2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 310-IV Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды
орындаудың, қызметтер көрсетудің эксперты мен импорты кезінде
жанама салықтар алу қағидаттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер акциз таңбаларымен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілермен) таңбалауға жататын тауарлар бөлігінде осы мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағына кеден одағына қатысушы екінші мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды, импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады. Кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағына әкелу кезінде осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатпайтын тауарларды оның аумағына импорттау кезінде жанама салықтар салынбайды.
      Ерекше (арнайы, еркін) экономикалық аймаққа (бұдан әрі - ЕЭА) импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі ЕЭА-ның жұмыс істеуі, ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға салық салу тәртібін және Тараптар арасында жасалатын еркін кеден аймағының кедендік рәсімдерін айқындау мәселелерін реттейтін халықаралық шартпен белгіленеді.

2-бап

      Келісімнің 10-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Келісім 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енеді.

3-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері арқылы шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

4-бап

      Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді, бірақ Келісім күшіне енетін күннен бұрын емес.

5-бап

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь                 Қазақстан               Ресей
  Республикасының          Республикасының         Федерациясының
   Үкіметі үшін             Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады