Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 21-V Заңы

«Магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      «Магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ілеспе ретінде әзірленді және 2012 жылғы 22 маусымда Мемлекет Басшысы оған қол қойды.
      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жаңадан қабылданған «Магистральдық құбыр туралы» Заңына сәйкестендіру мақсатында Заңмен Азаматтық және Жер кодексіне, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына түзетулер енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қарашығанақ жобасының мердігер компаниялары арасындағы Реттеу туралы келісімді іске асыру бойынша.
      2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қарашығанақ жобасының қатысушылары арасында реттеу туралы келісім жасалды, осыған сәйкес Мердігер Қазақстанға жобадағы 10% қатысу үлесін, оның ішінде даулы мәселелерді реттеу есебінен 5 % төлемсіз береді.
      Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәміле жасалатын күн – 2012 жылғы 30 маусымға дейін ҚР қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді қабылдауға міндеттенген болатын. Осыған байланысты, Заңмен ТӨБК-де көзделген талаптарға сәйкес, қосылған құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік беретін Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі.
      Сондай-ақ, «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес Мердігердің Елек құбыры арқылы газ шикізатын тасымалдауы Мердігерді табиғи монополия субъектісіне жатқызылмайтын болады. Заңнамаға мұндай өзгерістер енгізуді қабылдау Батыс Қазақстан облысындағы тұтынушылар үшін Мердігердің 2012 жылғы 1 қаңтардағы деңгейдегі тарифтерін тұрақтандырады.
      3. Толлинг операцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер енгізу бойынша.
      Ұсынылып отырған толлинг схемасы Қазақстан мұнайының Кеден одағына кірмейтін шекара маңындағы елдерде өңделуін, ал өңделген өнімдердің Қазақстанға қайтадан әкелінуін болжайды.
      Толлингтік операциялар бізге ҚР-ның ішкі нарығын ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге және РФ-нан жеткізілетін мұнай өнімдеріне тәуелділігімізді төмендетуге мүмкіндік береді.
      Толлингілік операциялардың экономикалық жағынан тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында оларды мәртебесі бойынша қазақстандық мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуге теңестіру қажет, себебі іс жүзінде өңделген өнімдері ҚР-ның ішкі нарығына жіберіледі. Ол үшін рента салығын төлеуден босату және пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың белгіленген ставкаларына 0,5 азайту коэффициентін қолдану бөлігінде ҚР-ның салық заңнамасына өзгерістер енгізу ұсынылады.
      4. Газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына алыс-беріс шикізатының өңдеу өнімдерін сатуды әкімшілендіру мәселелерін шешу бойынша.
      Бұл өзгеріс те Қарашығанақ жобасымен байланысты.
      Мәні. Қазақстан экспорттаушысы шикі газды өңдеу мақсатында РФ-ның аумағына шығарады, және алынған өңдеу өнімдерінің біразын РФ-ның аумағына да сатады.
      2010 жылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағында тауарларды экспорттау және импортқа әкелу, жұмыстар орындау және қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу қағидаттары туралы Келісім қолданылады. Келісімде алыс-беріс шикізатының өңделген өнімдерін РФ-ның аумағында сатуды қамтымайтын экспорт және импорт ұғымдары беріледі. Осыған байланысты қазақстандық экспорттаушының осындай айналымдар бойынша қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдануға құқығы жоқ.
      Осыған байланысты ҚР Салық кодексіне нақтылайтын өзгерістер енгізу ҚР аумағынан алынатын және онда сатылатын қазақстандық шикі газдың өңделген өнімдеріне қатысты қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдану үшін құжаттардың жеке тізбесін және тәртібін белгілеу жолымен Республика Кеден одағына кіргенге дейін қолданыста болған салық салу шарттарының қолданылуын қамтамасыз етеді.
      5. Біржолғы талондарға қатысты;
      Қазіргі кезде базарларда сауда жасайтын адамдар біржолғы талонның негізінде арнайы салық режим шеңберінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырады (құны тіркелген, мәслихаттардың шешімімен белгіленеді). Бұл ретте осы тұлғаларда салық салудың басқа режимін таңдау құқығы болмайды.
      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салудың осы режимінің күшін жою көзделуде.
      Тиісінше базарларда сауда жасайтын барлық адамдар 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салудың мынадай басқа режимдеріне көшуге тиіс:
      2012 жылғы 1 шілдеден бастап базарларда сауда жасайтын адамдарға патенттің немесе оңайлатылған декларацияның не біржолғы талонның негізінде арнайы салық режимдерінің біреуін таңдау құқығын беру салық төлеушілердің жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігін береді, сондай-ақ базарларда сауда жасайтын адамдардың салық салудың басқа режимдеріне біртіндеп ауысуын қамтамасыз етеді.
      6. Қашаған газына қатысты;
      Газды ұзақ мерзімді жеткізуді жүзеге асыру, газды сатып алуға мемлекеттің артықшылық құқығының және газдың көтерме сауда бағасын реттеу тетігінің қолданысынан Солтүстік Каспий бойынша ӨБК-ні шығаруды қарастыратын «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 20-баптарына түзетулер енгізу кезінде мүмкін болады.
      Бұл шарт қазақстандық тарап үшін Қашаған газының барлық көлемін сатып алудың тиімді мынадай жағдайларын қарастырады, яғни ӨБК бойынша мердігердің әлем бағасымен газды сатуға құқығы бар.
      7. Газды көтерме сауда арқылы жеткізушілерге қатысты.
      Газ желісі ұйымдарына сұйытылған мұнай газын экспортқа сату мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте бұның сұйытылған мұнай газын республиканың ішкі нарығына жеткізу жоспары шеңберінде газ желісі ұйымдары сатып алатын көлемдерге қатысы болмайды.

      Қазақстан Республикасы
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз