"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 35-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат):
      3-бапта:
      бірінші бөліктегі «халықаралық мәртебесі бар теңіз порттары,» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».
      2. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж,, № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж. № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      1) 4-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акциямен төлеуге беру қағидаларын бекіту;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар (теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын әзірлеу;
      2-2) Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын әзірлеу;»;
      2) 32-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары жекешелендіруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президент                                   Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады