Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 қазандағы № 41-V Заңы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының
Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау
туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 17 қазандағы № 41-V Заңы

      Ағымдағы жылғы 17 қазанда Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
      Осы Келісім Австриядағы қазақстандық инвесторлардың, Қазақстандағы австриялық инвесторлардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді, сондай-ақ елдер арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.
      Келісімде Қазақстан Республикасының қолданыстағы инвестициялық заңнамасында көзделгендегіден өзге инвесторлар құқығын қорғауды қамтамасыз ету, экспроприация мен мемлекет меншігіне алу кезінде инвесторларға қосымша кепілдіктер беру бөлігіндегі басқа ережелерді бекітетін бірқатар ережелер қамтылған.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз