Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 529-IV Заңы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш
қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына
Баспасөз парағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ғарыш қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүйелендіруге мүмкіндік береді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне:
      ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне;
      ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ғарыш қызметі саласында белгіленген нормалар мен ережелерді, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне;
      ғарыш қызметіне қатысушылар үшін алым ставкаларын көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне;
      ғарыш қызметі қажеттеріне арналған жерлердің мәртебесін енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне;
      ғарышкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру шараларын көздейтін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
      Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституция нормаларымен қайшылыққа түспейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
      Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық ғарыш агенттігі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз