес құпиялылық режимін және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды.
7-бап
Егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, Тараптар олардың осы Келісімді орындау барысында туындаған шығыстарды дербес көтереді.
8-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жеке хаттамалармен ресімделген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
9-бап
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде Тараптар арасында туындайтын даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен шешіледі.
10-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарийге тиісті жазбаша хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
11-бап
Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданылуы кезінде туындаған өз міндеттемелерін реттей отырып, шыққан күнге дейін алты айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Келісімнен шыға алады.
2009 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайтын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік
жүйесінің күштері мен құралдарын жасырын басқару жүйесін
құрудың негізгі қағидаттары туралы келісімге
Өзбекстан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПІКІРІ
Өзбекстан Республикасы үшін осы Келісім Өзбекстан 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді бекіткеннен кейін күшіне енеді.
Өзбекстан Республикасының
Президенті И. Каримов
2009 жылғы 14 маусым
Орыс тіліндегі түпнұсқаға сәйкес мемлекеттік тілге аударылды
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
бастығының орынбасары
полковник Ә. Кулбаев