Ғарыш қызметі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы.

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына
Баспасөз парағы

      Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Жарлығымен "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды.

      Әлемдік ғарыш саласы тіптен барлық тіршілікті қамтамасыз ету салаларында инновациялық технологияның әрдайым дамушы көзі болды. Ғарыш қызметінің дамуына әлемдік экономикадағы өндіріс пен қызметтердің көптеген салалары тікелей тәуелді.

      Заң Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуіне, ғарыш қызметінің үлесін ұлғайтуға, ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүйелеуге мүмкіндік береді, бұл мыналарда көрініс табады:

      елдің ғарыш державасы ретінде халықаралық имиджін нығайтуға ықпал ететін ұлттық ғарыш саласын дамыту;

      қоршаған ортаны қорғау, ғарыш қызметімен байланысты төтенше жағдайлар қатерлері, олардың салдарын тексеру және жою, ғарыш қызметінің әсеріне тап болған өңірлердегі халықтың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормаларды бекітуге негізделген ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруды және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды дамыту;

      ғарыш саласындағы спутниктік телекоммуникациялық жүйелер, ғылыми зерттеулер негізінде ақпараттық ғарыш технологияларын дамыту және олардың нәтижелерін басқа салаларға тарату;

      Қазақстан Республикасы ғарышкерінің, ғарышкерлерге кандидатының мәртебесін және оларды әлеуметтік қамтамасыз ету шаралары және кепілдіктерді бекіту.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституция нормаларымен қайшылыққа түспейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

      Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық ғарыш агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз